Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-ТАРАУ. ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ С. ТОРАЙҒЫРОВ ЛИРИКАСЫ

  1. Ақын өлеңдерінің такырыптық-идеялық ерекшеліктері . . . 5

2-ТАРАУ

C. ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ КӨЗҚАРАСЫ

2. 1. С. Торайғыров өлеңдері тілінің әлеуметтік орта шындығымен байланыстылығы . . . 12

2. 2 Күрделі заман шындығы және С. Торайғыров шығармашылығына жаңаша көзқарас . . . 192. 3 Сұлтанмахмұт Торайғыров романдарындағы образдар . . . 25

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 35

КІРІСПЕ

Сұлтанмахмұт Торайғыров - қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.

Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ кгіне рмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған.

Ақын еңбектерінде зі мір сүрген дәуірдің зекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін кркем кескіндей білген. С. Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.
Ақын өмірінде кпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, нер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетінпарыз. С. Торайғыровтың педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын нер-білімге, мәдениетке шақырып, кзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын крсету қажет.

Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының, соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде - тарихи дамулар, күрес - ктерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Осының бәрі ақынның көз алдында болды; күнделікті қызметіне, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр түріне, көзқарасына зор әсер етті, із-таңбасын салды. [1, 6]

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл, осыған орай ақынның өмірін, саяси және әдеби көзқарасын талдау басты міндет.

Курстық жұмыстың теориялқ және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысын жазуда ақынның өмірін, шығармашылығын зерттеген ғалымдар мен әдебиеттанушылардың сын-пікірлері мен ойлары, еңбектері пайдаланылған.

Курстық жұмыстың дереккөздері . Курс жұмысын жазу кезінде Қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ ұлттық энциклопедиясындағы деректер, жетекші ғалымдар С. Қирабаев, Т. Кәкішев, Р. Бердібай, М. Мырзахметұлы, Р. Нұрғали, Д. Ысқақұлы, Ө. Әбдиманұлы т. б. еңбектері пайдаланылды.

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жинақтап салыстыру, саралау және талдау

Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері: зерттеу нәтижелерін ашық сабақтарда, лекция семинарларда қолдануға мүмкіншілік береді

Курстық жұмысының құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау мен тармақшалардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен құралған.

1-ТАРАУ. ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ С. ТОРАЙҒЫРОВ ЛИРИКАСЫ

1. 1 Ақын өлеңдерінің такырыптық-идеялық ерекшеліктері

Әр ақыннын тағдыры әр түрлі жағдайда қалыптасады. Тұқымы Қолайлы топыраққа түсіп, онай нім беретін де, талмай ізденіп, қиыншылыкпен алыса жүріп шындық жолын табатын да ақындар болады. Сйте жүріп олар өз тағдырын зі жасайды. Сұлтанмахмұт осы соңғы жолмен жүрген ақын. Ол өз өмірін өзі, өз өлеңімен жасаған. Акынның шығармашылық жолын қадағалай қарап, лендерінің жазылу ізімен жүрсеңіз, бұған кзіңіз әбден жетеді. Сұлтанмахмұттың крген өмір азабы, жоқшылық, жас таланттың соған қарамай ізденіп шарқ ұру іздері - бәрі оның шығармаларында сайрап жатыр. Бұл жағынан оны мірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын деп айтуға әбден болады. [2, 9]

Сұлтанмахмұттың бірсыпыра шәкірттік өлеңдері (1907-1911) сақталған. өлеңдік түрі мен кркемдік ізденістерінде жетіспеушілік бола тұрса да, олар жас акынның қоғамдық құбылыстардың мән-мағынасын, сырын түсінуге ұмтылысымен, өлең тілімен сурет жасауға деген алғашқы талабымен ерекшеленеді. Ол қоғамдағы әділетсіздік туралы, әйел тағдырына немқұрайды қарайтын мінез жайлы, дін мен діни окудың схоластикалық сипаты жнінде айтады. Оларға өз ұғымындағы әділеттілік, адамдық, ар-иман туралы түсініктерді қарсы қояды. Суреткерлікке ұмтылыс оның бай қызы мен бай ұлтынын, байлық, пен кедейліктін бейнесін танытуға арналған жырларынан байқалады. Алайда олар үлкен ұғымдағы саяси көзкарасты, ақындық позицияны аныктай алмайтын еді. Мұндай ақындык таным мен байсалды көзқарас Сұлтанмахмұгтың 1912 жылдан басталатын шығармашылығының жаңа кезеңінде ғана бой көрсетеді. Соған қарамастан жас ақынның алғашқы талабы оның ескі ұғым мен діни білімнің шеңберіне сыя қоймайтындығының белгісі сияқты.

1912 - 1913 жылдары Сұлтанмахмұг Троицк қаласына келіп, онда әуелі медреседе оқып, кейін «Айқап» журналының редакциясында қызмет істегені жоғарыда айтылды. Осы кезден басталатын шығармашылық жолында оның ағартушылық көзқарасы анық танылады. Ол Абай мен Ыбырайдың осы саладағы ойларын дамыта отырып, өнер мен білім жолына үгіттейді, оқудың пайдасын әңгімелеп, мәдениетті елдердін тіршілігін үлгі етеді.
зінің бр тақырыптағы алғашқы өлеңін Сұлтанмахмұт қазақ жастарына арнайды. «Оқып жүрген жастарға» өлеңінде ол жас адамның оқуға деген ынтасы мен келешекке сенімін бейнелейді.

Үмітпенен жоқ қуған
Талабы алда баламыз.
Басқалар жоғын тапқанда
Біздер қайтіп қаламыз.
Тәуекелге бел бусақ,
Крдегіні аламыз.
Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,
Қусақ, бәрін шаламыз.
Іс істейік бір болып,
Ашылмасын саламыз, - дейді.

Осы идеяны ақын «Оқуда мақсат не?» деген өлеңінде тереңдетіп, оқудың мақсаты - молда болып ескілікті бағу емес, әкім болып, шен тағу да емес, - нер табу, халыққа пайдалы іс істеу екенін айтады. Ол «Жетімдік крсе тістей қататын» молданың арам мінезі мен «тілмаш боп жем табуға» ұмтылушыларды сынайды. Сйтіп, ол з замандастарын:

өнер-білім алуға,
Алға қарай баруға,
. . . Миллет көзін ашуға,
Терістіктен қашуға,
Заманаға көз салып,
Аяқты жөндеп басуға, -

үндейді.

Сұлтанмахмұттың бұл тұста жазған өлеңдерінде ізденіс, ұмтылыс сарыны күшті. «Шығамын тірі болсам, адам болып» деген өлеңінде ол:

Шығамын тірі болсам, адам болып,
Жүрмеймін бұл жалғанда жаман болып.
Жатқаным крде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.

Мен - балаң жарық күннен сәуле қуған,
Алуға күнді барып белін буған.
Жұлдыз болып крмеймін елдін бетін
Болмасам толған айдай балқып туған, -

деп ақындық, азаматтық бағдарлама ұсынады. Осыдан бастап, ақын лендерінің лирикалық кейіпкерінде шарқ ұрып іздену байқалады. Сол жолда олнелер қиыншьшықты жеңуді ойлайды. «Ендігі бет алысы» өлеңінде:

Тұрмысты үмітім кп жеңем деген,
Жеңуде жігеріме сенем деген.
Ырқыма менің жүрер қай дүние,
Көнбесе өз ырқыма өзім денем.
Әрине, шыдар-ақпын луге мен,
Баспаспын жаман жолға кнуге мен,
Ақтармын оқып жетіп адам атын,
Басқаға жоқ ықылас блуге мен.
Менде жоқ қажу деген, ашу деген,
Торығып болымсызға жасу деген.
Ісіне құрт-құмырсқа ілтипатсыз,
Ойымда тек сол белден асу деген.
Шындықтын ауылын іздеп түстім жолға,
Ризамын не көрсем де осы жолда,
Шаршармын, адасармын, шалдығармын,
Бірақ бір табармын деп көңілім сонда, - деп жазады.

Сұлтанмахмұг - тым ерте оянған және халық, ел мұнын ерте түсініп жырлаған ақын. Осы балаң жігіт (19-20 жаста) кезінде жазған лендерінің зінде ол әлеуметтік теңсіздікті, қазақ халқының қоғамдық мірінің мешеулігін, ескі ауылды езіп-жанышқан әдеп-ғұрып заңдарының қырсығын жіті креді. з дәуірінін озат ақыны есебінде аталған ауыртпашылықтарға ол жаны ауыра қарайды. «Анау-мынау» өлеңінде қазақ халқының тіршілігін крші елдермен салыстыра суреттеп, оның басқалардан кейін тұрғанын кріп күйінеді:

Анау кырда татар тұр,
Басқалармен қатар тұр.
Мынау ойда қазақ тұр,
Бастарында азап тұр.

Ақын өлең түрі жағынан бірқатар ізденістерін байқатқанмен, бұл жырлар, негізінен, үгіттік өлеңдердің дәрежесінен асып кете қойған жоқ-ты. [3, 12]

Оқу жолындағы үзіліс, «Айқаптағы» қызметтен кету, одан кейінгі Баянауылға барып «Шоң серіктігін» ұйымдастыру талабының іске аспауы оның шығармашылығына згеше бір сипат алып келді. мірден қағажу кріп, ойындағысы бола қоймаған қайсар талант жырларында бунтарлық мінез кріне бастайды. Оны да заман дарытқан еді. Ақын лендерінің лирикалық кейіпкері бойынан, зі айтқандай, «Қараңғылықтың кегіне» ызалана алға ұмтылған, ізденімпаз, білім-нер аңсаған жаңа ұрпақтың кілін танимыз. Омір бойы халқы крген азап пен надандық, қазақи қыныр мінездер ашындырған оның «Шындықтың аулын іздеуге» бел шешіп кірісуі де осы кез. Осы жолда ол алдымен орыстың тілін, ғылымын үйренуді мақсұт тұтады.

Оллаһи, ант етемін Алла атымен,
Орыс тілін білемін һәм хатымен.
История, география пәнді білмей,
Оллаһи тірі болып жүрмеспін мен.
Келгенше осыларды отыз жаска,
Іншалла, бәрін түгел ұғам басқа.
Отыз жасқа келгенше ұға алмасам,
Жер жұтсын, мәз болмаймын ішер асқа!

Сұлтанмахмұттың ақындық, азаматтық жаңа бағдарламасы ретінде ұсынған осы сзінен лапылдап тұрған ақындық мінездін қайсарлық пен табандылыққа ұласуын креміз. Ол нені айтса да қарабайыр айта алмайды, таусылып, жеріне жеткізе, оқырманын иландыра айтады. Оның «Шоң серіктігін» ұйымдастыруға жәрдем бермеген Шорманның Садуақасына айтқаны мен сол ауылдан ренжіп шығып келе жатқанда достарына айтқан сзінде де осы мінез байқалады. Ешбір кедергіге мойын ұсынбай, «ілім-білім жинап» халыққа қызмет ету, жұлдыз болып емес, «толған айдай балқып туып» еліне жарық болу, сйтіп «Қараңғы қазақ кегіне рмелеп шығып күн болу», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуға кіру» - Сұлтанмахмұт мұрат тұтқан асқақ идеялар. Сол ғана айта алған, сол ғана армандаған тың жол, тың мақсат! Осы арқылы ол лирикалық кейіпкері бойына дәуірдің рухын дарытты. [4, 8]

Осыдан бастап Сұлтанмахмұт ағартушылығы бірсыпыра тереңдейді. Бұрынғы үгіттік өлеңдердің орнына лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттейтін жырлар туады. Ақын характерді алға ұстайды, мір шындығын соның ұғымы мен ісі арқылы ашуға ұмтылады. мірдің күрделілігі сияқты нақты адам тіршілігі де күрделі, қайшылықты. Ойлаған іс орындала бермейді, алыс арман жеткізбейді. Әрбір сезім адамы сияқты ақын да бұған қайғырады, күйінеді, күйзеледі. Сұлтанмахмұг та, оның лирикалық кейіпкері де оны бастан аз кешпеген. Ол кешкен қиыншылықтар мен сәтсіздіктер ақын жырларында мол із қалдырған. Алайда бұл лендерден лирикалық кейіпкердің тағдырға мойын ұсынбай, лапылдап от боп қасарыса алға ұмтылғаны, ауыртпашылыққа қарсы шабар жет мінезі крінеді.

Ден сау болса тағдырдың,
Ккке ұшырам күлдерін.
Жігермен талап еткен соң,
Қоям ба екен сүлдерін.
. . . Серпіп тастап түндерін
Туғызамын күндерін,
Қаңкылдатып каздарын
Шығарамын жаздарын, -

дейді ол.

Тағдырға ақын өз «менің» қарсы қояды. Онын философиясы - адамның зін зі билеуі, өз еркін өзі бағындыруы, «Еркіме жүрер менін қай дүние, кнбесе өз еркіме өзім денем» деген ой. Сондықтан да ол:

Жақсылық көрсем өзімнен,
Жамандық көрсем өзімнен.
«Тағдыр қылды» деулерді,
Шығарамын сөзімнен.
«өзім қылдым» деулерді,
Таса қылман көзімнен.
Жазалы емес құдай да,
Күн мен жұлдыз һәм ай да.
Жұмақ күгкіш наданнын
Орны тозақ әрқайда.
Теңгерер соңыра деген сз
Тек жұбатқан бір айла, -

деген қорытындыға келеді. Адам еңбегін, рухын ктеру қандай леппен, ойшылдыкпен, батыл, әрі анық айтылған! Бұл өлеңдер Сұлтанмахмұттын қандай күйде болса да, келешектен үміт үзбеген р, романтикалық сезім күйін, зор талабы мен асқақ арманын танытады. Ол туған халқын шын жүректен беріле сүйеді. «Туған еліме» өлеңінде ол: «Балалыққа жарасаң, аталыққа жарайсың» дейді халқына.

Қайтейін, елім, қимаймын.
Қия алмай жанды қинаймын.
. . . Алты қырдан ассам да,
Сздеріңді сыйлаймын.

Осы кезден бастап Сұлтанмахмұт шығармашылығында ескіні сынау айрықша бір ткір түрге кшеді. Ол қазақ ішіндегі ұнамсыздық, келеңсіз мінездермен кектесе, оларды ызалана шенеп, мінейді. Феодалдық-патриархалдық салт-сананың тозығы жеткен жақтарын аяусыз әшкерелеп, олардың мірсіздігін ашады, жаңару күтіп түрғанын дәлелдейді. Сол арқылы ақын з дәуіріндегі қазақ қоғамы дамуының күрделі мәселелері жайлы түйін жасайды. Заманына, заман адамына, қазақ қауымының сол тұстағы кілдеріне деген ащы сз «Жарлау», «Сымбатты сұлу», «Бұлар кім?» сияқты лендерде анық бой крсетеді. «Жарлауда» ақын қазақтың сол кездегі бас ктерер азаматтарына, ұлы-қызына, ақсақалдарына жар сала отырып, олардың нер-білімге енжарлығын, партия, дау-жанжалға құмарлығын бетіне басады. Қазақ кызының тағдырына аяушылық білдіріп, малқұмар, қызқұмар шалдарды айыптайды. «Бұлар кім?» өлеңінде қазақты бұрынғы ер түріктің азып-тозып күлкі болған жұрағаты деп зарайды да, «үсті-басын мұнар жапқан», қарнынан басқаны ойламайтын, малға арын сатқан, «зі жатып құдайды жұмсайтын» жалқау, бірін-бірі жау кретін кертартпа мінездерді аяусыз әшкерелейді. Ал «Сымбатты сұлуға» - қазақ әйелі туралы сыпайы ұғымға кір келтірген әдепсіз, кргенсіз қыздардың мінез-құлқы туралы улы сатира.

Ақын қазақ қауымының осы күйі, болашағы жайлы кп ойланады. Патшаның отаршылдық саясатына да, ел әкімдерінің екіжүзді кылығына да сене алмайды. Келешектің не боларын түсінбей дағдарады. Мұны ол бірде тұспалдап («Түсімде», «Кеше түнгі түс, бүгінгі іс») айтса, бірде дала табиғатының енжар күйімен астастыра суреттейді («Жазғы қайғы»), тағы бір өлеңдерінде көңіл, жүрек сезімі күйінде («Көңілді көндіретін тағдыр») бейнелейді. [5, 11]

ІІ НЕГІЗГІ БЛІМ С. ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӘДЕБИ КӨЗҚАРАС

2. 1. С. Торайғыров шығармаларының әлеуметтік орта шындығымен байланыстылығы

1912-1913 жылдар аралығында «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т. б. өөлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т. б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. С. Торайғыров өзінің публицистикасында материалға ерекше әлеуметтік, саяси тереңдік бере отырып, публицистикалық бастамаға басты орын береді. Әдетте публицистикалық шығармада өмірді көрсетуде қарапайымдылыққа, келтірілген суреттің қоғамдық ойын мазмұндауға бейім, мұнда образдық жүйе екінші орынға қойылады. Публицистика - әлеуметтік- саяси құбылыстардан, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының, мәдениеттің түйінді мәселелерінен келелі ой қозғау, пікір айту үшін таптырмайтын форма. Өз пікірінің шындыққа сай екендігіне оқырман көзін жеткізу үшін жазушы сұрақтар қоя отырып, оған жауапты өзі қайтарып, болған оқиға дәйектерін суреттейді. Мұнда сюжет емес, публицистикалық тапсырма ұйымдастырушы элемент болып саналады. Өмірдің әр қырын автор көкейіндегі сұрақпен байланыстыра отырып, шығармадағы публицистика әрқашан бірінші орында тұрады. Публицистикалық туындыда автор әлдеқайда кеңірек көсіле алады, оқушысының санасы мен сезіміне бірдей әсер етуге тырысады, оқушымен тікелей әңгімелесіп, шүйіркелеседі, өзі суреттеген картина турасында ойласуға шақырады. Сұлтанмахмұттың 1913 жылдары жазған публицистикалық туындылары қазақ халқының өмірінде болып жатқан сан қилы оқиғалар, заманның рухани көркі туралы болып келеді. Ол публицист ретінде өз кезеңіндегі өмірдің өзекті мәселелеріне үн қосып қана қоймай, журналистиканың күрделі жанрларының бірі - очерк жазуда да өзінің білімділігін, әдеби әзірлігін байқата алған талант иесі. Саяси қайраткер қыруар қоғамдық жұмыстармен қатар, публицистикалық еңбектер жазып қана қоймай, редакторлық, баспагерлік жұмыстарды да қоса атқарған. С. Торайғыровтың журналистік шығармашылығындағы назар аударатын, рухани мұра ретінде қабылдап, қызығып оқитын бір саласы - оның тарихи- әлеуметтік мәселелерге байланысты жазған публицистикалық очерктері дер едік. Публицистикалық очерктерінде алған тақырыбын терең зерттеп, көрген, 2 білген, көкейіне түйгендерін оқушысына ұсынып отырған. С. Торайғыровтың шығармашылығына филология ғылымдарының докторы, профессор Ә. Марғұлан былай деп баға береді: “ . . . Ауылған келгенде өзін басқадан жекелеп, ылғи ойға батумен, бір мәселелерді іздеумен уақытын алатын. Сұлтанмахмұтта ешбір жеңілтектік, бос сөзге үйір болу деген жоқ еді. Ол оқымаған жай халықтың арасында отырса да, ылғы мәдениет мәселесі туралы әңгіме айтып отыратын ”, -дейді. Өз кезеңінде автор әрбір тарихи оқиғаларға байланысты жеке көзқарасын білдіріп, қазақ халқының ұлттық мүддесін әр қырынан алып, ХХ ғасыр басындағы төңкерістердің шиеленісу, қазақ халқына тигізіп отырған әсерін нақты ғылыми тұрғыдан дәлелдеп береді. 1918 жылы жазған “Социализм” деген публицистикалық очеркінде заман талаптары, Қазақстандағы саяси ағымдардың құрамы, мақсат-мүддесіне кеңінен тоқталады. Онда әлеуметтік-саяси құбылыстарға, қазақ халқының түйінді мәселелеріне байланысты ой қозғау, пікір айту, қарапайым халықпен сыр шертісу формасын таңдаған. Публицист өз ойы мен сезімі арқылы өз дәуірінің тынысын, сол кездегі өмір картинасын көз алдыңызға елестетеді. “Міне Жан Жак Руссо, Толстой секілді данышпандардың «мәдениетті жер жұтса, е, демеймін» деп мәдениеттен қарайған себебі осы. Неғұрлым дене азығы - өнер өскен сайын адам баласының бақытсыздығының өскені ”деп оқушымен шын сыр бөлісіп, шүйіркелеседі. Бұл публицистикалық очерктің ерекшелігі автор көкейіндегі ойды өз атынан баяндап, ой-өріс диапозонын, ақыл-парасатын, әр қилы мағлұмат-бағдардың молдығын байқата білген. Бұл шығармасында публицист сол кездің де, бүгінгі күннің де күн тәртібінен түспей отырған мәселелер туралы өз пікірін білдіреді. Мұнда публицистикалық очерктің компоненттері молынан пайдаланылып, фактілерді іріктеп, шығармашылық електен өткізіп, әлеуметтік мәні бар мәселелерді қозғай білген деуге болады. Публицист сол кездегі замандастарының рухани көркі мен сыр-сипатын жақсартуға шақырып, уағыздайды. [6, 53]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Торайғыров Сұлтанмахмұт туралы
Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі
Сұлтанмахмұт Торайғыров жайында
Сұлтанмахмұт Торайғыров -Айтыс поэмасы
С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Таңдамалы шығармалары
Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармашылығы
Сұлтанмахмұт Торайғыров
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz