Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.3 бет
Ι тарау. Зейіннің теориялық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.бет

1.1.Зейіннің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.9 бет
1.2.Зейіннің физиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10.12 бет
1.3.Зейіннің негізгі қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13.17 бет

ΙΙ тарау. Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына
байланысты зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.бет

2.1.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.21бет
2.2.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытудағы ерекшеліктерін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22.23бет
2.3. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытуға арналған әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24.26бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27.28 бет
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29.бет

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30.33 бет
Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады. Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де мәні, нәтижесі болмас еді.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.
Зерттеудің міндеті:
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін бағалау;
- Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту және шоғырландыру;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді зерттеу әдістемелерін пайдалану;
-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің қалыптасу деңгейін бағалау;
Зерттеудің әдісі: Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдау.
-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен психологтар тәжірибесін зерттеу;
-зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің жауаптарын талдау пайдалынады.
1. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Қазақ университеті. 1992 жыл.
2.Алдамұратов Ә. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарды меңгеру психологиясы. Алматы. Мектеп, 1983 жыл.
3.Алдамұратов Ә.М. Мұқанов. Психолгия пәнінен лабараториялық практикалық сабақтар. Бірінші бөлім. Алматы, 1997 жыл, Екінші бөлім. 1979 жыл.
4.Аймауытов Ж. Психология (оқу құралы). Қызылорда-Ташкент, 1926 жыл.
5.Әбдірахманов А. жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша сөздік. Алматы, Мектеп, 1976 жыл.
6.Бейсенова Жұпаркүл. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу. –Алматы, -2004 жыл –28 бет.
7.Выготский Л.С., жетекшісі Нысанбаев Ә.Н. Адамзат ақыл ойының қазынасы 10 том. Психологиядағы ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы. –Алматы, Таймас –2005 жыл –450 бет.
8. Жігітбекова Бақыт Растанқызы. Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің мотивациялы –мағыналық компоненттерінің дамуы. –Алматы, -2003 жыл –43 бет.
9.Жарықбаев К.«Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
10.Нумұхамбетова Т.Р, Рсмаханбетова Ш.Е. «Тәжрибелік психология» Шымкент 2004 жыл - 43б.
11.Оспанова Махаббат Пернебайқызы. Балалар психологиясы. Мектепке психологиялық даярлық диагностикасына ғылыми негізделді. –Алматы, 2002 жыл –30 бет.
12.Орманова З. Мектеп оқуына дайындау психологиясы. –Алматы, Дарын 2005 жыл –184 бет.
13.Унарбекова Н. 6-7 жастағы қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдары. –Алматы, 2004 жыл –28 бет.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-3 бет
Ι тарау. Зейіннің теориялық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-бет

1.1.Зейіннің негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-9 бет
1.2.Зейіннің физиологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-12 бет
1.3.Зейіннің негізгі қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-1 7 бет

ΙΙ тарау. Зейіннің қасиеттерін баланың жас шақтарына
байланысты зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-бет

2.1.Мектепке дейінгі шақтағы баланың зейінің дамуын
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18-21бет
2.2.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін дамытудағы ерекшеліктерін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2 2-23бет
2.3. Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін
дамытуға арналған әдістемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24-2 6бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .27-28 бет

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29-б ет

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30-33 бет

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі жастағы балалар, кездескен
қиыншылықтарды шешуге және алдарына қойған мақсаттарына жетуге тырысады.
Мұндай жағдайлар, өздерін дұрыс ұстай білуге, ішкі және сыртқы жағдайларды
бағалауға және мінез-құлқы мен танымдық өрістерін дамытып, қалытастырады.
Зейін-барлық психикалық таным процестерімен байланысты және соның көмегімен
анықталады. Егер адамда зейін болмаса, ой еңбегін де, дене еңбегінің де
мәні, нәтижесі болмас еді.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп
жасындағы балалардың психикалық дамуы барысында зейіннің қай дәрежеде
тиянақтылығын бағалау және оны дамыту.

Зерттеудің міндеті:

-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін
бағалау;

- Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін
дамыту және шоғырландыру;

-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балаларда зейінді
зерттеу әдістемелерін пайдалану;

-Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіннің
қалыптасу деңгейін бағалау;

Зерттеудің әдісі: Зейінді дамытудың мәнін, мазмұнын, көлемін
анықтауға байланысты психологиялық және әдістемелерді талдау.

-мектепке дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінің
анықтауда қазіргі қолданылып жүрген психологиялық оқу құралдары мен
психологтар тәжірибесін зерттеу;

-зерттеу жұмысы барысында, балаларда қолданған әдістемелік тесттердің
жауаптарын талдау пайдалынады.
Теориялық қолданылымы:Зейін анықтаудың тиімді үлгілерін табуды және
ұйымдатыруды жалпы зейін әрекетін анықтауды жүзеге асыру. Практикалық
қолданылымы: Мектеп барысында оқушыларда зейінді бағалау және сабақ
барысында олардың зейінінің шоғырлануын қамтамасыз ету және дамыту
жолдарына мүмкіндік жасау.

Ι тарау Зейіннің теориялық мәні.

1.1.Зейіннің негізгі түрлері.

Зейін деп-адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылысты айтады.Дәлірек айтқанда,зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып,соған психикалық әрекетімізді
тұрақтата алу. Мысал келтірейік. Оқушы математикалық есептерді шығарып
отыр.Ол бұған соншама үңілген,мұнысы психикалық кейпінен жақсы
көрінеді(бала көзін қадайды,шұқшия үңіледі,демін ішіне тартады т.б.).Оқушы
есептің шығару жоспарын ойлайды,оның бірінен кейін екіншісін шығарады. Есеп
шығарып болып,азғантай үзілістен кейін тарихты,одан соң географианы оқуға
көшеді.сабағын оқып болғаннан кейін, түрлі нәрселермен айналысады.Осы
көріністердің бәрінде де бала әрекетінің әрбір түріне өз зейінін
үйымдастырып,басқа обектілерден ойын бөліп отырады.Осындағы түрлі
кезеңдерде бала психикасының белгілі бір объектіге бағыт алып және сонда
азды көпті тұрақтап отырғанын көруге болады.

Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса,оның нәтижелі
болуы қиын.Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің
маңызын былайша көрсеткен еді:Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық
ойды аңғартатын,адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады,демек,бұл
есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды,егер де ол соқпай
өтсе,онда баланың санасында ештеңеде қалмайды.
Зейінді психикалық процестердің тобына жатқызу дұрыс болмас еді.
Өйткені,адам өз өмірінің әрбір моментерінде бір нәрсені қабылдайды не есіне
түсіреді,бірер нәрсені қиялдайды,бір нәрсе жөнінде ойлайды. Ал зейін
болса,өз алдына бұлардай дербес кездеспейтін, қайта солармен бірлесіп
келетін психикалық әрекеттің айрықша бір жағы, сананың ерекше сипаты болып
табылады. Психикалық құбылыстар зейінге түрліше әсер етеді. Сезім зейінді
күшейте түсуге не оны бөліп жіберуге себепші болады. Мәселен, бір объект
жағымды сезім туғызып зейінді күшейтеді де, ал көрші кластан естілген ән-
күй сабақ тыңдап отырған баланың зейінін төмендетеді. Ерік, ой, қиял
процестері де зейінге тірліше әсер етіп отырады.
Зейінің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов ашқан нерв процестерінің
өзара индукция заңына байланысты түсінуге болады.
И.П.Павлов,егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса,осымен
байланысты қалған алаптарында тежелу процестері пайда болатынддығын айтқан.
Мәселен, адам бар ойымен іске қызу берілсе,басқа нәрселер жөнді ойлай
алмайды. Осы кезде мидың бір алыбында күшті қозу процесі болып жатады
да,айналасындағы алаптарда тежлу болады (теріс индукция заңы).
Зейіннің физиологиялық негіздерін орыс физиологы, академик
А.А.Ухтомскийдің (1875-1942) доминанта теориясы бойынша да жақсы түсінуге
болады. Сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға
көбірек әсер етеді де,мидың бір албын қаттырақ, күштірек қоздырады, осындай
алапты доминанта деп атаған.Мидың осы күшті қозғыш алабы қалған алаптардағы
әлсіз қозу процестерін өзіне тартып алып отырады. Осыдан мидың күшті қозған
алабы онан бетер күшейеді.Мәселен, қызық кітапты беріле оқығанда адамға
кейбір бөгде тітіркендіргіштердің бөгет жасамайтыны, қайта олардың біздің
ойымыздың күшеюіне жәрдемдесетіні байқалады. Сондықтан адам бар зейінін
қойып кітап оқыған кезде қасындағы бөгде тітіркендіргіштерден (мысалы,
сағат маятнигінің соғуы секілді) қашпауы керек. Бұл біздің басқа нәрсеге
көңіл аудармай үңіліп отырған әрекетімізге мейілінше беріле түсуге
жәрдемдеседі. Өйтекені,жоғарыда айтылғандай мидағы басыңқы қозу әлсіз
тітіркендіргіштерден болған қозуларды өзіне тартып алып,солардың есебінен
күшейіп отырады. А.А.Утомскийдің доминанта теориясының мәнін И.П.Павловтың
Қозудың оптимальдық алабыдейтін теориясы онан сайын толықтыра түседі.
И.П.Павловтың оптималдық қозу алыбы теориясы ырықты зейіннің табиғатын
физиологиялық тұрғыдан өте жақсы тұсіндіріледі.Қоз процесі ешқашан да ми
қабығына біркелкі тегіс тарамайды,өйткені онда әр. уақытта қозу пайда
болатындай жағымды оптималдық жағдайжасалып отырады.Оптимальдық қозуы бар
осы алап-ми қабығының творчестволық бөлімі,ырықты зейінің физиологиялық
негізі. Бұл жөнінде И.П.Павлов былай дейді:Бас сүйегінің сыртынан біз
іштегі миды байқай алатын болсақ, онда ми сыңарларының оптималдық қозу
пайда болатын жері жарқылдап көрінсе,біз ойлап отырған саналы адамның ми
сыңарларында формасы және шамасы өне бойы өзгеретін тамаша тұрлаусыз
жарқылдаған сәуле дағын көрер едік,бұлар ми сыңарларының барлық жерлерін
алып жатқан азды-көпті қара көлеңкенің ішінде үздіксіз қозғалып жүрген
болар еді.Ұлы физиологоптималдық қозу үнемі қозғалыста болатындығын айта
келіп, оның мида ауысып отыруының өзі зейін бағытының да өзгеріп отыруы деп
түсіндірді. Мидағы тежелудің бірінен екінші сапқа шығуы осы оптимальдық
қозу алабының жұмысы болады. Оптимальдық қозуы бар алап (өзәра индукция
заңы) мидың басқа бөліктеріндегі тежелуді күшейтеді. Мұндай жағдайда адам
зейіні бір жерге күшті шоғырланады да,ол қалған объектілерді байқамайтын
болады. Оптимальдық қозу алабын екінші сигнал жүйесінен шыққан сигналдар
қуаттап отыратындығын, сөздік сигналдар ми қабығындағы осындай алаптардың
бір-біріне ауысуын тездетіп отыратындығын, сайып келгенде, психикалық
әрекеттің талғамалы сипатта болатынын жақсы көрсетеді.
Бір нәрсеге зейін аудару адамның сыртқы кейпінен де (дененің, бастың,
көздің түрлі қозғалыстары, бет бұру, үңілу, құлақ тігу т.б.) жақсы
көрінеді. Бірақ, бір қарағанда зейін анық байқала да қоймайды. Өйткені, осы
айтылғанға біршама ұқсас сыртқы көріністерді өмірде жиі кездестіруге
болады. Сондықтан да кейбір мұғалімдер кластағы оқушылардың кескініне қарап
бір дегеннен баланың сабаққа қаншалықты зейінді, не зейінсіз отырғанын
ажырата алмайды. Бұл, әсіресе, тәжрибесі аз жас мұғалімдерде жиі кездеседі.
Түрлі тәсілдер арқылы оқушы зейінінің қасиеттерін тәрбиелей отыру –
мектептегі барша мұғалімнің ат салысатын негізгі педагогикалық істерінің
бірі. Іске шын мәнісінде зейін қойып кіріскенде ғана әрекетті нәтижелі етіп
орындауға болатындығы мұғалім үшін аксиомалық қағида болуы қажет.
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
Сыртқы дүниенің кез келген обектілері кейде ырықсыз-ақ біздің
назарымызды өзіне тартады. Мәселен, көшемен кетіп бара жатқан адамның
бояулы афишаға көзі түссе, оған мойнын бұрады не милиционердің ысқырығына
жалт қарайды т.б. Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейінің
бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде
адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу, еңбек т.б.) белгілі жүйеге келе
қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы
әсерге берілгіш келеді. Әрине, бұдан бала есейген соң, оның ырықсыз зейіні
маңызын жояды деген қорытынды тумау қажет. Адам өмірінің барлық
кезеңдерінде ырықсыз зейін тиісінше орын алып отырады. Қызығу-ырықсыз
зейінің бұлағы. Өйткені қызықты іске көңіліміз тез ауады. Мәселен, қызықты
кітап оқуға ырықсыз зейінді жеткілікті. Ал қызықсыз кітап оқу-ырықты
зейінді керек етеді. Ырықты зейінде де қызығу орын алуы тиіс.Бірақ ырықты
зейін де жанама, дәнекерлі қызығуды керек етеді.Мұнда адам істен шығатын
нәтижеге қызығады,оны орындау үшін күш жұмсайды. Өйтпесе іс өнбейді, күткен
нәтиже шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұрғыдан барлау (орионтировочный)
рефлексінің жемісі болып табылады. Зейіннің бұл түрі жануарлар мен
адамдардың сыртқы ортамен байланысында үлкен роль атқарады. Ырықсыз зейін
кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейінің
көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
а)күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс,мұрын жаратын иіс т.б.),заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі
(қызығу, қажетсіну,көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы
әсер етді.
Адамның ырықты зейіні әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау
арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп,
объектіге ерекше зер салып отыруы көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына
дейін ерік-жігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай
еркшеліктермен сипатталады;
1) Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу
үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды
аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын
ықыласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,
көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-
гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді
шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы
жолы болып табылады.
5) Зейінді бөлуді үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда,
ырықты зейін деп іс әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты
зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында,
адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін де емес. Оқушы алғашқыда
жай қызыққан нәрсені тікелей зеінін аударады, ал содан кейін сабақтың
мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды.
Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола
бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейінің пайда
бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін-адамға
табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен,
бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақ әдісіне айналса, оның зейіні де
үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болса да үйреніп, жаттығып алған
соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үреншікті зейінің де табиғаты
осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықты зейіннен дамып қалыптасады.
Зейінің қай түрі болмасын іс-әрекеттен нәтиже шығаруға бағытталады. Егер
адам жұмысқа өздігінен беріліп істесе ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ ұзақ
жұмысты тікелей қызығып істей беруіде мүмкін емес. Мұндай жағдайда ырықты
зейінге орын беріледі. Ылғи ырықты зейінмен жұмыс істеу де адамды қажытып
шаршатады. Сондықтан адам жұмысты зейіннің осы екі түрін қатынастыра
отырып, үйреншікті зейінмен істеуді әдетке айналдыру қажет.

2. Зейінің физиологиялық негізі.
Зейіннің физиологиялық тетіктер арқылы қажеттіде мәнді әсерлерді
тыңдау белсенді ми қызметінің және жалпы тәннің сегектігі арасындағы
байланысынан болады.
Адам сергектік деңгейін оның сырт кейпін бақылай танумен бірге мидағы
әлсіз ток (электр) қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты
арқылыда білуге болады. Әдетте сергектік 5 күйде көрініс беретіні
дәлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектік, белсенді
(қатерлену) сергектік шектен тыс сергектік. Тиімді зейін тек сабырлы және
белсенді сергектік жағдайында болуы мүмкін, ал басқа кейіп кездерінде зейін
сапасы кеміп, кейбір қызметтерін ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы,
мүлгіген жағдайда адам бір он екі нәрсеге ғана жауап беріп қалған
тітіркендіргіштерді тіпті сезбейді. Сондықтан да шаршаған ана ешбір әсерді
елеместен, терең ұйқыға берілуі мүмкін, ал нәрестенің сәл ғана даусынан
оянып кетері сөзсіз.
Зейін механизмдерінің іске қосылуында бағдарлаушы рефлексінің рөлі өте
күшті.Бұл құбылыстың негізі адамдармен жануарлар ағзасының сыртқы орта
өзгерістеріне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабілеті. Мысалы, сәл
ғана сыбырдың өзінен мысық елең етіп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түреді.
Қызықты да жауапкерлі жұмысқа шомған оқушылар кенет есік
ашылудан,жұмыстарын қоя салып, назарын есік жаққа еріксіз аударады. Бұл
рефлексті И.И.Павлов Бұл не? рефлексі деп атаған.
Зейіннің таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделі процестермен
байланысты. Әдетте, қоршаған орта арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда
екі топ ағза арасынан қажетті әсерлерді саралап алуда екі топ ағза
тетіктері іске қосылады: перифериялық (шеткі) және орталық. Перифериялық
механизмдерге сезім (түйсік) мүшелерінің икемдесу әрекеті жатады. Әлсіз
дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады,сонымен бір
уақытта сезімталдығын күшейту үшін тиісті бұлшық еттер құлақ жарғағын
көреді. Ал күшті дыбысқа жарғақ кернеуі босаңсып, миға өтетін жағымсыз
әсерді басады.
Зейіннің орталық тетіктері бір жүйке ошақтарының қозуына байланысты
басқа жүйке көздерінің тежелуі негізінде іске қосылып барады.Туындау әсері
күшті болған қозу өзімен бір уақытта жүріп жатқан әлсіздеу процесті басып,
психикалық іс-әрекеттің бағыт -бағдарын айқындап отырады. Сонымен бірге,
бір-біріне қуат қосатын бір уақыттағы әлденеше тітіркендіргіштердің бірігіп
әрекетке түсуі де мүмкін. Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажет
болған әсерді таңдап, психикалық әрекеттің белгілі бағытта жүруіне негіз
қалайды.
Зейін әрекетінің физиологиялық көрінісін түсінуде Ч.Шеррингтон ғылыми
дәлелдеп, кейін И.П Павлов кең қолданған жүйке процестерінің индукция заңы
үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабыының бір аймағында туындаған
қозу оның басқа бөліктерінде тежелу пайда етеді (бір мезгіл индукция)
немесе мидың сол бөлігіндегі тежелумен орын ауысады (бірізді индукция),
себебі нақ қозу пайда болған аймақ өзінің сол қозу үшін тиімді жағдай мен
ерекшелінеді, сондықтан да бұл арада әсерлер жіктеліп, сарапталып, жаңа
шартты байланыстар түзіледі, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте-үлкен ми
сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлігі сипатына ие. Ал мидің басқа
бөліктерінің қызметі бұл уақытта адамның астар саналы немесе
автоматтандырылған әрекетімен байланысып жатады.
Зейіннің физиологиялық негіздерін айқындауда доминанта принципі
(А.А.Ухтомский) де жетекші мәнге ие. Доминантаның түсінігі нақты бір
мезетте жүйке орталықтарының қызметіне ықпал жасап, уақытша үстемдік етумен
психикалық болмысқа бағыт-бағдар беретін қозу ошағын білдіреді.
Доминантаның ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесіне беріліп тұрған
импульстер бірігеді жинақталады, сонымен бірге басқа орталықтардың
белсенділігі шектеліп, қозу ошағының әрекеті күшейе түседі. Үстем қозу
көзінің пайда болуына тек тітіркендіргіштің күші ғана емес, бұрын болған
әсерлердің және жүйке байланыстарының өткен тәжрибеден қалыптасқан іздерді
де негіз бола алады.
Бірақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөніндегі
тағылимат та динамикадағы зейін құбылысын, әсіресе оның ырықты сипатын
толық ашып бере алмайды. Оның себебі оның ырықты сипатын толық ашып бере
алмайды. Оның себебі адамдарда жануарларға тән болмаған өз зейінін мақсат
бағдарлы басқара алу қабілетінің болуында. Мақсат қою мен оны нақылап
отырудан зейін туындайды, тұрақталады және ауысып тұрады. Қозудың басымдау
ошағының пайда болуын бірінші және екінші сигналдық жүйкелердің өзара
ықпалды байланысымен түсіндірген жөн, себебі қозу тілдік(екінші) сигналдың
таңдамалы иррадиациясымен бірінші сигнал жүйесіне өтеді. Өз кезегінде,
алғашқы тітіркендіргіштер сөздік баламаға келіп, мақсатты нақтылауға себін
тигізеді де қажетті қозу көзінің одан әрі күш алуына көмектеседі.
Сонымен зейін табиғатта өзәра бір-біріне тәуелді байланыста болған ми
құрылымының біртұтас жүйесінің іс-әрекетімен байланысты, бірақ олардың
зейін түрлерін реттудегі рөлі бір қалыпты емес.

1.3. Зейіннің негізгі қасиеттері
Зейінің мынадай қасиеттері бар:
А)Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге
немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай қалса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді.
Мысалы, өндіріс озатының, не хирург дәрігердің жұмыс үстіндегі зейінін
осыған жатқызуға болады.
Зейінді бір жерге тұрақтатып, жинақтай алу арасында адам істеп
отырған ісін тереңінен түсініп, оның әр түрлі байланыстарын анықтайды.
Зейінді тұрақтата алушылық саналы әрекетке өзіңді жеңе алудың басты бір
белгісі болып табылады.
Зейіннің осы қасиетінің оқу процесінде маңызы зор. Сабақ үстінде
баланың назарын көп нәрсеге аудармай, басты бір нәрсеге не белгілі бір
әрекетке ғана аударып, оған тұрақтатып әдеттендіру керек. Сонда ғана бала
есейген кезде үлкендердің көмегінсіз-ақ зейінін тиісті объектіге жинақтай
алатын болады.
Ересек адамдар жұмыс үстінде зейінін 40 минуттай бір объектіге
тұрақтата алады. Осындай 10-20 минуттық зейін қоюшылықтан кейінгі бірнеше
секундта көңілдің бір нәрсеге бөлінуі сол жұмыстың одан ары
ұйымдастырылуына ешбір нұқсан келтірмейді. Қайта бұл секілді тынығу,
жұмысты бірнеше сағат бойы жақсы, тұрақтап істеуге мүмкіндік береді. Адам
соншалық ерік-жігермен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оқтын-оқтын
ойы бөлініп, басқа бір затқа ауып отырады.Осылайша зейінің бірде әлсіздене,
бірде күшейіп тұруын зейіннің толқуы дейді. Толқу-зейіннің табиғи
қасиеттерінің бірі. Мәселен, бар ілтипатпен кітап оқыған адам да анда-санда
бөтен ойға түседі,басын көтеріп жан-жағына қарайды. Зейінің мұндай толқуы,
әрине, адамның көңіл аударған нәрсесіне оының бөлінуіне, зейінін
тұрақтатуына бөгет болмайды. Кейбір адамдардың зейіні толқымалы келеді.
Бұған қатты тітіркендіргіштер, күшті эмоциялық әсерлер, сондай-ақ адамның
өз еркін жөндеп билей алмауы себеп болады.
Зейінді ұзақ уақыт бойы іс-әрекетке жеткілікті жұмылдыру үшін,
әсіресе, оның бөтен нәрсеге көңілі ауып кетпеуін ойластыру керек. Бұл көп
күш жұмсауды қажет етеді. Зейінді алаңдататын әр түрлі тітіркендіргіштерге
қарсы күресу-қажетті шаралардың бастысы. Мәселен, ысқырған дауыс,
қоңыраудың сылдыры, сырнай-керней т.б. адамның тынышын кетіреді. Зейінін
жақсы ұйымдастыра алатын адамдар осынан осындай жағдайда да жұмысты тез
және сапалы орындайтыны байқалады. Адамды алаңдататын нәрселер көп болған
мен, машинаның дүрілі, музиканың әуені зейінді аударатын тітіркендіргіш
болғанмен, оларға шыдап отыра беруге болады. Ал қасындағы адамның айқай-
шуы, реніш т.б. адамды күштірек алңдатып, жұмыс істетпейді.Әрине, бұларды
жоюдың мүмкіндігі болмаса, оған көңіл аудармай,сабырлық пен жұмыс істей
беруге болады.Әрине, бұған ерік-жігер қажет. Осындай ыңғайсыз жерлерде
жұмыс істей алушылық-адамның жақсы қасиеттерінің бірі. Мәселен, орыстың
атақты жазушысы А.П.Чехов жас кезінде көп әңгімелерін ойын-күлкі, той-думан
үстінде жазса, ал Мусоргский мен Бородин өздерінің опералық шығамаларын
отырып-ақ жаза беретін болған. Қандай жағдайда да адам зейінге кедергі
келтіретін нәрселерді жеңе алатын болуға тиіс. Тіпті тыныш жерде де отырып
жұмыс істеуді ұнататын адамдар да өзің ыңғайсыз жағдайларға төселтіріп, кез-
келген жағдайда жұмыс істей алатындай қабілетке ие болуы тиіс.
Ә)Зейіннің аударылуы. Зейінің аударылуы деп бір объектіден екінші
объектігі назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы
оптимальдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе нерв
процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың
түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қоып жаңа жұмысты тез
меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің
зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындық пен ауысады. Зейінді тез аудара
білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет.
Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген
болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп
жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір
бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау)
екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді.
Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу
материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда
ғана мумкін болады. Мұғалімнің материалдарды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы
түсіндіруі, өткен материалдарды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың
мақсатын айқындауы, жаңа материалдарды тыңдауға және түсінуге оқушылардың
дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Б)Зейіннің бөлінушілігі. Адам санасының бірмезгілде бірнеше әрекетті
атқара білу мүмкіншілігін зейінің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш
нәрсеге бөле алады.
Зейінді бір уақытта түрлі обьектіге бөлуге болатындығын арнаулы
зерттеулер көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері есеп шығарады, сонымен
қатар осы кезде басқа оқушының тақтаға шығарған есебін бақылайды, оның
сөзін тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл ішінде лекция тыңдайды,
түсінгенін жазып отырады, кітап оқып отырып конспект жазады. Еңбек
процесінде зейін бөлуінің маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі өндірістің
онан сайын автоматталынуы адам зейінінің бөлінушілігін ерекше дамытуды
қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге (машинист, шофер т. б.)бірнеше
нәрсеге зейін бөлушілік қаншама маңызды екендігі түсінікті. Олар бір
кезеңде руль механизмін басқарады, жолға назар аударады, тормыз береді
және т. б... Бұл операциялардың әр қайсысы зейінді өте шеберлікпен бөле
білуді қажет етеді. Мұғалімдік қызметте де зейінді бірнеше объектіге бөле
білудің маңызы зор. Мұғалім бір мезгілде сабақтың мазмұнын, формасын сабақ
оқыту жоспарына сәйкес тексеріп отырады, барлық класс коллективі мен жеке
оқушылардың тәртіп сақтауын, сабаққа қалай қатысып отырғанын байқайды.
Тәжірибесі аз, жас мұғалім кейде барлық класты, не жеке оқушыларды, не
өзінің айтып тұрған сөзін байқылай алмай қалады да зейінін бытыратып алады.
Осының салдарынан класта сабақ нашар ұйымдастырылуы мүмкін. Зейінді екі
объектіге бірдей бөлу үшін ең кем дегенде біреуіне іскер болуы шарт.
Зейінді бөлудің физиологиялық негіздері жөнінде И.П.Павлов былай дейді:...
біз бір іспен, бір оймен айналыса жүріп, өзіміз әдеттеніп кеткен тағы басқа
бір істі істей жүреміз, яғни сыртқы тежелу механизмі бойынша, ми
сыңарларының тежелудегі бөлімдері мен қызмет істейміз, өйткені, біздің
басты ісімізбен байланысты ми сыңарларының пункті бұл кезде қатты қозуда
болады.
В) Зейіннің көлемі. Зейінің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның
қамтитын,объектілерінің санын айтады.Зейінің көлемін анықтауға байланысты
жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледы. Адам бір
мезгілде (секунттың 110бөлігінде)орта есеппен әр-түрлі 5-9 әріпті қамти
алатынын,12-14 әріптен тұратын мағанасы бар сөзді де осы мерзімде
қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып
оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда
шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс,сондықтанда
оқушыларға бір мезгілде сан жөнінен де, сапа жөнінен де белгілі зейін
көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі
бір–бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал
логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса,олардың зейін көлемін
өсіретіндігін мұғалім еске алу қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай
алуға,оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны жөн. Көрнекі
құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден
оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған
тәсіл де бала зейіңнің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық
тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты
кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып
табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді
де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді.
Зейінің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже
шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей
қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизімімен шұқшия жұмыс істеп отыратын
мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың зейінінің тәрбиелеудің теориялық және психикалық негіздері
Мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейінін бағалау
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ПРОЦЕСТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Интелект дамуында бұзылысы бар балалардың танымдық дамуының ерекшелігі - жоғары психикалық функциялардың қалыптасуының тым баяулауы
Оқушылардың сабақта алаңдаушылық зейінін болдырмау жолдары
Оқу - баланың өзінің танымдық белсенді әрекеті
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Пәндер