Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттары


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеудегі несиенің мәні.

1. 1. Жеке тұлғаларды несиелеудің мазмұны . . . 6

1. 2. Коммерциялық банктердің қазіргі күнгі жеке тұлғаларды несиелеу жүйесі . . . 13

2. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау.

2. 1. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу процестерін талдау . . . 21

2. 2. Коммерциялық банктердің карыз алушының несиеге қабілеттілігін және ипотекалық несиелеуді талдауы . . . 30

2. 3. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу динамикасын талдау және оның дамуы . . . 46

3. Қазақстан Республикасы Коммерциялық банктерінің жеке тұлғаларды несиелеуінің қазіргі жағдайы, даму болашағы.

3. 1. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуінің артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 57

3. 2. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары . . . 62

Қорытынды . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 68

Кіріспе

Өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қаржы жүйесінде банк саласы өте жақсы дамып келе жатқан секторға жатады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан соң өзінің қаржы саласын, соның ішінде банк секторын дамытуға көңіл бөлді.

Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде. Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айрысуларды жүзеге асыру, несие беру.

Қазіргі күнгі банктер банк ісінің негізгі мағынасы мен рөлі ретінде-салымдарды жию және тартылған қаржының сенімділігін камтамасыз ету ( бастысы-депозиттер ) және парасатты саясат арқылы бұл қаржыны епті қолдану болатын болса, яғни несиеге беретін болса қалған барлық кызмет түрлері екінші кезекте болады. Соңғы уақыттардағы Қазақстан экономикасындағы проблемалық жағдайлар мәселен инфляциялық процестер, төлем балансының тапшылығы тағы да басқа экономикалық жағдайлар Коммерциялық банктер дамуында үлкен менге ие болды.

Коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелелендіру, яғни экономиканы және заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларды несиелендіру. Жеке тұлғаларды несиелендіруге тоқталатын болсақ жеке тұлғалар көбінесе тұтыну несиесін пайдаланады.

Жеке тұлғаларды несиелеу халықтың өмір деңгейін арттыруға бағытталған мемлекеттік несие саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Өнеркәсібі дамыған елдерде тұрғындар өзінің жыл сайынғы табысының 10-12 % -ын тұтыну несиесін өтеуге жұмсайды. Қазақстанда несиенің бұл формасы мүлдем дамымай қалды десе де болады. Халық борышкер болудан қорқады, оның үстіне, тұтыну несиесінің пайыздық мөлшерлемесі айтарлықтай жоғарғы деңгейді құрайды. Тек соңғы жылдары ғана халық несиенің мәнін түсініп, несие ала бастады. Жеке тұлғаларды несиелелендіру белгілі бір дәрежеде табыстары біркелкі емес тұрғындардың өмір деңгейін салыстырмалы түрде теңестіреді, әр түрлі әлеуметтік топтардың тұтыну деңгейі мен құрылымының арасындағы айырмашылықты жояды. Коммерциялық банктер беретін тұтыну несиесі жеке тұлғаларға оның ағымдық сипаттағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін беріледі. Оның ішінде, жеке шаруашылықтағы өндірісті дамытуға, құрылыс салуға, тұрғын үйді жөндеуден өткізуге, ұзақ уақыт пайдалануға жарамды заттарды сатып алуға беріледі.

Жеке тұлғаларды несиелендіру көптеген елдерде маңызды рөл атқарады. Осыған орай, олмемлекет тарапынан реттеліп отыратын болады. Ол қадағаланады әрі банктік және коммерциялық несиелерге бақылау қойылады. Жеке тұлғаларды несиелендіру халықтың тауарға деген сұранысын ынталандырады әрі олардың өндірілуі мен сатылуын арттырады. Сондықтан жеке тұлғаларды несиелендіру ақша-несие саясатының басым бағыты болып қала береді.

Жұмыстың мақсаты. Коммерциялық бактердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау арқылы банктердің несие беру шарттарын қарастырып, жақсарту. Осы мақсатқа жету үшін мынадай мәселелер қойылған:

  • жеке тұлғаларды несиелеудің мазмұнын анықтау;
  • коммерциялық банктердің қазіргі күнгі жеке тұлғаларды несиелеу жүйесін қарастыру;
  • коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу процестерін талдау;
  • коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу динамикасын талдау;
  • коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету;
  • коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу жолдарын қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні болып коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуі саналады.

Зерттеу жұмысының объектісі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болып табылады.

Жұмыстың методологиялық негізі болып келесілер саналады: банк туралы заңдар, нормативтік документтер, инструкциялар ( нұсқаулар ), жағдайлар және оқулық құралдары тағы басқалар.

Жұмыстың құрамы келесілерден тұрады: кіріспеден, 1 - бөлімнен, 2 - бөлімнен, 3 - бөлімнен, қорытындыдан, пайдала -нылған әдебиеттерден. Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеудегі несиенің мәні.

Екінші бөлімінде коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін талдау.

Үшінші бөлімінде коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуінің қазіргі жағдайы және даму болашағы туралы қарастырамыз.

1. Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеудегі несиенің мәні

1. 1. Жеке тұлғаларды несиелеудің мазмұны.

Несие-ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады. «Несие» деген сөз, «қарыз», «кредит», деген «kredo»-сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шыққан. Ол экономиялық категория ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларда: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие ақша қатынастары сияқты үнемі дамып отырды. Алғашқы несие табиғи түрде ( астық, мал, еңбек құралдары және т. б. ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Несиенің рөлін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндірс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.

Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді. Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез келген экономикалық субъект бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс процесін несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жаңа өндіріс ашу мен жеке тұлғалардың жаңа бір тірлік бастап оны кеңейту ісінде де несиенің алатын орны, атқаратын қызметі және рөлі өте зор.

Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша Ол ақша айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі-айналыс құралын құруға байланысты:

  • біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау шығындарын қысқартады;
  • екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есептеулерді жылдамдатып, айналым шығындарын азайтады;
  • үшіншіден, қосымша ресурстарға маусымдық сұраныстардың өскендігінен резервтік қорлардың кемуіне байланысты айналым шығындары қысқарады.

Заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қаржыларын банктердің есеп-шотында сақтау ақша есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасыз есеп экономикадағы есептесулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз беру қорын арттырады.

Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын ұстап тұруға мүмкіндік береді. Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансия саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп, ақша көлемі ұлғайады. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда 1993-1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жүргізілді.

Несиенің арқасында жеке тұлғалар тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге қол жеткізіп отыр.

Сонымен коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуінің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік принцптерді ұстану керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі керек:

  • несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін жоғалтатынын білдіреді;
  • несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын, несиенің негізін құрастырған жөн.

Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт - құрылым. Өзге экономикалық категориялар сияқты несие де бір-біріменөзара әрекетке түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастың барлық субъектілері, сондай-ақ жоғарыда анықтағанымыздай, бұл субъектілерге несие беруші мен несие алушы жатады. Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады.

Несие беруші - несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзініңкі болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін. Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк, оның ішінде жеке тұлғаларды несиемен қамтамасыз етуші коммерциялық банктер болып табылады. Алғашқыда айтып кеткендегідей ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселермен мен халықтың, яғни заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алуша ғана емес, сондай -ақ соңғысы да меншік иесіне ( кәсіпорынға, халыққа ) тартылған ресурстарды ( ақшаларды ) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір жағдайда несие беруші болса, екінші жағдайда- қарыз алушы болып көрінеді.

Қарызға алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай қарызға алушылар - мемлекеттер, кәсіпкерлер, заңды және жеке тұлғалар мен банктер болуы мүмкін. Алайда, қарызға алушы жеке тұлға қарызға алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өзінің мұқтаждықтарына, айналымда алған несиесін өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде қайтарады.

Несиелік мәміледе қарызға алушы жеке тұлға несие беруші коммерциялық банкке тәуелді, оған несие беруші банк өз талаптарын қояды. Алайда, қарызға алушы жеке тұлға мен несие беруші банк несие қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде қатысуы керек, және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие беруші - қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос ақша қаражаттарын есеп және депозиттік шоттарға сақтай отырып ) болуы мүмкін. Несие беруші мен қарызға алушы өзара іс - әрекеттерінде қарама - қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді. Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама - қарсы жақтарында тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық несие бергісі келсе, қарыз алушы жеке тұлғаға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша қаржылар табу мүддесі болады.

Несие беруші банктер мен несие алушы жеке тұлғалардан басқа несие қатынасы құрылымының элементі - алыс-берістің объектісі - несиеленген құн ( ссуженная стоимость ) болып табылады.

Несиенің құрылымы
Несие беруші
Несиеленген құн (несие)
Қарызға алушы

1 - сурет. Несиенің құрылымы.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс процесін жылдамдататын ерекшелікке ие. Себебі, қарызға алушы жеке тұлғаның қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттілігі жоқ. Сондықтан, бұл қосымша қажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.

Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке толық қайтарылуына дейін сақтайды. Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол элементтерінің бірлігін болжайды.

Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей көрсетіледі:

Но - Қан - Нп . . . Рб . . . Нқ . . . - Бқ

Мұндағы: Но - несиені орналастыру;

Қан - қарызға алушының несиені алуы;

Нп - несиенің пайдаланылуы;

Рб - ресурстарды босату;

Нқ - несиенің қайтарылуы;

Бқ - банктің аталмыш қарызды қайтаруы.

Несиеленген құнды орналастыру ( несиенің ұсынылуы ) Но - несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның жиынтықталуы ( аккумуляциясы ), яғни уақытша бос қаражаттар себеп болады. Несие беруші банк несие алушы жеке тұлғаға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне сенімді болған кезде ғана несие бере алады.

Несие алу ( Қан ) қарыз алушы жеке тұлғаның уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады, өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана береді.

Несиені пайдалану ( Нп ) қарыз алушы жеке тұлғаның оны өз шаруашылығына пайдаланып, несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді. Ресурстардың босатылуы ( Рб ) жеке тұлғаның шаруашылығында құнның ауыспалы айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мүддесінде пайдаланылу процесін сипаттайды. Несие қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өту үшін материалдық база болып табылады. Несиенің қайтарылуы ( Нқ ) уақытша пайдаланылған құнның қарыз алушы жеке тұлғадан несие беруші банкке қайтуын көрсетеді. Жеке тұлға шаруашылығында белгілі бір ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп несие беруші банкке өтеді.

Уақытша пайдаланылғаннан кейін ( Нп ) құнды несие беруші коммерциялық банктің алу актісі несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің қайтарылуы ( Нқ ) және коммерциялық банктің алған қаражаты ( несиеге бергені ) ( Қан ) сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның сомалары біріктіреді: жеке тұлға қарыздың белгілі бір бөлігін несие беруші банкке қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады. Осы қарастырылған кезеңдер несиеленген құнның толық айналымының бір бөлігі болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие беруші коммерциялық банктен қарыз алушы жеке тұлғаға құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн.

Несиенің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни несиелік қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Несиенің мәнін ашып көрсететін, несиенің маңызын құрайтын негізі неден тұрады? О. И. Лаврушкин ондай негіз несиенің қайтарылуы деп есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлақ сатыларын қамтиды. Несие ақшасын жарату (орналастыру ), алу және оны пайдалану - қайтарым негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік қатынасқа тән белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді.

Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие беруші коммерциялық банкке қайтару процесі. Ол өзінен өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы айналымында аяқталатын материалдық процестерге негізделеді. Алайда, бұл тек қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты қайтаруға босаған қаражаттар жеке тұлғаға мүмкіндік берген кезде ғана несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті процес болып табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. Несие беруші коммерциялық банкпен несие алушы жеке тұлға бекіткен келісім-шартқа сәйкес ол заңды бекітілген сипат алады. Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория секілді бар несиенің тұтастығын көрсетеді.

Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуінің әлеуметтік - экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән екендігінде.

Банкке, несие берушіге қарыз алушы жеке тұлғаның несиені қайтаруы соңғысына кез келген сәтте өзіне несие берушілерге ( өздерінің уақытша бос қаражаттарын депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға ) талап етуі бойынша мүмкіндік береді. Несиенің қайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.

Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуінің құрылымын, қозғалыс кезеңдерін және негізін талдау нәтижесінде несиенің мәнін толық анықтамасы дей отырып, былайша айтуға болады: « Несие беруші коммерциялық банкпен қарыз алушы жеке тұлғаның несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделген қозғалысынан туатын экономикалық қатынастар» - деп.

Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал - бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол, оның ақшадан сапалы айырмашылығы - несие капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі өсім бере алмайды. Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда, несие - әсіресе, ақша түрінде ұсынылатын банк несиесін ақша деп санауға болар еді. Соған қарамастан, ақша және несие - түрлі ұғымдар ғана емес, әр түрлі қарым қатынастар да болып табылады. Несие мен ақша - әр түрлі экономикалық қарым - қатынастарды білдіретін дербес экономикалық категориялар. Себебі, несие қарым-қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес жеке тұлғалар болып табылады. Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі - қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым-қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқты ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасында қарым-қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы жүреді.

Несие қарым-қатынасының қатысушылары несие беруші банк және несие алушы заңды және жеке тұлғалар болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының байланысты ерекше қарым-қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие беруші коммерциялық банктен қарыз алушы жеке тұлғаға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым-қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір-бірімен қатар болып, өзара әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады. Несиемен ақша әр түрлі тұтыну құнына ие, несие пайыз келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді. Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есеп-шоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады. Нарық экономикасы жағдайында несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру мүмкіндігі зор.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеуін жетілдіру жолдары
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Kaspi bank АҚ-ның қызмет ету және несиелерді ұйымдастыру
Несиенің негізгі формалары
Тұтыну несиесі жайлы мәлімет
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz