Ақыл-ой тәрбиесінің негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

І . АҚЫЛ.ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақыл.ой тәрбиесі және оның міндеттері, мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... 5.8
1.2 Ақыл.ой тәрбиесінің құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8.10
1.3 Ақыл ой.тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10.13

ІІ. АҚЫЛ.ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ.ТӘРБИЕ.
2.1 Оқушылардың ақыл.ой тәрбиесі мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.18
2.2 Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.23

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

IV. ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды тәрбиелеуде ақыл-ойын дамыту;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина тілімен «дебил» деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады. Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап алмаса болмайды.
1. Абдумаев М. «Баланың ақыл ойы мен парасатын тәрбиелеу» А, 2000ж
2. Арын Мұхтар «Бес анық» тәрбие туралы толғаулар. А, -1996ж
3.Арғынбаев Халел «Қазақтың отбасылық дәстүрлері» А,-2005ж
Азоров Ю.П. «Семейное педогогика» Москва 1982 г.
4. Ақназаров Б. «Класс жетекшісі» Алматы: Мектеп, 1973 ж.
5. Айтмамбетов Б. Р. «Коллективті қалыптастыру және оқушылардың
(жеке басына оның ықпалы». Алматы, 1991 ж.
6. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А «Педагогика» Алматы, 2004ж
7. Әбиев Ж «Педагогика тарихы» Алматы, 2006ж.
8. Әбенбаев С.Ш. «Сынып жетекшісі» Алматы, 2004ж.
9. Әбиев Ж., А.Құдиярова «Педагогика» Дарын – Алматы 2004
10. Әкбар Қажы Мәстүра Әшірбайқызы «Қазақтың салт дәстүрлері»
Алматы, 1999ж
11.Әдібай Табылдиев «Тағылым» Алматы-1995ж
12. Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педаггогика» Алматы, 2006ж.
13. Безкаравайный С, Жұмабаев А, «Мектепте өткізілетін тарихи
әдеби кештер» Алматы « Мектеп » ,1968ж
14.Болдырев Н. И. «Класс жетекшісі» Алматы – Мектеп, 1980 ж
15.Болдырев Н.И. «Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы»
Алматы: Мектеп, 1987 ж.
16. Жарықбаев Қ. Қалиев С. «Қазақ тәлім тәрбиесі» Алматы, 1995ж.
17. Крупская Н. «Вопрсы семейного воспитания и быта» 1959 год.
18. Калиев С. «Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың
педагогикалық негіздері» Алматы, 2001жыл
19. Крупская Н. К. «Таңдамалы педагогикалық шығармалары». А,1973 ж.
20.Көшекбаев Н. «Оқыту теориясы». Алматы, 1976 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Ақыл-ой тәрбиесінің негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

І . АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері,
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ...5-8
1.2 Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-10
1.3 Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10-13

ІІ. АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ.
2.1 Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-18
2.2 Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-23

ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...24

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..25

IV.
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген
халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның
тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып,
алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала
бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып,
қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға атойлап шабуыл
жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер
енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан
өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың
рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.

Зерттеудің міндеттері:
- Оқушыларды тәрбиелеуде ақыл-ойын дамыту;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін
қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.

Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу
тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік
жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық
педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан
толықтырады.
Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың
білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде
мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
Қазір халқымызда орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз медицина
тілімен дебил деп айдар тағылған балалар тым көбейіп кетті. Бұрынғыдай
ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын зерек ұрпақ мүлде азайып барады.
Оның бірден бір себебі - арақ ішіп, шылым шегіп, апиын атудың нәтижесінде
уланған ұрықтан екендігін ғылым баяғыда-ақ дәлелдеген.
Олай болса қоғамдық мәні аса зор бала тәрбиесінің алтын қазығы болып
саналатын халық педагогикасының ғылыми негіздері мен жүйелерін анықтап
алмаса болмайды.

І . АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері

1. Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері
2. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы
болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының
тереңінен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының
заңдылықтары бейнеленген ғылымның керектерін, түсініктерін және
заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам
ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін
Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып ала алмайсың, Ақыл
тозбас киім, сарқылмас бұлақ дегн халықтың даналық сөздерінен
байқауға болады.
Халық педагогикасында оқыту мен білім берудің принциптері
қазіргі ғылыми педагогика тұжырымдамамен ұштасып жатыр. Халық білім мен
өмірдің тығыз тығыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогикасы
оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. Көзбен көрген , құлақпен
естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттелген ақиқат .
Халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың
анықтамаларының да ғылым педагогикасының анықтамалырмен сәйкес
келетіндігі байқалды. Халық педагогикасы барынша ақыл-ой тәрбиесі деп
шәкірттердің ойлау қабілеттерін , сана сезімін , оқу және еңбек процесінде
дамытуды айтады. Ғылыми педагогиканың анықтамасы бойынша ақыл-ой
тәрбиесі деп оқушылардың ақыл-ой күштерін, ойлауын, дамытудағы және ақыл
–ой еңбек мәдениетін түсіндіруді айтамыз.
Бірақ оқушы өмірінің іс-әрекеті тек тәрбиешілердің мақсатты
ықпалымен шектелмейді. Оған қосымша оқушыны қоршаған ортаныың
ықпалдарымен шектелмейді. Бұл кеңірек ақыл-ойдың дамуы ұғымымен
айқындалады.
Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой
тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға , еңбектің шығармашылығына зор ықпал
жасайды. Ең бастысы , ол ғылым мен техниканың мәдениеттің жедел
дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.
Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас , саналы
тәртіп пен орынды мінез-құлық , еңбек нәтижесі , экономикалық білімдер,
дағдылар, тіршілік ет ортасы , табиғат және қоғам құбылыстарына
талғампаздық, дене күш-қуатын арттыру жолдарын білу , қоғам өмірінің
құқықтық негіздерін игеру мәселелерін шешу мүмкін емес.
Қорыта айтқанда , ақыл-ой тәрбиесі -адам зиялылығының негізі . Ақыл-
ой тәрбиесіне екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл-ой күштері.
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың
түрлері, олардың мәні мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі.
Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ
кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда , ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен
құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды
бецнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі
күрделі процесс. Ал таным бұл әр жақты процесс. Ол бәлмеуден білуге
қарай бағытталған ой қозғалысының бейнеленуі.
Енді әрбір олау түрлерінің тұлғаның даму процесінде алатын орны
туралы сөз етйік.
Нақты және абстракт логикалық ойлау.
Нақты логикалық ойлау затты біздің тікелей қабылдауымыз. Кейде
көрнекі ойлау деп те атауымызға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың
ойнау және оқу процесінде адамдардың еңбек іс-әрекетінде байқалады.
Жинақтай ойлау бөлігі бір құбылыстар тобын қамтитын әрекеттердің
ортақ принциптерін немесе тәсілдерін білумен сипатталады. Бұл жерде
ойдың жинақталу дәрежесі , оның ауқымы тұрғыдан қараудың құбылыстардың
үлкен немесе кіші талаптардың қамтуына тәуелді.
Индуктиватік ойлау ғылыми зерттеу немесе оқушыларға жаңа
білімдерді баяндауда оның жекеден жалпыға , деректерден жинақтауға
қарай қозғалуын қажетсінеді.
Дедуктивті ойлау жалпыдан жекге, дербестікке қарай жүретін ойлау
процесімен байланысты.
Сонымен ойлау түрлері шәкірттердің нақты зиялылық білігін
сипаттайды. Адамның өмір тәжірибесіне , іс-әрекеттеріне , оның тұрған
мақсаттығының ерекшелігіне байланысты әр түрлі іске асады.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды.
Ақылдың белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-
ой күштері адамды білім қорын жасауға , негізгі ойлау операцияларын
жүзеге асыруға , нақты зиялылық біліктерін меңгеруге қабілетті етеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады. Олар:
-ойлау іс-әрекетінің шарт ы болатын білім қорын жинау.
-негізгі ойлау операцияларын меңгерту ;
- зиялылық біліктерді қалыптастыру
-дүниетанымды қалыптастыру;
-Аталған міндеттерге жеке-жеке тоқталайық.
Білім қорын жинау. Оқушыға зиялы белсенді іс-әрекетке қажетті
ақылдың бірде бір құнды спасын жүйеге келтірілген білімдер қорынсыз
дамуы мүмкін емес. Көп жағдайда білімдер көлемін білім беру ұғымын
қарастыра отырып қараймыз. Білімдер көлемі қоғамының мәдени дамуының
деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі қоғамының мәдени
дамуының деңгейімен сипатталады. Олай болса білім көлемі ұғымы
салыстырмалы ұғым.
Өмірге жолдама алушы жастың білімдерінің ауқымы өз бетімен
білім алуға негізделген білім беру бағдарламаларымен, болашақ кәсіптік
дайындығының сырымен анықталады. Белгілі бір білім қорын жинау ең
алдымен нақты оқу материалын меңгеруді қажет етеді. Мұның құрамында
деректер, атаулар, белгілер, адамдар мен заттар , атаулы күндер ,
ережелер, , заңдар, заңдылықтар, формулаларда бе неленетін және
аралығындағы байланыстары мен тәуелділіктері бар жалпы , жеке , нақты,
абстрактілі түсініктер кіреді. Сонымен қатар білімдерге сол
білімдерді қолдану ауқымы мен тәсілдерді білу оларды пайдалану
әдістерін игеру, әлем жөніндегі ғылыми ұғынуының жалпы жүйесіндегі
білімнің әрбір бөлігінің орнын түсіну де жатады.
Білім қорын жинаудың жоғарғы деңгейіне жетуде оқушының жеке
мақсаттылығ үлкен роль ойнайды. Оқушының мақсаттылығы алдына қойған
мақсатпен оны танымдық іс-әрекетке итермелеуші себептермен оқу
біліктерін берік меңгерумен байланысты. Яғни оқу материалын игеру
жолындағы біліктер, зиялы жігерге және ұзақ зиялы іс-әрекетке дағдылану
қажет.
Ақыл-ой дамуы және ойлау операцичларын меңгеруді қажет етеді.
Негізгі ойлау операцияларына ғылымдар белгілі анализ , синтез,
салыстыру, классификация жатады.
Ақыл-ой тәрбиесінің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми
дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Жинақты етіп айтсақ, оқушылар
барлық піндерді оқу процесінде негізгі дүниетанымдық жұмыстарды
бекітеді, баянды етуге талаптанады.

1.2 Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы-оқыту . Ақыл-ой күштерін оқыту
Ақыл-ой күштерін оқыту барысында дамыту оқу материалының мазмұнын игеру,
зиялылық біліктерді қалыптастыруға көмектесетін ойлау операцияларына
қатыстыратын , оқу әрекеттерін орындайтын танымдық іс-әрекеттерін
ұйымдастыру арқылы жүреді.
Теориялық тұрғыдан қарағанда оқушылардың ақыл-ойын дамытуға
бағытталған оқыту әдістемесі дамыта оқыту тұжырымдамасы орын алады.
Бұл тұжырымдаманың мәні оқытуды шамалай отырып қиындықтың жоғарғы
деңгейінде құруға келеді. Бұл үшін оқушының білім қоры жинақталған
теориялық білімдерден, ғылымдарға жетекші қағидалардан тұруы қажет.
Осының негізінде қажырлы ақыл-ой еңбегіне қатыса отырып, оқушы жеке
деректер мен құбылыстар сырына ене алады. Сондықтан да дамыта оқыту
әдістемесінің негізгі оқытудың мазмұнын іріктеу мен әдістерін таңдап
алудан басқа , оқушы алатындай оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесін
дәл анықтауға тіреледі.
Мазмұнды әдістемелік дұрыс ашып беру, дамыта оқытудың әдістері
мен тәсілдерін таңдап алу оқушылардың жалпы ақыл ойынның дамуын
қамтамасыз ететін сабақта белсенді ақыл-ой еңбегіне қол жеткізуге
талаптанудағы мұғалімнің шынайы шығармашылық еңбегінің ауқымы болып
табылады.
Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін
тапсырмалардың түрлері де ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретінде
пайдаланылады. Мұндай оқу тапсырмалары көптен саналады. Біз мысал
есебінде кейбіреулерін еске түсірмекшіміз.
1. Зерттеу және бақылау ісіне қатысы бар тапсырмалар ; бақылау ,
эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауыл шаруашылық ,
тәжірибелік жұмыстар.
2. Шығармашлық жұмыстар: шығарма жазу, суретке қарап әңгіме құру , өз
бетінше әр түрлі пәндер бойынша есептер құрастыру, сурет салу.
Белгілі бір тақырыптарға баяндамалар , рефераттар жазу.
3. Салыстыруға әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар: логикалық
және жинақтай ойлау.
4. Ойлау әрекеттерін реттеуге бағытталған тапсырмалар алгоритмдерді ,
алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.
5. анализдеу оқу жұмысына байланысты тапсырмалар: заттарды ,
құбылыстарды топқа болу.
Жалпы айтқанда, ақыл-ойдың дамуын қамтамасыз етуде тапсырмаларды
түрлендіріп . үйлестіріп берудің маңызы зор. Мұғалім осы талап
тұрғысынан оқушы тұлғасын қалыптастырғысы келсе, өзі бұл тұрғыдан
жоғары болуы тиіс.

1.3 Ақыл ой-тәрбиесі және жаңашыл педагогтар қызметінің маңызы
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен
қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек
пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық —
ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ
жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну — біртіндеп толыға,
молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-
білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу
ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. Білімдіден шыққан
сөз, талаптыға болсын кез— деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді
құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі
азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз
бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр
ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: Фактілер — ғылымның ауасы десе, ғұлама
ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне
сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: Тәрбие негізі — ғылым, даналық
негізі — білім деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға
ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс
түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт
ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа
дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны
немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он
қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын
кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен,
адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың
қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық,
зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен
ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан
мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған
қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-
, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға
ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап,
үлкендер,се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж.астардың
жадына сіз деген сыпайылық, сен деген анайылық, Адаэддықтың белгісі,
иіліп сәлем бергені, Кішіпейілділіктен кішіреймейсің, Жұпыны жұтамайды,
сыпайы сүйкімді; Құдай деген құр қалмайды деген кағидаларды үнемі
уағыздаған. Халқымыз Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер деп бала
тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының,
коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың
көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. Қыз қылығымен
сүйкімді, Қызым үйде, кылығы түзде, Қысыла, қысыла қыз болдым деген
мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. Қыз өссе — елдің көркі деу
арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді
мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі — қайырымдылық, достық. Халық
ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің
екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ.
Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой
топшылаған халық: Еңбек — адамның екінші анасы, Еңбек түбі — бере-ке,
Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады, Еңбексіз өмір — сөнген көмір,
Еңбегі қаттының ембегі тәтті деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек
сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық — кісінің
соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан
өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ
халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды
мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер
шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз
балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу,
өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен
әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі,
отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі
болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: Өз үйінде
ою оймаған, кісі үйінде тон пішер деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен
төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін
Қыздың жиған жүгіндей деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну Аяз би
ертегісіндегі Аяз бидің, Керқұла атты Кендебай ертегісіңдегі Кендебайдың,
Күн астындағы Күнікей кыз өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері
арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын
мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі
арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы
халық еңбекпен ер көгереді, мұратына жетеді деп, жастарға үлгі-өнеге-
етіп ұсынады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып,
егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ
шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен
тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың
өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге,
ұқсатуға арналған. Жүн иіріп, өрмек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып,
сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім мен сырт киім тігу қыздар,
әйелдер үшін ерекше өнер болып саналған.
Қорыта айтқанда халықтық педагогиканың әр түрлі жақтарын сөз еткенімізде,
алдымен дене тәрбиесін бірінші орынға қоюдың өзіндік себеп, дәлелдері бар.
Өйткені адам баласы алғаш дүниеге келген күнінен бастап дене тәрбиесі қолға
алынады, содан кейін біртіндеп еңбекке, ойынға үйрету тәрбиесі
жүргізіледі. Ақыл-ой сол еңбектің нәтижесінде қалыптасып дамиды. Ал
адамгершілік тәрбиесі баланың сана-сезімі оянған кезде жүргізілетін
тәрбиенің жиынтығы іспеттес.

ІІ. АҚЫЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ.

2.1 Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы
'Бала тәрбиесі - баршаның ісі". Ендеше бала тәрбиесіне оның болашағыне
немқұрайды қарау кешірілмес күнә. Халқымыздың ''балалы үй бәзар баласыз үй
мазар" деген аталы сөзі текке айтылмаған Балғындардың риясыз күлкісі, әсем
қылыаынсыз өмірді, келешекті көз алдымызға елестету мүмкін емес. Бала десе
жүрегіміз езіліп көңіліміз толқып, мерейіміз таси түсетіні де сондықтан
болар.
Нарық заманы бүгінде қай салаға да жеңіл тиіп отырған жоқ. Бірақ сол
қиыншылықтарды тілге тиек етіп, жас ұрпақ тәрбиесіне, келешегіне немқұрайлы
қарауға болмайды.
Ата-бабаларымыздың өткен тарихын, ғасыр ауламаларын балғын-дардың
жүрегіне ұялатып, болашақта олардың ел қамын ойлайтын отансүйгіш азамат
болып өсуіне басты назар аударылады Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауына сай
"Қазақстан - 2030" бағдарламасын қуаттап, "Ақбота" балабақшасында көптеген
тыңғылықты істер жүзеге асырылуда. Мысалы: "Мен Қазақсандықпын"
әдеби-музыкалық мейрам "Отан отбасынан басталады", "Болашақ" атты
интелектуаль-ды ойын-сауық. патриоттық, саяси тақырыптарды Отан-
Ананың не екенін бүлдіршіндерге жан-жақты түсіндірсек, "Ақын Абай", "Мұхтар
ата", "Қыз Жібек", "Біржан - Сара" тақырыптары қазақ даласының, өнері мен
дәстүріне деген кішкентай сәбилердің сезімін оятты деуге болады. Сондәй-ақ
әртүрлі тақырыпта өткізілген ашық сәбақтар: "Отан -екінші үйім", "Көршімен
тату болайық", "Достық"тағы басқа семинар-кеңестер, өзге бақшалармен іс
тәжірибе алмасу, облыстық, қалалық байқауларына өнерпаз балғындарды үзбей
қатыстырып, олардың бойларынан ұшқын атқан титтей жақсылықты одан әрі
ұштап, қанатын қомдау бәрі-бәрі игі жақсылықтарға бастаған еңбектің
нәтижесі деп білеміз.
Жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол халықтың бірі - қазақ.
Бала тәрбиесіне деген немқұрайлық оның табиғатына мүлдем жат. Өйткені,
қазақтың ел алдындағы абырой-беделі, қадір-қасиеті тек жеке басының
жақсылығы немесе дәулетімен ғана емес, бауырынан өрген ұрпақтарының
салауаттылығы, жарақтылығымен де өлшенген.
Ата-бабаларымыздың сондай-ақ тектілік деген киелі ұғымды ежелден
қастерлеп, оны атадан балаға мирас қып қалдыруында да терең сыр жатқандай.
Туа бітгі тектілігін, табиғи қадір-қасиетін сақтап қалу үшін олар
мүмкіндігінше тәрбиелі отбасылармен құдалы-жекжат болуға ұмтылған. Тарих
қойнауына үңіліп, ұлттық тәрбие сырларына тоқталып отырғанымыз да тегін
емес. Өркениетті ел қатарына қосыламыз, келешекте көш бастайтындай көшелі
ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, ұлттық тәрбие сырларын, тағылымдарын еш
уақытша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтас педагогикалық процестегі оқушылардың процестегі ақыл-ой тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Ақыл-ой және танымдық ойындар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы жайлы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің әдістемесі
Ақыл-ой тәрбиесінің теориялық негіздері
Педагогиканың дәрістері
Пәндер