Қысқа мерзімді қарыздар және оны ұйымдастыру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

I-Бөлім. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЫЗДАР ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ4

1. 1. Қысқа мерзімді қарыздардың қажеттілігі мен мәні4

1. 2. Қысқа мерзімді қарыздардың ұғымы мен сатылары17

II-БӨЛІМ. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ҚАРЫЗДАР БОЙЫНША БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ26

2. 1. Клиенттің несиелік қабілетін анықтау әдістері26

2. 2 Қысқа мерзімді несиелеу бүгіні мен ертеңі30

ҚОРЫТЫНДЫ34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:36

КІРІСПЕ

Қысқа мерзімді қарыздар беру банк ашуға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі рұқсат берген және банк операцияларын жасауға лицензия алған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Банктер қысқамерзімді несиелендіру үрдісінде нарықтық қатынастардың жан-жақты қалыптасуына, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, егемен Қазақстан Республикасы мемлекетінің экономикасы мен қаржысын нығайтуға, жөн-жосықсыз дағдарыстың өсуін шектеуге, инфляциялық процестердің алдын алуға және ұлттық валюта теңгенің нығаюына ықпал жасап отыруы тиіс.

Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруға ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады. Сонымен қатар олар нарықтық құрылымның қалыптасуын, кәсіпкерлік жұмысты кеңейтуді, сату-сатып алу операцияларын ұлғайтуды қызу қолдай отырып және бұл мақсатқа қарыз бөлуді ұлғайта отырып, олардың басым көпшілігінің банк кассасына өткізілген қолма-қол ақша есебінен қайтарылуын қарастыруы керек.

Жоспарлауға байланысты барлық мәселелерді, қарыз беру және оны өтеуді, пайыздық мөлшерлемелерді азайтуды немесе көбейтуді қарыз алушылар несиелік шарттар негізінде жергілікті банк мекемелерінің өзінде шешеді, ол шарттар екі жаққа да өзара міндеттемелер мен экономикалық жауапкершіліктер жүктейді.

Банк мекемесі мен қарыз алушының арасындағы несиелік шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалады, егер қарыз алушы қарызды үнемі және қысқа мерзімге алатын болса, онда оған қарыз уақытша әйтпесе кейбір қарыздарын беруіне қажет болғаны. Ұзақ мерзімді несиелік шарт жасалғанда, мұндай шарт несиелік келісім жасаушы жақтармен жыл сайын анықталып отырады, екі жаққа да тиісті жекелеген келелі мәселелер талқыланады. Шарт жасау тәртібі әр қарыз алушыға жеке түрде жасалуы тиіс.

Қысқа мерзімді несиелендіру банктер арқылы коммерциялық негізде жасалып, олардың жедел, қайтарымды, төлемді, өтелімді болуы және қарыздың белгілі бір мақсатқа жұмсалуы көзделеді.

Банк мекемелері қысқа мерзімді несиелендіру қарыздарын өздерінде бар несиелік ресурстар шамасында береді.

Қысқа мерзімді несиелендіру үшін қажет қарыз және несие ресурстарын бөлуде, банк алдын ала жоспарланатын төртінші тоқсанда алдағы жылдың әр тоқсанында бөлінетін қажетті қарыздардың есебінің үлгісін қарыз алушылардан талап етеді, олардың айналымдағы қаржыларының пайда болу, жеке көздерінің және кредиторлық қарыздарының шамасын байқауы тиіс.

Есеп айырысудың негізіне өнеркәсіптің көлеміне, қарай алдағы жылдың жоспарланатын есеп көрсеткіштері, баға мен тарифтің өзгеруін ескере отырып, соңғы бірнеше жылдардағы жиналған қарыздары мен кредиторлық қарыздары жатқызылуы керек. Бұл есеп айырысулар жыл бойына банк пен қарыз алушының өзара келісулері бойынша анықталуы мүмкін. Мұндайда банктер заем алушылардың жеке өздерінің есімдерінің (айналымдағы қаржыларының, басы артық қорларының) шығу кездерін қадағалап, оның есу қарқынының бөлінген несиелік қаржыдан қалыспауын көздейді.

Курс жұмысының мақсаты:

қысқа мерзімді несиелендіру шартымен жан-жақты танысу;

өз көзқарасым тұрғысынан қысқа мерзімді несиенің бүгін мен ертеңін дәлелдеу;

жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау.

Жұмысты орындауда міндетім мынадай:

қысқа мерзімді несиелендіру бағыты мен маңыздылығын айтып көрсету;

қысқа мерзімді несиелендіру бойынша қарыз қабілеттілікті анықтаудың әр түрлі елдердегі жүйесін салыстыру;

Қазақстан экономикасындағы қысқа мерзімді несиені тұтынушы салаларға талдау жасау. Тақырып өткірлігі болып, қысқа мерзімді несиенің бүгіні мен еотені және оған деген тұтынушы болуы өзекті мәселенің даму сұрақтары табылады.

Әдістемелік негіз ретінде ҚР Президентінің "ҚР Ұлттық банк туралы", "ҚР банктер және банктік қызметтер туралы" заңдары мен ҚР Ұлттық банктің "Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелендіру" ережесі, және көптеген құқылы-нормативтік заң актілері мен ережелер, экономикалық әдебиеттер қолданылды.

Жұмыс кіріспе, 2 бөлім және қорытындыдан тұрады.

I-Бөлім. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ қарыздар ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ

1. 1. Қысқа мерзімді несиенің қажеттілігі мен мәні

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарды. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.

Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп, біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп, екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды. Бұл кейінірек өсімқорлық (растовщический) несие аталды.

Өсімқорлық несиеге тән белгілер: несие берушілер көпестер, саудагерлер, салық жинаушылар, шіркеу иелері мен үлкен діни ордалары, қарыздар ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар. Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса, ал билеуші топтар қанаушылық, жауыздық іс-әрекеттерге жұмсады. Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға мәжбүр етті. Мысалы, феодолизм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21 пайыздан 43 пайызға дейін көтеруге, ал кейбір жағдайларда 100-200%ке жеткізуге рұқсат етілді. Дегенмен, өсімқорлық несие капиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады, яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып, жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады. Сөйтіп несиенің нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып, капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғары сатысына жетті.

Ал капиталистік несие, капиталистік өндіріс әдісінен туындап, қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді. Сондыктан капиталистік несиенің өсімкорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:

Біріншіден, қарыздар бойынша. Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер, құл иеленушілер мен феодалдар, ал капиталистік несиені, негізінен, өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.

Екіншіден, қарызға берген ақшаны пайдалану әдіс бойынша. Өсімкорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсім ақы түсіреді, капиталистік несиені, керісінше, несие беруші де, қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.

Үшіншіден, экономикалық маңызы бойынша. Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе, капиталистік несие бір жағынан ендірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасады.

Төртіншіден, өсімақының шығу көзіне байланысты. Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны, өсімқорлық несие үшін есім ақының көзі құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндірушілердің қосымша еңбегі.

Бесіншіден, өсімақының деңгейі бойынша. Өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалды, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.

Сонымен, қарыз капиталы деген капиталист - меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал. Өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы - капиталистік өндірістік қатынастардын көрінісі. Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.

Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардын пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы.

Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі тауарлар қолдан-қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.

Өндірістегі капиталдың (қаражаттың) қайталама айналымы мен айналымы - несие қатынастарының туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негізі. Енді қарыз капиталының шығу көздерін талдап өтелік.

Кәсіпорындардағы еңбек құралдары мен еңбек заттарының құны өзінің қозғалысында бір уақыттың ішінде әрі ақша, әрі өндірістік, әрі тауар формасында әр түрлі қызмет атқаруы мүмкін. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.

Ақша қорының уакытша бөлініп шығуының себептері:

Біріншіден, негізгі капиталдың өндіріс процесінеде бірте-бірте тозуы. Еңбек құралдары өндірісте ұзақ жылдар бойы пайдаланылып, олардың құны дайын өнімге бірте-бірте ауысып отырады. Дайын өнімді сатқаннан кейін ол сома тозған негізгі қорларды күрделі жөндегенше, не жаңасын сатып алғанша кәсіпорынның банктегі шотында ақша түрінде жинақталып сақталады. Оны амортизациялық қор деп атайды. Мысалы, егер 10 мың доллар тұратын машина 10 жыл пайдаланылса, онда жылма-жыл амортизациялық қорға оның бір мың доллар сомасы түседі. Бұл уақытша бос ақша қоры несие ресурстарының бір көзі.

Екіншіден, дайын өнімдерді сату мен шикізаттар және қосалқы материалдарды сатып алу мерзімдерінің бірінебірі сай келмеуі. Сондыктан сатылған дайын өнімнен түскен ақша сомасының бір бөлігі қолданылған шикізаттар мен қосалқы материалдардың құнын көрсетеді. Ол сома да уақытша бос ақша қоры несие ресурстарының бір көзі.

Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу мерзімі мен дайын өнімді сату мерзімінің сай келмеуі. Себебі өнімді өндіруге еңбек күші күнде жұмсалғанмен оған енбекақы төлеу біраз кешігіп жүреді. Еңбекақы төлеуге арналған сома да уақытша бос ақша капиталы.

Төртіншіден, үдемелі ұдайы өндірістің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін пайданың бір бөлігін жинақтау. Кәсіпорынға жаңадан құрал-жабдықтар, машиналар және т. б. сатып алу үшін жылма-жыл пайданың бір бөлігін есеп шотта жинап қою да - уақытша бос ақша капиталы.

Сөйтіп, өндірістік капиталдың қайталама айналымы, сөзсіз, уақытқа бос ақша капиталының пайда болуына әкеп соқтырады. Статистика мәліметтері бойынша бүкіл ақша жинағының 20 пайызға жуығы кәсіпорындарда пайда болады екен.

Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша босақша қаражаты, яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры. Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең. Сондай-ақ ол жинақ мемлекеттің өндірістік, коммерциялық және қаржылық іс-әрекеттерінен түскен ақша; мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің активті сальдосы (қалдығы) ; сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және басқа да мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос қаражаты. Үнемі бюджет тапшылығы жағдайында мемлекеттің ақша жинағы ол бюджетке ақша түсу уақыты мен оны жұмсау уақыты сай келмеген кезде болатын, негізінде, қысқа мерзімді құбылыс. Айта кететін жәйт, мемлекеттік сақтандыру, зейнетақы және т. б. мемлекеттік қорларға түсетін ақша халықтың табысы, бірақ оларды халық атынан жинақтағандықтан, ол капиталды мемлекет жұмсайды. Жалпы капитал жинағындағы мемлекеттің үлесі 10 пайыз шамасында.

Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі халықтың жинағы. Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды, қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі. Бұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтылық), саудагерлік, коммерциялық себептер әсер етеді.

Ақша жинақтаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады. Мысалы, несие қаржы мекемелерін ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша пайыз төлеуден қалған сомасы. Бірақ бұл өзгермелі сома.

Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі, яғни жинағынан айырылып қалу қаупін төмендету мақсатымен капиталын арнаулы несие жүйесі арқылы беру. Сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың жинағы жарнадан түскен табыстан ұйым шығындарын өтеуден қалған айырма ретінде қаралады.

Қорыта айтқанда, қарыз капиталы (қоры) өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады. Ақша қоры үнемі айналыста болуы шарт ол уақыт үнемдеу заңының талабы. Бұл талапқа сай қызмет ететін құрал - несие. Себебі кәсіпорындардың біркелкі жұмыс істеуі үшін және оны дамыту үшін уақытша қосымша ақша қажеттігі туындайды. Бұндай қажеттілік маусымдық жұмыстарды аткару үшін де туындайды. Уақытша бос ақшаны жинақтап оны қажет уақытында, қажетті мөлшерде, қажетті жеріне жұмсап және белгіленген уақытта қайтарып алуға мүмкіндік беретін құрал - қысқа мерзімді несие. Басқаша айтқанда, экономикада уақытша бос ақшаны іске қосып және оны ұтымды пайдаланып, мезгілі келгенде оның қайтарылуын қамтамасыз ететін несие қатынастары.

Теориялық жағынан капитал жинақтаушы барлық субъектілердің мүмкіндіктерінің көптігіне күмән келтіруге болмайды, ал іс жүзінде оның тек біреуін боліп көрсетуге болмайды. Себебі ақша қаражатын несие жүйесі, бір жағынан, өзінде жоғарландырса, екінші жағынан ол сол субъектілерге несие береді. Нәтижесінде ақшаны жинау және несие беру процестері араласып, дәл сол уақытта бір сома әрі қарыз, әрі жинақ болуы мүмкін.

Соңғы жылдары қарыз капиталын жинақтау процесінде несие жүйесі мен бағалы қағаздар нарығына қаржы ұсынушы ретінде жеке сектордың ролі артуда. (Германияда ол көрсеткіш 70 пайыз шамасында) . Халықтың жинағының өсуі барлық елдерде байқалуда. Қазіргі кезде жинақтың ең жоғары үлесі - 20 пайызы Жапонияда сақталуда. Іс жүзінде барлық жинақтар қарыз капиталы ретінде халық шаруашылығына қолданылатындықтан, мемлекет қаржымен қамтамасыз етілген деп саналады.

Экономикадағы қарыз капиталын жинақтау негізінен үш формада жүреді: несие жүйесіне ақша салу бағалап қайталап сатып алу, компанияларына ақша салу. Жинақтаушы субъектілер жинақтаудың белгілі бір формасын таңдап алады. Мысалы, кәсіпкерлер өздерінің уақытша бос ақша қаражатын несие жүйесіне салып, бағалы қағаздар сатып алуға жұмсап, ия болмаса басқа фирмаларға несиеге береді. Салымдардың ішівде негізінен ағымдағы депозиттер, мерзімді депозиттер сияқты қысқа мерзімді салымдар көп орын алады. Қаржының көп бөлігі фирмалардың тікелей және портфельді инвестициясындағы бағалы қағаздарға салынады. Ал бірсыпыра бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалады.

Мемлекет ьюжет ақшажинақтауды үш формада: несие жүйесінде әр түрлі қаржы активтерін қалыптастыру, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен және резерв қорын құру түрінде жүргізеді. Мемлекеттің қордың активтеріне қарағанда оның екі ерекшелігін атап айту керек: соғыстан кейінгі кездерде барлық талаптар бойынша қаражаттың салыстырмалы түрде тұрақты бөлу және несие жүйесіндегі салымдарда қаражаттың көп шоғырлануы (мерзімді салымдар басымдау ол барлық салымдардың 90 пайызға жуығы), сонымен қатар экономиканың ішкі секторларының талаптарын қаржыландыру.

Халықтың уақытша бос қаражатын жинау формалары әр түрлі: ең көп тараған формасы несие мекемелеріндегі (банктердегі, жинақ кассаларындағы) шоттарға салған салымы; арнаулы несие мекемелеріне салған салымы; сақтандыру компанияларындағы салымы; тұрақты бағалы қағаздарға, әсіресе, облигацияларға салған салымы; акция сатып алуға жұмсаған ақшасы.

Қазіргі уақытта несие мекемелері халықтың ақша қаражатын тартудың жаңа формаларын іздестіруде, себебі ақша жинақтаудың бұрынғы әдістері қаржы ресурстарының қажетті мөлшерде қойылуын қамтамасыз ете алмауда. Мысалы, 90 жылдары АҚШ-та жүргізілген зерттеу бойынша жылдық табысы 10 мың долларға дейінгі халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 14%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 34%-нің жинақ шоттарында, 5%-нің әр түрлі НАУ-шоттарында салымдары болған. Сол уақытта жылдық табысы жылына 50 мың доллардан асатын халықтың сұраныс жүргізілген топтарының 59%-нің ақша нарығындағы депозиттерде, 68%-нің жинақ шоттарында, 45%-нің несие мекемелерінің НАУ-шоттарында салымдары болған.

Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға, әсіресе, экономиканың дамуына, ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жетімділігіне байланысты өзгеріп тұрады. Өзгерістерде мынадай бағыт байқалуда: экономика қалыпты дамыса жинақ қоры кемиді, себебі халықтың табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп, ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнбе-күнгі қажетіне жұмсауына әсер етеді. Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жұмсалады. Тауарларды артық өндіру кезінде ақша айналыстан шығып, жинаққа айналады. Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.

Жинақталған ақша ел экономикасын инвестицияландырып капиталға айналады. Ақшаның капиталға айналуын қамтамасыз ететін құрал - несие, болып табылады.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

Коммерциялың несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист өндіруші нарыққа тауарын тұтынғандарға, екінші өндіруші сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді. Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:

бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі;

бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;

бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.

Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.

Банктік несие ол банкте шоғырланған қаражат қорының клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.

Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің жүргізудің негізгі принциптері
Кәсіпорынның жөнелтілген тауар
ДЕБИТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗДАР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
«Шымкен құс» ЖШС дебиторлық және кредиторлық қарыздар қозғалысын талдау және жетілдіру жолдарын ұсыну
Дебиторлық және кредиторлық берешек
Кредиторлық берешек аудитінің есебі
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Кредиторлық берешек есебін зерттеп және олардың есебінің жолдарын қарастыру
Қызметкерлердің дебиторлық берешегін және өзге де қысқа мерзімді активтердің есебін қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz