Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар


Кәсіптік мамандарын даярлаудағы педагогикалық технологиялар.
Жоспар
Кіріспе
I Педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың теориялық негіздері.
1. 1. Педагогикалық технологиялар мен анықтамалары ғылыми-философиялық негізі, қағидалары, міндеттері, белгілерідасиеттері және әдіснамалық негіздері.
- Педагогикалық технологиялардың топталуы (жіктелуі)
- Дәстүрлі оқытудың және инновациялық технологияларының ерекшіліктері.
1. 4 Ақпараттық (информацияльщ) және коммунактивтік дидактикалық
технологиялардың мумкіндіктері.
II. Жаңа педагогикалық технологияның түрлері.
2. 1. Педагогикалық технологияларды оқу үрдісінде қолдану.
2. 2. Саралап және дамыта оқыту.
2. 3Деңгейлер және модульдік оқыту технологиясы.
2. 4. Шоғырландырып қарқынды оқыту технологиясы.
2. 5. Блок-модульдік және жобалап оқыту технологиясы
2. 6. Конструктивтік бөлім.
ІІІ. Экономикалық бөлім.
IV. Еңбек қауіпсіздігі.
V. Қорытынды.
ІV. Әдебиеттер тізімі.
VII. Қосымша
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттык және жалпы адамзаттык құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді акпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, әрбір білім беру мекемедегі ұжымының, әрбір мұғалімнін күнделікті ізденісі арқылы, барлык жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлык жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Қазіргі кездегі жоғары білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оку-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім беруді ізгілендіру; окытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап кою, жоғары оку орнында болашақ мұғалімдерді даярлау мен олардың кәсіби деңгейін көтеруде педагогикалык мұғалімдерді жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай үдеріс әлемнің түрлі елдерде өздерінің ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне карай әртүрлі деңгейде көрініс тапкан.
Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мек мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы» деп алатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл үғымның мәнін білім беру үдерісін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметі жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім. алушының субьектаралық өзара әрекетін карастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететің рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.
ЖОО-да білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігі болашақ
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра алуымен байланысты.
Педагогикалык іс-әрекеттің қыр-сырын әртүрлі салада қарастырған ауқымды
зерттеу еңбектері баршылық. Мәселен, болашақ мұғалімнің кәсіби мәнді сапаларын қалыптастыру және тұлғасын дамыту, педагогикалык іс-әрекеттің
дидактикалық негіздерін айкындау, ЖОО-да оқу үдерісінін тиімділігін- арттыру мәселелері қазакстандык ғалымдар - А. П. Сейтешов, Н. Д. Хмель,
С. А. Ұзақбаева, Л. К. Керимов, Б. Р. Айтмамбетова, Б. Әдікәрімұлы,
М. А. Құдайқұлов, А. Е. Әбілқасымова, Р. К. Ділімбетова, В. В. Егоров, М. Ж. Жадрина, А. А. Калюжный, М. С. Молдабекова, З. А. Исаева, Б. К. Момынбаев, Г. Ж. Меңлібекова, Г. К. Нұрғалиева, С. А. Жолдасбекова, М. Н. Сарыбеков, Қ. Сарбасова, Ә. Абуов, Б. С. Имандосова және т. б. еңбектерінде карастырған.
Болашақ түрлі сала мамандарының кәсіби бағыттағы даярлығын екі қырынан калыптастыру бойынша ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Олар: С. Ж. Пірәлиев, Л. А. Шкутина, С. Ә. Әбдіманапов, К. М. Беркімбаев, Х. С. Оңалбек т. б. болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау; Б. Кенжебеков, Б. А. Оспанова, болашақ мүғалімдердің кәсіби қүзіреттілігі мен креативтілігі туралы еңбектері бар.
Оку-тәрбие үдерісін жетілдіру мақсатында педагогикалық технология-ларды ұсынған Н. П. Гузиктің, В. М. Монаховтың, В. Ф. Шаталовтың, Т. Галиевтың, Л. Бектұрғановалардың еңбектері және т. б. ғылыми тұрғыдан практикалық мәні зор еңбектері біздің зерттеу жұмысымызда басшылыққа алынды.
Педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың әдіс-тәсілдері, шарттары, дидактикалық-әдістемелік негіздері В. П. Беспалько, Ж. А. Қараев, Ш. Т. Таубаева, Б. Т. Барсай, Д. М. Жүсібалиева, М. В. Кларин, Қ. Ө. Қариева, С. А. Көшімбетова, Қ. Қабдықайырұлы, А. А. Саипов, Г. К. Селевко, Б. К. Төлбасова, Л. А. Шкутина және т. б. ғалымдардың зерттеу еңбектерінің арқауы болды.
Біз жоғарыда аталған еңбектерге талдау жасай отырып бүгінгі таңда жаңа педагогикалық технологияларды оқу - тәрбие үдерісінде пайдалану мәселесінің ғылыми - теориялык тұрғыда әлі де болса шешімін таппай отырғандығын анықтадық.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығына бүгінгі өркениетті қоғамының сұранысы мен оларды жоғары оку орындарында даярлауда жаңа технологияларды пайдаланып теориялық және практикалык білім беруді жетілдіруде әдістемелік нүсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылыктар бар екені анық байқалады. Осы кайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты «Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
- жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану аркылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру жүйесін құру.
- ұсынылған әдістемелік жүйенің нәтижесін тәжірибелік-экспериментте тексеру және тәжірибеге ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыт-тылығын қалыптастыруда жаңа технологияларды пайдалану қазіргі заман талабына сай білікті мамандардың даярлығын жетілдіре түседі.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Тұтас педагогикалык үрдісінде технологиялар бойынша тұжырымдар, жеке тұлғаның әлеуметтік мәні туралы философиялык, психологиялык қағидалар, жеке тұлғалык -бағдарлы білім беру теориясы, ғылым мен практиканы кіріктіру теориясын құрайды.
Зерттеудің көздері. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы (1999), «Қазақстанның-2030» даму стратегиялық бағдарламасы; «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді. дамытудың тұжырымдамасы» (2004) ; Отандық және алыс-жақын шетелдік педагог ғалымдардың зерттеліп отырған мәселе бағытындағы еңбектері; Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары, заңдары, қаулы-қарарлары, оқу-әдістемелік құралдар, бағдарламалар, автордың өзінің жеке басына тән" іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалык ғылыми әдебиеттерге, жоғары және арнайы оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісінің құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озык тәжірибелерді зерделеу, эксперимент жүргізу, алынған нәтижелерді математикалық тұрғыдан өңдеу.
Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, мектептегі білім беру мазмұнын және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта құрылуының бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалык бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда кез-келген оку орындарында оқу үдерісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеп отыр. Мұның өзі аталған мәселенің теориялық негіздемесін жасау қажеттілігін туындатады.
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымынын. дидактикалык ұғымдармен байланысы сан алуан: оқытудың технологиясы, педагогикалык технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтык оқыту технологиясы және т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан үдерістердің технологиясына түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.
Білім беру жүйесі - басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі кұрылым болып табылады. Технологиялык тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг және т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бүл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана окытушы мен білім алушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үдерістерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл үрдісті оқыту үдерісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдерінің даярлығын жоғары оқу орнының қабырғасында жетілдіру оку үдерісін жобалау аркылы іске асырылады. Болашақ мұғалімдердің кәсіби-педагогикалык даярлығын қамтамасыз ететін барлық оқу пәндері үшін оқу үдерісін жобалаудың бірегей алгоритмі жаңа оқу мақсатын құрып, соған сәйкес оқу пәндерінің жаңа мазмұнын, окытудың жаңа технологияларын жасауды көздейді (Кесте 1) .
Кесте 1. Жаңа педагогикалық технологиялардың мақсаты және мазмұндық нобайы.
Білім беру жүйесіндегі реформалар мен қазіргі мектептің тұлғалық-бағдарлы оқытуға бет бұруы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығының даярлығына жаңа талаптар қояды. Білім беру жүйесі дамуының қазіргі кезеңі аңа парадигмаға өтудін жолдарын іздестірумен, яғни білім берудің жаңа мақсатының жетістіктерімен байланысты.
Жаңа парадигманың маңызды компоненті - тұлғаның өзіндік даму жырымдамасы болып табылады. Өзіндік даму - бұл ішкі және сыртқы әлеммен байланысу қабілетін қалпына келтіру. Тұлғаның әртүрлі саладағы семділіктері мен қабілеттерін дамыту оның дербес ерекшеліктеріне, өзіндік талдау, өзіндік баға беру қабілеттеріне байланысты, мұның өзі әрбір студентке ерекше қатынас керек екендігін, оларға өзін көрсетуге, дамытуға мүмкіндік асау қажеттігін дәлелдейді. Сондықтан біздің зерттеуіміз болашақ амандарды дәстүрлі формада даярлаумен қатар жаңа педагогикалык технологиялар негізінде жетілдіруді көздейді.
Әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда, студенттерді тұлғалы-бағдарлы оқытуды модельдеу білім беру жүйесінің үш функциясын көрсетеді:
- орнын толтыру, яғни түлғаның базалық біліміндегі ақтаңдактарды жою;
- бейімдеу, яғни пәндік және функциональдык жағынан неғұрлым жаңа білім, талаптар ұсыну;
- дамыту, яғни түлғаның шығармашылық түғыдан өсуіне ыкпал ету және оның әр түрлі рухани қажеттіліктерін канағаттандыру.
Кәсіби тұлғаны дайындау үшін нағыз педагогикалык, білімді-педагогикалык бір бүтін болу керек және педагогикалық квадраттың барлық мазмұнына ие болу кажет. Яғни, білім беру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту болып саналады. Бұл тек қана білім беру мекемесінің талабына тиісті емес, сонымен қатар әрбір оқу тобының, циклының, факультеттің, кафедраның, оқытушыны, гуденттің, тыңдаушының іс-әрекетіне катысты.
Жоғары оқу орнындағы білім беру жүйесі психологиялық-педагогикалық талаптарды үстанған жағдайда болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығы алапқа сай қалыптасады. Оларға:
- Білім беру мекемесінің іс-әрекеті толығымен оның басты мақсатына жетуге тәуелді. Ал басты мақсат кәсіби тұлға дайындау, олардың өздерін өмірде қалыптастыра алу қабілетін мәдениетті, демократиялык, гуманды, құқықтық және қарқынды дамушы азаматтық қоғамның құрылу қажеттігіне сәйкес ұйымдастыру. Білім беру мекемесін басқару егер бірбүтін жұмыска және оның нәтижесіне, нәтижеге жету кепілділігі қамтамасыз етілген болса, ол эффективті болмақ. Керек бағытта жұмыс жасап, студенттерді «керек болады» деген принциппен оқыту маңызды емес, әрбір түлектің барлык педагогикалық және психологиялык құрамдар негізінде қажетті білімділікке кол жеткізу маңызды. Бұл нәрсе бар болғанымен. жалпы практикада кажетті нақтылық сәне қатаң тәртіппен аз жағдайда жасалады.
- Білім беру үдерісінің студенттерге тұлға және болашақ маман ретінде бағытталуы. Барлык білім беру мекемесі онда окитындар үшін болады. Білім беру мекемесінің басты мақсаты- жоғары білімді тұлға мамандарды дайындау. басты оптималды нәтиже- жоғары білімді тұлға маман. Әрбір педагогикалық жүйе элементінің басшылықтың, оқытушының, студенттің, білім берудегі жаңашыл тәсілдер студенттерді өз ісінің маманы етіп дайындаудағы беретін білімдеріне байланысты болып келеді. Осыған жұмыс істемейтіндердің барлығы аяусыз және жылдам шешіммен шектелуі қажет.
Бұлардың барлығы білім берудің модернизациясында, білім беруде, оқытуды, педагогикалық ықпалдастықта, ортада жүзеге асуы қажет.
3. Кәсіби білімдендіру үдерісінде кәсіби тұлғаны даярлау мақсат қана емес, сонымен бірге процестің тиімділігінің міндетті жағдайы. Білім бағдарламасын меңгеру студенттің тұлға ретінде қандай екендігіне байланысты. Егер адам пассивті, өздігінен оқымайтын болса оны бір нәрсеге
үйрету қиын. Жоғары оқу орнының бағдарламасын тек қан егер студент өзін
қызығушылығы бар, мәдениетті тұлға және нағыз маман, жауапкершілігі мол,
ерікті, талапты тұлға ретінде көрсетсе ғана сәтті меңгеруге болады.
Түсінуге және меңгеруге ұмтылмайтын адамнан артық соқыр және керең болмайды. Егер мұғалім студенттердің тұлғасын қалыптастыруға мән бермесе, онда мұғалімнің әрбір педагогикалық іс-әрекеті нәтижесіз болмақ. Мұның тек қана максат емес, сонымен бірге олардың жеке кәсіби педагогикалық сәттілігінің кепілі екенін түсінбесе ол тіпті өзінің оқу ережесін меңгерте алмайды. Ол қаншалықты ғылыми және мамандық біліктілікке не болмаса тұлғаны қалыптастыруға дайын болмаса, студенттерді көп нәрсеге үйрете алмайды. Бұл тұрғыда ол өзінің орнында емес екендігінің белгісі, ал оны калап, бірақ жасай алмаса - бұл кәсібисіздік, студенттермен 5 жыл бойы әр күні 6-8 сағатта жұмыс жасайтын педагогикалық ұжымның мүмкіндіктері, тұлға маман қалыптастыру мақсатына жетуде жоғары потенциалды камтиды және ол бүтіндей ұйымдастырылуы тиіс.
4. Студенттердің оқуының максималды интенсификациясы. Ешнәрсе адамның ақылының және қасиетінің қазынасы бола алмайды, егер оның іс-әрекеті белсенді болмаса. Профессионализмнің барлық компоненттері әр уақыттада оқытушы және студенттің үзақ және тер төгіп атқарған еңбегінің
жемісі. Оку тек қана студент тұлғасының педагогикалық және психологиялық толы іс-әрекетінде активтілік танытқан жағдайда нәтижелі болмақ. Білім алушының оқып үйренудегі сәттілігі оның мотив қажеттілігінің (жеке максат, жоспарлар, мамандықты таңдау мотиві, оқуға катынасының мотиві және т. с. с. ) моральді қарым-қатынасының (міндетті болу, жауапкершілік, акылдылық, шыншылдық, еңбексүйгіштік, өзіне сын көзбен қарау және т. с. с), еркі (мақсатқа бағыттылығы, белсенділігі, ұйымдастырушылығы, қабілеті) мен пропорционал болып келеді.
Студентті оқытудағы максимальді интенсификация - оларды білім беру мекемесіндегі жұмыстың әдістеріне оқытуды, олардың жеке өз бетінше жұмыс жасауына жағдайды қалыптастыруды, осыған көбірек уақыт бөлуді талап етеді. Оқумен қызықтыру, өзін болашақ маман және тұлға етіп калыптастыруға түрткі жүйесін құру кажет. Білім беру мекемесінде білім алушыларды оқуға зорлап емес, олардың өздігінше оқығысы келетіндей етіп жағдай жасау маңызды. Қалаусыз оқу білім алушы үшін оған жүктелген, жұмысына жат бұл жауыздықтан құтылу үшін әртүрлі әрекетгер жасап, бірақ диплом алу үшін уақытша шыдау керек деген психологиялық сенімді қалыптастырған.
- Білім беру үдерісін тиімді психологиялық-педагогикалық технология негізінде құру. Соңғы жылдарда білім беруді ұйымдастыруда көп нәрсе өзгергенімен, педагогикалық технологияларды айтарлықтай өзгерістер жоқ. Яғни, білім беру және оқыту формалары, әдістері, сонымен қатар мемлекетімізде және дүниеде жаратылған жаңалықтармен толықтыруды, оларды бүтіндей пайдаланудағы өзгерістер көп емес. Әрбір мұғалімнен дәстүрлі педагогиканы меңгеруді талап етеді. Мұны бағаламау және ескіріп калған деп санау дұрыс емес. Бірақ біздегі және шет елдегі оқытушы- шешендердің тәжірбиесі жоғары оку орнының және мұғалімдерінің әдіснамалық ниетанымын толықтыратын көптеген педагогикалык технологиялар болғанымен дұрыс қолданылмай жатыр.
- Білім беру үдерісін басқаруды оқытушы-мамандардың жоғары адами және педагогикалық мәдениеттілікпен жүзеге асыруы. Олар арнайы педагогикалық, материалды емес, рухани, жоғары гуманды, құнды мақсатқа ие болуы қажет етеді. Педагогикалык ұжымның әрбір мүшесі білім беру процесінің белгілі аймағында арнайы ұйымастырушы және қарапайым жұмысшы болып табылады. Білім беру процесінің басты әрекет етуші фигурасы, яғни мұғалім, қажеттіліктерді жүзеге асырмаса, өзінің тәжірибесі, білімі, кабілеттіліктерін көрсетпесе, өзінің жүрегінің бөлшегін бермесе, бақтардың құрғак түрін инттелектісі және кәсіби әрекеттерімен жандандырмаса барлығы қағазға жазылған жақсы тілек болып қалмақ.
Студенттердің кәсіби тұлғасының қалыптасуы психология және педагогиканың практикада өткізілуіне, теориялық жағдайларына сүйенбейтін болса және жоғары оку орнының білім беру жүйесінің ұйымдастырылуы бойынша негізгі құжаттарға айналмаса сол күйінде калып коюуы мүмкін.
Жаңа педагогикалық технологиялар негізінде болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру оқытушылардан да, студенттерден де осы іс-әрекеттің түпкі мақсатын саналы түрде ұғынуды талап етеді. Мұның өзі осы реттеу аумағы бойынша нақтылы бағыт болуын айғактайды. Біз осынын барлығын және модель құрудын ерекшеліктерін ескере отырып, зерттеу барысында жалпы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес жаңа педагогикалық технологиялар болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын шыптастыру моделін жасадық. Модельдің аясында компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштері, деңгейлер қарастырылады (Сурет 1) . Модельді жасауда алдын-ала сараланған әдістер пайдаланылып психологиялык-педагогикалық, әдістемелік-тәжірибелік зерттеулерге теориялык талдау; педагогикалық оку орындарындағы оку-тәрбие үдерісінің барысын бакылау; мұғалімдер мен студенттер арасында сауалнамалар жүргізу; болашақ мұғалімдер қызметінің нәтижелілігін талдау; мұғалімдер мен студенттердің өзін-өзі бағалауы, сұрақ-жауап), сандык және сапалық жағынан талдаудан өткен материалдар басшылыққа алынды. Бұл моделдің кұрамын анықтауды, біз болашак мұғалімдердің кәсіби даярлық деңгейлерін бағалап,
Сурет 1 Жаңа педагогикалык технологиялар-болашак мүғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделі сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент «үйесін жасаудың маңызды алғышарты ретінде қарастырдық.
Жаңа педагогикалцк, технологиялар - болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру моделін педагог біліктілігі берілген маман сипаттамасының құрамдас бөлігі ретінде қарастырған жөн.
Модель (Model, simulator) - ұғымы, біріншіден қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; екіншіден, сериялы бұйымдарды жаппай ендіруге арналған үлгі, эталон; кез-келген бір объекті жұмысы. Модельге қойылатын негізгі талап - оның қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни барабарлығы.
Жоғарыда біз ұсынған модельдің үш құрамдас бөлігі бір-біріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі толықтырып, дамыта түседі.
Осы модельдің өлшемдері мен көрсеткіштерінің аркатынасының әр түрлі дәрежеде көрініс беруіне байланысты, жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің педагогика пәндерінің материалдарын меңгерудегі білім мен практикалық біліктері және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесінің қалыптасуының мүмкін болатын төрт шартты деңгейі анықталды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz