Жоңышқаның құнды белгілері мен қасиеттері және селекция әдістері мен нәтижелері


МАЗМҰНЫ
2. 2
2, 3
Коллекциялық питомник.
2. 3. Тәжірибе аймағының топырақ-климат ерекшеліктері және зерттеулік егіс технологиясы. . . . .
2. 4. Жер бедері, табиғи өсімдік құрамы.
2. 5. Тәжірибе агротехникасы
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында және бұған iргелес суармалы егіс аймақтарында соңғы жылдары тәлімі жер көлемінің кеңеюі осыған лайықты жоңышқа сорттарына сұранысты арттыра түсуде. Өкінішке қарай, Семиреченская местнаядан басқа оған ұсынатын сорт жоқ, өйткені осы өңір үшін шығарылған сорттардың барлығы суармалы егіске арналған. Жоңышқаның жаңа тәлімі сортына көптеген шаруашылық мұқтаж болып отыр. Осындай өндіріс қажеттігі тұрғысынан тәлімі жоңышқа селекциясының маңызы айтарлықтай жоғарылауына байланысты белгіленген жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.
Бүгінгі таңда нарыққа негізделген экономика үрдісі егіс дақылдарының бір сортында шаруашылық үшін құнды белгілер мен қасиеттердің кешенді қамтылуын талап етеді. Сол себепті тәлімі жоңышқа селекциясының өзіне тән міндеттері, ерекшеліктері және қиындықтары көптеп саналады. Оның үстіне осы бағытта зерттеу жүргізудің генетикалық және селекциялық негіздерін қалыптастыруда, атап айтқанда, комбинативтік қабілетін анықтау әдістерін жетілдіруде ақтаңдақтар бар. Әсіресе, осындай жұмыс жүргізу үшін арнайы жасалған әдістемелердің жетіспеуінен шөлді дала аймағындағы қолайсыз жағдайларда будандар егілген жылы-ақ сиреп кетіп, зерттеулер доғарыла берген. Сондықтан аталып отырған өзекті ғылыми мәселемен айналысу бірнеше дүркін басталса да, нәтижесіз болып, әзір Алматы облысының тәлімі егістеріне арналған селекциялық сорт әлі шығарылған жоқ.
Жоңышқаның тәлімі сорты популяциялық гетерозисті өнімділігімен қатар аурулар мен зиянкестерге, бозқырауға төзімді, қорытылатын протеин шығымы жоғары, ауа райының суықтығына, құрғақшылығына және ыстығына, сондай-ақ нақты топырақ-климат жағдайларының басқа да қолайсыздықтарына бейімделген болуы тиіс. Тақырып бойынша жұмыс аталған мәселелермен қоса, селекциялық материалдың құрғақшылыққа төзімділігін зерттеудің және жекелеп сұрыптаудың аса қажетті зертханалық әдістемесін жасауға арналуы оның ғылыми міндеттерге де сәйкес көкейкестілігін көрсетеді.
Зерттеулердің мақсаты. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты селекцияда пайдалану үшін жоңышқаның ген қоры үлгілерін және будандарын бағалау.
Зерттеулердің міндеттері. Осы мақсатқа сәйкес зерттеулердің міндеттері мынадай:
- жоңышқа сорттары үлгілерін өнімділігі, өсіп-даму ерекшеліктері және басқа белгілері бойынша зерттеу, белгілер мен қасиеттердің өзгермелілігін және корреляциясын анықтау;
- сорттардың құрамынан пішен өнімділігі және сапасы жоғары, ауруларға төзімді, қоршаған орта жағдайларына бейімделген өсімдіктерді, сондай-ақ шаруашылықта құнды белгілер мен қасиеттердің селекция үшін қажетті көздерін сұрыптау;
- жоңышқаның құрғақшылыққа төзімділігін бағалаудың зертханалық әдістемесін жасау және оны сұрыптау жұмысында қолдану;
- құнды белгілер мен қасиеттер бойынша сұрыпталған көздердің пішен өнімділігіндегі гетерозис әсері бойынша жалпы қабілетін бағалау;
- будандарды иммунитет, биотикалық және абиотикалық қолайсыз жағдайларға төзімділік, өнім сапасы, биохимиялық құрам және басқа белгілер мен ерекшеліктер бойынша сұрыптап алу және ген қорына өткізу.
Жұмыстың іс-тәжірибелік құндылығы. Жоңышқаның сорт үлгілерін, жекелеген белгілерінің және қасиеттерінің көздерін селекциялық бағалау арқылы сұрыптаудың тиімділігі көрсетілді.
Селекциялық жұмыста пайдалану үшін Фландрия, Дерби (Франция), Овари Ризо (Венгрия), Луна (ГФР), Тибет, Авангард, Ладак 65(АҚШ), Ризома (Канада), Дархан 90, Жайнақ 96, Д-285 (Қазақстан) және басқа сорттар анықталды. Өнімділік, сапа, ауруларға төзімділік, қоршаған орта жағдайларына бейімділік белгілерінің көздері, сондай-ақ ЖКҚ деңгейі жоғары генотиптер мен гетерозисті будандар ұсынылды.
Бағытталған поликросс арқылы жергілікті сорт-тестермен қанықтыра будандастыру нәтижесінде алдыңғы жүргізілген селекциялық бағдарламалардан ауысқан күрделі будан популяциялардың пішен өнімділігі және басқа құнды белгілері анықталды.
Барлық сұрыпталған материал туралы деректер базасы және ЖКҚ деңгейі жоғары генотиптер мен гетерозисті будандардың тұқым үлгілері Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығының өсімдік ген қорына енгізу үшін өткізілді.
Жұмыстың өзектілігі. Жүргізілген зерттеулердің ғылыми жаңалығы жоңышқаның әлемдік ген қорынан алынған бірнеше үлгіден алғаш рет Алматы облысының тау бөктерлік шөлді дала аймағының тәлімі жағдайында шаруашылықта құнды белгілері бойынша бағалануы.
Жоңышқа үлгілерінің құрғақшылыққа төзімділігін қысқа мерзім ішінде анықтаудың зертханалық әдістемесінің жасалуы осы жұмыстың маңызды жаңалықтарының бірі болып табылады.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Жоңышқаның шаруашылық үшін құнды белгілері мен қасиеттері жӘне селекция НӘтИЖеЛЕрі
1. 1. 1 Жоңышқаның түрлері, биоморфологиялық ерекшеліктері және оларды селекцияда пайдалану жолдары
Жер жүзінің өркениетті елдерінде мал азығы қорын нығайтудың басты шарттарының бірі жемшөп дақылдарының өнімділігі жоғары сорттарын жеделдетіп сұрыптап шығарып, өндіріске кеңінен енгізуге бағытталған кешенді іс-шаралардың жүзеге асырылуын жүйелі жолға қою болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде селекциялық зерттеулер алдыңғы қатардағы ғылыми теориялар негізінде жүргізіліп отырған жоңышқа дақылының маңызы зор.
Өнімді және белокты ежелгі дақылдардың бірі болып есептелетін жоңышқа (Medicago L. ) ботаникалық жүйелеу ғылымында жүргізілген А. И. Ивановтың соңғы жүйелік анықтамасы бойынша бұршақ тұқымдастарға (Leguminosae Juss., Fabaceae) жатады және 50-ден астам түрге бөлінеді. Оның өндірісте пайдалануға болатын 21 түрі көпжылдық жоңышқа (M. Falcago (Reichb. ) Grossh. ) тобын құрайды. Алайда дақыл ретінде оның 4 түрі ғана дүние жүзінде таралған: егістік немесе көк (М. sativa L. ), сары немесе орақ тәріздес (M. falcata L. ), көгілдір (M. coerulea Less. ) және өзгермелі (М. varia Mart. ) немесе ортаңғы (M. media Pers. ) . Соңғысы көкбудан, сарыбудан және алабудан топтарына бөлінген .
Көпжылдық жоңышқаны жіктеу ісіне А. А. Гроссгейм, А. И. Белов, Л. П. Бордаков, И. Т. Васильченко, Е. Н. Синская, П. А. Лубенец және басқа ғалымдар зор үлес қосып, бүгінгі күні табиғатта сақталып қалған түрлерін, экоүлгілерін және жаңадан шығарылған сорттарын, олардың шыққан тегі мен табиғи географиялық орталықтарын және биологиялық ерекшеліктері мен пайдалы қасиеттерін атап айтып, өте құнды зерттеулерінің нәтижелерін жариялаған (цитат 54-бет бойынша берілді) .
Селекция мақсаттары үшін көгілдір (M. coerulea Less. ), солтүстік жоңышқасы (M. borealis Grossh. ), жартыайшық (M. hemicycla Grossh. ), желімделгіш (M. glutinosa М. Вh. ), тяньшаньдық (M. tianshanica Vass. ), орақ пішінді (М. qvasifalcata Sinsk. ), түрлі түсті (M. polychroa Grossh. ), безді (М. glandulosa David. ), Траутфеттер жоңышқасы (M. Trautvetteri Sumn. ) және басқа бірнеше түрі пайдаланылуы мүмкін [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8] .
Жоңышқа диқаншылық дақыл ретінде ертедегі дәуірлерден бастап кеңінен пайдаланылып келе жатқан аса құнды өсімдіктердің бірі. Біздің заманымыздан бес мың жылдай бұрын Түркістан, Жетісу және басқа Орта Азия аймақтарын мекендеген халық жоңышқа өсірумен дүние жүзінде ең алғаш айналыса бастаған. Оның егістікке бейімделген түрлері, экотиптері және популяциялары Түркістан мен Жетісу өңірінде мәдени дақыл болып қалыптасқан. Осындай негіздемелерге байланысты бұл аймақтар ғылымда жоңышқаның “егістік” немесе “көк” деп аталған түрінің пайда болған ең негізгі орталығы болып танылды. Осы жерден бастау алған егістік жоңышқа Орталық Азия, Қытай, Үндістан, Иран және Кавказ елдері арқылы бұдан 2-2, 5 мың жыл бұрын ежелгі Арабия мен Грецияға жеткен. Содан соң біртіндеп Африка және Еуропа елдеріне тарап, Америка құрлығы егістігіне ене бастаған. Кейін Австралияға, Жапон, Океания және басқа аралдарға таралып, бүгінгі күні бүкіл әлем диханшылары айналысатын дақылдардың бірі болып отыр.
Жоңышқа бүгінгі күні бүкіл әлем елдерінде алдыңғы қатарлы дақылдардың біріне айналды. Оның ағылшын тіліндегі “алфалфа” атауында араб сөздерінің бастамасы “аль” немесе бірінші әрпі “әліп” грек алфавитінің бастапқы “альфа” әрпіне айналып екі рет қайталануы терминнің төркіні араб тілі екенін, бірақ кейін гректер өз тіліне бұрып алуы мүмкін деген жорамал бар. Қалай болғанда да жоңышқа осы атпен батыс егіншілігі мен өркениетіне түбегейлі енуі күмән туғызбайды [9] .
Егістік жоңышқа − көпжылдық өсімдік. Оның жер бетіндегі барлық органдары жыл сайын күзде қурап, тек топырақтағы тамыр жүйесі ғана тірі қалады. Кіндік тамырдың ең жоғарғы ұшындағы бұталану гетерогендік органындағы (тамыр мойыншасы немесе тамыр тәжі) сабақтық бүршіктерден көктемде және орған сайын өсімдіктің қайта көктеуі басталады [ 10, 11, 12] .
Жоңышқаның кіндік немесе өзектік тамыры П. А. Лубенецтің және И. О. Байтулиннің зерттеулері бойынша топыраққа 3-21 м тереңдікке енеді, ал тұтас тамыр жүйесі жан-жаққа 1-2 м жайылады. Кіндік тамырдан бүйірлік тамырлар тарайды. Ең ұсақ тамырлар 4-6-шы реттік болып есептеледі. Тамыр жүйесінің өн бойында ауа азотын сіңіре алатын бактериялардан тұратын түйнектер дамиды.
Көк, көкбудан және алабудан жоңышқа сорттарының өсімдіктері көп өркенді және мол жапырақты. Сабақтарының іші қуыс, өркендеуі жиі, көлденең кесіндісі дөңгелек немесе төрт бұрышты, биіктігі 160 см дейін жетеді, кей жерде одан да биік өседі. Жапырағы үш тармақ және сабақтың өн бойына кезектесіп орналасады. Негізгі сабақ пен бұтақша ұшындағы жапырақтар ара тісті болса, орта тұсындағылардың жиектері тегіс. Жапырақтың үстіңгі жағы түкті де, астыңғы жағы тықыр, түсі ашық жасылдан қошқыл жасылға дейін өзгереді. Егістік немесе көк жоңышқа жапырақтарының аумағы үлкендеу, пішіні дөңгелек, теріс қойылған жұмыртқа, сопақша немесе эллипс, ал орақ пішінді немесе сары түрінікі кішілеу, эллипс, ланцет немесе сызықша сияқты болады [13, 14] .
Жоңышқаның гүл шоғыры - шоқша іспетті. Онда шамамен 15-30 гүл болады. Гүлінің түсі оның ең негізгі жүйелеу және жіктеу белгісі. Гүлінің түсіне қарай жоңышқаның көк, сары, көгілдір және басқа түрлерге, сондай-ақ көкбудан, сарыбудан және алабудан деп аталатын сортотиптерге бөлінуі сондықтан [15, 16] .
Жоңышқа энтомофильдік айқас тозаңданатын өсімдіктер тобына жатады. Оның ұрығы - көп тұқымды бұршақбас. Гүл түсіне қарай жүйелегеннен кейін жоңышқаны одан ары қарай жіктейтін белгі ұрығының пішіні болып саналады. Көк жоңышқаның бұршақбасы 3-5 айналымға дейін ширатылады. Сары гүлді түрлері ұрығының ширатылуы бір айналымға толмай, орақ пішіндес болып келеді. Бір бұршақбаста 14-ке дейін тұқым байланады. Тұқымы ұсақ, ұзындығы 1, 5-1, 8 мм, көлденеңі 0, 4-0, 6 мм, жалпақтығы 0, 5-0, 8 мм, пішіні бүйрек немесе үрме бұршақ сияқты, түсі жасыл немесе қошқыл тартқан сары болады. 1000 тұқымының салмағы 1, 3-2, 7 г аралығында ауытқиды [17, 18] .
Өскін тұқым себілгеннен кейін 5-7 күнде пайда болады. Екінші және одан келесі жылдары көктемде және орған сайын тамыр мойыншасындағы және орылған сабақтардың түбіріндегі бүршіктерден жаңа сабақтар өседі. Сөйтіп, жоңышқа өсімдігі 15-20 жылға дейін өмір сүре алады. Пішен орымына жоңышқа гүлдеу кезеңі басталғанда пісіп жетіледі [24, 25, 26] .
Писковацкийдің Ю. М. және Ю. М. Ненароковтың деректері бойынша ылғалдылығы топырақтың толық ылғал сиымдылығының 60-80% болатын жерде жоңышқа өте жақсы өседі. Бұл деңгей егілген жылы 45%-ға дейін төмендейтін болса, жоңышқа егістігі өте сиреп кетеді. Мұндайға, әсіресе, жоңышқа егілген жылы жол беруге болмайды. Себебі осылайша бірінші жылы-ақ сиреген тәлімі жоңышқа келесі жылдары жоғары өнім бере алмайды. Осы зерттеу нәтижесінде жоңышқа тамырының тез өсіп дамитын биологиялық ерекшелігі − жылдамырақ топырақтың суы мол қабаттарына жетуге экологиялық бейімделуінің белгісі деген анықтама берілген [27] .
Жоңышқаның транспирация қарқыны өте құбылмалы. Құрғақшылыққа төзімді жоңышқа түрлерінің транспирациялық коэффициенті төмен, ал жапырақтарының су ұстап тұру қабілеті жоғары болады. Жоңышқа топырақ ылғалдылығына сезімтал болғанымен, ауаның құрғақшылығына аса төзімді өсімдік [29, 30] .
Қыс жағдайына төзімділігі жоңышқаның түрлері мен шыққан тегіне көп байланысты болғанымен, өсіп-өну ортасына, қыстау алдындағы қуаттылығы мен шынығуы да өз әсерлерін тигізеді. Топыраққа көміліп тұрған тамыр басындағы қыстайтын бүршіктер, клеткада үсіктен қорғау қызметін атқаратын қант қорын тамыр жүйесі жеткілікті жинаған болса, қыс жағдайына, яғни аязға, қардың қалыңдығына немесе аздығына және мұздануына анағұрлым төзімді болады. Осыған байланысты соңғы орым мерзімі өсімдіктің қыстауы үшін көп әсер етеді [ 31, 33] .
Жоңышқа кез келген топырақта (рН=6, 5-7, 5) өсе алады, тек қышқыл топыраққа төзімсіз. Ондай жерде түйнек бактериялары нашар дамиды. Жоңышқа батпақта өте нашар өседі, ал тұздылау жерде өскенде, оның тұзын төмендетуге жақсы ықпал етеді. Сондықтан дихандар оны күріш ауыспалы егісінде кеңінен пайдаланады [36] .
Суармалы аймақтарда жоңышқа қант қызылшасы, күріш, мақта, жүгері, бидай ауыспалы егістерінің ең жақсы алғы дақылы болып есептеледі [37] .
Акад. Ғ. Т. Мейірман және басқалар жоңышқаның тұқым қуалау коэффициенттерін есептеу нәтижесінде олардың мәні ұрық өнімділігі мен жапырақтылық бойынша жоғары, ал көкбалауса өнімділігі бойынша төмен деңгейде болатынын анықтаған [96] .
Қазіргі уақытта дүние жүзінде жоңышқаның мыңнан астам сорты таралып отыр. Солардың арасынан тиісті аймақтар егісінде қолдану үшін қолайлы үлгілерді таңдап алу және тез арада шаруашылық өндірісіне енгізу - мал азығын өндіру саласын дамытудың тиімді жолдарының бірі [102, 103] .
П. А. Лубенецтің мәліметтері бойынша осы бағытта В. В. Таланов кезінде Канададан алып келіп өсірген жоңышқаның Гримм алабудан сорты Украина ғана емес, бүкіл Еуропаға да кеңінен таралды. Жоңышқаның лайықты сортын таңдап алып, тез арада өндіріске енгізудің тағы бір мысалы ретінде, P. Varga, L. Gumaniuc, M. Ittu келтірген мәліметтер бойынша Францияда шығарылған егістік жоңышқаның Дю-Пюи сорты жер шарының барлық құрлықтарында бірнеше миллион гектар жерге егіліп, жоңышқаның аса көрнекті шедеврі аталған [104, 105] .
Семиреченская жоңышқасын егжей-тегжей зерттеген ғалымдардың айтуынша, оны сорт деп танысымен-ақ еліміздің сол кездегі 16 облысына және шет елдердің біразына таралып, 1 миллион гектардан астам жерде мал азығын өндіруге пайдаланылған [106] .
Көптеген зерттеулер негізінен пішенді көп беретін жоңышқа түрлерін анықтауға бағытталып, екпе шабындықтарда және арнайы тәжірибелерде салыстырмалы бақылау және бағалау жолымен жүргізілген. Б. Ә. Исмаилов жоңышқа түрлерін Алматы облысының тау бөктерлік шөлейт-далалық аймағында Семиреченская местная жоңышқамен салыстыра отырып, оның көкбудан түрі үлгілерінің пішен өнімі жоғары екенін анықтаған, ал тәлімі жер үшін жоңышқаның егістік және алабудан түрлері лайықты болған.
Жоңышқаның егістік және алабудан түрлері негізінде акад. Ғ. Т. Мейірман, С. С. Садуақасов және басқалар Капчагайская 80 мен Дархан 90 сорттарын шығарған . Зерттеушілер осы сорттардың жоғары қарқындылығын, суармалы жерде көкбалауса өнімділігі 1000 ц/га дейін жететінін және саңырауқұлақ ауруларына төзімділігін анықтады.
Жоңышқа түрлерінің ауруларға шалдығуын зерттеген ғалымдар, сары немесе орақ пішінді, сарыбудан және көгілдір түрлерінің ақұнтаққа төзімді екенін байқаған. И. А. Годуновтың [10, б. 19], Т. Лидански мен В. Васильеваның [101, б. 49-50] деректеріне қарағанда, жайылымдық жоңышқамен 70-тен астам жәндік түрі қоректеніп күнелтеді екен. Олардың ең көп зиян келтіретіндері жоңышқа қандаласы, ұзынтұмсық қоңыз, сары қоңыз, шегіртке, жоңышқа көбелегі және басқалары. Көкшетау өңірінде У. М. Сағалбеков [79, б. 230] жоңышқа, түйежоңышқа және басқа көпжылдық шөптер зиянкестерінің саны мен дақылдар өнімінің арасындағы байланыс коэффициентін және зиян мөлшерін есептеп шығарған [107, 108, 109, 110, 111, 112] .
Жоңышқаның белгілері мен қасиеттерінің айтарлықтай өзгермелілігінің, өзара тығыз байланысының және қанағаттанарлық деңгейде тұқым қуалауының жоғары дәрежеде детерминациялануы оның түрлерін, сорттарын, биотиптерін, нысандарын және басқа құрылымдық топтарын бағалауда және сұрыптауда маңызды рөл атқарады [113] .
W. M. Tһаll, C. L. Cаmpbell деректері бойынша бурыл және сары теңбілдік, аскохитоз, ақұнтақ және жалған ақұнтақ ең көп таралған жоңышқа аурулары болып табылады. Олардың дамуына жоңышқаның физиологиялық ерекшеліктері мен аймақтардың климаты әсер ететіні белгілі болған [117] .
Мал азығы дақылдарының ішінде жоңышқа өнімінің сапасымен ерекшеленеді. Оның мүлде құрғақ затында 18-20% қортылатын протеин мөлшерін анықтаған зерттеушілер көкбудан, алабудан, Кавказ және Перу жоңышқалары үлгілерінің суарылмайтын егістікте басым болғанын хабарлайды [118] .
Келтірілген деректер бойынша қарқындылық, өнімділік, ауруларға төзімділік, өнім сапасы және басқа қасиеттердің деңгейі жоғары дәрежеде болатын жоңышқа түрлері мен сортотиптері көк, көкбудан, алабудан және сарыбудан болып табылған. Біздің елімізде жоңышқаның осы түрлеріне жататын 14 сорты егіледі. Бұлардың ішінде Семиреченская местная, Капчагайская 80, Дархан 90, Жайнақ 96 және Красноводопадтық екі сорт республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс, батыс және шығыс өңірлерінде, ал Көкше, Шортанды 2, Қарабалық 18 орталық және солтүстік аймақтарында таралған. Қазақстанның оңтүстік-шығыс суармалы аймағы болып есептелетін Алматы облысының тәлімі егісі үшін жоңышқаның селекциялық сорты әлі шығарылған жоқ .
Көпжылдық жоңышқаның шаруашылықта аса жоғары бағаланатын биоморфологиялық белгілері мен қасиеттерінің ең негізгілері мал азықтық өнімділігі, қоректілігі, топырақ құнарына пайдалы әсері және ақзат шығымдылығы болып табылады. Бұлармен бірге селекциялық жұмыста сұрыпталатын сорттарды нақты табиғи және агротехникалық жағдайларға бейімдеу, қоршаған ортаның биотикалық және абиотикалық қолайсыз факторларына төзімділігін жоғарылату көзделеді. Соңғы аталған міндеттер бойынша зерттеулер де жоңышқа селекциясының дербес бағыттары болып қалыптасты. Әсіресе қарқынды технологияларға бейімдеу және ауруларға төзімділікті арттыру жұмыстарының маңызы зор [119] .
1. 2 Сұрыптау әдістерін жоңышқа селекциясында қолдану бағыттары мен нәтижелері
Бастапқы материал сұрыптау ауылшаруашылық дақылдардың және селекциялық бағдарламалардың қайсысы болса да шешуші міндеттердің бірі. Оның теориялық негіздері және әдістемелік мәселелері жоңышқа селекциясы бойынша зерттеулерде қажетті деңгейде жан-жақты қамтумен дамытылуда. Бұл ғылыми қағидалар өресі соншалық биік болғандықтан жоңышқа селекциясы ауқымында ашылған заңдылықтар, тәсілдер және басқа ережелер барлық көпжылдық шөптер селекциясының да негізгі ұстанымдары мен әдістемелері ретінде пайдаланылады. Олай болудың тағы бір себебі дақылдың құндылығына және әдістемелік зерттеулер үшін қолайлылығына байланысты. Сондықтан көпжылдық шөптер арасында жоңышқа бірінші болып сұрыптауды жаңа генетикалық ғылыми негіздеу нысанына айналды және оның селекциясы гетерозис теориясын іс жүзінде пайдалануға бағытталды [120, 121, 122] .
Гетерозис теориясының алғашқы нұсқасын Шелл және Ист 1908 жылы ұсынып, оған өсімдік қуаттылығының, мүше өлшемдерінің, тұқым беруінің, ауруларға, зиянкестерге және қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыздықтарына төзімділігінің артуымен белгіленетін гетерозиготалық көрінісі деген мағынада анықтама берді. Кейін 1948 жылы Шелл оны гипотезаға айналдырып былай тұжырымдады: «Будандық өзінен өзі бір біріне ұқсамайтын құрамдастардың қосылуынан және гетерозиготалық жағдайда болуынан организмнің физиологиялық жағдайын көтермелейтін қолдау әсерін туғызады, алайда бұл әсер ұдайы инбридинг ұрпақтарының гомозиготалық типтерге айналу деңгейінің жоғарылауына қарай жоғала береді. » R. Steuckardt, J. Dietrich 183-бет бойынша өз аударуымызбен келтірілді, [123, 124] .
Бұл жаңалықтар теориялық алдын ала болжам түрінде ашылса да, гетерозиготаның гомозиготадан басымдылығына тікелей дәлел табыла қоймаса да, гипотезаның өзіндік ғылыми ой-жүйелік қисындылығы іргелі және қолданбалы ізденістер үшін дұрыс жол көрсетіп, генетикалық негізделген бағдар болды. Сондықтан гетерозис теориясы биологиялық ілімнің аса ірі жетістіктерінің бірі болып саналады [125] .
Осы теорияның одан әрі дамуы бидай, жүгері, күнбағыс, құмай, қарабидай, жоңышқа және басқа бірқатар дақылдар селекциясындағы айтарлықтай ғылыми және практикалық нәтижелерге байланысты жүзеге асырылды [126, 127] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz