Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .


І. ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатынн орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2. Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3. Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


ІІ. ТАРАУ. ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2. Психикалық процестерді зерттеуге арналған қосалқы әдістердің
түрлерімен зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.3.Қазіргі замандағы психологияның салаларын анықтау
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2.4. Психология салаларынына жасалған бағдарламаның оқу процесіндегі
қолдану жұмыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта елеміздің білім беру жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған және нарықтық қоғам құру талаптарына толық сәйкес келетін өзгерітер болып жатыр. Қазақстандағы оңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі елімізде және бүкіл әлемізіде және бүкіл әлемдегі болып жатқан қоғамдық-экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігікүн өткен сайын ерекше сезілуде. Бүгінгі күні қоғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған, өздігенен жұмыс істей алатын, ерекше жағдайларда әрекет жасай алатын және үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып – үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов «Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары» деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта «психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда» деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды.
1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
9 . Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
10. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
11. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
12. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
13. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

І. ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатынн
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .

1.2. Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын

талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.3. Психологиялық зерттеу әдістерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ. ТАРАУ. ПСИХОЛГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН САЛАЛАРЫН АНЫҚТАУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.

2.1. Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент)
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

2.2. Психикалық процестерді зерттеуге арналған қосалқы әдістердің
түрлерімен зерттеу жұмыстарды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.3.Қазіргі замандағы психологияның салаларын анықтау
жұмыстары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .

2.4. Психология салаларынына жасалған бағдарламаның оқу процесіндегі
қолдану жұмыстарының ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазіргі уақытта елеміздің білім беру
жүйесінде білім беру құрылымын оңтайландыруға бағытталған және нарықтық
қоғам құру талаптарына толық сәйкес келетін өзгерітер болып жатыр.
Қазақстандағы оңдаған жылдар бойы қалыптасқан дәстүрлі білім беру моделі
елімізде және бүкіл әлемізіде және бүкіл әлемдегі болып жатқан қоғамдық-
экономикалық өзгерістерге ілесе алмауының мүмкіндігікүн өткен сайын ерекше
сезілуде. Бүгінгі күні қоғам білім беру жүйесінен жан-жақты дамыған,
өздігенен жұмыс істей алатын, ерекше жағдайларда әрекет жасай алатын және
үздіксіз білім алуға талабы бар жастарды дайындауды талап етуде.
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің
көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму
үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып –
үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық
көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми
бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты
өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып,
психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов
Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары деген еңбегінде
қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта
психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын
өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі
әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым
айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның
күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері
жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу
мен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы
және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап
айтқан жөн.
Психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің объективтік
жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып, психология осы
әсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерінің де ашуы керек.
Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің
физиологиясымен тығыз байланысын сақтау қажет.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға
айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға
эксперименттік әдістің ( Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады.
Психологиялық ілімдердің табиғи –ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды
(И.М.Сеченов, И.П.Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері:
Л.А.Орбели, П.К. Анохин, К.М.Быков, Н.И. Красногорский, А.А.Ухтомский,
Н.А.Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі
мәселелерін өңдеуге Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар
тіршілік иесінің ораның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың
рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге
көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.
Қазақстанда іргелі ғылыми-зерттеулер соңғы сексен жыл көлемінде өркен
жайып дамып келеді. Біздің елімізде психологияның іргетасын қалаған
ғалымдарымыз – Н.Құлжанова, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов, С.Балаубаев,
Т.Тәжібаев және т.б. Қазіргі кезеңде психология ғылымызды одан әрі дамытуға
үлес қосқан ғалымдарымыз Ә.Темірбеков, М.Мұқанов, Ә.Алдамұратов,
Қ.Жарықбаев, Ж.Намазбаева, Қ.Нұрғалиев , Н.Жанділдин т.б. болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: психология ғылымының әдістері мен салаларын
анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: психолгия ғылымының әдістері мен
салаларын жіктеу жұмыстарын ұйымдастыру жүйесі
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: психология ғылымының зерттеу әдістері
мен салаларын үйретудің тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатын орны;
- Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын
талаптар;
- Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі;
- Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістері;
- Психикалық процестерді зерттеуге арналған қосалқы әдістердің
түрлерімен зерттеу жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қазіргі замандағы психологияның салаларын анықтау жұмыстары;
- Психология салаларынына жасалған бағдарламаның оқу процесіндегі
қолдану жұмыстарының ерекшеліктері.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы
Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған Қазақстан - 2030 үндеуі; ҚР 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас
ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми
зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью
әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, психология ғылымының
қоғамда алатын орны, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің
құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты,
міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
Психологияның зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама деп аталатын
бөлімде қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатын орны, психологиялық зерттеудің обьективтілігіне
жалпы қойылатын талаптар, психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі
мәселелері қарастырылады.
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау
жұмыстарының әдістемесі деп аталатын бөлімде психикалық процестерді
зерттеуге арналған тәжірибелік (эксперимент) әдістері, психикалық
процестерді зерттеуге арналған қосалқы әдістердің түрлерімен зерттеу
жұмыстарды ұйымдастыру, қазіргі замандағы психологияның салаларын анықтау
жұмыстары және психология салаларынына жасалған бағдарламаның оқу
процесіндегі қолдану жұмыстарының ерекшеліктерінің тиімділігін анықтауды
қарастырады.

І. ТАРАУ. ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМА.

1.1.Қазіргі кезеңдегі психологияның міндеттері мен оның ғылымыдар
жүйесіндегі алатынн орны

Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің
көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму
үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып –
үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық
көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми
бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты
өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып,
психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф.Ломов
Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары деген еңбегінде
қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта
психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын
өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда деп айтты.
Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі
әртүрлі-сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым
айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның
күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері
жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеу
мен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы
және дерексіз сипаттау – теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап
айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған
жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де және
т.б. кіреді.Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың
мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда
болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе,
онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қауіпі туады.
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық
материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф.Ломовтың аталған еңбегінде
психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік
өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ, бір-біріне
келтірмейтіндігі көрсетілген. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері
бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, әрекет дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-
қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгеі бойынша дәрежеге теңелетін
ұғымдар бұл әлеуметтік және биологиялық ұғымдар. Адамның әлеуметтік
және табиғи қасиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және
биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау –
ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді.
Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны
белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде
өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы,
мәдениеттегі, спорттағы, білім бері жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби
практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық
міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды
өзгеріске ұшыратады. Шешулі психологиялық құзырды талап ететін, адам
факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық
салаларында әр түрлі түрде пайда болады. Адам факторы деп адамдардың
нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық,
психологиялық және психофизиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге
болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе ( олардың саны
өте көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі адам факторын қажет
ететін мәселелер бар) қойып отырған барлық міндеттерді атап айтпаймыз, бала
психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша
тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларында ( мектепке дейінгі
білім бері, орта, жалпы білім беру мектебі, арнайы орта білім беру, жоғары
мектеп) психологияға тиісті мәсеселер туады. Психикалық құбылыстардың
жүйесін түгелдей дерлік – тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап,
психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік
заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы,
қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы
зор.
Психологиялық ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның
мойындауы білім беруі мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті
қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің
дайындалу, даму кезеңінен өтуде және ғылыммен оның нәтижелерінің тәжірибеде
қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластыруда.
Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және,
керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға
құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде аталатын орнына байланысты
болады. Қандай да бір тарихы кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның
алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің
жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының
тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология
сияқты өзгерткен емес. Қазіргі кезде академик Б.М.Кедров ұсынған сызықтық
емес, жүктеу жалпыға ортақ болып саналады. Ол тақырыптары ұқсас ғылымдар
арасындағы байланыстардың жобаларының көптігін көрсетеді. Ұсынылған үлгі-
бұрыштары табиғи, әлеуметтік және философиялық ғылымдарды білдіретін
үшбұрыш пішінді. Бұлайша орналастыру ғылымның осы әрбір негізгі топтарының
әдісі мен пәнінің, қойылған міндетке байланысты үшбұрыштың бір бұрышына
бағытталған, психология пәні мен әдісіне жақын екендігін көрсетеді.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметнің
мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі
бір қатынаста талдай отырып, Б.Ф.Ломовтың айтуы бойынша, зерттеуінің
объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады.
Беллгілі психолог Б.Г.Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-
ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл
мәселенітолығымен өңдеді.
Психологияның аталмыш ғылымдар үшбұрышымен байланысының сипатына
толығырақ тоқталайық. Психологияның негізгі міндеті болып психикалық
әрекеттердің даму барысында заңдылықтарды зертеу саналады. Бұл заңдылықтар
адам миындағы объективтік дүниенің бейнеленуін, осыған байланысты оның
қылықтары қалай реттелетінің, психикалық әрекет қалай дамитынын және
тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасатынын ашып көрсететеді.
Психика объективті шындықтың бейнеленуі екені белгілі, сондықтан
психологиялық заңдылықтарды зерттеу, алдымен психикалық құбылыстардың
адамның өмірі мен іс-әрекетінің объекивті жағдайларына байланысты болатынын
білдіреді.
Сонымен бірге адамдардың кез келген іс-әрекеті әрқашанда адам өмірінің
объективтік жағдайларына ғана емес, сондай-ақ олардың субъективтік
сәттерімен арақатынасына байланысты болады. Материалдық психолгия
субъективтің және объективтік жағдайлардың әрекеттестігіне шынай ғылыми
негіз береді. Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың
материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршағындағы уақытша байланыстар
жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы
салдарынан психикалық құбылысытар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін
- оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты
қабылдауына ықпалын тигізеді.
Сонымен, психикалық құбылыстардың адам өмірі мен іс-әрекетінің
объективтік жағдайларынан заңды тәуелділікте болатынын анықтай отырып,
психология осы әсерлердің бейнеленуінің физиологиялық механизмдерінің де
ашуы керек. Психология физиологиямен, соның ішінде, жоғары жүйке әрекетінің
физиологиясымен тығыз байланысын сақтау қажет.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға
айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға
эксперименттік әдістің ( Г.Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады.
Психологиялық ілімдердің табиғи –ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды
(И.М.Сеченов, И.П.Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері:
Л.А.Орбели, П.К. Анохин, К.М.Быков, Н.И. Красногорский, А.А.Ухтомский,
Н.А.Бернштейн, И.С.Бериташвили). Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі
мәселелерін өңдеуге Ч.Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар
тіршілік иесінің ораның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың
рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге
көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді.

1.2. Психологиялық зерттеудің обьективтілігіне жалпы қойылатын
талаптар

Ғылым - алдымен зерттеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін
анықтау, оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін анықтау да
енеді. Әдістер - ғылым пәнін таныстыратын тәсілдер. Психология - жеке
әдістері немесе әдістемелері бар бір тұтас жүйе. Ғылым әдістері
заңдылықтарды ашады, бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі
заңдылықтарына сүйенеді. Сондықтан ғылымның даму барысында оның әдістері
дамып, түрленіп отырады.
Зерттеу әдісі әрқашанда қандай да бір әдістемені білдіреді. Ғылым,
ғылыми психологиялық зерттеудің объективтілігіне жалпы талаптар қояды:
Психологиялық объективтік зерттеудің принципі, зерттеу пәнінің
ерекшеліктеріне туелді болатын, әр түрлі әдістемелік амалдар
арқылы жүзеге асырылады. Психика мен сана ішкі және сыртқы көріністерімен
бірге зерттеледі.
Біздің психология психикалық пен физикалықтың теңдігін емес, бірлігін
көрсетеді, сондықтан, кейде психологиялық үрдістердің физиологиялық
талдауы физиологиялық зерттеуге енсе де, психологиялық зертгеу
оған енбейді.
Біз психиканың материалдық негіздерінің оның органикалық негіздеріне
теңелмейтінін байқадық, адамдардың ойының үлгісін олардың өмір үлгісі,
адамдардың санасын - қоғамдық тәжірибе көрсетеді.
4. Психологиялық заңдылықтар даму үрдісі барысында
ашылады. Дамуды зерттеу арнайы саласы ғана емес, сонымен қатар
психологиялық зерттеудің арнайы әдісі болып табылады.
Генетикалық принцип біздің әдістемеміздің негізгі принципі болады.
Балалар психологиясының негізгі зерттеу әдістеріне жалпы сипаттама
беру, бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай, тіпті таныс сияқты болып
көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге мұқият үңіліп қарасақ,
өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі қасиет екендігі, психикалық өмірді
де атомның құрылысы сияқты жай көзбен қарап ажырату қиын.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші
адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды.
Байқау, әдетте, табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі
араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын (бет
құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез-құлқын, жалпы
әрекетін байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері,
темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі
оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін
зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздерін, сөйлемдерін
стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да,
тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми зерттеу жүмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау
әдісінде кейде аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелінетін объектіні
суретке түсіру үшін-фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін
жазып алып, кейін оны пластинка бойынша қайтадан жаңғырту үшін магнитофон
т. б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір
шарттар:
1) Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше
рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;
2) Зерттелетін объектіні айқын белгілеу және байқаудың мақсатын түсіне
білу қажет. Мысалы, байқау объектісі ретінде сабаққа нашар студентті алатын
болсақ, мақсатымыз — оның сабақ дайындау кезіндегі ой жұмысының кейбір
ерекшеліктерін білу;
3)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінушінің сөз
реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; басты
фактілерді іріктеп алу — осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға
студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін
одан ары жақсарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді. Байқау әдісі арқылы оқу-
тәрбие процесінің әр кезеңдерінде ұстаз студенттердің сабақ үлгіруі мен
тәртібіндегі ерекшеліктерді білуіне, кейін оларды жақсарта түсу женінде
тиісті шаралар белгілей алуына болады. Бұл әдіс адамдардың психология-лық
ерекшеліктерін зерттеуде өте көп қолданылатын әдістердің бірі.
Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері де бар. Біріншіден, зерттеуші
мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттей алмайды да, көп уақытын
жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта тыңғылықты, ойлағандай
ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әр түрлі кездейсоқ объективтік
(байқауға алынған адамның сабаққа келмей қалуы), субъективтік (бақылаудың
қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің
кездесетіндігіне байланысты. Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми
деректері кейде кемірек болады.
Байқау әдісіне қарағанда жан қуаттарын эксперименттік жолмен зерттеудің
біраз артықшылығы бар. И. П. Павлов: "Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды,
ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады"2— деп тегін айтпаған.

1.3. Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі

Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас
жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті
бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитгодтік әдіс (бір адамдарды ұзақ
уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі
ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы
зерттейді).
Эмпирикалық әдістер. Оған бақылау және өзін-өзі бақылау,
эксперименттік әдістер (табиғи, қалыптастырушы, лабораториялық);
психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар,
социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс әрекет нәтижелерін талдау;
биографиялық әдістер енеді.
Мәлімелерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және
сапалық (материалдарды топтарға белу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг,
психотерапевтикалық әсер ету әдістері, оқыту.
Бір қарағанда біздің әрқайсымызға оңай,тіпті таныс
сияқты болып көрінетін жәйт күнбе-күнгі психикалық өмірімізге
мұқият үңіліп қарасақ,өзіне тән заңдылықтары бар аса күрделі
қасиет.Психикалық өмірде де атомның құрылысы сияқты жай көзбен
қарап ажырату қиын.Адамның психологиялық ерекшеліктерін білу
үшін осы ғылымның зерттеу әдістерімен танысуымыз керек. Әр
ғылымның өзінің тоерекшелігіне қарай зерттеу әдісі
болады,осы әдістер арқылы сол ғылымның сан алуан
заңдылықтарын зерттеуге мүмкіндік туады.Егер осы ғылымда өзіне
тән метод,яғни зерттеу әдістері болмаса,ол нағыз ғылым болудан
қалады.Басқа ғылымдар тәрізді психология ғылымының да өзіне тән
зерттеу әдістері бар.Бұл әдістер осы ғылымның көп жылғы даму
тарихында түрлі тексерулерден өтіп.,сұрыпталу арқылы
қалыптасқан.Психикалық әрекетті де белгілі бір мақсатқа байланысты
жоспарлап,арнайы белгіленген және мұқият ұйымдастырылған әдістер
арқылы зерттейді.Зерттелінетін адамның көп рет қайталанған іс-
әрекеттері мен қылықтары,сөз сараптауы мен бет пішініндегі мәнерлі
қозғалыстары да бізге оның ойлауы мен сөйлеуінің ,сезімі мен
еркінің, темпераменті мен мінезінің ерекшеліктерін білуге біршама
жәрдемдеседі.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана –сезім дәрежесі
іс-әрекеттен оның нәтежиесінен жақсы байқалатынын талай рет
айтқан.Сана іс-әрекеттің бағыт-бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз
етеді.

ІІ. Тарау. Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау
жұмысытарының әдістемесі
2.1. Психикалық процестерді зерттеуге арналған тәжірибелік
(эксперимент) әдістері
Тәжірибе жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен
кез болуын күтіп түрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.
Психологияда тәжірибе лабораториялық және табиғи болып екіге белінеді. Енді
бұларға жеке-жеке тоқталып өтейік.
XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу
үшін тәжірибе кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В. Вундт
(1832—1920) психологияны тәжірибелік жолмен зерттеудің негізін салды,
тұңғыш рет лаборатория ашты (1879). Психологтар алғаш рет көру, есту иіс
түйсіктерін зерттеу үшін тәжірибені пайдаланды. Кейін келе олар секундтың
11000 үлестеріне дейін дәл өлшейтін құралдар ойлап шығарып, кейбір
психикалық процестердің пайда болу тездігін өлшеудің жолын тапты.
Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле
бастайды. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі,
ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н. Ланге (1858—1921)
эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді.
Тоқсаныншы жылдарда француз психологы А. Бине (1857—1911) алғаш рет
ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері
психологтардьщ І-ші дүние жүзілік конгресінде II (Париж, 1889) талқыланды.
XX ғасырдың басында психология ғылымының қарамағында ондаған
лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психология-лық
лабораториялардың бірін XX ғасырдың басында орыс психологы Г. И. Челпанов
(1862—1936) ұйымдастырды.
Бұрынғы Кеңес Одағы Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты
Психология ғылыми-зерттеу институты мен Ресей ғылым академиясына қарасты
психология институтының (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен
жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси
қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.
Ғылыми психология психикалық құбылыстардың физиологиялық негіздерін
ашуды басты мәселенің бірі деп қарайды. Бұл міндетті академик И. П. Павлов
ашқан әйгілі шартты рефлекстер әдісі бойынша шешуге болады. Көптеген
физиологиялық және психологиялық лабораториялар-да И. П. Павловтың
шәкірттері бұл әдістің әр түрлі нұсқаларымен ойдағыдай жұмыс жүргізуде.
Мысалы, осы әдіс арқылы профессор Н. И. Красногорский балалардың жоғары
дәрежелі жүйке қызметінің даму жолдарының, проф. А. Г. Иванов-
Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелері-нің қызметін
зерттеген.
Тәжірибе жүргізу үшін арнаулы лабораториялық мекемелер қажет болатынын
айттық. Енді кейбірқарапайым аспаптардың атымен таныс-тырайық. Мысалы,
психикалық процестердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін — хроноскоп, тері
түйсігінің сезгіштігін байқау үшін — эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау
ушін — тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін — аудиометр, денедегі бұлшық
еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін — эргографты пайдаланады. Бұлардан басқа
құрылысы әлдеқайда күрделі құрал-жабдықтар да толып жатыр.
Лабораторияда жүргізілетін эксперименттің нәтижелілігі мына төмендегі
жағдайларға байланысты болады:
1. Байқалатын объекті жөнінде эксперимент жүргізушінің күн ілгері
болжамының (гипотезасының) болуы тиіс;
2. Тәжірибе түріне лайықты жұмыс жағдайын жасау (жазып отыру,
инструкциялар т.б. жазу-сызу құралдарымен қамтамасыз ету); ,
3. Тәжірибені күн ілгері белгіленген жоспар бойынша, арнаулы әдісте-меге
сай жүргізу;
4. Бір құбылысты бірнеше рет тексеруден өткізіп, оларға сандық және сапалық
жағынан дербес талдау жасау;
5. Алынған мәліметтерге байланысты негізгі және ішінара қорытынды-лар
шығара отырып, тәжірибе жүргізуде ашылған кейбір ғылым деректерді (егер
зерттеу жұмысы мектеп жағдайында жүргізілген болса) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология саласы
Психика мен сана мәселелері
Психология ғылымының пәні мен объектісі
Психологияның құрылысы және зерттеу әдістері
Қазіргі кездегі психология ғылымы
Психология ғылымының мақсаты
Жеке монографиялық зерттеу әдісі
Жастардың психологиялық дамуы
ЖОО білім беру сапасын басқаруда психологиялық аспектілер
Жеке тұлға психологиясы
Пәндер