Инфляция саясаты
I. Кіріспе
I.1. Пайда болу себептері
I.2. Инфляцияның түрлері
I.3. Инфляция өлшемдері
II.1. Қазақстандағы нарыққа көшу кезеңіндегі инфляциялық процестердің ерекшеліктері
II.2. Инфляцияға қарсы саясат
II.3. Қазіргі жағдайдағы инфляция және мемлекеттің инфляцияға қарсы шаралары

Инфляция-ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі. Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады. «Inflatio» (инфляция)-ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы латынша inflatio-«іштің қампиюы, ісініп өсуі» деген түсінік береді. Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған-американ экономисі А. Делмар. Ол 1864 ж. Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың Федералдық үкіметінің азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар («гринбаксы»-green backs: «зеленые спинки») шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен тыс көбеюін А. Делмар «inflatio» («вздутие бумажного пузыря») деп атады. Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің (Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында қолданылып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала бастады.
И. Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның «феноменін» бірінші рет түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл шарт «автоматты» түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымды тек қана сауда-саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды. Тауар азайған уақытта артық ақша (алтын монеталар) «қазына» (байлық) ретінде жинақталып, «алтын сандықтарда» сақталды. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да осылай баға тұрақтылығын сақталып отырды.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем басқа жағдайлар орын алды. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И. Фишердің теңдеуі бойынша инфляцияға қарсы «автоматты» механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді. Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына әкеліп соқты.

Инфляция-ақшаның құнсыздануынан тауарлар мен қызметтерге бағаның жалпы
деңгейінің көтерілуін сипаттайтын құбылыс. Бүгінгі таңдағы экономикалық
әдебиеттерде инфляцияға көбінесе осындай анықтама берілген. Ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алушылық қабілетінің азаюы ерте заманнан белгілі.
Оның пайда болуын монета түріндегі алғашқы ақшаның шығуымен байланыстырады.
Inflatio (инфляция)-ежелгі медицина саласындағы ұғым. Оның мағынасы
латынша inflatio-іштің қампиюы, ісініп өсуі деген түсінік береді.
Дүниежүзілік экономикалық әдебиеттерде бұл түсінікті бірінші рет қолданған-
американ экономисі А. Делмар. Ол 1864 ж. Нью-Йорк газетінде АҚШ-тың
Федералдық үкіметінің азамат соғысы жылдары (1861-1865 жж.) айналымға
алтынға айырбасталмайтын көп мөлшерде қағаз ақшалар (гринбаксы-green
backs: зеленые спинки) шығарғанын сынап жазған. Ақшаның осындай шектен
тыс көбеюін А. Делмар inflatio (вздутие бумажного пузыря) деп атады.
Кейіннен бұл ұғым ақша массасының тым көп өсуі мағынасында Еуропа елдерінің
(Франция, Ұлыбритания, Германия) қаржыгерлері мен банкирлерінің арасында
қолданылып, XX ғасырдың басынан бастап экономикалық әдебиеттерде орын ала
бастады.
И. Фишердің айырбас теңдеуі MV=PQ инфляцияның феноменін бірінші рет
түсіндіре бастады. Бұл теңдеу бойынша айналыстағы ақша массасы сатылған
тауар көлеміне тең болуы тиіс. Алтын монеталық ақша айналымы кезінде бұл
шарт автоматты түрде орындалды. Өйткені ол кезде айналымды тек қана сауда-
саттық жүргізуге қажетті алтын ақша (монета) мөлшері болды. Тауар азайған
уақытта артық ақша (алтын монеталар) қазына (байлық) ретінде жинақталып,
алтын сандықтарда сақталды. Қажетті тауар көбейіп, ақшаға сұраныс
өскенде, сақталған алтын ақшалар қайтадан айналысқа түсіп, тауар бағасының
тұрақтылығын ұстады. Алтынға толық айырбасталатын қағаз ақша айналымында да
осылай баға тұрақтылығын сақталып отырды.
Алтын монеталық стандарт жойылғаннан кейін ақша айналымында мүлдем
басқа жағдайлар орын алды. Айналымға алтынға айырбасталмайтын қағаз ақшалар
шығарылды. Бұл алтын монета айналымы кезіндегі И. Фишердің теңдеуі бойынша
инфляцияға қарсы автоматты механизмнің іс-әрекетін тоқтатуға әкелді.
Қағаз ақшаларды қазына, байлық ретінде жинақтап бір жерде сақтаудың
ешқандай мәні болмады. Ішкі тауар айналымында артық ақшалар айналымда
сақталып қала берді, ақшалар ағымы мен тауар арасындағы тепе-теңдік
бұзылды. Осының бәрі өз кезегінде экономикада инфляцияның орын алуына
әкеліп соқты.
Экономикада ифляциялық құбылыстардың шығу себептерін және оларды
дамытуға ықпалын тигізетін барлық факторларды талдай отырып, экономистер
инфляцияны сұраныс инфляциясы және шығын инфляциясы деп екі типке бөледі.
Сұраныс инфляциясы-өндірістің макроэкономикалық құрылымының жетілмеуінен,
нарықтың аймақтық құрылым талаптарына сәйкес орналаспау салдарынан пайда
болатын (тұтыну өндірісі, ақшамен қамтамасыздандыру және т.б.) үрдіс. Шығын
инфляциясы XX ғасырдың барлық капитализм дәуіріне тән, бағаның шарықтауына
және оның қалыптасуына олигополиялық орталықтардың әсерін, кәсіпорындардың
пайда табу үшін бағаны өсіру үрдістерін көрсетеді.
I.1. Пайда болу себептері
Инфляция күрделі әлеуметтік-экономикалық феномен, оның пайда болу
себептері көбінесе бір жақты айтылмайды. Бірақ инфляцияның негізгі пайда
болу себептерін экономикадағы барлық нарықтарда (тауар, ақша, тұтынушылық
қызметтер, т.б. нарықтарда) бір уақытта сұраныстар мен ұсыныстардың
арасындағы баланстың бұзылуынан (сұраныстың артуынан) деп есептейді. Басқа
сөзбен айтқанда, инфляция-экономикадағы баланстың (тепе-теңдіктің)
жоқтығының нәтижесі, ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнімнің) құндық өлшемінің (ақшалай
эквиваленті) және оның табиғи-заттық құрамының (шикізат, материалдар, отын,
қуат көзі, негізгі капитал) арасындағы сәйкессіздіктің белгісі.
Қоғамдық өнімнің құндық және табиғи-заттай құрылымы арасындағы
сәйкессіздк себептері туралы аз еңбек жазылған жоқ. Экономистердің
пікірлері бойынша Ресей экономикасының макроэкономикалық құрылымы (сол
сияқты Қазақстанның экономикасы да) ашық түрде инфляцияға бейімделген
болатын. Бұған сол кездегі ауыр өнеркәсіптің жеңіл өнеркәсіпке қарағанда
аса зор дамуы, өндіруші өнеркәсіптің өңдеу өнеркәсібімен салыстырғанда үлес
салмағының көп артықшылығы, тауар өндірісінің тауар айналымынан, оны
халыққа жеткізуден үнемі алда болуы, жалпы инфрақұрылымдардың барлық
түрлерінің даму деңгейінің аса төмен болуы дәлел болады.
Үйлесімсіздіктер материалдық өндіріс саласындағы және ұлттық табысты
бөлудегі сәйкессіздіктің нәтижесі болатын. Халықтың табысы өсіп, оларды
материалдық жағынан қамтамасыз ету мүмкіндіктері артта қалып қойды. Бұл
тауарлар мен тұтыну қызметтері бағасының өсуіне және ақшаның сатып алу
қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқты.
Алайда бағаның өсуі айналымдағы тек қана ақшаның шектен тыс көп
болуынан болған жоқ. Бағаның үнемі өсу процесі XX ғасырдың басынан
байқалады (XIX ғасырда тауарлар бағасының өсуі мен төмендеуі үнемі алмасып
отыратын). Барлық дамыған капиталистік елдерде тауарлар мен қызметтер
бағасының деңгейі XX ғасырда елеулі түрде өсті (мысалға АҚШ-та бөлшек сауда
бағасы 17 есе өсті). Ғалым-экономистер бұл құбылысты олигополистік бағаның
қалыптасуынан деп есептейді.
Бағалардың тұрақты түрде өсуіне: экономистердің айтуы бойынша
өндірістің және сұраныстың үнемі өзгеріп, өсіп отыруы, болашақ инфляцияны
күту салдарынан тауарлық келісімшарттардың қымбаттауы, әлемдегі
экономикалық саяси ахуалдардың тұрақсыздығы себеп болды. Сонымен бағалардың
өсуі бір жағынан өндірістің даму, өсу себептерінен болса, екінші жағынан
сол тауарларға деген ұсыныстан туды. Соңғысында тауарлар мен қызмет
бағаларының өсуі нарықтың өндіріс шығындарына және тауарлар мәмілесі
құндарының жоғарылауына жауап ретінде болды.
I.2. Инфляцияның түрлері
Сұраныс және шығын инфляциясы экономиканың дамуына, әсіресе оның макро
және инфрақұрылымдарына, оларға ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларының
тұрақтылығына (саяси, әлеуметтік және т.б.) байланысты түрлі жылдамдықпен
дамиды. Бұл өз кезегінде инфляцияны келесі үш негізгі түрге жіктеуге құқық
береді: баяу, қарқынды және ұшқыр (гиперинфляция).
Баяу инфляция. Оған тұтыну бағасының орташа жылдық өсімі 8-10%-ға
дейінгі инфляция жатады. Мұндай инфляция нарық экономикасы дамыған елдердің
көбіне тән. Баяу инфляция ұзақ мерзімді қарқынмен өсіп келе жатқан
экономиканың дамуына игі әсерін тигізеді деп деп есептеледі. Экономикадағы
артық ақшалар ондағы құрылымдық өзгерістерді қаржыландырады, қосымша жұмыс
орындарын ашуға жағдай туғызады және банктердің кредиттік пайыздық
ставкаларын төмендетеді деген тұжырымдар бар. Бірақ инфляция төменгі
деңгейге жеткенде (1-%-дан төмен) экономикада ақша тапшылығы туады,
шаруашылықтың даму қарқыны бәсеңдейді және ондағы тиісті құрылымдық
өзгерістер тоқтайды. Сондықтан көптеген дамыған елдерде (Англия, Канада,
Швеция, ЕВС, Жаңа Зеландия) баяу инфляцияның деңгейін 1-2.5%-дан төмен
түсірмейді.
Қарқынды инфляция. Бұл жағдайда бағаның орташа жылдық өсу қарқыны 10-
нан 100%-ға дейін шектеледі. Инфляцияның бұл түріне бағаның қарқындап,
бақылаусыз өсуі тән. Ақшалар өте тез құнсызданып, инфляцияны тізгінде
ұстап, басқарып отыру өте қиынға түседі. Сауда-саттық келісімшарттары
бағамы сенімді шетел валюталарымен жүргізіледі немесе тауардың бағасында
болашақта инфляцияның өсу деңгейі ескеріледі.
Ұшқыр инфляция (гиперинфляция). Әр елде ұшқыр инфляцияның
(гиперинфляцияның) критерийі әр түрлі. Нарық экономикасы дамыған елдерде
гиперинфляция деп бағаның жылына 1000%-дан аса жоғарылауын айтады. Ал
экономикасы тұрақсыз, даму үстіндегі немесе өтпелі кезеңдегі елдер үшін
гиперинфляцияның басталу деңгейі бұдан да жоғары. Мысалға Ресей1992 жылы
инфляция қарқыны бір жылда 1353%-ға жетті, бірақ ресми түрде
гиперинфляцияға жақын деп қана танылды. Дегенмен көптеген экономистер
гиперинфляцияға жылына бағаның 1000% өскенін қабылдайды. ХВҚ (МВФ) айына
бағаның өсу қарқыны 50%-дан асса, гиперинфляция деп есептейді. Бұл инфляция
қарқынын жылға есептегенде 13000%-ды құрайды. Егер гиперинфляция қарқыны
есепке алынып отырған айдан бастап алдағы 12 айда 50%-дан аспаса, онда бұл
инфляцияның ұшқырлығы жойылды, қарқыны инфляцияның төменгі сатыларына түсті
деп есептеледі.
Гиперинфляция-экономикадағы терең дағдарыстың белгісі. Ақшаның
құнсыздануы сонша тез болатындығынан, бағалар күн сайын ғана емес, кейде
тіпті күніне бірнеше рет қайта есептелуі мүмкін. Гиперинфляция өндірісті
баяулатады (тоқтатуы да мүмкін), банк жүйесін, нарық механизмдерін бұзады.
Экономикада үрей тудыратын ахуал қалыптасады, ал сауда-саттықта бірінші
орынға бартер айырбасы, есеп айырысу жұмыстарында бағамы тұрақты шетел
валютасы тұрақты ақшаға айналады (доллар немесе басқа сенімді
валюта).Қазақстанда бағаның ең көп шарықтауы-1992 ж.-3060%, 19993 жылдың
қарашасында бір айлық инфляция деңгейі-56% болды. Халықаралық валюта
қорының бағалауы бойынша 1992-1993 жж. Экономикадағы жағдай гиперинфляцияға
жақын. Ал батыс экономистерінің сипаттауы бойынша Қазақстанда 1992-
1994жж.гиперинфляция болды. Халықаралық қаржы есептемесінің стандарттары
(МСФО) бойынша үш жылдағы инфляция жиынтығы 100%, яғни жылына орта есеппен
33.3% болса, онда ол гиперинфляция деп есептеледі. Бұл тұрғыдан алғанда
Қазақстанда 1992-1995 жж. гиперинфляция болған (1992 ж.-3060%, 1993 ж.-
2265%, 1994 ж.-1258%, 1995 ж.-160%). Бір айта кететін жәйт, инфляцияны
жылдамдығы бойынша үш түрге бөлуді абсолюттік құбылысқа жатқызуға болмайды.
Олардың деңгейі мен басқа айырмашылықтары уақыт талаптарына сай өзгеріп
отырады. Мысалға, баяу, қарқынды инфляцияның деңгейлері әр түрлі тарихи
кезеңдерде бір-біріне тең емес.
I.3. Инфляция өлшемдері
Инфляцияны өлшеудің мәні-бағаның өзгеру серпінін анықтау. Бұл мақсатта
пайдаланатын базалық көрсеткіштер ретінде барлық елдерде баға индексі
қолданылады. Соңғы 100 жылдың ішінде индекстік тәсіл жетіліп, ол
инфляцияның әлемдік іс-тәжірибесінде өзін толық анықтады. Индекстік тәсіл
әлемнің әр түрлі елдерінде және халықаралық саудада, бағаның өзгеру
серпінін сенімді нәтижелермен жеткілікті түрде қамтамасыз етеді.
Бағалардың мынадай индекстері (жиі пайдаланатын) бар: көтерме бағалар
индексі, бөлшек сауда және тұтыну бағаларының индексі; жалпы ұлттық өнім
дефляторы; экспорттық және импорттық бағалар индексі.
Көтерме бағалар индексі (КБИ) тауар өндірушілерінің тауарлары мен
қызметтерінің орташа бағасының (сатылатын)өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.
Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) екі түрге бөлінеді: біріншісі-орташа
немесе одан тұрмысы сәл төменірек деңгейдегі халық үшін есептеледі
(жұмысшылар мен қызметкерлерге). Индекстердің бұл түрі жұмысшылар мен
қызметкерлердің азық-түлік қоржынына кіретін тауарлар мен қызметтердің
орташа бағасын анықтайды (өмір құнының индекстері). Бірақ қазірге кезде
көрсетілген индекс өзінің терминологиялық мағынасының сәтсіздігінен
қолданылмайды.
Екіншісі-бөлшек саудамен сатылатын барлық тауарлар индексі (бөлек
саудадан тыс сатылатын тауарлардан басқа). Бұл индекстер бөлшек саудамен
сатылатын барлық тауарлардың бағаларының өзгеруін анықтау үшін есептеледі.
Жалпы ұлттық өнімнің дефляторы (ЖҰӨ)2-тауарлар мен қызметтердің баға
индекстерінің бір тобы. Бұлар арқылы нарықтағы барлық маңызды тауарлар мен
қызметтердің орташа баға индекстерінің өзгерісі сипатталады. Бастапқыда бұл
индекстерді есептеудің мақсаты ЖҰӨ-нің ағымдағы бағасын тұрақты бағаға
келтіру үшін есептелетін (статистикада мұндай операция дефлятирование деп
аталады). Қазіргі кезде ЖҰӨ дефляторы экономикадағы бағаның серпінін
сипаттайтын шешуші көрсеткіштердің бірі.
Дефляторлар арқылы экономикадағы инфляцияның өсу қарқынын өлшеуге
немесе керісінше-бағаның жалпы деңгейінің төмендеу процесін (дефляцияны)
анықтауға болады.
Көп жылдық экономикалық статистиккалық тәжірибеден бағалардың базистік
және ағымдағы индекстерінің мәнін есептеудің екі формуласы (және олардың
түрлері) шығарылды: Ласпейрес (1871) формуласы (индексі) және Пааше (1874)
формуласы (индексі):
(1.1)
(1.2)
мұнда q0-базистік жылда шығарылған тауарлардың және қызметтердің саны;
p0-базистік жылдағы тауарлардың және қызметтердің бағалары;
pj- ағымдағы жылдағы тауарлардың және қызметтердің бағалары;
qj –ағымдағы жылдағы тауарлардың және қызметтердің саны.
Бұл екі формуланың мағынасы-ағымдағы жылда және есеп беру жылында
тауарлар мен қызметтердің саны (көлемі) өзгермейді деп есептеп, бағаның
өзгеруін табу. Тек Ласпейрестің формуласында базистік жылдағы тауарлар мен
қызметтердің көлемі алынады, ал Пааше формуласында олардың ағымдағы жылдағы
саны алынады. Жоғарыда қаралған ЖҰӨ дефляторы Пааше индлексі болып
табылады. Пааше индексінің алымы атаулы ЖҰӨ, бөлімі-нақты ЖҰӨ (базистік
жылдың бағасымен есептелген нақты өнімнің көлемі) көрсетеді.
Келтірілген формулалармен есептелген бағалар индексінің іс жүзінде
нақты идеалды индекстерден (стандарт есебіндегі) айырмашылығы бар.
Өйткені әр кезеңде есептелген формулалар мен салмақ өлшемдерінің (ағымдағы
немесе базистегі) арасында айырмашылықтар бар. Сондықтан батыс
әдебиеттерінде айтылған индекстердегі өзгешеліктерді азайту үшін бірнеше
түрлендірілген формула шықты. Олардың бірі Фишер индексі, ол Ласпейрес және
Пааше индекстерінің орташа геометриялық мағынасын көрсетеді:
(1.3)
Басқаша айтқанда, бұл формула екі индекстің (Ласпейрес пен Паашенің)
көбейтіндісінің квадрат түбірінен шыққан санды сипаттайды. Бұлардың бірінде
ағымдағы кезеңнің салмағы алынса, екіншісінде базистік кезеңдегі салмағы
алынған. Алайда бұл формула іс-тәжірибеде көп қолданыс тапқан жоқ, батыс
экономистерінің арасында ол көптеген келіспеушіліктер мен қайшылықтар
тудырды. Сонымен қатар формуланы практикалық есептерде қолдануға, яғни
индекстерді құруға мәліметтердің болмауынан қиындықтар туды. Дегенмен,
Фишердің индексіне 1993 жылы шыққан Ұлттық шоттар (ҰШЖ) үлкен көңіл бөледі,
басқа индекстерге тән кемшіліктер бұл индексте жоқ деп есептейді.
Бағалардың өзгеруі туралы ақпараттар Астанада, Алматыда, барлық облыс
орталықтарында және кейбір іріктелеген қалалар мен аудан орталықтарында
жинақталады. Шығындар бойынша біріктіруге пайдаланылатын салмақ жүйесі
өткен жылғы үй шаруашылығыматериалдарын зерттеу негізінде есептеледі.
мұнда:
ТБИ есептеуге Ласперестің түрлендірілген (модифицированная) формуласын
қолданады. Бұл формула тұтыну шығындарының тұрақты құрылымы арқылы
салмақтанған (взмешенные через постоянную структуру потребительских
расходов) өткен кезеңмен салыстырғандағы бағалардың өзгерісін көрсетеді.
Jon-екі кезеңді (n және o) салыстырғандағы баға индексі;
Poj-базистік (o) кезеңдегі j тауар бағасы;
Pn-n кезеңіндегі j тауар бағасы;
Qoj-базистік (o) кезеңдегі j тауарлар саны.
Базалық инфляцияның өлшемдері. Базалық инфляция термині соңғы
уақытта кеңінен таралған ұғым. Ол көптеген елдердің орталық банкілерінің
(соның ішінде ҚР Ұлттық банкісінің) инфляцияны таргеттеу деп аталатын ақша
саясатының ұстанымдарын (принциптерін) енгізуіне байланысты пайда болған
термин.
Әлемдік іс-тәжірибеде базалық инфляцияны өлшеудің мынадай әдістері
бар.
1. ТБИ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бір тобын есептен
шығару арқылы табылады. Осы әдістің аса көп кездесетін
нұсқаларында тамақ өнімдері (толығымен) немесе көкөністер мен
жемістер, отын немесе осы тауарлардың бірі және реттелетін
бағалар есептен шығарылады.
2. ТБИ есебінен нақты көрсетілетін қызметтер мен тауаралар түрі
емес, тек өзгеріске ұшыраған бағалардың анықталған бір бөлігі
ғана шығарылады (көрсетілетін қызметтер мен тауарлар
түрлеріне, олардың қоржындағы салмағына қарамастан). Бұл жолы
осы әдістеменің екі түрі болуы мүмкін: а) Trimmed mean-
бағалардың ең төменгі және ең жоғарғы өзгерістері есептен
шығарылады (орысша срезание хвостов); ә) Median CPI
(статистикалық медиана)-бағалардың өзгеру қатарының ортасында
тұрғанынан басқаларының барлығы есептен шығарылады.
3. Ағымдағы айда бағалары ең көп өзгерген қызметтер мен
тауарлардың сегіз түрі ТБИ есебінен шығарылады; есептен
шығарылатын тауарлар мен қызметтер тізбесі ай сайын қайта
қаралып отырады;
Базалық инфляция өлшеудің үш тәсілі де ТБИ есептегенде бағаның орта
мөлшерден жоғары не төмен күрт өзгеруіне жол бермеуге негізделген. Осының
нәтижесінде ТБИ инфляцияға қатысы жоқ процестердің ықпалын жояды.
Базалық инфляцияны есептеу тәсілін математикалық тұрғыдан сипаттау.
1. Trimmed mean (қысқартылған тәртіп)
Есептеу әдістемесі. Төменнен жоғарыға дейін ТБИ компоненттері
бойынша баға өзгерісінің қатары жасалады да, ТБИ құрамында оларға сәйкес
үлес салмақ беріледі. Сонан кейін ТБИ компоненттерінің шоғырлану
(кумулятивті) салмағының сомасы есептелінеді. Соңғысында шоғырлану салмағы
8%-дан кем, немесе 92 %-дан жоғары компоненттер есептен шығарылады. Trimmed
mean қалған барлық компоненттер бойынша бағалар өзгерісіне тең болады.
Базалық инфляция мына формула бойынша есептеледі:
мұнда: p`-базалық инфляция;
pi-ТБИ құрылымындағы j компоненті бағасының өзгеруі;
wi-ТБИ құрылымындағы j компонентінің үлес салмағы;
2. Median CPI (статистикалық медиана)

бойынша баға өзгерісінің қатары жасалады да, шоғырлану салмағының сомасы
есептеледі. Базалық инфляция бірінші компонент бағасының өзгерісіне тең
болады, оның шоғырлану салмағы 50%-ға тең немесе одан асып түседі.
3. ТБИ есептеуден сегіз компонентті алып тастау тәсілі.
Есептеу тәсілі. ТБИ есептегенде бағалары аса үлкен өзгерістерге
ұшыраған сегіз компонент шығарылады. Қалған ТБИ компоненттерінің үлес
салмақтары олардың маңыздылық дәрежесіне үйлесімді түрде артады, бірақ
олардың сомасы 1-ге теңелуі керек.
мұнда n-ТБИ компоненттерінің саны.
Барлық тәсілдер базалық инфляцияны ай сайын есептеуге
негізделген. Оның тоқсандық немесе жылдық нәтижелері бір айлық деректерді
жай қосумен анықталады.
II.1. Қазақстандағы нарыққа көшу кезеңіндегі инфляциялық процестердің
ерекшеліктері
ТМД елдерінде және оның ішінде Қазақстанда XX ғасырдың 90-жылдарының
басында болған экономикалық дағдарыстың тарихи тамырлары тереңде жатыр. Сол
өткен XX ғасырдың 70-жылдарының ортасында жоспарлы экономика идеясы
(жоспарлы экономикалық даму) күйзеліске ұшырай бастады. Қабылданған жоспар
мен жұмыс нәтижелерінің алшақтығы анық көрінді. Жоспарлар үнемі қайта
қаралып отырды, бұл дағдылы жоспарлы экономикадан гөрі әміршіл экономика
заман талаптарына сай екенін дәлелдеді. Экономиканың өрлеу қарқыны
төмендеді. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімі КСРО-да 1989 ж. +3%-ды; 1990
ж.—2.3%-ды; 1991 ж.—17%-ды құрады. Осылайша тек идеологиялық құндылықтармен
қоректенген жоспарлы-әміршіл экономика өзін-өзі жоя бастады.
Қазақстанда оныншы бесжылдықта (1976-1980 жж.) ұлттық табыстың орташа
жылдық өсімі 4,4%-ды құраса, ал он бірінші бесжылдықта (1980-1985 жж.)-0,3
%-ды құрады. 1991 жылдың басында өндірістің барлық салаларында жалпы ұлттық
табыс елеулі түрде құлдырай бастады және оның одан әрі құлдырау үрдістері
ашық көрініп, айтыла бастады (1-кесте). Бұл орайда ескеретін жағдай негізгі
қорлар мен өндірістің қорларының көлемі, еңбектің қормен жарақтандырылуы,
капиталдың халық шаруашылығына құйылуы жыл сайын өсіп отырды, бірақ олардың
тиімділігі үнемі төмендей берді.
Өндірістің құлдырауы және экономикадағы тоқырау құбылыстары қоғамдағы
саяси қайшылықтарды күшейтті. Ел үкіметтен қоғам өміріне сай, небір тиімді
саяси, экономикалық шешімдер қабылдануын күтті. Соңынан күткен шешімдер,
әрине, қабылданды, олардың мән-мағынасы экономиканы сауықтыру деген
шаралармен тарихқа қайта құру деген атпен кірді. Оны жүзеге асыру үшін
бүкіл шаруашылық механизм жүйесі қарастырылып, ол кеңінен насихатталды.
Бірақ бұл қабылданған шаралардың жеткіліксіз екенін уақыт көрсетті. Олар
экономиканың негізін, яғни өндіріс құралдарына қоғамдық меншікті өзгертуді
қарастырмады. Бірақ сол кезеңдегі өтіп жатқан қарқынды саяси оқиғалар өз
жолымен тарихи төңкеріс жасады. 1991 жылдың тамызында КСРО өзінің
державалық өкілетін тоқтатты, сол жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз мемлекет-
Қазақстан Республикасы құрылды.
Халық шаруашылығының салалары бойынша өндірілген ұлттық табыстың
индекстері (өткен жылмен салыстырғанда, пайызбен)*
Атауы 1980 1985 1990 1991 1992
Өндірілген 103,7 101,4 99,1 85,1 96,6
ұлттық табыс
(таза өнім)
Оның ішінде: 104,7 100,4 79,1 95,9 83,0
өнеркәсіп
саласы
Ауыл 96,2 110,8 112,3 75,0 130,0
шаруашылығы
құрылыс 100,6 98,3 91,9 75,0 33,0
Көлік және 109,3 105,5 98,4 139,9 136,5
байланыс
Сауда, 112,0 103,6 101,4 43,8 79,3
материалдық-тех
никалық
жабдықтау және
дайындық, басқа
материалдық
өндіріс
салалары
Қайта құру жылдарында өткізілген реформалардың қысқаша нәтижелері
төмендегідей болды.
Жалпы Қазақстанда өтпелі нарықтық қатынастарға көшу кезеңі 1991 жылдың
ортасы деп айтуға болады. Осы жылдың сәуірінде Қазақ КСР-ында 1991-1992
жылдарға арналған мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасы (1-
кезеңі) қабылданды. Бағдарламаның басты мақсаты нарықтық экономиканың
әлеуметтік базасы болып есептелетін жеке меншік иелері мен кәсіпкерлер
буынын құру болды. Бұл бағдарламаны орындау 1991-1992-жылдардың басты
мақсаты болуына байланысты үкімет оны белсенді түрде жүзеге асыруға
кірісті. Алайда соңынан бағдарламаға түзетулер енгізуге тура келді.
1992 жылдың 2 қаңтарынан Ресей бағаны ырықтандыруға көшті. Ол кезде
Қазақстан Ресеймен бірегей рубль аймағында болғандықтан, республикада
жоғарыда қабылданған жекешелендіру бағдарламасын қайта қарауға тура келді.
Оны орындау кейінге қалдырылып, Қазақстан Укіметі де бағаны ырықтандыруға
мәжбүр болды.
Бағаларды ырықтандыру және инфляциялық процеске әсері. 1990 жылдың
соңында бұрынғы КСРО мемлекетінде өнеркәсіп саласында бағаны реформалау
басталды. Бастыпқы кезде кәсіпорындар өнімдерінің үлкен бір бөлігі (шамамен
60 %-ы)-негізгі шикізат, отын, энергетикалық ресурстар, металлургия, машина
жасау кешендерінің өнімдерін нақты бекітілген бағамен, ал қалған бөлігін
келісім бағаларымен сату қарастарылды. Бірақ іс жүзінде бекітілген бағалар
дамымады. Өнеркәсіпте келісім бағалар кеңінен тарады. Кәсіпорындарға
тауарларын келісілген бағамен сату пайдалы болды, өйткені бұл оларға үлкен
табыс әкелді. 1991 жылдың соңында келісім бойынша сату көлемі: мысалға,
металл емес минералды өнімдер саласында-62 %, химиялық өнеркәсіпте-41 %,
қара металлургияда-32 %, күнделікті сұраныс тауарларын сатуда-90 %-ға дейін
жетті. Мұндай бағамен өнімдерін сатқан кәсіпорындар таба алмайды. Осындай
орын алған қиындықтар тек
сұраныс пен ұсыныс факторларына негізделген бағалардың табиғи жолмен
қалыптасу қажеттігін туғызды, нарықтық бағаның пайда болуына алып келді.
Осылардың бәрі 1992 жылы қаңтарында бағаны кеңінен ырықтандыруға алып
келді.
Алайда бағаны ырықтандыру Қазақстанда да, Ресейде ешқандай дайындықсыз
басталды. Қазақстанның Ресейге бағаларды ырықтандыруды ең болмағанда 1992
жылдың жазына дейін қалдыра тұрайық деген ұсынысы естілмей қалды. Сондықтан
Қазақстан амалсыздан көрші мемлекеттің бағаны ырықтандыру шешімін
қабылдауға мәжбүр болды. Осылайша 1992 жылдың 4 қаңтарында Қазақстанда да
бағалар тежелуден шықты (Президенттің Бағаларды ырықтандыру шаралары
туралы Жарлығы шықты).
Қазақстанның ол кезде өз бетінше монетарлық саясат жүргізуге
мүмкіндігі жоқ еді. Елде дербес ақша айналымының жоқтығы макроэкономикалық
тұрақтану мүмкіндіктерін шектеді. Сонымен қатар жаңадан құрылған тәуелсіз
мемлекеттердің рубль аймағында болуы әрбір елде бақылаудан тыс эмиссиялық
орталықтардың құрылуына жол ашты. Ал бұның өзі сол елдерде инфляциялық
процестердің дамуына себеп болды. Сондай-ақ Қазақстанның өз бетінше ақша-
кредит саясатын жүргізе алмауы Ресейге экономикалық тәуелділікті күшейтті.
Оның үстіне КСРО мемлекеттік банкісі рубльды өзінің ұлттық валютасы деп
жариялады.
Бағаны босатумен бірге елде инфляция өрши түсті, ол алдымен
гиперинфляцияға, соңынан стагфляцияға ауысып, Қазақстанда терең
экономикалық дағдарыстың басталуына алып келді. Бағаны еркіне жіберу
экономиканың құрылымын автоматты түрде тұрақтандырды, бұл саладағы
үйлесімсіздікті дұрыс жолға қояды деген есеп ойдан шықпады (орындалмады),
ырықтандырудың нәтижесі экономикаға және қоғамға өте ауыр соқты.
Қазақстанда бағаның бірнеше кезеңнен6 тұрды. Бастапқы кезеңде
экономиканың базалық салаларында (негізінен қуат көздері салаларында)
бағаларды мемлекет шектелген коэффициент арқылы реттеп отырды. Реттелген
бағалар біраз уақыттан кейін қайта қарастырылып, ұлғайтылып отырды. Бұл
қуат көздеріне бағалаудың бақылаусыз өсуіне тосқауыл қойды.
Соған қарамастан 1992 жылы бағалар 1991 жылғы бағалармен салыстырған
көмірге-8,5 есе, мұнайға-11,8 есе, газға-7,6 есе, электр қуатына-6,7 есе
өсті. Бірақ энергия көздеріне бағаны мемлекеттік реттеулерді сақтау
кәсіпорындарға қиынға соқты. Материалдық ресурстарды еркін бағамен сатып
алу оларға өзінің меншікті қаржылық ресурстарын жасауға мүмкіндік бермеді.
Туындаған қиындықтар бағаларды реттеуден бас тартып, еркін бағаға өтуге
әкелді. 1994 жылдың сәуірінен бастап мұнай және көмір бағалары босатылды,
электр және жылу қуаттарына тарифтер тек 1994 жылдың ішінде үш рет
жоғарылады. Инфляцияның деңгейін ескеріп, бағаны индекстеудің теріс іс-
тәжірибесі жүргізілді. Содан кейінгі жылдарда қуат тасымалдаушылар
бағаларының деңгейі мемлекеттің қатысуымен монополистердің реттеу саласында
қалды. 1994 жылы экономиканың аграрлық секторында бағаның еркін
қалыптасуына соңғы шектеулер алынды. Еркін бағаға өту барлық басқа салада
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы соңғы шектеулерді жойды, нәтижесінде
бағаның күрт жоғарылауына жағдай туды (2-кесте).
2. Қазақстан Республикасы экономикасының секторлары бойынша индекстер
(кезең соңында өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда, пайызбен)*2
Индекстердің 1992 1993 1994 1995 1996
атауы
Көмір өндіру, 100 85 79 63 58
мың т.
Темір өндіру, 100 55 44 6 5
мың т.
Қорғасын өндіру100 87 47 28 23
мың т.
Болат өндіру, 100 67 43 44 47
мың т.
Тамақ
өнеркәсібі:
Қант өндіру, 100 51 30 30 37
мың т.
Ет өндіру, мың 100 68 46 30 19
т.
Өсімдік майын 100 20 47 41 43
өндіру, мың т.
Мал майын 100 82 54 36 18
өндіру, мың т.
Сүт өндіру, жан100 51 37 19 17
басына шаққанда
(кг)
Мұндай құлдырау барлық экономика саласында болды. Тек 1996 және 1997
жылдары экономиканың тұрақтануының бірінші белгілері байқала бастады, оны
ЖІӨ-нің 1996 ж.-0,5 %-ға, 1997 ж.-1,7 %-ға өскенінен көруге болады.Осы
құлдыраудың салдарынан ЖІӨ-нің көлемі тек 2004 ж. ғана реформаға дейінгі
(1990 ж.) кезеңнің көлеміне теңелді.
Өндірістің құлдырауы бағаның жалпы деңгейінің өсумен (5-кесте)
сипатталды. Тұтынушылар нарығында бағаның көтерілуі 1993 жылы 1991 жылмен
салыстырғанда 693 есе, ал өнеркәсіп тауарларының көтерме бағасы 350 есе
өсті.
5. 1991-1993 жылдар аралығындағы Қазақстан экономикасы дамуының
макроэкономикалық көрсеткіштері*3
Көрсеткіштер өтен жылға, %-бен 1993
жылға,%-бен
91 92 93 91
өткен жылғы 89 94,7 90,8 85,5
%-бен ЖІӨ нақты
көлемінің
индексі
өткен жылғы 201,5 1497,5 1330,6 6 есе
%-бен ЖІӨ
дефляторы
Өнеркәсіп 2,9 есе 24,7 есе 14,2 есе 350 есе
өнімдері
бағасының өсу
индексі
Тұтынушылар 1,9 есе 30,6 есе 22,6 есе 693 есе
бағасының өсу
индексі, өткен
жылғы
желтоқсандағы
Пайда: 1,6 есе 20,3 есе 7,2 есе 146,3 есе
қаңтар-қараша
айларындағы
ұлғаюы
II.2. Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияны бір сәтте жеңіп шығу мүмкін емес, оған жылдар керек.
Бүгінгі таңда инфляцияға қарсы саясаттың екі негізгі бағыты
қалыптасқан:дефляциялық саясат және табыс саясаты.
Дефляциялық саясат. (лат. Deflation-үрлеу, ұшырып түсіру немесе
сұраныстарды реттеу) айналымдағы ақша массасының өсуін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz