Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы ... ... ... ... ... ... ... 5.12
1.2. Жоғарғы сынып оқушылардың оқу.танымдылық іс.әрекетін белсендіру мәселесінің педагогикалық тарихына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ..12.21
ІІ ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ.
2.1. Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22.23
2.2. Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен сабаққа дайындау жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24.27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
V. ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тұлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге арналған жаңа шешімдерді іздестіру төрбиелік үрдістің түтас идеясын тұрақтандырудың қажеттіін туғызады.
Соңғы он жылда тәрбие үрдісі шынына келгенде оның қүрылымындағы жекелеген үрдістер жиынының жалпы саны ретінде қаралып келді. Бүл үрдістер төрбие ісін үйымдастыра да, жетілдіре де алады деп саналды, Бүдан басқа түлғаның түтастай қалыптаеуына емес, оның жекелеген сапаларын қалыптастыруға көңіл бөлінді, сонымен бірге түлғаның жан-жақты үйлесімді дамуының үстанымы бүзылды.
Тәрбие үрдісін осы заманғы жағдайдағы түсінік бойынша тербиешілер мен тәрбиеленушілердің бірлесқен мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді әрекеті, ыңтымақтастық әрекеті деуге болады.
Еңбектің бірініші бөлімінде бүгінгі күнгі емір талаптарынан шыққан тербиенің мақоаты белгіленген. Осы негізгі мақсатты нақтылай келіп, қазіргі қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістерінде, нарықтық қатынастарға көшіп отырғанда, жалпы адамзаттық қүндылықтарға және тәрбиенің осы заманғы теориясына сүйене отырып жөне Қазақстанның үлтгық, өлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішкі мүмкіндіктерін өздігіне толық пайдалануға даяр белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің жауапқершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды жөне тапқыр, қоғамдық талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғам мүддесімең үштасгыруға қабілетті, жеке бастың қүндылығын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, үлтгық саңасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, жан-жақты мөдениері азамат тәрбиелеу керекгігін еске саламыз.
Уақыт талаптарына байланысты тәуелсіз республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінде төрбие жұмысының негізгі түрлері сақталғанымен, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ең бастысы сол — мектептегі сабақтарда, сыныптан тыс және мектептен тыс уақытга «мүғалім мен оқушының» езара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек. Сонымен қатар, түлғаны рухани-адамгершілік қүндылық-тарымен байыту көзделуі керек, соның нәтижесінде оқушылардың жоғары қабілеттілігі дамиды, еңбекке, табиғатқа, өнерге, айналадағы адамдарға саналы қатынасы орнайды, тиісінше өзін қоғамда үстай білушілігі қалыптасады.

1. С.Қалиұлы. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, 2003 ж.
2. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев. Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы,1995 ж.
3. Ы.Алтынсарин. Таңдамалы педагогикалық мұралары. Алматы, 1991 ж.
4. Әлімбаев М. «Халық – ғажап тәлімгер». Алматы, 1994 ж.
5. Н.Елікбаев. Ұлттық психология. Алматы, Қазақ Унив., 1992 ж.
6. М.Жолдасбеков. Асыл арналар. Алматы, Жазушы 1986 ж.
7. А.Жарықбаев. Қазақтың тәлімдік ой – пікірлері. Антологиясы. Алматы, 2000 ж.
8. Т. Илина. Педагогика. Москва, 1984 ж.
9. Л.Керімов. Праволық тәрбие жүйесі. Алматы, 1990 ж.
10. Ж.Қоянбаев. Педагогика. Астана, 1999 ж.
11. А.С.Макаренко. Ұстаздық дастан. Алматы, 1989 ж.
12. Қ.Бержанов. Педагогика тарихы. Алматы, Мектеп, 1984 ж.
13. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, 2006 ж.
14. Р.Төлеубекова. Адамгершілік тәрбиесі туралы. Алматы, 1994ж.
15. Т.Сабиров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978 ж.
16. «Бастауыш мектеп» № 7 , Алматы, 2005 ж.
17. Жрлабаев М.«Педагогика», Алматы, 1992 ж.№
18. «Бастауыш мектеп» № 9, Алматы, 2005 ж.
19. «Мектеп» ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал, Шымкент, 2005 ж.
20. Болдырев Н.И. Класс жетекшісі . -Алматы: Мектеп, 1980.
21. Қожахметова К.Ж. Мектеп директорының тэрбие ісі жөніндегі
орынбасары. Алматы, Әлем, 2000.
22.Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы заңы" 1999ж.
23.Қазақстан Республикасыньщ Гуманитарлык білім беру тұжырымдамасы
1994 ж. 25..Синица И.Е. Педагогтық эдеп және ұстаздық шеберлік. А. 1987ж.

Тақырыбы: Жоғары сынып оқушыларымен жұмыс жүргізудің ерекшеліктері.
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін ескеру
негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы ... ... ... ... ... ... ... 5-12
1.2. Жоғарғы сынып оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетін белсендіру
мәселесінің педагогикалық тарихына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ..12-21
ІІ ТАРАУ. ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІ.
1. Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .22-23
2. Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен сабаққа дайындау
жұмыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-27
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2 8
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 29
V.
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тұлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге
арналған жаңа шешімдерді іздестіру төрбиелік үрдістің түтас идеясын
тұрақтандырудың қажеттіін туғызады.
Соңғы он жылда тәрбие үрдісі шынына келгенде оның қүрылымындағы
жекелеген үрдістер жиынының жалпы саны ретінде қаралып келді. Бүл үрдістер
төрбие ісін үйымдастыра да, жетілдіре де алады деп саналды, Бүдан басқа
түлғаның түтастай қалыптаеуына емес, оның жекелеген сапаларын
қалыптастыруға көңіл бөлінді, сонымен бірге түлғаның жан-жақты үйлесімді
дамуының үстанымы бүзылды.
Тәрбие үрдісін осы заманғы жағдайдағы түсінік бойынша тербиешілер мен
тәрбиеленушілердің бірлесқен мақсатқа жетуге бағытталған өзара тиімді
әрекеті, ыңтымақтастық әрекеті деуге болады.
Еңбектің бірініші бөлімінде бүгінгі күнгі емір талаптарынан шыққан
тербиенің мақоаты белгіленген. Осы негізгі мақсатты нақтылай келіп, қазіргі
қоғамды ізгілендіру мен демократияландыру үрдістерінде, нарықтық
қатынастарға көшіп отырғанда, жалпы адамзаттық қүндылықтарға және тәрбиенің
осы заманғы теориясына сүйене отырып жөне Қазақстанның үлтгық, өлеуметтік-
экономикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішкі мүмкіндіктерін
өздігіне толық пайдалануға даяр белсенді, іскер, қоғам алдындағы өзінің
жауапқершілігін сезінетін, сонымен бірге қайырымды жөне тапқыр, қоғамдық
талаптарға икем, жеке басының мүдделерін қоғам мүддесімең үштасгыруға
қабілетті, жеке бастың қүндылығын бағалай білуші, жоғары ойлы, адал, үлтгық
саңасы оянған, басқа да ізгі қасиеттері жетілген, жан-жақты мөдениері
азамат тәрбиелеу керекгігін еске саламыз.
Уақыт талаптарына байланысты тәуелсіз республикамыздың жалпы білім
беретін мектептерінде төрбие жұмысының негізгі түрлері сақталғанымен,
оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Ең бастысы сол —
мектептегі сабақтарда, сыныптан тыс және мектептен тыс уақытга мүғалім мен
оқушының езара қатынасында қажетті білім көлемін игерту арқылы ғылыми
көзқарастар негізін қалыптастыруға қамқорлық жасалуы керек. Сонымен қатар,
түлғаны рухани-адамгершілік қүндылық-тарымен байыту көзделуі керек, соның
нәтижесінде оқушылардың жоғары қабілеттілігі дамиды, еңбекке, табиғатқа,
өнерге, айналадағы адамдарға саналы қатынасы орнайды, тиісінше өзін қоғамда
үстай білушілігі қалыптасады.
Курстық жұмыстың мақсаты:
1.Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін
ескеру.
2.Жоғарғы сынып оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетін белсендіру
мәселесінің педагогикалық тарихына сипаттама.
3.Мұғалімнің жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу ерекшеліктер.
Курстық жұмыстың міндеті: Жоғарғы сынып оқушылармен жұмыс жүргізудің
ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу әдістері: талдау , біріктіру, қорытындылау, салыстыру.
Зерттеу әдістері: Оқушылардың үйде өз беттерінше орындайтын оқу
жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады.
Сондықтан да оны кей жағдайларда оқыту процесінің бір компоненті
ретінде қарастырылады.
Оқушының үйдегі оқу жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен
жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең
және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың
басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен
бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті
орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып,
өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Олар өзінің оқу
жұмысын жоспарлауға, қажетті оқу материалын жинақтауға дағдыланады,
сабақта алған білімдері мен біліктіліктерін өзіндік еңбекте қолдана
білуге жаттығады, өзін-өзі бақылау және кітаппен жұмыс істеу
тәсілдерін меңгереді, оқудың әртүрлі амал-тәсілдерін қолдана отырып,
өз бетінше баяндама жасауға дағдыланады.

1.1. Жоғарғы сынып оқушыларының жас және жеке басы ерекшеліктерін
ескеру негізіндегі тәрбиенің тұлғалық бағыттылығы
Кітаптың бірінші бөлімінде айтылған тәрбиенің жалпы мақсаттары барлық
басқыштағы жаста жүзеге асырылады. Сондықтан бұл бөлімде I—IV, У-УІ,
VII—VIII, IX сынып оқушыларын тәрбиелеу олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
қарастырылып, жалпы міндеттері нақтыланады, тәрбиелік міндеттерді жүзеге
асыруға көмегін тигізетін тәрбиенің ұл гілері ұсынылады.
Осы арада жасына қарай жекелеген топтардың арасыңдағы шек қоюшылық
туралы мәселені шешуге белгілі бір ықпал жасайтын кейбір жаңа құбылыстарға
назар аударған жөн. Соңғы уақытга барлық жерде балалардың дене және
психикалық жағынан барынша ерте даму себебі әлі күнге жеткілікті зерттеліп
болмаған акселерация жайы еске алынып отыр. Мұғалім, тәрбиеші үшін жас
ерекшеліктеріне байланысты көзқарасты екі түрлі мағынада қарастыруға тура
келеді. Ол, біріншіден, әр балаға тән жас ерекшелігі ғана емес, сонымен
бірге топ немесе ұжымға тән жас ерекшелігін де ескеруге тура келеді.
Сондықтан тәрбиешілерге тек жекелеген оқушының жас ерекшелігін біліп қою
жеткіліксіз, сонымен бірге, сынып оқушыларының жас ерекшеліктері туралы
мағлұматының да мол болуы қажет. Оны тәрбиелеу мақсатында оқушының жеке
басын зерттеп білу көзінде мұғалім, ең алдымен, нені білу керектігін
айқындап алуы керек.
Бірқатар себептер бойынша I—IV сынып (7—10 жас) оқушылары педагогикалық
тұрғыдан ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Біріншіден, педагогтың бұл
жастағы баланың тұңғыш рет мектеп табалдырығын аттап, әлеуметтік ортамен
жаңа қатынастарға түсіп отырғанын есінде ұстауы тиіс. Бұл төменгі сынып
оқушыларының өмірін жаңа жағдаймен толықтырады. Сөйтіп, жаңа ортамен өзара
қарым-қатынас жасау үрдісінде оның мінез-құлқы, еркі, оқуға деген
қызығушылығы мен танымдық қабілеті дамиды. Екіншіден, тәрбиешіге бұл
жастағы баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін білу аса қажет.
Солардың кейбіреуін атайық: бұл кезенде физиологиялық тұрғыдан алғанда,
7-10 жастағы оқушыларда негізінен бас сүйегі қатаяды, тұтастай алғанда
қаңқаның қатаюы жалғаса береді. Ми салмағының артуы, жүйке жүйесінің
жетілуі, екінші сигналдық жүйенің (сөйлеу) қарқынды дамуы байқалады, сөздік
қор көбейеді, тежелуден қозудың басым болушылығы, ойдың нақты бейнелі түрі
және естің болуы, елестетудің айқындығы, білуге құмартушылық, жеңіл-желпі
сенушілік, елік-теушілік, ерік үрдісінің дамуы сезіледі, моральдық
санасында императивтік (бұйырушылық) элементі, өз құрбыларының мінез-
құлқындағы кемшіліктерге қатты әсер ету және өзіне сын көзбен қарамауы
басым болады.
Психиканың дамуы жаңа құрылым деп аталатын қызмет түріндегі жүйелі
оқу сияқты жаңа сапалық ерекшеліктердің пайда болуына байланысты: ойын
қызметтің шешуші түрлерінің бірі болып қала береді, келесі сынып ұжымына
ауысқанда ойын балалардың мінез-құлқында ерекше ізін қалдырады.
Үшіншіден, оқу процесі баланың жеке басына, оның назарына, есіне, ойлау
жүйесіне әсер етіп, тұлғаның психикалық даму деңгейі мен үнемі өсіп
отыратын талаптар арасындағы қайшылықтардың тууына себепкер болады.
Мектепке келген алғашқы күннен бастап балалардың өз құрбыларына,
педагогтарға, оқуға, табиғи ортаға деген қарым-қатынасы қалыптасады,
алғашқы дағдылар мен әдеттер пайда болып, кейін оқушының мінез-құлық стилін
және оның мектеп ұжымындағы орны мен бағытын айқындайды.
Төменгі сынып оқушылары көп өсерленгіштігімен, басқаға назар аудара
білушілігімен біршама ерекшеленеді. Сондықтан оларды оқыту үрдісімен және
сабақтан тыс кездегі бірлестікте өткізілетін тартымды жұмыстармен қызықтыра
білудің маңызы зор. Жеті жастағы бала әдетте тәрбиелік ықпалға тез
кендігеді. Оның жақсы оқушы болғысы келеді. Бұл жастағы баланың бойында
қазірдің өзінде белгілі бір дәрежеде адамгершілік тәжірибесі бар екенін
есте ұстау керек.
Мамандар дәлелдегендей, балалардың адамгершілік жайындағы түсінігі
бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Оқушының іс-әрекетінде белгілі бір
ортаға бейімділік байқалады. Қоғамдық ортада болғанда төменгі сынып
оқушыларында моральдық түсінік тез дамиды және бастауыш мектептің соңына
қарай оларда адамгершілік туралы- белгілі бір түсінік пайда болады.
Мәселен, егер I— II сыныпта оқушының мораль жөніндегі түсінігі тек ата-
аналар мен мұғалімдердің пікірлеріне негізделетін болса, III—IV сыныпта ол
басқа адамдардың іс-әрекетіне талдау жасауға және қорытындылауға тырысады.
Сонымен бірге, олардың бойында өздерінің оқығандары мен көргендерінен
тәжірибе жинақталады және ол жеке басының әрекеттерін саналы түрде бағалай
білу деңгейіне көтеріледі. Бастауыш сыныптарда оқушының бойында өзіне төн
мінез-құлықтың қалыптаса бастайтынын және түрліше қайшылықтардың бой
көрсететінін білудің маңызы зор. Оны төмендегі фактілермен тұжырымдауға
болады: жүйке жүйесінің әлсіздігіке байланысты теменгі сынып оқушыларында
ұялшақтық пен тұйықтық пайда болады; тежеу үрдісінің әлсіздігінен шапшаң
қимылдаушылық пен өз әрекетін тежеуге қабілетсіздігі басым болады;
психикалық үрдістің әлсіз қозғалуынан оларда баяулық және бір заттан
екіншісіне солғын назар аударушылық байқалады. Оқытудың бастауыш басқышында
оқушының ойланбай жасалатын қылықтарға бейім тұратынын есте ұстаған жөн.
Мәселен, ерік үрдістерінің әлсіздігінен бала тіпті белгіленген мақсаттарды
орындай алмауы мүмкін, сонымен бірге оған назарының тұрақсыздығы да тән.
Осыған байланысты мұғалімдер мен ата-аналар баланың өзіне деген сенімін
әрқашан қолдап отыруы керек.
Бастауыш басқыштың оқушысы үшін мұғалім қашан да еліктейтін үлгі болып
табылады. Оқушы барлық істе мұғалімге ұқсағысы келеді. Озат мұғалімдердің
тәжірибесі осындай қызығушылықты тәрбиелік жұмысқа пайдалана отырып, үлкен
нәтижелерге жетуге болатынын көрсетгі. Егер III сыныптың басында оқу-тәрбие
жұмысы педагогикалық тұрғыдан сауатты ұйымдастырылған болса, онда
оқушылардың бойында еңбексүйгіштік, ұқыптылық, шыдамдылық, жауаптылық,
қиындықты жеңе білушілік сияқты ерік сапаларын дамытуға болады. Бастауыш
басқыштың оқушысында оқуға деген талап пен қызығушылықтың өте жоғары екені
белгілі. Ол бәрін білгісі және бәрінен үйренгісі келеді. Ең алдында ол
(I—II сыныпта) жекелеген заттар мен құбылыстарды тануға ұмтылады, содан
кейін себептерін, зандылықтарын және құбылыстардың байланысын айқындауға
тырысады. Осындай жағдайларға сәйкес оқу үрдісімен қатар, мұғалімнің
сабақтан тыс тәрбиелік шаралары танымдық үрдісте оқушылардың қызығушылығын
күшейтуге бағытталуы керек.
V—VI сыныптарда (11—12 жас) оқитын оқушылар кіші жасөспірімдер деп
аталады. Жасөспірімдік жас - оқушының дамуындағы жаңа кезең. Жасөспірім
енді бала емес, бірақ ол әлі үлкен де емес. Баланың бейнесінде балалық
көріністерімен қатар, есейе бастаған адамға тән жаңа белгілері және үлкен
адам болуға деген белсенді ықылас пайда болады. Сондықтан бұл жастың
өтпелі кезең деп аталуы кездейсоқ емес. Жасөспірімнің анатомиялық-
физиологиялық дамуында елеулі өзгерістер пайда болады. Ол біркелкі
болмағанымен, қарқынды өтеді. Әдетте, оқушылар бұл өзгерістердің бәрін де
сөзінеді және оларды ауырсынуды жиі бастан өткізеді. Бұл жаста баланың
партада отыруына көңіл белудің, оның гимнастикамен көбірек шұғылдануына,
спорттық секцияларға қатысуына ақыл-кеңес берудің маңызы зор. Сондай-ақ бұл
жас олардың рухани жағынан күшті дамуымен сипатталады. Алайда көптеген
жағдайда олардың ересек болуға талпынысы дамуының ішкі қайшылықтарымен
қақтығысып қалады және бұны тәрбие үрдісінде еске сақтаған жөн.
Бұл кезде кіші жастағы жасөспірімдер кейбір білім, қоғамдық-пайдалы
жұмыс тәжірибесін игереді, өзіне деген сенімге және тәуелсіздікке ие
болады. Бұл жастағы балалар маңызды тапсырмаларды орындауға қабілетті.
Оларда өздерінің қылықтарына талдау жасай білу, сондай-ақ үлкендер мен
құрбыларының іс-әрекетін бағалай білуге бейімділік байқалады. Сол арқылы
олардың жеке сапасы корініс табады. Кіші жастағы жасөспірімдер үшін
тәрбиешінің жеке басының және сыныптық, ұжымдық ортаның төтенше маңызы бар.
Сөзбен әсер ету, түсіндіру жөнс сендіру әдістерін пайдаланумен бірге бұл
әдістердің тиімділік әсері интеллектуалдық және моральдық даму деңгейіне,
олардың дұрыс ойлай білу және дәлелді меңгере білу қабілеттеріне байланысты
екенін есте ұстау қажет. Бұл жаста тәрбиенің сөздік әдістерінің ықпалы
әлсіреуі мүмкіи, өйткені жас өспірімдердің бойында дамып келе жатқан
сыншылдық қасиет оларды үлкендердің әрекеттері мен дәлелдеріне күдіктене
қарауға және үлкендердің талаптарына қарсы тұруға мәжбүр етеді. Мұндай
құбылыстарды елеулі алшақтыққа душар етпеу үшін жасөспірімдерге жасалатын
тәрбиелік ықпалдың әдістері мен тәсілдерін іріктеуді жан-жақты ойластыру
қажет.
Жасөспірімдердің мінез-құлқын қалыптастыруда тәрбиешілердің жеке бас
үлгісінің ерекше маңызға ие болуы одан әрі жалғаса береді. Сонымен
бірге, жасөспірім өзін үлкен кісі санаумен үлкендердің қылықтары мен
әрекеттеріне саналы түрде ұмтылады. Сондықтан жасөспірімдер үшін
үлкендердің істерінің, қылықтарының, ойларының маңызы зор. Жасөспірімдер
өзіне қойылатын талаптардың нақтылығын тез сөзінетін болады. Олар үшін
үлкендердің талаптарындағы әділдік, ақылдылық, мақсаттылық т.б. ұстанымдар
бірлігінің үлкен маңызы бар.
Осы орайда жскелеген педагогикалық талаптарды кейде тікелей емес,
оқушының жеке басына жанамалай ықпал етумен тұспалдай қоюға болады.
V—VI сыныптарда оқу үрдісінде оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту
үшін қабылданған мемлекеттік оқу жоспарына сәйкес пәндерде және оқудан тыс
кездегі іске асырылатын тәлім-тәрбие жұмыстарында қоғамдық-білім, біліктер
мен дағдылар жүйесін меңгереді.
VII—VIII сыныптардың оқушылары ересек жасөспірімдер болып табылады. Бұл
кезенде олардың ішкі дүниесінде терең өзгерістер болады: санасы дамиды,
өмірден өзінің орнын айқындай бастайды, өзінің іс-әрекеттеріне жауаптылығы
арта түседі, ізгілік және адамшылық проблемалары жайында ойланады. Оларда
өздерінің білімдерін, өзін-өзі тәрбиелеуді жетілдіруге, эететикалық
мәселелерге ұмтылыс пайда болады. Ересектерге, айналасындағы адамдардың
адамгершілік қасиетіне ерекше назар аудара бастайды. Сондай-ақ VII— VIII
(13-14 жас) сынып оқушыларының анатомиялық-психологиялық дамуында
айырмашылық ерекшеліктер кездеседі. Бұл кезенде жасөспірімдерде жыныс
бездерінің жетіле бастауына байланысты гипофиз бен қалқанша бездерінің
күшеюі әсерінен дененің жедел дамуы байқалады. Ол дене түзілісі мен зат
алмасу үрдісін жеделдетеді, сол себепті қарқынды өсуге өкеп (акселерацияға)
соғады, сонымен бірге, жас жеткіншектің қаңқасы шеміршектен сүйекке
айналады.
Сырт кезге дене түзілісі жақсы қалыптасқан болып көрінгенмен,
жеткіншектің әлеуметтік дамуы оның дене дамуына сәйкес келмейді немесе ата-
анаға материалдық тәуелділікте болуымен байланысты түсініспеушілік туады.
Сайып келгенде, жеткіншектің ақыл-ойының тез дамуына қарамастан, оның
жауапкершілік сезімі мен міндетінің баяу дамитыны байқалады.
Жасөспірімдерді түсіну - күрделі үрдіс. Қоршаған ортаның өзгермелі
болуынан жасөспірімдер бір жағдайдың өзін түрліше бағалауы мүмкін,
өйткені бір сыныптағы оқушылар санасының деңгейі түрліше болады.
Тәрбиеде салақтыққа жол беру қиындықтардың бірі болып табылады. Бұл
үлкендердің өзінің айтқандарын міндетті түрде орындауды талап етуіне
байланысты, баланың өздігінен әрекет жасауына кедергі келтіруге байланысты
туындайды. Мұндай жағдайда мұғалім жасөспірімдер әрекетінің ішкі
дәлелдеріне үйлес болуына тырысуы керек. Олай болмаған жағдайда тәрбиелік
жұмыстағы мұндай салақтық жасөспірімдердің көңіл күйін төмендетуге әкеп
соқтыруы мүмкін. Мәселен, түрлі құбылыстарды түсіну мен бағалаудың арасында
байланыстың әлсіздігінен көп ретте жасөспірімдердің іс-әрекеттерінде
келіспеушілік туындайды. Бала бойында өз еркінің болмауы да осы тұста
байқалады. Осындай себептерден жасөспірімдердің мінез-құлқында тұйықтық
пайда болады.
Бұл жастағы жасөспірімдердің тәрбиесіндегі тағы бір салғырттық олардың
жауапсыздығы болып табылады, сонымен қатар жасөспірімдер өздеріне сенімсіз
қарайды, өйткені ол өзі енетін әлеуметтік қатынастардың проблемасын ақырына
дейін түсінбейді. Сондықтан жасөспірімдердің әлеуметтік әрекеттерін
дамытудың, оларды қолдаудың және бағалаудың мәні аса зор.
Егер отбасында және ұжымда жасөспірімдер әрекеттерінің онды жақтары
қолдау тауып, бағаланатын болса, онда олар түрлі ортада болғанда өзіне
деген сенімге ие болады. Өзіне сенімі жоқ жасөспірімдердің ақыл-ойының даму
дәрежесі қаншалықты жоғары болса да, айналадағы дүниені ұғынуда оларда
ауытқушылық байқалады.
Жасөспірімдер тәрбиесінде кездесетін кемшіліктердің тағы бір түрі —
қоғамда өзінің толық бағалы еместігін сөзінуі. Жасөспірімдердің әлеуметтік
санасының жеткіліксіздігі қоғамдық мінез-құлықты бұзуға әкелетінін тәжірибе
көрсетуде. Сондықтан олар өз құрбыларының ішіндегі әлеуметтік топтардың
ықпалына тез түседі. Ендеше, тәрбиеші топтың қызметіне ерекше көңіл аударуы
және олардың іс-әрекеттеріндегі дұрыс және бұрыс сәттерді байқай білуі
керек. Психологтар әдетте мұндай топтарда түрліше психологиялық таңқаларлық
жайлар - психикалық индукция, конформизм (айналадағылардың пікірлеріне
бағыныштылық) сенімі, еліктеу байқалатынын, сондықтан жасөспірімдер
өмірде көпті көргендерге көбірек еліктейтінін және олардың қылықтарын сол
қалпында қайталайтынын айтады. Өмірде жасөспірімдерге шағын топтар ауадай
қажет. Мұндай ортада олардың міндеттері мен құқығы тең болады, проблеманы
түсінбеушілік өзінен-өзі шешіледі. Мұндай топтар жеке бастың сапасын
қалыптастыруға және басқалармен өзара қарым-қатынасты анықтауға ықпал
етеді. Сол себепті тәрбиеші бұл проблемаларға ерекше көңіл бөлуі керек.
Жасөспірімдердің тәрбиесінде жыныстық дамуға байланысты психологиялық
өзгерістер ерекше ескерілуі керек. Жыныстық жетілу кезеңінде ер балалар мен
қыздардың дене құрылысында өзгерістер пайда болатыны байқалады. Жыныстық
өзгешеліктер себебінен ер балалар мен қыздарда өмір жолы мен мамандық
таңдауда өмірге түрліше бейімділік пайда болады. Олардың арасындағы қарым-
қатынастар нәтижесінде өзіне деген сенімі дамиды. Жыныстық жетілу кезеңінде
өзіне-өзі баға беру өзгереді, есейеді, соған сәйкес үлкендерге деген қарым-
қатынас өзгереді. Жыныстық даму үрдісінде жасөспірімде құндылықтарды
қайтадан бағалау пайда болады.
Тәрбиедегі қиындықтардың бірі оқушылардың отбасындағы жағдайы мен жай-
күйі болып табылады. Кейбір отбасында жасөспірімдерге еркіндік беріліп,
үлкен жауаптылық тапсырылады, кейбір отбасында керісінше, жасөспірімдерге
жас балаларға қарағандай қатаң бақылау жасайды, оларды өзіне деген
сенімінен айырады. Жасөспірімдер бір-бірімен араласқанда көбінесе
отбасындағы жағдайларды салыстырады. Бұлай ету үлкендермен қарым-
қатынастардағы түсінбеушілікке екеп соғады. Қатаң бақылауда болатын
жасөспірімдерде әдетте үлкендермен қарсыласу көп болады, өйткені олар
өздерін қазірдің өзінде үлкенбіз деп санайды. Оларға үлкендердің орынсыз
қамқорлығы немесе олардың адамгершілігін кемітуі ұнамайды. Мұның бәрі
олардың өздерін толық құқылы азаматпыз деп санауынан келіп шығады. Сонымен
бірге, үлкендер мен жасөспірімдер арасындағы түсінбеушілік жасөспірімнің өз
істерін асыра бағалауынан да пайда болады. Үлкендер балаларды өздерінің
меншігі санап, олардың қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен
санаспайды. Жасөспірімдер өздеріне қойылған шектеушіліктің себебін білгісі
келеді, үлкендер болса, көп ретте дәлелді жауаптар қайтармайды. Соның
салдарынан оларда үлкендердің әділетсіздігі жайында ұғым қалыптасады.
Әдетте, өмірде тәрбие ісінде үлкендердің өздерінің үлкендігін жиі
пайдалануы тәрбиенің дұрыс болуына кедергі келтіретіні байқалады. Өзінің
әрекеттерін жоғары бағалайтын жасөспірімдер түрлі проблемалар бойынша
өздерінің пікірлерін толық айтқысы келеді. Егер олардың солай істеуіне
мүмкіндік берілмесе, қарама-қарсылық шиеленісе түседі. Осындай жағдайдың
салдарынан кейде жасөспірімдер үйін немесе тәрбиелік мекемелерді тастап
кетеді. Тәрбие жүйесінде жасөспірімдер үнемі өзгергіш және дамымалы буын,
ал үлкендер қалыптасқан буын деген фактіні ескере отырып, тәрбиеде
жіберілген өз қателіктерін мойындауы керек.
Сыртқы ортаның ықпалымен жасөспірімдердің ішкі дүниесінде терең
өзгерістер болып жатады. Сондықтан тәрбиешілердің жасөспірімдерді
тапқырлыққа және тұлғалық тәуір қасиеттерді қалыптастыруға бағыттауы қажет.
VII сынып оқушыларының білімін өздігінен терендетуге ұмтылатыны және
білімнің түрлі саласына қызығушылық танытатыны белгілі. Көп жағдайда
олардың қызығушылығы кездейсоқ факторларға негізделген. Оның оқыған
кітапқа, көрген фильмге немесе пән бойынша алған жоғары бағаларына
байланысты болуы мүмкін. Егер тәрбиеші оқушылардың қызығушылығын дамытуға
үнемі көңіл бөліп отырмаса, онда олар біржақты және шектеулі болып қала
береді. Осыған байланысты оларды қоғамдық мәні бар мақсаттарға бағыттаудың
маңызы зор.
Ересек жасөспірімдер ой еңбегі мәдениетінің негіздерімен таныс. Олар
өздерінің уақытын жоспарлай және тиімді пайдалана біледі.
Күн режимін сақтай білудің де ерікті дамыту мен мінез-құлықты тәрбиелеп
жетілдіруде маңызы зор.
Жыныстық дамуға байланысты жасөспірімдердің қарама-қарсы жыныс
өкілдеріне қызығушылығы артады. Алғашқы сүйіспеншілік сезімі
жасөспірімдердің іс-әрекеттеріне ықпал етеді. Тәрбиеші жас жігіттер мен
қыздардың арасындағы өзара қарым-қатынастар туралы, достық және махаббат
туралы, жоғары адамгершілік түсініктер туралы әңгімелер өткізуі керек,
санитарлық-гигиеналық білімге көңіл аударуы қажет. Әсіресе, бүгінде сексті
кең марапаттауға байланысты түрлі жұқпалы аурулардың неден пайда болатынын,
оның адам өмірінс, түқымға зияндылығын түсіндіру керек.
ҮІІ-ҮІІІ сыныптардың оқушылары, әдетте, спортпен, бимен, түрлі
ойындармен, кештермен шұғылданады. Егер олардың қызығушылығын дер
көзінде керекті арнаға бұрып отырмаса, олардың оқуына бөгет жасауы
мүмкін.
Жас жігіттер мен қыздар жалпымектептік іс-шараларға қанағаттанғандықпен
қатысады, конференцияларға, олимпиадаларға, спартакиадаларға қатысумен
өздерінің қабілеттерін дамытуға тырысады.
IX сынып оқушыларының даму ерекшелігі денедегі, психикалық және
әлеуметтік өзгерістерге байланысты. IX сыныпта (15-16 жас) оқушылардың жас
кезеңін өдетте ерте оянған бозбалалық шақ деп атайды, өйткені бұл кезеңде
балалықтан жастық шаққа өту кезеңі туады. Бозбалалық шақ жыныстық жетілудің
аяқталу кезеңі, сонымен бірге дененің дамуы жағынан кәмелетке жетудің
алғашқы сатысы болып табылады. Бұл жаста жасөспірімдер денесінің дамуында
сәйкессіздік байқалады: аяқ-қол жылдам өседі, кеуде өсуден кенжелейді,
сырттай олар ерсілеу, икемсіз көрінеді. Жүрек тамырының дамуында да
біркелкі өсу болмайды, жүрек жылдам өседі. Тамырдың дамуы кенжелейді.
Мұндай жағдайда жекелеген мүшелерге қан құйылуының жеткіліксіз болуынан қан
қысымы артады, соған байланысты бас ауырады.
IX сынып оқушыларының санасында жаңа әлеуметтік көзқарастың пайда болуы
ең басты нәрсе. Олар сезімнің, сананың, мінез-құлықтың дамуын ғана түсініп
қоймастан, өзін-өзі басқаруға ұмтылыстың да ерекше маңызды екенін жақсы
түсінеді.
IX сынып оқушылары Өмірдің мәні неде?, Адамның шынайы бақыты деген
не?, Мүмкіндіктер және таланттар қандай болады? деген сұрақтардың
жауабын табуға қызығушылық танытады. Оларды адамның өмірдегі орны,
адамшылық қарым-қатынастардың пайда болуы қызықтырады. Алайда, өмір
тәжірибесінің жеткіліксіздігі, орнықпаған моральдық ұстанымдар, түрліше
өмірлік жағдайлардың сыр-сипатын жете түсінбеушілік кейде оларды шешім
қабылдауда қызбалыққа, бір жақты шешім қабылдауға әкеліп соқтырады. Бұл
кезде оқушыларда сүйіспеншілік сезімі пайда болады. Олар достықты,
жолдастықты бағалайды және мұғалімдер, ата-аналар, үлкендер тарапынан
өздеріне құрметпен қарауды талап етеді. Олар көп жағдайда үлкендерден көмек
сұрайтын болса да, өздерін үлкенбіз деп санайды. Алайда үлкендердің
оқушылар жөнінде сөздеріндегі, қылықтарындағы, ақыл-кеңестеріндегі
дөрекілігі оларға кері әсер етеді.
Осыған байланысты жоғары сынып оқушыларының тәрбиесі көзінде
мұғалімдерге олардың мінез-құлқының түрліше болатынына көңіл бөлуге тура
келеді. Жоғары сынып оқушылары үшін ұжым қоғамдық тәрбиенің негізі болып
қала беретінін де атап өткен жөн. Ұжымның міндеті тұлғаның қабілеттерін
және оның жан-жақты тәрбиесін дамыту болып табылады. Жоғары сыныптарда
талантты оқушылар анықталады, ұжымда да олар әрқашан ерекшеленіп тұрады.
Жоғары сынып оқушыларының кейбіреулері үлкендер мен құрбылары алдында
беделді болады, қоғамдық жұмыстарды орындайды, ал кейбіреулері нашар оқиды,
қоғамдық жұмыспен айналыспайды, сонысымен олар өздерінің тәрбиесіне нұқсан
келтіреді. Бұл жаста білімді жалғастыруға және оның болашақ мамандығының
сипатына тәуелсіз қоғамдық өмірге толық қосылуына қажетті жалпы білімдік
даярлықтың іргетасы қаланады.
Негізгі мектепті (IX сынып) бітірушілерге орта білім алуды аяқтаудың
жолдары мен мерзімдерін тандауға, сондай-ақ кешкі және сырттан оқу
жүйесінде білімін жалғастыру мүмкіндігімен еңбек қызметін бастауға құқық
беріледі. Жоғарыдағыларды ескере келіп, мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-
аналардың оқушылардың өзін-өзі қалыптастыру, өздігінен даму, өздігінен
тұжырым жасау сияқты ішкі қажеттіліктерге деген олардың даярлығын және оның
дүниежүзілік білім кеңістігінің талаптарына сәйкес толық орта білім алуға
мүмкіндік беретінін есте ұстаған жөн.

мәселесінің педагогикалық тарихына сипаттама
Кіші жасөспірімдердің белгілі сипаттамасы. Бұл жаста болу,
үлкендерге еліктеу бірінші жоспарда болады. Мәселен, егер кіші жастағы
оқушыға үлкен болу — оқушы болу мақсат болса, кіші жасөспірімдер өзіндік
әрекетімен, қарым-қатынаста үлкендерге теуелсіз болуымен, өзінің
қызығушылығын өздігінен жүзеге асыруымен ерекшеленеді.
Мен бейнесі. Мен бейнесінің (дамудағы өзгерулер) — Жолдастары үшін, ата-
аналары үшін өзін құнды етіп көрсетіп, жақсы көруді өзіне қабылдауы. Егер
жолдастық ортада ондай түйсіктер қарқынды орнайтын болса, онда ата-аналар,
кейде мұғалімдер арасында жылдамырақ, өзі түсініктің нығаюын күтеді.
Меннің қиялдық және шынайылық ерекшелігі айқындалып арақатынаста
және әлеуметтік-мәдени үлгілерде, соның ішінде батылдық пен нәзіктіктің
мақсат мұраттарына сәйкес келетін ер азаматтық және қыз балаға тән нәзіктік
өлшемдердің көрінісі беруі байқалады.
Қызмет. Жеке тұлғаның бойына тән қасиет. Ол оқу оқу, білім алудан
басталып, қоғамдық жұмыста көрініс беретін немесе көше қаңғып, қоғамға жат
қылықтармен айналысуынан байқалатын құбылыс. Оның ішкі ерекшелігі
қайраткерлік көрсетуге талпынумен байланысты. Егер ол өзіндік Меніне —
сын көрсете алса жеңіске жеткені, ал көрсете алмаса іс-әрекеттің нәтижесіз
болғаны.
Әсерленушілік пен өзін әр түрлі қырынан көрсетуге тырысу арқылы бала өз
бойындағы қабілеті мен ерекшелік қасиетін танытады. Ол жолдастары арасында
дами түседі де, жолдастық-ұжымдық мақтаныш сезімге ие болады. Мысалы: 5
б - біздер 5 а сынып сияқты емеспіз, ерекшелігімізбен кезге түсеміз
деп мақтанады.
Топтық қатынас саласында — қатыстық топтың жыныс белгілеріне қарай
бөлінуінің дами түсуі, оқиғалық, әрекеттік мазмұнның ортақтасуын жалғастыру
(енді бірлескен қызмет) қатынасқа тартылған уақытша масштабты кеңейту;
мектеп ережелерінің өлшемдерін жұмсарту; қатынастың бірге болу — дан
топтағы танымға дейінгі жаңалығын дамыту.
Мұғалімнен, тәрбиешіден күту: әділдік, бұл жаста ненің құнды
болатынына таңдандыра білу, істі қызықты етіп ұйымдастыру.
Жеке басты дамыту мүмкіндігі: жасөспірімнің әлеуметтілігі мен даралығын
дамыту.
Әлеуметтік жолдастық қатынас орнату, бірлескен қызметті демократиялық
тұрғыдан ұйымдастыра білудің қажеттігі.
Дербестік: қызмет пен қатынастың субъектісі ретінде өзінің Меніне —
басқалардың қызығуын тұғызу, өзінің табысқа жету жөніндегі ойларын және
қарым-қатынас пен қызметтегі ерекшелігін дамыту.
Ересек жасөспірімдер тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері мен міндеттері.
Үлкен болудың қажеттілігі — үлкендердің мінез-құлықтық қызметіндегі
қатынасты, үлкен болудың сыртқы суретін игеру. Сонымен бірге үлкендер
жасөспірім үшін — үлкендердің бүкіл әлемі емес, ең жақын мандағы үлкендік:
жасеспірімдер мен жастар өзін үлкенңің рөлінде болуға, соның ішінде
субъективті мәдени жасөспірімдер топтарына қыр көрсету арқылы қатысуға
бейім болады.
Мен бейнесі — қарама-қарсы және тұрақсыз, балалық Мен мен қалыптасқан
үлкеннің Менінің ұштасуы. Мұнда бәрі қарама-қарсы: өзінің дене бейнесінің
өзгеруін көрсету; өзінің мінез-құлқына, қабілеттеріне сипаттама беру
көзқарасы; қатынастың субъектісі (соның ішінде жынысаралық) және қызмет
субъектісі ретінде өзіне баға беру.
Қызметті игеру: таңдаушьшықтың, даралықтың өсуі және оған мүмкіндік
жасаушы қызмет түрінің ерекшелігі.
Бірлесе қызмет ету. Егер топтағылармен қарым-қатынас ерекше түрде
қалыптасса, ол тартымды болып көрінеді. Яғни үлкендермен жеткіншектер
бірлесе, пікірлесе бір мақсатта іс істесе, қарама-қарсы алыстағы есеюмен
ұштасса, тартымды болады.
Қарым-қатынаста болу. Ересек — бозбалалықтың мәнерлі үлгісі (сезімді,
қарым-қатынасты көрсететін) және оның аспаптық әрекеттерімен (пәндік
қызметпен байланысты) негізделген қатынасты дамыту. Әдетте өмірде мәнерлі
қарым-қатынас жасөспірімдерде, әсіресе қыздарда, ал аспаптық қарым-қатынас
жасөспірім ер балаларда басым болады. Қарым-қатынастықтың осы жақтарының
өзара әрекетін дамытуға ұмтылу қажет. Жалпы топтық көңіл күйге әсер сезімге
ұмтылыс байқалады. Әдетте қызметтік негізде аралас (жасөспірім қыздар және
ер балалар) достық топтар да пайда болады.
Мұғалімнен, тәрбиешіден қызметке басшылық күту. Қызметті біршама
ұйымдастыру — кіші жасөспірім арасында, ақылшы, ал кіші жеткіншектермен
арада, жастар арасында кеңес беруші деп аталады.
Тәрбиеші тарапынан (егер ол мәнді, белгілі мәселе жөнінде болса)
жетістіктерді және өзінің жасөспірімдік тұжырымын мақұлдатудағы
қажеттіліктің өсуі.
Үлгілі көзқарас тұрғысынан тәрбиеші бағасының тартымдылығы, нәзіктігі,
батылдығы.
Даму мүмкіндігі: тұлғалық және дербестік ретінде өзін көрсетуте түрткі
болуы. Әлеуметтік жағынан мәнді топтық және жеке бастық тұжырымға келу
мүмкіндігімен байланысты қызмсттің іс тәжірибесі. Балалықтан үлкендікке,
жасөспірімдіктен жастыққа өтудің белгілерін білдіру.
Жоғарыда айтылғандардың бәрі бұл көзқарастың оқушыны тұлға ретінде жене
сынып тобының, ұжымның мүшесі ретінде зерттеу үшін үлкен тәрбиелік
мүмкіндікті ашады деген қорытынды жасауға болады.
Соңымен бірге осылайша ұйымдастырылатын тәрбиелік жүйе, ең алдымен,
ашық жүйе болып табылады. Оның дамуына сырттан ықпал ететін фактор ретінде,
сонымен қатар сол жүйені өзгертуші ретінде (табиғатты қорғау, балабақшаға
қамқорлық, шағын аудандағы жұмыс және т. б.) орта айтарлықтай роль
атқарады.
Бірақ тәрбиелік жүйе ретінде мектепті жеке басты дамытудың басты
мақсаты деп қарамау керек. Оның әрекеттілігінің, тиімділігінің негізгі
көрсеткіші оқушының жеке басы болып табылады: оның мектептегі көңіл күйі,
іс-әрекет пен қарым-қатынасқа түсуі, құнды бағдары оның өз бойындағы
қасиеттерді жүзеге асырудың алғы шарты болып саналады.
Тәрбиелік жүйенің ұясы — тәрбиелік ұжым — педагогикалық және оқушылық
ұжымдардың өзіндік бірлігі. Тәрбиелік жүйедегі басқарудың бастапқы
субъектісі педагогтар ұжымы болып табылады. Бірақ оқушылық бірлестік қоғам
тек педагогикалық ықпалдың объектісі дегенді білдірмейді. Оқушылар
бірлестігі педагогикалық ұжымға әсер етеді, өзінің белгілі бір субъективтік
даму жағдайлары көзінде керінеді. Бұл үрдістер: оқушылар бірлестігін
бірлесе басқару, өзін-өзі басқару, өзін өзі реттеу дегендермен бірлікте
қарастырылады.
Түлғаны жан-жақты дамыта тәрбиелеуге арналған жаңа шешімдерді іздестіру
төрбиелік үрдістің түтас идеясын тұрақтандырудың қажеттіін туғызады
Бұл қарым-қатынастар өмірде терт түрлі топтың қүрылуы бойынша жүзеге
асырылады.
Бірінші топқа түлғаның өлеуметтік бағыттылығын айқындайтын оқушылардың
дүниетанымын, кезқарасын, сенімін қалыптастыру жатады Екінші топ
орнықтырылатын ізгі қарым-қатынасты қүрайды. Бүған Отанға, басқа елдерге
және халықтарға деген кезқарас енеді; 1
еңбекке көзқарас;
қоғамдық-халықтық, үлттық игілікке үқыпты қарау жөне табиғатты,
қоғамның материалдық қүндылығын қорғай білу;
қызмет міндеттерін орындауға (тәртіптілік) көзқарас;
өзіне жөне басқа адамдарға кезқарас (үжьшшылдық,адалдық, өділдік,
қарапайымдылық, кішіпейілділік, достық, жолдастық, үждандық және т. б.)-
Үшінші топты түлғаның эстетикалық көзқарасы қүрайды (өнерді танып білу,
өнерге деген сүйіспеншілік, енер саласындағы шығармашылыққа талпыну).
Төртінші топ түлғаның дене шынықтыруға деген көзқарасынан түрады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келіп, бүгінгі мектептің тәрбие
жүмысыньщ мазмүнына төмендегілер енеді деп айтуға болады: а) түлғаның
(балаңың) ғылыми көзқарасын қалыптастыру; ә) оқушыларды ізгілік мүраттарға
тәрбиелеу; б) оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру; в) дене
тәрбиесін жетілдіру.
Ең бастысы, тәрбие ісі оқушылардың ізгілік деңгейін, адамгершілік
жағынан төрбиелілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
г Қызметтің, іс-әрекеттің - ролі ортаға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz