Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану


Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану
Жоспар
І. КІРІСПЕ3
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Халықтық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі ролі4-6
- Халықтық педагогикадағы оқушыларды тәрбиелеудің басты қағидалары ақыл-ой, ізгілік пен адамгершілік және еңбек пен өнер тәрбиесінің алтын орны . . . ……. 7-8
- Оқушылар тәрбиесіндегі халықтық педагогиканың
негізгі бағыттары. …. …. . 9-10
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……11
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 12
І. КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақ ежелден ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген халық. Өйткені, біздің қазақ - бала дүниеге келмей жатып-ақ, оның тәрбиесіне әзірлене бастаған. Оның бір мысалы тегі жақсы жермен құдаласып, алдымен екі жастың жан тазалыығына мән берген. Жас келіннің бойына бала бітісімен енесі мен абысыны жерік асын қамдап, ерекше күтімге алып, қамқорлық жасаған. Кейіннен бүкіл ұлттық психологиямызға «атойлап» шабуыл жасаған кешегі кеңестік идеология ұрпақ тәрбиесіне де көптеген өзгерістер енгізіп, таза қазақи тәлім-тәрбиені шұбарлап жіберді. Соның салдарынан өзгеше ойлайтын жан дүниесі, мінезі басқаша балалар көбейіп, жұртымыздың рухани азғындау көріністері жиі байқала бастады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың білімі мен тәрбиесіндегі халықтық педагогиканы қолдануда балалардың дағдыларын қалыптастыру барысындағы әдістемелік әдебиеттерді талдап, ғылыми негіздерін белгілеу. Сондай-ақ қазіргі жастар тәрбиесіндегі халықтың әдет - ғұрпын, салт - санасын қалыптастыру әдістемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеуде халықтық педагогиканы қолданудың ғылыми - теориялық негіздерін анықтау;
- Қазіргі жастардың тәрбиесінің мазмұнын, көлемін және оның жүйесін қатысымдық әрекет негізінде белгілеу;
- Мектеп жасындағы балалардың оқу тәрбиесінің әдістемесін жасау.
Зерттеудің теориялық мәні: Мектептерде білім білік дағдылары, тестілеу тәсілі арқылы жүйелі есепке алынып отырса, онда балалардың білім, білік жағдысы артады. Осыған байланысты қағидалар мен тұжырымдар халықтық педагогиканы оқыту әдістемесі мен педагогика ғылымдарын теориялық тұрғыдан толықтырады.
Зерттеудің практикалық мәні: Осы жұмыста ұсынылып отырған балалардың білім, білік дағдысын қалыптастыру әдістемесі орта мектептерде мұғалімдерге көмекші құрал бола алады.
- ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ
ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ РОЛІ
Қазіргі кезеңде қазақ халқының өмірінде бұрын-соңды болмаған оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ балалар саны күннен күнге артуда. Олар дөрекі, әдепсіз, барлық жарамсыз әдеттерге еліктеуге бейім келеді.
Бұл мәселені тудыратын себептердің бірі - отбасы тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілік сезімінің жоқтығы бала мінезінде мейірімсіздікті, қатыгездікті, дөрекілікті, өзімшілікті туғызады. Ал, тарихқа кез жүгіртетін болсақ, кең байтақ өлкемізде буыннан-буынға жалғасып ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік салтанат құрып үйлесімін тауып жатты. Міне, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаяды.
Екінші себеп - бұл отбасындағы маскүнемдік, ұрыс-керіс, ата-аналарының және басқа жанұя мүшелерінің жеңілтек мінез-құлқы, ал бәрінен жаманы ажырасу яғни неке бұзу. Балалар тәрбиесінде ата-аналардың мінез-құлқы шешуші рөл атқарады. "Сіз өз балаларыңыздың тәрбиесін бастамастан бұрын өзіңіздің мінез-құлқыңызды тексеріңз . . . Сіздің жеке мінез-құлқыңыз нағыз шешуші нәрсе . . . Ата-аналардың өздеріне талап қоюы, олардың өз үйелменін қадірлей білуі, өзінің әрбір қадамын қадағалап отыруы - тәрбиенің ең бірінші және ең басты әдісі" деген болатын А. С. Макаренко.
Ал, ұлы ата-бабаларымыз "Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің іргетасы", "Үяда не керсе, ұшқанда соны іледі" деп түсіндіреді. Сондықтан балаға өмірінің алғашқі жылдарында адамгершілік сезімдерін егудің орны бөлек. Егер әке маскүнем болса, мектеп жасына дейінгі балалар жүйке ауруынан, жиі қояншық ұстамадан аза шегеді. Мұндай балалар енжар, тынымсыз, ашушаң келеді.
Үшінші себеп - ұл балаға үнемі жеткіліксіз көңіл аударылады. Кейбір отбасы баланың ішкі дүниесін, тілектерін, ойларын, қайғысын, қоршаған ортаға қатынасын жете біле бермейді. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдығы, кішіпейілдігі, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір ұлттың болашағы, оның білім, де іскер, талантты да мәдениетті, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірге тәрбиелі ұрпақтарының қолында.
Халықтық педагогика құндылықтарына үңіле отырып жастарды салауаттылық тәрбиелеуде оның озық үлгілерін оқу-тәрбие барысында кеңінен пайдалануымыз керек.
Қазақ халқы өз тіршілігінің сан ғасырлық тарихында өмірінің жалғасы, мұрагер балаға тәрбие берудің өзіндік әдеп-ғұрпын жинақтады. Оларға бұқаралы жасампаз тәжірибесі, рухани бай орнықты қазыналары, санқилы қағидалар топтастырылды.
Халықтың әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық жағдайлары мен көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес балаға жан-жақты тәрбие берудің өзгеге ұқсай бермейтін өзіне тән ерекше талаптары қалыптасты.
Бала тәрбиесі көшпелі малшы отбасының күнделікті тұрмыс тіршілігімен тығыз байланыста болды. Содан да олар баланы жұбатса да, жақсы көрсе де, он жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өз тіршілігінің негізі болған малдың ерекшелігі жақсы қасиеттеріне, сұу тұлғасы мен әсем бейнесіне теңеп "қошақаным, құлыным, ботам, қозым" деп еркелетті.
"Қанағат қарын тойғызар" деп қанағатшылдыққа, үнемшілдікке пайымда "бұлақ көрсең көзін аш" деп табиғатқа деген аяушылықты үйретгі, бес уақыт намаз гигиеналық т азалыққа баулыса, қырық парыздың бірі - ілім деп өнерге, ілімге үйретті.
Әрбір адам ол қандай мамандық иесі, қандай дәрежедегі қызметкер бол сын, ең алдымен, шаңырағы аясында ұл-қыз өсіріп, мәпелеп, солардың жемісін көру, жас ұрпақтын бойына сініру, баланын қоршаған ортадаты қарым-қатыкаеын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-кұлқын қалыптастыру.
Тәрбие жеке адамды мақсатты багытта жүйелі түрде қалыптастыру. Аға ұрпақтың тәжірибесіне беру және игеру, сананы қалыптастыру, төрбиелеудің және мінез-құлық дағдыларын қалыпқа түсіру, оларды өмір мен еңбекке даярлау тәрбиелу процесінае жүзеге асырылады.
«Тәрбие баламен сөйлесумен әнгімелесумен оған ақыл-кенес берумен ғана шектелмейді» - дейді Макаренко. Ол тұрмысты ұйымдастыра білуде балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуде.
Тәрбие беру мен білім беру-ажырағысыз ұғым. Білім бермей тұрып, тәрбиелеуге болмайды, ал берген әр білімнің тәрбиелік ықпалы зор. Тәрбие жұмысынын ен терен мәні адамнын Тәрбиенін негізгі максаты-дені сау ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлы дәрежесі биік мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол енбекқор, іскер, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Еліміздегі саясат пен экономикадағы түбірлі өзгерістер қоғамымыздын барлық саласын, соның ішінде білім беру жүйесі және оның алғашкы баспалдағы - мектепке дейінгі тәрбиені де қамтып отыр. Бүл кездейсоқ нәрсе емес. Ұзак уакыттар бойы біз мектеп жасына дейінгі баланын тәрбиесінде отбасының алатын орнын жеткілікті дәрежеде ескермей келдік. Көбінесе коғамдық тәрбиеге баса назар аударып, әсіресе, оның бала дамуына тигізетін жетекші рөліне сүйендік. Ал бүгінгі таңда мемлекетіміз мектепке дейінгі мекемелер жүйесін толыққанды қаржы және материалдық жағынан камтамасыз ете алмауы себепті балабақшалар көптеп қыскара бастады. Соған орай керісінше тенденция - отбасындағы тәрбиенің рөлін күшейту талабы қойылып отыр.
Көптеген елдерде балалардың екі тәрбие ошағында да - отбасы - және
мектепке дейінгі мекемелерде қатар тәрбиеленіп дамуы жүзеге асуды. Жоғары дәрежеде дамыған елдердің бір қатарында мектеп жасына дейінгі балалардын басым көпшілігі қоғамдық балалар мекемелеріне барады. Мысалы, Францияда - Швецияда Финляндияда - 65-75% және т. б. Отбасы - бала жанына жақын, жеке туысқандық қарым-қатынасты қамтамасыз етеді.
Үлкендердің балаға шексіз сүйіспеншілігі, емен-жарқын сөйлесу, аялау, еркелету, қалыптасқан от-басылық дәстүрлер, әдет және т. б. тағылымды тәрбиенің негізін қалайды.
Әрбір отбасының өзіне ғана тән ерекшеліктері бар: олардың ішінде жас ерекшелігі және туысқандық қатынастар бойынша құрамының әр түрлі болуы, отбасы өмірінің стилі, материалдық байлық пен рухани құндылықтарды пайдалану мүмкіндігі, отбасының ересек мүшелерінің әлеуметтік кемелдігі, т. б. Бұның барлығы баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру және оған тәрбиелік ықпал жолдарын анықтайды.
Жеке тұлғаның қалыптасуы отбасы өмірінін тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыру, көңіл - күй адамгершілік тынысы, қалыптасқан отбасылық дәстүрлері сияқты барлық саласымен тығыз байланысты. Міне, сондықтан да баланы тәрбиелеу, оның өмірін ұйымдастыру ата-ананың өзін-өзі тәрбиелеу, отбасы өмірін дұрыс ұйымыдастыра білу, жылы да бейбіт микроклиматты қамтамасыз ететін ізгілікке құрылған үй-ішілік қарым-қатынасты орнықтырудан басталады.
Ал отбасылық микроклиматтың дұрыс болуы көбінесе педагогикалық ықпалдын тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, яғни өзара құрмет, достық сенім атмосферасында өскен бала жетекке онай жүріп, тәрбелік әсерге көнгіш болады.
Сонымен, отбасының тәрбиелік ықпал деңгейін былайша анықтауға болады:
Отбасының әлеуметтік құндылығы. Бұл отбасының беріктігімен, оның мүшелерінің адами, рухани жан саулығымен, ортақ іске қызығушылық-тын болуымен анықталады. Пайдалы іс-әрекетке толы күнделікті ортақ тірлік, отбасылық және қоғамдық мерекелер, мәдени және спорттық демалыстар отбасының бірлігін нығайта түседі. Өсіп келе жаткан кішкентай азаматқа үлкен қуаныш сыйлайды.
Балаға оны тәрбиелеуші ересек адамдардың тарапынан қойылатын талаптың бірлігі. Бұл жерде атақты педагог А. С. Макаренконың педагогтарға арналған тәрбиенің педагогикалық мақсат-міндеттерге жұмылған барлық тәрбиешілердің ортақ ісі екендігі, егер педагогтардың тәрбиеге ортақ көзқарасы, ортақ қатынасы болмаса, мақсатқа бағытталған тәрбие үрдісін қамтамасыз ету мүмкін еместігі жөніндегі сөзін еске алуға болады.
Отбасының барлық ересек мүшелері бала үшін тәрбиеші, олардың тарапынан болатын талаптың бірлігі өте маңызды.
Отбасындағы өзара қарым-қатынастың дұрыс болуы. Бала тәрбиесінде әке мен шеше рөлінің өте маңызды екені белгілі. Ана өз баласының тәрбиешісі ғана емес, отбасының ұйытқысы. Отбасы мүшелерінің өзара түсінісуінің бірі-біріне кішіпейіл, қамкор қатынасы мен үйде жылы атмосфераның орнығуына бірден бір себепкер болатын әйел - ана. Сондай-ақ әке - азамат, от ағасы. тәрбиеші, Парасатқа құрылған «әке-шеше» қатынасы баланың адамгершілік сапаларына жетудегі теңдесі жоқ үлгі- өнеге.
1. 3. ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ АҚЫЛ-ОЙ, ІЗГІЛІК ПЕН АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЕҢБЕК ПЕН ӨНЕР ТӘРБИЕСІНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
"Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене енбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның үштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қоғамдағы барлық байлық - ой еңбегі мен дене енбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну - біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Қөрген-білгенді ой еаегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-қайратпен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»- деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда төрден орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пас қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған.
Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер - ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өзі өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топшылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі - ғылым, даналық негізі - білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие бблу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп" дұрыс түсінген қазақ халқы.
Жастарды ойланғыштыққа, тапқырлыкка тәрбиелеуде дидактикалық ұлт ойындарының да өзіндік орны бар. Мысалы, бас бармақтан бастап шынашаққа дейін саусактардың аттарын жаңылмай жылдам ататтыру секілді санамақ ойыны немесе ортаға шыққан адамның жаңылмай, шапшаң он ақынның, он өзеннің, он қыздың атын атауы сияқты күлдіргі ойындар да жасеспірімнің ақыл-ойын кеңейтуде тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері ретінде қолданылған.
Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл-әрекеттерінен, қарым-қатынаеынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділет-тік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Бұларды адам бойын жастайынан мінез-құлық ережесі етіп калыптастыру тәрбиеге байланысты. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды от басында кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа-, инабаттылыққа тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған: Ер балаларға ауылдың үлкендеріне қос қолдап, сәлем беруді, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендер, се жол беруді, олардың алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Ж. астардың жадына «сіз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адаэддықтың белгісі, иіліп сәлем бергені», «Кішіпейілділіктен кішіреймейсің», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкімді»; «Құдай деген құр қалмайды» деген кағидаларды үнемі уағыздаған. Халқымыз «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Отбасының, коғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, кыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-кұлқының сай болуын қадағалаған. «Қыз қылығымен сүйкімді», «Қызым үйде, кылығы түзде», «Қысыла, қысыла қыз болдым» деген мақал-мәтелдер үлкен жауапкершілік жүктейді. «Қыз өссе - елдің көркі» деу арқылы арлы, инабатты, сымбатты қызды бүкіл ауыл-аймақ болып тәрбиелеуді мензейді.
Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі - қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сынарындай қатар салыстыра суреттеген.
Еңбек пен өнер тәрбиесі.
Еңбек өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі. Еңбексіз өмір жоқ. Қоғамдағы байлықтың бәрі адам еңбегімен жасалады. Осыны терең түйіп, ой топшылаған халық: «Еңбек - адамның екінші анасы», «Еңбек түбі - бере-ке», «Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады», «Еңбексіз өмір - сөнген көмір», «Еңбегі қаттының ембегі тәтті» деген мақал-мәтелдер арқылы жастарды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеудің мәнісін, сондай-ақ еріншектік, жалқаулық - кісінің соры жаман әдет, жат мінез екендігің жас буынға тәптіштеп түсіндірген.
Осы жәйтті терең түйіп, еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тәрбиесін өзара белісіп алған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, аң аулауға, мылтық атып, мергендік құруға, қолөнер шеберлігіне, мал тауып, отбасын асырауға әкелері мен аталары үйретсе, қыз балаларға үй сыпыру, төсек жинау, ас пісіру, шай құю, кесте тігу, тон пішу, өрмек тоқу, ою-өрнек сияқты отбасынын ішкі жұмысына үйретуді анасы мен әжесі өз міндеттері-не қалдырған. Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйытқысы деп түсінген халкымыз оның еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Қолөнеріне икемі жоқ қыздарды: «Өз үйінде ою оймаған, кісі үйінде тон пішер» деп келеке еткен. Тіпті шай құю мен төсек жинаудың өзі үлкен сын болған. Ақындардың өлеңдерінде кездесетін «Қыздың жиған жүгіндей» деген теңеулер текке айтылмаған.
Еңбекті дәріптеу, жастарға еңбек адамын үлгі-өнеге етіп ұсыну «Аяз би» ертегісіндегі Аяз бидің, «Керқұла атты Кендебай» ертегісіңдегі Кендебайдың, «Күн астындағы Күнікей кыз» өртеуісіндегі қарапайым қойшы баланың бейнелері арқылы берілген. Мал баққан, еңбек сүйген, қару-жарақ асынып, ел-жұртын мергендікпен асырап-сақтаған қарапайым шаруа адамдарының адал еңбегі арқасында қиындық біткенді жеңіп шығып, мұратына жетуін баяндау арқылы халық «еңбекпен ер көгереді», мұратына жетеді» деп, жастарға үлгі-өнеге-етіп ұсынады.
Халқымыз еңбек пен өнерді егіз деп қараған. Қолөнер Шеберлігін мал бағып, егін салып, аң аулау кәсібінен артық санамаса, кем санамаған. Қазақ шаруасының қолөнері өзінің күнделікті өмір тіршілігімен, тұтыну қажетімен тығыз ұштасып жатады. Оның ішер асы да, киер киімі де, баспанасы да малдың өнімімен байланысты болғандықтан, қолөнері де сол мал өнімін өңдеуге, ұқсатуға арналған.
2. 1. ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР
Қоғамды дамыту үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп, жетілдіру керек. Тәрбие жұмысының бағыт-бағдарын белгілейтін әр топқа сай өзіндік мораль болған. Мораль қоғам мүшелерінің этикалық саналарын: ізгілікті, мейірбандылық әділдікті, мінез-құлықты бейнелейтін қоғамдық сананың оң түрі. "Мораль - адамдардың бір-біріне және қоғамға міндеттері мен қарым-қатынастарын анықтайтын қауымдық өмір сүру ережелерінің, мінез-құлық нормаларының жиынтығы".
Таптық қоғамда мораль белгілі бір таптың идеясын, өмірген деген көз қарасын дәріптейді. Бұл құбылысты жете аңғарған қазақ халқы "Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы" деп қарапайым сөзден философиялық топшылау жасаған.
Таптық, экономикалық идеологиялық ерекшеліктеріне қарамастан негізгі сақтап халық педагогикасындіағы ақыл-ой идея қай халықтың болсын тіршілік тынысымен шаруашылық кәсібімен, семьялық, қоғамдық, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп өркендеп, дамып ұрпақтан ұрпаққа жалғасып жетіп отырған.
Халық келер ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен тәрбиелік жақсы дәстүрін жинақтап пайдалана отырып, шынайы адамгершілік қасеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен.
Бірде бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай емес.
ХҮІI-XҮIІІ ғасырлардағы орыстың және демократияшыл бағыттағы педагог ғалымдары ғылыми еңбектерін халықтың ғасырлар бойы жинақталған тәрбиелеу тәжірибесіне негіздей отырып көпшілікке ұсынған болатын. Мысалы чехтіц ұлы педагогы Амос Коменский жұмысындағы халықтық дәстүрдің жақсы нәтижелеріне сүйеп отырып, баланы жастайынан еңбекке және жақсы мінез-құлықтарға тәрбиелеу жолдарын белгілеп берді.
Швейцарияның педагогі И. Г. Песталоци тәрбиені ана тілінде оқытатын халықтық мектептердің бай тәжірибесіне негіздей отырып жүргізуді мақұлдады. Ол адамның ақыл-ойы қалыптасуының және дұрыс дамуы ұлт тіліндегі оқудың мазмұны мен оқыту әдісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты деп ерекше атап көрсетті. И. Г. Песталоци "Бала тәрибиесі оның дүниеге келген күнінен басталуы керек. Баланың дүнені түсінуі отбасында басталып мектепте әрі қарай жалғастырылуы шарт" - деген қағиданы ұсынды.
Францияның ұлы ағартушысы Ж. Ж. Руссо да бала тәрбиесінің көзі еңбекте, сондықтан баланы жан-жақты азамат етіп тәрбиелуді отбасында еңбекке үйретуден басталуы қажет деп тапты.
Ал орыс педагогі К. Д. Ушинский халықтық тәрбиенің мақсаты мен мазмұнына және тәрбие мен оқыту әдісіне тоқтала келіп: «Орыс халқының бала тәрбиесі сол халықтың сан ғасырлық тарихымен тығыз байланысты, тәрбиенің негізін халықтың жақсы-жаман дәстүрінен іздестіру керек». - деді.
Халық ағартушылары мен әдебиетшілерінің бойынша ұлттық мәдени тәрбие ісінің алтын қазықпен М. Горький, Сәбит Мұқанов пен әңгімелескенде қазақ халқының мәдени мұрасының асылдарын іріктеп халық қажеттілігіне, ұрпақ тәжірибесіне жарату қажет деп кеңес берген.
Қазақ халқымың педагогикалық ой-пікірін халықтың өткендегі өмірімен салт-санасы мен тұрмыс тірішілігімен етене бірлікте, тығыз байланыста алып қараған жөн.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz