Қазақстандағы индустриалды - инновацияны жетілдіру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Инновацияларды басқарудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.2 Инновацияларды басқарудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ. ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.1 ҚР индустриалды.инновациялық дамуының 2010.2014 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламаның экономикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.2 Қазақстандағы индустриалды.инновациялық дамудың тенденциясы ... ... ...32
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ . ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.1 Қазақстан Республикасының инновациялық қызметінің перспективалары және мемлекеттің инновациялық саясат шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
3.2 Отандық кәсіпкерлікті басқаруды мемлекеттік қолдау . Стратегияны тиімді жүзеге асырудың құралы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64
Зерттеу тақырыбының өзектілігі келесіде: соңғы жылдары Қазақстан Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді. Минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең алдымен минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясының экономикалық мәнін ашу, сонымен бірге қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы жүргізіліп отырған еліміздегі инновациялық саясатқа тоқталып, Қазақстан кәсіпорындарындарында инновацияларды басқару мүмкіндіктерін қарастыру.
Мақсаттық бағыттың нәтижесінен мынадай міндеттерді анықтауға болады, олардың негізгілері мыналар болып табылады:
• инновацияларды басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
• индустриалды инновацияның әлемдік озық тәжірибелеріне сипаттама беру;
• Қазақстандағы индустриалды-инновациялық дамудың тенденциясын қарастыру;
• Қазақстандағы индустриалды инновацияны жетілдірудің негізгі жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Алматы облысының индустриалды-инновациялық жағдайы болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан кәсіпорындарында инновацияларды басқару мүмкіндіктерін қарастыру.
Еліміздің экономикасын әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел Президентінің 2010 жылы «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы» бекітілген. Бұл бағдарламаның түпкілікті мақсаты - іргелі зерттеулерді коммерциялық қолдануға жеткізіп, әлемдік нарықта ғылымды қажет ететін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алатын кәсіпорындар жүйесін құру, шикізатқа бағытталған экономикадан сервистік-технологиялық экономикаға көшу болып табылады [1].
Ал өз кезегінде бұл Бағдарламаны ұтымды жүзеге асырудың негізгі алғышарттарының бірі ол - отандық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың жаһандануы аясында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемаларға тап болып отыр.
1. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.
2.Леоньтев В.В. Межотраслевая экономика. Учебник для вузов. – Москва, 1997. – 479б.
3. Дудорин В.И. Информатика В управлении производством. Учебник. – М.: Издательство «Менеджмент», 1999. – 464б.
4. Андарова Р.К. Проблемы экономического роста в условиях рынка. – Алматы, 2000 – 342б.
5. Муканов Д. Индустриально-инновационное развитие Казахстана. - Алматы: Дайк-Пресс, 2004 - 274б.
6. Акчурин А. Некоторые проблемы инновационного развития Республики Казахстан // Қаржы-қаражат-Финансы Казахстана. – 2005.- №3.- 67-76бб.
7. Исахметов Т. Механизмы совершенствования инновационной политики в современных условиях. // Қаржы-қаражат-Финансы Казахстана. – 2005. №3.- 77-81бб.
8. Нұрақым Райхан. Өнеркәсіптің бүгінгі ахуалы // Ақиқат. - 2006 - №7 – 20-26бб.
9. ҚР 2003-20015 жж. Индустриалды-инновациялық дамуының стратегиясы. Астана, 2003. – 87 б.
10. http: // www. Consultant.kz Информация о ходе реализации Стратегии
индустриально-инновационного развития РК на 2003-2015 годы в разрезе
регионов.
11. Шеденов И.У. Малые предпринимательства и его роль в экономике РК.//Вестник КазНу. Серия экономика. – 2004. - №8 – 25-28бб.
12. Маратов. А.А. Экономикадағы кәсіпкерлік. Оқу құралы - Экономика, 2006. – 229б.
13.Динара Мушаева. Состояние отечественного предпринимательства. //Малый и средний бизнес Казахстана - 2006 - №2 – 33-38бб.
14. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемелекеттің орны. // Қаржы-қаражат - 2005 - №4.- 84-86бб.
15. Исахметов Т.И. Инновационная деятельность в РК: состояние и перспективы. // Вестник КазНУ - 2006 - №1 – 85-91бб.
16. Могильный С.В. О мерах государственной инновационной политики, направленных на развитие инновационной инфраструктуры. // Вестник КазНУ.-2004-№6-83-89бб.
17. Мауленов Т.Ж. Исследование бизнес-климата. Астана-Алматы, 2006.-2706.
18. Малый бизнес Казахстана: состояние и проблемы развития // Малый и средний бизнес Казахстана. – 2006. -№2- 10-16бб.
19. Нұрақым Райхан. Шағын кәсіпкерлік: кеше және бүгін// Ақиқат. — 2005. -№5 – 23-28бб.
20. Шадиев Р. Проблемы индустриально-инновационного развития // Саясат.-2003.-№ 11.-90-97бб.
21. Қажымұрат К., Кравцов А., Дәрімбетов Б. Индустриально-инновационное развитие Казахстана: проблемы и их решение // Саясат. - 2003.-№6.- 63-67бб.
22. ҚР-ның «Инновациялық қызмет туралы» Заңы. Астана, 2002.
23. Решетов Т. Е. Основные аспекты научно-технической политики М., 1996.- 321б.
24. Муханова Е. Т. Единая научно-техническая политика., 1996.- 3506.
25. «Қазақстан - 2030» Қазақстан Президентінің стратегиялық Бағдарламасы - 3-бөлім - Өнеркәсіптік-технологиялық саясат.
26. Нұрақым Райхан. Өнеркәсіптің бүгінгі ахуалы // Ақиқат. - 2009 - №7- 20-25бб.
27. Кузбаева Г.Х. Проблемы формирования и функционирования инфраструктуры инновационной деятельности в РК. // Вестник КазНУ. Серия эккономика - 2005 - №2(48) – 27-31бб.
28. Динара Мушаева. Анализ современного состояния развития технологических парков РК. // Аnalitik 2006 - №1 – 35-41бб.
29. Могильный С.В. Инновациялық инфрақұрылым элементтерінің өндірістік – технологиялық бағытын дамыту // «Қр – ның индустриалды – инновациялық дамуы: тәжірибе, міндеттері және басым бағыттары» атты ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдары. - 2004 ж.-12-25 бб.
30.Барлыбаева Н. Ұлттық инновациялық жүйені зерттеу және дамыту // Қазақстан өнеркәсібі – 2009. - №12.-25-29 бб.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Инновацияларды басқарудың теориялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Инновацияларды басқарудың шетелдік тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ- ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.1 ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған
мемлекеттік Бағдарламаның экономикалық
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Қазақстандағы индустриалды-инновациялық дамудың
тенденциясы ... ... ...32

3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ - ИННОВАЦИЯНЫ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
1. Қазақстан Республикасының инновациялық қызметінің перспективалары
және мемлекеттің инновациялық саясат
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
3.2 Отандық кәсіпкерлікті басқаруды мемлекеттік қолдау - Стратегияны тиімді
жүзеге асырудың құралы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...51
ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
ҚОСЫМША ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..64

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі келесіде: соңғы жылдары Қазақстан
Республикасы бірқатар әлеуметтік-экономикалық табыстарға қол жеткізді.
Минералды-шикізаттық ресурстар экспорты ұлттық экономикаға қайта құру
кезеңінің дағдарысына төтеп беруге және экономикалық өсудің жоғарғы
қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бірақ қазіргі өсім сапасы
қанағаттандырарлық дәрежеде емес, себебі ол жоғары технологиялар есебінен
жүзеге асырылмай жатыр. Жағымды сыртқы экономикалық конъюктура ондаған
жылдарға сақтала бермейді. Жинақталған экономикалық әлеует, әрине ең
алдымен минералды-шикізаттық, ғылыми-технологиялық және адами ресурстарды
толық қолдану есебінен экономиканың одан әрі қарай дамуына алғышарттар
құрайды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Индустриалды-инновациялық даму
Стратегиясының экономикалық мәнін ашу, сонымен бірге қазіргі нарықтық
экономика жағдайындағы жүргізіліп отырған еліміздегі инновациялық саясатқа
тоқталып, Қазақстан кәсіпорындарындарында инновацияларды басқару
мүмкіндіктерін қарастыру.
Мақсаттық бағыттың нәтижесінен мынадай міндеттерді анықтауға болады,
олардың негізгілері мыналар болып табылады:
• инновацияларды басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
• индустриалды инновацияның әлемдік озық тәжірибелеріне сипаттама беру;
• Қазақстандағы индустриалды-инновациялық дамудың тенденциясын
қарастыру;
• Қазақстандағы индустриалды инновацияны жетілдірудің негізгі жолдарын
анықтау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – Алматы облысының индустриалды-
инновациялық жағдайы болып табылады.
Зерттеу пәні - Қазақстан кәсіпорындарында инновацияларды басқару
мүмкіндіктерін қарастыру.
Еліміздің экономикасын әртараптандыру және жаңғырту негізінде елдің
тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Ел Президентінің 2010 жылы Қазақстан
Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014
жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы бекітілген. Бұл бағдарламаның
түпкілікті мақсаты - іргелі зерттеулерді коммерциялық қолдануға жеткізіп,
әлемдік нарықта ғылымды қажет ететін, бәсекеге қабілетті өнімдер шығара
алатын кәсіпорындар жүйесін құру, шикізатқа бағытталған экономикадан
сервистік-технологиялық экономикаға көшу болып табылады [1].
Ал өз кезегінде бұл Бағдарламаны ұтымды жүзеге асырудың негізгі
алғышарттарының бірі ол - отандық кәсіпкерліктің дамуы болып табылады.
Дүниежүзілік экономиканың жаһандануы аясында Қазақстан экономикасы
бірқатар проблемаларға тап болып отыр. Негізгі проблемаларға мыналарды
жатқызуға болады: бір жақты шикізат бағыттылығы, әлемдік экономикаға
ықпалдасудың әлсіздігі, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық
ықпалдасудың босаңдығы, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну
сұранысының мардымсыздығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның
дамымауы, кәсіпорындардың жалпы техникалық-технологиялық жағынан артта
қалуы, ғылым мен өндірістің арасында ықпалды байланыстың болмауы, т.б.
Осы жоғарыда аталған проблемаларды отандық кәсіпкерлікті қолдай
отырып, үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі
бағыттары бойынша жұмыс жасау арқылы оңтайлы шешуге болады. Сондықтан да
бұл мәселелерді жетілдіру қажет.
Тақырыпты зерттеу барысында ғылыми-теориялық және аналитикалық әдістер
қолданылды.

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияларды басқарудың теориялық негіздері
Отандық ғылымда жаңалық енгізу мәселесіне көптеген зерттеу жұмыстары
арналған, бірақ айта кететін жай, жаңалық енгізу туралы ғылым жалпы ғылыми
техникалық прогресс (ҒТП) концепциясы шеңберінде қалыптасқан. Шын мәнінде,
техникалық-технологиялық жаңалықтар ҒТП-нің мәселелер топтамасына кіреді,
кіре тұра, ол өз бетінше зерттеу объектісін құрайды. Жаңалық енгізу
процестерін зерттеудің өзі–бұл ҒТП-ке ерекше көзқарас болып табылады.
Алайда, шетелдік және отандық зерттеушілер әртүрлі мәселелерге көп көңіл
аударғанымен, ақырында инновациялық процестің бірыңғай теориясын құруға
ұмтылды [2, 6б.].
Көптеген ресейлік, сонымен қатар, шет елдік зерттеушілер ғылыми-
техникалық прогрестің жаңа кезеңінің қалыптасуы мен дамуын ең алдымен
әртүрлі өндіріс салаларында және қоғамдық өмірде микроэлектрониканы
қолдануға негізделген жаңа техникалармен және технологиялармен
байланыстырады. Ал, 1987 жылы жарияланған бір топ кеңестік ғалымдардың
ұжымдық жұмысында ғылыми-техникалық прогрестің жаңа кезеңі ең алдымен сол
ғылыми-техникалық шығармашылықтың өзін, материалдық өндірісті, тауар
айналымды және өткізу аясындағы электронды автоматтандырумен сипатталады
делінген.
Көптеген батыстық ғалымдар микроэлектронды технологияның таралуын
үшінші өнеркәсіптік төңкерілістің басы (мұнда алғашқы өнеркәсіптік
төңкеріліс ХVІІ-ХІХ ғ.ғ. және ҒТП алғашқы кезеңін ХХ ғасырдың ортасынан
бастап есептеп, оны екінші өнеркәсіптік төңкеріліс деп білген) деп
есептейді [3, 5б.].
Американдық зерттеуші Р.Айерс былай деп жазады: Микроэлектроникадағы
төңкеріліс, ЭЕМ-дегі, микропроцессордағы, интегралды сызбалардағы,
математикалық қамтудағы, автоматтандырылған жобалаудағы прогресті қоса
алғанда, үшінші өнеркәсіптік төңкерілістің қозғаушы күші болып табылады.
Колумбиялық университеттен Е.Гинцберг, Т. Ноэль және Т. Стенбак
жаңа ғылыми-техниканың дамуын микроэлектронды технологияға негізделген
жаңа компъютерлендіру дәуірі деп сипатттайды: 70-ші жылдардың ортасынан
бастап ақпараттарды беру құралдарын жетілдіретін және оның барлығын көптеп
сақтайтын, ЭЕМ-нің шапшаң жұмыс істеуін жоғарылатуға мүмкіндік беретін,
математикалық қамтуды қолданушылар үшін қолайлылықты тудыратын
компьютерлендірудің жаңа кезеңі басталды дейді. Ал австриялық экономист А.
Кингтің тұжырымдамасы бойынша ҒТП жаңа кезеңін екінші өнеркәсіптік
төңкеріліс ретінде қарастыруды ұсынады, ол машиналарды және өндірістік
жүйелерді ақпараттармен және компьютерлік санамен қамтудан тұрады дейді.
Ағылшын экономисті Т.Блекберн ғылыми-техникалық дамуды басқаша жіктейді. Ол
механикаландыру, өнімді өңдеу, оны тасымалдау мен өндіріске бақылау
жүргізудің үш кезеңін атап көрсетеді [4, 14б].
Кейбір зерттеушілер, оның ішінде Й.Шумпетер, Р.Форестер, Дж. Стерман,
мынадай пікірді ұстанады: қазіргі ҒТП-тің жаңа кезеңі Н.Кондратьевтің
ұзын толқындар атты жалпы теориясына негізделген Й.Шумпетердің жаңалық
енгізудің ұзын толқындары теориясын дәлелдейді. Олар Америка
экономикасындағы 80-ші жылдардың жаңалықтар енгізу толқыны ұзын толқынның
жоғарылататын кезеңін немесе ұзын толқынның төмендеткіш кезеңін көрсетеді
деп тұжырымдайды, ал соңғы кезеңге жаппай технологиялық жаңалық енгізу тән
(1-ші кесте)
Кесте 1
Н.Кондратьевтің циклдары және техникалық жаңалықтар
Ұзын толқындар Өсу кезеңі, Құлдырау кезеңі,Техникалық жаңалықтар
жылдармен жылдармен
алынған алынған
1 2 3 4
Циклдар:
Индустриалды 1778-1813 1814-1842 Бу двигателі, тоқыма
және көмір өнеркәсібі

Буржуазиялық 1843-1869 1870-189095 Кеме, темір жол, болат
өнеркәсібі
Неомеркантилисттік 189095-1914201920-193540 Электрлі-техникалық
және химиялық
жаңалықтар, дизельдік
двигатель және ішкі от
алу двигателі
Интервенциялық 194045-1965 196570-1985 Автомобильді,
электрлі-техникалық
және химиялық
Жаңа 1980-1990 өнеркәсіп
Микроэлектроника,
генді инженерия,
жарықты және
материалды үнемдейтін
технология

Қайнар көзі: Акчурин А. Некоторые проблемы инновационного развития
Республики Казахстан Қаржы-қаражат-Финансы Казахстана. – 2005.- №3.- 67-
76бб.

Й Шумпетер кәсіпкерлікке инновацияны тарту жолымен жетуге
болатын экономикалық даму теориясын қалыптастырды. Кәсіпкер деп
барлық бизнесмендер емес, жаңа өндірістің негізін салушылар немесе
жаңа технологияны қолданатындарды түсіндіреді. Шумпетер теориясында
инновациялық жобаларға несиелік эмиссияны салу жолымен өнеркәсіптік
саясатты жүргізу механизміне негізделген. Әлемде технологияның
қарқынды түрде дамуы, нарықтардың жаһандандырылуы, техникалық және
ғылыми экспертизаның аймақтандырылуы, стратегиялық альянстардың
құрылуы инновациялық теорияны әрі қарай жетілдіруді талап етуде.
Инновациялық кәсіпкерлік қолдану үшінт технопарк клиентерін
әртүрлі офистік, өндірістік, лабороториялық ғимараттарды жеңілдікпен
беру қарастырылған.
Инновациялық кәсіпкерлікті қолданудың екінші нысанына
консалтингтік қызмет көрсету жатады. Бухалтерлік есеп, бюджеттік
жоспарлау, несиені басқару, маркетингтік талдау, санаткерлік меншіктегі
қорғау және т.б.
Технопарктерді жасақтау кең ауқымды жобалар қатарына жатады.
Жоғары ғылыми-өндірістік әлеуетке ие өңірлерде бірінші кезекте аймақтық
инновациялық-технологиялық орталықтары кеңінен қанат жайғаны жөн. Бұл
істе облыстардағы өнеркәсіп салалары соның ішінде, бірінші кезекте
технологиясы озық үлгідегі кәсіпорындары белсенділік көрсетуі тиіс.
Қазіргі Ресей жеке орналасырылған, ұтымсыз конверсиядан бас тартып,оны
қайта бағдарлап, әскери-өнеркәсіптік кешен әлеуетін қалпына келтіруде.
Н.Кондратьевтің Ұзын толқындар теориясын экономисттердің
көбісі ғылыми еңбектерінде қолдайды [5, 26б.].
Мысалға, Й. Валлерштайн 50-60 жылдары Кондратьевтің циклдары –
экономикалық және әлеуметтік дамуды ғылыми-техникалық жаңалық енгізуге
интеграцияландыратын нақты бір дәлел деп пайымдады.
Й.Шумпеттер Н.Кондратьевтің ұзын толқындар идеяларын ары қарай
дамытып, оны эволюциялық бағытта қолданды.
Ұзын толқындар теориясы С.Борнердің азық-түлік циклдары
концепциясымен және Й.Бергердің капиталдық қоғамның даму сатыларының
теориясымен толықтырылды. Мұнда мынадай тезис қарастырылады, технологиялық
жаңалықтар төрт өмір сүру сатысын бастан кешіреді: балалық кезеңі-
жаңалықтардың төмен қарқынмен таралуы; есейген кезеңі- жылдам қарқынмен
таралуы; жетілу кезеңі- қайтадан төмен қарқынға түсуі және қартайған кезеңі-
нөлдік қарқынмен сипатталады. Жетілу кезеңінде нарық бұрынғы жаңалықтармен
толтырылып, үстемдік етіп тұрған бәсеке сапа бәсекелестігінен баға
бәсекелестігіне өтеді, қоғам техникалық және технологиялық жаңалықтардың
жаңа толқынын қажетсінеді. Алайда, Кондратьевтің теориясы бойынша пісіп
жетілу кезеңіне сәйкес келетін ұзын толқындардың құлдырау кезеңі, нарықтық
конъюнктурада анықсыздық тудырады және келешекті технологияларға салған
капиталдардың тәуекелдігі артады.
Жаңалықтарға деген жетілген қоғамдық қажеттілік пен нарықтағы
тұрақсыздық арасындағы қарама-қайшылықты - экономист А.Клянкнехт
капитализмнің ғылыми-техникалық дамуындағы негізгісі деп бөлді [6, 67б.].
Біздің ойымызша, ҒТП және Жаңалықтардың ұзын толқындары туралы түрлі
концепцияларды талдау көрсетіп отырғандай, ғылыми-техникалық және
экономикалық дамудың ұзақ тербелістеріне әлі де толық түсіндірмелер
берілмеген. Ресейлік зерттеушілердің пікірлері бойынша қоғамның ғылыми-
техникалық және экономикалық дамуына ұзын толқындар концепциялары арқылы
түсініктеме беру ҒТП және оның жаңа кезеңдері теориясынан алшақтау кетеді.
Ұзын толқындар экономикалық дамудың негізгі сандық көрсеткіштерінің ұзақ
тербелісін тудыратын ғылыми–техникалық және нақты-экономикалық факторлар
ретінде қарастырылады. Мұнда әрбір ұзын толқынға тән ғылыми-техникалық
жаңалықтар өндірістік күшке, оның ішінде өндіріс құралдарына аса бір үлкен
өзгеріс әкелмейді. Ал ҒТП және оның жаңа кезеңдерінде қоғамдық өндірістік
күштердегі, оның ішінде еңбек құралдарындағы сапалы қозғалыстар бағаланады
және олар капитализмнің өндірістік қатынастарына әсер етеді.
Бүгінгі күнде ҒТП-тің жаңа кезеңдерін және жаңа ұзын толқындарды
талдап, дәлелдеу сол бұрынғы техникалық және технологиялық тұжырымдамаға
(мұндағысы микроэлектрониканың дамуы – ол бірқатар ғалымдардың пікірінше
балалық шақ кезеңін бастан кешіруде) сүйенеді.
Мамандардың жорамалы бойынша, жақын арадағы 10 жылдықта ғылыми-
техникалық жаңалықтардың негізгі облыстары келесілер болады:
- ұйымдастырушылық-басқару техникасы және ақпараттық техника мен
технологиялар негізіндегі байланыс техникасы, мүлдем жаңа көлік жүйелерін
құру;
- көп операциялық құрылғыларды, өнім сапасына бақылау жасау бойынша жаңа
технологияларды, компьютерлік басқаруымен интеграцияланған өндірістік-
жобалық жүйелерді қоса алғандағы компьютерлік технологияларды
автоматтандыру;
- ақырғы өндірістік циклмен жүретін кен өндіру және қайта өңдеу
өнеркәсіптеріндегі экологиялық таза, қауіпсіз жаңа технология,
биотехнологияны өнеркәсіптік қолдану;
- жаңа материалдар, ең алдымен шыны-талшықтық және шыны-керамикалық
негіздер.
Осыған байланысты біздің ойымызша ҒТП-тің жаңа кезеңдері ретінде
болсын, жаңа ұзын толқын ретінде де жаңа технологиялық мүмкіндіктердің
жүзеге асуы көптеген экономикалық және әлеуметтік факторларға тәуелді
болатыны анық. Жалпы ҒТП-тің дамуы, бір жағынан- қоғамның өндірістік
қуаттарындағы ары қарай өсетін сапалы өзгерістермен анықталса, екінші
жағынан- жаңа қоғамдық қажеттіліктерге жауап болып табылады. ҒТП-тің жаңа
кезеңдеріндегі өзара қызметтестік қоғамның өндірістік қуаттарындағы сапалы
өзгерістермен шектеліп қалмайды, ол экономикалық байланыстар мен қоғамдық
өндіріс жиынтығында, экономиканың қызмет етуінен көрініс табады.
Қандай да бір түсініктің мәнін және маңыздылығын сипаттайтын нақты
аспектілер ортасын анықтау ары қарай зерттеу жүргізу мақсаттарын, құрылымы
мен көлемін құру үшін негізгі бағыт болып табылады.
Әдебиеттерде инновация терминіне байланысты нұсқалар көптеп
кездеседі. Мысалға мазмұнының белгісі немесе ішкі құрылымы бойынша
техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және тағы басқа инновациялар
болып бөлінеді.
Инновацияның теориялық негізін қалауға үлкен үлес қосқан алғашқы
экономисттердің бірі Шумпетер болды. Ол экономиканың дамуындағы өзекті
мәселелер мен механизмдерге көңіл аударуға шақырды.
Инновация түсінігін алғаш рет Й.Шумпетер өзінің Экономикалық даму
теориясы (1912 ж) және Капитализм, социализм және демократия (1942ж)
жұмыстарында қолданды. И.Шумпетердің пікірінше инновацияның негізгі қайнар
көзі ірі корпорациялардың ғылыми-зерттеушілік іс-әрекеті болып табылады.
Бұл салалар мен нарықтардың күйзеліске түсуіне алып келеді. Екіншіден,
бұл тиімді экономикалық шешімдерге жаңа ой-пікірлер қосуға қабілетті
жаңалық ашушы-кәсіпкерлердің шығармашылығы. Шумпетер инновацияны тек
жаңалық енгізу үшін ғана емес, жаңа өндіріс функциясы ретінде анықтады.
Шумпеттердің көзқарасы бойынша инновация кірістің басты қайнар көзін
білдіреді: кіріс, мәні жағынан жаңа үйлесімдікті орындаудың нәтижесі болып
табылады. Ол инновацияға берілген түрлі анықтамаларға талдау жасау
инновацияның өзіне тән мазмұнын өзгертеді дейді.
Ол инновацияға берілген түрлі анықтамаларға талдау жасау инновацияның
өзіне тән мазмұнын өзгертеді, ал инновациялық істің басты функциясы өзгеру
функциясы болып табылады деген қорытынды шығарады.
Осы бағытта И. Шумпетер бес қарапайым өзгерістерді атап көрсетеді:
1)жаңа технологияларды, жаңа технологиялық процестерді қолдану немесе
өндірісті жаңа нарықпен қамтамасыз ету (сату-сатып алу); 2)жаңа қасиеттері
бар өнімдерді енгізу; 3)жаңа шикізаттарды қолдану; 4)өндірісті және
материалдық қамтамасыз етудегі өзгерістер; 5) жаңа өткізу нарықтарының
пайда болуы.
Бұл қағидаларды Шумпетер 1911 жылы құрған болатын. Кейінірек, 30-шы
жылдары ол жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және көлік құралдарын,
нарықтарды, өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын енгізу және қолдану
мақсатында инновацияны өзгерістер ретінде қарастырды.
Шумпетердің көзқарасын талдау көрсетіп отырғандай, біздің
пікірімізше, Шумпетердің теориясының негізгі ережелеріндегі инновациялық
даму төменгі технологиялық сатыдан экономикалық өсу қарқынын күрт
арттыратын сатыға өтумен байланысты экономикадағы жаңа процестерді
білдіреді.
1980 жылдары ұлттық инновациялық жүйелердің Концепциясын бірқатар
ғалымдар бір уақытта зерттеді. Олардың ішіндегі көшбасшылары, атап айтсақ,
Б.Лундвалл (Упсала қаласындағы университеттің профессоры, Швеция), К.Фримен
(Ұлыбритания университеті жанындағы ғылыми саясатты зерттеу орталығының
негізін қалаушы, профессор), Р.Нельсон (АҚШ-тағы Колумбиялық университеттің
профессоры) болды. Олар И.Шумпетердің жалпы әдістемелік қағидаларына, ой-
пікірлеріне сүйенді.
Ұлыбританиялық және Канадалық зерттеушілер Ф.Агийон және П.Хоуитт
эндогендік өсу моделін ұсынды, оның негізінде И.Шумпетердің негізгі
күйзеліс механизмі туралы пікірі жатыр. Бұл модельдегі орташа өсу
жылдамдығы модельденетін жүйе мөлшерінің жоғарылауымен қатар өседі.
Қазіргі заманғы технологиялық даму кезеңінде халықаралық сауда рөлі
туралы бірқатар қорытындыларды Дж.Гроссман (Принстондық Университет) және
Е.Хелпман (Тель-Авив Университеті) жасады.
Чикаго университетінің зерттеушісі П.Ромер экономикалық өсу қарқыны
тікелей адам капиталының шамасына байланысты деп есептейді.
П.Ромер құрған моделінің негізінде адам капиталы көп жинақталған
елдерде даму қарқыны жоғары болады, халықаралық сауданың кеңеюі өсу
қарқынын жоғарылатуға себеп болады, өйткені өніммен алмасу экономикалық
жүйе шекарасын ашады және осылайша жалпы адам капиталын жоғарылатады деп
қорытындылады.
Оның құрған моделінде ғылыми зерттеу жұмыстарын қаржыландыру үшін
капиталдар ағымының мүмкіндіктері қарастырылды және белгілі бір жағдайда
тепе-теңдік траекториясына жуықтау шамасына қарай трансұлттық
корпорацияларды құруды болжайды
Н.Д.Кондратьев инновацияны зерттеу экономикалық конъюнктураның ұзақ
уақыт тербелісте болуымен қатар жүретін эмпирикалық заңдылықты анықтайды
деген пікірде болды. Ол әрбір үлкен циклдің жоғарылайтын толқындары
басталар алдында және оның басында қоғамның экономикалық өмірінде терең
өзгерістер болады, олар техника өзгерісінде біршама көрініс табады деп
есептеді, оның пікірінше ғылыми-техникалық жаңалықтар басты рөл атқарады.
Кондратьевтің алғашқы жоғарылайтын толқындарының дамуында (ХVIII ғ.
ортасы) тоқыма өнеркәсіптеріндегі және шойын өндірісіндегі өнертабыстар
және қозғалыстар шешуші рөл атқарады.
Екінші толқын кезеңіндегі өсім (ХIХ ғ. ортасы) ең алдымен темір жолдар
құрылысына, теңіз көлігін дамытуға негізделген.
Үшінші жоғарылайтын толқын (ХIХ ғ. аяғы ХХ ғасырдың басы) электроника
аясындағы өнертабыстармен және электржарығы, радио және басқа да
жаңалықтарды жаппай енгізумен байланысты болды.
40-60 жылдары өсу моделін құруға неокласикалық бағыт шеңберінде
мынадай түсінік пайда болды, яғни негізгі өндірістік факторлар еңбек және
капиталмен бірге үшінші өндірістік фактор ретінде қабылданған технологиялық
прогресс маңызды рөл атқарды. Еңбек және еңбек қатынастарына деген
көзқарастар табиғи эволюцияны басынан өткерді. Егер еңбек туралы ғылымға
дейінгі түсініктер физикалық күштердің приоритетін, оның материалдық
сипатын және табиғи құбылыстармен байланысын білдірсе, Т.Гегель бұл
түсінікті адамзат іс-әрекетінің бүкіл саласына қатысты деп түсіндірді.
Гегельдің тужырымдауынша, еңбек адам болмысының субстанциясы ретінде адам
санасының жүзеге асу формасы болып табылады [7, 77б.].
Экономикалық дәуірлер не өндіретіндігімен емес, қалай еңбек
құралдармен өндіретіндігімен ерекшелінеді,- деді К.Маркс. Ол қоғамдық
даму үшін материалдық салада шешуші іс-әрекет ретінде өндірісті емес,
материалдық өндірісті, қандай да бір еңбекті емес, жанданған өндірістік
еңбекті бөліп қарастырды. К.Маркс сана мен қол жұмысының ажырамас бірлігін
ескере отыра, еңбекті саналы іс деп анықтайды.
ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы ресейлік философ-идеалисттер бұл
түсінікті басқаша түсінді. Олар әлемнің материалисттік көрінісін жоққа
шығарып, еңбектің адамгершілік негізінің приоритетін атады.
Ресейлік ғылым және мәдениет қайраткерлері еңбек қатынастарының
адамгершілікке бастайтын бастамасын еңбек– құрушы, еңбек-ар, еңбек-
бақыт түсініктерінен іздеді. В.Соловьев және Л.Толстой еңбек қатынастарын
діни адамгершілік негізі бар рухани құбылыс деп қарастырса, С.Франк,
И.Ильин және П.Новгородцев негізгі белгілері адам бостандығы және
қызметтестігі болып табылатын азаматтық қоғамдағы руханияттан іздеді.
Отандық ғылымдағы инновация мәселелеріне көптеген жұмыстар арналды.
Әрбір зерттеуші инновацияны өз аспектісінде қарастырады. Мысалға,
Б.А.Кембаев және тағы басқа ғалымдар инновацияны - әртүрлі сипаттағы
жаңалықтар, жаңа немесе жетік тауар (қызмет) өндірісін ұйымдастыру үшін
ұйымдастырушылық, технологиялық, техникалық және басқа да қолданылатындар
деп қарастырады. Сонымен қатар, автор инновациялық іс аясында қолданылатын
бірқатар терминдерге анықтама береді. Инновациялық іс терминін автор жаңа
өнеркәсіптік өнім түрлерін өндіруге бағытталған іс-әрекет, тауарлар мен
қызметтердің бәсекелестік артықшылықтарына жету және қолдау,
ұйымдастырушылық,технологиялық, техникалық және басқа да жаңалықтарды
қолдану негізінде жаңа өткізу нарықтарын кеңейту және меңгеру деп
түсіндіреді [8, 22б.].
Инновация түсінігі қазақстандық тағы бір танымал зерттеушілердің
бірі -С.Абдыгаппарованың ғылыми жұмысында кеңінен қарастырылған. Ол
жаңалық енгізу жағдайында ұдайы өндірісті өзгертудің басты жолы
жинақтау түсінігін дамыту және жаңа ұғымдармен толықтыру болып табылады
деп тұжырымдайды. Автордың көзқарасы бойынша инновация – бұл шаруашылық
етуші субъектілердің жаңа ғылыми негізделген ой-пікірлерді зерттеуін, жасап
шығаруын және енгізуін қамтитын мемлекеттік және нарықтық реттеу арқылы
қоғамдық өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған мақсатқа жету процесі.
Отандық әдебиеттерде жаңалық енгізу, инновациялық процесс,
инновациялық өндіріс түсініктері әлі де жетік меңгерілмеген.
Инновация мәселесі аясында бірқатар Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының
(ары қарай ТМД) ғалымдары да үлкен үлес қосуда.
Ресейлік ғалым П.Завлин инновация терминін екі негізгі әдіспен
сипаттайды. Біріншіден, инновация ретінде – ғылым және техника
жетістіктеріне негізделген жаңа тұтынушылық құн, яғни объект танылса,
қоғамдық қажеттіліктерді пайдалылығы жоғары тиімділікпен қанғаттандыру
қажеттілігіне көп көңіл бөлді. Оның пікірінше инновация түсінігін жаңа
өнімге немесе қызметке, оны өндіру әдісіне, ұйымдастырушылық, қаржылық,
ғылыми зерттеу және басқа да салалардағы жаңалықтарға, шығындарды үнемдеуді
қамтамасыз ететін және осылай үнемдеуге жағдай жасайтын қандай-да бір
жетістіктерге таратылады.
Инновация – бұл өзгеріс, ал инновациялық істің басты қызметі өзгеру
болып табылады.
Бұл түсінік мағынасы, мәні жағынан жаңалық ашу немесе өнертабыс
түсініктеріне сай келмейді, бұл түсініктер өнеркәсіптегі және экономикадағы
техникалық прогрестің жалғыз ғана қозғаушы күші ретінде қарастырылды. Олар
ең бастысы келесі элементтерімен ерекшелінеді: 1)өнертабыс немесе жаңалық
ережеге сай негізгі деңгейде (бу машинасы, электр жарығы және т.б.), ал
инновация - технологиялық деңгейде, яғни қолданбалы тәртіпте
(транзисторлар, пластмассалар; 2)жаңалықты бір ғана өнертапқыш жасап
шығаруы мүмкін, ал инновация кешенді өнеркәсіптік зертханаларда туындайды;
3)жаңалық мәні жағынан ниетсіз іс болса, ал инновацияның мақсаты - өндіріс
немесе басқару процесінде жаңалықты енгізу нәтижесінде өнімділікті
жоғарылату болып табылады; 4) жаңалық кездейсоқ пайда болады, ал инновация
элементтерді кешенді қолданудың нәтижесі (жүйелік техникалық зерттеулер,
ғылыми-зерттеу бағдарламалары) болып табылады [9, 12б.].
Біздің пікірімізше, жаңалық енгізу мәселесі тек оларды түр-түрге
жіктеп, оларды экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды факторы
ретінде түсінуден тұрмайды, сонымен қатар, жаңалық енгізу мәселесін
басқа да экономикалық мәселелермен шектестіру қажет.
Бастапқы кезерде инновациялық-технологиялық орталықтарға
жергілікті органдардың көмегі аса қажет. Жергілікті бюджеттен тікелей
қаржыландыру, салыққа қатыстыжәне ғимарат үшін жалдық төлемдерге қатысты
жеңілдіктер беру,тіпті болмағанда банктер тарапынан несие бөлінуіне
жәрдем көрсету шаралары жүргізілуі қажет. Жаһандану жағдайында
индустриялық-иновациялық өрлеудің ең маңызды элементі-технологияны
еларалық табыстыру болып табылады.
Шетелдік технологиялардың ағынына жол аша отырып, сонымен бірге
шетелдік серіктерге дайын өнімдердегі ұлттық өндірістің қоспаларының,
бөліктері мен тораптарының үлесін үдемелі арттыру туралы талапты,
технологияны табыстыру туралы өзара шартқа енгізе отырып, қоя білу
керек.
Сонымен, инновацияны кең мағынада алғанда жаңа технологиялар, жаңа
өнім және қызмет, өндірістік, қаржылық, коммерциялық, әкімшілік немесе
басқа да сипаттағы ұйымдастырушылық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық
шешім түрлеріндегі жаңалықты табысты қолдану.
Жаңалық енгізу процесі өз бастауын жаңа ой-пікірлер мен шешімдер
туындайтын ғылымнан алады. Инновациялық процестің шарты ғылыми зерттеулерді
өндірістік процестің бастапқы сатысына айналдыру болып табылады. Ал мақсаты
– жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру, не бұрын сұраныста болған
қажеттіліктерді жаңа әдіспен қанағаттандыру, не тұтынушының шығындарын
үнемдеу [10].
Ойымызды тұжырымдай келгенде, интеллектуалды шығармашылық еңбектің
нәтижесі – жаңалық, ал жаңалық – бұл ноу-хау, тауар белгілері, патенттер
мен шығармашылық өнерлер түрінде ресмиленген инновациялық процесс нәтижесі.
Инновация деп тек өндіріске енгізілген белгілі бір пайдалы тиімділік
әкелетін инновациялық процестің нәтижесін атаймыз.
Көптеген экономисттердің пікірі бойынша инновациялық іс интеллектуалды
өнімді жасау және қолдану, жаңа түп-нұсқасы жоқ ой-пікірлерді тауарлар мен
қызметтер түрінде жүзеге асыру, сонымен қатар, интеллектуалды меншіктің бір
түрі болып табылатын тауарлар мен қызметтерге деген қоғамдық
қажеттіліктерді тиімді қанағаттандыруды ұйымдастыру бойынша іс саналады
[11, 25б.].
Жоғарыда айтылған көптеген зерттеушілердің инновацияға берген
анықтамалары негізінде біздің де инновация түсінігіне деген өз көзқарасымыз
қалыптасты. Бәрін түйіндей келе, біздің пікірімізше, инновация – бұл
алдыңғы қатарлы ғылыми-тәжірибелер және ғылыми жетістіктер негізінде
техникалар және технологиялар облысында жаңалық енгізу.

1.2 Инновацияларды басқарудың шетелдік тәжірибесі
Ішкі және сыртқы нарыққа үнемі сұраныстағы, бәсекелестік қабілеті жоғары
тауарлар мен қызметтерді шығару - инновациялық типтес экономиканың міндеті,
әртүрлі елдерде түрлі жолдармен шешіледі.
Әртүрлі шет мемлекет ғылыми-техникалық және өнеркәсіптік саясатты
жасау және оны жүзеге асыру тәжірибесін талдау біздің елде де ескерілуі
тиіс аса маңызды сәттерді қарастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде әлемдік тәжірбиеде инновациялық қызметті
анықтаудың бір жүйеге келтірілген тәсілі жоқ деп айтуға болады. Оны
бағалау әдістері көп болғанымен таңдамалы түрде жүргізетін зерттеулерге
сүйенеді, сондықтан да оның нәтижесіне қарама-қайшылық көптеп
кездеседі. Инновация терминінің анықтамасының көптігі және әртүрлі
мағынанда түсіндірілуі көптеген проблемаларды туғызады. Әсіресе,
қаржыландыру, есеп жүргізуде, инновациялық қызмет бойынша есеп беруде
қиыншылықтар пайда болады . Сондықтан да инновацияның нақты
анықтамасын беріп, оның ғылыммен байланысын ерекше бөліп көрсетуге
қажет деп түсінеміз. Көптеген ғылыми ізденістерде, соның ішінде
еліміздің экономикалық әдебиеттерде инновациялық ғылыми зерттеу
үрдісінің тікелей жалғасы ретінде қарастырылады. Бірақ, экономикасы
инновацияға қарай бет бұрған көптеген елдер тәжірбиесінде
инновацияның ғылыми-зертеу және тәжірбиеде конструкторлық жұмыстарды
жүргізумен ғана емес, сонымен қатар оның нәтижелерін пайдалануда қол
жеткен табыстармен анықталатын байқауға болады. Инновациялық
жаңалықтар тұтынушылармен жабдықтаушылармен және басқа
бәсекелестермен нарық конъюктурасына байланысты инновацияны әзірлеу
үшін қажетті білімнің ғылыми үрдістің жүру барысындағы білімнен
айырмашылығы болады. Бұл айырмашылық инновациялық қызметтегі өзара
байланысты қызметердің жиынтығынан тұрады. Ол технологиялық
эксперименттер, нарық мониторингін негізге алады. Әрине бұл жерде
кәсіпкерліктің рөлі жоғары болып келеді.
Стратегия елімізде инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған
мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясатты белсенді жүргізуді
қарастырады. Индустриялық – инновациялық саясаттың басымдылықтарына
шикізаттық емсе бағыттағы экономика салаларында экспортқа бағытталған
өндірісті құру және дамыту болып саналады. Солай бола тұрса да
Индустриялық- инновациялық саясатты жүзеге асыру өндірістің техника –
технологиялық деңгейін және экономиканың әртүрлі салаларындағы
инновациялық қызмет жағдайын объективті түрде айқындайтын статистикалық
көрсеткіштер жүйесін қалыптастырмауы мүмкін емес. Бұл үшін Қазақстан
Республикасының Статистика Агентствосының салалық министрліктермен
біріге отырып өнеркәсіптік кәсіпорындардағы технологиялық инновациялар
жөнінде таңдамалы зерттеулер әдісіне енгізу және жасаумен айналысуы
тиіс деп ойлаймыз. Еліміздің ТМД елдері арасында көшбасшылық бағытын
ескере отырып, әрі қалыптасқан экономикалық және геосаяси факторларға
сәйкес Үкімет машина жасау, құрылыс материалдарының өндірісі, химя және
мұнай – химя өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, металлургия,
аэроғарыштық салаларда жаңа жоғарғы технологиялық өндірістерді дамытуға
басымдық беріп отырғаны белгілі. Бұл үшін бірінші кезекте бірлескен
инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін трансұлттық корпорациялар мен
ірі шетелдік және отандық компаниялармен ынтымақтастықты арттыруға
маңыз беріліп келеді. Мәселен, Үкімет тапсырмасы бойынша Индустрия және
сауда министрлігі Даму институттарымен бірлесіп, Франция, Италия,
Германия, АҚШ, Швейцария, Англия сияқты дамыған мемлекеттердегі және Ресей
Федерациясындағы Орал, Сібір өңірлерімен Татарстан еліндегі жетекші
өнеркәсіп компаниялармен келіссөздер жүргізеді . Әлемде өндірістік сала
көшбасшысы болып саналатын 200-ге тарта трансұлттық компанияның 50-нің
басшыларымен қысқа мерзім ішінде кездесулер өткізіп, Қазақстан мүдделі
болып отырған өнімдер шығару жөніндегі уағдаластықтарға қол
жеткізіледі. Еңсерген елеулі жұмыстарды ескере келе, шетелдік
компаниялардың Қазақстан экономикасының игерілмеген секторындағы
қызметін дамытудағы белсенділік танытып отырғандығын аңғаруға болады.
Мұндай белсенді іс –қимыл мемлекеттік органдардың шетелдік әлеуетті
инвесторлармен тікелей келісім сөздер жүргізу арқылы өзара байланысты
нығайту және мемлекеттік даму институтарын құру шаралары арқасында
орнығып отыр. Стратегияда көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет
бүгінгі баяу инвестициялық саясатын белсенді саясатқа ойысып,
инвестицияны үйлестіру функциясын өзіне алмақ. Биылғы жылы
республикамыздағы барлық даму институттарының мемлекетттік активтері
Индустрия және сауда министрлігіне беріліп, бұл қадам жүргізіліп жатқан
саясаттың тиімділігін арттыруға септігін тигізуде болып отыр.
Инновацияның дамыған елдердегі даму тенденциясын қарастыратын болсақ,
ХVII ғасырда әлемдік экономикалық ғылыми прогрестің нағыз ортасы Батыс
және Солтүстік Еуропа, ең алдымен Англия, Нидерланды, Швейцария, Венеция,
Швеция болды. Дәл осы мемлекеттерде әлемдік ғылыми-техникалық және
экономикалық инновацияның маңызды бір бөлігі шоғырланған. 90-шы жылдары
бесінші толқынды өнеркәсіп салаларын дамыту және инновацияның шоғырлануы
нәтижесінде АҚШ Еуропаны, Жапонияны, Шығыс және Оңтүстік Азияның жаңа
индустриалды жолбарыстарын артқа қалдырғандығы анықталды [12, 212б.].
Мәскеу мемлекеттік университетінің белгілі ғалымы-Семен Фокиннің пікірі
бойынша, инновациялар тек қалыптасқан дәстүрді бұзып қана қоймайды, сонымен
қатар, қарапайым тәуекелді іскер кәсіпорындарға қарағанда үлкен кіріс
әкеледі. Әлемде 70-ші жылдары жасалған ең үздік 17 жаңа өнертабыстан
түсетін кіріс мөлшері орта есеппен алғанда 56 %-і құрайды. Соңғы 30 жылда
американдық бизнеске салған инвестициядан түскен орташа табыс – 16% ғана.
Қалайша жаңалық енгізуге болады?, тамақтану индустриясы сияқты
қарапайым салада да жаңалық енгізуге болады, бұған мысал – “Mc Donald’s”.
Өнімді стандарттап, осыған байланысты өнімнің өзіндік құнын және
жіберілетін бағаны төмендету, жаңа өндірістік бағыт, білікті мамандар
дайындау және орташа және жанұялық сатып алушыға шағып есептелген тиімді
маркетинг арқылы “Mc Donald’s” жаңа өнім-жоғары сапалы гамбургерді ойлап
тауып қана қалған жоқ, сонымен қатар, ол қызметтер нарығында тіптен жаңа
категорияны құрды.
Ғылым және технология аймағы технопарктерден, технополистерден және
инкубаторлардан, сонымен қатар ғылыми және өндірістік іс-әрекетті
ұстанатын жан-жақты инфрақұрылымнан тұрады [13,33б.].
Алдыңғы қатарлы шет елдік тәжірибені талдау бойынша ғылым мен
өндірісті интеграциялаудың тиімді бір түрі – бұл технопарктер құру.
Технопарктер жоғары технологияны негізгі зерттеу облысынан өндіріске
өткізуде маңызды рөл атқарады және ғылымның қаржыландырылуына септігін
тигізеді.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес технопарктер көрсететін қызметтерінің
көлемі, құрылымы және масштабы, ғылымды көп қажет ету деңгейі,
қатысушыларының құрамы бойынша ерекшелінеді.
Технопарк- әрқайсысы инновациялық қызметтердің мамандандырылған
жинағын жүзеге асыратын орталықтардың жиынтығын білдіреді.
Технополис-бұл қаланың өмір сүруін қамтамасыз ететін технопарктердің,
инкубаторлардың және түрлі құрылымдар кешенінің жиынтығы.
Батыс германдық әдебиеттерде технологиялық парк термині зерттеу және
өндіріс қызметтері, қызметтер көлемі және басқа да концептуалды белгілері:
зерттеу паркі, технологиялық парк, өнеркәсіптік парк, арасындағы
қатынасымен, бейімделуімен ерекшелінетін парктердің төрт түрін ажыратып
қарайды.
Зерттеу парктері –бұл ірі ғылыми орталықтар, ең бастысы университеттер
маңында топталған ғылымды көп қажет ететін фирмалардың жиынтығы. Олардың
міндеті - негізгі және қолданбалы зерттеулердің өзара үйлесіп әрекет етуін
қамтамасыз ету.
Өнеркәсіптік парктер – бұл жер учаскесін, өндірістік және қызметтік
жайларды бірлесіп, ортақ қолдануға негізделген фирмалардың бірлестігі.
Барлық фирмаларға қойылатын жалғыз ғана ортақ талап – бұл жаңалық енгізуге
бейімделу. Өнеркәсіптік парктердің қызметіне көп жағдайда орналасатын жерді
таңдауға қандай да бір себептермен шектеу алған фирмалар жүгінеді.
Грюндерлік орталықтар – бұл қайта өңдеу облысындағы жас кәсіпорындарға
арналған өнеркәсіптік парктердің бір түрі. Іскерлік қызмет көрсету тізімі
әсіресе өздеріне қауіпті бастапқы кезеңде кәсіпорындардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға жобаланған. Көптеген коммерциялық және басқару мәселелерін
шешуге жиі кеңес береді.
Технологиялық орталықтарда жоғары технологияларға бейімделген қайта
өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар шоғырланған, олар ірі бастапқы
шығындарды және маңызды коммерциялық тәуекелдерді меңгереді. Грюндерлік
орталықтарға ұқсас, мұнда ұжымдық қолданумен қатар, мамандандырылған
тәуекел компаниялар қызмет етеді [14, 84б.].
Ұлыбританияда ғылыми парк термині жалпы қарастырылып отырған
құбылысқа жатады. Сонымен қатар, ғылыми парк деп ғылымды көп қажет ететін
компаниялар орналасатын арнайы бөлінген үлкен территориясы бар,
университеттің немесе қандай да бір басқа жергілікті зерттеу орлығының
ғылыми-техникалық зерттеулеріне негізделген орталықты атайды.
Ғылыми парктерге қарағанда зерттеу орталығы техникалық прототиптерден
тыс өндірісті өсіретін өндірістік қуатты құруды қарастырмайды.
Инновациялық орталықтар аймақта жаңа ғылымды көп қажет ететін
кәсіпорындардың құрылуына бейімделеді.
Аталған барлық ғылыми парктерді құру ұзақ процесс болып табылады және
ол екі кезеңнен тұрады:
1.Инфрақұрылымды (қонақ жайлар, қызмет көрсететін кәсіпорындар,
банктер) құру. Паркте негізін қалаған ірі көшбасшы ұйымның артынан шағын
фирмалар да құрыла бастайды.
2.Ғылыми парк көлемінің қарқынды өсуі, сырттан жұмылдыру және жаңа
компаниялардың пайда болуы (бірінші кезеңнен бірнеше жылдан соң).
Жоғарыда айтылғандай, ғылым мен өндірісті интеграциялаудың тиімді түрі-
ғылыми парк құру болғандықтан, біздің пікірімізше, аймаққа ғылыми
өнеркәсіпті жұмылдыру үшін көз қызығарлықтай өмір сүру жағдайы жақсы, ірі
техникалық университеттер, ірі ғылыми-зерттеу орталықтары және
мамандандырылған жұмысшы күші қажет.
Сондықтан, осы ретте ғылыми парктерді құруға қажетті алғышарттарды
қарастыруымыз керек:
- Ғылыми парктың ортасы (ордасы) рөлін атқаратын университеттің немесе
басқа да жоғары оқу орнының болуы;
- Шағын бизнес инкубаторының болуы – бұл алғашқы кезеңдерде материалды
шығындардан аулақ болуға, ғалымдардың, инженерлердің, жаңадан өз ісін
бастаған кәсіпкерлердің жаңа идея, ой-пікірлерін жүзеге асыруға және оның
келешегіне баға беруде жоғары мамандандырылған көмек алуға мүмкіндік
береді;
- Венчурлық фирмалардың немесе келешекті кәсіпкерлік жобаларды қолдау
үшін жеңілдік түрінде қаржыландыру мүмкіндіктерінің болуы;
- Инновациялық кәсіпорынның табысты қызмет етуі үшін барлық қажетті
жағдайлардың болуы, атап айтсақ, ірі өнеркәсіптік компаниялардың зерттеу
бөлімдері, жер учаскесін сатып алу немесе жалға алу, ғимараттарды соғу
немесе жалға алу, құрал–жабдықтарды лизингке алу, университетпен
қызметтестікті жақсарту, жергілікті салық жеңілдігін немесе басқа да
қаржылай ынталандыру, байланыс саласында қажетті қаржылық қызмет көрсету
мүмкіндіктеріне ие болу;
- Пайдалы географиялық жағдай, қолайлы климаттық және экологиялық жағдай,
магистральды автокөлік, теміржол, әуе жолдарына жақын орналасуы – ғылыми
паркте жұмыс істеуді тартымды етеді;
- Мемлекет, жергілікті билік органдары және сәйкес университет әкімшілігі
тарапынан қолдау.
АҚШ-та 80-ші жылдары технопарктердің саны бірте-бірте өсе бастады.
Бүгінгі күнде мұнда 160-тан астам (әлемдегі жалпы технопарктер санының 30%-
ын құрайды) технопарк бар.
Еуропада технопарктер 70-ші жылдардың басында пайда болды. Солардың
ішінде алғашқылар - Эдинбургтегі Хэриот-Уатт университетінің Зерттеу-
жүргізу паркі, Кембридждегі Тринити-колледж маңындағы ғылыми парк,
Бельгиядағы Левен-ла-Нев, Ниццедегі София-Антиполис және Гренобльдегі
ғылыми және техникалық жаңалықтар мен өндіріс Зонасы (ZIRST ) болып
табылады. Олар ғылымға бизнес ретінде қарап, толығымен АҚШ технопарктерінің
моделін қарастырды.
Жапонияда сонымен қатар, сыртқы сауда және өнеркәсіп министрлігінің
жоспары бойынша, ірі қалалар маңында болашақта 40-қа жуық ғылыми парк
құрылатын болады. Солардың бірі – Кюсю аралығындағы Индзукадағы
технологиялық институт, мұнда жасанды интеллект, басқару жүйелері сияқты
облыстарда ғылыми- зерттеу жұмыстарын жүргізетін 200-дей қызметкер жұмыс
істейді. Мацусита фирмасы Индзукада ғылыми-зерттеу орталығын ашқан
алғашқы фирма болды.
Токиодан 150 шақырым жерде 20га-ға тағы бір ғылыми парк салу
көзделген, оның мақсаты-бағдарламалық құралдарды жасап шығару. Осы парктің
құрылысын қаржыландыруға 260 фирманы, сонымен қатар, 80-ге жуық ірі
радиоэлектроника өнімдерін дайындаушыларды біріктіретін ЭЕМ бағдарламалары
үшін бағдарламалық құралдар Ассоциациясы қатысады. Олардың осы парктегі
бағдарламалық құралдарды ғылыми-зерттеу орталығының құрылысына бөлген
қаражаты 7,7 млн. долларды құрайды.
Қытай мемлекеті де ғылыми-техникалық прогреске көп көңіл бөліп отыр.
Бұл елде ғылыми-зерттеу институттары негізінде жұмыс істейтін фирмалар мен
корпорациялар өте көп, жергілікті басшылықтың қолдауымен зерттеу
орталықтары негізінде 50 кәсіпорын құрылған.
Шет елдік тәжірибеге бойынша Оксфордтық университеттегі (Ұлыбритания)
ғылыми-инновациялық іс-әрекеттің жағдайына, Стенфордтық университет (АҚШ)
негізіндегі Селикон Веллидің табысты қызмет етуіне, Жапониядағы Цукуба
сияқты технопарктер мен технополистердің болуына баға бере отыра, бүкіл
әлемге танымал университеттер негізінде ғылыми зерттеу жұмыстарын сәтті
инновациялық басқару фактісін сеніммен тұжырымдауға болады.
Ал Қазақстанда ғылым және білім ордасы ретінде танылған бірден-бір
жоғары оқу орыны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып
табылады. Аталған университет күшті ғылыми-педагогикалық потенциалымен,
танымал ғылыми мектептерімен, жетілген материалдық-техникалық негізімен,
сонымен қатар ғылыми-технологиялық инфрақұрылымымен белгілі. Университет
Қазақстан Республикасының (ары қарай ҚР) жоғары оқу орындарының ішінде
табиғи-техникалық және пәнаралық экологиялық зерттеулер бойынша 7 ғылыми-
зерттеу институттарын және Ғылыми-технологиялық парк, сонымен қатар,
қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар бойынша 11 ғылыми-білім беру орталықтарын
және ақпараттық технологияны енгізу бойынша оқу-есептеу орталығын ең алғаш
құрғандардың бірі.
Ғылыми-инновациялық зерттеулермен (ары қарай ҒИЗ) 280 ғылым докторы,
800 ғылым кандидаты айналысады. 2003 жылы университет 47 қолданбалы және
инновациялық жобаларды және 34 ұйымдар мен кәсіпорындармен шаруашылық
келісім-шарттарды орындады. Университет ғалымдары 59 халықаралық ғылыми
және ғылыми-білім беру жобаларын жасауға қатысты және 30-дан астам патент
алды.
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында: ұлттың
бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білім деңгейімен анықталады
делінген.
Индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда ғылымды көп қажат
ететін технологияларды, инновациялық өнімдерді ішкі және сыртқы тауар және
қызмет нарықтарына шығара алатын жаңа, біліктілігі жоғары мамандар
даярлауға көп көңіл бөлінеді. Осы ретте біздің көзқарасымыз бойынша ғылыми,
технологиялық және кадрлық потенциалдарымызды жоғарылатып, материалдық-
технологиялық базаны жаңартуымыз керек және инновациялық потенциалды
жоғарылату стратегиясын жетілдіруіміз қажет. Ол елдегі ғылыми- техникалық
потенциалды қолдануға және шет елдік тәжірибені қатыстыруға негізделген.
Біздің пікірімізше, нарықтың белгілі бір инновациялық өнімге деген
қажеттілігі қажетті жаңа мамандық тізімін құруға мүмкіндік береді.
Сондықтан, осыны негізге алып, сәйкес мамандықтар бойынша жоғары оқу
орындарына білімгерлердің түсуі үшін мемлекеттік гранттар мен несиелер бөлу
орынды.
Тарихи қалыптасқандай, Қазақстанда басты ғылыми-технологиялық
бағыттар: геологиялық ғылымдар, тау-кен ғылымдары, металлургия, химия
бағыттарына бағытталады. Осы бағыттар ел экономикасы мен өнеркәсібінің
дамуына, ғылыми және инженерлік-техникалық мамандардың қалыптасуына әсер
етті. Бұл бағыттар өздерінің басымдық жағдайын қазіргі уақытта да сақтауда
және елдің жаңа экономикасының ғылыми-технологиялық қамсыздандыруында
локомотив рөлін орындауда. Болашақта бұл бағыттардың рөлі мен орнын
сақтау қажет, себебі салаларда әлемдік нарықта бәсекелесу мүмкіндігі бар
[15, 85б.].
Ал Қазақстанда салыстырмалы түрде алатын болсақ, ғылыми
орталықтардың даму тенденциясы әлі сәбилік кезеңді бастан кешіруде.
Жаңадан өз іс-әрекетін бастап келе жатқан ғылыми-технологиялық парктерге
Алматы маңындағы ақпараттық-технологиялық паркін, Оралдағы Альтаир,
Өскемендегі Алтай, Қарағандыдағы Бизнес-Сити ғылыми орталықтарын атап
кетуге болады.
Біздің көзқарасымыз бойынша Қазақстанда технологиялық парктерді құру
және оның дамуы үшін ең маңызды алғышарттар баршылық:
- ірі университеттер;
- бос жатқан территориялар көп;
- жергілікті билік өз аймақтарының дамуына қызығушылық танытуда, шағын
және орта бизнестің мүддесін қорғауға бет бұрған;
- біліктілігі жоғары ғылыми потенциал шоғырланған;
- күннен күнге дамып жатқан байланыс құралдары (көлік, баланыс);
- алыс шет елдермен іскерлік және ғылыми келісім-шарттарға отыру ұлғайып
келеді.
Технологиялық құрылымды құру және оның сәтті жұмыс істеуі
үшін қажетті ғылыми және өндірістік потенциалға ие, аса бір тартымды
аймақ – Алматы қаласы болып табылады. Алматы қаласында инновациялық іс-
әрекеттің әртүрлі бағыттарын қамтитын маңызды ғылыми потенциалдың
шоғырлануы өндіріске жаңа бәсекелестік қабілеті жоғары инновациялық
технологиялар мен өнімдерді зерттеп, енгізе алатын мамандардың бұқарасы
бар деп сеніммен айта аламыз.
Нарықтық экономикада инновациялық идеяларды жүзеге асыру
үрдісінің ұзақ мерзімге созылып кетуі оның құндылығын жоймақ. Өйткені
ақша инновация ережесіне негізделген жүйеде тезірек табыс табу басқа
кәсіпорындар біраз уақытан бері игерілмей келе жатқан жаңа рыноктарды ,
оның ішінде сыртқы рыноктарды бағындырудағы аса тиімді әрі тапсырмас
құрал деп есептейді .
Инновацияның технологиялық сипатына байланысты өнімдік және
үрдістік деп екіге бөлінеді. Өнімдік инновациялар жаңа материалдар мен
жартылай фабриканттарды пайдалана отырып жаңа өнім алуға негізделсе,
үрдістік иновациялар өндірісті жаңа технологиялар бойынша ұйыдастырудың
тәсілдері болып табылады. Сонымен бірге , өнімнің маңыздылығы мен қызмет
ету аясына қарай әлемдік салалар салалар үшін, елдің ішіндегі салалар
үшін және белгілі бір кәсіпорын үшін қажетті инновациялар деп жіктейді.
Ғылыми орталық құру үшін қолданылмай жатқан бос орындар және
инновациялық іс-әрекетке қатыстырылатын өндірістік-техникалық потенциал
бар. Атап айтсақ, мұндай кәсіпорындардың қатарына ОЗАТ акционерлік
компаниясы (ары қарай АҚ), Тоқыма компаниясы, Электромаш ашық акционерлік
компаниясы (ары қарай ААҚ), АҚ Биокомбинат, АҚ Қазақ радио-техникалық
зауыты, АҚ Химтекс, АҚ Станок құрылысының зауыты, АҚ Алатау, АҚ
Геофизприбор кіреді. Осындай кәсіпорындардың негізінде технопаркке
кіретін бөлімшелер желісін ұйымдастыруға болады.
Технопарктің басты бағыттары геофизика, биотехнология, ақпараттандыру
және ақпараттық технология болуы керек. Бұл осы салаларды ең алдымен
дамытуға негізделген, өйткені аталған салалардың дамуы үшін елде белгілі
бір отандық ресурс та, кадрлық потенциал да баршылық.
Геофизиканың Қазақстанда дамуы үшін Алматыда барлық алғышарттар бар:
ғылыми-білім беру негізі, кадрлық және шикізаттық потенциал, осы салада
отандық ғалымдардың жинақтаған бай тәжірибесі. Аталған саладағы негізгі
бағыт геологиялық меңгеру, сейсмология және басқа да бірқатар келешекті
салаларда жаңа әдістер мен технологияларды ойлап шығару болып табылады және
олардың нәтижесі тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар, шет елдерде де
табысты қолданылатын болады.
Биотехнологияның дамуы жаһандағы және жергілікті экологиялық
мәселелерді және Қазақстанның әртүрлі аймақтарының табиғи-климаттық
жағдайларына бейімделген өсімдіктер мен жануарлардың жаңа түрлерін ойлап
шығару үшін олардың генетикалық мәселелерін шешеді деп болжанады. Осы бағыт
бойынша сирек кездесетін қазақстандық шикізат негізінде, әлемде теңдесі жоқ
фармацевтикалық өнімнің технологиясы жасалып, өндіріске шығару болжануда.
Ақпараттандырудың және ақпараттық технологияның дамуы
бүгінгі күнде елдегі нарықтық экономиканың дамуының негізін қалайтын
принциптердің бірі болып табылады. Сондықтан технопарк негізінде дайын
бағдарламалық өнімді шығаратын және жаһандық ақпараттық ресурсты
қолданатын қазақстандық қызмет көрсету нарығына өз өнімдерін шығара
алатын шағын инновациялық кәсіпорындар пайда болады.
Аймақтық технопарптердің ұлттық технопарктерден айырмашылығы
республиканың жеке аймақтарының экономикасынын инновациялық дамытуға
ынталандыру болып табылады. Технопарктерді дамытуда аймақтық оқу
орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының қатысуы, сонымен бірге
аймақтық шағын және орта бизнестегі технопарк қызметіне тарту – мұның
бәрі аймақтық технопарктердің негізгі белгілері болып табылады.
Оларға аймақтық өнеркәсіп кәсіпорындарынын тарту арқалы сырқы
және ішкі нарыққа бәсекге қабілетті өнім өндіру және қызмет түрлерін
көрсетуді басты бағыт етіп ұстану жатады.Сонымен қатар қосылған құн
тізбегіне қатысушы кәсіпорынды тартумен қатар салалық технопарктер құру
өнеркәсіп құрылымын жетілдіруге көмектеседі деп санаймыз.
Қазіргі кезде үш аймақта технопарктер ұйымдастыру жөнінде белсенді
түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қарағанды, Орал және Алматы.
Технопарктердің орнын анықтаудың басты критерийлеріне дамыған ғылыми
және білім беру ұйымдарының болуы, қала мен аймақтық өнеркәсібінің даму
деңгейінің жоғары болуы жатады. Үкімет республикалық бюджеттен аймақтық
технопарктердің қалыптасуына қаржы бөледі, бірақ та технопарктің
инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қаржы жүктемесі биліктің жергілікті
орындарына бөліну керек деп болжануда.

Технопарк шеңберінде машина құрылысын, радиотехниканы, сонымен қатар,
4,5,6 шектердегі бәсекеге қабілетті өнімді шығару бойынша металлургияны
инновациялық дамыту үшін де үлкен мүмкіндіктер бар.
Сонымен, Алматыда қуатты ғылыми және жоғары технологиялар орталығын
құру инновациялық мультипликациялық толқындарды тарату процесін
жоғарылатуға мүмкіндік береді, бұл Қазақстан экономикасының барлық
салаларында ғылыми-техникалық прогрестің қуатты серпілісін тудырады.
Нәтижесінде, бұл мемлекетті орта дамыған елдердің қатарына, мүмкін,
болашақта жекелеген өнімдердің түрлері бойынша әлемнің дамыған елдерінің
деңгейіне жеткізері анық.
Қазіргі заманғы шет елдік тәжірибе көрсетіп отырғандай,
корпоративті зерттеулер мен ғылыми жұмыстар маңызды экономикалық орын
алады. Дамыған және дамушы елдердің кәсіпкерлік саласының зерттеулері
ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың көлемі, ғылыми мамандардың
саны, алған патенттерінің саны, өнімдермен қызметтер түріндегі техникалық
жаңалықтарын ағымы жағынан университеттерден және мемлекеттік
зертханалардан алда келеді. Өткен ғасырдың аяғына қарай дамыған елдердегі
кәсіпкерлік сала ғылымға деген жалпы ұлттық шығындардың басым бөлігін
қаржыландырды: Францияда – 61% . Ұлыбританияда – 65%, Германияда - 68%,
Жапонияда – 72 %, АҚШ-та – 74 %, Швецияда – 75 % [16, 83б.].
Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде негізгі ғылымға жұмсалатын шығындардың
ЖІӨ көліміндегі үлесі қатаң бақыланады. Осы қатынаста жеңілдік салықтар,
кедендік баж салықтары, бюджеттік қолдау, инвестицияны ынталандыру, ғылыми
құрылғылардың лизингі сияқты экономикалық механизмдер кеңінен қолданылады.
Дамушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индустриалды-инновациялық қаржыландыру
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Қазақстандағы инфрақұрылым түрлерінің қазіргі даму жағдайы
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Инновациялық басқару және кәсіпорынның инновациялық қызметі
Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқару
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер