Өндіріске жұмсалған шығындар



Кіріспе
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1Өндіріске жұмсалған шығындар
2.2. Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымының
2.3. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Қорытынды
Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін, табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін, шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап алудың маңызы зор.
Отандық және ТМД елдерінің авторлары «шығындарды»: өндіріс шығындары (издержки); шығындар (затраты); шығыстар (расходы) деп жіктесе, Д. Энтони., Дж Рис, бұл аталғандарға төлеу (выплата) деп төртіншісін қосады [7]. Аталған «шығындар» жіктеулеріне анықтама бере отырып, олардың өзара байланысын шектеу шеңберіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып табиғатын түсінудің қажеттігі туындайды.
1. ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы. 28.02.2007 жыл.
2. №2 Ұлттық қаржылық есеп стандарты
3. №2 «Қорлар» Халықаралық қаржылық есептілік стандарты.
4. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары. ҚР қаржы Министрінің бұйрығы. 23.05. 2007 ж., № 185.
5. Апчерч А. Управленченский учет: принципы и практика: Пер.с анг./ Под ред Я.В.Соколова, И.А.Смтрновой- М.: Финансы и статистика, 2002.
6. Друри К. Управленческий и производственный учет / Пер с англ. Учебник- М.:ЮНИТИ-ДАНА, издание 6, 2007
7. Назарова В.Л., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі: Оқулық –Алматы: Экономика,2005
8. Мадиева К.С. Басқару есебі 1. Оқулық құрал. – Қарағанды 2009.
9. Хонгрен Ч.Т., Фостер Дж. Бухгалтерский учет: управленческий аспект: пер с англ, под ред. Я.В.Соколова М: Финансы и статистика, 1995
10. Өндіріс саласындағы бухгалтерлік есеп – оқулық/ Мадиева Қ.С. Қарағанды, КЭУ 2008.
11. Аврова И.А. Управленческий учет. – М.: Бератор-Пресс, 2003.
12. Карпова Т.П. Управленческий учет. Учебник для вузов. 2-ое изд. М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004.
13. Кондратьева Н.С. Основы управленческого учета: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2000.
14. Каверина О.Д. Управленческий учет: системы, методы, процедуры.-М.: Финансы и статистика, 2003.
15. Управленческий учет: Учебное пособие/Под ред. А.Д. Шеремета-М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2002.
16. Кукукина И.Г. Управленческий учет: Учебное пособие-М.: Финансы и статистика, 2004.
17. Керимов В.Э. Управленческий учет: Учебник-3-ое изд. – М.: ИТК «Дашков и К», 2004.
18. Тасмағамбетов Т. Басқарушылық есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Алматы: Дәуір, 2002

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
Кіріспе
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1Өндіріске жұмсалған шығындар
2.2. Қазіргі кезде басқарудың ұйымдық құрылымының
2.3. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Қорытынды

Кіріспе
Шығын деген ұғымды түсіну үшін, ең алдымен оның пайда болу себептерін,
табиғатын, олардың бағыттарын, мақсатын, негізгі шешетін мәселелерін,
шаруашылық үрдістерінің сатыларындағы атқаратын қызметімен, рөлін анықтап
алудың маңызы зор.
Отандық және ТМД елдерінің авторлары шығындарды: өндіріс шығындары
(издержки); шығындар (затраты); шығыстар (расходы) деп жіктесе, Д. Энтони.,
Дж Рис, бұл аталғандарға төлеу (выплата) деп төртіншісін қосады [7].
Аталған шығындар жіктеулеріне анықтама бере отырып, олардың өзара
байланысын шектеу шеңберіндегі ерекшеліктеріне сүйене отырып табиғатын
түсінудің қажеттігі туындайды.

2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Өндіріске жұмсалған шығындар
Өндіріске жұмсалған шығындар өнім өндіру, жұмыс орындау және қызмет
көрсету шығындарын қамтыса Өндіріс шығындары сату шығындарын қоса
қамтиды. Бұдан туатын тұжырым алдымен өндіріске жұмсалған шығындар
материалдандырып актив ретінде нақты өзіндік құны бойынша тіркеліп, дайын
өнім (қызмет, жұмыс) түрінде болашақта табыс әкелу қасиетіне ие болады.
Өндіріске жұмсалған шығындардың табыс әкелу қасиеті шығынның жұмсалу
мақсатынан туындайды. Жұмсалған кез келген шығынның бағытына қарай белгілі
бір түпкілікті мүддені көздейтіні, мақсаттың болатыны белгілі. Ал өндіріске
жұмсалған шығындардың түпкілікті мақсаты ұйымға табыс әкелу. Бұл жерде
дайын өнім өндіру мен қатар оның сапалы болып өндірілу мақсаты қоса
көзделеді. Өйткені өндіріске жұмсалған шығындарды өтеп үстінен табыс түсіру
үшін өнімнің сапалы болуы басты мақсат болса, табыстың көлеміне тікелей
байланысты өндіріске жұмсалған шығынның нормаланған мөлшердегі көлемінің
сақталуы негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгіөндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және
зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау
зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім
өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-
механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және
т.б.).
Қосымша цехтар(мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі
цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар(ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын
цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші
өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі
бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы
өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу
(калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің
нақты шығысын толық  дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы
бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін
ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін
қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін
сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген
белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер, цехтар,
учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар
шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде субъектінің есеп саясатында
анықталғандай етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына
енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік кұнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің
өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен
байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін, яғни
бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы —
шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін
(негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын,
өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.);
— өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар
(өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі
кұралдардың амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық
элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбек ақы шығындары;
еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы
(тозуы); басқа да шығыстар кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық және әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар
өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың
сызбасын (4-суреттен көре аласыз) мынадай етіп салуға болады:
Материалдар Жалақы Жалақыдан аударылған Үстеме шығысы
аударымдар
   

1. Шарушылық субъектінің экономикалық потенциалын бағалау.
1.1 Мүлікті жағдайды жалпы 1. Активтердің жалпы құны
бағалау 2. Өндірістік бағыттағы мүлік құны.
3. Негізгі құралдар құны және оның
активтерінің жалпы құнындағы үлесі.
4. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті.
1.2. Қаржылық жағдайды 1. Меншікті капитал және оның жал-пы
бағалау. капиталдағы үлесі.
2. Заемды және меншікті капитал
қа-тынасының коэффициенті.
3. Ағымдық ликвидтілік коэффи-циенті.
4. Ағымды активтердегі меншікті айналым
қржысының үлесі.
5. Запастарды жабу коэффициенті.
1.3. Ауру статьялар 1. Жабылмаған зиян.
2. Қамтамасыз етілмеген несиелер.
2. Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің
 нәтижелілігін бағалау.
2.1. Табыстылықты бағалау. 1. Жалпы және таза табыс.
2. Бөлінбеген табыс.
3. Негізгі қызметтен түскен табыс.
2.2. Динамикалық бағалау. 1. Өнімді сату мен жалпы капиталдан
табыстың өсу қарқыны.
2. Жалпы және таза табыстың өсу қарқыны.
2.3. Іскерлікті бағалау. 1. Ағымдық активтердің айналымды-лығы.
Кәсіпорынның іскерлігін және 2. Еңбек өнімділігі.
қаржылық-шаруарылық 3. Қор қайтарымы.
қызметінің тиімділігін 4. Өнімнің материал сыйымдылығы.
бағалау. 5. Меншікті капитал табыстылығы.
6. Жалпы капитал табыстылығы.

Кең ауқымды өндірістік серіктестерде экономикалық қызметтің барлық
қызметімен экономикалық мәселелер бойынша жұмыс атқаратын директор
меңгерушісі болып табылатын бас экономист айналысады. Ол серіктестіктегі
шаруашылық қызметке талдау жүргізуді де қоса, барлық экономикалық
жұмыстармен айналысады. Өндірісті ұйымдастыру және экономика лабораториясы,
жоспарлы-экономикалық бөлім, еңбек және еңбекақы бөлімшелері, бухгалтерлік
есеп, қаржылық және т.б. бөлімдер оның тікелей басшылығында болады. Орта
және шағын кәсіпорындарда аналитикалық жұмыстарды бас бухгалтер немесе
жоспарлау бөлімінің басшысы басқарады. Аналитикалық жұмыстарды үйлестіру
үшін құрамына кәсіпорынның барлық бөлімдерімен қызметтерінің басшылары
кіретін технико-экономикалық кеңес құрылуы мүмкін. Экономикалық талдау
экономикалық қызмет қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар техникалық
бөлімдердің (бас механик, энергетик, технолог, жаңа техника және т.б.)
міндеттері болып табылады. Сонымен қатар цехтік қызметкерлер, бригада,
участок басшылары да айналысады.
Өндірістік бөлім өнімді көлемімен ассортименті бойынша шығару жоспарын
орындауды, жұмыс ырғақтылығын, өнім сапасын көтеруді, жаңа техникамен
технологияны енгізуді, өндірісті кешенді механизациялау мен
автоматизациялауды, құрылғылардың жүмысын, материалдық ресурстардың
шығындалуын, технологиялық циклдің ұзақтығын, өнімді шығарудың
кешенділігін, өндірістің жалпы техникалық және ұйымдастырушылық деңгейін
талдайды.
Бас механикпен энергетиктің бөлімі машиналармен құрылғылардың
эксплуатациялық жағдайын, құрылғыларды жаңартумен жөндеу жоспар-
графиктерінің орындалуын, жөндеудің сапасы мен өзіндік құны, құрылғыларды
және өндірістік қуаттарды қолдану толықтығымен энергоресурстарды тұтыну
орындылығын зерттейді.
Техникалық бақылау бөлімі дайын өнімменшикізат сапасын, ақау және ақаудан
болған жоғалтулар, ақауды азайтуға байланысты шаралар, өнім сапасын
жақсарту, технологиялық тәртіпті сақтау және т.б. талдау жасайды.
Жабдықтау бөлімі өндірісті материалдық-техникалық қамсыздандыру сапасымен
өз уақыттылығын, өнім көлемі, номенклатурасы, мерзімі, сапасы бойынша
жеткізу жоспарларын орындау, қойма қорларының сақтығымен жағдайын,
материалдарды жіберу нормаларының сақталуын және т.б. бақылауға алады.
Өткізу бөлімі келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын және өнімді
тұтынушыларға көлемі, сапасы, мерзімі, номенклатурасы бойынша жөнелтуді,
қоймадағы қорлар жағдайымен дайын өнімнің сақтығын зерттейді.
2.3. Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі (бухгалтерия) өндіріс шығындары
сметасының орындалуына, өнімнің өзіндік құнына, кіріс жоспарының
орындалуымен және оны қолдануға, кәсіпорынның төлемқабілеттілігіне,
қаржылық жағдайына және т.б. талдау жасайды.
Шаруашылық қызметке талдау жасауды жүргізу бойынша мұндай бірлескен
жұмыстар оның жинақтылығын қамтамасыз етеді және де бастысы терең,
квалификациялық шаруашылық қызметін, оның нәтижелерін зерттеуге,
қолданылмаған резервтерді толығырақ көрсетуге көмектеседі.
Нарықтық экономика жағдайында бухгалтерлік есепті екі салаға бөлу басқару
талдамасы мен қаржылық талдама секілді қызметті экономикалық жағынан
талаудың жаңа түрлерінің пайда болуы үшін негіз болғанын атап көрсеткен
жөн.
Басқару талдамасы нақты саясаттың аса маңызды мәселелерін талдап жасауда,
кәсіпорын әкімшілігі алға қойған мақсаттарға жетуді бағалауда және таяу
перспектива мен көз жетер болашақтағы бизнесті дамыту стратегиясын
негіздеуде шешуші роль атқарады.
Егер қаржылық талдаманың көмегімен кәсіпорынның мемлекетпен және басқа да
ақпаратты сыртқы пайдаланшыларымен өзара қарым қатынастары проблемалары
шешілетін болса, ал басқару талдамасы негізінде барлық есеп және есептен
тыс деректер тартыла отырып ішкі шаруашылық байланыстар зерттеледі. Тек
басшылық және олар тартқан аудиторлар мен консультанттар ғана ішкі басқару
талдамасының субъектілері болып табылады.
Кесте-6. Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі
принциптері
Принциптері Принциптің мазмұны
Нақтылығы Талдау нақтылы деректерге негізделеді, оның
қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады
Жиынтылығы Процесті объективті бағалау мақсатында оны
жан-жақты зерделеу
Жүйелілігі Бір-біріне өзара байланысты экономикалық
құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес
Тұрақтылығы Талдауды түпкілікті алдын ала белгілі аралық
уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан
оқиғаға дейін емес
Объективтілігі Экономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ
зерделеу, объективтік қорытындылар жасау
Пәрменділігі Практикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс
қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау
қорытындысының жарамдылығы
Үнемділігі Талдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны
жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық
тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек
Салыстырымдылығы Деректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен
жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық
процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде
жүргізуде қорытындылардың сабақтастығы сақталуы
қажет
Ғылымдылығы Талдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген
әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек

Басқару талдамасы мыналарды қамтиды:
1. Бизнес – жоспарлардың негізділігің және олардың іске асырылуын талдау;
2. Маркетингтілік қызметті талдау;
3. Техникалық – ұйымдық деңгейді талдау;
4. Өндірістік ресурстардың пайдаланылуын талдау;
5. Өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің көлемін талдау;
6. Өндіріс шығындарын талдау;
7. Шығындардың, өнім көлемі мен қаржылық нәтижелердің өзара байланыстарын
талдау;
8. Қызмет тиімділігін кешенді түрде талдау;
9. Перспективалық бағдарламаларды, жобаларды және даму стратегиясын
талдау;
Басқару талдамасын өндірістік және ішкі шаруашылық қаржылық талдамаға бөлу
біршама шартты түрде алынған, өйткені ішкі шаруашылық қаржылық талдама
өндірістік талдаудың жалғасы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Ішкі шаруашылық қаржылық талдама ақпарат көзі, системалық бухгалтерлік есеп
деректері, өндірісті, нормативтік және жоспарлы ақпаратты техникалық
жағынан дайындау туралы деректер ретінде пайдаланылады.
Ішкі шаруашылық қаржылық талдаманың негізгі мазмұны кәсіпорынды басқаруды
оңтайландыру үшін маңызы бар басқа да аспектілермен толықтырылуы мүмкін.
Мысалы, халықаралық практикада шығындар — өнім шығару әдісі секілді
шығындардың, айналымның және қаржы нәтижесінің өзара байланысын талдау кең
таралған [12].
1. Тұрақты және өзгермелі шығындар деңгейінің, өндіріс көлемі мен оны
өткізудің, материалдар мен өнім бағасының қаржы нәтжесінің жалпы сомасына
(ҚНж.с) әсерін анықтау:
ҚНж.с = Өк * Б – (МШ – ЕА) – ШТ – КӨ            (1)
Мұнда:
• Өк — өнімнің әрбір түрінің натуралды түрде өндірілу көлемі;
• Б — өнім, жұмыстар мен көрсетілген қызметтер өлшемінің бағасы;
• МШ — өнімнің жекелген түрлерін өндіру үшін жұмсалған
тікелейматериалдық шығындар;
• ЕА – жұмысшылар еңбегіне жалақы төлеу;
• ШТ – шартты-тұрақты шығындар;
• КӨ — өткізілмеген өнім қалдықтарындағы кіріс;
 
2. Тауарлы өнім өткізу көлемі өзгеруінің қаржы нәтижесіне әсерінің есебі:
 
а)Ө=х 100;           (2)
Мұнда:
• Ө — толық өзіндік құн бойынша өнім өткізу көлемі жоспарының орындалу
деңгейі;
• Ө і.ж  және Өж  — өткіілген өнімнің тиісінше іс жүзіндегі және
жоспарлы толық өзіндік құны;
б)   Қн =               (3)
Мұнда:
• Жк — өнім өткізуден түскен жоспарлы кіріс;
•  Қн – тауарлы өнім өткізу көлемінің қаржы нәтижесіне әсері.
3. Өнім жеткізіп беру жөніндегі шарттық міндеттемелердің орандалмауы
салдарынан қаржы нәтижесінің азаю мөлшерін анықтау (ҚНшо);
ҚНшо =           (4)
Мұнда:
• Qн – толық мөлшерде алынбаған өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің құны;
• Rөжқ — өнімнің жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер рентабельдігі, %.
Соңғы жылдары ТМД-ның экономикалық әдебиетінде өнімді, жұмыстар мен
қызметтерді өткізуден қаржы нәтижесін есептеу тәртібін жетілдіру жөнінде
қызу пікірталас болды [12]. Ол мынадан туындаған еді: Өнім өткізуден түскен
түсім мен толық өзіндік құн арасындағы айырмашылық ретінде тікелей есеп
әдісімен анықталатын қаржы нәтижесі кәсіпорын қызметінің түпкі нәтижесін
дәл сипаттай алмайды. Әңгіме мынада: өзіндік құн өнім өндіру жөніндегі
барлық шығындарды ескермейді. Мысалы, ол өндірістік запастардың өсуін
ескермейді, ал кәсіпорын, барлық тең жағдайда, неғұрым материалдық
ресурстарды көбірек сатып алса, аяқталмаған өндірісте запастарды неғұрлым
көбіріек жасап, қоймаларда өткізілмеген өнім көбейген сайын, шын мәніндегі
қаржылық нәтиже соғырлым аз бола түседі. Мерзімі жетпеген қаржы
міндеттемелері жөніндегі контрагенттердің кәсіпорынға өзара берешегінің
өзгерістері де өзіндік құнда көрсетілмей қалады.
Осыған байланысты өзіндік құнда көрсетілген ағымдық шығындарды ғана емес,
іс жүзінде барлық шығындарды ескеретін кәсіпорынның қаржылық нәтижесінің
нақты есебіне көшу қажет.
4. Өнім өткізуден болған іс жүзіндегі қаржылқ нәтиженің есебін (ҚНф) мына
формула бойынша шығарған тиімді:
ҚНф = Т-Өқт+Дб-Кб+Пдө-Өз-АӨ,                (5)
Мұнда:
• ҚНф — өнім өткізуден, жұмыстар мен қызметтер көрсетуден алынған іс
жүзіндегі қаржылық нәтиже;
• Т — өнім өткізуден түскен түсім;
• Кб – кредиторлық берешек;
• Өкт — өткізілген өнімнің толық өзіндік құны;
• Пдө — қоймадағы дайын өнім қалдықтарындағы пайда;
• Дб – дебиторлық берешек;
• Өз — өндірістік запастар қалдықтарының өзгеруі;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндіріс мәні және оны есептеу түрлері
Мақта өндірісіндегі негізгі өндіріс шығындарының есебі
Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Негізгі өндірістегі шығындар есебі
Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері
Өндіріске жұмсалатын шығындардың есебін ұйымдастыру
Өндірістік шығындар туралы ақпарат
Өндісіс шығындар есебін ұйымдастыру
Нақты бір ұйымдағы өнім өндірісі шығындарының есебін, оған әсер ететін факторларды анықтап, талдау жүргізу
Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ұйымдастырылуы
Пәндер