Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
Негізгі бөлім:
1.Тарау Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
қарым.қатынастардың қалыптасу кезеңдері
1.1 Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының халықаралық аренаға шығуы және өзара дипломатиялық қатынастардың орнауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 1956 ж. дейінгі кезең аралығындағы Үндістан мен Қытайдыңөзаратүсінісушілік пен ынтымақтастық қарым.қатынастарының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.Тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туындаған
территориялық мәселелер
2.1 Үндістан және Қытай саясатында Тибет аймағының алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
2.2 Тибет мәселесі бойынша екі ел арасындағы қарым.қатынастардың шиеленісуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.3 Үндістан және Қытай арасындағы 1962 ж. шекара қақтығысы ... ... ... .42
3.Тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
қарым.қатынастардың серіктестік кезеңі
3.1 Мемлекетаралық саяси дағдарыстан шығу жолындағы Үндістан мен Қытайдың саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
3.2 Қазіргі кезеңдегі Үндістан мен Қытай арасындағы саяси байланыстардың жаңа бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56

Диплом жұмысының өзектілігі. Территориялық ауқымы және халқының саны бойынша дүниежүзінде алдыңғы орынға ие Азия құрылығындағы екі алпауыт ел Үндістан мен Қытайдың жаңа ғасырда әлемдік саясатта беделі мен қуаты арта түсуде. Қазіргі кезде Үндістан мен Қытай өзара маңызды көршілес ел ретінде екі жақты қарым-қатынастарын өзара түсіністік негізінде дамытуға мүдделі болып отыр.
Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық, әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси, экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес, бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны даусыз.

Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
--------------------2
Негізгі бөлім:
1-Тарау Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңдері
1.1 Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасының халықаралық аренаға
шығуы және өзара дипломатиялық қатынастардың орнауы-------------------------
----------------------------------- -----------------------------7
2. 1956 ж. дейінгі кезең аралығындағы Үндістан мен
Қытайдыңөзаратүсінісушілік пен ынтымақтастық қарым-қатынастарының
қалыптасуы------------------------- ----------------------------------- ----
-----------------13
2-Тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туындаған
территориялық мәселелер
2.1 Үндістан және Қытай саясатында Тибет аймағының алатын орны-------------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
-30
2.2 Тибет мәселесі бойынша екі ел арасындағы қарым-қатынастардың шиеленісуі-

------39
2.3 Үндістан және Қытай арасындағы 1962 ж. шекара қақтығысы-------------42
3-Тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
қарым-қатынастардың серіктестік кезеңі
1. Мемлекетаралық саяси дағдарыстан шығу жолындағы Үндістан мен Қытайдың
саясаты---------------------------- ----------------------------------- ----
------47
3.2 Қазіргі кезеңдегі Үндістан мен Қытай арасындағы саяси байланыстардың
жаңа бағыты----------------------------- ----------------------------------- -
---------------50
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------53
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі----------------------------- ----------------
---------56
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Территориялық ауқымы және халқының саны
бойынша дүниежүзінде алдыңғы орынға ие Азия құрылығындағы екі алпауыт ел
Үндістан мен Қытайдың жаңа ғасырда әлемдік саясатта беделі мен қуаты арта
түсуде. Қазіргі кезде Үндістан мен Қытай өзара маңызды көршілес ел ретінде
екі жақты қарым-қатынастарын өзара түсіністік негізінде дамытуға мүдделі
болып отыр.
Үндістан мен Қытай елдері өз тәуелсіздігін алғаннан кейін және
халықаралық аренаға жеке субьект ретінде шығуына байналысты, экономикалық,
әскери және ғылыми-техникалық потенциалды қайта құруды және мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатына түзетулер енгізе отырып, сыртқы саясатта
белсенділік көрсетіп, халықаралық қатынастарда өз елінің беделін жоғары
көтеру мақсатында әлемдегі дамып келе жатқан мемлекеттермен саяси,
экономикалық байланыстар орнатуды көздеді. Сонымен қатар, Үндістан мен
Қытай өзара екіжақты қарым-қатынастардың орнауына да ат салысып, екі ел
арасындағы байланыстардың даму барысында пайда болған бірқатар күрделі
мәселелерге шешім табуға тырысты. Алпауыт елдер арасындағы қатынастар
достық қарым-қатынас пен жауласу кезеңдерін өткеріп, қазіргі заманғы
серіктестікке бағыт алды.
Қазіргі уақытта да Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-
қатынастардың жалпы дамуындағы өзгерістер тек Азия құрылығына ғана емес,
бүкіләлемдік стратегиялық саясатқа да өзіндік ықпалын тигізуде. Сондықтан
да осы екі алпауыт елдер арасындағы қарым-қатынастардың даму үрдісін
зерттеу заман талабына сай өзекті мәселелердің бірі болып табылатыны
даусыз.
Диплом жұмысының мақсаты: Үндістан мен Қытайдың қарым-қатынастарының
күрделілігін ескере отырып, екі ел арасында саяси байланыстарының мәні мен
сипатын жан-жақты айқындап болашақтағы даму барысын анықтау. Осы орайда
диплом жұмысының мақсатын жүзеге асыру үшін бірқатар міндеттер туындайды:
• Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан мен Қытай арасындағы
саяси қарым-қатынастырының орнауын қарастыру
• Екі ел арасындағы саяси саладағы өзара түсінісушілік пен
ынтымақтастықтың қалыптасуының қадамдарын саралау
• Екі жақты қарым-қатынастардың даму кезеңдерін анықтау
• Екі ел арасындағы туындаған қайшылықтардың мәнін ашу және екі тараптың
қайшылықтарды шешуде ұстанған саясатын айқындау
• Қазіргі кездегі екі ел арасындағы серіктестік байланыстардың даму
үрдісін көрсету
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Үндістан-Қытай арасындағы қарым-
қатынастарын жан-жақты сараптауға үнді, кеңестік, қытайлық және американдық
ғалымдар өздерінің көптеген еңбектерін бағыштады. Диплом жұмысын жазу
барысында, әсіресе, үнді, қытай зерттеушілерінің еңбектері ерекше құнды
болды.
Үндістан дипломаты Т.Н.Каул мырза өзінің ''Дипломаттың күнделігі (1947-
1999 жж)'' деген еңбегінде Үндістан мен Қытайдың геосаяси жағдай
қатынасындағы ерекшелігі мен оның екі ел қатынасындағы әсері тілге тиек
етіліп, Үндістан-Қытай қарым-қатынасының тарихы, қазіргі жағдайы сарапталып
көрсетілді. Сондай-ақ екі елдің реформасы салыстырыла зерттеліп, оның екі
ел саясатындағы рөлі мен болашағы баяндалады 9.
Қазіргі кезде Үндістанның халықаралық аренадағы басқа мемлекеттермен
қатынастарының орнатылуы мен дамуын ғылыми талдау негізінде сипаттап,
өзекті мәселелері мен принциптерін анықтауға арналған зерттеулер көп. Оның
ішіндегі ең көлемдісі 1998 жылы жарық көрген ''Үндістанның сыртқы саясаты''
атты мақалалары жинағы. Бұл жинақта Үндістан елшілерінің өздерін
толғандырып жүрген сыртқы саясат мәселесінің сан-алуан қырлары жөніндегі
нақты пікірлері өзінің дәйектілігімен маңызды 11.
Үндістан-Қытай қарым-қатынасы Қытайда зерттеушілердің еңбектерінде ашық
көрсетілген. Қытайдың атақты ғалымы Джин Кэ-му ''Қытайдың сыртқы саясаты
және Үндістан'' атты еңбегінде Қытайдың сыртқы саясатына, оның Үндістанмен
байланысына ерекше тоқталған. Ол Қытай мен Үндістан тату көршілік қатынасын
жақсарту-бүкіл әлемнің бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтауда аса зор
маңызға ие деген көзқарасын жан-жақты нақты фактілер арқылы көрсетіп береді
15.
Тарих ғылымының докторы Джан Ли ''Үндістанның тұңғыш премьер-министрі-
Дж. Неру'' атты шығармасында Үндістанның Неру өкіметі билеу кезіндегі ішкі
және сыртқы саясатына талдау жасайды. Сондай-ақ Нерудің сыртқы саясат
ойларына зерттеу жүргізіп, Үндістанның сыртқы саясатының қол жеткізген
табыстарының себебін көрсете білді14.
Сонымен қатар, Кеңестік әдебиеттерде, Үндістан тарихына және оның
салаларын ашып көрсетуге арналған көптеген еңбектер жарық көрді. В.П.
Нихаминнің '' Очерки внешней политики Индии 1947-1957 гг.'' атты еңбегі осы
бір қатар еңбектердің бірі, автор өз еңбегінде 1947-1957 жылдар
аралығындағы Үндістанның сыртқы саясатының тарихын баяндайды. Оның
бағыттары мен халықаралық деңгейдегі рөлін көрсетеді 1. Ю.П. Насенко
болса ол ''Дж. Неру и внешняя политика Индии '' атты кітабында Дж.Неруді
жеке тұлға ретінде, оның қызметі мен мемлекет басында болған кезіндегі
көзқарастарын ашып көрсетті. 6.
Осылардан басқа, АҚШ тарихшысы Джеймс Калвин '' Қытай-Үнді шекара соғысы-
1962 жыл '' атты еңбегінде Үндістан мен Қытай арасындағы Тибет аймағында
болған 1962 жылғы шекаралық қақтығыстың болу себептерін, даму барысын,
нәтижесін және оның әлемге берген әсерін көрсеткен 10.
Сондай-ақ, '' Проблемы Дальнего Востока ''17,18,19, '' Мировая
экономика и международный отношения ''20, ''Азия и Африка сегодня''21
журналындағы мақалалардың да маңызы ерекше болды.
Диплом жұмысының негізгі мазмұны: Диплом жұмысының
1- тарауында тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы
қарым-қатынастардың қалыптасу кезеңдері көрсетілген. Екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі жылдарда, бүкіл әлемде өзгерістер орын алып, ұзақ уақыт
соғыстың нәтижесінде батыс ортаршыл елдердің өз отарындағы үстемдігі
әлсірей бастады, бұл жағдай әлемдегі, әсіресе Азия және Африкадағы отар
мемлекеттердің өз тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін мүмкіндік тудырды. Отарлы
мемлекеттердің қатарында болған Үндістан мен Қытай 1947 жыл мен 1949 жылда
арт-артынан егемендікке қол жеткізіп, 1950 жылы 1 сәуірде екі ел арасында
дипломатиялық қарым-қатынас ресми түрде орнатылып, Азиядағы осы екі ұлы
мемлекет он жылдан астам достық қарымр-қатынаста болып, екі мемлекетте
үшінші дүние қатарына жататын Азия және Африка елдерінің мүддесін қорғауды,
әлемге бейбітшілікті орнатуды, отарлық басқыншылыққа қарсы тұруды мақсат
етіп, оларды жүзеге асыру үшін күш салысты. Халықаралық қатынастарда өзара
қолдау беріп, жақсы істестікке қол жеткізді. Өткен ХХ-ғасырдың 50 жылдары
екі ел арасындағы қарым-қатынастың гүлденген кезеңі болып табылып,
Үндістанда осы кезде тіпті “Бхарат-Чини Бхай” (Үндістан-Қытай ағайынды)
деген ұран халықтар арасында айтылып жүрді. 9, б.48
2- тарау Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы туындаған
территориялық мәселелерге тоқталған. Қытай Халық Республикасы құрылған
кезден бастап-ақ Тибет мәселесі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың
дамуына кедергі жасай бастаған. Бірақ Азиядағы екі ұлы көршілес ел өз
аймағында бейбітшілік пен тұрақтылық орнату мақсатында өзара Тибет мәселесі
бойынша бірқатар келісімге қол қойған. Соның нәтижесінде, ҚХР-сындағы
Тибет аймағының Үндістанмен сауда байланыс және транспорт қатынасы туралы
келісім бойынша Үндістан Тибетті Қытайдың бір бөлігі ретінде мойындайды,
және екі ел бірігіп бейбіт қатар өмір сүрудің бес приципін жасады. Ортақ
шекара және бейбітшілікті қолдайтын халқы бар Азиядағы осы екі үлкен
держава арасындағы ынтымақтастығы Азия және бүкіл әлемде бейбітшілік
орнауында ерекше мәнге ие болды. Бірақ жақсы күндер жалғаса бере алмады, 20
ғасырдың 50 жылдар соңында Тибет мәселесімен шекарадағы территория таласы
екі жақты қарсыласуға итермелеп, екі ел арасындағы қарым-қатынас нашарлап,
он жылдан астам уақытқа жауласуға алып келді.
3-тарауға келсек, онда екі ел арасындағы шекаралық қақтығыстан кейінгі
жылдардағы мемлекетаралық саяси дағдарыстан шығу жолындағы Үндістан мен
Қытайдың саясатына байланысты екі ел басшылары арасындағы ресми түрде
сапардың жиілеуі екі жақты қарым-қатынасты жақсартуға зор әсерін берді.
1998 жылғы Үндістанның Қытайдан қауып төнуді сылтау етіп, ядролық сынақ
жүргізуі екі ел арасындағы жақсарып келе жатқан қарым-қатынасына соққы
болды. Бірақ бір-біріне деген маңыздылығын түсінетін мемлекет басшылары екі
ел арасындағы байланысты нығайтып екі жақты қарым-қатынасты серіктестік
бағытына бұрды.
I-Тарау Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-
қатынастардың қалыптасу кезеңдері

шығуы және өзара дипломатиялық қатынастардың орнауы
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, бүкіл әлемде жаңалықтар
пайда бола бастады, ұзақ уақыт соғыстың нәтижесінде батыс ортаршыл елдердің
өз отарындағы үстемдігі әлсірей бастады, бұл жағдай әлемдегі, әсіресе Азия
және Африкадағы отарлы мемлекеттердің өз тәуелсіздігіне қол жеткізу үшін
мүмкіндік тудырды. Азияның оңтүстігінде орналасқан елдердің басым көпшілігі
Англияның отарында болған. Олардың ішіндегі ең ауқымдысы Британдық Үндістан
еді. Оны У. Черчилль: Ағылшын королінің тәжіндегі жарқырап тұрған
бриллиант деп есептеді 12, б.23 . ХХ ғасырдың басында ол артта қалған
қоғам өмірінде касталар жүйесі мен феодалдық қатынастар үстемділік еткен ел
еді. Алуан түрлі тілде сөйлейтін халықтар (тілдер саны 180-нен астам, ал
негізгісі 15 тіл) отаршылдардың қанауынан бас көтере алмады. Елдің кейбір
аудандарында ғана сол заманға сәйкес капиталистік кәсіпорындар пайда болып,
темір жолдар мен байланыс тораптары, тау-кен өндірістері мен мата шығаратын
фабрикалар жұмыс жасады. Ғасыр басында елде 800 мыңнан астам кәсіптік
жұмысшылар болды. Олардың көбі ағылшындар иеленетін кәсіпорындарда еңбек
етті. Сонымен бірге ұсақ және орта дәрежелі жергілікті үнді буржуазиясы да
қалыптасты, байлықтың негізгі көзі мен саяси билік толығымен ағылшындар
қолында болған. Саяси-әкімшілік жағынан ел жалпы екіге бөлінді: 34
бөлігінде Британдық Үндістан орналасса, қалған жерін саны 600-ге жуық
князьдіктер иеленді. Британдық Үндістанды вице-король аталатын генераль-
губернатор басқарды, оны Англия парламенті мен үкіметі тағайындайтын.
Ағылшындардың барған сайын ұлғайған қанаудың қысымы халықтың хал-ахуалын
нашарлата түсті, осы қанауларға байланысты Үндістан халқы мен отаршылдар
арасындағы қайшылықтар өсе түскен. Бенгалияны екіге бөлу әрекеті елдегі
наразылықты қатты күшейтті. 1905 жылы Үндістанда ереуілдер өршіп, қоғам
және саяси ұйымдар мен партиялар өзін-өзі билеу тілектерін жүзеге асырғысы
келді. Үнді Ұлттық конгресінің (ҮҰК) жетекшілері Б.Г. Тилак, Б.Ч.Һал,
А.Гхош, Л.Л.Рай көптеген қимылдарды ұйымдастырып, ағылшын тауарларын сатып
алмау, свадеши (жеке іс, яғни өзіңді өзің қамтамасыз ет), свараджа (жеке
билік, яғни өзіңді өзің биле) ұрандарын алға тартып, көп уақыт өтпей-ақ
елде отаршыл Ұлыбританияға қарсы күрес қыза түсті 12,б.31. Мұсылман
Лигасы (МЛ) атты партия құрылып, ол да осы күреске ат салысты.
Теміржолшылар, мақташылар ереуілдері ағылшындарды састырса, бір жақтан
жұмысшылар мен шаруалар кәсіподақтары т.б. неше түрлі жастар ұйымдары
қатарға қосылып жатты. Бұқара халық свараджа ұранын қолдауы барған сайын
күшейе түскендіктен, осы ұлт-азаттық қозғалысты басу үшін Англия Үндістанға
жаңа вице-корольді тағайындайды. Ол- либерал Минто болып, Минто енгізген
реформалар бойынша (Минто-Морли заңдары) астана Делиге көшіріліп, Бенгалия
қайта біріктірілді. Англия ұлт-азаттық күресті осылайша бәсендеткен еді.
Британдық отаршылдардың ұлт-азаттық күресті басу әрекеттеріне қарамастан,
1920 -1930 жылдарда халықтар Гандидің сатьяграха іліміне сүйеніп екінші ұлт-
азаттық күресті жүргізді.
Ал 30-жылдардың аяғында Еуропа елдері жаңа соғысқа даярланып жатқан
кезде, Англия жағы Үндістанның саяси күштерін Фашистік Германияға қарсы
бағыттауға тырысып, қажетті үгіттеу шараларын жасады. Үндістан Ұлттық
Конгрессі фашизмді әшкерелеп, Англияны қолдамас бұрын талаптар ұсынды.
Олар: Үндістанда құрылтай жиналысын шақыру, тек оның алдында жауапты барлық
саяси партиялардың қатысуымен үкімет орнату; елдің келешегін реттейтін
құқықты мойындау 4,б.56. Бірақ ағылшындар бұл талаптарға келіспестен,
1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталған күні Үндістанды соғысқа
қатысушы ел деп жариялап, британдық үнді әскерлерін әр жақтағы майданға
аттандыра бастады. Бірден Үндістанды қорғау туралы заң бекітіліп, елде
әскери тәртіп орнатылды. Бұл заңның шараларын МЛ қолдаған еді. 1940 жылы
наурызда Лахорде өткен МЛ-ның 27-мәжіліс елде мұсылмандар ошағы болатындай
жеке Пәкстан мемлекетін құру туралы қарар қабылданып, осыдан кейін МЛ
қимылдардың жаңа кезеңі басталды және оның ҮҰК-пен арақатынасын әбден
нашарлатты. Осы соғыс барысында ағылшындар Үндістан байлығын, азаматтарын
өз мүдделері үшін барынша пайдаланды. Ағылшындардың қысымы, экономикалық
құлдыраушылық, ашаршылық, тұрмыстың нашарлауы мен саяси ұйымдардың
араздасуы қоғамдағы ереуіддердің бәсеңдеуіне әкеп соғуына байланысты,
ағылшындардың билігі төмендей түсті. Осыған қарамастан беделден жұрдай
болған ағылшындар ел мәселесін қарастыру туралы келіссөздерді жүргізді.
Ағылшындардың араласуымен болған М.К.Ганди-М.Джинна пікір алмасулар 1944
жылы болды. Бұл келіс сөзде екі саяси күш өз пікірлерін алға тартып, 1945
жылы көктемде келесі келіссөздермен аяқтады: Уақытша үкімет құрамында әр
партия 40% орынды иеленіп, қалған 20% орын кесапаттыларға, христиандарға,
парсыларға, синхтерге тиесілі болды12,б.38. Ал елді екіге бөлу тураны
мәселені қарастыру Үндістанның саяси мәртебесін реттеген соң кейінге
қалтырылды.
Бүкіл әлемде жүріп жатқан батыс отаршыл елдердің қанауына қарсы әрекетке
байланысты, жағдайдың ушығып жатқанын сезген лейбористер (олар 1945 жылы
шілдеде үкімет басына келген) 1947 жылы Үндістанға тәуелсіздік беруге
келісті. Бірақ ағылшындар өз әскерлерін алып кетер алдында елді екі
мемлекетке (доминионға) бөлу ісін алға қойды. Бірі-Үнді одағы (бір топ
провинциялар және князьдіктер). Бұл елде халықтың көпшілігі-үнділер, біраз
мұсылмандар да бар еді, ал екіншісі-пәкстан. Оның құрамына мұсылмандары
басым бірнеше провинциялар және князьдіктер кірді, бірақ үнділерде
жеткілікті болды. Осылайша Үндістанның үш рет Ұлт-азаттық көтерілістің және
данышпан басшысы М.К.Гандидің бүкіл Үндістан көлемінде бастаған
“САТЬЯГРАХА” атты ағылшындарға мәдени түрде бағынбау әрекетінің
нәтижесінде, 1947 жылы Үндістан бейбітшілік жолмен ағылшын отаршылдардың
үстемдігінен босатылып, өз тәуелсіздігіне қол жеткізді. Бірақ оның
нәтижесінде, бұрынғы Үндістан –дінге негізделіп Үндістан республика мен
Пәкстан болып екіге бөлінеді. Үш жыл бойы өз конституциясын дайындап 1950
жылы 26 қаңтарда Үндістан ресми түрде республика болып құрылады. 1951 жылы
25 қазан мен 1952 жылы 21 ақпан аралығында өткізген бүкіл халықтық
сайлаудың нәтижесінде Үндістан республикасының тұңғыш өкіметі құрылады,
Джавахарлал Неру Үндістан республикасының ең бірінші примьер-министрі болып
сайланды.
Бүкіл әлемдік империалистікке қарсы қозғалыстың күшейюі және Үндістанның
ағылшын отаршылдардың үстемдігін жойып, тәуелсіздікке қол жеткізуі бүкіл
Азия еліне үлкен әсерін тигізді. Осы кезде Азияда тағы бір ұлы мемлекет-
Қытайда өз тәуелсіздігіне жету жолында аянбай күрес жасап жатқан еді .
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Қытайда қайталай елді біріктіру
мәселесі көтерілді. Елдегі екі ірі саяси топтар елде билік орнату үшін
өзара қырылыса бастады. Солтүстік-Шығыс Қытай аймағында коммунистік
партияның бақылауы орнаса, қалған бөлігінде Гоминьдан партиясының үстемдігі
тұрақтанған еді. 1946 жылға дейін, КСРО мен Қытай арасындағы келісімге
байланысты Қытайдың Маньчжурия территориясына КСРО әскері енгізілді. Бұл
аймақда жапондықтар Маньчжоу-го мемлекетін құру барысында, оны Қытайдағы
экономикасы дамыған үлкен аймақтардың біріне айналдырды және Қытайдың
барлық өнеркәсіп өнімдердің 15 бөлігі бұл аймақта өндірілді13,б.14.
Қытай КСРО-мен қайтадан темір жол басқарма бірлестігі туралы келісімге қол
қойып, кеңес одағының мамандары Маньчжуриядағы қиратылған объекттерді қайта
іске қосуға көмектесті. Солтүстік-Шығыс Қытайда КСРО әскері жапондық
отаршылдарды талқандап, Квантун армиясы мен Маньчжоу-го армиясының қару-
жарақтары Коммунистіктерге бағынатын Қытай Қызыл армиясына тапсырып
беріліп, Солтүстік-Шығыс Қытай аймақтары Қытай революциясының базасына
айналды.
Осыдан келе Гоминьдан үкіметі АҚШ және басқа капиталистік елдермен
жақындасқысы келді, және коммунистік партиясымен жүргізген Қытайды бейбіт
жолмен біріктіру келіссөздері сәтсіз болды. 1945 жылы 10 қазандағы Қытай
коммунистік партиясы мен Гоминьган партия арасында Чунцинде өткізген
келіссөздің нәтижесінде, екі жақ елде бейбітшілік және ұлт бірлігін орнату,
ел саяси опека жүйеден демократиялық республикаға өту кезеңі үшін саяси
консультативті кеңес шақыру деген келісімге қол қойды17-2,б.22. Бірақ
Гоминьдан үкіметінің шыдамсыздығы 1946-1949 жылдардағы азамат соғысына алып
келді. 1946 жылға дейін басымдық АҚШ-тың көмегімен соғысқа дайындалған
Гоминьдан үкіметі жағында болды. Олар Қытай коммунистік партияның
бақылауында болған орталық жазыққы жаулап алып, 1946 жылдың күзінде, ішкі
Моңголдың орталығы-Чжанцзянкоуды басып алады. Бірақ Чан Кайши әскерінің ең
маңызды жеңісі, ол 1947 жылы болған Қытай коммунистік партияның билік
орталығы-Яньань қаласын жаулып алуы. Қытай коммунистік партиясына қараған
аудандарда аграрлық реформа жүзеге асырылып, шаруаларға жер берілді. Халық
бұқарасы, көптеген саяси ұйымдар Чан Кайши үкіметінің үстемдігінен құтылып,
коммунистер жағына бет бұрды. Қытай ұлт-азаттық армиясы КСРО-ның қарулы
күштің көмегімен қарсы шабуылға шығып, 1949 жылы Пекинді азат етті. 1949
жылы ұлт-азаттық армиясы Янцзы өзенінен өтіп, Гоминьдан армиясын дерліктей
талқандады.
1949 жылы 1 қазанда Пекинде Қытай Халық Республикасы құрылды, ал Чан-
Кайши бастаған Гоминьдан армиясының қалдықтары Тайвань аралына келіп
бекінді. Қытай Халық Республикасы құрылғаннан кейін КСРО-дан кейінгі
әлемдегі екінші үлкен Социалистік мемлекет атанып13,б.24, Қытай
коммунистердің үкімет басына келуі үлкен жаңалықтарға ие болды.
Осылайша Азиядағы көне заманнан бері өмір сүріп келе жатқан және бүкіл
Азияда өз ықпалдарын тигізген ұлы мемлекеттер-Үндістан мен Қытай, өздерінің
тәуелсіздікке деген мұқтаждары арақылы империалистердің үстемдігінен
құтылып, арт-артынан ел тәуелсіздігіне қол жеткізуі, әлемдегі зор тарихи
оқиғаладрдың бірі болып есептеледі. Осы екі ел сол замандағы отаршыл
мемлекеттерге қарсы күресіп жатқан Азия және Африкадағыбасқа мемлекеттреге
мақтаныш болардай үлгі болды. Өз егимендігіне қол жеткізген Үндістан мен
Қытай халықаралық аренадағы орындарын бекемдеу үшін өздерінің әл-ауқатын
көтеру сияқты бағдарламарларын жүзеге асыра бастады.
1.2. 1956 ж. дейінгі кезең аралығындағы Үндістан мен Қытайдың өзара
түсінісушілік пен ынтымақтастық қарым-қатынастарының қалыптасуы
Азиядағы екі үлкен мемлекет-Үндістан мен Қытай, көне замандағы Вавилон
және Ежелгі Египетпен бірге өркениеттің биік шыңына жеткен төрт мемлекеттің
қатарына жатады және сол заманнан бері қазірге дейін өмір сүріп келе жатқан
жалғыз екі мемлекет, осы екі елдің әр қайсысы да бес мың жылдан астам бай
әрі шұғылалы тарихы бар және Азияда орналасқан басқада елдердің дамуына
осы екі елдің ұлы өркениеті зор әсер еткен: біріншісі: қытайлық-
конфуциялық, екіншісі: үнді-буддалық15,б.7. Үндістан мен Қытай тек Азия
құрылығына өз әсерлерін беріп қана қоймай, бүкіл әлемнің дамуына да ежелгі
заманнан бастап үлкен үлес қосуда, егер Үндістаннан сан концепциясы әлемге
таралса, онда қытай есеп әдіс жағынан дүниежүзін таң қалдырған.
Екі ел арасындағы қарым-қатынас көне заманнан бері келе жатқан. Буддизм
Үндістанда пайда болып Азияға тарай бастағанда Қытайдың Тан династиясының
ұлы саяхатшысы және аудармашысы Шиуан цзань атты манах сол буддизмді нақты
түрде танып, оны өз еліне енгізу мақсатымен Б.З. 627 жылы Үндістанға
аттанып, 3 жыл бойы сапар шегіп Үндістанға жеткен17-3,б.10. Ол Үндістанда
он жылдан астам уақыт тұрып, бүкіл Үндістанның үлкен және кішкентай
мемлекеттерінде болып, сол ежелгі Үндістан туралы көптеген жазба деректер
қалдырған, және Буддизмның Азиядағы Қытайдан басқа елдеріне таралуына үлес
қосты. Таяу заман жылдарында Үндістан мен Қытай отаршылдардың қанауына
ұшыраған жылдарда екі ел арасындағы байланыс үзілседе, отаршылдарға қарсы
тұру әрекеттерінде өзара қолдау көрсетіп жүрді. Мысалы, 1927 жылы Брюсселде
ашылған империалистікке қарсы бірлестіктің жиналысында, Үндістан мен
Қытайдың өкілдері бірігіп, ағылшын билеушілерінің Азиядағы ұлт-азаттық
қозғалысты басу үшін Үнді әскерін пайдаланғанын өздеріне үлкен намыс деп
таныды, сол жылы Үнді ұлттық конгрессі Үнді халықтарын Қытай ревалюциясын
отарлау үшін ағылшын билеушілердің құрған армиясына бармауына
шақырды1,б.159. Ал одан кейінгі 1937 жылы Жапон отаршылдар Қытайға басып
кірген кезде, Үндістанның прогрессивтік күштер Жапон тауарларын
пайдаланудан бас тарту әрекеті арқылы Қытайға деген жақындығын білдіріп,
отаршылдардың басқыншылығына қарсы шықты1,б.159. Ал өз жағынан болса
Қытай халқы Үндістанның тәуелсіздігі туралы талаптарына қолдау көрсетті.
1945 жылдың сәуіріде ашылған Қытай Коммунистік партияның VII сьездде Мао
Цзэ-дун Біз Үндістанның өз тәуелсіздігіне қол жетзізуін қалаймыз деп
жариялады1,б.160.
Осылайша империялистік отаршылдықтың шапқыншылығына, езгісіне және
басқыншылығына ұшыраған Үндістан мен Қытайдың тарихи және идеологиялық
ұқсастықтары екі елді жақындата түсті. 1949 жылы Қытай Халық
республикасының құрылуы Үндістанның солтүстік-шығыстағы биік таулы
аймақтағы шекарасын кеңейтті. Қытайдағы солшыл және оңшыл топтардың өзара
жауласу жағдайн жою үшін, 1949 жылы 30 желтоқсанда Неру өкіметі Тайванға
қашып барған Чан Кайшинің Гоминьдан өкіметімен байланысын үзіп, Қытайдың
тәуелсіздігін мойындап, сонымен қатар Тайванды Қытайдың бір бөлігі ретінде
қарастыратындығын да білдірді9,б.6. Осыдан кейін елде кең көлемде халық
қозғалыстар жаппай көтеріліп, үкіметтегі Қытай Халық Республикасымен
дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы мәселеге тез арада шешім қабылдай
алмады. Үндістанның Қытайдағы елшісі К.М. Паниккардың айтуы бойынша:
Үндістанның билеушілер арасында Үндістан ұлттық конгрессінің саясаткері,
доминион генерал-губернатор болған Раджагопалачария және Валлабхан Патель
Қытайды мойындауға асықпау керек деген пікірден басқа Қытайды мойындау
керек деген шешімге ешқандай қарсылық білдірген емес, сонымен қатар
Үндістан премьер-министрі Халық палатаның жиналысында Қытайдағы ұлы
ревалюциясы әлемнің соңғы жылдарда болған ең үлкен оқиға, және оның алатын
орныда өзгеше. Қытайдың осы кең көлемде болған оқиға айтарлықтай әсері
болды. Көптеген жылдар өтіп, Қытайдың орталық үкіметі зор күшке ие болды.
Бұл Азия және бүкіл әлем үшін өте маңызды болып табылады деп
айтты6,б.100. Үндістан үкіметінің Қытай Халық Республикамен қарым-қатынас
жасау деген шешемі, Конгресстің бүкілүнділік комитетінің сессиясында
қолдауға ие болды. Партияның бас хатшысы Шанкаррао Део бұл шешімге
байланысты жарияланған пікірінде Біз коммунизммен байланысымыз жоқ болсада
және коммунистік жолмен өтпегеннің өзінде де біздің ұлт атамыз (М.К. Ганди)
үнемі мақтанышпен өзін ұлы коммунист деп айтқанын және оның азаттық пен
адам теңдігіне сенетіндігін ұмытпауымыз керек деп жазылған6,б.101, және
бұл пікірдің жариялануы елдегі буржуазиялық партияның социалистік мемлекет
Қытай Халық Республикасын мойындауында пайда болған наразылықты жойды.
1950 жылы 22 наурызда Үндістан мен Қытай өкілдері кездесіп, екі ел
арасында толық дипломатиялық қарым-қатынас орнату керек деген ұсынысты алға
тартты, көп ұзамай 1950 жылы 1 сәуірде екі ел арасында дипломатиялық қарым-
қатынас ресми түрде орнатылды, Социалистік мемлекеттерден басқа елдердің
ішінде, Үндістан Қытай Халық Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас
орнатқан тұңғыш мемлекет болып табылады9,б.20 және бұл Қытай Халық
Республикасына жасалған батыс копикалистік елдердің қарсылас қоршауының
жойылуын білдіреді. Үндістанның социалистік мемлекет Қытай Халық
Республикасын мойындап және онымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату
әрекеті үлкен халықаралық мәңге ие және батыс мемлекеттердің Қытай Халық
Республикасының тәуелсіздігін мойындамау, саяси бөліну, жас мемлекетке
бойкот жариялау, Чанкайши үкіметін Қытайдың ұлттық үкіметі ретінде
мойындап, онымен байланысты сақтау әрекеттеріне қарсы шықты. Үндістанның
жасаған бұл қадамы тек өз үкіметінің дипломатиялық белсенділігіне сәйкес
бола қоймай, Ұлыбритания, Пәкстан, Цейлон және әлемдегі басқа
мемлекеттердің социалистік мемлекет-Қытай Халық Республикасын
мойындауларына үлкен әсер тигізді. Үндістан Қытай мен өзара байланысты
орната отырып, Неру Қытайдың коммунистерден құрылған халық үкіметі бүкіл
Қытай континентін іс жүзінде бақылап отырған, Қытай халқының қолдауымен
билікке қол жеткізгенін және басқа ешбір билік бұл биліктен асып түсіп, оны
құлата алмайды деп айтты6, б.102. Қытай Халық Республикасының үкіметі,
өзінің Үндістанмен орнатқан достық қарым-қатынасты қуана қолдап, өз елін әр
саладан дамытуға кірісті. 1951 жылы 26 қарашада Пекиндегі Үндістан
елшілігінің ашылу салтанатында Қытай басшысы Мао Цзэ-дун Үндістан ежелден
келе жатқан ұлы мемлекет, ал Үнді халқы қажырлы да қайсарлы ұлы халық, екі
ел және екі ел халық неше мың жыл достық қарым-қатынаста болып келе жатыр.
деп айтқан еді17-3,б.55. Осылайша Үндістанның Қытайдағы тұңғыш елшісі
К. М. Паниккар Пекинге 1950 жылдың мамыр айында барып жұмысын жүргізе
бастады.
Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасы ресми түрде орнағаннан кейін,
Азиядағы осы екі ұлы мемлекет он жылдан астам достық қарым-қатынаста болып,
екі мемлекетте үшінші дүние қатарына жататын Азия және Африка елдерінің
мүддесін қорғауды, әлемге бейбітшілікті орнатуды, отаршылдардың
басқыншылығына қарсы тұруды мақсат етіп, оларды жүзеге асыру үшін күш
салысты. Халықаралық қатынастарда өзара қолдау беріп, жақсы істестікке қол
жеткізді. Өткен ХХ-ғасырдың 50 жылдары екі ел арасындағы қарым-қатынастың
гүлденген кезеңі болып табылып, Үндістанда осы кезде тіпті “Бхарат-Чини
Бхай” (Үндістан-Қытай ағайынды) деген ұран халықтар арасында айтылып
жүрді9, б.48 .
Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасы саяси, экономика, мәдениет
және істестік салаларында дамыды. 1951-1952 жылдарда Қытай Халық
Республикасы Үндістанға көмек қолын созып, 1951 жылы 1 қаңтарда Делиде 50
мың тонна қытай күрішін, 37 кипа джутпен айырбастау туралы келісімге қол
қойылды. Осы екі жыл ішінде Қытай Үндістанға 200 мың тоннадан астам күріш
және 450 мың тонна Таолян жеткізді. Қытай Халық Республикасынан күріш
кіргізу әрекеті Үндістандағы күріштің бағасын төмендетті1,б.161. (1950
жылдың соңындағы әр маунд 27 рупийдан 1951 жылдың көктемінде әр маунд 17
рупийге дейін арзандады.) Сауданың кішкентай сан мөлшерінде және шектеулі
түрде болғанына қарамастан, Үндістанмен келісімдер жасау Қытай үшін маңызды
мәнге ие болған. Үндістан мен Қытай арасындағы бұл келісімдер Американың
Қытай Халық Республикасының тауарына бойкот жариялаған кезде жасалған,
Үндістан Қытаймен осы келісімдер жасау арқылы батыс державалардың қысымына
қарсы шығады. Сонымен қатар бұл жасалған келісімдер кейінгі Үндістан мен
Қытай арасындағы сауда қарым-қатынастың негізін салды және 1952 жылы 14
қаңтарда Үндістандағы Қытай елшісінің айтуы бойынша Дәл осы келісімдер
екі елдің сауда қарым-қатынасын болашақта тең және өзара пайда көру
бағытына қарай дамуына әсер еткен 17-3,б.42. Үндістанмен Қытай
арасындағы қарым-қатынас, екі елдің мәдени және ғылыми делегациясының
өзара барыс-келісі арқылы дамыды. 1951 жылдың қараша және қазан айларында
Қытай Халық Республикасы үкіметінің шақыруы бойынша, 13 профессор мен
жазушылардан құрылған Үнді мәдени делегациясы Қытайдың Пекин, Ганконг,
Тяньцзинь, Нанкин, Шанхай, Ханькоу қалаларында болады. Өз еліне қайтқан
делегация мүшелері өз халқына жаңа Қытай Халық Республикасының өмірі туралы
лекциялар оқып, өлеңдер мен кітаптар жазып шығарып, екі елдің өзара
түсіністіктерін одан ары қарай тереңдете түсті. Тағыда осы жылда Қытайдың
мәдениет саласындағы делегациясының атақты жазушысы Дин Си-линнің
бастауымен Үндістанға Қытай мәдениет және өнер көрмесін ашу мақсытымен
барып, ал 1952 жылы Пекинде Үнді өнер көрмесі ашылды. Қытай Халық
Республикасымен қарым-қатынасты тереңдету мақсатында, Үндістанның көптеген
қалаларында Үнді-Қытай достық қоғамының бөлімшелері ашыла бастады. Үндістан
қоғамының бірінші ұлттық конференциясы 1953 жылы 11-13 желтоқсан арасында
Дели қаласында өтіп, оған 1952 жылы құрылған Қытай-Үнді қоғамының
делегациясы қатысты. Осы конференцияда Делегация мүшесі, әйгілі қытай
жазушысы Се Бинь-синь Қытай делегациясы Үндістанда ыстық қарсы алынды,
Үндістанда болған күндер барлығымызға ерекше ұнады және бұл сапар есте
меңгіге қалатындай болды деп айтқан еді1,б.162.
Қытай Халық Республикасы жаңадан құрылған кезде, әлемдегі көптеген
мемлекеттердің қолдауына тез арада қол жеткізе алмады, бірак Үндістан Қытай
Халық Республикасымен тек формальді түрде дипломатиялық байланыс орнату
емес, екі елдің қоғамдағы және саяси жүйедегі айырмашылыққа қарамастан, екі
ел арасындағы қарым-қатынас терең дамыды және екі ел арасында көптеген
ортақ қызығушылықтар тұындай бастады. Үндістан осы кездегі Қытайға қолдау
көрсетіп, Қытайға әлемде өз орнын табуына көмек береді. Ол ең алдымен
Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы және басқада халықаралық ұйымдардағы
заңды құқығын қайта қалпына келтіру үшін күш салысты. 1950 жылдың
қаңтарында, Қытайдың өкілділігін мойындау мәселесі тұңғыш рет Біріккен
Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде талқыланып, сол кезде Үндістан
делегациясы Кеңес одағының Гоминьдандарды Қауіпсіздік кеңестің құрамынан
шығару керек деген ұсынысты қолдады. Үндістанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы
өкілі Б.Н. Рау 1950 жылы қыркүйекте Қытай Халық Республикасы біріккен
ұлттардың мүшесі және Қауіпсіздік кеңестің тұрақты мүшесі, сонымен қатар
бұл республика Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына негізделген бір қатар
міндеттерге ие, бірақ біз қалайша Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы бойынша,
оның мүшесі болуға лайықты елдің өкілдігін мойындамай отырып, оған осы
ұйымның міндеттерін орындау керек деген талапты қоямыз? Құқығын мойындамай
отырып, міндеттерді орындатуды қатты ұстану-бұл мүлдем логикаға сай
келмейді және ретсіз болып табылады. деп өз көзқарасын білдірді6,б.102.
Осылайша Б.Н. Рау Тек Біріккен Ұлттар Ұйымында Қытайдың құқығын қайталай
қалпына келтіру арқылы, Қытай өкілінен Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына
сәйкес әрекет жаусау деген талапты қоюға мүмкіндік тудырады. деген
идеясімен өзіне назар аудартты6,б.102. Дәл осы идеяны Дж. Неру мен
Үндістанның басқада ресми өкілдер де бірнеше рет насихаттады. 1950 жылы
қыркүйекте ашылған басты құрылтайының сессиясында, Үнді делегациясы
Біріккен Ұлттар Ұйымында кеңестер одағы ортаға қойған Гоминьдан үкіметін
Біріккен Ұлттар Ұйымынан шығарып жіберіп, оның орнына Қытай өкілділігін
қабылдау жөніндегі қарарға дауыс берген және өз тарапынан Қытай Халық
республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құқығын қайталай орнату керек
деген шешімді қабылдады. Үндістанның бұл жобасы 16 мемлекеттердің қолдауына
ие болсада, АҚШ-тың қарсылығына ұшырап, жоба жүзеге аспады. Ал келесі
ашылған басты құрылтайдың сессиясында, Үнді өкілдері Кеңес одағының Қытай
Халық Республикасының өкілділігін мойындау мәселесін талқылау күнін бекіту
керек деген ұсынысты қолдап Американың ұсынысына қарсы шықты. Үндістан
үкіметі бірнеше рез АҚШ-тын Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытай Халық
Республикасының құқығын қайталай қалпына келтіруіне қарсы туру әрекетін
сындады.
Үндістан үкіметінің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайдың заңды құқығын
қорғап, оны сол ұйымның мүшесі ретінде қабылдау керек деген ұсынысты
Кореядағы оқиға жылдарында ерекше қатты ұстанды, өйткені Біріккен Ұлттар
Ұйымында қарастыратын маңызды халықаралық мәселеге Азияның үлкен елдің
қатысуысыз жасалған шешеімі өз әсерін төмендетеді. 1950 жылдың желтоқсан
айында Үндістан мен Пәкстан т.б.мемлекеттер БҰҰ-на он үш мемлекет ұсынысын
ұсынып, Корей мәселесін БҰҰ-мында шешім табу керек деген талап қойады17-
3 б.68. 1955 жылы 13 желтоқсанда Кеңес одағы мен Үндістан бірігіп жарлық
жариялады. Онда екі ел Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытай Халық
Республикасының заңды құқығын беру туралы шешімнің артқа қалдырғандығы
туралы қатты өкініштерін білдірді. Үнді делегациясы Қытай Халық
Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құқығын қайталай қалпына келтіру
деген талапты қойып, төмендегі бірнеше пікірлерін білдірді: 1) Қытай
Біріккен Ұлттар Ұйымының негізін салған мемлекеттердің бірі болып табылады
және Қытайдың қатысуысыз Біріккен Ұлттар Ұйымының істері толығымен талапқа
сәйкес келмейді; 2) Қытай Халық Республикасының үкіметі елде шын мәнінде
бақылауды орнатты және Қытайды білдіретін жалғыз өкілі ретінде, бірнеше рез
БҰҰ-мының жарғысын ұстануға дайын екендігін білдірген, тіпті БҰҰ-мында
ешқандай орын алмаған кезде де, бұл ұйымның мақсатын қолдаған; 3) Қытай
Халық Республикасын әлемдегі көптеген елдер мойындайды және Қытайдың бұл
ұйымға қатысбауы Азия халқының үлкен бөлігінің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы
өкілділігін тартып алуын білдіреді1,б.164. Копиталистік АҚШ Қытайды
Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысына қатыстырмау әрекеті жеңіске уақытша қол
жеткізуде, Үндістан, Кеңес одағы және басқа мемлекеттермен бірге Қытайдың
құқығын қорғап, Қытайдың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы құқығы үшін күш салды,
БҰҰ-ның III басты Ассамблеясының сессиясында Үндістан өкілі Мен болжаушы
емеспін, бірақ қазіргі шындыққа көз жұма қарағанмен, қалай да болсын тез
арада бұндай шын өмірге сәйкес келмейтін саясатты ұстанудан бас тартатынына
толығымен сенемін деп өз көзқарасын білдірді9,б.63.
Үндістанның Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайдың заңды құқығын қалпына
келтіру әрекеті сол 1950-1953 жылдар арасында болған Корей соғыс кезінде де
үзілген емес және бұл оқиға екі держава арасындағы селбестіктін дәлеліне
айналды. 1950 жылдын 25 маусым айында Америка мен Солтүстік Корей
арасындағы соғыс басталады, және бұл соғыс халықаралық жағдайды қиындатты.
Корей соғысының бірінші күнінен бастап ақ Қытай батыс державалардың бұл
соғысқа қол сұғуін тоқтату үшін әрекет жасай бастады. Ал АҚШ болса, ода
соғыстың басталуысымен коммунистерге қарсы біріккен күштің негізін салу
әрекетіне кірісті. Олар тек Лисынман жүйеге соғыс, экономика және саяси
салалардан көмек көрсету ғана емес, сонымен қатар соғысқа тікелей қатысу
туралы шешім қабылдады. Корей Халық Демократиялық Республикаға қарсы туру
үшін жасалған барлық қадамдар Қытай Халық Республиканың мүддесіне де
тікелей қауып төндірді. 1950 жылы 27 маусымда, АҚШ президенті Трумэн
Қытайдың Тайваньға оқ ашу әрекеті Америкаға қауып төндіруде деген пікірді
айтып, коммунистер мен ұлтшылдықтардан сақтану үшін, Тайван бұғазды
бейтарап қалтыру мақсатында американың 7-ші флотына бұйрық берді3,б.127.
Ол қайталай Тайваньның заңды статусі туралы мәселені алға қойып, бұл
мәселені Жапониямен бейбік келісімге қол қойған кезде немесе БҰҰ-мы арқылы
шешім табады деп осы мәселені қарастыруды артқа қойды. АҚШ-тың бұл
әрекетінің мақсаты Қытай Халық Республикасының қимылын шектеу арқылы,
чанкайши билігін қалпына келтіру екені өте анық болды. АҚШ-тың бұл әрекеті
Қытай халқының наразылығын және Қытай премьер-министрі Чжоу Энь-лай
Американың бұл әрекетін Қытай территориясына ашық түрде жасаған қарулы
басқыншылығы және бұл әрекеті Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес
емес екені де өте анық деп өз нараздылығын білдірді3,б.127.
Ал Үндістанның жағдайна келсек, 1950 жылы Кореяда соғыс басталған кезде,
Үндістан Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі болған, және оның сол кеңестегі өкілі
Рау 1950 жылы 25 маусымда Американың Корей Халық-Демократиялық
Республикасын әлемдегі бейбітшілікке қауып төндірді деген шешіге қолдау
көрсетті. 27 маусымда Қауіпсіздік кеңестің көпшілік мүшесі қолдаған АҚШ
Кореяда қарулы күш пайдалануға болады деген шешімді мойындады. Батыс
елдерінің саясатын ұстанған мемлекеттер ортасында өзіндік сыртқы саясаттан
бас тартуға негізделіп, Кореяда болып жатқан оқиғаны пайдалану арқылы
ағылшын-америка блоктармен серіктестікте болу жоспарын жүзеге асыруға
болады деген ойда болды. Корей Халық Демократиялық Республикасы басқыншылық
жасады деген ұғымды қолдай отырып, олар Үнді халқының социалистік
мемлекетпен қарым-қатынасындағы достық сезімдерін жойюға және өз елінде
демократияның әсерін әлсіретуге тырысты. Батыс мемлекеттер де Үндістанның
ұстанған осы саясатын қарсы алып, оны Үндістанның Өзіндік саясатынан бас
тарту әрі АҚШ-ға қарай жақындау әрекеті деп таныды. Үндістанның ұстанған
саясаты батыс елдерге жағымды болғанмен Азиядағы көптеген елдерге, әсіресе
Қытайға қатты ұнамады, себебі АҚШ-тың ұстанған саясатында жоғарыда
айтылғандай Қытайға қарсы тұру әрекеттері де болған, Үндістанның Америкаға
қолдау беруі екі ел арасындағы қарым-қатынасты уақытша нашарлатты, Қытайда
тіпті Үндістанға қарсы ұйымдар пайда бола бастады. Бірақ сол Қыйыр
Шығыстағы оқиғаларға байланысты, Үндістанға өз елінің қауыпсіздігіне
тікелей қауып төндіреді деген алаң тудыра бастады. Отаршыл мемлекеттердің
қарулы күштерді пайдалану арқылы Азия мемлекеттерде өз үстемдігін қайта
орнату әрекеттері Үнді халқының наразылықтарын тудырды. Кореядағы соғыс
басталғаннан кейінгі екі ай аралығында Үндістанның буржуазиялық партиялар
және ақпараттар Үндістан үкіметінің АҚШ-ты қолдау саясатын бұрыс деп
қарастырған, бірақ 1950 жылы 3 шілде күнінде Үндістан премьер-министрі Неру
Үндістан Оңтүстік Кореяға әскери қолдау бере алмайтындары туралы
жариялағаннан кейін, әлемде Үндістан Қауіпсіздік кеңестің шешімін қолдай
отырып, оны жүзеге асыру үшін неге өзінің әскерлерін Кореяға жібермейді?
деген сұрақ тұындады. Өйткені, сол кезде Үндістанда батыс мемлекеттердің
Кореяға қол сұғуына қарсы халықтың көп бөлігі қатысқан қозғалыстар
басталған. 1950 жылы 4 шілде, Бомбей қаласында корей халқымен бірігу және
АҚШ-тың әрекетіне қарсы тұру үшін ашылған жиналысқа 10 мың адам қатысты.
Мадраста ашылған Социалистік партиясының Ⅷ съезде, Неру үкіметінің осыдан
бұрын БҰҰ мен АҚШ-тың Кореяға жасаған әрекетіне қолдау беру саясатын
сындады. 1950 жылы 12 шілде тағыда Бамбей қаласында үнді халқы Кореядағы
американдықтардың басқыншылығына наразылықтарын білдіру үшін ереуілге
шықты, бұл ереуілге қатысушылардың саны 7 мыңнан асты. Үнді халқының
соғысқа қарсы көңіл-күйі Үндістан үкіметіне өз әсерін тигізді. Халық
қозғалыстардың нәтижесінде Үндістан батыс мемлекеттің Қыйыр Шығыс Азиядағы
басқыншылық әрекетін қолдау жолынан бас тартып, Кореядағы соғысты тоқтату
үшін күресті өзінің сырқы саясатындағы бірінші жоспар етті. 1950 жылы 13
Шілде Неру жеке басынан Кеңес одағы Министрлер кеңесінің төрағасы И. В.
Сталинге және АҚШ-тың мемлекет хатшысы Д. Ачесонға хат жолдады. Хаттарда
Неру Үндістанның мақсаты қақтығыстың ұлғаюын тоқтату және тезарада
бейбікшіліктің орнауын жүзеге асырудеп айтты1,б.165, сонымен қатар АҚШ,
Кеңес одағы және ҚХР басқа мемлекеттердің көмегімен қақтығысты тоқтатудың
және корей мәселесінің соңғы шешімі үшін негіз табу керек деген ұсыныс
қалады. Неру тағыда Кеңес одағын Қауіпсіздік кеңесге қайталай оралу үшін
Қауіпсіздік кеңесте Қытай Халық Республикасының өкілдігін орнату
қажеттілігі туралы айтты. И.В. Сталин тез арада жауаб қайтарып, Нерудің
Корей мәселесін бейбік жолмен шешім қабылдауда Қытай халқының өкілі
міндетті түрде қатысу керек деген көз қарасқа қолдау берді, ал Ачесон
Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қытайдың өкілділігін орнату мәселесі Корей
мәселесімен қатысы жоқ деп жауаб берді.
1950 жылы Тамызда, Кеңес одағы Қауіпсіздік кеңесте Бейбіт жолмен Корей
мәселесін шешу керек деген ұсынысты жасады, бұл ұсыныс бойынша Кореядағы
соғыс тоқтатылып, шет ел әскерлері Кореядан шағарту керек болған. Осы
жасалған проектті талқылауға салған Қауіпсіздік кеңестің жиналысына Қытай
және КХДР-сының өкілдері шақырылмаған, бірақ Қытай үкіметі 1950 жылы 20
тамызда Қауіпсіздік кеңестің төрағасы мен бас хатшысына хат жолдап, Кеңес
одағына толық қолдау көрсететіндігін білдірді. Содан кейін 1950 жылы 24
тамызда Қайыпсыздық кеңеске Қытайдың Америка әскерін Тайвань және
Пэнхуледаодан шығару талабы жазылған телеграмма келіп жеткен. Кореядағы
батыс мемлекеттердің басқыншылығының кең көлемге таралуы, Пекинде үлкен
уайым тудырды. 1950 жылы 30 қыркүйекте, Чжоу Энь-лай Қытай Халықы шет
елдің қанауына шыдамайды, сонымен қатар өзінің көршісі басқыншылықта
болғанын қарап тұрмайды деп айтты17-1,б.33. Бұдан көп ұзамай Үндістанның
Қытайдағы елшісі К. М. Паниккар Чжоу Энь-лаймен бірге өткізген отырыста ол
Егер американдық әскер 38-ші сызықтан асып өтсе, онда коммунистік Қытай
Корея соғысына қол сұғатын болады деп жасаған ескертуі туралы өз елінің
үкіметіне хабарлады3,б.128. Неру Қытай үкіметінің осы шешімі туралы АҚШ
басшысына хабарлады. Үндістан үкіметінің жасаған осы бір қатар әрекеттері
Үндістан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасын жақсартады, екі ел әлемдік
саяси сахнада өзара қолдау көсетті.
Бірақ АҚШ Үндістан басшысының ескертуіне құлақ салмай, 1950 жылы 18
қазанда БҰҰ-ның қолдаумен Оңтүстік Корея және басқа одақтас державаларының
әскерлері 38-ші сызықтан (Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы уақытша
шекара сызағы) асып өтіп Қытай шекарасына жақындай бастады. Осының
нәтижесінде Қытай Халық Республикасында Кан мэй, юань чао, бао цзя, вэй го
(Америкаға қарсы тұрып, Кореяға көмек көрсету, отанды қорғап) деген
ұранмен үлкен қозғалыс басталды. Және бүкіл елде жиналыстармен отырыстар
өкізіліп, Корей соғысына өз қалауымен қатысушыларды тіркей бастады. 1950
жылы қарашада Пэн Дэ-хуайдың бастауымен Қытай әскері Солтүстік Кореяға
кірді. Онда Қытай әскерлері КХДР-сының әскерлерімен бірігіп жауларға қарсы
тұрды. Ал осы кездегі Үндістан болса, ол ең алдымен АҚШ-тың Тайваньді
бейтарап қалтыру деген идеясына қарсы шықты, және Біріккен Ұлттар Ұйымында
жасалған Қытайдың Америкаға қарсы тұрып Кореяға әскери көмек беру әрекетін,
осы Кореяға жасалған шапқыншылық әрекеті деген шешімге қарсы шығып, АҚШ
әскерін Кореядан шығарып, соғысты тоқтатып, Корей мәселесін бейбіт жолмен
шешу керек деген ұсынысты жасайды9,б.21. Сонымен қатар Үндістан өкіметі
Корей соғысына байланысты өз наразылығын білдіріп, 1951 жылы Сан-
Францискода Жапониямен бейбік тоқтам жасау үшін ашылған конференцияға
қатысудан бас тарты. Кросс роудс журналы корей соғысына байнанысты, Үнді
халқының көңіл-күйіне талдау жасай отырып, 1951 жылы 26 қаңтарда, Бұл
оқиға Азияның батыс державаларға қарсы тұрудың қоғамдық көзқарасын
біріктіруге мүмкіндік тудырушы фактор болды, сонымен қатар, Қытай және
Корей халқының арасында үлкен ашу-ыза толқынын да тұғызды. деп
жазды1,б.80.
Осы Корей соғыс басталуысымен, Қытай АҚШ-қа қарсы тура бастады және
Солтүстіс Кореяға қолдау көрсетіп, тікелей көмектеседі. Ал Үндістанның
батыс державаға қолдау көрсетуден бастартып, Кеңес одағымен бірігіп,
Қытайға қол үшін беріп, Корей мәселесін бейбіт жолмен шешуге күш саласуы,
екі ел арасындағы қарыс-қатынасты нығайтты, және Азияда батыс
державалардың үстемдігін жоюды тездетті.
Сол империалистік державалардың езгісінде өмір сүріп жатқан Азия және
Африка елдердің бостандығымен мүддесі үшін, осы аймақтарда бейбітшілік
орнату үшін Үндістан мен Қытай ерекше үлесін қосты және сол қосқан
үлестердің ең маңызды көрінісі Бандунг конфереция болып табылады.
1954 жылдың мамырында Коломбо қаласында өткен Африка және Азия елдерінің
конференциясына қатысушылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz