Ет және ет өнімдерінің сапасын зерттеу



Кіріспе ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1. Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Стандарттаудың негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8 1.2 Стандарттау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.3 Қой шаруашылығының өнімдерін стандарттау ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.1 Нормативтік сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
2.2 Терминдер мен анықтамалар. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27 3. Материалдар мен әдістемеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
3.1Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері..29
3.2 Қой етінің сапасын стандартқа сәйкестігін зерттеу ... ... ... ... ... ... ...30
3.2.1 Қой етінің сапа көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
3.2.2 Сараптау және сынау әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
3.2.3 Таңбалау, буып.түю, тасымалдау және сақтау ... ... ... ... ... ... ... ...38
4. Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
Қой шаруашылығының технологиясына өзара байланысты ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралары мен отарды ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі практикалық әдістер, қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу кіреді, ол бұл саланың жүргізу жүйесінің ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылады.Қой шаруашылығының әртүрлі технологиялық жүйелерін жұмыс істеуіне табиғи- климаттық жағдайлар әсер етуде.Қойларды өсіру техникасы, оларды төлдету, отарларды жасақтау, күйек алу, жас малдарды өсіру және басқалары сала технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Ірі қара және қой шаруашылығы ортақ мазмұнға ие.
Қойдың дене құрылысының жақсы бейімделгіш қасиеті бар, сондықтан да оларды әртүрлі климаттық жағдайларда өсіреді.Басқа малдарға қарағанда олар өсімдіктердің барлық түрлерін, солардың ішінде арамшөптердің көптеген түрлерін пайдаланады,бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге немесе малдардың басқа түрлерін жаюға жарамсыз жер учаскелерін пайдалануға мүмкіндік береді.Қой шаруашылығына өнеркәсіптік технологияны(мамандандыру, механикаландыру, өндірісті интенсивтендіру)
енгізгенде қойдың конституциясының мәні оданда әрі арта түседі.Малдардың конституциясының тұқым қуалау әсерімен және сыртқы орта жағдайымен қалыптасатынын естен шығармау қажет.
Дипломдық жұмысына мынадай мақсаттар қойылған:
1. Жұмыс тақырыбы бойынша халықаралық стандаттарын және басқа да нормативтік құжаттарды жинау және жүйелендіру;
2. Қой етінің сапасасын стандартқа сәйкестігін зерттеу.
1. Швандар В.А. Стандартизация и управление качеством продукции. Москва, Юнити 2001 ж.
2. Смағұлов А.Қ. «Ауыл шаруашылық өнімдерін сараптау және бақылау». Алматы 2005 ж.
3. «Качество мясо и мясопродукта». Ю.Ф. Заяс – Москва - 1981. Изд. «Легкая и пищевая промыщленность».
4. Абуцкевич В.А. Микроскопические изменения в мясе в процессе его замораживания и хранения. – Мясная индустрия СССр, 1960, №6, с. 28-30.
5. Александрова Т.И., Синицына Л.Г. Новые и улучшенного качества мясопродукты. – М.: Пищевая промышленность, 1973. – 208 б.
6. Коваленко Л.И. Радиометрический и ветеринарно-санитарный контроль кормов животных и продуктов животноводства. Киев: Урожай 1987.
7. Производственно-технический контроль и методы оценки качества мяса и мясопродуктов. Под редакцией Горбатовой В.Е. М: Пищевая промышленность.1974.
8. Веселова П.П., Губанов И.В. Особенности в технологии мясной промышленности Венгерской народной Республики. – ЦНИИТЭИ, 1977. – 28б.
9. Габриэьянц М.А.Товароведение мяса мясных товаров. – М.: Экономика, 1974. – 263б.
10. Горегляд Х.С. и др. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». М.: Колос. 1981.
11. Макаров В.А. и др. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии и стандартизации продуктов животноводства». М.: Агропромиздат. 1991.
12. Загаевский И.С. Жмурко Т.В. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переаботки продуктов животноводства». М.: Колос. 1983.
13. Ю.Ф. Заяс. «Качество мяса и мясопродуктов». М. легкая и пищевая промышленность.1981г.
14. ҚР СТ 1.0-2003 « ҚР МСЖ. Негізгі ережелер».
15. МЕМСТ 1935 – 55 Ұшадағы қой және ешкі еті . Техникалық шарт.
16. МЕМСТ 18157 – 88 Малдың сойыс өнімділігі. Терминдер мен ангықтамалар.
17. МЕМСТ 16020 – 70 Союға арналған мал. Терминдер мен анықтамалар.
18. МЕМСТ 5111 – 55 Союға арналған ешкілер мен қойлар. Қондылығын анықтау.МемСТ 10444.15-94 КМАФАнМ анықтау әдістері.
19. МемСТ 7702.2.2-93 БГКП анықтау әдістері.
20. ИСО 3811-79. Мясо и мясные продукты. Обнаружение и учет
предполагаемых колиформных бактерий и Escherichia coli (арбитражный метод).
21. ИСО 3496-78. Мясо и мясные продукты. Метод определения L (-)- оксипролина.
22. ИСО 29300-92. Мясо и мясные продукты. Метод определения нитрата.
23. «Техникалық реттеу туралы» заңы – 09.11.2004 ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 7
1. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...8
1.1 Стандарттаудың
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .8
1.2 Стандарттау
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..12
1.3 Қой шаруашылығының өнімдерін
стандарттау ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...27
2.1 Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .27
2.2 Терминдер мен анықтамалар.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27 3.
Материалдар мен
әдістемеліктер ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...29
3.1Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негіздері..29
3.2 Қой етінің сапасын стандартқа сәйкестігін
зерттеу ... ... ... ... ... ... ...3 0
3.2.1 Қой етінің сапа
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
3.2.2 Сараптау және сынау
әдiстерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.2.3 Таңбалау, буып-түю, тасымалдау және
сақтау ... ... ... ... ... ... ... . ..38
4. Еңбек
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 43

Кіріспе
Қой шаруашылығының технологиясына өзара байланысты
ұйымдастырушылық-шаруашылық шаралары мен отарды ұдайы өсіп-өндіру жөніндегі
практикалық әдістер, қолайлы азықтандыру және күтіп-бағу кіреді, ол бұл
саланың жүргізу жүйесінің ерекшеліктеріне орай жүзеге асырылады.Қой
шаруашылығының әртүрлі технологиялық жүйелерін жұмыс істеуіне табиғи-
климаттық жағдайлар әсер етуде.Қойларды өсіру техникасы, оларды төлдету,
отарларды жасақтау, күйек алу, жас малдарды өсіру және басқалары сала
технологиясының маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.Ірі қара және қой
шаруашылығы ортақ мазмұнға ие.
Қойдың дене құрылысының жақсы бейімделгіш қасиеті бар,
сондықтан да оларды әртүрлі климаттық жағдайларда өсіреді.Басқа малдарға
қарағанда олар өсімдіктердің барлық түрлерін, солардың ішінде арамшөптердің
көптеген түрлерін пайдаланады,бұл ауыл шаруашылық дақылдарын егуге немесе
малдардың басқа түрлерін жаюға жарамсыз жер учаскелерін пайдалануға
мүмкіндік береді.Қой шаруашылығына өнеркәсіптік технологияны(мамандандыру,
механикаландыру, өндірісті интенсивтендіру)
енгізгенде қойдың конституциясының мәні оданда әрі арта түседі.Малдардың
конституциясының тұқым қуалау әсерімен және сыртқы орта жағдайымен
қалыптасатынын естен шығармау қажет.
Дипломдық жұмысына мынадай мақсаттар қойылған:
1. Жұмыс тақырыбы бойынша халықаралық стандаттарын және басқа да
нормативтік құжаттарды жинау және жүйелендіру;
2. Қой етінің сапасасын стандартқа сәйкестігін зерттеу.

1. Әдебиетке шолу
1.1 Стандарттаудың негізі
Стандарттау сөзi латынша Standard- эталон яғни үлгi деген мағына
бередi. Бұл түсiнiк экномикалық дамудың ажырамас бөлiгi ретiнде адамзат
тарихының алғашқы кезеңдерiнен бастап қоғам өмiрiнде қалыптаса бастаған.
Қоғамның экномикалық дамуын бiрнеше шартты кезеңдерге бөлуге болады.
Қазiргi тұжырым бойынша экономикалық тарихи құрылымы өнеркәсiптену дәуiрiне
дейiнгi және өнеркiсiптену дәуiрiнен кейiнгi кезең деп бөлiнедi.
Стандарттық үлгi, өлшемдердiң адамзат өмiрiнде қолданылуы тым ерте
заманнан басталғанымен мысалы Индия алқабының тұрғындары осыдан 4700 жыл
бұрын ондық жүйелi ұзындық өлшемiн және өзара байланысты таразы бiрлiктерiн
пайдаланған. Стандарттау жүйесi соңғы кезде екi кезеңге байланысты дамып
келедi. Әсiресе өнеркәсiптену дәуiрi кезiнде 1860-1895ж.ж. техникалық
стандарттау кеңiнен өрiс алады. Өнеркәсiптену дәуiрiнен кейiн экологиялық
стандарттар және адамның қажетттiлiгiн қанағаттандыруға бағытталған
стандарт қолданыла бастады.
Стандарттаудың Қазақстандағы даму кезеңi Кеңес Одағы дәуiрiне тiкелей
байланысты. Халық комииссарлар Кеңесi Халақаралық өлшем және таразылар
жүйесiн енгiзу туралы 1918 жылғы қыркұйектiң 14-де шығарылған шешiмiнен
заңынан бастау алған стандарттау жұмысы кеңес ұкiметi жылдарында жоғары
деңгейге көтерiледi.
Қазақстанда метрологиялық даму кезеңi ең алғаш 1923 жылдан басталады.
Сол жылы Томск салыстырып тексеру палатасының Семейлiк бөлiмшесi құрылды
1925 жылдың 1-шi қазанынан бұл бөлiмше жеке үйым ретiнде салыстырып тексеру
палатысы болып өзгертiледi. 1931 жылы Қазақ өлкелiк салыстырып тексеру
палатасы Қазақ өлкелiк стандарттау бюросы болып өзгертiлiп Алматы
қаласына көшiрiлдi. 1935 жылы Iшкi iстер халық комиссарлар кеңесi
жанындағы өлшем және өлшеу құралдар iстерi жөнiндегi Басқарма болып
өзгерiледi. 1946 ж ҚКСР Министрлер кеңесi жанындағы Өлшем және өлшеу
құралдары iстерi жөнiндегi Өкiлеттi комитет боп аталады. 1966 жылы Алматы
мемлекеттiк бақылау лабораториясы базасы негiзiнде Қазақ Республикалық
стандарт және өлшеу техникаларын мемлекеттiк қадағалау лабораториясы
құрылды. Ал 15 облыстық лабораториялар мемлекеттiк қадағалау
лабораториялары болып өзгертiлдi. 1971 ж ҚСРО Мемстандартының Қазақ
Республикалық басқармасы құрылды.
Қазiргi кезде Қазақстан көлемiнде стандарттау жөнiндегi саясатты
жұргiзу өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жұмыстары стандарттау, метрология
және сертификаттау жөнiндегi Комитеттiң басшылығымен жұзеге асырылуда.
Қазiр бұл Комитеттiң құрамында 19 бөлiмше облыстық стандарттау;
метрологиялық және сертификаттау орталықтары және 300- ге жуық әртұрлi
мекеме, кәсiпорын қызмет үйымдары жұмыс iстейдi.
Стандарттауды төрт кезеңге бөлiп қарауға болады:
Стандарттау нысанын объектiсiн таңдау.
Әр мекемеде бұйрық, баяндама iс қағаздарымен бiрге белгiлi құжаттар
жиынтығы қолданылады. Бұлардың бiразы тұрақты тұрде дайындалады, кейбiреуi
бiр мәрте жазылады. Қайталанатын объектiлер стандарттау объектiсi болып
саналады.
Стандарттау нысанын жобалау.
Мұнда стандарттауға материалдық зат ретiнде объектiнiң өзi емес ол
туралы ақпарат алынады. Яғни объектiнiң белгiлерi мен қасиеттерi немесе
абстрактылы жобасы. Мысалы үйымдастыру – реттеу құжаттарының белгiлерiне
реквизиттiң құрамы, мекеменiң атауы, құжаттың аты, реквизиттi рәсiмдеу
түрi, құжатқа оның есебi мен пайдаланумен, сақтауға қойылатын талаптар,
құжаттың мазмұны, орналасқан жерi қамтылады.
Жобаны оңтайландыру
Әртүрлi мекемелерде объектiнi яғни құжатты атқару iсiне асыру
нұсқалары әртүрлi болуы мүмкiн. Әсiресе реквизиттiң құрамы, оны рәсiмдеу
арқылы, пайдаланылатын бланк әртүрлi болады. Сондықтан стандарттаушы
маманының мақсаты реквизит құрамының ең жақсы нұсқасын, бланктың тиiмдi
формаларын, рәсiмдеудiң қажеттi деңгейiн таңдап алу арқылы құжатты
сәйкестендiру болып табылады. Оңтайлы шешiмге жалпы ғылыми әдiстер мен
стандарттау әдiстерi арқылы қол жеткiзуге болады. Нәтижесiнде
стандарттау объектiсiнiң тиiмдi моделiн жасауға болады.
Жобаны стандарттау.
Жұмыстың соңғы кезеңiндi стандарттаудың өзiнiң яғни сәйкестендiрiлген
жоба негiзiнде нормативтi құжатын әзiрлеу жұзеге асырылады.
Жоғарыда айтылған механизамдердi негiзге ала отырып стандарттаудың
төмендегiдей анықтамасын беруге болады. Стандарттау- белгiлi бiр сала
бойынша нақтылы және әлеуметтi мәселелерге қатысты ережелердi жалпылай
және көп мәрте пайдалану үшiн оңтайлы дәрежеде реттеуге тәртiпке
келтiруге бағытталған iс қимыл.
Халықтың қажетiн қамтамасыз ету үшiн тұтыну тауарын стандарттаудың
маңызы ерекше. Тауардың құрамын нормалау сапалық деңгейiн бағалау
әдiстерiн белгiлеу, сақтау, тасымалдау жағдайын стандарттау- тұтынушыны
сапалы тауармен қамтамасыз ете отырып тұтыну бүйымдарының тиiмдi тұрлерiн
анықтап, тиiмсiз тұрлерiн болдырмау, тауардың өзара алмасушылығы мен
бiртұтастығын қамтамасыз ету мұмкiндiгiн тудырады.
Стандарттауға әрi тәжiрибелiк iс қызмет, әрi ғылым және әрi басқару
жүйесiнiң элеменi ретiнде қарауға болады. 1 сурет

Стандарттаудың құрамдас бөлiктерi
1 схема

Тәжiрибелiк iс қызмет Стандартты әзiрлеу, енгiзу, қолдану

Стандарттау Ғылым Стандарттаудың заңдылық
тарын зерттеу, анықтайды

Басқару Техникалық және басқару
шешiмдерiнiң
жүйесiнiң элементтерi недәур дамыған, тиiмдi түрлерін заңдылық
тұрғыда белгiлеп, жұзеге асыру

Стандарттаудың негiзгi мақсаттары:
• өнiм, жұмыс және қызметтiң мемлекет мұддесi мен қоршаған орта және адам
денсаулығына қауiпсiздiнгiн қамтамасыз ету;
• техникалық және ақпараттық ұйлесiмдiлiк пен өзара алмасу талабын жұзеге
асыру;
• ғылым мен техника жетiстiктерiне сәйкес өнiм сапасын жоғарылату арқылы
тұтынушы талабын қанағаттандыру;
• еңбек және материалдық қорларды ұнемдеу, өндiрiстiң экономикалық
көрсеткштерiн жасқарту;
• өндiрiс пен саудадағы техникалық кедергiлердi жою, өнiмнiң халық аралақ
және iшкi рыноктағы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру;
• өлшемнiң бiркелкiлiгiн қамтамасыз ету;
• мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi мен жұмылдыру дайындығын күшейту.
• табиғи және техногендiк апаттың әсерiнен пайда болуы мұмкiн залалдан
шаруашылық объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.
Стандарттау жұмысының нәтижесiнде өнiм, жұмыс, қызметтiң тиiстi мақсатқа
сәйкестiк дәрежесiн арттырып, саудадағы кедергiлердi жоюға және ғылыми
техникалық ынтымақтастыққа ықпал етуге жағдай жасалады. Сондай-ақ
стандарттаудың нәтижесiн экономиканың салаларына негiзу аз шығын жасау,
жоғары сапалы өнiм алу, шикiзат пен материалдық қорларды тиiмдi де ұнемдi
пайдалануға мұмкiндiк бередi.

1.2. Стандарттау әдістері
Жоғарыда көрсетiлгендей стандарттау iсәрекет тұрi болуымен қатар
қайталанатын мәлiметтердi тиiмдi жолмен шешу және оларды нормалау мен
ережелер ретiнде заңдастыруға қажеттi әдiстемелер кешенi болып табылады.
Стандарттау әдiстемесi- бұл стандарттаудың мақсатына жету ұшiн
қолданылатын тәсiл немесе тәсiлдер жиынтығы.
Стандарттау жалпы ғылыми және арнайы әдiстемелерге негiзделедi.
Стандарттау жұмысында төмендегi әдiстемелер кеңiнен қолданылады:
• Стандарттау нысанын реттеу
• Параматерлiк стандарттау
• Өнiмдi сәйкестендiру унификация
• Агрераттау
• Кешендi стандарттау
• Келешектiк стандарттау
▪ Стандарттау нысанын реттеу- өнiмдi, процесс пен қызметтi
стандарттау саласындағы әмбебап әдiстеме. Реттеу –көп түрлiлiлiктi басқару
ретiнде ең әуелi көп тұрлiлiктi қысқартумен тығыз байланысты. Реттеу
жұмысының нәтижесiне мысалы, соңғы дайын өнiмдi жабдықтаушы бүйымдардың
шектеулi тiзiмi, бүйымдардың үлгiлiк конструкциялық альбомдары, басқару
және басқа құжаттардың ұлгiлiк тұрлерi жатады.
Реттеу әмбебап әдiс ретiнде жұйелеу, сұрыптау, жою, типтеу, талдау
қатарлы жекелеген әдiстерден тұрады.
Стандарттау нысанын сұрыптау селекция- арықарай өндiруге және
қоғамдық өндiрiске пайдалауға ыңғайлы деп танылған нақты нысандарды
сұрыптауға бағытталған iсәрекет.
Жою симпликация- арықарай өндiруге және қоғамдық өндiрiске қолайлы
емес деп танылған нақты нысандарды анықтауға бағытталған iсәрекет.
Сұрыптау және жою iсәрекеттерi қатар жұргiзiледi. Бұлардан бұрын
нысандарды жiктеу, ажырату және олардың болашақ қажеттiлiкке сәйкестiгiне
арнайы талдау жасау жұмыстары жұргiзiледi. Мысалы, ескi ұлгiмен iстелген
қалайы ыдыстарының алғашқы мемстандарттарында сол кездегi шығарылған
кастрюлдердi сиымдылығы бойынша жiктегенде олардың типтiк мөлшерi 50
болған. Талдау нәтижесiнде олардың санын 22-ге дейiн қысқартуға болатыны
анықталады, яғни қосарланған сиымдылықтар жойылады. Мысалы; 1,0; 1,5 л.
Сиымдылықтар бар болғандықтан 0,9; 1,3; 1,7; литрлiктер қажетсiз деп
танылады.
Стандарттау нысандарын түрлеу типтеу- конструкция, технологиялық
ережелер, құжат тұрлерi қатарлы ұлгiлiк нысандарды құру жөнiндегi iс-
әрекет. Сұрыпталған нысандар сапасы мен әмбебаптығын жоғарлатуға
бағытталған бiр техникалық өзгертiлуге жiберiледi.
Мысалы, 1960 жылдардың басында ҚСРО-да 100 тұрлi конструкциялық
айырмашылықтары бар телевизорлар пайдаланылған. Сондықтан схемалардың
қажетсiз көп тұрлiлiгiн жою мәселесi қойылып, жүйелеу жұмысын жүргiзу
нәтижесiнде экран көлемiнiң ұш нұсқасы яғни 35, 47,59 см таңдап алынады.
Әрбiр нұсқаға ең тиiмдi схемалар таңдалып, олар соңынан жақсартылады.
Нәтижесiнде типтiк сәйкестендiрiлген конструкциялы УНТ-35, УНТ-47, УНТ-59
телевизорлары жасалды.
Стандарттау нысанын тиiмдi болдыру оптимизация- негiзгi тиiмдi
өлшемдердi параметрлердi анықтап, сапа және ұнемдiлiк көрсеткiштерiнiң
мәнiн табуға бағытталған iсәрекет.
Стандарттау нысанын тиiмдi ету жұмысы арнайы экономикалық-
математикалық әдiстер мен тиiмдi ету моделi арқылы жүргiзiледi. Тиiмдi
етудiң мақсаты- реттеудiң тиiмдi дәрежесi мен жоғарғы тиiмдiлiкке қол
жеткiзу болып табылады.
▪ Параметрлiк стандарттау- өнiмнiң параметрi дегенiмiз оның
қаситеттерiнiң сандық сипаттамасы. Ең негiзгi параметрлер - өнiмнiң
мақсаттық арналуын және пайдалану жағдайын айқындайтын сипаттамалары:
• мөлшерлiк параметрлер киiм мен етiктiң мөлшерi, ыдыстың сиымдылығы;
• салмақ параметрлерi спорттық құралдардың жеке тұрлерiнiң салмағы;
• машина құралдардың өнiмдiлiгiн сипаттайтын параметрлер сепаратордың
өнiмдiлiгi, көлiк құралдарының қозғалыс жылдамдығы;
• энергетикалық параметрлер двигательдiң қуаты т.б.;
Белгiлi мақсаттағы яғни белгiлi типтiк өнiм бiрқатар параметрлермен
сипатталады. Параметрлердiң белгiленген мәндiк жиынтығы параметрлiк қатар
деп аталады. Параметрлiк қатардың тағы бiр тұрi мөлшерлiк қатар болып
табылады. Мысалы, маталарда мөлшерлiк қатар мата енiнiң жекелеген
мәндерiнен, ыдыс-аяқта сиымдылықтың жекелеген мәндерiнен тұрады. Бiр типтiк
бүйымның немесе материалдар әрбiр мөлшерi типтiк мөлшер деп аталады.
Мысалы қазiргi кезде ерлер киiмiнiң 105, әйелдер киiмiнiң 120 типтiк
мөлшерi белгiлiнген.
Параметрлiк стандарттау дегенiмiз параметрлердiң ыңғайлы
номенклатурасы мен сандық мәнiн таңдап, негiздеу болып табылады.
Бұл мәселе математикалық тәсiлмен шешiледi. Мысалы киiм мен етiктiң
мөлшерлiк қатарын жасау ұшiн әртұрлi елдi мекендерде аудандарда тұратын,
әртұрлi жастағы көптеген еркек, әйелдердiң антропометрлiк өлшемдерi
жұргiзiледi. Алынған мәлiметтер математикалық статистика әдiсiмен өңделедi.
Машина, құралдардың параметрлiк қатары ұнамды сандар жұйесiне сәйкес,
яғни геометриялық прогрессия бойынша өзгерiп отыратын сандар жиынтығы
негiзiнен құрылады. Бұл жұйенiң ерекшелiгi кез келген есептеулер
нәтижесiнде алынған немесе ерiктi шешiм негiзiнде қабылданған емес, тек
қана қатаң белгiленген математикалық заңдылыққа бағынатын параметрлер мәнiн
таңдау болып табылады. Бұл саладағы негiзгi стандарт ГОСТ 8032 Ұнамды
сандар және ұнамды сандар қатары. Осы стандарт негiзiнде ГОСТ 6636
Қалыпты сызықтық мөлшерлер стандарты жасалған. Бұл стандарт сызықтың
мөлшерлерiн таңдауға арналған сандар қатарын белгiлейдi.
1-шi қатар R5-1,00; 2,50; 4,00;6,30;10,00 прогрессия алымы 51,6
2-шi қатар R10-1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50 ... ... 101,25
3-шi қатар R20-1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60 ... ... 201,12
4-шi қатар R40-1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 125 ... ...401,06
Аралықтағы сандар 1-10; R5 қатары ұшiн R10-10, R20-20, R40-40;
Техникалық негiздегi кейбiр жағдайда ұнамды сандарды дөңгелектеуге
болады. Мысалы, 1,06 санын 1,05; 1,12-нi 1,1; 1,18-дi 1,15 немесе 1,20-ға
дейiн дөңгелектеуге болады. Мысалы, 1,06 санын 1,05; 1,12-нi 1,1; 1,18-дi
1,15 немесе 1,20-ға дейiн дөңгелектеуге болады.
Қайсы бiр қатарды таңдағанда өнiмнiң тұтынушысы ғана емес
дайындаушының да мұддесiн ескеру қажет. Параметрлiк қатардың жиiлiгi тиiмдi
болу керек: Өте нығыз қатар тұтынушылардың кәсiпорындардың, жеке сатып
алушылардың қажеттiлiгiн ең жоғары мөлшерде қамтамасыз етуге мұмкiндiк
бередi, бiрақта өнiмнiң номенклатурасы шектен тыс кеңейедi, өндiрiс ұсақтап
өндiрiстiк шығынды арттыруға әкеп соғады;
Сондықтан R5 қатар R10-ға қарағанда ұнамдырақ R10-R20 –дан ұнамдырақ
болып саналады.
Ұнамды сандар жұйесiн қолдану белгiлi типтiк өнiмнiң параметрлерiн
сәйкестендiрiп қана қоймай әртұрлi өнiмдердi детальдар, бүйымдар, көлiк
және технологиялық құралдар параметрлерi бойынша өзара байланыстырады.
Мысалы, машина жасаудағы стандарттау тәжiрибесi көрсеткендей детальдар мен
тұйiндер қатары машиналар мен құрал жабдықтардың пареметрлiк қатарына
негiзделуi тиiс.
Мұнда төмендегi ереже басшылыққа алынады: машиналардың пареметрлер
қатары R5ке, детальдар мөлшерiнiң қатары R10, R10-ға- R20 т.с.с. сәйкес
келуi тиiс.
Консервi банкаларының қабы және оларды тасымалдауда көлiк құралдарын
тиiмдi пайдалану ұшiн темiржол вагондары мен автомашиналардың жұк көтеру
қатары, контейнерлер мен жәшiктер, жеке консерв қапшықтарының мөлшерiк
қатары сияқтылар R5 қатары бойынша алынуы ұсынылған.
• Өнiмдi сәйкестендiру деп детальдарды типтiк саны мен бiрдей
қызметтiк мақсаттағы агрегаттар санын оңтайлы қысқарту iс -әрекетiн айтады.
Бұл iсәрекет дайын өнiмнiң элементтерiн жiктеу және қатарлау, сңрыптау және
жою, типтеу және тиiмдеуге негiзделедi. Сәйкестендiрудiң негiзгi бағыттары
төмендегiдей:
• Бұйым, машина, құрал жабдық, түйiн, детальдардың параметрлiк және тиiмдiк
мөлшерлер қатарын әзiрлеу.
• Бiртектi өнiмнiң сәйкестендiрiлген топтарын құру мақсатында типтiк
бүйымдарды әзiрлеу
• Сәйкестендiрiлген технологиялық ұрдiстердi әзiрлеу
• Қолдануға рұқсатталған бүйым, материалдардың қолайлы да ең аз ат тiзiмiн
номенклатурасын жасау.
Сәйкестендiру жөнiндегi жұмыстардың нәтижелерi әртұрлi рәсiмделедi:
Бұлар деталь, тұйiн, жинақ бiрлiгiнiң типтiк сәйкестендiрiлген құрылымының
конструкциясының альбомдары, сондай-ақ тип, параметр, мөлшер,
конструкция, марка т.б. стандарттары болуы мұмкiн.
Бүйымдары сәйкестендiру оны жұргiзу саласына байланысты сала аралық
екi немесе одан көп өнеркәсiп саласында дайындалған, бiрдей немесе жуық
мақсаттағы бүйымдар мен олардың элементтерiн сәйкестендiру, салалық және
зауыттық бiр кәсiпорында немесе бiр өнеркәсiп саласында дайындалған
бүйымдарды сәйкестендiру болуы мұмкiн.
Жұргiзудiң әдiстемелiк принциптерiне байланысты сәйкестендiру тұр
iшiндегi бiр типтi бүйымдар тобының және тұр аралық немесе жоба аралық
әртұрлi бүйымдардың тұйiнi, деталь, агрегаттары болуы мұмкiн.
Сәйкестендiру дәрежесiн өнiмдi сәйкестендiру деңгейiмен яғни өнiмнiң
сәйкестенген, соның iшiнде стандартталған деталь, тұйiн жинақ бiрлiгiмен
толығу арқылы сипатталады. Сәйкестендiру деңгейi көрсеткiштерiнiң бiрi
ретiнде қолдану сәйкестiк коэффициентi-Кп-алынады:
Кn = 100%
Мұнда: П-, бүйымдағы детальдардың жалпы саны дана
По-тұп нұсқалық алғаш әзiрленген дана
Мұндағы детальдардың жалпы санына түпнұсқадан басқа стандартты,
сәйкестендiрiлген және сатып алынған детальдар кiредi, сондай-ақ жалпы
машина жасау, салааралық және салалық қолданыс детальдары кiредi.
▪ Агрегаттау- бұл машина құрал жабдықтарды геометриялық
және қызметтiк негiзде өзара алмастыру мұмкiндiгi бар, әртұрлi бүйымдарды
жасауда көп мәрте пайдаланатын жекелей стандартталған, сәйкестендiрiлген
тұйiндерден құрастыру әдiсi болып табылады. Мысалы мебель өндiрiсiнде 15
мөлшерлi щиттермен 3 мөлшерлi жәшiктердi қолдана пайдалана отырып
әртұрлi комбинация жасау арқылы 52 тұрлi мебель жасауға болады. Агрегаттау
әдiсi машина жасау және радиоэлектроникада кеңiнен қолднаылады.
▪ Кешендi стандарттау кезiнде өзара байланысты талаптар
жүйесiн мақсатты да жоспарлы түрде белгiлеу жұзеге асырылады. Бұл талаптар
кешендi стандарттау нысанының өзiне тұтастай, сонымен қатар нақты
мәселелердi тиiмдi шешу ұшiн олардың негiзгi элементтерiне де қойылуы
мүмкiн. Сонымен қатар дайын бүйым және оны өндiруге қажеттi шикiзат
материалдардың сапасы мен оларды сақтау, пайдалануға қойылатын талаптар
өзара байланысты болуы тиiс.
Кешендi стандарттаудың өзiндiк бiр тұрi кешендi сертификаттау болып
табылады.
▪ Оза стандарттау. Бұл – стандарттау объектiсiне бүгiнгi
тәжiрибеде отырған талап, нормаларды қазiргi жетiстiктерiнен жоғары
деңгейге көтерiп, кейiнгi кездерi тиiмдi болатындай етiп жобалау әдiсi.
Стандарттар ғылым мен техниканың жеткен деңгейiмен ғана шектелуi
тиiмдi емес. Себебi олар көптеген өнiмдердің моральдық ескiруiнiң
жылдамдығына байланысты техникалық прогресстi тежеуi мұмкiн.
Сонымен стандарттар сапа көрсеткiшiнiң болашақ деңгейiн белгiлеп,
олардың өндiрiске қолданылатын мерзiмiн көрсетуi тиiс. Оза стандарттау
жұмысы өндiрiлуi әлi басталмаған немесе басталу сатысындағы болашақ өнiмнiң
келешектi тұрлерiне жасалады.

1.3 Қой шаруашылығының өнімдерін стандарттау
Сойысқа арналған қойлар мен ешкілерді Мемстандарт 5111-55 талаптармен
қабылдайды. Осы стандартпен ересек қой еті мен жас қой етін бірге қабылдау
дұрыс емес, өйткені жас қой еті өзінің биологиялық құндылығымен
ерекшеленеді.Жас қой ұшасы бұлшық етінің жақсы дамығандығымен, тері асты
майларының арқа және бел бөлігінде болуымен және құйрық маймен жақсы
толысқандығымен ерекшеленеді, ал романов қой тұқымының алдыңғы бөлігі жақсы
жетілген.

1-Кесте
Кейбір қой тұқымының ет шығымы
Тұқымы. Жасы Тірі салмақ, Сүйектегі ет Ет шығымы %.
айлар. кг салмағы, кг
Жіңішке және 6-8 28,3;33,3;28,11,6;13,9;12,40,7;4 1,74;42,01
жартылай талшықты. 8 1

Романов 6-7 33,8;38,1;41,14,5;16,7;18,42,89; 43,83;44,39
9 6
Еділбай қой тұқымы5-7 32,3;36,3 13,5;14,9 41,79;41,04

Кейбір жас қой тұқымынан 7,5-8 айлығында салмағы 17-20 кг (ұша),
ал сойыс шығымы 49,5% дейін ұша алуға болатыны тәжірибе арқылы дәлелденді.
Мысалы Еділбай қой тұқымына 1 жасқа дейінгі және 1,5 жастағы қойларға ет
өнімділігіне байланысты салыстырмалы баға берілді. Ол ұша сапасы, химиялық
құрамы, технологиялық және органолептикалық қасиеті бойынша
анықталды.Екінші кестеге көңіл аударайық:

2-Кесте
Қой етінің химиялық құрамы

Көрсеткіштер. Әртүрлі жастағы қой ұшасының бұлшық етінің
химиялық құрамы.
18 айлық қойлар. 4-5 айлық жай
қойлар.
Ылғалдылық % 67,7±0,67 68,8±1,21
Ылғалдылық % 15,3±0,55 14,1±1,70
Ақуызы % 16,3±0,21 16,1±0,55
Дәнекер ұлпасының ақуызы 2,12±0,06 2,44±0,15
(бұлшық етке шаққанда %)
Оксипролин (мгг) 16,3±0,23 18,8±0,55
Триптофан (мгг) 11,5±0,07 11,6±0,12
Триптофан (оксипролин) 0,71±0,01 0,62±0,03

Бұл кестеден көріп отырғандай 1 жасқа дейінгі жас қой етінің құрамында
дәнекер ұлпа ақуызы ересек қой етіне қарағанда көп. Жас етте, бұлшықет
ұлпасының құрамында лейцин, аргинин, аспарагин, глютамин қышқылдары көп
болады. Енді жеке қой тұқымдарына тоқтала кетсек.
Қазақтың арқармеринос тұқымы-өнімділігі жағынан етті-жүнді
бағытта.Бұл тұқымды малдар Қазақстанның таулы аудандарында өсіруге
бейімделген. Денесі ұзын, арқасы мен белі тегіс, құймышағы жалпақ, аяқтары
түзу, тұяқтары берік.Қошқарлардың салмағы 95-100кг ,аналықтары 60-65кг
тартады. Жас төлдердің өсіп-жетілуі жақсы. Төлдегіштігі қанағаттанарлық 100
саулықтан 110-115 қозы алынады.
Гиссар қой тұқымы. Бұл қой тұқымы негізінен Тәжікстанда өсрілген,
Қазақстанда аздап кездеседі. Гиссар қойы өте сүйекті, берік, биік, сирақты,
дөңкес басты қой. Қошқарлары көбінесе тоқалболады. Қошқарларының саломағы
130 – 140кг, саулығы шамамен 80 – 85кг, ал кейбіреулерінің салмағы 92 –
95кг дейін жетеді. Құйрық майы 18 – 20 кг, ал байланған қошқарлардікі 30
кг.Гиссар қойы етті – майлы қой шарушылығындағы ең ірі қойлардың бірі болып
табылады.

Еділбай қой тұқымы. Еділбай қойы – қазақтың құйрықты қойларының ең
ірісі. Көшпелі жағдайға қыстың суығымен жаздың ыстығына шыдамды. Қысы жжазы
сирек жайылымды жақсы пайдаланады. Басқа қой тұқымдарына қарағанда тез
жетілгіш, қошқарларының салмағы орта есеппен 100 – 100кг, саулы0тары 73 кг
жетеді. Еркек қозылары 4 айлығында енесінен айығанда 45 – 47 кг, ұрғашы
қозылары 40 – 42кг. 6 – 7 айлық марқаны сойғанда 24 – 25 кг, тісегінен 39 –
49 кг таза ет түседі. Сойыс шығымдылығы 1,5 жас – 53,2%, 2,5 жас – 56 -
59%, саулық 53%. Еділбай қойлары Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды,
Торғай, Шығыс –Қазақстан, Павлодар облыстарында тараған.

Қозы етінің бөтен дәмі жоқ қара кесегі мол, майы аз әрі жұмсақ, тез
қорытылады, холестерин мөлшері де басқа еттерге қарағанда төмен. Қой етінің
белок құрамы жоғары, онда адам ағзасына қажетті амин қышқылдары көп.
Мәселен, бір адам тәулігіне 0,5 г триптофан қажет етсе, 1 кг қой етіндегі
оның мөлшері 25 г, бір адамға күніне 1,1 г анилин қышқылы қажет болса, 1 кг
қой етінің құрамындағы анилин қышқылының мөлшері артып, етті қой
шаруашылығының дамуына себеп болды. Халықаралық базарда сатылатын қой
етінің негізгі бордақыланған қозы еті болып табылады. Америка, Англия
мемлекеттерінде базардағы қой етінің 90 пайызы қозы еті, ал Австралия,
Франция мемлекеттерінде 70%. Жаңа Зеландия ұзақ жылдан бері етті- жүнді
бағыттағы қос өнімді ұзын жүнді қой өсіріп келеді. Меринос қой жалпы
санының 2,5 пайызын құрайды. Қозы етін экспортқа шығаратын мемлекеттердің
ішінде ол алдыңғы орында, экспортқа қозы етінің 90 пайыздан астамы
шығарылады. Англия селекция жұмысында тез жетілетін, етті қойдың дене
пішінін өзгертуге аса мән береді. Мемлекет бойынша 38 қой тұқымы түгелімен
дерлік етті бағыттағы қой тұқымдары.

3- Кесте
Етті- майлы құйрықты қойлардың өнімділік стандарты.
Малдың Малдың жынысы Өнімділігінің төменгі көрсеткіштері.Кластың
класы мен жасы. сипаттамасы.
Тірі Жүн Жүн Жүннің
салмағы, түсімі,ұзындыкласы
кг кг ғы
Гиссар қой тұқымы (Г)
Элита сақа қошқарлар120 - - - Стандарт
талаптарына
жауап береді.
Сақа саулық 80 - - - Конституционал
18 айлық ды өнімділік
сапасымен және
қасиеттерімен
Қошқарлар 18 80 - - - 1 класс
айлық 65 - - - қойынан
тұсақ анағұрлым асып
түседі.
1 Сақа қошқарлар110 - - - Мүйізсіз ірі,
Сақа саулық - - - конституциясы
18 айлық мықты, әрі
қошқарлар 18 дөрекілеу
айлық тұсақтар75 сүйек бітімі
мықты, әрі
70 - - - жақсы
жетілен.Құйрығ
ы үлкен немесе
60 - - - орташа,
көтеріңкі
немесе сәл
түсіңкі.
2 Сақа қошқарлар100 - - - Конституциясы
біршама нәзік,
Сақа саулықтар орташа
үлкендіктегі
18 айлық 75 - - - мал сырт
тұсақтар пішінінде
55 - - - кейбір
кемшіліктер
бар.

Еділбай қой тұқымы ЭД
элита сақа 95 3,5 - 1 класс, Конституционал
қошқарлар ең тәуір ды өнімділік
сақа бөлігі сапасымен және
саулықтар18 - қасиеттерімен
айлық 75 2,5 1 класс
қошқарлар 18 қойынан едәуір
айлық - асып түседі,
тұсақтар 75 2,8 тұқым
- стандартының
талабына толық
60 2,0 жауап береді.
1 Сақа 85 3,0 - 1-2 Мүйізсіз,
қошқарлар конституциясы
сақа мықты ірі мал.
саулықтар 18 65 2,0 - Класс Етті-майлы
айлық белгілері
қошқарлар 18 жақсы
айлық 75 2,3 - - айқындалған.
тұсақтар Құйрығы үлкен,
жалпақ,
55 1,5 - - көтеріңкі,
жүні қалың.
Түсі қоңыр,
жирен, қара
және сұр.
2 Сақа 80 2,5 - 3 Конституциясы
қошқарлар класс әлдеқайда
Сақа нәзік, орташа
саулықтар 60 үлкендіктегі
18 айлық 50 - мал жүнінің
тұсақтар 1,8 басым бөлігі
- қылшықтан, өлі
1,5 және құрғақ
талшықтан
тұрады.

4 - Кесте
Етке арналған малдарды өңдейтін кәсіпорын түрлері.
Сойыс малдарын Тоңазытқыштар Қасап қаналар Мал соятын пунктер
өңдейтін ет комбинаттар
комбинаттары
Ірі кәсіп орындар Бұл малды алғашқы Малды етке арнап Малды етке арнап
жыл бойына өңдеуге, оның етінөңдеуге арналған өңдеуге
30-55мың тонна ет ішінара лайықталған
өнімдерін өңдейді.тоңазытқыш мехникалан көлемі мен
Ет комбинатында қатырылған етпен дырылған кәсіп өндірістік қуаты
мал қамайтын база,ет өнімдерін орындар. Мұнда текшағын
негізгі өндірістіксақтауға арналған етті алғашқы өңдеустационарлық
және қосалқы кәсіп орын мал ісі жүзеге кәсіпорындар.
цехтар болады. шаруашылығы жақсы асырылады . Малдың
Еттің сапалы дамыған аудандардаүшалары майы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнім сапасын жақсарту
Минералды заттар мөлшері
Комбинирленген өнімдерінің өндіру технологиясын әзірлеу және зерттеу
Ет және ет өнімдердің құрамы мен қасиеттері
Асыл тұқымды қой шаруашылығын қолдау шаралары
Шұжық жасау цехын жобалап ,шприцті жөндеу
Шұжық фарышының микроорганизмдермен ластануы
ТАМАҚ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ТЕХНОЛОГИЯСЫ пәні бойынша жұмыс бағдарламасы
Өндірісті бағалау рәсімдерін метрологиялық қамтамасыз ету
Субөнімдердің тұтынушылық қасиеттері
Пәндер