М.Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 М.Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастарының педагогикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 М.Әлімбаевтың тәлім.тәрбиелік ой.пікірлері және оның қалыптасуына ықпал еткен қоғамдық.әлеуметтік жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2 М.Әлімбаевтың халық педагогикасын зерттеп дамытуға қосқан үлесі ... ... 40
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..61
2 М.Әлімбаевтың тәлімдік ой.пікірлерін мектептің оқу.тәрбие процесінде пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 М.Әлімбаевтың тәлімдік тағылымдарын оқу.тәрбие процесінде пайдалану жайы және оны жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
2.2 М.Әлімбаевтың тәлімдік тағылымдарын қазақ тілі сабақтарында пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..79
2.3 М.Әлімбаевтың тәлім.тәрбиелік идеяларын сабақтан тыс жұмыстарда пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...100
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 118
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...123
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...128
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кездегі Қазақстанда болып жатқан әлеуметтік-мәдени, экономикалық өзгерістер ұрпақ тәрбиесі жұмысы сапасын жетілдіру, оның тиімді шешілу жолдарын айқындау міндетін мемлекеттің басты саяси деңгейіне көтеруде. Бұл міндетті игілікті қызметке асыруда қоғамдық дамудағы жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер мен тәжірибелерді зерделеп, объективті түрде бағалап нәтижелерді шығармашылықпен игеру маңыздылығымен даралана түседі.
Жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін арттыру үшін қажетті, әрі оңтайлы әдістерді іздестіруде және табуда қоғамдық даму барысында жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер мен идеяларды тірек ретінде пайдалану қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында да атап көрсетілген [1]. Осы орайдан алғанда қазақ халық педагогикасына терең үңіліп, оның тағылымдарын жинақтап, жүйелеп, зерделеп, оларды ұрпақ тәрбиесінің игілігіне айналдырудың тиімді жолдарын көрсете білгендердің бірі белгілі балалар ақыны, шебер аудармашы, көрнекті әдебиет зерттеушісі, эссеист ретінде кең танылған Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мәдениетке еңбегі сіңген қызметкер, Ы. Алтынсарин медалінің иегері М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастары мен ой-пікірлерінің арнайы зерттеу нысанасына айналғандығы бүгінгі заман талабы екендігін көрсетіп отыр.
Қазақ елінің тарихи өмірінде өзіндік қайталанбас іздерін қалдырған, ұлт мәдениеті, әдебиеті, өнері және ғылымының дамуында елеулі орны бар тұлғалардың еңбектерінің тәрбие рөлінің жоғарылап тұрған қазіргі кезеңде жаңа көзқарас тұрғысында зерделеп, нәтижелерін оқу-тәрбие іс-әрекеттерінде пайдалану бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудың басты шарты болмақ. Өйткені оқу-тәрбие іс-әрекеттеріндегі игі нәтижелерге жинақталған озық ой-пікірлер мен көзқарастарды шығармашылықпен игеру арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын тарихи тәжірибелер дәлелдеуде. Бұл орайда М. Әлімбаевта кез-келген іс-шаралар қашанда «халық түйген тұжырымдардың, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістердің, даналық дәстүрлердің, ұстаздық ойлардың» бүгінгі міндеттермен сабақтасты жалғасқанында ғана игілікке асатынын айтып келеді [2]. Біз көтеріп отырған мәселе педагогика ғылымының қашанда да назарынан тыс қалмаған.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесі іс-әрекеттерінің негізгі қайнар көзі болып табылатын, тәлім-тәрбие мәселесінде мәңгілік мәнге ие ой-пікірлер қалдырған ұлы шығыс ойшылдарының (Әл-Фараби [3], М. Қашқари [4], Ж. Баласағұн [5], Қ.А. Ясауи [6] т.б.) еңбектері отандық педагогиканың дамуына негіз болып келеді. Сондықтан да біз ұлы ойшылдардың педагогикалық ой-пікірлерін өзіміздің зерттеу жұмысымызға пайдаландық.
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы //Егемен Қазақстан, 1999 ж., 11 маусым.
2. Әлімбаев М. Халық- ғажап тәлімгер. -Алматы: Рауан, 1994.-144б.
3. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. -425б.
4. Қашқари М. Түбі бір түрік тілі. – Алматы: Ана тілі, 1993. -125б.
5. Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1987. -301б.
6. Иасауи А. Ақыл кітабы. – Алматы: Мұраттас, 1995. -262б.
7. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. -560б.
8. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. -320б.
9. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. -381б.
10. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі, 1992. -106 бет.
11. Торайғыров С. Шығармалар жинағы. І т., Алматы, Ғылым, 1993, 222 б.
12. Аймауытов Ж. Псиқолоғия. – Алматы: Санат, 1995. -312б.
13. Тажибаев Т. Т. Развитие происвщения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века. – Алма-Ата, 1958. -97с.
14. Ғабдуллин М. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес. –Алматы: Мектеп. 1966. -123б.
15. Жарықбаев Қ.Б. Развитие педагогической мысли в дореволюционном Казахстане. Дисс. доктора пед.наук. – Киев, 1982. -351с.
16. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы: Санат, 2001. -320б.
17. Алдамұратов. Ә.Ж. Оқушылардың грамматикалық ұғымдарын меңгеру психологиясы. Дис. канд. психологич. наук. – Алматы, 1993. -182с.
18. Қожахметова К.Ж. Теоретико-методологические основы казахской этнопедагогики. Дисс. докт. пед. наук. –Алматы, 1998.
19. Қалиев С. Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері: Докт. дис. автореф. –Алматы, 1996.
20. Наурызбай Ж. Ж. Научно-педагогические основы этнокультурного образования школьников. Дис. докт.пед.наук. –Алматы, 1998.
21. Ұзақбаева С.А. Қазақтың педагогикасындағы эстетикалық тәрбие. Докт. дисс. –Алматы, 1993.
22. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы: Пед. ғыл. докт. дисс. –Тараз, 2001. -343б.
23. Әлсатов Т.М. Қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ойлардың дамуы. (ХV- ХVІІІ ғ.ғ.): Пед. ғыл. докт. дисс..– Алматы, 1999. -293 бет.
24. Қалыбекова А.А. Казахские народные традиции в музыкально-эстетическом воспитание детей. – Алматы: Рауан, 1993. -123с.
25. Шалғынбаева Қ. Қ. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың педагогикалық-ағартушылық идеялары: Пед. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1996. -133б.
26. Елікбаев Н. Ұлттық психология. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. -96б.
27. Ержанов Р.Ж. Возникновение и развитие пионерского движения в Казахстане до 1934.: Дис. канд. пед. наук. – Алма- Ата, 1956. -265с.
28. Мұқанова Б.Ы. Қазақстан пионер ұйымы: Пед.ғыл.канд.дис. – Алматы, 1970. -199б.
29. Бержанов Г.Н. Научно-педагогические вопросы народного образования в Казахстане. – Алма-Ата: Мектеп, 1979. -144с.
30. Храпченков Г.М. Научно-педагогические вопросы народного образования в Казахстане. –Алма-Ата: Мектеп, 1979. -144с.
31. Сейтешев А. П. Профессиональная направленность личности (теория – практика воспитания). – Алма-Ата: Наука, 1989. -480с.
32. Сейталиев Қ.Б. Қазақстанда жоғары педагогикалық білімс берудің қалыптасуы мен дамуы (1920-1991жж.) Пед. ғыл. докт. Дис. – Алматы, 1998. -315б.
33. Ильясова А. Проблемы развития педагогической теории Казахстана (1900-1960 гг.) Дис. докт. пед. наук. –Алматы, 1997.
34. Казмаганбетов А. Г. Научно-педагогические основы формирования системы оценочных притязаний старшеклассников в учебном процессе. Дис. докт. пед. наук. – Алматы, 1999. -279с.
35. Хайруллин Г.Т. Формирование и развитие коллектива учебно-производственной группы межшкольного УПК: (на материалах гор. учеб.-произв. комб.) Дис. ...канд. наук. –Алма-Ата, 1985. -206с.
36. Керімов Л.К. Қиын жасөспірімді жеке-дара қайта тәрбиелеу теориясы мен
практикасы. Пед. ғыл. докт. дис. – Алматы, 1992. -229бет.:
37. Нургалиева Г. К. Формирование ориентации старших подростков на труд как нравственную ценность. Дис. канд. пед. наук. – Ленинград, 1985. -239с.
38. Төлеубекова Р.К. Бастауыш класс оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану: Пед. ғыл. канд. дис. – Алматы, 1994. -134б.
39. Балтабаев М.Х. Основы музыкально-эстетического воспитания учащейся молодежи средствами казахской традиционной художественной культуры: Автореф. дис. докт. пед. наук. – Алматы, 1994. - 48с.
40. Омар Е.О. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы және дамуы (1917-1990жж.): Пед. ғыл. докт. – Алматы, 2002. -268 бет.
41. Иванова Л.М. Творческие комплексные игры как средство сплочения пионерского коллектива: Дис.канд. пед. наук. – Москва, 1977. -177с.
42. Панченко С.И. Воспитание трудовой направленности у педагогически запущенных подростков. Дис. канд. пед. наук. –Москва, 1989. -175с.
43. М.Әуезов Қайта туған халықтың әдебиеті. 20 том, 431б.
44. А.Атымтаев Ой көркі. //Коммунизм жолы, 1960ж., 14 қыркүйек.
45. С.Бегалин Мүдірмей зырла, ақын інім. //Қазақ әдебиеті, 1973ж., 26қазан.
46. Б.Кенжебаев Алуан қырлы қаламгер. //Жетісу 1983ж., 29 қазан.
47. З.Қабдолов Аға буынның өнегелі өкілі. //Заман-Қазақстан, 1999ж, 9маусым.
48. Б.Мустафин Толқығанда тереңнен. //Ленин туы, 1981ж., 14 қаңтар.
49. Ғ.Қайырбеков Тәуекел танкісіне мініп едің... //Лениншіл жас, 1983ж. 1 қараша.
50. Т.Кәкішев Қайратты қалам қарымы. //Жұлдыз, 1983ж.
51. Қ.Мырзалиев Бойға қуат, ойға суат. //Егемен Қазақстан, 1993ж., 29 қазан.
52. Т.Молдағалиев Өлең үшін өмір сүріп келеді ол. //Қазақ әдебиеті, 1983ж. 287 қазан.
52. А.Сейдімбеков Қаламгер мәртебесі. //Қазақстан мұғалімі, 1983ж. 14қазан.
53. С.Негімов Өрнегі әсем қарапайымдылық. //Көкшетау правдасы, 1993ж., 27 қараша.
54. Қ.Жарықбаев Қазақ тәлім тәрбиесі. – Алматы: Санат, 1995. -352б.
56.Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен
тарихы. -Алматы: Білім, 2003,-280б.
57. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге
кәсіби дайындау. -Алматы: Нұрлы Әлем, 2004.- 304б.
58.Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. –Алматы: Білім, 1998. - 220б.
59. Әлімбаев М. Таңдамалы. Т.1. -Алматы: Жазушы, 1983. -384б.
60. Жәмішев Ә. Бала сезімінің бапкері //Лениншіл жас, 1984ж., 22 тамыз.
61. Әлімбаев М. Балдаурен, шіркін, балалық. -Алматы: Жазушы, 1973. -
376б.
62.Әлімбаев М. Ақсерек те Көксерек. -Алматы: Жалын, 1977. -192б.
63.Әлімбаев М. Аспандағы әпке. -Алматы: Жалын, 1982.- 136б.
64.Әлімбаев М. Тәрбие туралы әңгімелер. -Алматы: Қазақстан, 1972. -124б.
65.Әлімбаев М. Халық- қапысыз тәрбиеші. -Алматы: Білім,1977.-53б.
66. Бейсенбаев З. Талант таңдамалысы //Бастауыш мектеп, 1974, №6.
67. Оралбаев Ғ. Балбұлақ //Қазақстан мұғалімі, 1974ж., 15 наурыз.
68.Әлімбаев М. Аяншақ ата-аналар мен әлжуаз балалар жайында //Қазақстан мұғалімі,1967ж., 16 мамыр.
69.Әлімбаев М. Жартылай ұйқы және жатық сөйлеу жайында //Қазақстан
мұғалімі, 1967ж., 27 маусым.
70.Әлімбаев М. Жан жомарттығына не жетсін //Лениншіл жас, 1967ж., 11 шілде.
71.Әлімбаев М. Қонақтар мен балалар //Қазақстан мұғалімі, 1967ж., 26
қазан.
72.Әлімбаев М. Игілікке үйреткен опық жемейді //Қазақстан мұғалімі,
1967ж., 14 желтоқсан.
73.Әлімбаев М. Халық- қапысыз педагог //Қызыл ту, 1969ж., 22 қазан.
74.Әлімбаев М. Ғұмыр бойғы құштарлық //Білім және еңбек, 1973, №9.
75.Әлімбаев М. Ойланайықшы, оқырман //Қазақстан әйелдері, 1975, №7.
76. Айтов Н. Тәрбие жайлы тартымды еңбек //Семей таңы, 1973ж., 30
наурыз.
77.Көккөзов М. Тәрбие туралы толғаулар //Жезқазған туы, 1973ж., 20
қазан.
78. Құлымбетов О. Тәрбие туралы әңгімелер //Ленин жолы, 1974ж., 9
қаңтар.
79. Жұртбаев Т. Халық тәрбиесі хақында //Октябрь туы, 1973ж., 28
ақпан.
80. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы. -Алматы: Білім, 1999.-
160б.
81. Әлімбаев М. Қыз –болашақ... //Қазақстан әйелдері, 1985, №11.
82.Әлімбаев М. Қыз бала. Жар.Ана //Өркен, 1992.
83.Әлімбаев М. Әңгіме «Әліппе» жайында //Халық кеңесі, 1992ж., 3
қараша.
84.Әлімбаев М. Халқымыз қандай тәлімгер //Мұрагер, 1992, №1.
85.Әлімбаев М. Ерлік – елдіктің туы
86.Әлімбаев М. Имандылық - ізгілік пен игілік //Ақиқат, 1995, №3.
87.Әлімбаев М. Атаның жүгі - атанның жүгі //Зерде, 1996, №7.
88.Әлімбаев М. Тағылимат //Егемен Қазақстан, 2002ж., 26 маусым.
89.Әлімбаев М. Халық қазынасы - қайнар бұлақ //Егемен Қазақстан,
2003ж., 28 маусым.
90. Әлімбаев М. 666 мақал-мәтел. -Алматы.
91.Әлімбаев М. Мақал - сөздің мәйегі. -Алматы: ҚМКӘБ, 1963.- 228б.
92.Әлімбаев М. Өрнекті сөз - ортақ қазына. -Алматы: Қазақстан, 1967.-
168б.
93.Әлімбаев М. Ер айнасы - еңбегі, еңбек туралы мақал, нақылдар.
Алматы: Қайнар, 1968.
94.Әлімбаев М. Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері. -Алматы.
95.Әлімбаев М. Мақалнама. -Алматы: Жазушы, 1970.
96.Әлімбаев М. Денсаулығыңды ойласаң. -Алматы: Қазақстан, 1974.-
160б.
97.Әлімбаев М. Орыс халқының мақал-мәтелдері. -Алматы.
98.Әлімбаев М. Маржан сөз. -Алматы: Жазушы, 1978.- 447б.
99.Әлімбаев М. Батаменен ер көгерер. -Алматы: Атамұра, 1996.- 80б.
100. Кәкішев Т. Орнын тапқан шеге оңды //Қазақ әдебиеті, 1968ж., 24 ақпан.
101.Дүйсенов М. Сөз маржаны туралы зерттеу //Жұлдыз, 1969, №5.
102.Байбурина К. Мақал - сөздің мәйегі //Орталық Қазақстан, 1963ж., 31
мамыр.
103.Мұқатов Ғ. Баға жетпес қазына //Коммунизм нұры, 1971ж., 5 қаңтар.
104.Рахымбеков Р. Мақалнама -Алматы: Жалын, 1989.- 528б.
105.Атымтаев А. Ой көркі. -Астана, 1999ж., 111б.
106.Әлімбаев М., Тұрманжанов Ө. Өлеңдер, ертегілер. -Алматы: Жалын,
1989.- 528б.
107.Әлімбаев М. Таңдамалы. Т.2. -Алматы: Жазушы, 1983.- 367б.
108.Баткеева Б. М.Әлімбаевтың лирикасы: кандидаттық дисертация. -Астана, 1999ж., 111б.
109.Бесік жыры /Құрастырған Асылбеков А. -Алматы: Жалын, 1989. -128б.
110.Соқыр теке /Құрастырған Ыбыраев Ш. -Алматы: Өнер, 1990.- 176б.
111.Ғабдуллин М. Қазақ халық ауыз әдебиеті. -Алматы: Мектеп, 1974. -350б.
112.Халық даналығы - тәрбие негізі //Қазақ тілі мен әдебиеті: Алматы, 1994, №2.
113.Әлімбаев М. Екі тақтай бір көпір. -Алматы: Балауса, 1992. -191б.
114. Ш.Әуелбаев, Ә.Наурызбаева, Р.Ізғұттынова, С.Тәжімбетова Ана тілі (1-сынып). –Алматы: Атамұра, 2001.
115. Г.И.Уайісова, Р.С.Әмірова, Ә.Е.Жұмабаева Қазақ тілі (2-сынып). –Алматы: Атамұра, 2002.
116.С.Рахметова, П.Жаманқұл, Б.Қабатаева Ана тілі (2-сынып). - Алматы: Атамұра, 2002.
117. Ал, «Атамұра» баспасынан 2003 жылы Т.Әбдікәрімова, С.Рахметова, Б.Қабатаева Ана тілі (3-сынып). - Алматы: Атамұра, 2003.
118.Т.И.Уайісова, М.Б.Балақаев, Ә.Е.Жұмабаева Қазақ тілі (3-сынып). - Алматы: Атамұра, 2003.
119. Г.И.Уайісова, Ұ.Асылов, Ә.Жұмабаева Қазақ тілі (4-сынып) - Алматы: Атамұра, 2004.
120.Г.Қасымова мен Ж.Дәулетбеков Қазақ тілі (5-сынып). - Алматы: Атамұра, 2001.
121. Н.Келімбетов, Ә.Қанафин «Түркі халықтары әдебиеті (10-сынып). - Алматы: Атамұра, 2004.
122. Әлімбаев М. Нақылдың төркіннамасы. -Алматы:Қазақ соқырлар қоғамы,
1996.
123.Әлімбаев М. Өмір.Өнер. Өнерпаз. -Алматы: Өнер, 1990.- 459б.
Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды
124.Өтетілеуов Е. Парасат пернелері //Коммунизм нұры, 1983ж., 22 қараша
125.Мәуленов С. Талғам таразысы
126.Мақатаев М. Қош, махаббат
127.Бегалин С. Мүдірмей зырла, ақын інім //Қазақ әдебиеті, 1973ж., 20 қазан.
128.Кенжебаев Б. Алуан қырлы қаламгер //Жетісу, 1983ж., 29 қазан.
129. Қонаев Д. Ақиқаттан аттауға болмайды
130.Есімжанов Р. Тәрбие туралы әңгімелер //Октябрь туы, 1973ж., 28
ақпан. ?
131. Нұрқанов Ж. Парасатты ақын //Орталық Қазақстан, 1983ж., 30 қазан.
132. С.Адамбеков Төсіме басып хатыңды //Қазақ әдебиеті, 1999ж., 16 шілде.
133. Ж.Бөдешев Ініңізден іңкәр сөз //Қазақ әдебиеті, 1993ж., 29 қазан.
134. А.Қаниев Күн шуақ ақын Мұзаға //Қазақ әдебиеті, 1999ж., 16 шілде. ?
135 Ш.Құнанбаев Аға тілегі //Сарыарқа самалы, 1993ж., 4 қараша.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 135 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..3
1 М.Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастарының педагогикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
1.1 М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері және оның қалыптасуына ықпал
еткен қоғамдық-әлеуметтік жағдайлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.2 М.Әлімбаевтың халық педагогикасын зерттеп дамытуға қосқан үлесі
... ... 40
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...61
2 М.Әлімбаевтың тәлімдік ой-пікірлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде
пайдалану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 М.Әлімбаевтың тәлімдік тағылымдарын оқу-тәрбие процесінде пайдалану
жайы және оны жақсарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .62
2.2 М.Әлімбаевтың тәлімдік тағылымдарын қазақ тілі сабақтарында
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 79
2.3 М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік идеяларын сабақтан тыс жұмыстарда
пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 100
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...118
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 120
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 123
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..128

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кездегі Қазақстанда болып жатқан
әлеуметтік-мәдени, экономикалық өзгерістер ұрпақ тәрбиесі жұмысы сапасын
жетілдіру, оның тиімді шешілу жолдарын айқындау міндетін мемлекеттің басты
саяси деңгейіне көтеруде. Бұл міндетті игілікті қызметке асыруда қоғамдық
дамудағы жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер мен тәжірибелерді
зерделеп, объективті түрде бағалап нәтижелерді шығармашылықпен игеру
маңыздылығымен даралана түседі.
Жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға бағытталған іс-шаралардың
тиімділігін арттыру үшін қажетті, әрі оңтайлы әдістерді іздестіруде және
табуда қоғамдық даму барысында жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер
мен идеяларды тірек ретінде пайдалану қажеттілігі Қазақстан Республикасының
Білім туралы заңында да атап көрсетілген [1]. Осы орайдан алғанда қазақ
халық педагогикасына терең үңіліп, оның тағылымдарын жинақтап, жүйелеп,
зерделеп, оларды ұрпақ тәрбиесінің игілігіне айналдырудың тиімді жолдарын
көрсете білгендердің бірі белгілі балалар ақыны, шебер аудармашы, көрнекті
әдебиет зерттеушісі, эссеист ретінде кең танылған Қазақстанның халық
жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, мәдениетке еңбегі сіңген
қызметкер, Ы. Алтынсарин медалінің иегері М. Әлімбаевтың педагогикалық
көзқарастары мен ой-пікірлерінің арнайы зерттеу нысанасына айналғандығы
бүгінгі заман талабы екендігін көрсетіп отыр.
Қазақ елінің тарихи өмірінде өзіндік қайталанбас іздерін қалдырған, ұлт
мәдениеті, әдебиеті, өнері және ғылымының дамуында елеулі орны бар
тұлғалардың еңбектерінің тәрбие рөлінің жоғарылап тұрған қазіргі кезеңде
жаңа көзқарас тұрғысында зерделеп, нәтижелерін оқу-тәрбие іс-әрекеттерінде
пайдалану бәсекеге қабілетті тұлға даярлаудың басты шарты болмақ. Өйткені
оқу-тәрбие іс-әрекеттеріндегі игі нәтижелерге жинақталған озық ой-пікірлер
мен көзқарастарды шығармашылықпен игеру арқылы ғана қол жеткізуге
болатындығын тарихи тәжірибелер дәлелдеуде. Бұл орайда М. Әлімбаевта кез-
келген іс-шаралар қашанда халық түйген тұжырымдардың, ғасырлар бойы
зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістердің, даналық дәстүрлердің,
ұстаздық ойлардың бүгінгі міндеттермен сабақтасты жалғасқанында ғана
игілікке асатынын айтып келеді [2]. Біз көтеріп отырған мәселе педагогика
ғылымының қашанда да назарынан тыс қалмаған.
Қазіргі ұрпақ тәрбиесі іс-әрекеттерінің негізгі қайнар көзі болып
табылатын, тәлім-тәрбие мәселесінде мәңгілік мәнге ие ой-пікірлер қалдырған
ұлы шығыс ойшылдарының (Әл-Фараби [3], М. Қашқари [4], Ж. Баласағұн [5],
Қ.А. Ясауи [6] т.б.) еңбектері отандық педагогиканың дамуына негіз болып
келеді. Сондықтан да біз ұлы ойшылдардың педагогикалық ой-пікірлерін
өзіміздің зерттеу жұмысымызға пайдаландық.
Қазақтың тәлім-тәрбие саласындағы ой-пікірлерінің ғылыми негіздерін
жасап құнды мұра қалдырған Ш. Құдайбердиев [7], А. Байтұрсынов [8], М.
Дулатов [9], М. Жұмабаев [10], С. Торайғыров [11], Ж. Аймауытов [12], Т.
Тәжібаев [13], М. Ғабдуллин [14] Тағы басқалар еңбектерінің біздің зерттеу
жұмысымызға көп көмегі тиді. Қазақтың тәлім-тәрбие саласындағы ой-
пікірлерінің психологиялық және педагогикалық негіздеулеріне арналған
сүбелі зерттеулер жүргізген Қ.Б. Жарықбаев [15], Ә. Табылдиев [16], А.
Алдамұратов [17], К. Қожахметова [18], С. Қалиев [19], Ж.Ж. Наурызбай [20],
С.А. Ұзақбаева [21], Қ. Бөлеевтердің де [22] еңбектері зерттеу жұмысымызға
тірек болды.
Ұрпақ тәрбиесі мәселесіне қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде қоғам
мұраты талаптануына сай құнды педагогикалық ой-пікірлерін ғалым-педагогтар
еңбектерін белгілі-бір сараланған бағыт бойынша:
- ХІV-ХХ ғасырлардағы дала ойшылдарының педагогикалық мұралары,
олардың қалыптасу, даму жолдарын жүйелеу (С.Қ. Қалиев [19], Т.М. Әлсатов
[23], Қ.Б. Жарықбаев [15], А. Қалыбекова [24], К. Қожахметова [18], Ж.Ж.
Наурызбай [20], К.К. Шалғынбаева [25] т.б.);
- этнопсихология және тәрбие әлеуетін ашу (Ж. Аймауытов [12], Қ.Б.
Жарықбаев [15], Н. Елікбаев [26], А. Алдамұратов [17] т.б.);
- Қазақстандағы білім беру мен педагогика ғылымының даму жүйесі мен
ондағы тәрбие жұмыстарының ғылыми негіздерін жасау Т. Тәжібаев [13], М.
Ғабдуллин [14], Р.Ж. Ержанова [27], Б.Ы. Мұханова [28], К. Бержанов [29],
Г.М. Храпченков [30], А.П. Сейтешов [31], К. Сейталиев [32], А. Ильясова
[33]);
- педагогикалық теория мен мектеп тәжірибесіндегі тәрбие жұмыстарының
қалыптасуы мен ерекшеліктерін көрсету мен пайдалану (А.Г. Қазмағамбетов
[34], Г.Т. Хайруллин [35], Л.К. Керімов [36], Г.К. Нұрғалиева [37], Р.К.
Төлеубекова [38]);
- музыкалық-эстетикалық тәрбие (С.А. Ұзақбаева [21], М. Балтабаев
[39], Е.О. Омар [40]) мен ойын әрекетіндегі тәрбие ерекшеліктері (Л.М.
Иванова [41], С.И. Панченко [42]) мәселелеріне арналған зерттеу жұмыстарына
жан-жақты талдау жасап, олардағы алынған ғылыми нәтижелерді өзіміздің
жұмысымызға негіз етіп отырдық.
М. Әлімбаевтың шығармашылық қызметі мен педагогикалық ой-пікірлеріне
кезінде қаламгерлер мен ғалымдардың назар аударғаны белгілі. Айталық,
М.Әлімбаевтың ақындығы және кейбір әдеби туындылары туралы М. Әуезов [43],
А. Атымтаев [44], С. Бегалин [45], Б. Кенжебаев [46], З. Қабдолов [47], Б.
Мұстафин [48], Ғ. Қайырбеков [49], Т. Кәкішев [50], Қ. Мырзалиев [51], Т.
Молдағалиев [52], А. Сейдімбеков [53], С. Негімов [54] және тағы басқалар
сын мақалалар жазған. Ал ақынның педагогикалық көзқарастарын Қ. Жарықбаев
[55], С. Қалиев [56], Қ. Бөлеевтер [57] өз еңбектерінде атап өткен.
Қаламгердің қыруар еңбегі жайлы осындай шағын көлемді зерттеу еңбектер мен
сын мақалалардан басқа филология ғылымы саласы бойынша 1999 жылы Б.Т.
Баткеева М. Әлімбаевтың лирикасы тақырыбына кандидаттық диссертациясын
қорғаған.
Сонымен зерттеу тақырыбы саласына жақын ғылыми еңбектерге жасаған
талдау М.Әлімбаевтың ғылыми-педагогикалық ой-пікірлері мен көзқарастарына
жеке дара зерттеу саласы ретінде жеткілікті мән берілмегенін аңғартады. Ал
бүгінгі таңдағы ұрпақ тәрбиесі іс-әрекеті рөлінің артуы қоғам дамуы
барысында жинақталған озық педагогикалық ой-пікірлер мен тәжірибелерді
зерттеп, зерделеуді, алынған нәтижелерді қоғам ұсынған тәрбие міндеттерін
шешуде оңтайлы тірек ретінде пайдалануды міндетке қойып отыр. Ендеше
мектептегі тәрбие жүйесін әлем талабы деңгейінде дамыту қажеттігі мен
бүгінгі міндеттердің іске асуына алғы шарт озық педагогикалық ой-
пікірлердің жеткілікті деңгейде зерттелмеуі және өткен ғасырдың алпысыншы-
сексенінші жылдарындағы озық тәжірибелердің тәлімдік-тағылымдық әлеуеті мен
олардың бүгінгі мектеп тәрбие іс-әрекетінде жүйелі пайдаланбауы арасында
ұстаздардың кәсіби дайындығын арттыруда озық педагогикалық ой-пікірлерді
меңгерту қажеттігі мен оны жүзеге асыруға керекті ғылыми-әдістемелік
еңбектердің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалып
отыр. Осы мәселенің шешімін табу біздің зерттеу мәселемізді айқындап,
тақырыпты М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастары деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеу нысаны:
М. Әлімбаевтың еңбектеріндегі педагогикалық ой-пікірлерді анықтау
процесі.
Зерттеу мақсаты:
М. Әлімбаевтың тәлім-тәрбие тағылымдарына талдау жасау арқылы
педагогикалық көзқарастарын ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және жүйеге
келтіру.
Зерттеу пәні:
М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастар жүйесі.
Зерттеудің міндеттері:
- М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастарын қалыптастыруға әсер еткен
қоғамдық-әлеуметтік және мәдени жағдайларға сипаттама беру;
- М. Әлімбаевтың халықтық педагогикаға байланысты еңбектерін теориялық
тұрғыдан жүйелеу;
- М. Әлімбаевтың педагогикалық идеяларын қазіргі мектептің оқу-тәрбие
процесінде пайдаланудың әдістемелік жолдарын анықтау, нұсқаулар беру.
Зерттеу көздері:
М. Әлімбаевтың әдеби шығармалары мен тәрбие тағылымына арнаған
туындылары; М. Әлімбаев туралы жазылған ғылыми-зерттеу еңбектері мен
мерзімді басылым материалдары; ҚР Ұлттық кітапханасы мен республикадағы
өзге де кітапханалар қорларындағы М. Әлімбаевқа қатысты материалдар.
Жетекші идея:
М. Әлімбаев халқымыздың сан ғасырлық асыл мұраларын зерттеу негізінде
халықтың түйген тұжырымдарын, ғасырлар бойы дамыған және қалыптасқан
үрдістерін, даналық дәстүрлерін, ұстаздық ойларды айқындады. Оларды қазақ
халқының педагогикалық жүйесіндегі басты тәрбие құралдары мен бағыттары
ретінде оқу-тәрбие процесінде пайдалану оқушылардың ұлтжанды, саналы азамат
болып тәрбиеленуіне ықпалын тигізеді.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері:
Педагогика, философия және психология ғылымдарының жеке адамды
дамыту туралы ілімдері, жеке тұлғаны қалыптастыру теориясы, іс-әрекет
теориясы, таным теориясы, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтардың тарихи
сабақтастығы, жүйелік принципі, ғылыми-тарихнамалық принцип, теория мен
тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар жеке тұлғаны
әлеуметтендіру теориясы болып табылады.

Зерттеудің ғылыми-педагогикалық әдістері:
Зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, этнопсихологиялық,
этнопедагогикалық философиялық, әдеби еңбектерге теориялық талдау жасау;
теориялық ұстанымдар мен тұжырымдардың тиімділігін салыстыру, бақылау,
әңгімелесу, мектептерде жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыс оның
нәтижелеріне сапалық және сандық өндеу т.б.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
Егер М. Әлімбаевтың шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік көзқарастарына
тарихи-педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып жүйеленілсе, олар мектептің
оқу-тәрбие процесіне ендірілсе, онда жастардың тұлғалық деңгейі артады.
Өйткені М. Әлімбаевтың тәрбие тағылымына толы туындылары оқушылардың ұлттық
құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, намысын оятып, қиялын
ұштауына, патриоттық сезімінің оянуына, елін, жерін, тарихын, ата-анасын,
тілін сүйіп, рухани-адамгершілік қасиетін дамытуға ықпалын тигізіп, жеке
тұлғалық болмысын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Зерттеу жұмысының негізділігі мен дәйектілігі:
Диссертацияда тұжырымдалған қағидалардың, әдіснамалық түйіндердің
негізділігі автордың педагогикалық зерттеулер жүргізуі және оның педагогтар
тарапынан мақұлдануынан, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын жүргізу
арқылы зерттеу материалдарын мектептің оқу-тәрбие жұмысының қолданысына
енгізуінің тиімділігі және нәтижелілігімен дәйектелінген.
Зерттеу нәтижелерінің сыннан өтуі және мақұлдануы:
Зерттеу нәтижелері республикалық төрт ғылыми-практикалық
конференцияларда, үш халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда
баяндамалар жасалынып, көпшілік талқысына ұсынылған. Сондай-ақ зерттеу
материалдары алты ғылыми мақалалар арқылы баспа бетінде жарияланды.
Диссертация нәтижелері 2002 жылы мамыр айында Тараз қаласындағы Әулие-Ата
университетінде өткізілген Түп тамырдан қазіргі заманға Тараз – Әулие-Ата
– Жамбыл: тарихи, құқықтық, экономикалық, мәдени және тілдік мәселелер
атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда, 2005 жылы мамыр айында
Тараз қаласындағы Тараз институтында өткізілген Жоғары мектепте кәсіптік
білім берудің тәжірибесі, өзекті мәселелері және даму үрдістері атты
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда, 2005 жылы сәуір айында
Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілген
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 60-жылдығына арналған Жас ғалым – 2005 атты
республикалық ғылыми-практикалық конференцияда, 2006 жылы ақпан айында
Алматы қаласындағы Қазақтың Ұлттық мемлекеттік университетінде өткізілген
Қазақстан мен Қырғыстан жас ғалымдарының этнопсихология және
этнопедагогика саласындағы ізденістері атты II мемлекетаралық ғылыми-
теориялық конференцияларда баяндамалар жасалынды.

Зерттеу нәтижелері Тараз қаласындағы №45 Б. Момышұлы атындағы қазақ
классикалық гимназиясы, №44 Ш. Смаханұлы және №26 Абай орта мектептерінде,
Жамбыл облысы Шу ауданына қарасты Мойынқұм және Абай орта мектептерінің оқу-
тәрбие процесіне енгізіліп, мектептердегі педагогикалық кеңестерде,
педагогикалық семинарларда талқыланды. Зерттеу жұмысына 51 мұғалім, 1220
оқушы қатыстырылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- М. Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастарының педагогикалық негіздері
айқындалды;
- М. Әлімбаевтың шығармашылығындағы педагогикалық ой-пікірлерге
этнопедагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып, оның педагогикалық
көзқарастары жүйеленді;
- М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастарын жас ұрпақты тәрбиелеу мен
оқытуда пайдаланудың тиімді әдістері мен жолдары анықталды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
- зерттеу нәтижелерін жалпы орта білім беретін мектептегі Қазақ тілі
пәнін оқытуда пайдалануға болады;
- зерттеу материалдарын жоғары және арнаулы орта оқу орындарында
педагогика, этнопедагогика, тәрбие жұмысының әдістемесі, педагогика тарихы
курстарын оқыту кезінде, сондай-ақ мұғалімдердің біліктілігін арттыру
ісінде пайдалануға болады;
- сыныптан және мектептен тыс тәрбие сағаттары, кеш, конференция, ата-
аналармен жүргізілген жұмыстарда, үйірме жұмыстарында пайдалануға болады;
- мұғалімдер үшін М. Әлімбаев туындыларын оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану әдістемесі атты әдістемелік құрал дайындалды.
Қорғауға ұсынылған қағидалар:
- М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастарының ғылыми негіздері және
жүйесі;
- М. Әлімбаевтың педагогикалық еңбектерінің этнопедагогика ғылымы үшін
тоериялық және практикалық маңыздылығы;
- М. Әлімбаевтың педагогикалық көзқарастарын жас ұрпақты тәрбиелеу мен
оқытуда пайдаланудың әдістемесіне негіздеме;
- М. Әлімбаевтың педагогикалық еңбектері негізінде тәлім-тәрбие
тиімділігін арттырудың тәжірибелік тұрғыдан негізделуі.
Зерттеу базасы:
Тараз қаласындағы Б. Момышұлы атындағы № 45 классикалық гимназиясы,
Ш. Смаханұлы атындағы № 44, Абай атындағы № 26 қазақ орта мектептері,
Жамбыл облысы, Шу ауданына қарасты Мойынқұм және Абай орта мектептері.

Зерттеудің негізгі кезеңдері:
1-кезеңде (2001-2002 жж.) зерттеу тақырыбының өзектілігі анықталынып,
осы мәселеге байланысты әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау
жүргізілді. М. Әлімбаев еңбектеріндегі педагогикалық ой-пікірлердің
қаншалықты дәрежеде зерттелгендігі анықталынып, зерттеудің теориялық негізі
жасалынды.
2-кезеңде (2002-2005 жж.) мектеп мұғалімдеріне арнап М. Әлімбаевтың
тәлімгерлік тағылымдары атты бағдарламамен дайындық курсы өткізілді. М.
Әлімбаевтың еңбектеріндегі этнопедагогикалық құндылықтар арқылы жалпы орта
білім беретін мектептердің қазақ тілі пәні мен сабақтан тыс жұмыстарында
оқушыларға тәрбие берудің жолдары зерттеліп, тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстары жүргізілді.

3-кезеңде (2005-2006 жж.) зерттеу жұмыстарының нәтижелері
жинақталынып, қорытындыланды, тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынды.

Диссертацияның құрылымы:
Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, жалпы қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттеу мақсаты, міндеттері, нысаны,
пәні, әдіснамалық негізі, зерттеу әдісі,ғылыми болжамы, негізгі идеясы,
зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, теориялық маңыздылығы,
қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлдігі, оның
мақұлдануы, тәжірибеге енгізу жолдары тұжырымдалды.
М. Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастарының педагогикалық негіздері атты
бірінші бөлімде М. Әлімбаевтың көзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен
қоғамдық-әлеуметтік жағдайға жалпы сипаттама беріліп, ақынның өмірі мен
шығармашылық өсу жолына, тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері және зерттелу
жайы, оның этнопедагогиканы зерттеуге және дамытуға қосқан үлесі
баяндалған.
М. Әлімбаевтың тәлімдік ой-пікірлерін мектептің оқу-тәрбие процесінде
пайдаланудың жолдары деп аталатын екінші бөлімде М. Әлімбаевтың тәлімдік
мәні зор туындыларын оқу-тәрбие процесінде пайдаланудың қазіргі жағдайлары
және оны жетілдірудің тиімді жолдары қарастырылған.
Қорытындыда зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен эксперименттік іс-
тәжірибелердің нәтижелері негізінде М. Әлімбаевтың тәлімдік мұраларын оқу-
тәрбие процесінде пайдалану туралы ұсыныстар берілген.

1 М.Әлімбаевтың тәлімдік көзқарастарының педагогикалық негіздері
1.1 М.Әлімбаевтың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері және оның қалыптасуына ықпал
еткен қоғамдық-әлеуметтік, мәдени жағдайлар
Халқымыздың тарихында өткен ХХ ғасыр жетістігімен қоса қайшылығы да
мол ең бір күрделі кезең болып табылады. Қазан төңкерісінің нәтижесінде
негізі қаланған Кеңес Одағының құрамына кіру қазақ халқына екі жақты
әсерін тигізді. Халық жаппай сауаттандырылды, жер-жерде бала-бақшалар,
мектептер мен түрлі оқу орындары ашылды. Ғылым мен білім едәуір табыстарға
ие болды. Елімізде әртүрлі өндіріс орындары бой көтерді. Ауылшаруашылығы
дамып, көшпелі ел толықтай отырықшылыққа ауысып, елді мекендер салынып,
қалалар бой түзеді. Сонымен бірге бұл дәуірде халқымыз бірталай зардаптарды
басынан өткерді. Коммунистік идеяға берілген шынайы патриоттар даярлау
ісі ұранға айналды. Кеңестік педагогиканың партиялық-таптық саясатқа
негізделген Біреу бәрі үшін, бәрі біреу үшін деген жалған патриоттық
ұранына бой ұрушылық қағидасы үстем бола бастады. Әр халықтың ғасырлар бойы
қалыптасқан өзіндік ұлттық этнопедагогикалық тәлім-тәрбие негіздемелері аяқ
асты қалды [56,б.208]. Осындай кедергілерге қарамастан бұл кезеңде қазақ
этнопедагогикасының туып, қалыптасуына халқымыздың біртуар перзенттері –
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, тағы басқалар белсене ат
салысты. Өкініштісі, ұлт мәдениетінің дамуына үлес қосу мақсатында бірталай
істер тындырған осындай зиялы азаматтарымыз жеке басқа табынудың құрбаны
болды. Ол жайында 1935-1937 жылдары сталиндік жеке басқа табыну науқаны
кезінде қазақ этнопедагогикасының іргетасын қалап, ғылым ретінде
қалыптастыруда арнайы еңбектер жазып, зерттеу жұмыстарымен айналысқан
А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Досмұхамедов,
М.Дулатов, М.Әуезов сынды қазақтың біртуар зиялы азаматтары ұлтшыл деген
атпен қуғынға ұшырады. Көпшілігі түрмеге жабылып, жер аударылды. Ал олардың
еңбектері пайдаланудан алынып тасталды. Осымен байланысты ұлт мәдениетін
зерттеу ісі 1940-1970 жылдардың арасында тоқырауға ұшырады. Әкімшіл-әміршіл
тоталитарлық заманның ұлт мәдениеті жөніндегі мұндай біржақты көзқарас
И.Сталиннің Марксизм және ұлт мәселесі деген теориялық еңбегіне
негізделген еді. Сталиннің бұл еңбегі бойынша келешек коммунизм қоғамында
дүние жүзінде бірыңғай тіл, бірыңғай мәдениет болады, ұлт тілі кірігіп
жоғалып кетеді деген жалған қағидасы идеология майданында үстемдік алған
болатын, - деп жазады белгілі ғалым С.Қалиев [56,б.232]. Соғыстан кейінгі
жылдары жаппай орыстандыру мәселесі қолға алынды. Қазақстанның тың
жерлерін игеру мақсаты отаршылық принципке негізделіп, өкімет тарапынан
жүзеге асырылып отырды. Мемлекеттік басқару жұмыстары, іс қағаздары,
қоғамдық жиындар бірыңғай орыс тілінде жүргізілді. Шеттен келген басқа
ұлттарды Қазақстанға қоныстануына мәжбүр еткізген өкімет саясатының
нәтижесінде көптеген қазақ мектептері, бала-бақшалары, жоғары, арнаулы оқу
орындарындағы қазақ бөлімдері қысқартылды. Халық педагогикасы жөнінде
ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу
санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Мектеп, мектептен тыс мекеме
және балалар мен жастар ұйымдарының тәрбие жұмыстары коммунистік
идеологияға негізделді [56,б.41]. Дегенмен, 1960 жылдардың басында жеке
басқа табынудың зардабы ашылып, оның кесірінен жазықсыз жазаланған
арыстарымыз ақтала бастады. 1956 жылғы КОКП ХХ съезінің шешімдері халық
өміріне біршама өзгерістер әкелді. ХХ съезд И.В.Сталиннің жеке басына
табыну кезінде кеткен қателіктерді сынап, демократиялық нормаларды қалыпқа
келтіру саласындағы жаңа істерге мұрындық болды. Кеңес адамына сенімсіздік
көрсетіп, одан үнемі жаулық іздеу, көрші мемлекеттермен ылғи да қырғиқабақ
болу, дүниежүзілік мәдениет пен экономика дамуынан өздерін оқшау ұстау
саясатын айыптады. Мұның әдебиет пен өнер ісін жақсартуға да бірсыпыра
әсері тиді, - деп жазады көрнекті ғалым С.Қирабаев [58,б.113]. 1957-жылы
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті Қазақ халқының әдеби-поэзиялық
және музыка мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және
оны жақсарту шаралары туралы арнайы қаулы қабылдап, онда бұрынғы
дәуірлерде туған халықтық шығармаларды ғылымдық тұрғыда зерттеп,
пайдаланудың шараларын белгіледі. Осының негізінде әдебиет пен тарихты
зерттеу саласындағы бұрынғы қателіктер түзетіліп, мәдени мұраны әділ
бағалауға жол ашылды. Осы қаулыға сәйкес, 1959 жылы Мәдени мұра және оны
зерттеу тақырыбына үлкен ғылыми теориялық конференция ұйымдастырылды
[58,б.114]. Қоғамдық-саяси беталыстағы осындай жаңалықтардан кейін
халқымыздың ұлттық ой-санасының жүдеп бара жатқанын көрген зиялы азаматтар
ұлттық сананы ояту мақсатында игілікті істер атқаруға күш сала бастады. Бұл
жайында профессор С.Қалиев былай дейді: 70-жылдардың басында КСРО
халықтарының көне мәдениетін қайта жинау, зерттеу істері қолға алынып,
бұрынғы КСРО елдерінің бір топ ғалымдары этнопедагогика проблемаларымен
айналысты. 1970-1990 жылдардың арасында этнопедагогиканың даму заңдылықтары
мен ұлттық тәлім-тәрбиенің өзіндік ерекшеліктеріне, тәлімдік мәнін ашуға
арналған Ресейде Г.Н.Волков, В.Ф.Афанасьев, Татарстанда А.Т.Тайчинов,
Чешенстанда А.Г.Тамбиева, Әзірбайжанда А.Ш.Гашимов, Тәжікстанда
М.Сейфуллаев, С.Исаев, Өзбекстанда Б.Қадыров, Р.Рахманова, Т.Убайдулаев,
Н.Сафаров, Түркменстанда Қ.Прлиев, Қырғызстанда Н.И.Имаева, Ж.Бешимов,
А.Э.Измаилов тағы басқа зерттеу еңбектері жарық көрді. Қазақстанда осы
жылдары этнопедагогиканың ауыз әдебиетіндегі көрінісіне ерекше мән беріп,
зерттеу ісімен академик-профессор М.Ғабдуллин, жауынгер жазушылар
Б.Момышұлы, М.Әлімбаев, фольклорист-ғалым Б.Адамбаев, педагог-ғалымдар
Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиевтар айналысты... [56,б.232 ]. Академик М.Ғабдуллин
1966 жылы жарыққа шыққан Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес атты кітабында
жастарды арманшыл, патриот, ата-мекенді қорғауға, әділ, шыншыл, ізетті,
ілтипатты болуға шақыра келіп, қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған
тәрбиенің тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз алдында зерттеуді қажет
ететін келешектің мәселесі, - деп жазады. Бұл қалам ұстап, халық
педагогикасының нәрімен сусындап өскен ұлы да тұғырлы біртуарларға ой
тастары анық еді. Халық педагогикасын өзек етіп алып тәрбие мен оқытудың
қыры мен сырын ашып айтатын түсінікті де жағымды еңбектер, шындығында
жоқтың қасы болатын. Ғалым С.Қалиев атап көрсеткендей, осы кезеңде қазақ
этнопедагогикасын дамытуға елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлердің бірі
- қазақ балалар поэзиясында өзіндік орны бар тұлға, сөз өнерінің өрісі мен
өлшемін саралаған әдебиет әлеміндегі зерделі сөздің зергері М.Әлімбаев.
М.Әлімбаев әнші-күйшілердің, ділмар шешендердің, ақын-жыраулардың
думан құрған өнер төрі Маралды атырабында, Павлодар облысы, Шарбақты
ауданында 1923 жылы 29 қазанда дүниеге келген [59,б.7]. Әкесі Аймағамбет
аз сөйлесе де сақ сөйлейтін, әділ ақиқатшыл, сабырлы, майда, жұмсақ,
сыпайы сұлу мінезді, ел ішінде қадірлі кісі болған. Өзі ескіше оқыған,
Уфадағы медресе Ғалияны бітіріп, жәдитше мектепте дәріс берген. Ал, анасы
- Зейнеп хат таныған, жарқын мінезді, тілді, тумысынан ақын кісі болған.
Ертегі-аңыз, өлең-жырларды, дастандарды және Абай өлеңдерін жатқа айта
білген [59,б.7]. Абзал ана білгендерін сәбиінің құлағына құйып, көкейіне
қондырған М.Әлімбаевтың:
-Алғаш рет Бұхар жырау, Көтеш, Абай, Сұлтанмахмұт, Иса, Естай,
С.Дөнентаев... аттарын да, жырларын да апамнан естідім... Ақындығым үшін ең
алдымен ғазиз анамның алдында қарыздармын... - деуі де сондықтан болар
[59,б.7]. Бәрі де балалық шақтан басталады. Балалық шақ – болашақтағы бар
болмысыңның іргетасы, азаматтығыңның асыл ұйтқысы, - деп тәлімгер ақынның
өзі жазғандай оның елін, жерін, Отанын сүйетін, ұлтжанды азамат болып
қалыптасуының бастау бұлағы, өзіндік жолы бар [59,б.7]. Демек, М.Әлімбаев
бойындағы жанұя тәрбиесінен алған, ана сүтімен келген рухани нәр ұлтының
мәдениетіне деген әуестік - туған өлке табиғаты, ондағы таланттылар, мектеп
қабырғасындағы ұстаздары арқылы толысқан. Ол туралы өзі: Туған өңірімдегі
өнер тарландарының тәтті сазын, татымды сөзін, тартымды ғибрат-тағылымын
қаршадайымнан құлағыма құйып өстім. Жастық шағым да, есею жылдарым да,
толысу кезеңдерім де кілең бір өнегелі ортада білікті үлкендердің қасында,
таланттылардың жанында өткен екен... - дейді [59,б.7]. Тоғыз жасында
әкеден, он төрт жасында анадан айрылғаннан кейін интернатта тәрбиеленген
М.Әлімбаев балалық шағынан мұғалім болуды армандайды. Осы арманның
жетегімен Повлодар педагогикалық училищесіне оқуға түседі. 1941 жылы
педучилищені үздік бітіріп, М.Әлімбаев әскер қатарына алынды. Әуелі солдат,
онан соң саяси жетекшінің орынбасары, взвод, батарея командирі, штаб
офицері болды. Он сегізге толар-толмастан қанды майданда от кешті. Қанды
майдан үлкен өмір мектебі болды. Ол оны өзін-өзі ұстай білуге,
жауапкершілікті сезінуге, сергектікке, жинақтылыққа, тәртіптілікке,
тиянақтылыққа үйретті. М.Әлімбаев майданда жүргенде де қолынан қаламы
түспей, әскери газеттерге өлең, мақала жазып тұрды. Уақытты бағалауды,
өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді үйреніп қайттық. Елдік емтиханын
жоғарғы бағаға тапсырып, отаншылдық мандатын төбемізге тудай көтеріп
оралдық. Төрт жылдағы бастан кешкенімізді жайшылықта қырық жылдың
сыбағасынан таба алмауымыз да ықтимал-ау. Қауырт өстік, тез есейдік, шапшаң
жетілдік.
Қиын жазған қаныммен де, теріммен
Қимасымдай тартып алған өлімнен,
Менің төрт жол отты жырым – төрт жылым
Қызыл бояу, ірі әріппен терілген.
Ұлы Отан соғысы көрігінде шыңдалған ақындар ұрпағы сапына
жататынымызды мақтан ғана тұтпай, совет халқының сол алапат сындағы ерлігін
жалықпай жырға қосушылардың бірі екенімді де бар дауыспен айта аламын! –
дейді [59,б.8]. Жеті жарым жылдық әскери қызметтен оралысымен 1948 жылы
Пионер журналының поэзия бөлімін басқарды. 1956-1958 жылдары Қазақ
әдебиеті газетінің көркем әдебиет меңгерушісі, іле бас редакторының
орынбасары болды. 1958 жылдан 1986 жылға дейін тура 28 жыл Балдырған
журналының бас редакторының қызметін атқарды. М.Әлімбаевтың 60 жылдан асық
шығармашылық жолында 60-қа жуық әртүрлі жанрда төлтума кітабы жарық көрді.
Сын, мақала, естеліктері өзінше. Сөз өнерінің өрісі мен өлшемін саралаған
әдебиет әлеміндегі зерделі сөздің зергері М.Әлімбаев - қазақ балалар
поэзиясында өзіндік орны бар тұлға. Балалар поэзиясына қалам тартқан өзге
ақындардан М.Әлімбаевтың бір ерекшелігі - әдебиет пен педагогиканы қатар
алып жүре білгені. Бұл жайында Әбіраш Жәмішев кезінде былай деген екен:
Тынбай тағылым берер тәлімгер, ерінбей еңбекке баулыр бапкер аға десе де,
әке десе де, ата десе де болғандай. Бір қыры С.Маршакпен, бір қыры
К.Ушинскиймен, бір қыры Л.Кассильмен, бір қыры С.Михалковпен байланысып
жатқан, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсариннен уызында жарыған, қаламдас ағалары
Ө.Тұрманжанов пен С.Бегалинмен үзеңгілес жүріп үлгі алған бұл ақын өлең мен
педагогтік қасиетті қанына қатар дарытқан [60]. Жас буынға арнап толассыз
қалам сілтеп келем! деп ағынан жарылған М.Әлімбаев шындығында Пионер,
Балдырған журналдарында қызмет жолын бастаған, сонау елуінші жылдардан
бері бала жүрегіне жол тауып, тәлімгер ақын аталған жан. Оған Балдәурен,
шіркін, балалық (61(, Ақсерек те, көксерек (62(, Аспандағы әпке (63(
сынды жинақтардан тұратын жыр арнасына Тәрбие туралы әңгімелер (64(,
Халық - қапысыз тәрбиеші (65(, Халық - ғажап тәлімгер (2( тәрізді жас
ұрпақтың тәрбиесіне арналған еңбектері бір сала болып қосылып жатқандығы
дәлел бола алады. М.Әлімбаевтың еңбектерінің мазмұндық құрылымын 1-кесте
арқылы көрсетуді жөн көрдік. Ақынның тікелей тәрбие мәселесін сөз еткен
соңғы туындыларын былай қойғанда жыр жинақтарындағы өлең жолдарының өзінің
тәлімдік мәні зор. Мысалы, ақынның бір ғана Балдәурен, шіркін, балалық
атты таңдамалысын алайық [61]. Жинақтың көпшіліктің көңілінен шығар бір
тұсы - әр кезде жарық көрген үлкенді-кішілі туындыларының бір жүйеге
келтіріліп Бүлдіршін, бүлдіршін күнмен бір күлсін, Жарқырай бер,
жұлдызша, Қызыл галстук, Жас ұлан, асулардан ас, ұлан, Ән шырқашы,
әуелетіп, Дастандар деген тарауларға топталғаны. Бұл жерде айта кетер
бір жай, ақын шығармашылығына кеңестік идеялогияның тигізген әсерін
байқамай қалу мүмкін емес. Таңдамалыны октябряттарға, пионерлерге,
комсолдарға арнап бөлгенін былай

қойғанда, жинақ советтік сәулетті өмірдің салтанатын жырға қосқан
шығармалардан кенде емес. Дегенмен, біз бұл үшін авторды кінәлап, жинақтың
бетін жауып тастай алмаймыз. Себебі, ақын қоғамнан алшақ кете алмайды. Әрі
ақын Ұлы көсеміміз Ленин идеясын бетке ұстай отырып, жас жеткіншектерді
өмірде өнерлі болуға, еңбек етуге, оқу оқып, ғылымды игеруге,
адамгершілікке шақырады. Ең бастысы, автор жинағын тарауларға бөлгенде
оқырманның жас ерекшелігін ескергендігі. Қаламгердің өлеңдері осыменен де
құнды. Мәселен, Бүлдіршін, бүлдіршін күнмен бір күлсін деген бөлімі
мектеп жасына дейінгі бөбектерге арналса, Жарқырай бер, жұлдызша бөлімі
төменгі сынып оқушыларына арналған. Осы тұста автордың қол жеткізген
жетістігі - сәбилік сәттен ер жеткенге дейінгі кезеңді барынша дәл және
нанымды суреттеуі. Нақты тоқталар болсақ, алғашқы тараудағы мектеп жасына
дейінгі бүлдіршіндерге арналған өлең-тақпақшаларынан бүлдіршіндер
психологиясына ғана тән алуан түрлі мінез-құлықтарды көруге болады. Тіптен
бұл тараудағы өлеңдер балбөбек болып уілдеп, сәбиліктен есейіп, бүлдіршін
болып, шын күлген, ата-анадан тіл білген, бал дәуренді көз алдыңызға
әкеледі [66]. Мәселен, Аязда, Айтақырда ай жатыр, Аңқау, Ұмытшақ,
Жылқышы тағы басқа өлеңдерде бүлдіршіндердің аңғалдығы аңғарылып,
дүниенің сырын пайымдауға талпыныс жасауы суреттелсе, Он саусақ өлеңінде
еңбекке ұмтылуы көрініс табады. Мысалы, бала ұғымын толықтыратын көпшілік
қауым біле бермес табиғаттың ғылымда дәлелденіп, шындыққа негізделген құпия
сырымен таныстыратын Қошақан мен ошағанның сырласуы, Жылқышы өлеңдері
осыған дәлел болары анық [61,б.63], [61,б.13]. Алғашқы өлеңді оқығанда бала
ошағанның жаңбыр жауар алдында тікенінің жұмсарып, ал күн ашық кезде
қатаятынынан хабардар болса, екінші өлеңі арқылы Жылқышы сөзінің екі
мағынасы барын, біріншіден - Жылқышы дегеннің жылқы бағатын кісі екенін,
екіншіден - Жылқышы дегеннің шөлде жүретін құстың аты екенін біледі.
Сондай-ақ, бұл бөлімде жас ұрпақты бала күннен бастап жамандықтан
жирендіріп, жақсы әдеттерге баулитын өлеңдері мол. Осы тұста ақынның
шеберлігі - бала бойына жақсы қасиеттерді құрғақ уағыз арқылы егуге
болмайтынын түсініп, бүлдіршін көңіліне жақын, көздері қаныққан құбылыс,
жан-жануарлардың қимыл-қозғалыс, іс-әрекеті арқылы дәлме-дәл түсінікті бере
білуі. Мысалы, Құстардың тойында атты өлеңінде:
Той басталды жаз келіп,
Қазан асты қаз келіп.
Турады етті тоқылдақ,
Торғай кірді отын ап.
Ұзақ отты маздатты,
Тарғақ күріш тазартты.
Мейіз әкеп мекиен,
Шымшық татты шетінен.
Құманмен құр су құйды,
Жапалақтар үй жуды.
Сәбіз тіліп сауысқан,
Тырна тұзын салысқан,
Қырғи пияз қуырды.
(Қызғыш топтан қуылды).
Бұлбұл салды бұрышын,
Бәрі осылай тырысып,
Торғай палау пісірді,
Баптап асты түсірді.
Бөліп берді бөдене,
Бұл той емей немене?-
деп ақын ойнақы тілмен құстардың ұйымдасып, тамақ пісіріп жегенін
қызғылықты суреттеуі арқылы баланы ұйымшылдыққа, бауырмашылдыққа
тәрбиелейді [61,б.40]. Ақынның сәбилік кезеңді суреттеуде ұстаған бағыты,
тақырып молдығы одан кейінгі Жарқырай бер, жұлдызша деген тарауда да
жемісін үзбейді. Керісінше, сауаты ашылып, санасы оянған төменгі сынып
оқушыларының жас ерекшелігіне орай жаңа мазмұнды жыр жолдарымен толысып
отырады. Ендігі жерде: Үш тиынның қаламы, ағай, қанша тұрады ?.. дейтін
аңғал бүлдіршін оқу озаты болуға талпынып, әртүрлі мамандық иелеріне
еліктеп, еңбек етуге ұмтылады [61,б.9]. Бүлдіршіндей былдырлап тіл қатқан,
жұлдыздай жарқырап нұр шашқан өлең-жырлар Қызыл галстук, Жас ұлан,
асулардан ас, ұлан бөлімдеріне келгенде есейіп, ширап, шымырлана түседі.
Бұл тұста ақын маңызды да кесек ойларға ойысып, өлеңінің мәні биіктеп,
мазмұны да сомдала түседі [67]. Міне, осындай бала психологиясының нәзік
сырының жетік білгірі М.Әлімбаевтың кез-келген жыр-жинағын алып қарасаңыз
тәлімдік мәні зор тәлімдік тағылымдарымен ұшырасасыз. Жоғарыда айтып
өткеніміздей, М.Әлімбаевтың мұндай жыр жинақтарына бір сала болып қосылып
жатқан құнды еңбектері - тәрбие мәселесі төңірегінде сөз қозғаған
дүниелері.
М.Әлімбаевтың тағылымдық мәселені көтерген алғашқы мақалаларының
бірі Аяншақ ата-аналар мен әлжуаз балалар жайында деген тақырыппен 1967
жылы Қазақстан мұғалімі газетінің кезекті бір санында басылып шықты [68].
Бұл мақаласында Балалармен, ата-аналармен араласа жүре бір мәселе жөнінде
түйген азын-аулақ ойларымды ортаға салғым келді, - деп, сөз бастаған
автор: Ешкім де өз баласының жаман болуын тілемейді. Бұл ақиқат шындық.
Жақсылық тілеу бір басқа, жақсы ұл-қыз өсіру бір басқа. Бізде ұрпағын ойлы,
өнегелі жолмен тәрбиелеген ата-аналар әрине аз емес... баласына қарап, ата-
анасын; ата-анасына қарап, ұл-қызын танисың. Жанаса-жақындаса кетсең жаның
сүйсінеді. Жақсылығын таныған сайын, жамандық атаулыдан безетіндей де
боласың, – деп жаза келе өзі қонақта болып көзбен көріп, көңілі сүйінген
Арыстанбековтер әулетінің үлгілі тәрбиесі жайлы әңгіме қозғайды [68].
Еңбектен асқан есті ұстаз жоқ деп түсінген жанұя басы әкесінің өнегелі
тәрбиесін көріп өскен, жасынан еңбек етуді ар емес, абырой көрген үлкен ұл
Ақаттан бастап еңбекдос, елгезек ұл-қыздар: Бақыт, Алма, Марат, Әйгерім,
Салтанаттардың тағылымды іс-әрекетін өзгелерге үлгі етіп көрсетеді. Осы
бір көлемі шағын мақаласында автор әскер қатарында офицер қызметін атқарған
жеті жарым жыл ішінде қолынан өткен әртүрлі жанұяда өнеге алған
жауынгерлердің тәлім-тәрбиесіне баға береді: Бірінші кездескен сарбазымның
қандай семьяда өскенін айыру маған қиынға түспейтін еді. Бала кезінде
барынша әр түрлі іске араласқан балаң жігіт аз да болса тәжірибесіне
сүйеніп тың жағдайда тосылмай, қиынның қыбын тауып кететін. Әміріңді екі
етпей, аяғына дейін тындырып шығар еді. Күнім, айымды көп естіген,
теплицалық тәрбиеден өзгені көрмеген бала сәл-пәл қиындыққа кездессе болды,
солқылдап майысып, мойып қалатын. От тұтата алмаған, ат жеге алмаған,
балтаны қалай ұстауды білмеген болбырлардың біразын көрдім. Бірақ солардың
ата-анасына реніштен басқа ештеңе айтпағанын да білемін [68]. Тәлім-тәрбие
жайына терең бойлап, жұртқа ой салып, құнды пікірлер қозғайтын бұл
әңгімеде ұл-қызын тәрбиелеуде кейбір ата-аналарда кездесетін ағаттықтарды
ашық айтады. Тауға шықпа - табаның тасырқайды, Отпен ойнама - күйесің,
Суға түспе - ағып кетесің - деп баланы орынсыз тежеу ұрпағымызды
бұйығылыққа, қорқақтыққа, босбелбеу бостыққа, шешімсіздікке ұрындыратынын
нанымды көрсетеді [68]. Балам бәлеге ұрынып қалмасыншы деу ата-ананың
балаға деген қамқор көңілінің көрінісі болғанымен шамадан тыс қорғаштау
баланың сорына айналып, бағын байлайтыны даусыз. Күнге күйгізбей, желге
сүйгізбей қымтап, шымқаған бала қырсыз, ынжық, өмірге икемсіз болып өседі.
Бұл ойды автор құрғақ сөзбен айтпай дәлелді мысалдармен береді. Мәселен,
орынсыз қақпайлап, шыр-пыр болудың нәтижесінде оқуға түсе алмай сәтсіздікке
ұшыраған бала жайында төмендегідей тартымды мысалды алдыға тартады: Осыдан
үш-төрт жыл бұрын елдес бір адамның баласы он класты бітіріп, Қазақтың
мемлекеттік физкультура институтына емтихан тапсыруға келді. Оқушы кезінің
өзінде бірінші разряд алған бала бокстан да, өзгесінен де жақсы деген
баға алды. Әйткенмен жүзуге келгенде, бағасы төмендеп конкурстан өтпей
қалды. Себеп? Себебі, ерке Ертістің жағасында өскен баланы ата-анасы:
Ойбай, суға кетіп қаласың. Өзенге он метр жақын барма, - деп баласының
бетінен қақпайлап отырған (68(. Өмірдегі тәжірибе көрсетіп жүргендей асты-
үстіне түсіп өбектеуді көп көріп, үлбірек тәрбиеден өзгені көрмеген бала
кішкене қиындыққа тап болса, төзе алмасы белгілі. Өмір сүру біздей емес
сендерге оңайырақ болады деп баланы босаңсытып емексіту үлкен қателік.
Қайта автордың ойынша ұрпақты оңайға емес, қиынға үйреткен жөн.
М.Әуезовтей ұлы педагогтің ата-бабасының көне кәсібіне баласының
көндіккенін қалаған ниетін білдіретін оқиғаны автор кітапта былай
баяндайды: Кер айғырға мінген Мұқаң қаққан қазықтай қалт етпей, сара
желдіріп келеді, бір белден асқанда үлкен кісі мені қасына шақырып алды да:
- Қарағым, мына менің Ернарымды атқа шауып үйретші, - деді. - Былтыр Жамбыл
облысына апарып, атқа мінгізіп көріп едім. Желіске көндігіп қайтқан. Аттың
басын жібермей айдағайсың. - Мақұл, - дедім. Айтуын айтсам да ойға қалдым.
Қалада өскен қаршадай бала атқа қалай шаба алады? Бұл кісі сонша неге
тәуекелге барады? Жазатайым болады демей ме екен? Ернарды бөліп алып, жазық
алаңқайда құйғыта жөнелдім. Баланың аты бала ғой барын салып борбайлап
барады екен, тізгінімді тарта қойдым. Мен райдан қайтқан соң, ол да шабысын
бәсеңдетті. Кешінде қойшылар аулында отырып қалай болды? дегендей, ой
жүгіртсем әкесі аяулы балам бірдеңеге ұрынып қалады, - демепті. Көрсін,
үйренсін, - депті. Ернар кейін аттан құлап, жазым бола жаздады. Сонда
әкесінің: - Сенің папаң бала кезінде аттан сексен рет ұшқан. Аттан құлаған
ауыр емес. Ернарик, бүйіттім деп мамаңа айтушы болма, ендігәрі елге
шығармай қояды - деп жұбатқаны әлі есімде (68(. Болашақ ұрпағын сегіз
қырлы, бір сырлы етіп тәрбиелеген халқымыздан асқан ұстаз жоқ. Осыны терең
ұғынған автордың бұдан түйген түйіні:
Тәттілікті татуға,
Кермек - ащы тер керек
Өмірді өрге тартуға
Ез емес, тек ер керек! (68(.
М.Әлімбаев Қазақстан мұғалімі газетінде жарық
көрген Жартылай ұйқы және жатық сөйлеу жайында атты мақаласында жас
ұрпақты туған тілдің тұнығынан жүзіп іштіру, ана тілін ардақтата білгізу
атты тіл тәрбиесіне мән береді (69(. Мақала басында жатық сөйлей білмейтін,
ойын жеткізуде орашолақтық танытатын кейбір жасөспірім балалардың сөзінен
мысал келтіре келе автор Бұған кім кінәлі? деген сауал қояды. Білік -
бесіктен басталады немесе Ұстаз баланың жанын шыңдайды. Сардары зеңбірек
ата білмесе, сарбазы садақ тарта білмес деп ой түйетін автордың
түсінігінше бұған ең алдымен кінәлі - ата-аналар, содан соң ұстаздар (69(.
Балғын бөбек кезінен сөйлеу мәнеріне, тіл тазалығына, мағына айқындығына
мән бермеудің түбі өкінішке әкеліп соғары даусыз. Баланың сөзіне, сөйлеу
мәнеріне, құлақ түру қажет, сөзді дұрыс қолданбаса баланың намысына
тимейтіндей етіп, сыпайы түрде табан астында түзетіп отырсаң, ол да қатесін
қайталамайды, - деп жаза келе автор мақаласында оқушы баланың, тіпті ата-
ананың сөздік қоры, лексикасын байытатын мына бір ойын түрін ұсынады:
...белгілі бір сөзді алып, бірнеше бала жеке-жеке отырып, көршілеріне
көрсетпей, сол сөздегі әріптерден сөздер құрайды. Сөзді кім көп құраса, сол
ұтады. Бұл ойын үстінде біреу тапқанды екінші біреуі білмеуі мүмкін. Әр
адам әр кез өзі білмейтін не мағынасын шала түсінетін сөзіне кезігуі
ықтимал. Жазғандарын ортаға салып оқығанда әркім өзі білмеген сөзін жазып
алса, не есінде сақтауға тырысса, мол пайда! Мәселен, Салтанат деген
сөзді алдық делік. Осыдан ат, тана, атан, санат, нала, аса, таса, ата, ана,
салат сияқты атаулар тізіп шығуға болмай ма?! (69(. Осылай жас ұрпақтың
тіл байлығын арттыратын ойын түріне тоқтала келіп, М.Әлімбаев бұл
мақаласында бала тілін ұстартатын тағы бір әдіс түріне тоқталып өтеді:
Баланың тілін ұстартатын бір әдіс - түсінбеген не тұңғыш ұшыратқан
(терминдерді) атауларды алфавит ретімен блокнотқа анықтамасымен қоса жаза
жүру. Яғни, әуелі түсініксіз сөзді (мысалы, адырна). Содан кейін
түсіндірме сөздіктен оның анықтамасын (адырна – садақтың жебені тірейтін
қайысы) жазу. Бұл әдіс - қай тілді үйренсең де орайлы әдіс. Осылай тіл
мәдениеті жайлы ой толғаған автор: Баланы жастайынан туған тілге тұшындыра
білу дегеніміз ана тілін ғұмыр бойы қадір тұтуға үйретудің басы. Бұл ендеше
біздің басты парызымыз деп ой қорытады (69(. М.Әлімбаевтың Жан
жомарттығына не жетсін! деген мақаласы мәңгілік ескірмейтін, тозбас
тақырыптар жолдастық, достық, махаббатқа арналады (70(. Автор бұл
әңгімесінде дос, жолдас, махаббат атауларына өзінше түсінік береді. Ортақ
мұраттарға берілу, тіл суреттей алмас татулық, сүйкімді сыйластық, рухани
ұқсастық, жан қиысар жақындық, өмір жолында жұп жазбай жұмылу, бірін-бірі
қолдау (70(. Автордың түсінігінше шынайы достықтың белгілері осындай. Ал
жолдас деген атаудың аясы достан гөрі шағындау, тарлау сияқтанады.
Қалай десең де, жолдас нақ менің екінші өзім емес те ғой. Дүниеге
көзқарасы ұқсас, ортақ істе білектес, жолы бір жолдас сипаты... Махаббат,
сүйіспеншілік дүниенің өзендей көне, биылғы көктем гүліндей жаңа. Махаббат
құдыреті - жан жалғастық, рухани жақындық, теңдестік. Сол себепті де
философ халқымыз тең-теңімен деген емес пе?! Шынайы махаббат, нағыз
сүйіспеншілік бір жанып, бір сөнетін шырағдан емес - өшпес жалын. Ғұмыр
бойына тоңдырмай, күндей шуақ төгетін, адам жанын асқақ, ләззатты сезімге
бөлер құдыретті күш, - деп жазған автор нағыз достық пен жолдастықтың мәні
зор қасиетті ұғымдар екенін нақты мысалдармен дәлелдейді (70(. Қонақтар
мен балалар деген келесі бір әңгімесінде М.Әлімбаев тәрбие мәселесіне жаңа
қырынан тоқталады (71(. Үйіне қонаққа келген журналист жігітпен болған
пікірталасты оқырман қауымның алдына тарта келе автор Үйге келген үлкендер
мен кішкентайлардың бірге отыруы педагогикаға қайшы ма? - деген сауалға
жауап іздейді (71(. Меніңше, тіпті де қайшы емес сияқты. Неге десеңіз;
алдымен сіз қонақ күту үстінде өзіңізді де бала алдында сынға саласыз,
мінез тұрғысынан сахнаға шығасыз. Келген кісіге көңіл-пейіліңіз қандай? Ол
сіздің дос-жолдасыңыз ба, онымен қандай қарым-қатынастасыз, ықыласыңыз
ризасыз ба, риялы ма? Жоқ, әйтеуір, аттандырып салайық деудің амалын
жасадыңыз ба? Бала осының бәрін аңғарады. Жолдасқа, досқа қандай ілтипат-
ықылас танытуды балаңыз сізден үйренеді. Анығырақ айтқанда, мейман күту
үстінде де үйренеді, - деп жазған автор. Қонаққа есік ашып, жылы да сыпайы
сәлемдесіп, хош алудан бастап, шешіндіріп, киімін ілу, қолына су құйып,
орамал ұсыну, барыңды салып дастархан жаю, ізетпен қонақты үстел басына
шақырып, төрге отырғызудың өзі - жас балаға үлкен өнеге екенін айтады (71(.
Дастархандағы ыдыс-аяқты ауыстырып, шанышқы-қасықты жаңартып, мейманға
қызмет қылу арқылы адам жас күнінен жағымды, жұғымды болуға машықтана
беретіндігін, тіпті, баланың өзі де қонақтардың алдында өзін қалай ұстау
керегін, қала берді шанышқы, қасықты қай қолға қалай ұстай білуді, үлкеннің
сөзін бөлмей ізетпен тыңдап, орайы келгенде өзі де ой қосып отыруға
тәрбиеленетінін сөз ете келе ол: Дастархан басында да құйма құлақ
жасөспірім қанша сөз үйренеді, тіл ұстартады, қаншама тың мағлұмат алады,
жаңалыққа қанығады. Әрине, бала ұғымына үйлес әңгіме болуы шарт. Немесе,
мәжіліс үстінде айтылған ән, тартылған күй бөбек құлағына кіріп, бойды
алып, эстетикалық ләззатқа бөленбей ме? – деп жазады [71]. Бұл ойын автор
құрғақ сөзбен жеткізбей бала кезіндегі кейбір оқиғаларды еске түсіріп нақты
мысалдармен бере біледі. Сөз соңында автор Кісі болатын бала қонаққа үйір
деген халық мақалын еске сала отырып, халық айтса қалт айтпайтынын,
халқымыздың осы бір дана сөзінде терең сыр жатқанын мойындайды. Әр қонақ -
адам. Жас бала адам танып өседі. Адамды сыйлап үйренеді, адамды сүйіп
үйренеді [71]. Сондықтан да қонақпен баланың бір отыруы педагогикаға қайшы
келмейді деген қорытындыға келеді. М.Әлімбаевтың мектеп жасына дейінгі
балаларды тәрбиелеу мәселесіне арналған еңбектерінің бірі - Игілікке
үйреткен опық жемейді атты мақаласы [72]. Автор бұл ой толғауында Баланы
мектепке әзірлеу керек пе, керек емес пе? деген мәселені орынды қозғайды
[72]. Бізде әлі де болса, мектепке барған соң үйрене жатар, қазірден
бастап жалықтырып қайтеміз дейтін ата-аналар кездеседі. Бұл, әрине дұрыс
емес. Баланы жастан үйрету - оның келешегіне жол ашу деген сөз. Сондықтан
баланың балдырған кезінен-ақ білімге деген құштарлығын баули білейік,
тегінде жас баланы мектепке әзірлеудің пайдасы мол дегенді орынды қозғап,
соған дәйекті мысалдар келтіреді [72]. Болашақ негізі бүгіннен басталады
емес пе? Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің дегендей баланың көрсе
қызарлыққа ұрынбай өсуі, ұшып-қонба әуесқойлыққа үйренбей, құштарлықты,
табандылықпен, төзімділікпен, еңбек сүйгіштігімен ұштастыру жанұя негізінде
жасалынады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға осындай тәрбие беру
парызын ата-аналарға ескерте отырып, автор бұған да қызықты-қызықты
мысалдар таба білген. М.Әлімбаевтың қазақ мақал-мәтелдеріндегі тәрбиелік
тенденциялар жайындағы пайымдаулары 1969 жылы жарық көрген Халық - қапысыз
педагог деген көлемді мақаласында жақсы көрініс тапты [73]. Мақала басында
адамзат үшін ең басты іс - ұрпақ өсіру. Жанұяның қазығы - бала. Баласыз
жанұя – жапырақсыз ағаштай. Бала - үйдің сәні, берекесі екенін жаза келіп
автор ата-бабамыздың осы мәселеге Бала – адамның бауыр еті, Балалы үй
- базар, баласыз үй - мазар, Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры,
Баласыз үйде береке жоқ, Жылауық болса да балаң болғаны жақсы, Ата -
бәйтерек, бала - жапырақ тағы басқа көптеген мақал-мәтелдер арнағанын
айтады. Бағым жансын десең, балалы бол, ұрпақ өсір. Ұл туғанға күн
туған. Алайда Жақсы бала - сүйініш, жаман бала - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М. Әлімбаевтыц педагогикалық көзқарастары
Этнопедагогика пәні бойынша дәрістер
Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік, философиялық мәні. Лирикалық проза. Мемуарлық шығармалар
Отбасындағы бала және еңбек тәрбиесі
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Лирикалық проза жайлы
Лирикалық проза
Қазақтың салт - дәстүрлер құрылымы
Қазақтың салт - дәстүрлер құрамы
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану (Ана тілін оқыту үдерісі негізінде)
Пәндер