Педагогикалық шеберлік пен әдеп


Мазмұны
Кіріспе . . . 5-6
1 Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні.
1. 1. Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны . . . 7-8
1. 2. Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік . . . 9
1. 3. Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы . . . 10-11
2 Педагогикалық шеберлік пен оның оқу - тәрбие процесіндегі
алатын орны.
2. 1. Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері . . . 12-13
2. 2. Педагог профессиограммасы . . . 14-16
ІІІ. Тарау. Болашақ мұғалімге педагогикалық әдеп пен шеберлікті
қалыптастырудың жолдарын ұйымдастыру.
3. 1. Педогикалық әдептің негіздері . . . 17-21
3. 2. Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру . . . 22-26
3. 3. Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы . . . 27-30
Қорытынды . . . 31-32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мұғалім - ең алдымен жоғары дәрежедегі тұрақты моральдық және психологиялық-педагогикалық даярлықты қажет ететін еңбектің бірі. Нағыз мамандық иесі деп оқушылардың ойы мен жүрегіне жол тапқан педагогтық шеберліктің қыр-сырын меңгерген ұстазды айтады. Бұл қасиет оның жеке басының ерекшеліктерінен көрінеді: 1) білім дәрежесі; 2) озық әдістемені меңгеруі; 3) мақсат-бағыттылығы; 4) ғылыми тілмен сөйлеу мәдениеттілігі.
Маманның мінсіз даярлығы сапалық бейнелеу моделі В. Сластенин, Ю. Васильева, Е. Белозорцев еңбектерінде көрініс тапқан. Олар профессиограмма арқылы маманның кәсіби даярлығының мазмұнын, тәсіл- құралдарын, түрі және басқа да тиімді тәсілдерін табуға болады деп есептейді. Келесі көзқарас иелері: К. Дурай-Нованова ынталық, танымдық - бағалау, қызметтік бөліктерін, ұсынса, У. Даясенко-Кандыбович ынталық, бағдарлық, сезімдік, еріктілік бөліктерін алға тартады.
Қай заманның тарихын, кезінде қателескен, бұрмалаған тұстарына әділ баға беретін, сөйтіп оның кемшілік тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.
- Жеке көзқарастары бар және оны қорғай білетін тұлға болуы керек.
- Психологиялық-педагогикалық білімдерін жетілдіріп үйренумен қатар шебер қолдана білуі тиіс.
- Білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыларды баулу.
- Ұстаздың ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамашылық қабілеттермен қатар болып жатқан педагогикалық жағдайларды, құбылыстарды талдай білуі шарт.
Ұстаздың педагогикалық білімінің мәні қоғамдық құбылыстың бір
бөлігі ретінде тәлім-тәрбие ғылымының маңызынан келіп шығады. Өмір құбылыстарын педагогикалық тұрғыда қабылдап бағалау, өсіп келе жатқан адам тұлғасына қарым-қатынастың педагогикалық бағытын қалыптастыру мынадай факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайды: а) зерде, өй- санасы; ә) эмоция және ырық; б) тәжірибелік іс-әрекет.
Ұстаздың міндеті - осы үрдісті шебер басқара білу, тек ойлау іс-
әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу барысында бақылап отыру.
Мұғалім - өмір бойы оқып тынбай ізденетін мамандық мұғалімнің беделі-білімде.
Бүгінгі таңда жаңаша жұмыс жасау, оқу мен тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр. Ал егемен еліміздің дамуы мектеп жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруінсіз, оның іс-әрекетінің жаңадан құрылуынсыз мүмкін емес. Өйткені бүгінгі бала-ертеңгі дарынды білімді, жастар тәуелсіздігімізді баянды етіп, қоғамдық әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан жоғары сынып оқушылары мұғалім берген білімді ғана игеріп қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі, дарындық іс-әрекеті мен сабақтастары білуі тиіс. Осыған орай, жоғары сынып оқушыларының интелектуалдық мәдениетінің дамуын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты оқу табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалімнің практикалық іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік мәселелері.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Мұғалім іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп пен шеберлік мазмұны мен міндетін жүзеге асыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазіргі қоғамдағы педагогикалық әдеп пен шеберлік ұғымын сипаттау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны;
- Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік. ;
- Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы;
- Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері;
- Педагог профессиограммасы. ;
- Педогикалық әдептің негіздері;
- Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жетілдіру;
- Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен этикасы.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог -ғалымдардың әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР «Білім беру туралы » Заңы; Елбасшысының халыққа жолдаған «Қазақстан - 2030» үндеуі; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
«Педагогикалық мамандық және оның қоғамдағы мәні» деп аталатын бөлімде педагогикалық мамандықтың қоғамдағы алатын орны, педагогтың қызметтері мен міндеттері қарастырылады.
«Педагогикалық шеберлік пен оның оқу-тәрбие процесінде алатын орны» деп аталатын бөлімде педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компоненттер, және педагог профессиограммасы қарастырылады.
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ ПЕН ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ МӘНІ.
1. 1 Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің алатын орны .
Болашақ мектеп мұғалімі қандай болуы тиіс екенін түсіну үшін, бүгінгі күні орта білім беретін оқу орындарында жас ұрпақты оқытып және тәрбиелеп жүрген педагог бейнесін қайта қарауымыз керек.
Жасыратыны жоқ, бүгінгі мұғалімдердің атына ата-аналар тарапынан әр түрлі өкпе, реніштер айтылып жатады. Көбіне педагогтардың біліктілігі төмендігі, шәкірттермен арадағы қарым-қатынасы, оқыту әдістерінің көнерген немесе дәстүрлі түрлерінің қолданылуы тілге тиек болады. Осындай кемшіліктер қандай себептерге байланысты орын алып отыр деген заңды сауал туындайды.
Республикадағы қазіргі педагогикалық құрамының ахуалын ой елегінен өткізіп көрейік. Біріншіден, олардың басым бөлігін 40 жастан асқан мұғалімдер құрайды. Бұл жоғары оқу орнын бітірген жастар мектептегі педагог кадрлардың қатарын толықтыруға асықпайтынын білдіреді. Екіншіден, жоғары оқу орындарындағы оқыту дәстүрлі түрде қалып отыр. Университеттер мен институттардың білім беру бағдарламасы ондаған жылдар бойы өзгертілмей келді. Бұдан шығатын қорытынды: тәжірибелі ұстаздар мен жас мұғалімдер өз мамандығына қатысты жеке тұрғыдан да шамалары бірдей көрсеткішке ие болып отыр.
“Мектепке балалар не үшін барады?” - деген дәстүрлі сұраққа бұрын ата-аналар мен мұғалімдер былай жауап беретін: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқуға барады”. Бүгін бұл сұраққа басқаша жауап беруіміз керек: “Балалар мектепке математиканы, физиканы, әдебиетті, басқа пәндерді оқу арқылы айнала қоршаған ортаны тануға, “адам-табиғат-қоғам” дамуының заңдылықтарын білуге, сол арқылы тұлға ретінде қалыптасуға барады”.
Алматы қаласында, осыған орай, бірнеше мектептерде оқушылармен анкеталық сауалнама жүргізілді. Ол бойынша оқушылар мұғалімнің ең маңызды қасиеттерін атауы тиіс еді. Нәтижесінде байқағанымыз: балалар ең алдымен сабақтың қызықты өтуін, мұғалімнің мейірімді болуын, көңілді болуын қажет етеді екен. Екінші орында оқушыға деген сый-құрмет пен әділдік орын алды. Үшінші қатарға мұғалім тарапынан талап қоюшылық және оның өз пәнін жетік білуі шықты. Мұнан кейін балаға деген сүйіспеншілік, сабырлылық, шыдамдылық қасиеттері болуы айқындалды. Оқушылардың ойынша мұғалімнің ең жаман қасиеттері - қатаңдық, түсінбеушілік, әділетсіздік, дөрекілік, “сүйікті” және “сүйікті емес” оқушылардың болуы, шәкірттеріне деген сүйіспеншіліктің жоқтығы, ұшқалақтық, өзін-өзі ұстай алмауы, тағы басқа жағымсыз әдеттердің болуы.
Бұл талдау мұғалімдерге оқушылардың оларды қалай қабылдайтыны туралы мәліметті біліп жүруі үшін аса тиімді екенін көрсетеді.
Осы жерде мынадай сұрақтар да туындайды: Қазіргі заманғы мұғалім қандай жағдайда қызмет етеді? Оның кәсіби қасиеттерінің қолданылу аясы қандай?
Мұндай сауалдарға жауап бере отырып, біз мынадай пікірге тоқталдық: бүгінгі таңдағы мұғалім баршаға арналған біртұтас білім беру бағдарламасын, яғни білім беру мен тәрбиенің барлық мақсаттары мен мазмұнын бағытқа алуы қажет. Былайша атқанда, бұл оқушылардың академиялық білімінің көрсетілген деңгейін және белгіленген бағдарламаларға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау; бұл мұғалім тарапынан оқу-тәрбие процесін басқарудың қажетті көрінісі, оқушының іс-әрекеті мен өмірін реттейтін талаптардың, шешімдердің болуы.
Біз ертеңгі мұғалім хақында, 12 жылдық мектеп туралы айтқанда, біршама басқа пікірді меңзейміз: оқушының жеке тұлғасына, өзін-өзі көрсетуіне, өзін-өзі дамытуына, “өзін іздеуге”, жеке даралыққа ұмтылдыру. Басқаша айтқанда, оқыту процесі мазмұнына, ұйымдастыруына, оқыту әдістемесіне, мұғалімнің сабақта және сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекет мен рөліне қарай ерікті сипат алады. Алайда, ескертпе ретінде мынадай ой білдіреміз: әңгіме ешкімнің бақылауынсыз өтетін оқыту процесі туралы болып тұрған жоқ. Барлық инновациялар жалпыға міндетті орта білім берудің мемлекеттік стандарты, базистік оқу жоспары мен мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламалары шеңберінде жүзеге асуы тиіс. Барлық көрсетілген құжаттар шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жеткілікті еркіндік береді, ал мұғалім дәстүрлі педагогикадан бас тартып, “жаңа демократиялық дәуірдегі” мұғалімнен қазіргі сапалы қасиеттерді талап ететін ізгілікті, жеке тұлғаға бағытталған педагогикаға кең жол ашады.
Бұдан біз келесі проблемаларды шешуге мүмкіндік аламыз: біріншіден, болашақта біздің елімізде педагогика қандай болуы тиіс? Екіншіден, студент-педагогты қай бағытта даярлауымыз керек, мұғалім қандай болуы тиіс? Күмәнсіз жауап, жаңа дәуірдегі болашақ мұғалімді қалыптастыру жоғары оқу орнынан басталуы қажет.
Кезінде педагог-ғалымдар М. Скаткин, Э. Костяшкин, В. Сластениннің бастамасымен жалпыодақтық “Мұғалім” бағдарламасы да (1986-1996 жж. ) жасалған болатын. Онда үш негізгі аспектіге назар аударылған - мазмұндық, даралық және процессуалдық. Кәсіби даярлаудың бұл үрдісінде маман өз міндеттеріне сәйкес тапсырмаларды шеше білуі тиіс. Сондай-ақ, алған білімдерін кәсіби қызметінде қолданып, дара тұлғалық қасиеттерін танытуы, білім мен біліктерінің түпкі нәтижесін көруі тиіс. Кәсіби даярлықтың осы үш аспектісін өзара байланыстыра бірлікке жеткен мұғалімнің білік-дағдысы өте жоғары болады. Бірақ, өмір көрсетіп отырғандай, әзірге ондай мұғалім жоққа тән. Осыған байланысты, ғалымдар мұғалімдер даярлау мәселесіне айрықша назар аударып отыр. Бұған дәлел - ондаған ғылыми жұмыстардың (диссертациялар мен монографиялар) кәсіптік-педагогикалық іс-әрекеттердің модельдерін жасауға арналуы. Қолдағы деректерге сүйенсек, мұғалімге 200-ден астам жұмыс түрлерін орындауға тура келеді екен. Олар мектеп өміріндегі сан алуан шараларға қатыса отырып, әртүрлі адамдармен қарым-қатынасқа түседі және сонымен бірге көптеген педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарға тап болады. Ол жағдаяттар әр қилы болуы мүмкін: стандартты, типті, жанжалды және күтпеген.
- Педагогтың қызметтері мен міндеттері туралы түсінік.
Қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесіне жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғасын қалыптастырудың бірден-бір жолы - 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу екендігін әлемдегі өркениетті елдер мойындап отыр.
Қалыптасқан білім беру жүйесіндегі реформаның міндеті - тек қана қосымша бір немесе 2 жыл қосу емес, қазіргі қоғамдағы түбегейлі өзгерістерге сәйкес ХХІ ғасыр мектебін жаңарта отырып, алған білімі мен біліктерін өмірде шығармашылық тұрғыда қолдана алатын, жан-жақты дамыған жеке мектептердің алдындағы негізгі міндет- жоғары сапалы тұлға даярлау, өйткені оқушы мен мұғалім арасында мүлде жаңа қатынас пайда болады. Сондықтан оқушыларға білімділік пен қатар тәлім тәрбиенің құралдарын, тәсілдерін педагогикалық іс-әрекет түрлерін меңгерту қажет. Оқушы даярлауды жоғары жаңа сапалық деңгейге көтеру, оқу процесінде ынтымақтастық педагогикасын іске асыру, тәрбие жұмыстарын тез игеріп, іскерлік қабілетін дамытудың маңызы артуда. Сабақ барысында оқушыны ізденушілікке шығармашылық қабілетін дамыту қазіргі білім беру саласының маңызды міндетінің бірі болып саналады.
Педагогқа қойылатын талаптар туралы ағарту асласы бойынша халық комиссары А. В Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарында жарияланған сөздерінен білеміз. 1928жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогқа жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан «егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алса, оны қайта құйуға болады, егер асыл тастар бүлінсе іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар өмірге келген адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немес күәсіздықтың үлкен кінәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.
Н. К. Крупская 1932 жылы жарыққа шыққан «мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерейі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады. Мұғалім өз пәнін, әрбір оқушын. ы еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білу керек, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу және тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, оқушының қабілетін оята білуі, беделді бола білуі қажет.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, жетілдіруге және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетілген. Демек, Қазақстандағы жоғары білім беру саласындағы алға жылжу мен гүлденудің қозғаушы күші мыналар:
- педагогикалық дағдыларды жетілдіру;
- оқу жоспарында және пәндерді оқыту әдістемесінде тұрақты инновацияға талпыну;
- жоғары білім беретін мекемелердің қажетті элементі ретінде педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейінің өсуін қадағалау;
- Елбасының “Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі принциптерінің” бірінде кадрларды даярлау және мамандығын арттыру жүйелерін жақсарту.
1. 3 Педагог еңбегінің әлеуметтік құндылығы.
Қазіргі кезде балалар мен оқушы жастар құқығы әлеуметтік жағынан жеткілікті қорғамай отыр. Соның салдарынан кейбір отбасылар мен жастар арасында қоғамға жат қылықтар саны өсіп, қылмыс белең алып барады.
Әрине, аяғынан қаз тұрып келе жатқан мемлекетіміздің келешегі жас ұрпақтың рухани, мінез-құлық, мәдени, психологиялық жағынан тәрбиелі болуына, ақыл-ойы мен бой қуатының кемелдігіне тікелей байланысты.
Мұғалім әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада, оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын мамандарға ғана тиесілі. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік педагогтар мемлекеттік, кооперативтік, мәдениет мекемелері, спорт ұйымдары мен кітапханалар ұйымдарының, балаларды қорғаушы және оларға қамқоршы ұйымдардың, бірлестіктердің т. б. көмегін пайдаланады.
Біліктілігі жоғары маман ретінде педагогтар, сондай-ақ баланы әлеуметтікке бейімдеудің жалпы, ауқымды мәселелермен қатар тиісті мекемелерде балалар тамағына бөлінген қаржының дұрыс жұмсалуын бақылау, интернат типті тәрбие орындарында гуманитарлық көмекте әділ болу т. б. сияқты жеке мәселелерді де шешеді.
Қазіргі педагогтың ең алдымен әлеуметтік педагогика, әлеуметтік психология, педагогикалық социология, жас шамасының психологиясы мен педагогикасы, акмеология, жастар мәдениеті, отбасын тану, құқықтану, ортаны педагогикаландыру сияқты салалардан арнайы білімі болуы тиіс; мектеп оқушысының ауқымды және шектелген ортасының шаруашылық, экономикалық, демографиялық, ұлттық-тұрмыстық сипаттамаларын, баланың айналадағы өмірімен өзара қарым-қатынас жолдарын, олардың жас адамды әлеуметтік тұрғыда тәрбиелеуге тигізетін әсерін танып білуі тиіс. Білім беру мекемесінің педагогикалық мүмкіндіктерін ата-аналардың ерекшеліктерін саралап, олармен жұмыс істеуге дайын болуы; отбасы мен шағын ауданды зерттеп, олардың әлеуметтік-педагогикалық паспортын, баланың мектепке (балалар үйіне, арнайы балалар мектебіне) түскеннен бастап бітіріп шыққанға дейін әлеуметтік дамуының бағдардаламасын жасай, жүзеге асыра білуі; отбасылық және қоғамдық тәрбиені, өмірлік орталығы кездейсоқ және тәртіпке айналған факторлардың оқушыға әсер ету ерекшеліктерін саралауы; қарым-қатынасқа, сендіре, қайыра сендіруге қабілетті болуы; шығармашылық қызметін (сазгерлік, модельдеу, техника, сурет салу, спорт т. б. белгілі бір түріне жетік болуы қажет.
Өзінің қызмет барысында әлеуметтік педагог оқушының жеке басына ықпал ететін ортаның әр түрлі кездейсоқ және қалыптасқан әлеуметтік институттарда тұратынын, олардың әрқайсысы жеке адамның әлеуметтік дамуына дербес ерекше әсер беретінін ескеріп отыруы тиіс.
Педагог әлеуметтік өмірдің ажырамас бөлшегі ретінде көрінеді, сондықтан да шәкіртін әлеуметтік жағдайда бейімдеу жолдарын да өзгертіп отырады. Ол жас адамды өмірге, еңбекке т. с. с. дайындауға жәрдемдесіп қана қоймайды, оның нақты еңбек қызметіне өз бетінше араласуға дайын болуын қалыптастырады, қандай да бір тосын жағдайдан тайсалмай, тиісті білімі мен машығын қолдана отырып шешім қабылдауға баулиды. Ол өз шәкіртін қандай да бір құбылысты фактіні немесе оқиғаны талдай алатын, пайымдайтын, себеп-салдар байланыстарын ажырата алатын, сол жағдайларды жалпы тұрғыда немесе саралай отырып бағалайтын деңгейде ұстайды.
Әлеуметтік-құқықтық қызмет туралы құжатта отбасы мен балаларға әлеуметтік көмек көрсетудің негізгі жолы - осы бағытта қоғамдық көзқарасты өзгерту самарқау пиғылдан арылып, әлеуметтік педагогтың жұмысына дербестік, жасампаздық ынта және әлеуметтік жауапкершілік туғызатын, және адамға тікелей бағытталған өнімді қызмет етуге жағдай жасау болып табылатындығын атап көрсету де дұрыс.
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКПЕН ОНЫҢОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ.
2. 1 Педагогикалық шеберліктің мазмұны мен компонеттері .
Педагогикалық істегі шеберлік әрдайым кең мәдени ой-өріспен жалпы эрудицияға байланысты болмақ, әрі іждағатты мұғалім әрбір оқушыдан өзінің түр-тұрпатын, тілек -талаптары бар жеке адамды көреді.
Педагогикада кәсіби қызметінің сапасын анықтайтын бір тұтас әрі жүйелі түсінік «педогогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде жоғпры нәтижеге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.
Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көрес аламыз ба? Жоқ себебі, педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әкімшілік пен тәрбиелікті обьективті заңдар туралы сөз болып отырғанын, яғни бір адамның педагогтың өмірге көзқарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды.
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми әдістемелік әдебиеттерден қарастырамыз.
Педогогикалық шеберлік мәселесі туралы А. С. Макаренконың пікірлеріне сүйенре болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік - бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде білікутің болуы». Бұл жөнінде ол: «мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім дейді». Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті нақтылайтын ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру - өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі өнер болып табылады». Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мында кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, дауысымды, бет -әлпетімді 20 түрлі құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді
. Кеңес педогогикасы педогогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез - құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz