Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І. Арнайы білім беру жүйесінде даму кемістіктері бар балалар туралы жалпы сипаттама
1.1. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.2. Адам психикасының дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. «Бірінші дефект немесе кемістік» және «екінші ауытқулар». Кеміс дамудың себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
ІІ. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс.тәсілдері
2.1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тәрбие процесіндегі педагог жеке тұлғасының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.3. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4. Арнайы білім берудегі тәрбиенің іскерлік әдістеме принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.5. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуде М.Монтессори ұсынған әдістің маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34

Зерттеудің өзектілігі: арнайы білім беру жүйесінде даму мүмкіншілі шектелген балаларды жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеп дамыту мәселелері. Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп-интернаттарында, арнайы сыныптарда және логопедиялық пункттерде тәрбиеленеді. Өзіне-өзі қызмет ететін, тәуелсіз, әлеуметтік белсенді және әлеуметтік бейімделген, өзіндік мәдениет дағдыларын меңгеріп оларды өзін қоршаған өмірмен әрекеттестік және өзіндік даму мақсаттарында қолданатын адамды тәрбиелеу курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылады. Аномальды балалардың, қалыпты дұрыс дамығын балалар сияқты жан-жақты дамуға, оқуға, танымдық әрекеттерін қалыптастыруға құқықтары бар. Бірақ оларға тиісті білім беру және дамыту өте күрделі, сондықтан оларға білім беру өте маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: әр түрлі категориядағы аномальдылығы бар балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын педагогикалық, психологиялық, физиологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеу, ауытқудың құрылымын, сонымен қатар аномальды балаларды тәрбие маңыздылығын анықтау негізінде оларға арнайы білім беруді ұйымдастыру, тәрбиелеудегі әдістер мен тәрбиелеу құралдарын таңдау арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның мәнділігін және тәртіптерін саналы түрде меңгеруге, өмір жағдайы мен өз бетінше өмір сүру белсенділігін арттырудағы дамыта оқытуды қолдану болып табылады. Аномальды баланы қоршаған ортаға бейімделуіне әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған.
Зерттеудің міндеті: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқытып тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне қажетті білім дағдыларын алулары үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру (жекелендіріп, жекелендірілген-топтық, сыныптық сабақ жүйесі; негізгі, қосымша және көмекші оқытуды ұйымдастыру түрлері, оңтайлы әдістерді қарастыру болып табылады.

1. В.В.Воронкова. Воспитание и обучение детей в вспомогательной школе. Москва 1994
2. И.С.Моргулис. Некоторые вопросы теории специального обучения. Москва 1989.
3. Л.П.Носкова. Дошкольное воспитание аномальных детей. Москва 1993.
4. Н.М.Назарова. Специальная педагогика. Москва 2006.
5. Намазбаева Ж.И., Сулейменова Р.А. Дефектологиялық сөздік. Алматы 1993.
6. Тебенова К.С. Дамуындағы ауытқулары бар балалар. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003.
7. М.Г.Сорокова. Метод Монтессори в детском саду и в школе. М. 1997.
8. Е.А.Хелтунин. Педагогика Монтессори. Москва 1992.
9. М.Монтессори. О принципах моей школы. Москва 1999.
10. Дефектологиялық сөздік. А.И.Дьячков басшылығымен 2-ші басылым.
11. Лапшин В.А., Пузанов Б.П. Основы дефектологии. Учебное пособие для студентов пед.инст. Москва., 1990.
12. Нурманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар: интеллектуалды даму кемістіктері. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003.
13. Выготский Л.С. Проблемы дефектологии. Москва 1995.
14. Власова Т.А., Певзнер М.С. Дети с отклонениями в развитии. М. 1973.
15. Петрова В.Г., Белякова И.В. Кто они, дети с отклонениями в развитии? Москва, 1998.
16. Коррекционная педагогика: основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии. Б.П.Пузанов. Москва 1998.
17. Рау Ф.Ф. Проблема интеграции глухих. Формирование устной речи глухих детей. Под ред. Т.А.Власовой, Н.Ф.Слезиной. Москва 1981.
18. Солнцева Л.И. Современные проблемы тифлопедагогики и тифлопсихологии. Дефектология. 1992.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
І. Арнайы білім беру жүйесінде даму кемістіктері бар балалар туралы жалпы
сипаттама
1.1. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. Адам психикасының дамуында биологиялық және әлеуметтік факторлардың
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 11
1.3. Бірінші дефект немесе кемістік және екінші ауытқулар. Кеміс
дамудың
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..12
ІІ. Арнайы білім берудің технологиялары мен әдіс-тәсілдері
2.1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістерін
іріктеу және жүйелеп қолданудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...17
2.2. Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың тәрбие процесіндегі
педагог жеке тұлғасының

... .20
2.3. Арнайы білім беру жүйесіндегі тәрбиелеуді ұйымдастыру
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.4. Арнайы білім берудегі тәрбиенің іскерлік әдістеме
принципі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.5. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеуде М.Монтессори
ұсынған әдістің
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 29
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: арнайы білім беру жүйесінде даму мүмкіншілі
шектелген балаларды жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеп дамыту мәселелері.
Өкінішке орай, қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалар саны артуда. Ол
балалар арнайы бала-бақшаларда, арнайы мектеп-интернаттарында, арнайы
сыныптарда және логопедиялық пункттерде тәрбиеленеді. Өзіне-өзі қызмет
ететін, тәуелсіз, әлеуметтік белсенді және әлеуметтік бейімделген, өзіндік
мәдениет дағдыларын меңгеріп оларды өзін қоршаған өмірмен әрекеттестік және
өзіндік даму мақсаттарында қолданатын адамды тәрбиелеу курстық жұмыстың
өзекті мәселесі болып табылады. Аномальды балалардың, қалыпты дұрыс
дамығын балалар сияқты жан-жақты дамуға, оқуға, танымдық әрекеттерін
қалыптастыруға құқықтары бар. Бірақ оларға тиісті білім беру және дамыту
өте күрделі, сондықтан оларға білім беру өте маңызды мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: әр түрлі категориядағы аномальдылығы бар
балалардың физикалық, психикалық дамуындағы ерекшеліктері мен заңдылықтарын
педагогикалық, психологиялық, физиологиялық тұрғыда жан-жақты зерттеу,
ауытқудың құрылымын, сонымен қатар аномальды балаларды тәрбие маңыздылығын
анықтау негізінде оларға арнайы білім беруді ұйымдастыру, тәрбиелеудегі
әдістер мен тәрбиелеу құралдарын таңдау арқылы мүмкіндігі шектеулі
балалардың әлеуметтік бейімделуіне, қоғамның мәнділігін және тәртіптерін
саналы түрде меңгеруге, өмір жағдайы мен өз бетінше өмір сүру
белсенділігін арттырудағы дамыта оқытуды қолдану болып табылады. Аномальды
баланы қоршаған ортаға бейімделуіне әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына
бағытталған.
Зерттеудің міндеті: мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы оқытып
тәрбиелеудегі психикалық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай олардың
ақыл-ойын, танымын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық өмірге бейімделуіне
қажетті білім дағдыларын алулары үшін арнайы білім беруді ұйымдастыру
(жекелендіріп, жекелендірілген-топтық, сыныптық сабақ жүйесі; негізгі,
қосымша және көмекші оқытуды ұйымдастыру түрлері, оңтайлы әдістерді
қарастыру болып табылады.
Зерттеудің әдісі: мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру процесі
арнайы әдістерді қолдану арқылы ғана нәтиже береді. Тәрбие әдісі мен
жүйесін таңдау барысында баланың жасы қай уақыттан бастап кемістігі пайда
болғандығын ескеріп, оның психологиялық даму ерекшелігіне қарай танымдық
сферасын арттыру, баланың білім алу іскерлігін барынша белсендететін,
олардың сөз сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыларды
қалыптастыру әдістері таңдалады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара байланыс әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық
қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал
жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады. Тәсіл әдістің
құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен
жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма
т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңын іске асыру барысында
білім саласын демократизациялау, биік парасаттылыққа жеткізу мақсатында
дамуында ауытқушылығы бар балаларға арнайы білім беру жүйесін жан-жақты
ойластырып іске асырудың қажеттілігі маңызды. Бұл проблеманың жеке бастың
бағыттау тұжырымдамасы көлемінде дамыта оқыту арқылы ғана шешімін табуға
болады. Бұл сала осы заманғы психология және педагогикада жан-жақты
талдануда (Л.С.Выготский, Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, Л.В.Занков, А.Р.Лурия,
А.Н.Леонтьев және т.б.).
Кеміс балаларды тәрбиелеу мен оқыту күрделі әлеуметтік және
педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер осындай балаларды мүмкіншілігіне қарай
қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз бетінше өмір сүре алатындай дайындау
мақсатындағы негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі.
Іс-әрекет жеке адамның негізгі әлеуметтік қызметі болғандықтан, бұл
ғылымы жан-жақты зерттеу кеміс балалардың әлеуметтік бейімделуіне, жүйе
мөлшерін, қоғамның мәнділігін және ережелерін саналы түрге меңгеруге, өмір
жағдайы мен өмірге баулуларына септігін тигізеді.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу – дефектологияның негізгі
ұғымы болып табылады және баланың жалпы жетілуінде (құрбылармен,
үлкендермен қарым-қатынаста араласуында, адам, жеке тұлға болуында) зор
маңызы бар.
Кеміс балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері арнайы
педагогиканың жалпы принциптерімен анықталады – белсенді, қоғамға пайдалы
адам тәрбиелеу, адамгершілік, сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастыру,
осының барлығы жеткілікті әдістердің мөлшерімен, құралдарымен, арнайы
педагогика құрылымына сәйкес дәрежелермен әске асырылады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды тәрбиелеу жанұя және мектеппен тығыз
байланыста жүреді, өзара түсіністік, бір-біріне көмек көрсету тәртіпті
талап етуді орынды үйлестіріп іске асырылады. Тәрбие процесінде ерекше
қажеттіліктері бар балалармен атқарылатын тәрбие жұмыстары олардың жету
және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәуелсіздігін қалыптастыру, өзіне-
өзі қызмет ету дағдыларын, еңбек пен мәдени, мінез-құлықтарына бағытталып
жүргізіледі. Даму мүмкіндігі шектелген балалардың белгілі бір қасиеттерін,
көзқарастарын, сенімін қалыптастырумен қатар, ақыл-қабілеті, сана-
сезімдері, ой еңбегі, өнегелік, эстетикалық тәрбиелік сұрақтарға байланысты
нақтылы бір тәрбиелік міндеттерді шешуді қарастырады.
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытып тәрбиелеу және жетілдіру
(дамыту – білім берудегі және меңгерудегі іс-әрекет дағдыларын, еңбекке
және өмірге тәрбиелеудегі негізгі құрал мақсаттық процесс болып табылады.
Оқу процесін ұйымдастыру принциптері, мазмұны, міндеттері балалардың
кемістік сипаты мен тереңдігін ескере отырып, әрбір нақты арнайы оқу
орындарында жетілдіріледі. Осыған байланысты тәрбие әдістері мен техникалық
құралдары таңдалынып алынады.
Оқыту және жетілдіру даму сипатын алу қажет, аномальды балалардың
потенциалды мүмкіндіктері қызметтері қалыптасады, олар көбіне өз бетінше
ешнәрсе істей алмайды, ал мұғалімнің көмегімен іске асырады.
Л.С.Выготскийдің қағидасына сүйене отырып, жуық арадағы даму актуалды
аймағын білу, кеміс баланың өзінде болған мүмкіншілігін ғана емес,
перспективасын да анықтайды. Л.С.Выготский еңбегіндегі дамыту тұжырымдамасы
бойынша арнайы мектепте оқыту бағыты екі деңгейде дамытуға бағытталған:
І деңгейде - өзектендіріп дамыту (даму деңгеінің мәліметі – баланың
өздігінен бір нәрсеге жетуінің нәтижесі)
ІІ деңгейде – жуық арадағы даму актуалды зонасы (баланың басқалармен,
үлкендермен бірлесе отырып меңгеру деңгейі немесе баланың ертеңгі күні)
Л.С.Выготский оқыту дамытуды оздырып өзі ертіп жүреді деп, баланың
кейбір даму сензитивті кезеңдерін ескеріп отырады. Оқыту процесі жуық
арадағы даму аймағын актуалды жетілуіне жағдай жасау қажет, уақыт озған
сайын бала педагогтың басшылығын қажет етпей, алдында тұрған тапсырманы
өзбетінше шешуі қажет. Бұл - оқыту мен дамытудың ішкі өзара байланысын
құрастырады, сонымен қатар дұрыс ұйымдастырылған оқыту психикалық
қызметінің қалыптасуына сүйене отырып дамуына әкеледі. Еңбекке үйрету және
тәрбиелеп оқыту дидактиканың негізгі мәселесі болып табылады. Арнайы
мектептерде еңбек ерекше маңыз алады, өз бетінше өмір сүруге ғана үйретіп
қоймай сонымен қатар мамандық игеруге үйретеді. Оқыту барысында аномальды
бала болашақта өз бетінше өмір сүруге бейімделу мен өз-өзіне қызмет ету
үшін қажетті білім дағдыларды үйренуі көзделеді.
Зерттеудің теориялық мәні: арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі
шектеулі балаларды тәрбиелеудегі кемшіліктерді анықтау және арнайы білім
берудің заңдылықтарын зерттей отырып, оларға арнайы білім беру жүйесін
ұйымдастыру.
Зерттеудің практикалық мәні: дамуында физиологиялық және психологиялық
ауытқуы бар балаларды тәрбиелеуде қолданылатын арнайы бағдарламалар,
әдістер мен оқытудың техникалық құралдары арқылы арнайы жағдай жасай отырып
білім беру.

1. . Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму
ерекшеліктері
Арнайы білім беру жүйесіндегі арнайы білім беру - арнайы оқытуда
және тәрбиелеуде ерекше қажет ететін баланың денсаулығына байланысты
құрылған мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру болып табылады.
Қазіргі арнайы педагогика негізнен жалпыға бірдей әлеуметтік қалыпқа
сәйкес емес және мектептегі білім алу деңгейіне сәйкес емес мәселесін
зерттейді. Арнайы білім беру мекемесі дамуында денсаулығы шектелген
балаларды оқытып тәрбиелеу мекемесі болып табылады. Даму мүмкіндігі
шектелген балаларды тәрбиелеу үшін олардың жалпы сипатын, кемістік құрылымы
мен түрін, сондай-ақ жас ерекшеліктерін талдап алғанымыз жөн.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде
түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды
дегеніміз - ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны
көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана
баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің
кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі
көрмесе - бұл міндетті турде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл
жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш
кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және
оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына
кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс
дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген
ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы
ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда
өтті.
Сондықтанда, аномальды балалар тобына кемістік салдарынан дене
бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы
оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар
жатады.
Даму мүмкіндігі шектелген балалардың негізгі категорияларына
жататындар:
1. Есту қызметі бұзылған балалар (керең немесе саңырау, нашар еститін, кеш
естімей калғандар);
2. Көру қызметі бұзылған балалар (соқыр, мүлде көрмейтін, нашар көретін);
3. Сөйлеу қабілеті бұзылған - логопаттар;
4. Интеллект немесе ақыл-ой, сана-сезімінің дамуы бұзылған балалар
(ақыл-ойы кеміс және психикалық дамуы тежелгендер);
5. Психикасы мен дене бітімінің дамуы комплексті түрде бұзылған (соқыр
мылқаулар, көрмейтін, естімейтін, ақыл-ойы жетілмеген және т.б.);
6. Тірек-қимыл аппаратының кызметі бұзылған;
7. Психопатиялық түрде жүріс-тұрысы, мінез-құлығы бұзылған балалар
жатады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және
қалыптастырудың салалары:
- сурдапедагогика - есту мүшелері кеміс дамыған және есту қабілеті төмен
балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
- тифлопедагогика - көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен

- олигофренопедагогика - ақыл-ойы кеміс дамыған балалардың ерекшеліктерін
тәрбиелеу және оқьту, арнайы әдістерді қолдану арқылы оларды әлеуметтік
бейімдеу мәселелерін зерттейді;
- логопедия - тілінің мүкістігі бар, сөйлеу аппараты кеміс дамыған және
сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерін зерттейді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, оларды
қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру - күрделі әлеуметтік және
педагогикалық мәселе болып отыр.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар - күрделі және әртүрлі мінезді топқа
жатады. Егерде кейбір кемістіктер толығымен жойылса, басқалары тек жартылай
түзетіледі, ал кейбіреуі тек компенсациялынады, яғни жартылай өтеледі.
Әртүрлі кемістіктердің дамуы балалардың әлеуметтік қоғаммен араласуына
және еңбекті тануына әсерін тигізеді. Даму мүмкіндігі шектелген балалардың
білім деңгейі әртүрлі, біреулері қарапайым білім беруді тез меңгереді, ал
басқа біреулері, керісінше, мүмккішіліктері шексіз болады. Мінезінің
өзгеруі де оқушылардын арнайы мектептерде оқуына, еңбекке араласуына кері
әсерін тигізеді. Кейбір оқушылар арнайы мектепте жоғары мамандықты
меңгерсе, біреулерінің меңгеру кабілеті төмен болады және олардың өмірі мен
еңбегі ерекше арнайы ұйымдастыруды талап етеді.

ролі
Баланың дамуындағы негізгі заңдылықтарда биологиялық және әлеуметтік
факторлардың әсерін дұрыс түсіну мәселесі жатыр. Биологияда ұзақ уақыт бойы
механикалық қагида орын алған. Бұл кағида бойынша баланың дүниеге келгеннен
кейінгі даму процессі тек мөлшерлік, немесе саңдық өсуі мен дамуы деп
саналатын. Бүкіл организмнің қасиеттері, ерекшеліктері құрсақтың
ішіндегі ұрыкта қалыптасқан дейді. Бұл қағида сыртқы факторлардың,
әлеуметтік ортаның әсерін мойындамай терістейді, педагогикалык
септігін, мағынасын бағалап құндамайды. Алайда, генетикалық
бағдарламасының қандайда ерекше, бірегей (уникалды) болғанымен де
әлеуметтік факторлардың әсерін есте сақтамауға болмайды.
Әрбір адамдағы биологиялық ерекшеліктерін, жеке тұлғаның дамуын
әлеуметтік факторлар анықтайды, коғамдық орта оның ішінде балалық іс-
әрекетті (ойын, оқу, еңбек әрекеті) бала біртіндеп меңгереді, мысалы,
қоршаған адамдардың тілін үйренеді, тәжірибесін игереді, үлкендердің мінез-
құлығына еліктейді. Зат пен тәжірибені келе-келе меңгеріп, бала өзінің
ойлау процесін есте сақтау қабілетін дамытады.
Сонымен, жеке тұлға ретінде даму процессі биологиялық және әлеуметтік
факторлар жүйесінің өзара әрекетімен сипатталады. Осы екі фактор - бір ғана
максатқа бағыттайды, яғни жеке адам, тұлға болып дамып қалыптасуына
әкеледі. Әрбір балада өзінің туа біткен жүйке жүйесінің қасиеттері болады
(күш, тепе-теңдік, нервтік процестердің беріктігі мен козғалғыштығы,
білімді тез меңгеру т.б.). Жүйке жүйесінің осы жеке ерекшеліктеріне
байланысты меңгеру қабілеті, танымдық қызметі, жалпы айтқанда биологиялық
факторлар адамның психологиялық дамуына жол көрсетеді.
Соқырлық пен саңыраулық - әлеуметтік емес биологиялық факторлар болып
саналады, бірақ педагог биологиялық факторлармен емес, олардан туындаған
әлеуметтік салдарымен жұмыс жасайды,- деп көрсеткен Л.С.Выготский.
Егер биологиялық ауытқулар неғұрлым ауыр, тереңірек болса, онда
педагогикалық әсерлердің тиімділігі аз болады, үнемі қажетті түзету,
тәрбиелеу және компенсаторлық мүмкіншіліктерді қарастырып іздеп, қолдануды
қажет етеді.

дамудың себептері
Кеміс дамудың күрделі құрылысы алгашқы дефектінің болуын көрсетеді
(егер биологиялық фактор әсер етсе) және бірінші дефектінің пайда болуы
екінші бұзылуға әкеліп соғады.
Мысалы, есту аппаратының зақымдануы салдарынан есту қабілеті бұзылса
бұл алғашқы дефект болады. Саңыраулық тілі шықпай тұрып пайда болса - яғни
сөйлемейтін, саңыраулық-мылқаулыққа әкеледі, бұл екінші дефект болып
саналады. Мұндай кезде баланың арнайы оқыту жағдайында сақталған
анализаторлардың көмегімен тілі шығуы мүмкін. Әрине, мұндай жағдайда
баланың тілі түсініксіз болады, толық болмайды, сөздік қоры шектеулі, және
сөзді түсінуі де қиынға соғады. Сөйлеуде кемшілігі бар кезде бала
айналасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, сол себептен мінез-құлығы,
жалпы психика қызметтері оңымен, дұрыс қалыптаспайды. Екінші ауытқулардың
нәтижесінде кеңістікте бағдарлау жасауы жеткіліксіз бодады. Нақты бір
затты айыра алмайды, жүрісінде өзгешілік болады.
Ақылдың, ой-өрістің жеткіліксіздігі, мидың органикалық зақымдалуынан,
яғни алғашқы дефектінің нәтижесінде пайда болады. Белсеңді қабылдау,
сөйлем, логикалық ойлау, зерденің еркін түрлері бұзылып, сонымен қатар сол
бұзылулар баланың әлеуметтік даму процесінде байқалады. Егер дер кезінде
екінші дефектіге әсер етсе, бірінші дефект азаюы мүмкін. Себебі, екінші
дефектіні біршама дәрежеде түзетуге болады. Бірінші дефектіні жөндеуі,
тузетүі медициналық дәрігерлік жәрдемді қажет етеді, бірақ оның көп
жағдайда тиімділігі аздау болады.
Алғашқы ауытқуларды ертерек анықтау керек, кеміс балаларды емдеу
керек, сондықтан екінші дефект дамымайды. Екінші дефектінің терендігі
алғашқы дефектіге байланысты.
Түрлі кемістіктердің немесе кеміс дамудың негізінде жүйке жүйесімен
белгілі бір талдағыштардың кызметтерінің бұзылуы жатады. Соның салдарынан
мүшелермен тұтас организмінің атипикалық құрылысы және қызметі байқалады.
Ауытқулар баланың құсрақ ішіндегі даму кезеңінде, немесе туғаннан
кейін жас бала шағы кезеңде, немесе тұқым қуалайтьш факторлардың әсерінен
пайда болады.
Кемістіктердің себептері немесе этиологиясы олардың пайда болу
себептеріне орай 2 топқа бөлінеді:
1) туа бітіп пайда болған
2) тіршілік барысында жүре келе пайда болған.
1) Бірінші топқа келесі себептер жатады: ол жүкті ананың құрсақ
ішіндегі ұрыққа әсер ететін түрліше патогенді агенттер. Сондай-ақ,
жағымсыз әсерлерге жұқпалы аурулар, физикалық және психикалық
жарақаттар, жүкті кездегі жеріктіктер, интоксикациялар (улаңдырғыш
заттардан улану), ауа температураның әсері, түрлі іш-құрылыстың соматикалық
аурулары.
Ананың аштық күйі, дистрофиясы, нашар-теріс тамақтануы құрсақ ішінде
дамып келе жатқан балада қоректік заттардың жетіспеушілігін тудырады.
Жұқпалы аурулардың қоздырғыштары болып тұмау, қызылша, қызамық, т.б.
аурулардың вирустары болып табылады.
Токсоплазмоз аурумен ауырған кезде жүйке жүйесімен көру, есту
мүшелердің қызметтері бұзылады. Аталмыш ауру адамға құстардан, үй
малдарынан жұғады. Қызылша ауруында көбінесе мөлдір көз бұршағы зақымданады
(катаракта - көз ауруы). Құрсақ ішіндегі жүйке жүйесінің ауруларына
микроцефалия, гидроцефалия, параличтар мен парездар жатады.
Кейбір жағдайларда дәрі-дәрмектерді өз бетінше, бақылаусыз ішу, ана
тарапынан жүктілікті мерзімсіз үзу, ананың іш-құрылыс аурулары да баланың
кеміс дамуына әкеліп соғады.
Құрсақ ішіндегі тұқымның ми зақымдануы ана мен бала қанының резус-
үйлесімсіздігінен де болуы мумкін. Оның салдары деп самай ми жарты
шарларымен есту нервінің қызметтері бұзылуы деп есептеледі.
Ауытқулардың ауырлығымен тереңдігі патогенді агенттердің дамып келе
жатқан бала организміне әсер ету мерзіміне байланысты.
Тұқым немесе жаңа туған нәресте организмі қаншалықты ерте зақымданса,
соншалықты екінші салдары ауырлау басым болады.
Туа біткен кемістіктердің екінші тобьша тұқым қуалайтын ген арқылы
берілетін ауытқулар жатады. Олар түрліше зат алмасудың бұзылуларымен
сипатталады. Тұқым қуалайтын ауруларға олигофренияның (кемақылдық)
кейбір түрлері жатады, мысалы Даун ауруы және хромосомдар санымен,
құрылысы бұзылған салдарынан туындайтын психоздар. Сонымен қатар,
саңыраулықпен кейбір көру талдағыш қызметтерінің түрлері хромосом
арқылы анадан балаға беріледі.
Хромосом аурулары кезінде ми жарты шарларының дамуы тоқталып, ой, сана-
сезімнің дамуы тежеледі.
Ата-аналардың маскүнемдігі мен нашақорлығы да балаларда туа біткен
кемістіктердің пайда болуына септігін тигізеді. Көбінесе мұндай жағдайларға
ұшыраған жанұяларда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылған балалар
дүниеге келеді.
2) Тіршілік барысында жүре келе пайда болған ауытқулар екі топқа
бөлінеді, олар:
а) бала туу барысында
ә) дуниеге туғаннан кейінгі мезеттегі ауытқулар.
Туу барысында пайда болган ауытқулар туу процестің қате жүргізу
салдарынан пайда болады, мысалы акушерлік қысқыштарды теріс пайдаланып
баланың басын жарақаттау. Сол себептен ми қан тамырлары үзіліп, қан құйылуы
мүмкін. Немесе туу процессі өте шапшаң, тиісті уақыттан жылдамдырақ өткен
кезде құрсақ ішіндегі қысым атмосферлік қысымға өте тез айналып ауысады,
сондықтан
ауа қысымының айырмашылығынан қан ми ұлпасына құйылады.
Қан айналымның бұзылуына, соның салдарынан түрліше ауытқуларға
асфиксия (гипоксиядан – оттегінің жетіспеушілігінен демнің тоқтап баланың
тұншығып қалуы) апарып соғады.
Туу процессі ұзақка созылып кеткенде баланың иық нерв шиелешсуі
зақымдануы мүмкін, сол себептен баланың қол сал ауруы (паралич) дамиды.
Баланың дуниеге келгеннен кейінгі мерзімде пайда болған ауытқулардың
салдары болып табылады. Оған жүйке жүйесінің инфекциялық аурулар тобы
жатады - нейроинфекциялар (жүйке жүйесінің вирусты жұқпалы аурулары). Оның
ішінде вируспен бактериялар қоздыратын қабыну аурулар.
Менингит ауруы (ми қабықтарының қабынуы) гидроцефалияға, саңыраулыққа,
психика дамуының тежелуіне және қозғалғыштың бұзылуына әкеліп соғады.
Бала шағында энцефалит ауруы (бас ми ұлпаларының қабынуы) психиканың
тежелуіне себеп болады, баланың мінез-құлығы, көңіл-күйі өзгереді.
Менингоэнцефалит (ми қабынуы) ми мен жұлынның зақымдануына септігін
тигізеді. Мұның салдарынан жүріс-қимылы, сөйлеу қабілеті бұзылады.
Полиомиелит ауруы баланың қозғалысын шектейді, жеке бұлшық еттердің
сал ауруын тудырады.
Ауытқулардың басқаша да себептері болады. Мысалы, жарақаттар (жиі
көру, есту талдағыштардың, ми жарақаттары). Соның салдарынан жылжу, психика
қызметтерінің айқын бұзылуы, сөйлеу, зерденің төмендеуі, невроздар, қояншық
байқалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда кемістіктің себебі больш уланулар табылалы. Арақ-
шарап, наша (наркотик), қорғасын, сынап т.б. нерв жүйесіне негативті түрде
әсер етеді. Дәрі-дәрмек қатарынан өте залалды болып стрептомицин сияқты
антибиотик-дәрінін калыпты дозасынан артық мөлшерлері саналады. Ол есту
нервінің қызметін бұзады.

іріктеу және жүйелеп қолданудың ерекшеліктері
Коррекциялық-педагогикалық процесте арнайы білім беру принциптері
сәйкес әдістер мен тәсілдер, сондай-ақ білім беру технологиялары да жүзеге
асырылады.
Арнайы педагогика даму мүмкіндігі шектелген адамдардың білім алу
процесінде арнайы білім беру технологияларының, оқыту және тәрбие
әдістеріне жүктеледі.
Тәрбиелеу мен оқыту әдістері мұғалім мен оқушының өзара әрекетінің
реттелген тәсілдері бола, білім мен дағдылар және танымдық қасиеттерінің
дамуына бағытталады. Психологиялық-педагогикалық көмек даму мүмкіндігі
шектелген адамның өмірінде жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуының
арнайы тәрбие әдістерінің жүйесін құрайды.
Педагогикалық сананың қазіргі жағдайында есейіп келе жатқан баланың
дамуы, қалыптасуы және әлеуметтенуі туралы тұрақты түсініктер қалыптасқан.
Дамуында ауытқуы бар балаларға білім бру процесі өз кезегінде оқыту және
тәрбиені біріктіріп жүзеге асырады. Бұл жағдайда оқыту мен тәрбие әдістерін
бөліп алып қарастыру жасанды болып табылады және арнайы білім беру
процесінің түрлі жақтарын аналитикалық зерттеу мақсаттарында ғана
қолданылуы дұрыс болады.
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеуде қолданылатын
әдістер тобы балалардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыруға бағытталып
ұйымдастырылады. Бұл топқа келесі әдіс топшалары жатады:
перцептивтік (сөз түрінде жеткізу әдісі және оқу материалын есту
немесе көру арқылы қабылдауы, оны меңгеру тәсілін ұйымдастыру бойынша
ақпарат беру; көрнекілік, іс-тәжірибелік әдістер);
логикалық (индуктивті және дедуктивті);
гностикалық (репродуктивті, мәселелі-ізденушілік, зерттеушілік);
Даму мүмкіншілігі шектелген балаларды тәрбиелеу жұмыстарында жоғарыда
көрсетілген тобынан әдістерді таңдау бірқатар факторлармен анықталады.
Біріншіден, перцептивтік сферасының (есту, көру, тірек-қимыл жүйесі
және т.б.) дамының ауытқуына байланысты оқушылардың есту, көру, тактильді-
вибрациялық қабылдау және басқа да білімтүріндегі ақпаратты қабылдау
мүмкіндігі қиындайды. Ақыл-ой дамуының ауытқулары білімдік ақпаратты толық
қабылдауына мүмкіндік бермейді. Сондықтан білімдік ақпаратты толық
жеткізуге, қабылдауға, зердеде ұстауға, өңдеуге оңтайлы әдістерді ағзаның
сақталған талдағыштары мен қаситеттеріне, яғни берілген адамның табиғатына
сәйкес ерекше білімдік қажеттіліктеріне сүйене отырып таңдау керек.
Даму мүмкіншілігі шектелген балалардың тәрбиелеудің алғашқы
кезеңдерінде баланың сенсомоторлық негіздегі көріністерін және танысдық
түсінігін қалыптастыратын бірінші орында перцептивтік әдістер топшасынан іс-
тәжірибелік және көрнекілік әдістер таңдалынады. Бұл әдістерге толықтыру
ретінде білімдік ақпаратты сөз түрінде жеткізу әдісі жатады. Кеңірек сөздік
әдіс қолданылатын әдістер жүйесінде маңызды орынды алады.
Екіншіден, даму ауытқуының кез-келген түрінде баланың сөйлеу тілі
бұзылады. Бұл әсіресе оқытудың алғашқы кезеңдерінде мұғалімнің сөзі, сөз
түріндегі түсіндірулері, сөздік әдістері барлығы жетекші ретінде қолданыла
алмайтынын түсіндіреді.
Үшіншіден, дамудың бұзылуының түрлі типтерінде сөздік-логикалық
ойлауының қалыптасуы қиындап, бұл өз кезегінде оқыту процесінде логикалық
және гностикалық әдістерді қолдану мүмкіндігін едәуір шектеп, осыған
байланысты индуктивті әдіс қолданылады. Сондай-ақ түсіндірмелі-
иллюстративті, репродуктивті және ізденушілік әдістер қолданылады.
Жалпы мектепте сөз түріндегі әдістер ішіндегі әңгімелесу әдісі
кеңінен тараған. Әрине, әңгімелесу балаларды оқу процесіне жұмылдыруға,
қарым-қатынас жасауға үйретіп, баланың білім деңгейін анықтауға және
тұрақтандыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ дефектолог ғалымдар мысалы,
С.А.Зыков, бұл әдістің арнайы білім берудегі бірқатар кері жақтарын
көрсетеді: әдетте бұл әдіс оқушы әрекетінің бір түрін көрсетуде – баладағы
бар білімді шығаруда ғана жетекші болады. Әңгімелесу әдісінде мұғалім сабақ
кезінде белсенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz