Темперамент туралы



І. Кіріспе:
1.1. Темперамент туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Темперамент туралы теориялар.
2.2. Балаларды тәрбиелеу мәселесі

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.
Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиетінің бірі болып табылады.
Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалды.
Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан, қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас.
Психологиялық сипаттамасы
Темперамент –адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, жықпай істеиді, психиканың күші мен тереңдігінен де мәселен, біреу өжет ,алғыр болса ,екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, тұрақсыз, жеңіл т.б.), эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
И.П.Павловтың жүйке-жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен , жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе , ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын түратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратьп істегенмен, олардың кейде қолын бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар — холерик темпераментінің өкілдері.
1. Жарықбаев Қ. «Жалпы психология» , Алматы, 2004 ж.
2. Намазбаева Ж.И. «Психология» , Алматы, 2005 ж.
3. Жарықбаев Қ. «Жантану негіздері», Алматы, 2002 ж.
4. Бап-Баба С. «Жантану негіздері», Алматы, 2003 ж.
5. Выготский Л.С. «Психология», Москва , 2000 г. стр 100.
6. Жантикеев С.К. «Психология» , Учеб. Пособие, Астана, 2000г , 210 стр.
7. Немов Р.С. «Психология» , Москва, 2002 г.
8. Рубинштейн С.Л. «Основы общей псхологии» , Москва 1989 г.
9. ПоповА.Л. «Психология» , Учеб. Пособие, Москва, 2002 г.
10. Маданов И.Д. «Управление стрессом» , Москва, 1996 г.
11. Тәжібаев Т. «Жалпы психология», Алматы, 1993 ж.
12. Тульчинский Г.Л. «Разум, волья, успех: о философии поступка» , Лененград, 1990 г.
13. Гиппенрейтер Ю.Б. «Введение в общиую психохологию» , Москва , 1988 г. 281-310 стр.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе:
1. Темперамент туралы түсінік.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Темперамент туралы теориялар.
2.2. Балаларды тәрбиелеу мәселесі

ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Темперамент туралы түсінік
Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың
динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың
табиғи ерекшеліктері.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның
табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін
қасиетінің бірі болып табылады.
Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас
жағдайында анығырақ және ертерек байқалды.
Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан,
қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы
жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас.
Психологиялық сипаттамасы
Темперамент –адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң
қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, жықпай істеиді,
психиканың күші мен тереңдігінен де мәселен, біреу өжет ,алғыр болса
,екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады, адамның көңіл-күйінің
ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, тұрақсыз, жеңіл т.б.), эмоция
сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып
отырады.
И.П.Павловтың жүйке-жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр
түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен , жүйке процестері
күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе , ұйытқымалы, қимыл-
қозғалысқа шапшаң келеді. Олар — ұстамсыз, күйіп-пісуге ылғи да дайын
түратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратьп істегенмен, олардың кейде қолын
бір сілтеп сылқ түсетін кездері де болады. Бұлар — холерик темпераментінің
өкілдері. Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш, жалындап атьп тұратын
жауынгер тип деп атады.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты, тұрлаулы,
ширақ тип ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін тастап жүре
береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен тез тіл
таба біледі, үжым арасында өзін көңілді үстайды, былайша айтқанда, ақ
көңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері — іс жоқ кезде сылбыр күйге түсіп
кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бүл оның эмоцияларының
тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын
жайттар.
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді.
Олар кез келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-
тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір
осал жері— қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға
селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы,
салқьнқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып
табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға өсер етпейтін нәрсе жоқ, бірак,
өсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді не де болса ішінде
жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп жұғыспайды,
бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйыктық, өз ойына шомуға
бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық — осы темпераменттің ең бір нашар жағы.
Орыстың классик жазушылары өз шығармаларында түрлі темпераменттің өкілдерін
тамаша керсеткен. Мөселен, Л. Толстойдың "Соғыс жөне бейбітшілік"
романындағы қарт князь Волконский - холерик темпераментінің, "Анна
Каренинадағы" Степан Облонский - сангвиник темпераментінің, Н. В. Гогольдің
"Өлі жандардағы" Собакеевич — флегматик темпераментінің, мұндағы
Тентетников — меланхолик темпераментінің нағыз айқын өкілдері болып
табылады.
Қызметтің түрлі салаларындағы асқан талантты адамдардың арасынан да
түрлі темперамеңттердің өкілдері табылады. Мәселен, А. С. Пушкиннің өзі де,
оның сүйсіне жырлаған басты геройларының бірі — бірінші Петр де, холерик
темпераментінің өкілдері болған. "Полтава соғысында" Петрдің темпераментін
А. С. Пушкин былайша суреттейді:
"Жалтылдап екі көзі, түсі ызғарлы,
Қимылы өте шапшаң, тым қаһарлы
Тамаша тұрған бойы бір ғаламат,
Бір өзі тәңірінің қаһарындай,
Адыңдап келе жатты...""
Орыстың ұлы қолбасшысы А. Суворов та холерик темпераментінін өкілі. Ол
туралы бір естелікте былай делінген: "Оның қөзқарасы, сезі, қимылдары
өзгеше құнақылықпен көрініп тұратын. Ол тыныш отыру дегенді білмейтін, жүз
жұмысты бірден істеп тастауды аңсап тұратын адам еді. Қартайған кезінде де
ол жай жүруді білмеген, жүгіріп жүрген, атқа мінгенде шауып жүретін,
жолында орындық түрса, айналып өтудің орнына, оньщ үстінен қарғып кететін
болған".
Орыс жазушыларының көрнекті өкілдері Герценді -сангвиник, Гогольді —
меланхолик, Крыловты — флегматик темпераментгерінің өкілдеріне
жаткызуға болады.
Табиғи жағдайда темпераменттердің "таза" түрін ажырата алу,
көбінесе қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барыеында қальштасатын
өр түрлі ерекшеліктерінң көлеккесінен жөнді көрінбей қалуыда мүмкін.
Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер бізге төменгі сынып
оқушылары арасынан темпераменттердің "таза" түрлерін тауып алуға мүмкіндік
берді.
Оқушылардың сейлеу ерекшеліктерінің калыптасу жолын қарастыра отырьп,
сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұньң балалардьң
темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бүл
жерде профессор Н. И. Красногорскийдң баланың жоғары жүйке қызметі оның
сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда, дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу
карқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады.
Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы
ақыл-ой әрекетінін ерекшеліктерін, жүмыс істей білу қабілетін, осыларға
байланысты түрлі козғалыс қимылдарымен де санаспауға болмайды. Жоғарьда
айтылғандарға байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін
төмендегіше түжырымдауга болады:
1. Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері: ашық, көпшіл,
сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып-қымтырылмайды, оптимист, өмір сүйгіш,
көтеріңкі көңілді, басшылыкқа, жетекшілікке
құштар.
Мұндай бала жылдам және тез қозғыш, көңіл күйі жиі өзгергіш келеді, көп
нәрсеге қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап
отырмаса, тез суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ой әрекеті белсенді жүріп
отырады. Сыныпта мұгалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны
құмар. Оның сезі жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды
жақсы сақтайды, сөзді мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара
(мимика, пантомимика) жағы басьш келеді, кебінесе эмоциялы, қозу
жағдайында тұрады. Осындай балалардың мінез-құлқынан қажырлылык,
белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді көруге болады. Сондықтан да
сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге оңтайлы, ширақ темперамент болып
саналады.
2. Флегматик темпераменті басым окушының ерекшеліктері. Ол өте сақ,
ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз
асып-саспайды. Сабақта тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр
мінезді, көрсе қызар емес, мөселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір
істі бастаса салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері
сырт әлпетінен керінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу
келеді, аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым-ишаралармен ерекшеленіп
тұрмайды. Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен
кейін оқу дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы керсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып
тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл күйі жиі өзгеретін, қарым-
қатынаста аумалы-төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді,
белсенді пысық, бірақ бейқам, ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті
сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан
жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой-әрекетінің
белсенділігі байқалады.
Ой-әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да жақсы көрінеді.
Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатынасады. Мектепте
ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да осылар. Мұндай
балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз эмоциялары мен
қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, "күйіп-пісуге" дайын тұрады.
Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың сөзі жылдам,
интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та кетеді. Олар
тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден үйытады. Холерик
темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез
беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл
сияқты ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы
байқалады.
4. Меланхолик темпераменті ібасым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге
ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай
басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу керінгенмен, онысы терең
жөне ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың
бәрін үлкен өсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны
тақтаға шақырып есеп шығартса, мүның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер
етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын
орындап шыға алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен
кетпейді. Егер мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса
(бүлай ету әрине дүрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап
айта алмайтьн жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз
айтудан қалады. Меланхолик темпераментіндегі оқушы, кебінесе, өз
жолдастарының арасында көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, "мен"
деп ешқашан ұмтылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйык болғандықтан,
көпшіліктен аулак жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы-
кұрдастары "корқақ", "сылбыр", "үндемес", "маубас" т. б. деп келеке ететін
кездері де болады. Ол жасканшақ, сіркесі су кетермейді, бірбет, қьрсық ,
кисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың есімдікке
тигізетін әсерімен салыстыруга болады. Өйткені темперамент — адамньң табиғи
жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтседе, темперамент адам
психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында
біртіндеп калыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен
қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес. Бұл жөнінде
Н. Г. Чернышевский өте тамаша айтқан: "Егер қабағынан қар жауған, сөзге
сараң Валленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін болса, әзілқой,
сөзшең Суворов тасоғыста одан аспаса, кем түспейтін.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуіне сырттай із
қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген
қағиданың бірден-бір дұрыстығын мелонхоликпераментіндегі оқушылардың
өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың
мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан
темпераменттердің қандайы болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып
отыратындығы, тіпті мелан-холиктердің өзін ерік-жігері күшті, мінезді,
ұжымның бағалы мүшесі етіп тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

Темпераментгің төрт типінің сипаттамасы
Холерик темпераменті. Бұл типтің өкілі аса қозғыштығымен соған
орай мінез-қүлқының ұшқалақтыгымен көзге түседі. Холерик қарым-катыста -
күйгелек, бір беткей, шабуылға жаны кұмар, іс-әрекетте - пысық Холериктер
жұмысты үзіп-үзіп істегенді ұната Олар айналысқан ісіне жан-тәнімен
беріледі. Осы жолда кездескен киындықтың бәрін жеңуге даяр тұрады,
кедергілерді жеңіл, мақсатына жетеді. Қайрат-жігері мұқалы, өз
мүмкіндігіне сенімі кетсе, енсесі түсіп, еш нәрсеге мойны жар бермей қояды.
Осылайша, тек көңілі ауғанда істеушілік, оның жүйке қызметінің бір қалыпты
: тепе-тең еместігінен болады. Бұл жөнінде И.П. Павлов былай дейді:
"Байсалдылығы жоқ қажырлы адам кез келген іске барлық күш жігерімен
кіріседі де содан соң тез шаршап қалады, кейіннен зауқы аумай қояды...
Сангвиник темпераменті. Бұл темпераменттің өкілін П.П.Павлов
қызу қанды, іскер адам деп санайды. Бірақ ол ылғи қызықты іспен
айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мұндай іс жоқ кезде ол жабыркаңқы,
сылбыр жүреді.
Сангвиникке қимыл қозғалыста - белсенділік, өмір жағдайының өзгеруіне жеңіл
бейімдеушілік тән. Ол адамдармен тез тіл тауып, үйіркелесе кетеді, жұртты
жатырқамайды. Ұжым ішінде сангвиник көңілді ақ-жарқын, іске бар ықыласымен
кірісетін, әуесқой адам, сылайша жалындап тұрғанымен іске зауқы болмаса,
яғни күнделікті үйбеңі, төзімділікпен ерінбей-жалықпай істеуді қажет ететін
жұмыс ап болғанда суынып қалады.
Сангвиникте эмоция тез пайда болып, тез өзгереді. Бұл — оның көңіл күйінің
қолайсыз түрінен тез арылып, өзін қызықтырған іске көріскен кезде ақ
жарқын, жаны жайсаң жағдайға түсе атындығының белгісі. Мида
жаңадан жасалатын уақытша байланыстардың тез өзгеріп, қайтадан өңделуі
оның ақыл-ойыныың оңтайлылығын байқатады. Сангвиник ойға жүйрік, өткір
тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әр түрлі, көп қырлы жұмысты
нәтижелі атқарады. Бір қалыптылықты және шапшаңдықты іейтін жұмыстар бұған
ете қолайлы.
Флегматик темпераменті. И.П. Павловтың сипаттауынша, барлық
уақытта да байсалды, ұстамды бір қалыпты, табанды және ді, еңбекқор
адам. Жүйке үрдістерінің тепе-теңдігі мен қулығы флегматикке қандай
жағдай да болмасын бір қалыпты қаштықта болуга мүмкіндік береді.
Қозу үрдісін бәсеңдететін күшті тежелу оның ырықсыз қимыл-қозғалыстары
болып, ұсақ-түйекке алаңдатпай жүйелі жұмыс істеуге, қалыпты өмір сүруге
жағдай жасайды, флегматик ұзаққа іатын, бірақ күшті сарқып алмайтындай
жұмысты жақсы атқара (шыдамды, зейінді, орнықты). "Мінез-құлықтың қалыпты
жүйесі, өмір ағысының біркелкілігі менің жұмысым мен демалуының қозу ,
тежелу үрдістерінің бір қалыптылығынан екендігі түсінікті нәрсе.
Флегматик - салмақты адам, ол күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі
аяғына жеткізеді. Ол бөспелікті сүймейді. Жұртпен қарым-қатынасы да бір
сарынды жүріп жатады.
Баяулық пен селқостық - флегматиктің осал жағы. Оған ырғалып-жырғалуға,
жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық оның стереотиптерінің
оралымсыздығынан мінез-құлқының оңтайлы еместігінен, жаңа жағдайға тез
үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің
тұрақтылығын керсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік
береді. Флегматиктер ұзақ уақыт жұмыс істеуге сабырлық пен әрекет етуге
төзімді болады.
Меланхолик темпераменті - бұл типтің екілдері аса сезімтал соның
салдарынан жаны тез жараланғыш келеді. Меланхоликтер тұйық, қиын
жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Ол
қауіпті жағдайлардан қорқады.
Қозу және тежелу үрдістерінің әлсіздігі бұлардын бір-бірімен тен келмеуі
(тежелуі басым болады), кез келген күшті әсер -меланхоликтің қимыл
қозғалысын баяулатын, онда шектен тыс тежелу туғызады. Меланхоликті әлсіз
тітіркендіргіштер де мазалайды, одан да зор әсер алады, сондықтан да ол
ұсақ-түйектің бәріне де қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар
мұны меланхоликтердің күшті с езіне білу қабілетінен деп есептейді.
Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін
жақсы ұқтайды, жұртпен қарым-қатысқа түсіп, алған ісін нәтижелі
орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді.
Темпераменттің негізгі төрт типінің екілдері бір қалыпты жағдайдың
сезінде өздерін түрліше ұстайды екен. Бірде темпераменттері
әр түрлі төрт дос театрға кешігіп барады. Мұнда жағдайда олардан қандай
мінез байқалған?
Холерик билет жыртушымен айтысып партердегі ез орнын барып отыруға
әрекеттенеді. Ол театрдағы сағат ілгері кеткен, жұртқа кесел келтірмей
орныма барып отыра қоямын деп салғыласып, билет тексерушіні итермелей
бастайды.
Сангвиник пәртерге жібермейтініне көз жеткен соң жоғарғы қабатқа
көтерілудің қиынға соқпайтынын сезіп, баспалдаққа қарап жүгіріп кетеді.
Флегматик залға жібермейтінін көріп: "Алғашқы көрініс онша қызық
болмайды. Буфетке бара тұрайын" деп антракт болуын күтеді.
Меланхолинк: "Менің әркез жолым болмайды. Өмірімде бір рет театрға келген
едім, ол да сәтсіз болды" дейді де үйіне тартып отырады.
Осылайша темперамент адамның белсенділік сипатынан (жұмыс істеу
қабілеттілігі, әлеуметтік қарым-қатынастағы тіл табыса алу мүмкіндігі),
мінез-құлықтың түрлі қалпынан үнемі өзгерістегі сыртқы ортаға бейімделе алу
жагдайынан көрініп отырады.
Темперамент және жеке адамның қалпы. Адамның мінез-құлқы оның туыстан
пайда болған тип өзгешелігіне ғана тәуелді болмай, жүйке қызметінің тікелей
емір барысында қалыптасатын түрімен де байланысты екенін еске ұстау кажет.
Кейде тыныш бір қалыпты флегматик холерикке эмоциясы бұрқанып, күйіп-пісіп,
әлек іболады, ал холериктің кейбір жағдайларда өз күшіне сенбейтін, енжар
меланхоликтің қалпына түсіп кететін кездері де болады. "Осындай көріністер
кейбір психолоттарды аралас темперамент те олады деген пікірге алып
келеді. Мұндай түсінікті дұрыс деуге болмайды. Аралық темпераменттер болады
деген дұрысырақ.
Бір адамның өзінде де әр жағдайда түрлі мінез-құлық көрініп отырады,
оны талдауда алғашқы кезде осы адамның типтік өзгешеліктері еске алынады,
өйткені, мұндай жағдайларда жүйке -жүйесінін түрлі типтерінде көңіл күйі
түрліше байқалады. Мәселен, холерикке - көңілдің түсуі, бұрқануы, ал
флегматикке - ұстамдылық, меланхоликке - өз күшіне сенімсіздік т.б. тән
қасиет.Олай болса осы жағдайлар адамның типтік белгісі болып табылады.
Егер адам сыртқы әсерге қалай болса солай қарайтын болса, осы әсердің өзі
екенін зерттеу қажет.
Өмірде алынған мына екі мысалдлы келтірейік. Холерик басқа адамның кез-
келген ескертпесіне , әсіресе оның намысына тиетін сөзге ылғи ашу-ыза
кейіс білдірді. Флегматик мұндайда бір рет айтылған.
Холерик қуатын шапшаң жұмсаумен көзге түссе, флегматик оны бөгеп, жинақтап,
қозу тежелуді жеңе бастаған жағдайда ғана жұмсайды.
Адамның жабырқауы мен солқылдақтығы да осы тектес болады. Холериктерде
бұл ұзақ жұмыс істеген кезде қажудан туындаса, меланхоликтерде бұл жайт
қарым-қатынас пен өмір жағдайының түбегейлі өзгеріске түскен кезінде немесе
қысқа мерзімді күйзеліс үстінде белең береді.
Осы айтылғандарды ескеру және білу - адам темпераменттерінің
ерекшеліктерін ажырату үшін кажет.
Темпераменттердің балалық шақтағы көріністері.
Темпераменттердің табиғи, қарапайым көріністері балалық шақта жақсы
байқалады. Бала ескен сайьш оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене
түседі де, оның одан алатын әсері де мол болады. Осыған орай
темпераменттердің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.
Дамудың жотары деңгейінде темпераментгерді анықтаудын қиынға
соғатынынын тағы бір себебін бұлардың мінез сапаларымен араласып, қарым-
қатынастың жаңа формаларының ішіне еніп кететіндігінен деп ұғыну қажет.
Сондықтан да біз кейде темперамент көріністерін - мінез бітімі деп,
керісінше, мінез бітімдерін - темперамент ерекшеліктері деп шатастырамыз.
Жүргізілген зерттеулер жүйке қызметімен темпераменттін типтері
өте ерте көріне бастайтындығын аңғартқан. Мәселен Е.П.Ересь үшінші
сынып оқушыларының темпераменттерін зерттегенде (9-10 жастағылар),
бұлардьың арасынан темпераменті айқын ажыратылған барлық типтерін тапқан.
Бұл жөнінде И.В.Страхов зерттеулерінде де айтылады. Зерттеу объектісі
болған окушының 33-інде темпераментгін анық түрлері кездескен де бұлардын
алтауы - аралық темпераментке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темпераменттің психологиялық сипаттамасы
Темперамент түрлері
Темперамент сипаттамасы
Холерик темпераменті
Темперамент жайында
Темперамент туралы жалпы ұғым. Темпераментті тәрбиелеу мәселелері
Темперамент жеке тұлғаның биологиялық фундаменті
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Темпераменттің төрт типінің сипаттамасы
ТЕМПЕРАМЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер