12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдарындағы негізгі оқу бағдарламалары



Кіріспе
І тарау. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері
1.2 Жалпы орта білім беру құрылымы
1.3 БІЛІМ беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
1.4 12 жылдық білімге мұғалімдердің дайындығы
1.5 Бағдарламаның негізі
ІІ тарау. Білім беру процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері мен дамытушылығы
2.1 Педагогикалық кадрлар
2.2 Білім беру нәтижелерінен күтілетін
жетістіктерді бағалау жүйесі
2.3 12 жылдық білім беру жүйесін басқару
2.4 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары
2.5 12 жылдық білім берудегі оқытудың ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясы¬ның негізгі қағидаларын жаңа кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне” барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалып¬тасу үстінде. Қол жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке дейін” деген біздің ұлттық филосо¬фия¬мыздың астарында үлкен мән-мағына, терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қа¬ғи¬дасы. Оның бастау бұлағы, алтын тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйе¬сінде жасалып жатқан рефор¬малар атап айту¬ға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойла¬сып пішер тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім қауым¬дас¬тығына нық басып ену үшін үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.
Соның бірі жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдыққа көшірілуі.
Эксперимент ретінде жүзеге асырылып жатқан бұл жүйе бойынша оқушының соңғы екі сыныпта оқитын физика, химия және т.б. пәндерден алған білімі келесі білім деңгей¬лерінің бағдарламаларында қайталанады. Сайып келгенде, бұл тиісті деңгейдегі депар¬таменттердің мемлекеттік білім стандартын жасауда екінші деңгейдің оқу бағдарламасын ескермеуінде жатыр. Сондықтан тиісті департаменттер әр деңгейде білім берудің бір¬із-ділігі мен сабақтастығын үйлестіру мәселесін ойлануы қажет. Кәсіптік және жоғары білім беру жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету үшін мектеп бағдарлама¬ла¬рын қайта қарау қажеттілігі де осыдан келіп туындайды. Мұны құрамына орта, кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерінің өкілдері енгізілген оқу жоспарын жасау жөніндегі респуб¬ли¬калық әдістемелік-үйлестірушілік орталық құру арқылы жүзеге асыруға болар еді.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі — Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының «»Білім туралы»» Заңына; «»Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына»»; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «»Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»» атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінін кеңесіне, ЮНЕСКО-ның уздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.
1.Он екі жылдық білім беруге көшу- Бастауыш мектеп.- 2001 №1 51.
2.Ізмүқанов М. 12 жылдық мерзіміне көшу туралы. Бастауыш мектеп. -2004 №1 62 б.
3.Кенеш Ә.С., Есенова М.И., Жадраева Л.У. Кіші жастағы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдістемесі және оны ұйымдастыру. Әдістемелік құрал.- Астана: РҒПО 12 жылдық білім проблемалары, 2004.- 62 бет
4.Садыков Т.С., Әбілқасымова А.Е. 12 жылдық білім методологиясы. Оқу құралы - Алматы, 2004.- 138 бет
5.Кенеш А.С., Қалиев Ж.Н., Әбдірәсілова Л.Ә. Оқу тәрбие процесінде ұлттық - мәдени құндылықтарды пайдалану. Әдістемелік құрал.- Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары РҒПО, 2004.- 45 бет
6.12 жылдық білім. Республикалық 12 жылдық білім беру проблемалары ғылыми - практикалық журнал. 2004 №1
7.Балғажина Н.Р., Сулейменова Ш.Ә. эксперименттік сынып оқушыларының оқу нәтижесін бақылау және бағалау.- Астана: 12 жылдық білім беру проблемалары республикалық ғылыми практикалық орталығы, 2004- 20 бет
8.Омарова Р С,Кудабейрдиев Т К, Сариев А. А .Особенности процесса обучения в условиях 12-летней школы Методическое пособие.-Алматы: Гылым,2ООЗ.-4Ос
9.Мониторинг образовательного процесса начальной школы.Методическое пособие. Астана:РНПЦ проблем 12-летнего образования ,2004.-97с.
10. Дидактические игры на уроках технологии и изобра- зрительного искусства (для детей шестилетнего возраста). Астана: РНПЦ проблем 12-летнего образования.-2ОО4.-38с.
11. Пустовалова Н. Реализация преемственных связей в формировании элементарных математических представлений у старших дошкольников в условиях перехода на 12-летнее Обучение.-2ОО4№2
12. Жадрина М. Поиск условий развития школьного образования в контексте_ перехода на 12-летний цикл обучения+ Творческая педагогика.- 2ОО2 №2
13. Мажикеев Т. Некоторые аспекты перевода организаций образования на 12-летнее обучение или Авторское видение основ 12-летнего образования. Творческая педагогика 2002 №2
14. Тургумбаева Ж.М.,Смагулова А.Т.,Тулебаева Х.Т.,Дюсенова У.А.,Оразбаева З.Е. «Особенности здоровье сберегающей технологии обучения младших школьников на уроках.» 2ОО2.-23с.
15. Методическое руководство диагностики состояния экспериментальной работы в классах с 12-летним обучением.-Астана: 2ОО4.52с.
16. Диагностика состояния Зкспериментальной работы в классах с 12-летним обучением.-Астана:РНПЦ проблем 12-летнего образования,2ООЗ.-23с.
17. .Есенова М.И.,Жадраева Л.У.,СуворинА Г.Е. Структурирование учебно- -методического комплекса по математике для учащихся и учителей начальных классов.Методическме рекомендации.Астана:РНПЦ проблем 12-летнего образования,2ООЗ,17с.
18. Развитие познавательной активности младших школьников в условиях 12-летнего образования. 2ОО4.-56с.
19. Садыков Т.С.,Абылкасимова А.Е. Методология 12-летнего образования. Учебное пособие. Алматы:НИЦ»Гылым»,2ООЗ.-164с.
20. Тургумбаева Ж.М.,Тулеубаева Х.Т.,Даниярова К.А., Адинаева К.К. «Организация и проведение поискового эксперимента на начальной ступени 12-летнего обучения.» Методические рекомендации. Астана:РНПЦ,2ОО2.-32с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
халқына Жолдауында “Қазақстан-2030” стратегиясының негізгі қағидаларын жаңа
кезеңде дамытатын міндеттерді көрсете келе: “Енді бір 10 жылдан кейін жаңа
Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер
кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз”, — деп атап көрсетті. Тәуелсіз
Қазақстанның “әлемдік өркениеттің бұйда ұстар тұсына қол жеткізуіне”
барлығымыз бірдей ат салысуымыз қажет. Қашанда, қайбір елдің болмасын даму
деңгейі ел білімі мен ғылымының дамуынан көрінеді. Елбасымыздың әр жылғы
Жолдауында отандық білім беру жүйесіне баса назар аударып, стратегиялық
басымдық ретінде қарастыруы да осыдан.
Қазақстанда білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасу үстінде. Қол
жеткізген біршама жетістіктеріміз де баршылық. “Тал бесіктен – жер бесікке
дейін” деген біздің ұлттық философиямыздың астарында үлкен мән-мағына,
терең ой жатыр. Бұл – өмірлік білім қағидасы. Оның бастау бұлағы, алтын
тамыры – мектеп. Осы орайда орта білім беру жүйесінде жасалып жатқан
реформалар атап айтуға тұрарлық. Дегенмен, ортаға салып, ойласып пішер
тұстарымыз да жоқ емес. Әлемдік білім қауымдастығына нық басып ену үшін
үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру қажет.
Соның бірі жалпы білім беретін мектептердің 12 жылдыққа көшірілуі.
Эксперимент ретінде жүзеге асырылып жатқан бұл жүйе бойынша оқушының
соңғы екі сыныпта оқитын физика, химия және т.б. пәндерден алған білімі
келесі білім деңгейлерінің бағдарламаларында қайталанады. Сайып келгенде,
бұл тиісті деңгейдегі департаменттердің мемлекеттік білім стандартын
жасауда екінші деңгейдің оқу бағдарламасын ескермеуінде жатыр. Сондықтан
тиісті департаменттер әр деңгейде білім берудің бірізділігі мен
сабақтастығын үйлестіру мәселесін ойлануы қажет. Кәсіптік және жоғары білім
беру жүйесіндегі сабақтастықты қамтамасыз ету үшін мектеп бағдарламаларын
қайта қарау қажеттілігі де осыдан келіп туындайды. Мұны құрамына орта,
кәсіптік, жоғары білім беру жүйелерінің өкілдері енгізілген оқу жоспарын
жасау жөніндегі республикалық әдістемелік-үйлестірушілік орталық құру
арқылы жүзеге асыруға болар еді.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық орта жалпы білім беру
Тұжырымдамасы (бұдан әрі — Тұжырымдама) - жалпы орта білім беру жүйесінің
мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнелетін
негізгі құжат болып табылады.
Бұл Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына;
Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың стратегиялық
жоспарына; Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін
дамытудың мемлекеттік бағдарламасына; Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында атты жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім
министрлерінін кеңесіне, ЮНЕСКО-ның уздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына
сәйкес әзірленді.
Жоғары динамикалы, жаһандану дәуірінде өмір сүру үрдісін, ойлау мен
қарым-қатынасты түбегейлі өзгертетін байланыс құралының қарқынды дамуы,
сондай-ақ адамның интеллектісіне, әл-ауқаттылығына, оның икемділігіне,
жасампаздық іс-әрекетіне қол жеткізетін тәсілдер қоғамның негізгі капиталы
бола бастады.
Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі -
өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана
емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны
жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру
болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар
алдыңңы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, төзімділік, әлеуметтілік
жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық,
танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.
Қазақстандық жалпы орта білім мазмұны оқушының өмірдегі кұзіреттідігі
үшін жеткіліксіз болып отырған әрбір оқу пәні бойынша білімі, білігі және
дағдысын алу тәртібімен ғана сипатталады. Білім мазмұнының артық
ақпараттығы оқушының оқуға ынтасының төмендеуіне және денсаулығының
нашарлауына әкеп соғады.
Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірден тұрақты
өзгерістерді ескере отырып, қоғам өміріне еркін енуіне дайындығын
қамтамасыз ететін жалпы орта білімді дамытудың қарқынын арттыру
кажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Оқушыны тұлғалық дамыту
міндеттерін іске асырудағы, оның психикалық және физиологиялық денсаулығын
сақтаудағы, әлеуметтендірудегі мектеп білімінің рөлін күшейтудің маңызды
зор.
Тұжырымдаманың мақсаты - 12 жылдық мектеп жағдайында Қазақстан
Республикасының жалпы орта білім беру жүйесін жаңарту жолдары мен дамыту
стратегиясын айқындау. Тұжырымдаманың міндеттері:
12 жылдық мектептегі білім беру мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын
және оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін ашып көрсету;
12 жылдық білім беруге көшудің қаржылық-экономикалық негіздемесін дайындау.
осы Тұжырымдаманың күтілетін нәтижелерін анықтау;
Тұжырымдама төмендегі бөлімдерден тұрады:
Әлемдік үрдістер мен отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы
орта білім беруге көшудің негіздемесі.
12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері.
Жалпы орта білім беру құрылымы.
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары.
Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері.
Педагогикалық кадрлар.
Білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалау жүйесі.
Жалпы орта білім беру жүйесін басқару.
9.12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары.
Зерттеудің мақсаты: 12 жылдық дамыту күні және білім беру бағдарындағы
негізгі оқу бағдарламалары
     Зерттеу міндеттері:
      1. Қазақстандағы 12 жылдық білім берудің қалыптасып дамуына
ықпал жасаған Н.Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиясы негіздерін
айқындау;
      2. Қазақстандағы бастауыш, орта мектептердің және жоғарғы оқу
орындарының қалыптасып, даму тарихнамасын анықтау;
Зерттеу әдістері: 12 жылдық білім беру бағдарламаларына талдау жасау
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу кіріспе, негізгі бөлім І-ІІ тараулар,
қорытынды, әдебиеттер тізімі тұрады.
Зерттеу объектісі: 12 жылдық білім беру жүйесі.
 Зерттеу пәні: 12 жылдық оқу орындарынының қалыптасуы мен дамуы.

І тарау. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі
1.1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мақсаты мен күтілетін
нәтижелері
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі
үрдістері мыналар болып табылады:
қоғам дамуының қарқындылығы;
постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға көшу, мәдениаралық өзара қатынас
ауқымының кеңеюі;
- халықаралық ынтымактастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық
проблемалардың туындауы және өсуі;
қоғамның демократиялануы;
экономиканың қарқынды дамуы, бәсекелестіктің өсуі;
адам капиталы мәнінің артуы.
Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей
теңденациялар байқалып отыр:
- білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы, білім беру мазмұнын
құру әдістерінің өзгеруі, білім беру мазмұнындағы жетілдірілген
моделдердің жасалуы, білім беруді басқарудың тиімді тәсілдерін іздестіру,
жаңа білім технологияларының енгізілуі және т.б.;
- оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық
белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін жаңа дамытушы, сындарлы
білім беру моделіне кешуі, - терең және
белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;
- оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік,
көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің
күшейтілуі;
- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.
Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектеп соңғы жылдары өзінің
келбетін өзгертті. Білім беруді жаңарту жүйесін қолдайтын нақты қадамдар
жасалды. Олардың ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
әзірлену және енгізілуі, кредиттік технология негізіндегі үш сатылы жоғары
білім моделінің енгізілуі, вариативті білім берудің енгізілуі, білім
сапасын бағалау критерийлерін әзірлеу жөнінде жұмыстар басталды.
Бірақ қол жеткен жетістіктер адам капиталының дамуы мен орнықты
экономикалық өсуді толық қамтамасыз ете алмайды.
Қазақстанның білім беру жүйесінің даму деңгейіне кері ықпал ететін
мынадай фақторлар қалып отыр:
1. Білім мазмұнының оқушының оқуға қызығушылығын төмендететін және
денсаулығына кері ықпал ететін ақпараттық сипатының басымдығы.
Орта білім беру жүйесінде диагностикалық мақсаттылықтың болмауы.
Білім берудің жеке тұлғаның дамуына емес, формальды нәтижелерге
бағдарлануы.
Оқу жетістіктерін бағалауда оқушыны қызықтырмайтын, шынайылықты қамтамасыз
етпейтін және қиындық тудыратын жағдайға душар ететін ескірген жүйенің
сақталуы.
Жасөспірімдердің тұлғалық, азаматтық және адамгершілік қасиеттерінің
жеткілікті дамымауы, өзін-өзі кәсіби анықтау мотивтерінің болмауы, өзіндік
қызығушылығы мен өмірлік жоспарын сезіну деңгейінің төмендігі.
Қазақстан қоғамының қазіргі геосаяси, экономикалық және әлеуметтік
жағдайы, әлемдік білім кеңістігіне кірігуі Қазақстан Республикасының жалпы
орта білім жүйесін жаңғыртуды, атап айтқанда, орта білім мазмұны мен
құрылымын, мақсаттарын қайта қарауды және оқыту мерзімін кеңейтуді талап
етеді.
Қазіргі кезеңде 12 жылдық мектепке есептелген белгілі бір халықаралық
білім беру стандарты қалыптасты.
Еуропа кеңесінің (1992 ж.) Декларациясына сәйкес 12 жылдық білім беру
әлемдік білім кеңістігінде 136 елде жузеге асырылуда. Олардың ішінде
дамыған елдерден: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және т.б. ТМД елдерінен
12 жылдық оқыту мерзімін Беларусь, Украина, Өзбекстан және Балтық елдері
тандады.
Қазақстаның 12 жылдық білім беруге көшуі білім берудің жаңа ұлттық
моделін жобалаудың стратегиялық міндетгерін табысты шешуге мүмкіндік
береді.
12 жылдық білім берудің басты мақсаты:
Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын,
өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және
құзіретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім берудің күтілетін нәтижелері белгіленген мақсатқа сәйкес мектеп
түлегінің негізгі құзырлылығы төмендегіше анықталды:
1 Қүндылықты-бағдарлы кұзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны бірдей
қабылдайтын қабілеті, жоғары әдептілік құндылыктар негізінде жасампаз қоғам
өмірінде өзінің рөлін таба білу біліктілігі, азаматтылығы мен елжандылығы.
Бұл кұзыреттілік өмірдегі түрлі жағдайларда шешім қабылдай білу білігін
қамтамасыз етеді. Ең бастысы, өзінің Отаны Қазақстан патриоты болу,
азаматтық, белсенділігін көрсету, саяси жүйені түсіну, болып жатқан
әлеуметтік жағдайларға баға бере білу.
2.Мәдениеттанымдық құзыреттілік - жалпы адамзаттық мәдениет
жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен
жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін,
этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық
ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін
түсіну. Өзі халқының мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлігігін түсіну және
бағалауға мүмкіндік беретін мәдени-демалыс қызметін тиімді ұйымдастыру
тәсілдерін игеру; рухани келісім мен толеранттылық идеяларына бейім болу
[1, 51 б].
3 .Когнитивтік кұзыреттілік - оқушының зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-
танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлылық. Бұл құзырет өзінің
білімділік қызметін ұйымдастыра білуді, тиімді жоспарлай білуді, сәйкес
функционалдық сауаттылық талаптары негізіндегі білімді игеруде әлемнің
ғылыми бағытын түсінуге ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеруге
мүмкіндік беретін өзінің әрекетіне талдау және қорытынды жасау тәсілдерін
қарастырады.
4.Коммуникативтік құзыреттілік - адамдармен өзара әрекет пен карым-
катынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты
жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу
білігін, мемекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел
тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.
5. Ақпараттық-технологиялык құзыреттілік - бағдарлай білу, өз
бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім
мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің
көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
6. Әлеуметтік өзара қарым-катынас құзыреттілігі - отбасылық, еңбек,
экономикалық, саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық -
қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды білдіреді.
Бұл құзырет әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға нақты талдау жасай білуді,
шешім қабылдай білуді, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам
мүддесіне сәйкес ықпал ете білуді, кәсіби бағдарын саналы тандай алуды
қарастырады.
7.Тұлғалық өзін-өзі дамыту кұзыреттілік. Бұл құзырет отбасылық, еңбек,
экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-
қоғамдық қызмет білімі мен тәжірибесінің болуын білдіреді. Құзырет нақты
әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға талдау жасай білуді, түрлі өмірлік
жағдайларда, яғни өзінің мүмкіндігін нақты перспективалық жоспарлаумен
салыстыра білуді, қызметін өзіндік қадір-қасиет сезімімен ұйымдастыра
білуді, өзінің өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына
сәйкес шешім қабылдауды және ықпал етуді қарастырады.
Аталған құзіретгіліктерді игеру оқушының жалпы орта білім беретін
мектеп жағдайында нәтижелі әлеуметтендірілуіне игі ықпал етеді.
12 жылдық мектепке енгізілген бейіналды және бейіндік дайындық оқушының
өз қабілеті мен өмірлік құқығына сәйкес өзін өзі кәсіби анықтауында,
болашақ кәсіби қызметін саналы да жауапты таңдауына едәуір тиімді
дайындыққа қол жеткізуде олардың әлеуметтендірілу мүмкіндігін кеңейтеді.
Әлеуметтендіру нәтижесі — қазіргі нарық жағдайы мен өзінің өмірлік
жолын моделдеу мүмкіндігінде белсенді икемділік таныта алатын, әлеуметтік
ортасында әлеуметтік тәжірибе негіздері мен адамзаттық қатынастар
мәдениетін игерген мектеп түлегі [2, 62 б].
.

1.2 Жалпы орта білім беру құрылымы
Жалпы орта білім беру құрылымын жаңарту білім беру процесіне
қатысушылардың талабын, мүмкіндігі мен қызығушылығын толық ескеруді, оқыту
сатылары бойынша оқу материалдарын бірдей қайта бөлуді, оқытуды
дараландыруға жағдай жасауды көздейді.
12 жылдық жалпы орта білім берудін құрылымдық-мазмұндық моделі
төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылды:
жеке тұлғаның жас кезендерінің ескерілуімен;
күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
оқытудың сабақтастығы;
әрбір оқыту сатысының даралығы.
12 жылдық білім беру жағдайьшда мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
деңгейі ерекше мәнге ие болып отыр. 5 жастағы балаларды мектепалды даярлау
олардың психологиялық, педагогикалық, дене және физиологиялық талаптарьш
ескере отырьш, бастауыш мектепке оқытуға дайыңдау сапасьшың басты жағдайы
ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

1-саты
Жалпы орта білім беру (1-4 сыныптар)
Оқуды бастау жасы — 6 жас
Оқыту үзақтығы — 4 жыл
1-сатыдағы негізгі бағдар — оқушының өзін-өзі таныту мүмкіндігі мен
қоршаған ортасының шынайылылығы туралы білімді игерудегі даралығын ашу,
оқуға талабын және білігін қалыптастыру, яғни оқытудың келесі сатыларына
қажетті танымдық қызығушылығын арттыру, кіші жастағы оқушылардың
біртұтас оқу әрекетін қалыптастыруға ықпал ету.
Баланың тұлғалық қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуын
қамтамасыз ету. Бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге,
оқу, жазу, санау, шығармашылықпен ойлау элементтерінің, жеке гигиенасы мен
денсаулығын сақтау негіздерінің болуына ықпал ететін оқу әрекетін
ұйымдастыру.
2-саты
Жалпы орта білім беру (5-10 сыныптар)
Оқыту үзақтығы - 6 жыл
2-сатының негізгі бағдары негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау,
адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның
біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі
ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына,
теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне, зерттеу
дағдысының қалыптасуына ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және
орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының үшініші сатыдағы бейіналды дайындықтың
мектеп қызметінің оқушының болашақ бағдарын саналы таңдауына дайындығына
игі ықпал ететін педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық
және ұйымдастырушылық жүйесі ретінде жүргізілуі болып есептеледі.
3 - саты
Жалпы орта білім беру (11-12 сыныптар)
Оқыту ұзақтығы - 2 жыл
Жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын үшінші сатының
негізгі мақсаты оқытудың саралануы мен даралануына бағдарланған жалпы орта
білім беру, оқушылардың болашақ кәсіби қызметіне саналы да жауапты таңдау
жасауына, жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану-математикалық, әлеуметтік-гуманитарлық
және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін,
білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның
сұранысын ескере отырып анықталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде,
гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде
жүзеге асырылады.
Материалдық-техникалық жағдайын, кадрлық әлеуметі мен оқу-әдістемелік
қамтамасыз етуді ескере отырып, үшінші сатыдағы бейіндік оқыту төмендегі
ұйымдастыру нысандары бойынша қарастырылады:
Бір бейінді мектеп - бір бейінді оқытуды іске асыру;
Көп бейінді мектеп - бірнеше бейінді оқытуды ұйымдастыру;
3.Жалпы білім беретін мектептердегі, гимназиялардағы, лицейлердегі,
дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердегі бейінді
оқыту сыныптары.
4.Өңірлік ресурстық орталық - материалдық және кадрлық әлеуеті
жеткілікті, басқа мектептер бейіндік оқытуға пайдалана алатын ресурсы бар
білім беру ұйымы. Ресурстық орталықтар ЖОО, колледждер немесе білім беру
орталықтары жанынан ұйымдастырылуы мүмкін.
(Ауыл мектебі жағдайындағы ауылдық ресурстық орталық -айналасындағы
мектептердің материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік және кадрлық әлеуметін
кіріктіре алатын ауылда толыққанды база мен бейіндік оқытуды қамтамасыз ете
алатын, қуатты білім беру ұйымдарының бірлестігі.)
5.Сырттай оқытатын және кешкі мектептер еліміздің ЖОО, облыстық БАИ
жанынан ашылған бейіндік мектептер мен ресурстық орталыктардың
базасында жүзеге асырылады.
Ауылдық жер жағдайында шалғай ауылдан келетін оқушылардың тұруына
мынадай жағдайлар жасалады:
ауыл оқушыларына арналған бейіндік оқытудың барлық түрі ұсынылған мектеп-
интернат;
интернат типіндегі пансионат - шағын комплектілі ауыл мектептерінен келген
оқушыларды таңдаған бейіндеріне немесе ресурстық орталықтарына қарай аудан
орталықтарындағы орта мектептерде жүзеге асырылады.
Бейіндік мектептің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері мыналар болуы
тиіс: оқушының өмірлік жолын жобалауда субъективті қатынасының жоғары
сатылығы, таңдаған бейіндік оқытуға өзінің қабілеті мен қажетіне сәйкес
қанағаттылығы [3, 62 б].

1.3 Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары
Білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары мыналар:
білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына
сәйкестендіру;
білім беру мазмұнын ізгілендіруді, оның вариативтілігін қамтамасыз ету;
- өз бетімен білім алуға, оны практикада қолдана білуге және
қажетгілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі құзырлылық қалыптастыруға
ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамасыз ету;
танымдық уәждемелерін калыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын
іріктеу,
білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне
мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық
болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
Отандық және халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын
ұйымдастырудағы тәжрибесін ескере отырып, Қазақстан Республикасының білім
беру мазмұны құрамына 8 білім саласы енгізілді: Тіл және әдебиет,
Математика, Жаратылыстану, Қоғамтану, Технология, Өнер,
Дене шынықтыру, Адамтану.
Білім беру саласының мазмұны Мемлекеттік базистік оқу жоспарларында
қарастырылған пәндер арқылы іске асырылады.
Білім мазмұнына инварианттық компонент (өзінің мазмұны мен жүйесі
бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандарттарының талаптарына жауап
беретін оқу бағдарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік
компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің қалауы және
таңдауы бойынша игерілетін оқу жоспарының вариативті бөлігі. Мұңда оқушының
өзіндік зерттеулік дағдыларын қалыптастыруға арналағн Зерттеу мәдениетінің
негіздері атты арнаулы курсы беріледі), жоғары сатыға (11-12) сыныптар
бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп оқытылатын, өзінің мазмұны
мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу
пәндерінің, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.

1.4 12 жылдық білімге мұғалімдердің дайындығы
12 жылдық мектеп оқулығын жазу және оның сапасын анықтау үшін оқулық
мони­торингі жүйесін жасау өзінше жеке, көлемді, әрі аса маңызды ғылыми
проблема болып табылады. Кезінде, “Мектеп” баспасы жанынан оқулық авторлары
мектебі ашылған болатын. Кейіннен оның жұмысы саябырсып қалды. Қазір,
қайтадан, министрліктің қолдауымен және қаржы бөлуімен, оқулық авторлары
мектебін ашу қажет және оқулық сапасы мониторингі жүйесін жасау керек.
12 жылдық мектеп ұстаздарын дайындау, ол да өз алдына аса күрделі
ғылыми проблема. Бірде бір оқу орны бұл жұмысқа әлі жүйелі кіріскен жоқ.
Концепция да жазылған жоқ. Шындығына келер болсақ, 12 жылдық мектеп
талабына сай мұғалім дайындау аса күрделі жұмыс. Себебі, оларға 11 жылдық
мектеп мұғалімдеріне қарағанда көптеген жаңа талаптар қойылады. Бұл
педагогикалық оқу орындарының білім мазмұны көптеген өзгерістерге ұшырайды
деген сөз.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі
мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қарастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені,
Ы.Алтынсариннің Мұғалім- мектептің жүрегі, - деп айтқанындай, барлық күш
мұғалімге түспек.Мұғалімнің шығармашылық жұмысында кәсіптік- шығармашылық
дамуы жөнінде В.А.Афанасьева, Н.Д.Хмель, Ш.Т.Таубаева, А.А.Бейсенбаева,
М.Ә.Құдайқұлов, А.К.Ахметов және т.б. ғалымдар педагогикалық кәсіби
шеберлікті шындау жөнінде көптеген еңбектер жазды.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік
позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана
айқындала түседі. Жалпы кәсіптік жұмыста мұғалім үшін зерттеушілік
іскерліктер мен дағдыларды меңгеру маңызды орын алады. Ол кез келген әдіс-
тәсілді оқу- тәрбие процесінде кәсіби тұрғыдан жүзеге асырумен қатар әрбір
оқушыны, оның құрдастарымен, ата- анасымен қарым- қатынасын анықтап отыру,
мұғалімнің педагогикалық- психологиялық тұрғыдан білімнің зеректігін
көрсетеді.
Тыңғылықты педагогикалық, пәндік дайындығы бар мұғалім ғана оқу
процесінің барлық міндеттерін жан- жақтылықпен шеше отырып, өз тәжірибесін
әдістемелік тұрғыдан байыта алады. Егер мұғалім өз саласы бойынша пәндік
білімі жетік болса, педагогика мен психологияны толық меңгерсе, әр уақытта
өз әрекетін дұрыс ұйымдастырып отырса, онда біртіндеп өзінің педагогикалық
шеберлігін кәсіби тұрғыдан шыңдай түседі.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге
көшу мәселесінің ерекшелігі сол- 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының
зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер
алдында тұрған негізгі мәселелер Баланы оқуға қалай үйрету керек?
Ойлауға қалай үйрету керек? Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету
керек?деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып
отыр.Осы сұрақтарға жауап беру үшін әрбір мұғалім белгіленген талаптарға
сай болуы керек. Ол талаптарды үлгіден көруге болады. Сонымен қатар
мұғалімнің бойынан адамгершілік қасиеттермен қоса педагогика, психология,
логика, лингвистика ғылымдарын жетік меңгерген маман екені көрініп тұру
керек.Әрине әдістемені тәжірибеде қолдана білу қабілеті болуы керек.
Бізде орта мектептің жоғары сатысында, 12 жылдық мектептің 11-12
сыныптарында бағдарлы және кәсіптік білім беру қарастырылған. Бірақ әлі
мемлекеттік тұрғыдан бұл мәселе жан-жақты ойластырылып, тиесілі шешім
қабылданбай отыр. Бұл өте күрделі, әрі мол қаражат бөлуді қажет ететін және
аз уақытта шешіле қоятын проблема емес. Бұл үшін де көлемді зерттеу
жұмыстарын жүргізу керек.
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасына
сәйкес, Қазақстанда орта білімнің 4 жылдық бастауыш, 6 жылдық орта және 2
жылдық толық орта білім беру моделі бекітілген. Дамыған елдердің, АҚШ,
Канада, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания, Қытай елдерінің білім беру
жүйелері моделдерін алып қарайтын болсақ, бұл елдерде негізінен 6 немесе 5
жылдық бастауыш білім, 3 немесе 4 жылдық орта білім және 3 жылдық бағдарлы
немесе кәсіптік білім беру моделі қабылданған. Орта білім берудің осындай
моделдерінде 6 жастан мектепке баратын балалардың психологиялық-
физиологиялық өсу ерекшеліктері ескерілген. Сондай-ақ, 9 жылда жалпы орта
білім беруді аяқтауға болатындығы ойластырылып және соңғы 3 жылда заман
талабына сай жақсы кәсіптік-техникалық білім беріп, 18 жасқа толған
жастардың еңбекке еркін араласуларына, яғни олардың қалаған кәсіптерін
толық игеріп, өз беттерінше еңбек ету мүмкіндіктеріне ие болуларына жағдай
жасау қажеттілігі негізінде қабылданған. Сонымен бірге, жастар­дың
келешекте өз білімдерін жалғастыруларына мүмкіндіктерінің болуы да
ойласты­рылған. Ал тек терең университеттік білім алғысы келетін жастарға,
сол ғылым бағыты бойынша соңғы 3 жылда жақсы бағдарлы білім берілуі
керектігі ескеріліп, жүзеге асырылған.
Бізде қандай ғылыми-зерттеулер негізінде, барлық дамыған елдерден
өзгеше, 4+6+2 моделі қабылданған және оның тиімділігі қалай дәлелденген?
Егер мұндай зерттеулер жүргізілген болса, онда оны жүргізген зерттеу
орталығы, сол зерттеу нәти­желерін жариялағаны дұрыс болар еді. Өйткені,
бұл бүкіл халықты ойландырып жүрген проблема. Ал біздің, бұл зерттеулердің
нәтижелерінің дұрыстығына үлкен күмәніміз бар. Білім беру жүйесінің моделі
жалпы білім беру жүйесінің негізі екенін естен шығармағанымыз абзал.
Дүние жүзінің дамыған елдерінде білім беру саласында реформа шамамен 10
жыл­да бір рет жүргізіліп тұрады. Бұл салада реформа жүргізу үшін
мемлекеттік дең­гейде тыңғылықты жұмыстар атқарылады, мол қаражат бөлінеді.
Мысалы, 1980 жыл­дары Германияда негізінен орта білім мазмұнына қатысты
жүргізілген реформа кезінде, 2000 эксперимент жүргізу үшін 1,4 млрд. марка
қаражат жұмсалған.
Елімізде жүргізіліп отырған 12 жылдық мектепке көшу аса күрделі
реформа. Се­бебі, 12 жылдық мектептің мазмұны жасалғанда, білім берудің
басқа барлық саты­ларының, тіпті жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
мазмұны да міндетті түрде өзгеріске ұшырайды. Бұл жұмысты атқару үшін
жүздеген ғылыми және білім беру мекемелері, мыңдаған ғалымдар, оқытушылар
мен әдіскерлер жұмылдырылуы қа­жет. Сонымен бірге, бұл жұмысқа барлық
облыстық, қалалық, аудандық әкімдіктер мен білім басқармалары да қолдарында
білім саласына бөлінген қаражат болған­дықтан, кеңінен тартылуы қажет.
Басқа министрліктермен де қоян-қолтық атқаратын жұмыстар да жетерлік.
Осынша күрделі жұмыс бір орталықтан жүйелі түрде басқарылып, іске асырылған
жағдайда ғана реформа сапалы жүретін болады.
Айта берсек, шешімін таппаған маңызды проблемалар жетерлік. Ойымызды
қорытындылай келе, айтар ұсынысымыз:
біріншіден, білім беру саласында атқарылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына
бөлі­нетін қаржы көлемін 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда, кем дегенде,
10 есе арттыру керек;
екіншіден, оқушыларға рухани-имандылық (өнегелік) тәрбие беру жобасын
мемлекеттік деңгейдегі аса маңызды жобалар қатарына қосуды іске асыру
қажет;
үшіншіден, жаһандану жағдайында жеке тұлғаның, қоғамның және
мемлекеттің қажеттілігін іске асыратын ұлттық білім моделін және Қазақстан
Республикасының біртұтас білім саясатын жасау жұмыстарын бастау қажет. Бұл
құжаттарды дайында­ғанда жастардың рухани-имандылық (өнегелік) және дене
тәрбиесі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі керек;
төртіншіден, дамыған елдердің білім беру жүйелерін зерттеуге және
олардың жетістіктерін еліміздің білім беру жүйесінде тиімді пайдалану
мүмкіндіктерін анықтауға ерекше көңіл бөлініп, мұндай жұмыстар жүргізу үшін
қомақты қаржы бөлінуі керек;
бесіншіден, еліміздің білім беру жүйесіне мемлекеттік-қоғамдық
басқаруды енгі­зудің ғылыми-теориялық негізін және іске асыру жолдарын,
сонымен бірге, білім беру саласында қоғамдық аудит моделін жасауды іске
асыру үшін зерттеу жұмыстарын бастау қажет.
алтыншыдан, қазіргі уақытта өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін
қарасты­рылып жатқан заңға сай білім беру жүйесінің ұлттық моделін жасау,
мемлекеттің біртұтас білім саясатын қалыптастыру және 12 жылдық мектептің,
жалпы білім жүйесінің басты мақсаты ретінде жастарға рухани-имандылық
(өнегелік) тәрбие беру мәселелерін кіргізу керек. Тіпті заң осы тұрғыдан
қайта қарастырылуы қажет. 12 жылдық мектеп моделіне орайластырылуы тиіс деп
білеміз.
жетіншіден, 12 жылдық орта білім беру жүйесінің моделін анықтау жөнінде
зерттеу жұмыстарын жүргізу, оның нәтижелері заң жүзінде бекітілуі керек.
Бүкіл дүниежүзі біздің Елбасымыздың саяси кемелділігі мен көрегендігін
ашық мойындап отыр. Біз Елбасы айтқан сөздердің барлығын мұқият тыңдап,
оның мәнін терең түсініп, қажетті қорытындылар жасап, оны орындауға
талпынуымыз қажет [4, 132 б].

1.5 Бағдарламаның негізі
Жұртқа белгілі, 2004 жылы 2005-2010 жылдарға арналған Қазақстан
Республика­сында білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы
қабылданды. Онда 2008-2009 оқу жылында 12 жылдық мектепке өту жоспарланған.
12 жылдық білім беруге сапалы өтуді қамтамасыз ету үшін 2005 жылы 12
жылдық білім беру проблемаларының Республикалық ғылыми-практикалық орталығы
(РНПЦ) құрылды. 12 жылдық мектептің білім стандартын жасау бұл орталықтың
бірінші кезектегі міндеті болды.
12 жылдық мектептің білім стандарты мынадай үш құжаттан тұрады:
- негізгі ережелер,
пәндік стандарттар,
- білім берудің оқу бағдарламалары.
Білім беру мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының
негізінде жасалған оқыту бағдарламаларымен анықталады.
Жалпы білім беруге арналған оқыту бағдарламалары типтік және жұмыс
бағдарлама­ларынан тұрады. Типтік бағдарламалар стандарттар негізінде, ал
жұмыс бағдарламалары тиісті типтік оқыту бағдарламалары негізінде жасалады.

12 жылдық мектептің оқулықтары осы құжаттар негізінде жазылуы тиіс.
Бүгінгі күннің шындығына келсек, осы кезге дейін 12 жылдық мектептің
білім стандартының негізгі ережесі жоқ.
Білім және ғылым министрлігінің жаңа басшылығы дайындалған 12 жылдық
мектептің білім стандартының негізгі ережелерінің жобасын жетілдіру қажет
деген бірден-бір дұрыс шешім қабылдады.
Қазіргі уақытты 12 жылдық мектеп бастауыш сыныптарының оқулықтары
жазылып, сараптан өткізілді деген пікір айтылуда.
Мұнда біраз сұрақтар туындайды:
- егер 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарында 11 жылдық мектеп
стандарты бойынша жазылған оқулықтар қолданылатын болса, онда қандай мектеп
реформасы жөнінде сөз айтуға болады?
- жұртшылық қауым танысу үшін 12 жылдық мектеп стандарттарының негізгі
ере­желері жариялана ма?
- алдағы реформаның мемлекеттік маңызын қаперге ала отырып және оны
сапалы өткізу үшін әлі де болса көптеген істер атқару қажеттігін мойындай
отырып, 12 жылдық білім беруге көшудің мерзімін өзгертуге болмай ма?
Жалпы білім беру жүйесінің маңызды проблемаларының бірі – өскелең
ұрпақты тәр­биелеу. Жапония білім беру жүйесі – әлемде алдыңғы
қатарлылардың бірі. Бүгінгі жапон мектебі, бірінші кезекте, жапондықтардың
ұлттық рухын дәріптейді, өз тәрбиеленушілерінде адамгершіліктің тиісті
нормаларын қалыптастырады, олардың бойына ұлттық мінез-құлықтың негізгі
белгілерін сіңіріп, дамытады. Осы мақсатты іске асыру үшін Жапония
мектептерінің оқу жоспарында әртүрлі гуманитарлық пәндерді оқытуға көбірек
көңіл бөлінеді. Бұл пәндердің кейбірулері біздің мектептерде тіпті
оқытылмайды, не өте аз оқытылады.
Соңғы кезде баспасөз бетінде Америка мен Батыс елдерінің ғалымдары
“өскелең жастарды рухани және адамгершілікке тәрбиелеуде Шығыс елдерінің
тәжірибесін зерттеп, оны пайдалану дұрыс болар еді” деген ой айтуда,
өйткені, бұл фактор білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді. Біздің
ойымызша, біздегі ұсынылып отырған стандарт бұл тұрғыдан әлі де болса
қайта қаралуы керек.
Отандық оқу құралдарын жасау 1996 жылы “Жалпы білім беретін мектептер
үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау мен басып шығару”
атты мақсатты кешенді бағдарлама қабылданған соң басталды. Бұл білім беру
жүйесін реформалаудағы маңызды қадам болды.
Кеңес одағы кезеңінде қазақ мектептері сабақтарды аударма оқулықтар
арқылы жүргізді, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ДАМЫТУ
12 жылдық білім беру жүйесінде «қазақ әдебиеті» пәнін оқыту мәселелері
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты. Қазақстандағы бейіндік оқытуды ұйымдастыру тәжірибесі
12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық – педагогикалық шарттары
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Биологиялық сипаттағы қажеттер
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Орта мектеп практикасындағы саралап оқыту
Пәндер