Шешендік өнері туралы түсінік



Кіріспе. Шешендік өнері туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3.9
І Тарау. Әлеуметтік.тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік.стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10.15
1.1. Бата.тілек мәнді, ғибратты шешендік сөздердің тілдік.стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15.18
1.2. Қоғамдық.әлеуметтік мәні бар құттықтау, мадақтау, бағалау, сөздерінің тілдік.стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 18.25
1.3. Қоштасу сипатындағы шешендік сөздердің тілдік.стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 25.27
1.4. Естірту, жұбату, жоқтау сипатындағы шешендік сөздердің тілдік.стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 27.33
ІІ Тарау. Әлеуметтік.тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің стилистикаға қатысы
2.1. Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі. . . . . . . . . . . . . .34.39
2.2. Шешендік сөздерге тіл, стиль мәселесінің қатысы. . . . . . . . . . . . . . . .40.44
ІІІ Тарау. Әлеуметтік.тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздердің тілдік.стилистикалық ерекшеліктері
3.1. Сөздік құрамы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 45.51
3.2. Бейнелеуіш.көркемдеуіштік құрылымы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 51.63
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 64.65
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .66.67
Қазақта шешен деген сөз тектен тек шыға салған жоқ. Қазақ - әңгімеге шебер, сөз қадірін өз қадірім деп білген халық, кеңдігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Оның тарихы да, тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен көрегендігі де сол сөзде жатыр. Сол себепті шешендік сөздер – халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың басынан кешірген өмірін, арманы мен қиялын көрсетеді, өмірге, дүниеге көзқарасын, ой өрісін бейнелейді. Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да болса жетемін деген сенімнен айрылмаған. Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын болжап, қиялдап айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуаныш үстінде дем беуршілік, реніш үстінде жұбатушылық қызмет атқарған.
Әрине, болмыстағы құндылықтарды танып-біліп, олардың қыр-сырын анықтауда, жалпы заңдылықтарын ашып, олар туралы ойы мен түсінігін тұжырымдап айтуда, тағылым етіп ұсынуда адамзат қауымына тән ортақ көзқарас пен құндылықты бағалауда ұқсастықтың болуы заңдылық болып шығады екен. Сонымен қатар, әрбір халықтың өзіне ғана тән рухани мүмкіншілігіне, өзіндік ұлттық логика мен ойлауынан туындаған, өз тілінің болмысына сәйкес айтылған байырғы да төл даналық қорының қалыптасуы заңды. Міне, осылайша, ғасырлар бойы қорланып, жинақталған даналық сөздердің шығу төркіні, қалыптасу жолы қазақ халқының шешендік өнерінде жатыр екен. Яғни, олар – халық даналығының ең бір өзекті де өрісті арнасы, қазақ халқының тіл өнеріне деген ерекше қабілетін паш ететін саласы болып табылады.
Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында сыналып, бағаланған. Бұл өнерді қазақ халқының сан ғасырлық тарихының, бостандығы мен бақытты болашағы үшін жүргізген күресінің айнасы, айғағы есепті. Ғасырлар бойы жинақталған, сығымдалған, сұрыпталған шешендік өнер нұсқаларынан халықтың тіл байлығын, ақыл-ой қорын және шебер сөйлеу мәнерін үйреніп үлгі алуға болады.
1. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері және тілдік танымы. Алматы, 2005.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы. Алматы, 1996.
3. Төреқұлұлы Н. Қазақтың жүз шешені. Алматы, 1993,
4. Аристотель. Поэтика. Риторика. Философия. Москва, 2000,
5. Апресян Г. З. Ораторское искусство. Москва, 1972.
6. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. Шығармалары. Алматы, 1989.
7. Садырбаев С. Шешендік өнер. Алматы,
8. Адамбаев Б. Шешендік өнер. Алматы, 1999.
9. Сыздық Р. Сөз құдіреті. Алматы, 1997.
10. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Алматы, 1989.
11. Оразалинов С. Алыптар тобының соңғы сардары. // Егемен Қазақстан. 2002, 15 наурыз.
12. Ахметов З. Терең таным, биік талғам. // Егемен Қазақстан, 2002, 2 наурыз.
13. Әуезов М. Шығармалар. Алматы, 16-том.
14. Нұрпейісов Ә. Қош бол, Қуан ақын!.. // Ана тілі, 2001, 22 ақпан.
15. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Алматы, 2003.
16. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 1992.
17. Афанасьев А. Н. Поэтические воззрения славян на природу. // Опыт сравнительного изучения славянских преданий и верований в связи с мифическими сказаниями других родственных народов. Москва, 1989.
18. Қоңыров Т. Қазақ теңеулері. Алматы, 1978
19. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. Алматы, 1973.
20. Жұмалиев Қ. Стиль - өнер ерекшелігі. Алматы, 1966.
21. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясы. Генезис. Стилистика. Поэтика. Алматы, 2001.
22. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. Алматы, 1995.
23. Цицерон. Об ораторском искусстве. Москва, 1973.
24. Аристотель. Политика. Сочинения. В 4 томах. Москва, 1983.
25. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 2006.
26. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977.
27. Сыздықова Р. Сөз сазы. Алматы, 1994.
28. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы, 2004.
29. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы, 1998.
30. Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993.
31. Исаев С. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1996
32. Болғанбаев Ә. Синонимдер сөздігі. Алматы, 2002.
33. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Он томдық, Алматы, 1974-1986.
34. Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. Аламты, 1966.
35. Жұбанов Ә. Қазақтың ауызекі көркем тілі. Алматы, 1978.
36. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. Алматы, 1998.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы:

Кіріспе. Шешендік өнері туралы түсінік. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . 3-9
І Тарау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық
белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . 10-15
1.1. Бата-тілек мәнді, ғибратты шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық
белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 15-18
1.2. Қоғамдық-әлеуметтік мәні бар құттықтау, мадақтау, бағалау, сөздерінің
тілдік-стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . 18-25
1.3. Қоштасу сипатындағы шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық белгілері.
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . 25-27
1.4. Естірту, жұбату, жоқтау сипатындағы шешендік сөздердің тілдік-
стилистикалық белгілері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . 27-33
ІІ Тарау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің стилистикаға қатысы
2.1. Шешен бейнесінің қалыптасуындағы стиль мәселесі. . . . . . . . . . . .
. .34-39
2.2. Шешендік сөздерге тіл, стиль мәселесінің қатысы. . . . . . . . . . . .
. . . .40-44
ІІІ Тарау. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздердің тілдік-
стилистикалық ерекшеліктері
3.1. Сөздік құрамы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 45-51
3.2. Бейнелеуіш-көркемдеуіштік құрылымы. . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . 51-63
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 64-65
Пайдаланылған әдебиеттер. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . .66-67

Кіріспе.
Шешендік өнері туралы түсінік.
Қазақта шешен деген сөз тектен тек шыға салған жоқ. Қазақ - әңгімеге
шебер, сөз қадірін өз қадірім деп білген халық, кеңдігін де, елдігін де,
кемеңгерлігі мен көсемдігін де сөзге сыйғызған халық. Оның тарихы да,
тәлімі мен тәрбиесі де, даналығы мен көрегендігі де сол сөзде жатыр. Сол
себепті шешендік сөздер – халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл
қазынасы. Мазмұны халықтың басынан кешірген өмірін, арманы мен қиялын
көрсетеді, өмірге, дүниеге көзқарасын, ой өрісін бейнелейді. Халық өзінің
қиялдаған арманына қашан да болса жетемін деген сенімнен айрылмаған.
Өмірдің сан алуан құбылыстарын бір-бірімен теңеп, салыстырып, болашағын
болжап, қиялдап айтылған даналық сөздер халықты үнемі жеңіске, табысқа
жетектеп, құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуаныш үстінде дем беуршілік,
реніш үстінде жұбатушылық қызмет атқарған.
Әрине, болмыстағы құндылықтарды танып-біліп, олардың қыр-сырын
анықтауда, жалпы заңдылықтарын ашып, олар туралы ойы мен түсінігін
тұжырымдап айтуда, тағылым етіп ұсынуда адамзат қауымына тән ортақ көзқарас
пен құндылықты бағалауда ұқсастықтың болуы заңдылық болып шығады екен.
Сонымен қатар, әрбір халықтың өзіне ғана тән рухани мүмкіншілігіне, өзіндік
ұлттық логика мен ойлауынан туындаған, өз тілінің болмысына сәйкес
айтылған байырғы да төл даналық қорының қалыптасуы заңды. Міне, осылайша,
ғасырлар бойы қорланып, жинақталған даналық сөздердің шығу төркіні,
қалыптасу жолы қазақ халқының шешендік өнерінде жатыр екен. Яғни, олар –
халық даналығының ең бір өзекті де өрісті арнасы, қазақ халқының тіл
өнеріне деген ерекше қабілетін паш ететін саласы болып табылады.
Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың
алдында сыналып, бағаланған. Бұл өнерді қазақ халқының сан ғасырлық
тарихының, бостандығы мен бақытты болашағы үшін жүргізген күресінің айнасы,
айғағы есепті. Ғасырлар бойы жинақталған, сығымдалған, сұрыпталған шешендік
өнер нұсқаларынан халықтың тіл байлығын, ақыл-ой қорын және шебер сөйлеу
мәнерін үйреніп үлгі алуға болады. Халықтың тілінде шешендікті сондықтан да
шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген деп шеберлікпен салғастырып
бағалаған. Мұнда шешеннің сөзі нысанаға дәл тиетіні жағынан анықтауда терең
мағына бар. Халық түсінігінде шешеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай
өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет болатындай
терең мағыналы, көркем болуға тиіс. Тіл өнерінің салтанатты думаны сондай
шешендік алаңында қызады да, оның от ауызды, орақ тілді шеберлері сол
думанда көзге түседі. Соларды қазақ шешен деп атап, тілдің терең қыр-
сырын аса меңгерген дарын иелері деп құрметтеген. Сондай ерекше шешендік
қабілеті бар кісілер елді аузына қаратып, ел алдында отағасы, биағасы,
ауыл ақсақалы, ру басы сияқты атаққа да ие болған.
Шешендік сөз өнерінің әлеуметтік сипатын көрсететін жағдайдың бірі –
шешендік өнердің тарихи құбылыс болуы. Себебі ол - шешеннің шебер сөйлеу
өнерін тарихи кезеңде қалыптастыратын дәстүр, ол – сөз жарыстыру, сөзбен
айтысу ақылдың ұшқарлығы мен ойдың тереңдік тұрғысынан сайысқа түсу өнерін
және интеллект сайысына түсу өнерін қалыптастыру дәстүрі болып табылады.
Халықтың шешендік өнер дәстүрі ежелгі дәуірлерден қолданып келе жатқан
аңыз-әңгімелерде, тұрмыс-салт жырларында, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарда
сақталып қалған. Әдебиетшілер С. Сейфуллин мен М. Әуезовтің пікірлерінде
орын алған сияқты, шешендікті өз алдына жанр ретінде қарайды да, оны халық
ауыз әдебиетінің бір түрі – билер сөзі деп қана қарастырады. Шешендікті
тілдік тұрғыдан зерттеген ғалым Г. Қосымова Қазақ шешендік өнерінің
негіздері және тілдік танымы деген еңбегінде бұл пікірді дұрыс емес деп
қарайды. Егер қазақтың феодалдық қоғамында шешендік өнердің басты иелері
ру басы – билер болды десек, ежелгі дәуір шешендігі атап өткен
тараудағыдай, қол бастаған батырлардың, ел басқарған көсемдердің, халықтың
рухани демеушісі болған ақын-жыраулардың, халық арасынан шығып, артына
өшпес мұра қалдырған ғұлама ғалымдардың даналығын қайда қоямыз? – дейді
зерттеуші. (1, 18). Сондықтан шешендік – тек тарихи құбылыс қана емес,
қоғамдық құбылыс. Түрлі тарихи қиын кезеңдерде шешендік қоғамға, әлеуметке
қызмет етті.
Шешендік өнер, әлеуметтік феномен тұрғысынан алғанда, белгілі бір
әлеуметтік ортада, қоғамдық кеңістікте, қалай да бір адам мен оқиғаға
байланысты қалыптасып, ерен тапқырлықпен, көркем тілмен айтылатын және
әлеумет қабылдап, мойындаған үлгі ойлап, идеялап тұжырымдау үрдісі, рухани
әлеуметтік құндылықтар жүйесі кемінен тарихи-мәдени тұрғыда қалыптасқан
әлеуметтік шындық. Шешендік сөз өнерінің әлеуметтік-мағыналық табиғатын
айқындайтын социумдық жағдайлар мыналар: а) шешендік өнердің қалыптасуы мен
қоғамдық процестердің қалыптасып дамуы арасындағы тығыз байланыстылық; ә)
би-шешендердің жеке даралығы мен әлеуметтік үрдістердің астастығы; б)
қоғамдағы рухани-мәдени сабақтастықтың шешендік өнердегі көрініс табуы; в)
шешендік өнердің қоғамда атқаратын қызметі. Шешендік сөздер мен қоғамдық
процестер арасындағы тығыз байланысқа келсек, ең алдымен, тіл мен қоғам
арасындағы өзара тәуелді байланысты көрсететін ғылыми дәлелдеуге сүйену
қажет.
Шешендік өнер мен қоғамның тығыз байланысын толықтыра түсетін
мәселе - әлеуметтік жүйенің шешендік өнер үшін өмір сүру ортасы, оның
ұрпақтан-ұрпаққа берілу механизмі болады. Шешендік өнердің жасалуы
әлеуметтен тыс болмайтындай, оның өмір сүруі де әлеуметтен тыс бола
алмайды. Яғни, шешен сөйлеу құбылысын шыңдаудың қатысынсыз адам өзі жеке
дара жасайды да, оны өзгерте де алмайды. Шешендік сөз дәстүрі тек белгілі
бір адамдар арасындағы келісімнің мойындаудың нәтижесінде ғана өмір сүреді.
Шешендік сөзді ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жетуін тарихи-мәдени феномен деп
қарауға болады. Себебі оны ауызша беру тәсілінің өзі үшін белгілі бір
әлеуметтік ортаның қажет болғанын көрсетеді. Демек, шешендік өнер –
қоғамдық тіршіліктің бір саласы да, ал әлеумет – шешендіктің өмір сүру
ортасы. Шешендік өнер әлеуметсіз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік орта –
шешендіктің дамуы үшін қажетті негіз.
Бұрын шешендік деген ұғым тіл мәдениетімен ауыстырылып келді. Бұл
туралы ғалым Г. Қосымова орыстың атақты жазушысы А. П. Чеховтың мына бір
сөзін дұрыс келтіреді: Мы люди бесстрастные, скучные, в наших жилах давно
уже запеклась кровь от скуки. Мы не гоняемся за наслаждениями и не ищем их,
и нас поэтому нисколько не тревожит, что мы равнодушные к ораторскому
искусству, лишаем себя одного из высших и благороднейших наслаждений,
доступных человеку. Но если не хочется наслаждаться, то по крайней мере не
мешало бы вспомнить, что во все времена богатство языка и ораторское
искусство шли рядом. Все лучшие государственные люди в эпоху процветания
государств, лучшие философы, поэты, реформаторы были в тоже время и лучшими
ораторами... Быть может, и мы когда-нибудь дождемся, что наши юристы,
профессора и вообще должностные лица, обязанные по службе говорить не
только учено, но и вразумительно и красиво, не станут оправдываться тем,
что они не умеют говорить (1, 174).
Шешендік өнерін қазіргі қоғам да жоғары бағалаймыз. Қазіргі жаңа
тәуелсіздік өмірімізде оның мәні еселеп өсіп отыр. Егер ертедегі
шешендікті, көбінесе, ел басқару ісіне араласқан билердің, ақсақалдардың
өнері деп түсінсек, енді шешендікті ондай жеке кісілердің ғана емес, көпке
ортақ қасиет деп танимыз. Енді шешендер мен шешендік сөздердің, шаршы
топтың сипаты да өзгерді. Қазіргі заманда білім-ғылым, оқу-ағарту, мәдениет-
өнер саласындағы қоғам қайраткерлері де, әкімшілік адамдары да, ғалымдар
мен оқытушылар да, ақындар мен жазушылар да, тіпті студенттердің де
шешендік өнеріне үйір болуы керек. Бұл – уақыт талабы. Шешендік сөз бұрын
өлең түрінде айтылса, енді таза қара сөзбен жеткізілетін болды. Халқымызда
сөйлей-сөйлей шешен боларсың деген мәтел бар. Мұны сөзшеңдіктен
шешендікке бірақ секіруге болады деп түсінбеу керек. Егер көп сөйлеген кісі
шешен бола берсе, тілі мен жағына сүйенгендердің бәрі де бұл жағынан алдына
жан салмайды ғой. Сондықтан шешендікті – дарындылық деп түсінуіміз қажет.
Ол – тілі ғана емес, ойы да жүйрік кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға
ғана тән қасиет. Ондай қабілеті бар адам, басқа өнерді үйреніп білетіндей,
тіл өнерін де оқып, үйреніп, ізденіп жүріп игереді. Сондықтан шешендік сөз
дегеніміз – тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау асылп, ой түсіретін
даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де, әсерлі сөз,
бұра тартпас дәлеліменен тамсандырып таңдай қақтыратын білгір-білімді сөз,
өтіп кеткен не өтіп жатқан оқиғаны жанды суреттей көз алдыңа алып келетін
суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін терең мағыналы
түйінді сөз (1, 8) .
Бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің ұлттық тәлім көзі де, тәлімгерінің де
бәрі – шешендік сөз дәстүрі. Демократиялық қоғам өмірінің барлық саласында
сөйлеу еркіндігін қамтамасыз етті, еліміздің ақпарат көздерінің тілі
өткірлене түсті.
Диплом жұмысының негізгі мақсат-міндеттері. Әлеуметтік-тұрмыстық
мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық белгілерін анықтап, олардың
тілдік-стилистикалық қолданылу ерекшеліктерін талдау – жұмысымыздың мақсат-
міндетін құрайды. Ол үшін әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендікті
зерттеген ғылыми-теориялық еңбектер мен тілдік деректер жинастырылып,
қарастырылып, олар мағыналық-тақырыптық топтарға жіктеліп, талдауға
түсірілді.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты – әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы
шешендіктің тілдік-стилистикалық ерекшеліктерін ашып сипаттау мәселесі.
Еңбектерді қарастырып, зерттеушілердің пікірлерімен танысу барысында алға
қойған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу керектігін белгілеп
алдық:
- бата-тілек мәнді, ғибратты шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық
белгілерін сипаттау;
- қоғамдық-әлеуметтік мәні бар құттықтау, мадақтау, бағалау,
сөздерінің тілдік-стилистикалық белгілерін ашу;
- қоштасу сипатындағы шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық
белгілерін талдау;
- естірту, жұбату, жоқтау сипатындағы шешендік сөздердің тілдік-
стилистикалық белгілерін талдау;
- әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің стилистикаға қатысын
анықтау;
- әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздердің тілдік-
стилистикалық ерекшеліктерін сипаттау;
- сөздік құрамын талдау;
- бейнелеуіш-көркемдеуіштік құрылымын талдау.
Тақырыптың нысаны. Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-
стилистикалық ерекшеліктерін сипаттау.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі. Диплом жұмысында орыс тіл
біліміндегі, қазақ тіл біліміндегі шешендіктануға арналған әдебиетші,
тілші, философ ғалымдардың зерттеу еңбектерін қарастырып шықтық. Бұл
еңбектер тақырыптың әрі теориялық, әрі әдістемелік негізі болып табылады.
Әсіресе, тілші ғалым Г. Қосымова мен әдебиетші ғалым Б. Адамбаевтың
зерттеулеріндегі ой-пікірлер көп көмегін тигізді. Жұмыста, сонымен қатар,
басылым беттерінде жарияланған ғылыми мақалалар, шешендіктің озық үлгілерін
құрайтын материалдар да керек жерінде пайдаланылды.
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір халықтың өзіне ғана тән рухани
мүмкіншілігін, өзіндік ұлттық логика мен ойлау жүйесінен туындаған, өз
тілінің болмысына сәйкес айтылған байырғы да төл даналық қорының қалыптасуы
заңды. Сондықтан ғасырлар бойы қорланып, жинақталған шешендік сөздердің
топтық түрлерінің ерекшеліктерін халқымыздың шешендік өнерінен, сөз
шеберлерінің философиялық ойларынан табамыз. Себебі шешендік өнер – халық
даналығының ең бір өзекті де өрісті арнасы, халықтың тіл, сөз өнеріне
деген ерекше қабілетін паш ететін саласы. Дүниетаным, қоғам, әлеумет туралы
логикалық пайым, ой-толғаныс, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, наным-сенім
секілді құндылықтарды қабылдап, бейнелі түрде айта білу тек сол халықтың
мүмкіндігіне байланысты ерекше құбылыс. Бұл тұрғыдан келгенде, шешендіктің
әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы түрлерінің атқаратын қызметі ерекше. Бұл
құбылыс тақырып нысанының өзектілігін, керекті проблема етіп қоюға
болатынын көрсетеді.
Зерттеудің дереккөздері. Диплом жұмысында, негізінен, Егемен
Қазақстан, Қазақ әдебиеті, Ана тілі т.б. республикалық басылымдар
материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, әлеуметтік-тұрмыстық шешендікті
қамтыған Ел аузынан, Шешендік сөз үлгілері, т.б. және ақын-жазушылар
шығармалары да қарастырылып талдауға түсіп отырылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш
негізгі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі
бөлімде І) әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық
белгілері; ІІ) Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің стилистикаға
қатысы; ІІІ) Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздердің тілдік-
стилистикалық ерекшеліктері мәселелері қарастырылады. Содан соң
пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілді. Жұмыстың жалпы көлемі - 67 бет.

І Тарау.
Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің тілдік-стилистикалық
белгілері.

Зерттеушілер шешендік сөздердің, көбінесе, түсінік сөзбен
басталатындығын айтады. Түсінік сөзде айтылмас шешендік сөздің қандай
мәселемен байланысты, қандай жағдайда туғандығы және кім айтқандығы
баяндалады. Түсінік сөздің көркем болуы шарт емес, тек ықшамды, әрі
түсінікті болуы шарт. Шешендік сөз құрамының бұл бөлімін айтушы өзінің
мүддесі мен мақсатына қарай қалауынша өзгертіп, оқиғасын алмастырып,
кейіпкерлерін ауыстырып жіберуге мүмкіндігі болады. Сондықтан шешендік
сөздің бір нұсқасының бірнеше авторы болуы да мүмкін. Түсінік сөздің өзі
көркем болмағанымен, шешендік сөздің мағынасы мен көркемдік маңызын ұғыну
үшін мәні зор.
Әдетте шешендік сөз түсініктен кейін айтылады. Шешендік сөздің тілі
көркем, оқиғасы тартымды болумен бірге сөздері сұрыпталған, сөйлемдері
қалыптасқан. Бірен-саран өңдеу-жөндеу болмаса, түп нұсқаға түбегейлі
өзгеріс жасау кез келген кісінің қолынан келе бермейді. Сондықтан да
түсінік сөздей емес, шешендік сөз әлдеқайда тұрақты. (2, 131).
Шешендік сөздерді зерттеп, түрлі қырынан қарастырған Б. Адамбаев, Н.
Төреқұлұлы, Т. Кәкішев, М. Әлімбаев, С. Дәуітов, Р. Сыздықова, Г. Қосымова
т.б. секілді әдебиетші, тілші ғалымдардың еңбектерінде бұл өнерге қатысты
түрлі материалдар өте бай. Солардың еңбектерін оқып отырғанда, тек қазақ
даласында өз кезінде белгілі болған, халық жадында мұрасы сақталған дана
билер мен ділмәр-шешендердің өздері ғана мыңдап саналатынын көреміз.
Осылардың әрқайсысынан ондаған, мыңдаған ақы-нақыл сөз қалған деп
есептегеннің өзінде қаншама шешендіктің кілті бар екені түсінікті. Мысалы,
ұлы Абайдың әкесі – Құнанбай да кезінде аузы дуалы, сөзге шешен, сұңғыла
айтқыш болған. Сонау Жиренше шешеннен тартып, бүгінгі даналық сөз тудырудың
биік тұғырынан көрініп отырған дарынды ақын Қадыр Мырзалиевке, т.б.-ке
дейінгі зерделі ұрпақтың мұрасында әлеуметтік-тұрмыстық мазмұнның, халықтық-
психологиялық пішіннің қаншама шындығы, үздік ойлары жатқандығы белгілі.
Сөз тапқыш шешендер, айтқыш ақындар шығармашылығы міндетті түрде ел
арасындағы дау-дамай, талас-тартыстарға, жер дауы мен жесір дауына,
барымта, қарымталарға байланысты билік айту, қазылық жасау мақсатында,
өзара сөз сайысына түсуге, ақыл-парасат сынасуға, жұмбақ шешімін табуға
т.б. осы сияқты ситуацияларға қатысты туындап, дамып отырған. Сондықтан
оларды мәтіндерінде қарастырған дұрыс деп ойлаймыз.
Мәселен, аты алты алашқа әйгілі Жиренше шешенді Жәнібек хан сапарға
бірге ала шықпақ болып, тез келсін деп, қызметкерін жібереді. Ол:
- Ау, Жиренше, хан жолаушы шығайын деп Сізге тез келсін деп
жатыр, - дейді. Сонда Жиренше:
- Ханның жеккені не? – депті.
- Жеккені қып-қызыл алты нар, әзір тұр.
Жиренше сонда:
- Қазір барамын, ханға сәлем айт, күн бұлт екен де, – депті.
- Тақсыр, Жиреншені шақырдым, ол ханға сәлем айт, қазір барамын,
күн бұлт екен деді, – дейді.
Айтылған сөздің астарын түсіне қойған хан:
- Алты нарды доғарып, арабаға алты тұлпар жегіңдер! – деп бұйырады.
Тұлпарлар жегіліп, әзір болған кезде Жиренше де келеді. Сөйтіп, хан
екеуі жолға шығыпты. Жолда құбыладан қара бұлт пайда болып, жаңбыр
құйып, жер батпаққа айналыпты, соған қарамастан олар сыдырта желіп
отырады. Сонда Жиренше ханға қарап:
- Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы, түйе малының мынадай
ми батпақта жүруі қиын, мен соны ойлап айтқан едім, - депті. (3, 11).
Жиренше шешеннің ханға айтқан осы ұтқыр жауабы әлеумет тілінде қанатты
сөзге айналып, ел жадында сақталып, нағыз шешендіктің үлгісін танытып
келеді.
Соңғы жылдары, яғни еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап
шешендік өнердің қажеттілігі күн санап артып келеді. Елдің тәуелсіздігі
өзімен бірге ойлау тәуелсіздігін, санадағы, танымдағы тәуелсіздікті, тіл
тәуелсіздігін қоса алып келді. Демократиялық қоғам өмірдің барлық саласында
сөйлеу еркіндігін қамтамасыз етті, әр түрлі саяси көзқарастағы топтар
қалыптасты, дін тақырыбында шешіліп сөйлеуге мүмкіндік туды. Еліміздің
конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылдануына байланысты
сот істері қазақ тілінде жүргізіле бастады. Республикадағы телеарналар мен
радиохабарлардың тең жартысы қазақ тілінде дайындала бастады, қазақ
баспасөз басылымдарының тілі өткірлене түсті. Осының бәрі қазақ тілінде
шешен сөйлеу талабын күшейте түсері анық, - деп атап көрсетеді Г. Қосымова
(1, 181).
Аристотель Риторика деген еңбегінде шешендік сөзге соттағы сөйлейтін
сөзді кіргізеді. Оның айтуынша нағыз оратор дәлелмен сөйлеуі тиіс. Ақты ақ
қылып, қараны қара қылып көрсететін де оратор. Сондыөтан оқиғаны егжей-
тегжейлі біліп отыруы тиіс дейді (4, 83-90).
Шешендік өнерді зерттеп, қарастырған ғалым Г. З. Апресян қазіргі
шешендікті мазмұнына қарай бес топқа бөледі. Олар мыналар:
1. Әлеуметтік-саяси мәндегі шешендік;
2. Академиялық шешендік;
3. Сотта айтылатын шешендік;
4. Әлеуметтік тұрмыста қолданылатын шешендік;
5. Діни қызметте қолданылатын шешендік. (5).
Ал А. Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбы мен
мазмұнына, айтылу орнына қарай бес түрге бөледі:
А) Шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне
қарар шығарту мақсатымен сөйлегенде – саясат шешен сөзі деп аталады;
Ә) Шешендер сотта айыпкер ақтау я қаралау мақсатымен сөйлеп, сот
билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері – билік шешен сөзі деп аталады;
Б) Біреудің халық алдында еткен сөздері – билік шешен сөзі деп
аталады;
В) Білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені – білімір шешен
сөз деп аталады;
Г) Дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі – уағыз деп
аталады. (6). А. Байтұрсынұлының шешендік сөздердің түрлеріне берген бұл
атаулары қазақ шешендік сөздерінің табиғатына үйлестіріле, қазақ ұғымына
лайықталып, көркем түрде берілген. Шешендік сөзді жіктеу мәселесіне өзінің
оқулығында С. Садырбаев та орын бөліп, оны төмендегідей жіктейді:
А) Саяси әлеуметтік шешендік сөздер;
Ә) Шешендік дау сөздер;
Б) Тұрмыс-салтқа байланысты айтылатын шешендік сөздер. (7).
Ғалым Б. Адамбаев шешендік сөздің түрлерін А) шешендік арнау, Ә)
шешендік толғау, Б) шешендік дау деп үшке бөліп қарастырады. Шешендік
арнауға белгілі бір адамға айтылған сәлем, әзіл, бата, тілек сөздерін
жатқызады. Шешендік толғауды шешендік нақыл, шешендік мақал, шешендік
мысал, шешендік жұмбақ, шешендік жауап деп беске бөледі. Ал шешендік дауға
мыналарды жатқызады: жер дауы, жесір дауы, мал және ар дауы. (8, 81-82).
Шешендік сөздерді А. Байтұрсынұлы мен Г. З. Апресянның жіктеулері
мазмұндық-тақырыптық жағынан соншалықты сәйкес екендігін көруге болады.
Біздің мақсатымыз осы шешендік сөздердің ішіндегі әлеуметтік-тұрмыстық
мазмұндағы түріне жан-жақты талдау жасау, яғни оның тілдік-стилистикалық
белгілерін анықтап, өзіндік тіліне: сөздік құрамына, бейнелеуіштік-
көркемдеуіштік құрылымына мүмкіндігінше сараптау жұмыстарын жүргізу.
Жалпы алғанда, көркем сөздің (шығарманың) бірнеше қабаты, жүйесі бар.
Олар: А) образды – эстетикалық; Ә) идеялық-мағыналық; Б) этикалық-
философиялық. Осы деңгейлер арқылы шешендіктің де көркемдік дәстүр іздерін
анықтауға болатын сияқты. Бұл орайда бұрынғы кезеңдердегі шешен тілді ақын-
жырауларымыз бен қазіргі ел басқарған азаматтарымыздың шешендігі ғасырлар
бойы халқының рухани қорегі, нәрі, ләззаты болып келе жатқан сөз асылдарына
құрылған шешендік үлгілердің (бата сөздер, жоқтау сөздер, магиялық-мифтік
сипаттағы дұға сөздер, мадақтау, арнау, бағалау т.б.) бесігінде тербеліп
өсті. Сол себептен олар шешендер класына, яғни символына айналып, тілімізді
үнемі нақыл, ділмәр сөздермен, бейнелі суретті тізбек-оралымдармен байытуға
нақты үлес қасып келеді.
Тілдің, оның ішінде көркем тілдің шырайын келтіріп, ажарын
түрлендіретін құбылыстардың бірі – халықтың этикалық дәрежесі, адамгершілік
қағидаларының жүйесі. Бұл ретте қазақ халқының тұрмыстық өлең-жырларының
бірсыпырасы, атап айтқанда, естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау т.б.
соншалықты кісілік, имандылық, әдептілік, сыпайылық қасиет-белгілерге
құрылған шешендік сарын болып табылады.
Жалпы, әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендік сөздер қазақ
халқының бұрынғы дәуірінде де, қазіргі кезеңімізде де молынан кездеседі.
Осы шешендікке бұрынғы дәстүрде әлеуметке қаратыла айтылған бата-тілектер,
нақыл сөздер, қаралы күндердегі жұбатулар, жоқтау өлеңдер жатса, бүгінгі
қоғамымызда мұндай шешендік сөздерге ірі мемлекет, қоғам, ғылым, өнер,
әдебиет қайраткерлерінің мүшел тойларына арналған құттықтаулар, мадақтау,
бағалау сөздері, халықтың жүрегінен орын алған ардақты азаматтардан
айрылған күндегі аза сөздер жатады. Бұлардың қай-қайсысында да, Р.
Сыздықова айтқандай, әлеуметтік үн-мүдде, логика мен аргумент, тыңдаушыға
әсер ететін тілдік аксессуарлар молынан орын алады. Шешен мадақтап, не
жоқтап отырған адамның қадір-қасиеті, болмысы қоғамдық өмірмен, халықтың
мұң-мұқтажымен байланыстырылады да, әлеумет үшін еткен еңбегі дәлел ретінде
алынады. Бағалау мен жоқтаудың өзі – ақыл мен сезімнің әрекеті, тұғыры биік
тұлға екенін не орны толмас өкініш болғанын жай баяндаулармен, хабарламалық
деректермен халыққа жеткіземін деу мүмкін емес, қалың көпшіліктің
сүйіспеншілігіне бөлендіретін немесе көзіне жас келтіріп егілдіретін әсерлі
де айшықты тіл керек (9).

1.1. Бата-тілек мәнді, ғибратты шешендік сөздердің тілдік-стилистикалық
белгілері.

Тілек, нақыл, ғибрат, бейнелі, ойлы сөздерді А. Байтұрсынұлы –
ділмәрлық сөз деп атаса (6), Ш. Құдайбердиев – мәнді сөздер деп атаған
(10). Ділмәрлық сөз ойды жинақтап, тереңдетіп, салмақты, өрнекті, кестелі
айтуға, мейлінше қысқа, түйінді тұжырымға, өткір мәнерлілікке, парасатты
пайымға негізделеді. Мұндай үлгілі, дарынды сөздердің құрылысы жатық,
авторы көбіне белгілі болып келеді. Әлемдік сөз өнерінде афористиканың
өзіндік тарихы бар. Нақыл сөздер көне заманның ойшылдары Аристотель,
Платон, Гераклиттен бастап туған халқымыздың әдеби-көркем мұраларында,
әдебиет классиктерінің туындыларында да кездеседі.
Қазақ халқының ұлттық-мәдени игіліктерінің ішінде, ел дәстүрлерінің
қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, сымбат-көркі айрықша бағалы.
Өйткені қанымызға сіңісті, жанымызды серпілтетін, марқайтып,
қанағаттандыратын осынау ақыл, нақыл сөздер ұлттық тәлім-тәрбиенің бастау-
бұлағы ғой. Бұл аталарымыздың шешендік қасиеттері, сөздері, өсиеттері
замандар бойы мысқалдап жиналып, ақыл елегінен өткізілген өмір
тәжірибесінің, тарихи санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-
қағидасы іспетті.
Жалпы, бата нәресте дүниеге келгенде, бесікке салғанда, атқа мінгенде,
ұл үйленгенде, келін түсіргенде, қыз ұзатылқанда, жолға, аңға шыққанда,
қажыға, қан майданға аттанарда, ас қайырғанда, мал сойғанда, мүшел
тойларда, ұлыстың ұлы күнінде беріледі. Қазақ баласы қашанда асыл сөздің
теңізінде тербеліп өскен. Оның небір сыңғырлаған сұлу әуенін жөргегінде
естіп, есін біле келе көкірегінде, көңілінде түйгені анық. Кімде-кімнің
болмыс-санасына, жүрегіне:
Жұлдыздармен жалғастыр,
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр.
Жортқанда жолың болсын,
Жолдасың қыдыр болсын.
Ата атандырма, қалқам,
Сүйек сындырма, қалқам... – деп келетін ақыл, тілек, бата жолдары
сіңіп өсетіні анық. Көкке алақан жайып, алладан тілек тілеуде етіс
категориясының –тыр және бұйрық райдың өтініш мәнді –сын формалары ерекше
қолданысқа ие. Мысалы, жұлдыздармен жалғастыр, жақсылармен жанастыр,
жамандардан адастыр, жортқанда жолың болсын, жолдасың қыдыр болсын.
Бұлар - бата-тілек мәнді шешендіктің ең белсенді тілдік-стильдік белгілері.
Батаның жасалуында одағай сөздердің де ролі басым. Атап айтқанда, ата
атандырма, қалқам, сүйек сындырма, қалқам деген бата жолдарының соңғы
түйінін бір ғана қалқам одағайы түйіндеп тұр. Бұл сияқты кесек-кесек
толғамдардың, сәулесі мол сөздердің қай-қайсымызға болса да, әсері тигені,
жанды жадыратқаны, жақсы үмітке бөлегені анық.
Ендеше, ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрын туады дегендей, аталар
сөзін, шешендер тілін әбден меңгеріп, сол киелі, қасиетті дәстүрді әрі
қарай жалғастырып, сабақтастырып отыру заңды құбылыс болса керек. Сондықтан
да қай заманның шешені болса да, ақыны, білгірі болса да, сөздерінде,
ойларында керек жерінде бата сөздер шығарып отыруға бейім тұрады.
Қазақ жұртының әдет-ғұрпы бойынша, құрметті мейман белгілі бір үйге ат
басын тіресе, оған арналып мал сойылады, малды бауыздар алдында оны қонаққа
көрсетеді. Қонақ осымен байланысты бата жасайды. Содан кейін барып мал
бауыздалып, сойылады. Ол батада қонаққа көрсетіліп жатқан ықылас-пейілге де
баға беріліп, шындық жағдай айтылады. Мәселен, Шал ақын Құлекеұлының
Тоқтының батасы деп аталатын батасы осы дәстүрдің, тұрмыстың жарқын
үлгісі болып табылады. Онда былай делінген:
Енесі жануардың иімеген бе,
Көп қойдан шөп қақтығып тимеген бе,
Антұрған қатын сауып қақтаған ба,
Болмаса, қойшы оңдап бақпаған ба,
Алты ай жаздай бір теңі келмей жүріп,
Монтыр би бізге арнап сақтаған ба, алла ақпыр! (1).
Мұнда қонақтың тоқты сойғанға риза еместігі дәл байқалып тұр. Ой өткірлігі
мен тіл тапқырлығы иімеген бе, тимеген бе, қақтаған ба, бақпаған
ба, сақтаған ба тәрізді сұраулық шылаулармен тіркесіп қолданылған
етістік тұлғалар арқылы бір-бірімен жарасым тауып, әдемі қиысқан деуге
болады.
Бата сөздердің жарқын үлгісі Нұрпейіс Байғанинде мол кездеседі.
Нұрпейіс Байғанин шалқыған ойды оймақтай ғып кестелеп, шегелеп, тұжырымдап
жеткізетін дәстүрлі алғыс-тілек, бата сөздерінің үлгілерін әдемі, жатық
қолданады. Мысалы:
Әулиелер қолдағыр,
Бабаларың қорғағыр.
Қастық қылған дұшпаның,
Бұл дүниеде оңбасын.
Аруағы бабаңның,
Еңсеңе келіп орнасын.
Ирандар болсын жолдасың,
Әулиелер қолдасын,
Ескі аруақ торласын,
Мамай ханның бағы кеп,
Басыңа, балам, орнасын.
Осы бата жолдарында етістіктің бұйрық мәнінде келуі шешендік үн тудырады.
Шешеннің сөйленісінде бұйрық мәнді етістіктердің –ғыр тұлғасында жұмсалуы
сирек кездесетін құбылыс. Әдетте жиі ести бермейтін сөздер тіркесімі бата
мәтінінің әсер ету күшін молайта түскен. Мысалы, баба аруағының еңсеге
орнауы, ескі аруақтың торлауы, Мамай хан бағының басына орнауы т.б.
Бұл бата сөздерден туған халқымыздың этикалық, адамгершілік келбеті,
тарихи-рухани өмірінің суреттері, белестері, дүниетаным ерекшелігі, арман-
аңсары көрініс тапқан. Ал халықтың адамгершілік көзқарасын білдіретін сөз-
ұғымдар, сөз-образдар тілге, өнерге үнемі тереңдік, өміршеңдік, күйлілік
дарытатын сөзсіз.

1.2. Қоғамдық-әлеуметтік мәні бар құттықтау, мадақтау,
бағалау сөздерінің тілдік-стилистикалық белгілері.

Әлеуметтік-тұрмыстық мазмұндағы шешендіктің айтылу тілі, жеткізілу
стилі оның басқа мазмұнды түрлеріне қарағанда бірден оқшауланып, дараланып
тұратын секілді. Онда тұлғаны құттықтау кезінде айтылатын мадақтау, бағалау
сөздеріне лайықты балама (синоним) тілдік бірліктер молынан қолданылады.
Мұндай сипаттағы үлгілерді қай шешеннің аузынан естіп, қаламынан таба
аламыз. Мысалы, белгілі ақын, от ауызды, орақ тілді шешен Исраил Сапарбай
шығармашылығы осыған жауап қашан да осыған жауап бере алады. Ақынға
халқымыздың өнер жұлдызы Хабиба Елебекованың 90 жылдығына арнап жазған
құттықтау, мадақтау, бағалау шешендігінен сөз берейік:
Апа!
Сіз Тоқсандасыз, Тоқсандасыз!
Шыңдасыз! Шығандасыз! Оқшаудасыз!
Отыз бен Жиырманың арасында,
Талайдың жүрегіне от салғансыз.
Апырай, сол бір мөлдір қайда күндер,
Лағыл нұр, Лала дала, Ләйла-гүлдер?!
Қызығып кім көз салмас қыз балаға,
Сүзіліп қарамайды Айға кімдер?..
Апа! Сіз арда жансыз,
Арман - әнсіз.
Арусыз, Қардан да аппақ арлы адамсыз.
Тілегін жүз жігіттің тыңдай жүріп,
Жүрегін Жүсекеңнің таңдағансыз.
...Атыңнан айналайын, Қарқаралы,
Өзіңнен қаншама аққу - ән тарады!..
Сол әннің, сол аққудың бірі емес пе,
Қазақтың Хабибидай қалқалары?!
Апам тұр, сенесіз бе, шың басында!
Ойнайды Күннің нұры сырғасында.
Тоқсанға келген де бар, келмеген де,
Ар жағы...
Алыс емес бір ғасыр да! (Қазақ әдебиеті, 2006, 27. 01.).
Қазақ тіліндегі кішірейту, сыпайылату, еркелету мәніндегі –сыз, -сіз
қосымшалары құттықтау мазмұнындағы шешендікті тудырудың бірден-бір тілдік-
стильдік белгісі екендігі осы мәтіннен де анық көрінеді. Мұндағы
Тоқсандасыз, Шыңдасыз! Шығандасыз! Оқшаудасыз! жансыз, әнсіз, арусыз,
адамсыз, жүрегіне от салғансыз, таңдағансыз сөздеріндегі –сыз, -сіз
қосымшалары бірде үстеу сөздерге, бірде есім сөздерге, бірде етістіктерге
жалғанып, кісі қасиетін ашудың, оның жеткен шыңын бағалаудың таптырмас
нұсқалары болып шыққан. Ал мұндағы Сіз деген есімдіктің жұмсалуы да
кісіге берген бағаның белгісі деуге болады. Сіз есімдігі, әсіресе,
құттықтау сипаттағы шешендікке тән стильдік белгі. Себебі осы сөздің
бойында тек үлкенге құрмет қана емес, керісінше, нағыз бағалаудың иесі
атанған, тұлға болып қалыптасып үлгерген адамға арналса, бағышталса керек.
Бұл өлең бойынан да сол белгіні көреміз.
Сонымен қатар, құттықтау жырындағы мадақтау сөздерін жеткізуде қайда,
кім, кімдер, қаншама сынды сұрау есімдіктерінің де функциясын ерекше атап
өту керек. Сұрау есімдіктері мәтіндерде тура мәнінде емес, бейнелі, астарлы
мағынасында беріліп тұр, олар бағаның сынын одан да арттыру үшін
риторикалық сұрақ тудырып тұр.
Ал құттықтау мәтінін жасаудағы көркемдік құралдардың орны бір бөлек.
Қоғамдық-әлеуметтік мәні бар құттықтау, мадақтау, бағалау сөздерін Ғ.
Мүсіреповке соқпай талдау мүмкін емес екендігін ерекше атап өтеді Г.
Қосымова (1, 195). Ғабит Мүсірепов шығармашылығын сүйіп оқитын оқырман
ретінде біз де осы пікірге толық қосыламыз. Қазақ халқының атақ-даңқын
алысқа жайған аса парасатты, зор білімді алып жазушы туралы сөзімізді
терең ойлы, шебер қаламгер, кемел драматург, көсем сөздің дүлдүлі тәрізді
сөздермен бастасақ, жеткіліксіз болады ғой деп ойлаймыз. Жоғарыдағы
айтылған эпитетті баламалар айтыла-айтыла жауыр болғандықтан, ой түсірмей-
ақ сырғыта айтып өтуге жеңіл кезекші сөздер сияқты болып сезіледі.
Мүмкін, Ғ. Мүсірепов туралы көп айтылғандықтан да, жаңадан балама тауып
айтудың асқан қиындығында болар.
Ғ. Мүсіреповтің таланты – Алланың берген сыйы, сондықтан да Ғ.
Мүсіреповтей бол деп ешкім бата бере алмас. Бірақ, Ғ. Мүсіреповтен үйрен
дегенде айтарымыз – алдымен оның сөйлеу өнеріне қояр талабы, - дейді ғалым
Г. Қосымова (1, 182). Шешеннің жұрт алдында сөйлеу мәдениетіне, халқымыздың
тіл байлығын ысырап етпей, әр сөзді орнымен қолдану мәдениетіне зор көңіл
бөлген сөз зергері өзіне де қатал болды. Мұны біз өзінен интервью алуға
келген С. Оразалиновқа айтқан мына сөзінен білеміз: Мен анау Андроников
сияқты ауызекі сөзге жүйрік кісі емеспін. Ұшқыр сөз, алма-кезек жауапқа да
шорқақпын... Сондықтан айтайын дегенімді қағазға түсіріп қойдым. Соны оқып
беремін (11) дегені. Бұған қарама-қарсы пікірді Ғ. Мүсірепов шешендігі
туралы айтқан Шыңғыс Айтматов, Кәмил Яшен сөздерінен табамыз. Мәселен,
қырғыз жазушысы Ш. Айтматов былай дейді: Мен ол кісімен Қазақстанда,
Москвадағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар комитетінде жиі кездесемін.
Сонда Ғабеңнің сөйлеген сөздерін, әдебиет жайлы ойларын тыңдай отырып, оның
білімдарлығына, ақылмандығына сүйсінемін. Ол аса жауапты жиындар үстінде
өзінің табандылығымен, дәлелінің нақтылығымен, мол білімімен жұртты баурап
алады. Ал өзбек жазушысы Кәмил Яшин: Ғабит зор білімді, аса парасатты
адам. Қандай орта болсын – Ғабиттің өз пікіріне табардылығы, терең
ойлылығы, аса үлкен жазушы екендігі сезіліп тұрады. Әсіресе, шет елдердегі
әдебиет пен қоғам өмірінің түрлі мәселелері төңірегіндегі айтыстарда талай
рет оның айдыны асып, абыройы көтерілді. Сөз жоқ, ол - әдебиет пен мәдениет
саласындаы ірі қайраткер (11), - дейді. Өздері де алыптар қатарында
саналып жүрген екі ұлы жазушының пікірлеріндегі ортақтық – Ғ. Мүсіреповтің
бойындағы шешенге тән қасиеттер. Зор білімділік, терең ойлылық,
пікірталастағы табандылық пен нақты дәлелдерге жүгінушілік шешенге
қойылатын басты талаптар болып табылады.
Қазақ тіліне ... Жоқ, бұл бай тіл! Оралымды, ырғақты, теңеу-
бейнелеулері ерте туған тіл деп тамсанған Ғ. Мүсірепов қазақ тілінің
мүмкіндігін мейлінше пайдаланды және өзгелерден де сол байлықты таза ұстап,
орнымен жұмсай білуді талап етті. Бұған қоса кез келген халық мәдениетінің
ұлы мұрасы – тілдің Авгейдің ат қорасы сяқты ыбырсып жатпауын, таза болуын
қалады. Баспасөз тілінде ұшырасы қалған мақамшылық өнер деген тіркестің
орынсыз қолданысы туралы: Мақам - ең алдымен құранды қалай оқудың сазы.
Мысыр мақамы, Бұхара мақамы, Түркістан қазіретінің мақамы аталатын мақамдар
болды. Бірақ қазақ тілінде мақам дегенді, әсіресе, мақамшылық өнері
дегенді кіргіземін деп ойлау - әрі орынсыз, әрі өмірсіз талап. Өзімізде бар
ән, күй, саз, әуен, әуез деген атаулар мақамнан анағұрлым түсінікті емес
пе? - деп ренжіді. Авгейдің ат қорасынан бастайық дейтін осы
мақаласында: Қоғамдық деген, өз мағынасын дәл басып тұрған сөзіміз барда,
құйрық жағын аравизм мен фарсизмге қарай бұлаңдатып тұрған қоғамиды неге
алғанымыз түсініксіз-ақ, - деп қазақ тілінде шебер сөйлеймін деген адамға
ана тіліміздің мүмкіндігі мол екендігін ескертеді. Жиырмасыншы жылдарда
құсап деген бір құсық иісі келетін сөз қосылды: ит құсап, жазушы
құсап, адам құсап ... Адамға ұқсап, жазушыға ұқсап делінетін сөздердің
тұрпаты бұзылды да кетті, - деп, сөз бен сөйлеуге мән бермеушілік ана
тілінің алдында күнәга батыратынын ашына айтқан еді. Сөзді қалай болса
солай пайдалана берсең, сөздің жүзі мұқалып, ұшы майрылатынын, айтайын
дегенің құлаққа қонбайтынын, көңілдегі көрікті ойдың айтуы келіспесе, түкке
тұрмай қалатынын көпшілікке қарата сөйлейтін шешендерге талап етіп қойды.
Өзі айтқанындай, ол өзінің алдындағы алыптар тобының жазушылық,
азаматтық, адамгершілік, қоғамдық дәстүрлерінің өнегелерін көрді. Солардың
жақсы өнегелерін үйренуге, бойына жинауға тырысты, сөйтіп ондағы даналық,
ойлылық, шешендік оқып үйренуден, тыңдап үйренуден, көңілге тоқып
үйренуден, сөйлеп жазып үйренуден қалыптасты. Ғ. Мүсірепов пікірлерінен біз
шешеннің тіл сөйлеу-сөйлесу, оқу-үйрену, жазу-сызу арқылы өсетінін, бұл
үшеуінің бірде-біріне көңіл аудармаушылық – ең үлкен қылмыс екенін
ескергендігін аңғарамыз. Ғ. Мүсірепов ұстанған бұл талаптар өз кезінде
әлемді аузына қаратқан Демосфен, Цицерон, Аристотель тәрізді дүлдүл
шешендер мен Ж. Баласағұн, С. Сарайи сияқты ойшылдардың шешендерге қарата
айтылған қағидалары болатын. Мысалы, Мақтасақ - әйелді мақтайық та,
құрметтейік те әйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын
күш, көзді бұлақ емес пе!.. Дүниеде әйелді құрметтеп, әйелді нұрға бөлейік
те! Әйел – ана, дүниедегі жалғыз күш қой; оның алдында Азияның айбарлы
арыстаны Темір де, Темірді жеңген өлім де басын иеді!.. Бас иейік те,
құрметтейік те ұлы адамдарды тапқан ананы!.. Аристотельді де, Фирдаусиді
де, ана тапты. Ескендір мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бәрін де дүниеге
жетектеп әкелген ана. Ананың ұлы орны әрқашан да өзінікі! (Ғ. Мүсірепов.
Таңдамалы шығ. І томы) деген кемеңгер ойды тек Ғ. Мүсірепов қана айта алды.
Кемеңгер ойды сезімге орап келісті етіп жеткізген Ғабит Мүсірепов шешендігі
болды. Дәл осы тұста ғалым Р. Сыздықованың мына сөзін келтіре кеткен артық
болмас деп ойлаймыз: Шешендік те, жазушылық та құдай берген, табиғи
өнерлер болса, ол екеуі бір кісінің бойынан табылса, яғни көркем әдебиетке
шешендік қосылса, екі шақпақтың соғылысынан пайда болатын ұшқындай,
оқырманның жан дүниесін шарпып өтетін от жалынды, жарық шығармалар дүниеге
келері хақ. (9, 79).
Адам деген атқа ие күллі қауымның Ғ. Мүсіреповтен үйренер бір қасиеті
– жанында жүрген адамдардың жақсылығын танып, мойындай білетін, жарияға жар
салып жариялай білген адамшылығы. Академик З. Ахметов Абай жолын ең
алғаш, ең әділ, ең биік бағалаған Ғ. Мүсірепов болғандығын сүйсіне жазады.
Абай жолына баға бергенде Ғ. Мүсірепов өз шығармаларына көлеңке түседі-ау
деп қызғанбады, қайта Абай романын неше рет қайталап оқысам, сонша,
әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байқалмай кеткен
тереңдік табамын. Көбінесе өз шығармаларымдағы кемшіліктерді түсіне
түскендей боламын. Мұнымды жалған сыпайылық деушілер болса, өзің де қайта
бір оқып көр! дегеннен басқа айтарым жоқ (12), - деп кішілік танытты. Кім
туралы айтса да тебіреніп айтты, бұрын-соңды ешкім айтпаған образбен айтты.
Алып ақын Жамбылға Феномен – Феникс деген балама берді: Ұлы Абайдың
құрдасы, көзі тірісінде Гомер атанған алып ақын атамыз Жамбыл – дүниеге екі
рет туып келген адам: тоғыз ай, тоғыз күнде ана құрсағынан туды, тоқсан
жасқа келгенде заман құрсағынан тағы бір туды... Ақын Жамбылдың екі рет
туғаны да, түрлі заманда жасағаны да, өмірінің ең соңғы он жылында бүкіл
дүние таныған атақ алуы да – Феномен. Сирек кездесетін, себебін осы күнге
дейін ғылым таба алмай қойған сыр... Жәкеңнің тоқсан жасында қайта ту,аны
Феномен болса, ақындығының қайта шырқап кеткендігін Феникс арқылы түсінуге
болады. Феникс – құс. Ол – адам ой-сезімінің барлық асылының даналығы мен
адамгершілігінің мұрагері сияқты. Мыңдаған жылдар жасай береді. Өле қалса
өртеп, күлін отқа салсаң, қайта тіріліп тұра келеді. Дүниеде қандай асыл
ойлар, білім иелері, әділет иелері болды, көркемдік қазыналары болды, бәрі
есінде. Екінші тілмен айтқанда, Феникс адамзаттың өзінің есі дер едім.
Ұлы жазушының бұл шешендігін ғалым Г. Қосымова өте нақты әрі шебер жеткізіп
талдайды: Не деген терең таным, қандай биік талғам, соншама сұлу тіл!
Асырып айтсаң да, бұдан артық теңеу, бұған жететін көріктеу болмас. (1,
185).
Халқымыздың аяулы қызы Күләш жөнінде де шешен жазушы тамсанып
сөйлейді. Ағынан ақтарылған аппақ сезім, талантқа табынған қлы жүрек,
сарқыла сүйсінген пәк көңіл, ұсақ-түйек пендешіліктен ада биікжан қазақтың
бұлбұлы атанған Күләшқа балама атау іздеп толғатты. Айман, Қыз Жібек,
Қадиша, Шұға, Ақжүніс, Баттерфляй, Маро, Ажар, Сара ... - деп Күләш
ойнаған бейнелерді санамалап, көз алдынан өткерді де, қайран қалды: Күләш
жасаған бейнелердің даралығы, нанымдылығы сонша, әрбір жаңа спектакльден
кейін Күләш көпке дейін Айман, Қыз Жібек, Баттерфляй, Ақжүніс, Қадиша,
Ажар, Сара аталып жүруші еді... Айтып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ерте дәуірлерде қазақ елінде сөз өнері
Ресейдегі шешендік өнер теориясының дамуы
Шешендік сөздердің ерекшеліктері және оны оқытудың тиімділігі
Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы
Қазіргі шешендік сөздер
Ауыз әдебиетінің түсінігі мен түрлері
Сөйлем туралы түсінік және олардың түрлері
Шешендік сөздердің мазмұндық түрлері
Пәндер