Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын қалыптастырудың алғышарты


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын
Қалыптастырудың алғышарты.
Жетекшісі: Үсембаева Р. Б
Орындаған: : ФК-08-3к2 топ студенті
Төлеева А
Шымкент 2009 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I бөлім Оқу іс-әрекеті-іс-әрекеттің бірі ретіндегі
теориялық алғышарты . . . 8
- Оқу іс-әрекетінің теориялық алғы шарты . . . 8
- Баланың дүние танымды қалыптастырудағы оқу
іс-әрекеті құрылымы . . . 20
II бөлім Оқу іс-әрекеті құрылымының жүзеге асыру амалдары . . . 32
2. 1 Оқу іс-әрекеті құрылымының жүзеге асыру жолдары . . . 32
2. 2 Оқушылардың оқу іс-әрекетіндегі бастапқы қалпы және
коррекциялау жолдары . . . 42
Қорытынды . . . 48
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 49
Қосымша . . . 50
Кіріспе
«Оқу іс-әрекеті» түсінігі үнемі бір жакты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алғанда ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті оқытудың синонимі ретінде жөнсіз қарастырылады. Тар мағынада, Д. Ь. Эльконин бойынша - кіші мектеп жасындағы жетекші іс-әрекет түрі. Д. Б. Әльконин, В. В. Давыдов, А. К. Маркова жұмыстарында «оқу іс-әрекеті» түсінігі, субъектінің оқу пәніне деген, С. Л. Рубинштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапкершілік қатынаспсн» теңестіріле отырып, іс-әрекеті тік мазмұн мен мағынаға толады.
Назар аудара кететін жайт, мұндай түсініктемеде «оку іс-әрекеті» іс-әрекеттің жетекші түріне қарағанда кеңірек түсініледі, себебі барлық жас кезеңдеріне, соның ішінде студенттік кезеңге де таратылады. Бұл мағынадағы оқу іс-әрекеті іс-әрекет субъектінің оқу әрекетімең жалпыланған тәсілдерін игеруі және оқытушы тарапынан әдейі койылған оқу мімдетін орындау үрдісіндегі, өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауға ауысатын сыртқы бақылау мен бағалау негізіндегі өзіндік дамуы. Д. Б. Эльконин бойынша, «оқыту іс-әрекеті -бұл кең мазмұны жағынан ғылыми түсініктер саласындағы әрекеттің жалпыланған тәсілдерін игеру болатын іс-әрекет, . . . мұндай іс-әрекет сәйкес түрткілер мен қозғалуы керек. Осындай мотивтер ретінде әрекеттердің жалпыланған тәсілдері бола алады немесе, басқаша айтқанда өзіндік өсу, өзіндік шыңдалу мотивтері. Егер де оқушыларда осындай мотивтерді қалыптастыра алған жағдайда, онда жаңа мазмұнға тола отырып, іс-әрекеттің жалпы түрткілері, яғни мектеп оқушысының қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалы іс-әрекетті жүзеге асыру позициясымен байланысты түрткілері қуатталады»
Оқу іс-әрекеті, олай болса, іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырыла алады. Ол іс-әрекеіттің субъектісі ретінде үйренушінің өзіне бағытталады - оның әлеуметтік-мәдени тәжірибені қоғамдық пайдалы, танымдық, теоретикалык және практикалык іс-әрекетті ұғу әр түрлері мен формаларында саналы, мақсатты игеруі арқасында тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы және шыңдалуы. Үйренуші іс-әрекеті терең жүйелі білімдер игеруіне, әрекеттің жалпыланған тәсілдерін өңдеуге және де оларды түрлі жағдайларда және шығармашылық түрде пайдалануға бағытталған.
Оқудың жалпы теориясының негізін қалағандар Я. Л. Коменский, XX ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік педагогикалық психологі ияиың корнекті өкілдері Д. Б. Эльконии, В. В. Давыдов, И. Лингарт, И. Ломпшер оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын қалыптастырып, ол Ресейгс ғылыми басылымды болған. Оны жетілдірушілер - Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, Л. К. Маркова және т. б. (оның психологиялық негізі, іс-әрекет теориясының кең контекстінде Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн еңбектерінде қаланған, ал нақты мазмұнын Л. П. Леонтьев тұжырымдаған) оқыту теориясына жаңа проблема қойды: іс-әрекет субъектінің ішінің әректтер үрдісінде игеруі, яғни, әрекеттің жалпыланған тәсілдері арқылы оқу міндеттерін орындау барысында танып отырған пәннің обьективті қасиеті қайта өндіретін әрекеттер процесінде игеруі.
Оқу іс-әрекеті теориясының алдынан қойылған проблемалардың өзектілігі мен дерктілігі тек оқыту шарттарына қатысты осы теория қалыптастырылған мектепке ғана таратылмайды, 214 сонымен бірге жоғары оқу орнындағы оқытуға, студенттердің іс-әрекетіне де таратылады (түрлі себептер бойынша жеткілікті түрде қалыптастырылмаған және зерттелмеген) . Оқу іс-әрекеті теориясының жоғары оқу орнындағы оқытуға таралуының өзектілігі мен дер мезгілдігі былайша анықталады: жоғары мектептерде (біздің елімізде, дүниежүзілік тәжірбиеде де), мүндағы оқытуды да, студенттің оқу іс-әрекетін де қайта ұйымдастыруға мүмкімдік беретін белгілі бір позитивті беталыс калыптасқан. Оқу іс-әрекеті оны оқудың басқа формаларынан ажырататын үш негізгі сипаттамалары белгіленеді: 1) ол оқу материалын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған; 2) онда әрекеттердің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктер игеріледі (мектепке дейін игерілген тұрмыстық түсініктерге қарағанда) ; 3) іс-әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады (И. И. Ильясов) (алдын алу оны жалпы тәсілдер, әрекеттер бағдарламасы жоқ кездегі, байқағштық көру және қателесу әдісі бойынша оқумсн салыстырсақ, онда оқу іс-әрекет емес) . Бұл үшеуіне оқу іс-әрекетінің екі маңызды сипаттамасын қосайық. Біріншіден, танымдық қамықпайтын қажеттіліктерге жауап бере отырып, 4) оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгеріске түсіреді, бүл оның, Д. В. Эльконин анықтауы бойынша, негзгі сипаттамасы болып табылады. Екіншіден, оқу құрылымы мен үрдісінің чехиялық теорегигі Й. Лингарт окудың белсенді формасы ретінде оқу іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігін карастырады, дәлірек айтсақ, 5) үйренушінің психикалық қасиеттері мен мінез-құлқының «оның өз әрекеттерінің иәтижелеріне байланысты» өзгеруі. Осылайша, оқумен теңестіре отырып, оқу іс-әрекетінің бес сипаттамасы жайлы айтуға болады.
Оку іс-әрекетінің, үйренушілердің әрекеттің жалпыланған іс-тәсілдерін игеруі, олардың мүғалімнің оқу әрекеттері арқылы әдейі қойған оқу міндеттерін орындауа рқасында өзіндік дамуы іс-әрекеті ретіндегі анықтамасын негізге ала отырып, оның іс-әрекеттік сипаттамаларын қарастырайық. Ең алдымен, Д. Б. Элькониннің ізі-мен оның қоғамдық сипатын атап өтейік: мазмұны бойынша, себебі ол адамзат жинақтаған мәдениет пен ғылымның барлық байлықтарын игеруге бағытталған; мағынасы бойынша, себебі ол қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы формасы бойынша, өйткені ол оқытудың қоғамдық ендірілген нормаларына сәйкес және де арнайы қоғамдық мекемелерде өтеді, мысалы, мектептерде, гимназияларда, колледждерде, институтарда. Кез келген іс-әрекеттср сияқты оқу іс-әрекеті саналы түсіндірілгендігімен сипатталады және оның белгілі бір кұрылымы мен мазмұны бар.
Оқу іс-әрекетінің мәндік мазмұнын талдау, кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, оның мәнін анықтаудан, яғни, іс-әрекеттің неге бағытталғанын анықтаудан басталады: бұл жерде - білімдерді меңгеруге, әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын, оның бағдарламаларын, алюритмдерін өңдеуге бағытталған, осы үрдіс барысында үйренушілсрдің өзі де дамиды. Оның мазмұны, пәні осы болып табылады.
Д. Б. Эльконии бойынша, оқу іс-әрекетті игеруге тепе-тең емес ол оның негізгі мазмұны болып табылады және игеруді қамтитын оның даму деңгейі мен құрылымы арқылы анықталады. Сонымен бірге, оқу іс-әрекеті субъектінің езінің өзгеруіне бағытталғандықтан, (ол оқу іс-әрекеті жетекші болып табылатын кіші мектеп жасында елеулі мөлшерде, тіпті іс жүзінде кез-келген жаста көрінеді) игеру субъектілік өзгерісті интеллектуалдық, түлғалық тұрғыда жанамаланады, бұл да оку іс-әрекетінің мәніне жатады.
Оқу іс-әрекетінің жүзеге асуына көмектесетін кұралдарды үш тұрғыдан қарастырған жөн. Біріншіден, бұл оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық (С. Л. Рубииштейн терминдерінде - ойлау операциялары) әрекеттер: талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т. б. Екіншіден, бұл белгілік, тілдік, вербалдык құралдар, осылардың формасында білім игеріледі, рефлексияланады және даралық тәжірибе өндіріледі. Үшіншіден, бұл негізгі білімдер, оларға жаңа білімдер қосылуы арқылы оқушының даралық тәжірибесі, тез аурусы құрылымданады.
Осы үш қүралдардың бірігуі жайлы С. Л. Рубинштейннің жалпы оқу теориясында неғұрлым толығырақ айтылған. Бұл теория бойынша «проблеманы шешу немесе шешуге тырысу, әдетте, бұрыннан бар білімдерден қандай да бір жағдайларды, шешу әдістері немесе құралдары ретінде алуды ұйғарады».
Осыған сәйкес, мектептегі оқу үрдісінде, әсіресе кіші мектеп жасында оқу, іс-әрекетке араласу бір мезгілде оның құралдарымен де жұмыс істеуді ұйғарады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері қайта жаңғыртушы, проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттерді қосатын көп қырлы болуы мүмкін (В. В. Давыдов т. б. ) . Оқу іс-әрекетінің тәсілдері - бұл қалай оқу керек, қандай тәсілдермен білім алу керек деген сұрақтарға жауап. Тәсілдердің неғұрлым толық және кең түрдегі сипатталуы ақыл-ой әрекеттсрінің сатылап қалыптасу теориясында берілгсн (П. Я. Галперин т. б. ) . Мұнда бағдарлану принципі, сыртқы, заттық әрекеттен ішкі, ақыл-ой әрекетіне көшу және осы көшудің оқушының өзі қалай жасағанына қатысты сатылылығы - оқу іс-әрекетінің тәсілдерін толықтай ашып көрсетеді. Курстық жұмыс тақырыбы: « Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын қалыптастырудың алғышарты » деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын қалыптастырудың алғышартын теориялық тұрғыда негіздеп, тәжірибелікте оны тексерілуін айқындау
Курстық жұмыстың міндеті: Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын қалыптастырудың алғышарты белгілеу мен оның ерекшеліктерін, дамыту жолдарын айқындап көрсету
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық оқу құралдары, мерзімді басылымдағы материалдар мен тәжірибелік тексеру материалдары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты теориялық, әдістемелік әдебиеттерде зерттелу жағдайына талдау жасау, тұжырымдау, тәжірибелік тұрсыда салыстырмалы зерттеп көру.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәнділігі: ғалымдардың мәселеге қатысты психологиялық, физиологиялық тұрғыларын ашу, даму мен қалыптасуын зерделі талдап көрсете алуымен ерекшеленеді.
Курстық жұмыс құрылымы : кіріспеде, екі бөлім және әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.
I бөлім Оқу іс-әрекеті-іс-әрекеттің бірі ретіндегі
теориялық алғышарты
1. 1 Оқу іс-әрекетінің теориялық алғы шарты
Оқыту теориялы психологиялық ғылымның тармағы ретінде психиканы адам санасы туралы маркстік ілімнен туындайтын психологияның әдіснамалық қағидаларын қанағаттандыруы тиіс. Кеңес психологтары өз ғылымының маркстік қағидалары үшін күресте ұзақ жолдан өтті. Қазіргі кезеңде басты міндет психологиялық ғылымның жеке тармақтарымен байланысты барлық жеке теорияларда осы қағидалардыбіртіндеп іске асыру, оларды нақтылы эксперименттілікке дейін жеткізу болып табылады.
Екінші маңызды міндет бізге бөтен әдіснамалардың енуіне жол бермеуге саяды. Бағдарламаланған оқыту идеясы мынадай объективті қауіп тудырды. Мәселен мынада: Б. Ф. Скиннер тек бағдарламаланған оқыту идеясын қалыптастырып қана қойған жоқ, ол сонымен қатар адамды үйрету процесін бихевиористік түсінуге негізделген бағдарламаланған оқытудың нұсқауын жасады. Өкінішке орай, бағдарламаланған оқытудың барлық өкілдері идеяның мінін осы іске асырудың нақты нұсқауынан бөліп ала алмады. Біздің еліміздегі бағдарламаланған оқыту практикасын талдау бағдарламаланған оқыту әлі күнге дейін американдық бихевиористік нұсқаудың әсерінен құтыла алмай келе жатқандығын көрсетеді. Бұл жағдайларда кеңестік психология қағидаларының құрылуының негізгі кезеңдерін де, олардың нақты мазмұнын талдау ерекше маңызды.
Л. С. Выготскийдің ертеректегі еңбектерінде-ақ ол субъективті-идеалистік психология мен рефлексологияның негізгі кемшілігі психиканың мінез-құлықтан бөлінуі болып табылатындығын айтқан болатын. Психика мен мінез-құлықтың ажырауы мінез-құлықты талдаудағы механизмге және психиканы түсінудегі субъективті идеализмге алып кледі. Л. С. Выготскийдің жазуы бойынша, «Психикасыз мінез-құлық болмайтыны сияқты, мінез-құлықсыз психика болмайды».
Сөйтіп, Л. С. Выготскийдің бұл жұмыстарында, кейінен бірқатар кеңес психологтары дамытқан және қазіргі кезде де біздің психологиямыздың психологиямыздың жетекші қағидаларының бірі болып табылатын психика мен іс-әрекеттің бірлік қағидасының негізі қаланды.
Л. С. Выготский психиканы, сананы түсіну үшін олардың шектерінен шығу - адам өмірінің өзіне, оның болмысының нақты жағдайларына қарау керектігін көрсетті. Ол адам санасының дамуының негізінде оның шындыққа практикалық қатынастарының дамуы жатыр деп есептеген. Алайда Л. С. Выготскийдің индивидтің санасы мен практикасы арасындағы тура тәуелділікті анықтаған жоқ, ол адам психикасы дамуындағы басты нәрсе әлеуметтік тәжірибені меңгеру болып табылады деп санады. Осылайша, адам психологиясының жетекші қағидасы ретіндегі әлеуметтік, тарихи бағытты анықтауда Л. С. Выготскийдің еңбегі зор.
Л. С. Выготскийдің көрсетуі бойынша, психикалық қызмет сыртқы, материалдықтың өзгеру нәтижесі ретінде жанамалайтын бөлімге - «құралға» ғана пайдаланылады. Осы «құралдарды» жанамалайтын психикалық процестердің өздері сыртқы әрекеттен өзгертілген процесс ретінде көрсетілмеген. Теориялық тұрғыда іс-әрекеттің ішкі, психикалық формасының сыртқы іс-әрекетпен тектік байланысып мойындау Л. С. Выготскийде тұтас психикаға таралады. «Кез келген жоғары психикалық қызмет өз дамуында сыртқы деңгей арқылы өтуі қажет». Бірақ интериоризация мәселелерін қарастыруда ол сыртқы жүріс-тұрысты ішкіге ауыстыруды текке баса көрсетпегеніне назар аударған жөн. ол үшін басты жағдай әлеуметтік тәжірибенің ішкіге ауысуы болды. «Біз үшін «сыртқы» процесс туралы айту - «әлеуметтік» туралы айту деген сөз». Басқаша айтқанда, интериоризация оған адам психикасының әлеуметтік табиғатын нақты көрсету мүмкіндігін береді. К. Маркстің белгілі қағидасын өзгертіп, Л. С. Выготский былай деп жазды: «Адамның психологиялық табиғаты ішкіге ауысқан және тұлғаның қызметтеріне, оның құрылымының формаларына айналған қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді».
Л. С. Выготский сыртқы іс-әрекет пен психиканың бірлігі принципінің және адам психикасын табиғаты бойынша әлеуметтік психика ретінде қарастыру бағытының негізін сала отырып, оларды нақты-психологиялық зерттеулерде іске асыра алмады, өзі қарсы күрескен интеллектуализмнің шырмауына түсті. Құралдырға шешуші мән бере келе, Л. С. Выготский олар өз қызметтерін тек үнемі бірдеменің бейнесі болғандықтан, адам үшін белгілі бір мәнге ие болғандықтан ғана орындай алады деп көрсетті. Бұл ішкі және сыртқы құралдырды пайдалануда да орын алады. Осыдан келіп, психиканың жанамаланған формаларының даму процесі мәннің даму процесі болып табылады деуге болады. Мағына біршама сипаттық формада сөзде берілген. Сонымен, сөздің өз мағынасына қалай ие болатынын тексеру міндеті тұр. Л. С. Выготский мағына мен түсініктің арасындағы айырмашылықты көрмегендіктен, түсініктердің қалыптасу процесі эксперименттік зерттеуге айналды. Л. С. Выготский үшін түсініктердің дамуы сана дамуының басты бағыты ретінде алынды. Оның ойынша, адам түсініктерінің даму деңгейі олардың әлемді бейнелеу ерекшеліктерін де, ондағы практикалық әрекеттердің мүмкінтерін де анықтайды. Түсініктердің дамуы балаға «дамудың жақын аймағына» жол ашатын үлкен адаммен бірлескен іс-әрекетімен байланысты.
Сонымен, Л. С. Выготский жүйесінде қарым-қатынас алдыңғы орынға шығып, адамның ананың дамуын анықтайтын шындықпен практикалық қатынастарын жоғалтуға деген шынайы қауіп пайда болды. Бала заттар әлемімен шынайы әрекеттесетін субъект емес, тек қарым-қатынас жасайтын тіршілік иесі ғана бола бастады. Мұндай жағдайда қарым-қатынас рөлін саралауда интеллектуализмнің қауіп-қатері боды.
Сөйтіп, адам психикасының қалыптасуындағы құралдардың рөлін зерттеу, Л. С. Выготскийдің сананы субъект ішіндегі тұйықтықтан алып шығуға, оның мәнін одан тыс жатқан күштермен түсіндіруге талпынысын іске асыру болды. Бірақ іс-әрекеттен тыс және өздігінен алынған құрал асыра мәнге ие болды, ол іс-әрекетті жоғалтуға және өз кезегінде, интеллектуализмге, сана ішінде тұйықталуға алып келді. Л. С. Выготский инбивидуалды сананың бірлігі ретінде қарастырған мағына адам психикасының құрылымын, оның даму деңгейін анықтаушы болып шықты.
Бұл Л. С. Выготскийдің қиындыққа тірелуінің емес, оның қағидаларының психиканың мәдени-тарихи теориясында жеткілікті, барабар іске аспауының салдары болды.
Л. С. Выготскийдің адамның шындыққа практикалық қатынастарының психиканың дамуындағы анықтаушы рөрі туралы бастапқы пікіріне күмән келтірілмейді. Бірақ адам психикасы дамуындағы еңбектің адамды әлеммен байланыстыратын арнайы іс-әрекет ретіндегі рөлін анықтаудың орнына, Л. С. Выготский тек құралдардың рөлін ғана зерттеді. Бірақ құралдардың болуы, олар қаншалықты маңызды болса да, еңбек іс-әрекетінің сипаттамаларын толығымен бере алмайды. Л. С. Выготский еңбек іс-әрекеті процесінде адамдар арасында болатын жаңа қатынастардың адам психикасына әсерін талдаған жоқ. Сонымен бірге адам психикасының әлеуметтік-тарихи табиғатын көрсете отырып, ол бірден табиғи психикалық процестерді қоғамдық процестерге қарама-қарсы қойды. Басқаша айтқанда, адам психикасының дамуын қарастыруда әлеуметтік және табиғи процестерді психологиялық процестердің әр түрлі екі сферасы ретінде түсінді.
Психиканың мәдени-тарихи дамуы териясын сынау кеңестік психологияның осы теорияны шешу үшін жасалған міндеттерінен және Л. С. Выготский белгілеген оларды шешу жолдары принциптерінен бас тарту деген сөз емес.
Л. С. Выготский теориясының жетіспейтін тұстарын толықтыруды, практикалық іс-әрекеттің психикамен одан ары қарай жақындасуын және адам психикасының әлеуметтік шарттану принципінің дамуын біз С. Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің және оның қызметтестерінің жұмыстарынан табамыз.
Кейіннен С. Л. Рубинштейн психологияның пәнін дәлірек айқындап берді. Бұл «айқындау» психологияның пәні ретіндегі іс-әрекеттен бас тарту болды: «…өзінің не істеп отырғанын білетін кез келген психология психиканы және тағы да психиканы зерттейді». Бірақ психологияның пәні ретінде іс-әрекеттен бас тартупсихиканың қалыптасуы мен қызмет етуіндегі оның рөлін зерттеуден бас тартуды білдірген жоқ. Керісінше, С. Л. Рубинштейн психика мен іс-әрекеттің бірлігі принципін жария етті: «…нақты іс-әрекеттің әр түрлерінде шынайы іске аса отырып, психикалық процестер сонда қалыптасады». Бірақ іс-әрекет пен психиканың нақты сәйкестігі теориялық та, эксперименттік-психологиялық тұрғы да да ашылмаған күйі қалды. Сыртқы практикалық іс-әрекет пен ішкі, идеалдылық құбылыс ретіндегі психиканың дуализмін жою туралы сұрақ та шешілмеді.
Л. С. Выготскийдің 1925 ж. жазуы бойынша, «Субъективті психологтарда мінез-құлықсыз психика, ал рефлексологтарда - психикасыз мінез-құлық. Бірақ екі жерде де - психика мен мінез-құлық бір нәрсе емес, екі түрлі нәрсе». Психика мен іс-әрекеттің бірлігін жариялау екі заттың өздігінен жоғалып кетуіне алып келмейді. Ол үшін олар қалайша бірдей екенін мәні бойынша ашу қажет.
Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл міндетті А. Н. Леонтьев шешкен сияқты. А. Н. Леонтьевтің Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи теориясын сынай талдаудағы айтқан негізгі қарсылықтары мынадай: түсінік емес (және мағыналар да, белгілер де, құралдар да емес), организмді қоршаған ортамен байланыстыратын шынайы іс-әрекет тұтас сананың да, жеке-жеке психикалық қызметтердің де дамуын анықтайды.
А. Н. Леонтьевтің психикаға көзқарсының мәні, әуелден-ақ оны организмге өмір бойы ілесіп жүретін құбылыс ретінде емес, өмірді іске асыратын процестер ретінде қарастыруында. Психика организмнің өмірлік іс-әрекетіне әлдебір субъективті қосылыс ретінде емес, өмірлік іс-әрекеттің өзінің формасы ретінде қарастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz