Қиял



Бұл сабақты бастамас бұрын "қиял" деген терминнің өзіне тоқталып, ол туралы түсініктерді шартты түрде жүйелеп алайық. "Қиял" түсінігі бізге философия, психология ғылымдары тарапынан жасалғанан анықтамалар арқылы өте таныс. Біз сол тұрғыда оған терең талдау жасап, тоқталып жатпаймыз. Жалпы актер шығармашылығы үшін қиялдың маңызы бар? Актер шеберлігін игеруде, қалыптастыру оның орны қандай? Енді осы сұрақтар айналасында , ой өрбітеміз.
Қиял (воображение) – біздің басымыздан өткен, таныс өзіміз көрген нәрселерді қайта еске түсіру немесе беймәлім нәрселерді, құбыластарды елестету деген сөз.
Қиял адам өмірінде өте маңызды рол атқарады. Ал актер үшін оның орны тіпті ерекше. Өйткені шығармашылық қиял, фантазия —актер мамандығынын, актер болмысының негізі. Актер пьесадағы оқиғаны өз қиялының көмегімен сахналық шындыққа айналдырады. Қай пьесаны алсак та, автор өз кейіпкерлері тарихынын бүге-шігесіне дейін баяндап, суреттеп жатпайды, ремаркіде тек окиға болып жатқан кездегі қимыл-әрекеттерді бір-екі етістікпен ғане жазып білдіреді. Сондықтан пьесада баяндалатын, оқиға өтетін уақытқа дейінгі, сондай-ақ, акт аралықтарындағы және басқа кездердегі кейіпкерлердің іс - әрекеттерін, өмір-тарихын актер өзінің фантазиясымен, ой-қиялымен қосымша ойластырып, толықтыруы керек. Сол үшін де актер қиялы үшқыр әрі фантазияға бай болуы шарт. Ой-қиял бұрын болған, бастан өткен оқиғаларды, өмір кезеңдерін қайта елестетеді немесе өмірде болып жүрген, болуы мүмкін әрекеттер мен жағдайларды бір нүктеге, көз алдына жинақтай та бере алады.
Ендігі кезеңде осы жасаған жаттығуларды қайталап жасату керек. Бірақ бұл жолы әрбір жаттығу - әрекеттің негізгі максатын айкындап, "Неге?", "Не үшін әрекет етеді?" Деген сұрақтарға нақты жауаптар іздеу керек.
Мысалға "музыка тындау" әрекетін үш түрлі мақсатқа негізден орындайық:
1) тойға керекті музыканы тандап алу үшін;
2) Музыканың әуенің үйреніп алу үшін;
3) сүйікті адамды оның жақсы көретін музыкасын тындау арқылы еске түсіру үшін.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қиял

Бұл сабақты бастамас бұрын "қиял" деген терминнің өзіне тоқталып, ол
туралы түсініктерді шартты түрде жүйелеп алайық. "Қиял" түсінігі бізге
философия, психология ғылымдары тарапынан жасалғанан анықтамалар арқылы
өте таныс. Біз сол тұрғыда оған терең талдау жасап, тоқталып жатпаймыз.
Жалпы актер шығармашылығы үшін қиялдың маңызы бар? Актер шеберлігін
игеруде, қалыптастыру оның орны қандай? Енді осы сұрақтар айналасында ,
ой өрбітеміз.
Қиял (воображение) – біздің басымыздан өткен, таныс өзіміз көрген
нәрселерді қайта еске түсіру немесе беймәлім нәрселерді, құбыластарды
елестету деген сөз.
Қиял адам өмірінде өте маңызды рол атқарады. Ал актер үшін оның орны
тіпті ерекше. Өйткені шығармашылық қиял, фантазия —актер мамандығынын,
актер болмысының негізі. Актер пьесадағы оқиғаны өз қиялының көмегімен
сахналық шындыққа айналдырады. Қай пьесаны алсак та, автор өз кейіпкерлері
тарихынын бүге-шігесіне дейін баяндап, суреттеп жатпайды, ремаркіде тек
окиға болып жатқан кездегі қимыл-әрекеттерді бір-екі етістікпен ғане жазып
білдіреді. Сондықтан пьесада баяндалатын, оқиға өтетін уақытқа дейінгі,
сондай-ақ, акт аралықтарындағы және басқа кездердегі кейіпкерлердің іс -
әрекеттерін, өмір-тарихын актер өзінің фантазиясымен, ой-қиялымен қосымша
ойластырып, толықтыруы керек. Сол үшін де актер қиялы үшқыр әрі фантазияға
бай болуы шарт. Ой-қиял бұрын болған, бастан өткен оқиғаларды, өмір
кезеңдерін қайта елестетеді немесе өмірде болып жүрген, болуы мүмкін
әрекеттер мен жағдайларды бір нүктеге, көз алдына жинақтай та бере алады.
Ендігі кезеңде осы жасаған жаттығуларды қайталап жасату керек. Бірақ бұл
жолы әрбір жаттығу - әрекеттің негізгі максатын айкындап, "Неге?", "Не үшін
әрекет етеді?" Деген сұрақтарға нақты жауаптар іздеу керек.
Мысалға "музыка тындау" әрекетін үш түрлі мақсатқа негізден орындайық:
1) тойға керекті музыканы тандап алу үшін;
2) Музыканың әуенің үйреніп алу үшін;
3) сүйікті адамды оның жақсы көретін музыкасын тындау арқылы еске
түсіру үшін.
Әрине, оқушы осы үш жағдайда үш түрлі әрекет етеді. Өйткені орындаушынын
алдына әр түрлі мақсаттар қойылды.
Жаттығулар:
1. Терезені ашып - жабу;
* дұрыс ашылып-жабылатындығын тексеру үшін;
* ауыл жанынан ағып ететін өзен сарынын тындау үшін.
2. Киім кию:
* жаңа костюмнің шақтығын білу үшін;
* тоңдым, жылыну үшін;
* түнде ұшатын ұшаққа кешігіп қалмай, үлгеру үшін.
Әрекетке кірісер алдында актер әр уақыт өзіне: "Не істегім келеді?" —
деген сұрак қояды. Бұл сұрақ әрекет үстінде үнемі үзіліссіз қайталанып
отырады. Бұны адамнын "қалауы" дейміз..
Қалау (хотение) — адамның әр секунд, минут сайын бір нәрсе; істегісі,
айтқысы келетін үзіліссіз процесс. Адамның "мен пәлендей бір істі
тындыруды қалаймын" деген шешімі немесе "қалауы" бар делік. Осы "қалауын"
жүзеге асыру үшін оның алдыңда нақты міндет болуы керек. Яғни, міңдет —
әрекет үстіндегі қалау.
Өз қалауын білдіру үшін әрбір оқушы немесе катысысушы орындауға жеңіл,
қарапайым міндеттерді белгілеп, ойластырып алғаны жөн. Алға қойған міндет
түсиніксіз, екі ұшты болмауы, артист-орындаушы озінің не істегісі
келетіндігі айны қатесіз айқындап, нақтылап алуы керек. Міндет әрі нақты,
әрі орындаушы өзінің баурап қызықтыратындай, оның жан-дүниесін
толғандыратындай, әрі әрекетке ықшам болса ғана нәтижелі, әсерлі болады.
Өмірде адам өз қалауын алдына, міндет етіп қояды да, оны әрекет арқылы
орындайды. Сондықтан артист шығармашылығының өн бойы "қалау — міндет —
әрекет" деген біртүтас формула - алғышарттан тұрады. Мұндай аса күрделі
шығармашылық процесте бізге ақыл, сезім, ерік сияқты психикалық қозғаушы
күштер көмектеседі.
Ендігі жаттығулар осы "қалау — міндет — әрекет" деген формулаға құрылады.
Төмендегі жаттығуларды жасар алдында әуесқой актер, алдымен: "Мен не
калаймын?" деген сұраққа жауап беруі керек.
1. Үйге қонақ келмекші (қалау — қонақты жақсы күтіп алғым келеді. Ал
әрекет арқылы іске асырар міндеттер: жуынамын, таза киінемін, бөлмені
ретке келтіремін, тағам даярлаймын т. б.).
2. Бөлме іші суық (қалау — бөлмені жылытқым келеді).
3. Кітап жоғалттым (қалау— тапқым келеді).
4. Сәби жылап жатыр (қалау — жұбатқым келеді).
Менің соңымнан біреулер қуып келеді. Қатты
шаршадым (қалау— мені таба алмастай тығылып қалғым
келеді).
6. Жолдасым коңілсіз (қалау — көңілдендіргім келеді).
7. Маған тапсырылған бІр маңызды тапсырманы ұмытып қалдым (қалау— есіме
түсіргім келеді).
Міндет те, қалау да кейде физикалық, кейде қарапайым писихологиялық, кейде
күрделі психологиялық түрде болуы мүмкін.
Бірақ оларды "мынау — таза физикалық, мынау — таза психологиялық әрекет
немесе міңдет" ден бөліп қарауы да мүмкін емес. Әдетте, адамның алдына
қойған қалауы да, міндеті де және оларға жету жолындағы әрекеттері де
физикалық - психологиялық - күрделі психологиялық күйлерінің өзара
үйлесімдері ретінде іске асып жатады. Дегенмен актер өз қалауы негізінде
жасайтын әрекетін партитурасын немесе қимыл жоспарының сүлбесін түзіп
алғаны дұрыс.
Мынадай жаттығуларды іс жүзінде орындату арқылы қатысушыларға (оқушыларға)
жоғарыда айтқан:
* физикалық,
* Қарапайым психологиялық,
күрделі психологиялық міндеттерді айырмашылықтарын түсіндіруге болады.
І. Сурет ілу:
а) озат оқушылардың суреттерін ілу (физикалық міндет);
в) барлық суреттерді жұртқа көрінетіндей етіп ілу (қарапайым
психологиялық міндет);
6) қайтыс болған туыс адамның суретін ілу (күрделі психологиялық
міндет).
2. Бөлме ішін қарап шығу:
а) кез келген бөлме ішін қарап шығу (физикалық міндет);
э) жазушының кабинетін қарап шығу (қарапайым психологиялық міндет);
б) соғыс кезінде тұтқындарды азаптаған бөлмені қарап шығу (күрделі
психологиялық міндет).
3. Терезеден қарау:
а) көшедегі таңертеңгілік қимылды бақылау (физикалық міндет);
ә) көшеде — демонстрация. Көлшілік арасынан танысыңды көргің келеді
(қарапайым психологиялық міндет);
б) көшемен жау танктері өтіп жатыр. Олардың санын
штабқа хабарлау керек. бірақ дәл терезе алдында жау
патрульдері жүр (күрделі психологиялық міндет),
4. Тамақ дайындау:
а) аспазшы тамақ дайындап жүр (физикалық міндет);
ә) қонақтар үшін тамақ дайындау (қаралайым психологиялық міндет);
б) ауру балаға арнайы тамақ дайындау (күрдел психологиялық міндет).
5. От жағу:
а) керексіз қағаздарды жағу (физикалық міндет);
ә) бөлмені жылыту үшін от жағу (қарапайым психологиялық міндет);
б) құпия қағаздарды отқа жағу (күрделі психологиялық міндет).
Осы жаттығулардан - ақ міндеттердің әр түрлілігі ап-анық көрнекті түрде
көрініп тұр.
Осы сияқты жаттығуларды орындағанда психологиялык, физикалық міндеттерге
байланысты әрекеттер де әр турлі характерде, әр түрлі көңіл күйде жасалады.
Сондықтан мүндай жаттығуларға ерекше көңіл бөліп, болашақ актердің әрбір
әрекетінің дәл өмірдегідей шынайы болуын сабақ үстінде үнемі қадағалап
отыру керек.
Біз бүл әдістемелік құралда әр элементке, элементтердін әр түрлі
кезеңдеріне байланысты ұсынылған жаттығулардың санын бірнеше мысалдармен
ғана шектеп отырмыз. Бірақ педагог – режиссер ол мысалдардың
(жаттығулардың) санын да түрлерін де өз бетімен ойлап тауып, көбейте
түскені абзал. Жаттығулар қаншама көп жасалса, өткізілген сабақтар да
соншама тиімді, тиянақты, қызықты мазмұнды болып, қатысушылардың тақырыпты
жеңіл түсініп, игерулеріне септігін тигізеді.
Сахналық әрекет элементін игеру барысынла біз К.С.Станислявскийдің ойлап
тапқан атақты "егерде" терминімен танысамыз.
"Егерде" сөзін кез келген театрдың күнделікті омірінде, спектакльдер
дайындау үстінде үнемі есітуге болады. Актер ойынының ұзын - ырғасы
көптеген "егерде?"-лерден құралады. "Егерде" актер үшін бізді күнделікті
омірден тек шығармашылық еңбек негізінде туындайтып қиялдағы өмірге көшіріп
алып барар тетік болып табылады", - К.С Станиславский.
Олай болса, артистің барлық әрекеті, жалпы айткан оның шығармашылық бар
болмысы осы "егерде" деген сөз тіркесімен қабысып жатады.
"Егерде" тәсілі актер шығармашылығы процесінде мынадай жағдайларда
қолданылады. Мысалы, егерде сіз науқастанып калсаңыз..., егерде сіз қыдырып
жүрсеніз ... егерде сіз ақша тауып алсаңыз... т.б., сонда не істер едініз?
Осындай "егерде"-лерге әркім әр түрлі әрекет жасау арқылы өз көз карасын
білдіреді. Сондай-ақ, қайбір әрекеттің болмасын характері осы қойылған
"егерде"-ге байлансты. Айталық, оқушыларға мына бір жаттығуды жасатып
көрелік;
"Егерде жаңбыр жауыл кетсе, қайтер едіңіз?" Жаттығуды, әдетте, көпшілік
оқушылар тез орындала бітіре салуға тырысады — біреуі ықтасын жерге түра
қалады, біреуі жамылғы жамыладьі, біреуі бүрсеңдеп жүгіре жөнеледі т,б.
Біріншіден, осындай нақты бір тақырыпқа арналған жаттығуды әр оқушының әр
түрлі жолмен орындаңалын көреміз. Екіншіден, бұл жаттығулар оқушылардың ой-
қиялын байытып, оларды жүйелі де сенімді, қызықты әрекеттерге жетелейді.
Мысалы, "Егерде жаңбыр жауып кетсе ..." жаттығуы ары қарай былай
жалғасуы мүмкін: "... жаңбыр жауып кеткенде, егерде қолымда сәби болса,
егерде газеттен басқа үстіме жамылатын ештеңе болмаса, газетті
жамылғанмен, егерде ол жаңбыр суымен езіліл кетсе, оның үстіне, егерде
қатты жел тұрып кетсе т.б."
2. Дәл сол күйде тамақтанып отырмыз. Уақыт — кеш. Үлкен терезеден бүкіл
түнгі қала көрінеді.
3. Дәл сол асхана — үлкен терезе алдындағы үстел басында тамақтанып
отырмыз. Далада — қыс, аяз. Терезенің саңылаулары бітелмепті, суық үріп
түр.
Әрбір жаттығуды орындау кезінде оқушылардан өзіне "ұсынылған жағдайлардың
нақтылығын талал еткен жөн.
Айталық, асхана, жолдастар, даяшя, уақыт мезгілі дегендердің бәрі
"ұсынылған жағдайлар". Ал солардың негізінде әрекет ету үшін оқушылардың
өздері қосымша қиялдың көмегімен ойластырып, толықтырған ''ұсьнылған
жағдайлары" болуы керек.
Осы "үсынылған жағдайларымызды" келесі кезекте түгелімен қиялдан туған орта
ретінде қабылдап, жаттығулар жасалық;
1. "Ұсынылған жағдайлар" ретінде, мысалы, өзіміз отырған сыныпты ғажайып
үңгір деп білейік.
Үңгір іші күңгірт, қараңғы, ал оның алыс бір түкпірінен жел уілі біресе
әлсіреп, біресе күшейіп естіледі.
Оқушыларға" ұсынылған жағдайлардың" тек осы күнігі негізге алып әрекет
етуді ұсынар болсақ, олардың орындауында әлдебір дүдәмалдық, кібіретіктеу,
түсінбестік жағдайлары сезіліп тұрады. Себебі адамды әрекетке түсірер ой -
қиялындағы процесс оның тек дәл қазіргі себебімен шектеліп қоймайды. Әрбір
әрекеттің алғы тарихы әр уақытта адам ой елегінен өтіп, сол арқылы, сол
себепті шешім қабылдау - адам психологиясының ерекшелігі.
Осы "ұсынылған жағдайларда" сынып оқушылары өздерін үнгір ішінде отырғандай
сезінгендерімен, олар нақты әрекет ете алмайды. Себебі: "Бұлар кімдер?
Үңгірге қайдан, не себепті келді? " деген сұрақтарға жауап тапқан жоқ.
Дәлірек айтсақ, әрбір оқиғаның алғы тарихы - прелюдиясын білмейді. Әлгі
сұрақтар осы прелюдияның негізін құрайды.
Осы жаттығуды орындау үшін педагог оқушылардан алдымен оқиға "прелюдиясын"
ойлап табуды жою әркім өзі ойлап тапқан алғы тарихын айтып беруді ұсынады.
Оқушылар ойлап тапқан немесе ұсынылған прелюдия желілері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қиял бейнелерінің жасалу жолдары
Қиял – психикалық процесс ретінде
Танымдық процестердің бірі – қиял жөнінде түсінік
Бала қиялын дамыту
Қиялдың дамуы
Қиял процесі
Баланың ойыны мен ересек адамдардың әрекеттерінде қиялдың дамуы
Қиялдың физиологиялық негіздері
Жан қуаттары
Қиял жайлы
Пәндер