Қазақстан Республикасының протекционизм саясаты және әлемдік сауда ұйымы (дсұ)


МАЗМҰНЫ
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының протекционизм саясаты және әлемдік сауда ұйымы (ДСҰ) ».
Бірінші тарауда халықаралық сауданың мәні және негізгі құралдары, протекционизм саясатының мәні және мазмұны, халақаралық сауда теориялары қарстырылған
Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы экспорт пен импроты талдау өткізілген, Қазақстан Республикасындағы протекционизм саясатының ерекшеліктері қарастырылған және Қазақстан республикасының БСҰ-ға кіру ерекшеліктері аңықталған.
Курстық жұмыс компьютерлік текстпен 33 бет, 5-кесте, 3 сурет және графиктер бар. Қолданылған әдебиеттер 20.
КІРІСПЕ
Ашық экономика проблемаларын талдау сыртқы сауданы қарастырудан басталады, өйткені халықаралық экономикалық қатынастардың негізін сыртқы сауда құрайды. Бұл жерде сыртқы сауданың өнім деңгейіне, жұмысбастылыққа, баға және басқа айнымалыларға әсері макроэкономика тұрғысынан және халықаралық саудада үлесі бар жеке тауарладың, экономикалық агенттердің пайдасы мен шығынын бағалау тұрғысынан микроталдаудар бір-бірімен тығыз байланысты.
Макроэкономикалық талдау барысында ашық экономика проблемаларының кейбіреуін қарастырдық. Өйткені экспорт пен импорттың көлемі ЖҰӨ деңгейіне, жұмысбастылыққа тікелей әсет етеді. Бұл көрсеткіштер жалпы макроэкономикалық тепе-теңдікке тікелей әсерін тигізеді. Экспорттық салалардағы өндірістің өсуі шет мемлекеттерде қарастырылып отырған мемлекеттің тауарларына сұраныстың өсуін көрсетеді, бұл қарастырылып отырған мемлекеттің ЖҰӨ көлемін өсіреді. Керісінше, импорттың өсуі шет мемлекеттердің тауарына сұранысты өсіреді, бұл жағдай ЖҰӨ көлемін кемітеді. Кейнс үлгісіне сәйкес таза экспорттың экономикадағы жалпы табысқа әсері мультипликатор әсері арқылы өлшенеді.
Халықаралық қатынас, ол шаруашылықтың тауар және қызмет көрсетуімен байланысты, яғни айырбас экономикалық қатынас болады. Ол өте ерте дамыған, алайда капитализмге дейінгі өндіріс әдістері натуралды шаруашылыққа негізделгендіктен, халықаралық сауда айналысына олардың өндіргіш өнімдерінің тек бір бөлігі ғана түсіп отырады. Халықаралық сауданың сипаты сол саудаға қатысатын елдердің әлеуметтік-экономикалық құрылысымен, құрылымымен анықталды. Егер бүгін халақаралық сауда, негізінен тауар алмасумен шектелсе, қазір ғылыми-техникалық ойлармен алмасу, лицензиялар беру формасында кеңінен дамуда. Қазіргі кезде бұдан басқа күрделі құбылыс жабдықтарды құрастыру ғана емес, жобалау және құрылыс жабдықтарды жалға беруді қамтып отыр. Халықаралық сауданың динамикасы мен құрылымына өндіргіш күштер, дүниежүзілік өндірістің құрылымы да қатты ықпал етуде ХІХ ғасырда халақаралық сауда айырбасында көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Қазіргі кезде халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылды (лицензиялар, ноу-хаулар мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10 пайызын құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда саттық жедел өсіп отыр. Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға беру), инжиринг (инженерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалған келісімдер) жатады.
I. ПРОТЕКЦИОНИЗМ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Халықаралық сауданың мәні және негізгі құралдары
Тұрақты даму проблемасы ғаламдық масштабта шешілді. Бұл мағынадағы экономикалық саясат ұлттық деңгейдегі экономикалық мүдделері мен құндылықтары бар объективті заңдылықтардың тоғысуымен анықталады. Соңғы он жылдарда бұл кеңістікке ұжымдық мүдделері көптеп шығуда. Дамыған мемлекеттер блогы немесежекелеген мемлекет тарапынан белгілі бір қарама-қайшы іс-әрекеттер орын алуы мүмкін. Өйткені кез келген ұлттық саясат олардың нақты экономикалық мүдделерін қорғауы немесе оларға қысым көрсетуі мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекеттердің мүдделері арасындағы балансқа, мәмілеге немесе өзара жеңілдік жасауға қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Сауда саясаты негізінде әлемдік кеңістіктегі мемлекеттердің өзара қарым-қатынастар типі жатады. Олардың ішіндегі үш негізгі бағыттарды атап өтуге болады: «Солтүстік-Оңтүстік», «Солтүстік-Солтүстік», «Оңтүстік-Оңтүстік».
«Солтүстік-Оңтүстік» жүйесінің сауда саясаты халықаралық еңбек бөлінісінің тік моделін көрсетеді, мұнда дамушы елдер ресурстардың елеулі түрлерін шерке шығарады да, техника, азық-түлік және ұзақ мерзімдік пайдаланулардағы тауарларды шеттен әкеледі. Өзара қарым-қатынастардың мұндай моделін «Солтүстік-Солтүстік» жүйесіндегі экономикалардың өзара қатынастарының мазмұндылығымен салыстырғанда, алдыңғы модельде экономикалардың өзара толықтырылуы жоқ екендігі анықталған.
Кез келген жағдайда Солтүстіктің немесе Оңтүстіктің саудасы жөнінде сөз еткенде жүзеге асырылатын саясаттың екі түрі жөнінде айтуға болады:
-сыртқы сауда саясаты жөнінде;
-халықаралық сауда саясаты жөнінде.
Сыртқы сауда саясаты дегеніміз -мемлекеттің басқа елдермен жасайтын сауда қатынастарына мақсатты түрде әсер етуі.
Халықаралық сауда -мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы.
Әр түрлі елдердің сыртқы экономикалық саясатын зерттеу нәтижесінде мыналар анықталған, яғни дамушы әлем, әлемдік шаруашылық байланыстардың біртұтас кешенінің күрделі әлеміне -ұлттық экономикалардың тиімді түрде кіруі сияқты оңтайлы нұсқаны пайдалану жолымен жүруі тиіс. Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:
- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;
- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;
- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмаған да;
Экспорттық-импорттық саясатты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалу тиіс: нақты тауарға, өны өндірудегі қалыптасқан жағдайға, ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы оның орнына, халықаралық еңбек бөлінісінің болашағында. Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау, оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау, әлемдік нарық тенденцияларын талдау. Сонымен қатар, сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіш синхронды түрде инвестициялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс. Кедендік саясатқа келетін болсақ, оның болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағытталуы мүмкін. Сыртқы сауданы реттеу шараларына, төмендегі құралдар кіретіндігін атап өту керек (1-кесте) . Оларды сегіз топқа бөлеміз:
Дамыған елдердің халықаралық саудасы негізінен сыртқы сауда ұйымының мүшелері болып табылады. Олар реттердің төмендегідей тәсілдерін қолданады: Елдер аралық өзгешеліктеріне қарамастан, кедендік тариф құрылымына мыналар кіреді:
- автономдық мөлшерлемелер; бұл мөлшерлемелер елге өте қолайлы жағдайлар режимі (ҚЖР) ұсынылмаған кездерде ғана қолданылады;
- ҚЖР мөлшерлемесі;
- дамушы елдердің тауарларына қатысты қолданылатын артықшылығы бар мөлшерлемелер.
Сыртқы сауда ұйымына мүше елдер, сыртқы сауданы реттеу тәжірибесінде шектеуші шаралар блогын қолданады, олар төмендегі ретпен жіктеледі:
- экономикалық мазмұндағы әкімшілік шаралар (тауар тапшылығы, төлем балансының теңсіздігі, өнеркәсіптік саясатқа зияны), сонымен бірге экономикалық емес сипаттағы щаралар;
- субъектілердің өзара келісімдері бойынша экспортты-импортты өз еркімен шектеулер немесе шаралар;
- қоршаған ортаны қорғау, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында енгізілетін шектеулер.
Кесте-1
1. 2 Протекционизм саясаты: мәні және мазмұны
Сауда саясаты - белгілі бір елдін немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарының дамыту жөніндегі экономикалық ұйымдастыру, саяси шараларының жүйесі; Экспорт пен импорттың географикалық және тауарлық құрлымының көлемін анықтауды қамтиды.
Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:
- Белгілі бір мемлекеттін халықарылқ ЕБөгі өзгерістері және қатысы әдістері
- Экспорт пен импортттың көлемін өзгерту
- Сыртқы сауданың құрылымын өзгерту
- Мемлекетті керекті ресурстарымен камсыздандыру ету
- Экспорт және импорт баға қатынастарың өзгерту
Сыртқы сауда саясатының екі негізгі бағыты бар:
- Еркін сауда (фритедерлік)
- Протекционизм (қолдампаздық)
Фритредерлік - еркін сауда саясаты, ішкі нарықты шетелдік капитал мен қызметтерге ашу.
Протекционизм, қолдампаздық - халық саясаты, ол елге әкелетін тауарларға жоғары баж салығын енгізу, белгілі бір тауарлардың әкелімін шектеу немесе оған толық тыйым салу арқылы ұлт шаруашылығын шетелдік бәсекеден қорғау мақсатын көздейді.
Протекционистік саясатты тек дамушы ғана мемлекеттер өолдайды, кей бір кезде дамыған мемлекеттер де қатан бәсекелестік жағдайда қоданады.
Сыртқы сауданың құралдарына екі жақты және көпжақты келісім жүйесі жатады.
Бірақ сауда саясатын реттеуші ең негізгі құралдарына мыналар жатады:
- Кедендік тарифтер
- бейтарифтік шектеулер
Кеден тарифтері - тауардың жүйеленген тізбесіне арналған ақы төлеу мөлшерін айқындайтың мөлшерлеме жүйесі. Оларда, әдетте, тауарлардың аты, тауарларға баж салығын салу өлшемі және баж салығының мөлшерлемесі көрсетіледі. Шеттен әкелінетін тауарларға неғұрлым көбірік қолданылады.
Кеден кірістері - елдің шекарасы арқылы өткізілген тауарларға кеден салығын салу нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түсетін қаражат. Олар кеден баж салығы мен алымы, тәргіленген тауарларды сатудан алынған түсім, айыппұл.
Кепілдемеге қарсы баж алымы - дүниежүзілік нарықтың қалыпты бағасынан немесе шеттен тауарлар әкелетін елдің ішкі бағасына төмен бағамен шетке шығарыллатын тауарларға салынатың қосымша импорттық баж алымы.
Бейтарифтік шектеу - мемлекеттің сыртқы сауданы реттеу жөніндегі жүзеге асырылатын кеден -тариф саясатының шеңберінен шығатын экономикалық және әкімшілік саясаты.
Бейтарифтік шектеулерді мынадай түрлері неғұрлым кеі таралған:
- шектелім қолдану (квота, үлес)
- әкелім мен әкетімді лицензиялау
- валютаны реттеу
- мемлекеттік экспорттық және импорттық монополия
- жанама шектеу
- валюталық шектеу.
Лицензия (рұқсат) - мемлекеттік органдардың сыртқы экономикалық қызыметті жүзіге асыруға берген рұқсаты. Экспорттық-импорттық операцияларды бақылау нысандарының бірі; ол жекеленген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша белгілі бір мерзімге қолданады.
Импорт депозиті - импортты шектеу әдісі, бұл әдіс бойынша импортшы өзі әкелетін тауарлар құнының бір бөлігін төлеуге дейінгі уақыттың белгіленген кезеңінде депозиттеуге міндетті.
Еркін сауданы жақтаушылар көп, бірақ мемлекет бас-шыларының жиналысында қоддампаздықты жақтаушылар көп. Олардың еркін саудаға кедергі қою себептері қавдай?
Қорганыс қажетін қанагаттандыру. Бүл себептің маңызы экономикалық емес, әскери саясат үшін маңызды. Қолдампаздық баж салымдары соғыс жүргізу немесе қорғаныс үшін стратегиялық тауар мен материалдар шығару үшін салынады.
Мемлекеттегі жүмыс орнын көбейту. Оның бастауы макроталдауға байланысты. Ашық экономикада жиын-тық шығын түтыну шығынынан (С), инвестициядан (I), мемлекеттік шығыннан (G), таза экспортган (Хп) қүралады. Импорт мөлшерін қысқарту арқылы жиынтық шығынның өсуі экономиканың дамуын ынталандырады. Өйткені соның арқасында пайда және жүмыс орны кө-бейеді. Бірақ бүл саясаттың кемшілігі көп:
1. Импорт кезіңцегі жүмыс орнының қысқаруы. Импорт колемінің есуі жүмыс орнын қысқартады, бірақ басқа елдерде жүмыс орны көбейеді. Кейінгі кезде импорттың көбеюі болат балқыту және тоқыма өнеркәсібінде жүмыс орнының азаюына әкедді. Бірақ басқа салаларда жүмыс орны көбейді. Мысалы, "Хонда" машиналарьш сату және элекгронды қүрал-жабдықтарды импорттаудан Жапонияда жүмыс орны кебейеді. Сондықтан импорт жүмыс орны мөлшеріне онша әсер етпейді.
- Импортгық шекгеу енгізген кезде барлық мемлекетгер жетістіктерге жете бермейді. Бір мемлекеттің экспорты басқа мемлекет үшін импорт, экспорт импорттан үлкен болса, ол мемлекетгің экономикасы жақсы дамиды, ал экспорт импортган кіші болса, онда ол мемлекет экономикасы қүдцырап, жүмыссыздық көбейеді. Сондықтан баж салымын жөне импорттық квотаны енгізу саясаты көрші елдің экономикасын қүлдырату да, оның негізі: ішкі проблеманы шешу үшін сауда бөсекелестерінің экономикасын қүлдырату.
- Баж немесе квотадан ауыртпашылық көрген мемлекет оған жауап ретівде сауда бөгетгерін жоғарылатады. Соңында барлық мемлекет экономикасы қүлдырайды. Америкадағы ең жоғары баж салымы туралы Смут Хоули заңы (1930 ж. ) Америка экономикасының дамуынынталандырудың орнына күйзелтті. Өйткені басқа елдер осы заңға қарсы кептеген сауда шектеулерін орнатты. Бүл "сауда соғысы" саддарынан халықаралық сауда қүлдырап, табыс және жүмыс орны азайды.
- Үзақ уақытты кері байланыс. Үзақ уақыт жоспары бойынша экспорт импортган үлкен болу арқылы ішкі жүмыс орнының өсуін ынталавдыру жетістіктерге әкелмейді. Өйткені шетелдер Америкаға импортгау арқылы ақша табады да, Америка тауарын импорттатады. Үзақ уақыт жоспары бойынша мемлекет экспорттау үшін импорттау керек. Сонымен баж салымы арқылы таза экспортты өсіруге және жүмыс орнын көбейтуге боладыдеген экономистер қателеседі.
Түрақтылық үшін диверсификация. Жоғары маман-данған экономика (мүнай өңдірісіне маманданған Сауд Арабиясы жөне қант өсіруге маманданған Куба) ха-лықаралық нарыққа тәуелді. Соғыс, циклдік түрақсыздық, ендіріс жүйесінің жағымсыз өзгеруі осындай жүйе-ні өзгертуге ауыртпашылықтар әкеледі. Сондықтан өндіріс диверсификациясын ынталандыру үшін баж салы-мын және квотаны енгізеді, соның нәтижесінде халық-аралық нарықтағы 1 немесе 2 тауар тәуелділігі кемиді. Ол ішкі экономиканы халықаралық саясаттан, шетеддегі өндірістің қүлдырауьшан сақтайды. Бүл айтылғандар-дың төмендегідей кемшіліктері бар:
- Бүл келтірілген мысал дамыған мемлекетке өсерін тигізбейді.
- Диверсияның экономикалық шығындары көп мөлшерде болады.
Жаңа үлттык фирмалардың шетел фирмасымен бәсекелесу мүмкіншілігін арттыру үшін қорғайды. Еркін саудаға қарсы бүл аргументгің маңызы жоқ. Бүл аргументке қарасақ жаңа үлттық фирмалар ешқашан шетел фирмаларымен бәсекелесе алмайды. Кері аргумент:
- Бүл аргументгің дамыған мемлекетке қатысы жоқ.
- Дамушы елдерде жаңа саланың қайсысы экономикалық жетістікке жететінін анықтау қиын.
- Қолдампаздық баж салымдары сол жаңа фирмалар дамып жетілгеннен кейін де қалады. Көптеген экономистер жаңа салаға баға салымы емес, кемек қажет деп есептейді. Мысалы, тікелей демеуқаржы (субсидия) .
Арзан шетелдік жүмыс күшінен қоргау. Қазақстан фирмаларын жөне жүмысшыларды шетелдік арзан жү-мыс күшінен қорғау керек. Егер оларды қорғамаса, онда Қазақстан нарығында шетелдік арзан тауарлар қаптап, үлттық тауар мөлшері және жүмысшылар ай-лығы төмендейді. Осындай пікірдегі экономистер қате-леседі. Оған дәлел: жоғарыда айтылғаннан шығатын қорытынды - бай мен кедей арасындағы сауда тиімсіз. Бірақ ол олай емес. Мысалы, Қазақстан шаруашылы-ғындағы арзан жүмысшы күші бай жер иеленушілердің иелігінде өсетін көкөніс, жемістерді жинайды. Осындай байланыстан 2 жақ та үтады
Қолдампаздық жағындағы дәледдер кеп, бірақ олар негізсіз. Өйткені олар бір жағдайды ескермеген. Мемлекет өз тауарын экспорттау үшін басқа елдің тауарын импорттау керек. Көптеген тарихи оқиғалар еркін сауда экономиканың өсуіне әкелетіндігіне, ал қолдампаздық-тың экономиканы қүлдырататынына дөлел бола алады:
- Америка конституциясы жеке штатгарға баж салымын салуға тыйым салды. Соның арқасында Америка үлкен еркін сауда зонасына айналды.
- Үлыбриганияның халықаралық еркін сауданы /XIX ғ. / қоддауы, оның экономикасының дамуына жөне индустриясы дамыған елдер қатарьша қосылуьша ыкдал етгі.
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропада ортақ нарықтың орнауы қатысушылар арасында баж салымын жойды. Осының нәтижесінде Батыс Еуропа елдерінің экономикасы жақсы дамыды.
- Жалпы баж салымының 30-жылдардың ортасындағы төмендеуі экономика дамуына әсерін тигізді.
- 1930 ж. Смут-Хоули заңы салдарынан 30-жылдары Америка экономикасы қүддырады.
- Импорт шектеулерін енгізген дамушы мемлекеттер экономикасы баяу дамып, ашық экономикалы мемлекетгер экономикасы тез қарқынмен дамып келеді.
Еркін сауда. Салыстырмалы шығындар принципіне негізделген еркін сауда арқылы халықаралық экспортта елдер өз ресурстарын тиімді пайдаланды және материалдық игіліктер дәрежесін жоғарылатты. Ресурстар құрамы мен технология дәрежесі әр мемлекетте әр түрлі. Сондықтан белгілі бір тауарды мемлекеттер әр түрлі шығын жұмсап шығарады. Мемлекет салыстырмалы аз шығын жұмсап шығаратын бұйымды өндіріп, оны басқа мемлкеттің салыстырмалы салыстырмалы аз шығынмен шығарған басқа тауарына ауыстыру керек. Егер барлық мемлекеттер осы принципке негізделсе, онда халықаралық экспорт географиялық және адамдар мамандығының артықшылығын толық пайдалана алады. Яғни, еркін саудаға қатысушы мемлекеттер атаулы пайданың орнына нақты пайданы иеленеді. Атаулы пайда = нақты пайда . Қолдампаздық еркін сауда жолына бөгет қояды және мамандануына алатын пайданы төмендетеді немесе жоққа шығарады. Егер еркін сауда болмаса, онда мемлекеттер әр түрлі тауарды тұтыну қажет болғандықтан, белгілі бір тауарға маманданбайды. Еркін сауданың тағы бір маңызды жағы -ол бәсекелестікті жоғарылатып, монополияны шектейді. Мемлекет ішіндегі фирмалар шетел фирмаларымен бәеелсу үшін өнімді л фирмаларға қарағанда салыстырмалы аз шығынмен өндіруге тырысады. Ол үшін технологияны жаңартады, жетістіктерді қолданады. Осыдан техникалық прогресс т. б. өнім сапасын жақсартады, экономикалық өсу болады. Еркін саудада тұтынушылардың таңдау мүмкіншілігі жоғарылайды. Еркін саудаға жол беру себептері бәсекелестікке жол ашу себептерімен ұқсас.
Саудадағы бөгеттер. Еркін сауда экспорттық жағынан тиімді болғанымен оған көп бөгеттер қойылады. Олар:
Импорт тауарына акциз салығы.
Қазыналық баж салығы -мемлекет ішінде өндірілмеген тауарға салынады. (Мысалы АҚШ-та банан, кофе) . Қазыналық салымның мөлшері үлкен емес, оны мемлекет бюджетін толықтыру үшін салады.
Қолдампаздық салым. Олар жергілікті өндірушілерді шет ел өндірушілерінің бәсекелестігінен қорғау үшін салынады, мөлшері көп болмағанымен шет ел өндірушілерін сауда кезінде қолйсыз жағдайға қалдырады.
Импорттық квота - оның көмегімен белгілі бір уақыт ішінде импортталатын тауардың ең жоғарғы шегін белгілейді. Халықаралық саудаға салымдардан гөрі импорттық квота көп әсерін тигізеді.
Тарифсіз бөгет - лицензиялық жүйе.
Экспортқа еркін шектеу - сауда бөгеттерінің жаңа түрі. Шет ел фирмаларының белгілі бір мемлекетке экспорттайтын тауарға өз еркімен шек қоюы, қатал сауда бөгеттерінен қорыққан экспорттаушылар экспорт көлемін өз еркімен шектеуге келіседі.
Қолдампаздық . Еркін сауданы жақтаушылар көп, бірақ мемлекет басшыларының жиналысында қолдампаздықты жақтаушылар көп. Олардың еркін саудаға кедергі қою себептері қандай?
Қорғаныс қажетін қанағаттандыру. Бұл себептің маңызы экономикалық емес, әскери саясат үшін маңызды. Қолдампаздық баж салымдары, соғыс жүргізу немесе қорғаныс стратегиялық таур мен материалдар шығару үшін салынады.
мемлекеттегі жұмыс орнын көбейту. Оның бастауы макроталдауға байланысты. Ашық экономикады жиынтық шығын тұтыну шығынынан (С), инвестициядан (І), мемлекеттік щығыннан (), таза экспорттан () құрылады. Импорт мөлшерін қысқарту арқылы жиынтық шығынның өсуі экономиканың дамуын ынталандарады. Өйткені соның арқасында пайда және жұмыс орны көбейеді. Бірақ бұл саясаттың кемшіліг көп. Олар:
1. Импорт кезіндегі жұмыс орнының қысқаруы. Импорт көлемінің өсуі жұмыс орнын қысқартады, бірақ басқа елдерде жұмыс орны көбейеді. Кейінгі кезде импорттың көбеюі болат балқыту және тоқыма өнеркәсібінде жұмыс орнының азаюына әкелді. Бірақ басқа салаларда жұмыс орны көбейді. Мысалы, «Хонда» машиналарын сату және электронды құрал-жабдықтардың импорттаудан Жапонияда жұмыс орны көбейеді. Сондықтан импорт жұмыс орны мөлшеріне онша әсер етпейді.
2. Импорттық шектеу енгізген кезде барлық мемлекеттер жетістіктерге жете бермейді. Бір мемлекеттің экспорты басқа мемлекет үшін импорт, экспорт импорттан үлкен болса, ол мемлекеттің экономикасы жақсы дамиды, ал экспорт импорттан кіші болса, онда мемлекет экономикасы құлдырап, жұмыссыздық көбейеді. Сондықтан баж салымын және импорттық квотаны енгізу саясаты көрші елдің экономикасын құлдырату да, оның негізгі ішкі проблеманы шешу үшін сауда бәсекелестердің экономикасын құлдырату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz