Тәуелсіз Қазақстан парламенті


Жоспар:
Кіріспе. 2
І. Тарау. Тәуелсіз Қазақстан парламентінің қалыптасуы6
ІІ. Тарау. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің
қалыптасуы мен дамуы29
2. 1 Қазақстандағы кәсіби Парламент қызметі 29
2. 2. Кәсіби Мәжіліс заң шығарушы билік тірегі53
Қорытынды. 57
Әдебиеттер тізімі. 59
Кiрiспе
Батыс демократиясында заң шығару институттары маңызды орын алады. Бүгiнгi күнi Қазақстан Республикасы өзiнiң дербес заң билiгiн дамыту кезеңiн басынан кешiруде.
Әрине, Қазақстан Республикасының батыс демократияларынан айырмашылығы мол, бұл айырмашылықтар Қазақстанның тек саяси жүйесiнен ғaнa емес, сонымен бiрге экономикалық жүйесiнен, өзiнiң көпұлттық сипатынаң қоғамдық мәдени тарихынан көpiнic бередi. Сол себептi батыс тәжiрибесiн, осынша айырмашылықтарын ескерместен, Республикамыздың заң билiгiне енгiзе қою мүмкiн емес. Дегенмен, Қазақстан Республикасы егемендiгiн алып, тәуелсiз мемлекет болғаннан бергi жылдарда қайта құру бойынша батыл қадам жасағандықтан, басқа елдердiң нақты тәжiрибелерiнiң Республикамыздың заң шығару шараларына, салыстырмалы негiздегi сайлауларға, сайлаушылармен катынастарға және қоғамдық мінез - құлық нормаларына қатысты маңызы зор eкeнi айқын.
Алғашқы парламенттер Еуропада пайда болған. Дәлiрек айтсақ Англияда, одан соң, Францияда өмip сүрген. Осыдан барып, әлемнiң демократияға көшкен елдерiнде заң шығарушы институттар атқарушы, сот билiктерiмен қатар жұмыс iстеуде. Айта кeтeтiн мәселе, билiктi үш бұтаққа бөлген, француз ғалымы Ш. Монтескье болатын.
Қазақ жерiнде парламент ұғымы тәуелсiз, егемендi ел болғалы ғанa қолданыла бастаған. Алайда, белгiлi саясаткер О. Әбдiкәрiмов қазақстандық парламентаризм 1938 жылдан бастауын алады деген пікірде.
Кәсіби Парламент ұғымы кең әpi үлкен болып келедi. Оны бүгiнгi күннің ғалымдары кеңiнен талдап отыр. Себебi, ол мемлекеттiк құрылымның бөлiнбес бөлшегi. Адамның құқықтары мен бостандықтарын алдыңғы орынға қойған әлемнің көптеген елдерiнде парламент халық өкiлдерiнің билiктi жүзеге асыру орыны ретiнде жұмыс iстеуде. Парламенттiң заң шығару қызметін, олардың жұмыс істеу мүмкіндіктepі арқылы қоғамның демократиялық дамуын өлшеуге тырысатын ғалымдар пiкiрiн еске алсақ онда Парламент үлкен пiкiрге ие болып табылатындығы ақиқат. Осындай пiкiрлердi таразылап көрсек, диполмдық жұмыс тақырыбының қандай дәрежеде және қаншалықты маңызды екендiгiн түciнy қиындық тyғыза қоймас.
Қоғамның тұрақтылығы, мемлекеттiк билiктiң мызғымастығы және қоғамдық мүдделерге барынша саяси бағыт табу парламенттiк қызметтiң жемiстi нәтижесi болып табылады. Жалпы мемлекеттiк және жалпы халықтық мүдделерден ауытқыған парламент қоғамға емес, оның жекелеген топтарына, халыққа емес, тек оның құрамына кipeтiн кейбiр әлеуметтiк топтарға ғана қызмет етедi, ал мұндай парламент шын мәнiндегi парламент емес. Егер депутаттар ұлттық, аумақтық, таптық, топтық және басқа мүдделердi мемлекеттiк мүдделерден жоғары қойса - бұл парламенттiк қызметтiң азғындауы. Депутаттар өздерiнiң сайлаушыларының, өздері кіретін немесе өздеріне ұнаған топтар мен партиялардың "жоғын жоқтау" үшiн әрекет етсе, парламент өзiнiң жалпыхалықтық мәртебесiн жоғалтады. Өзiнің шынайы орнына сәйкес парламент - бұл әлеуметтiк мүдделер келiсiмi, оларды ортақ қорытындыға - мемлекеттiк мүдделерге және, демек, басқарудың демократиялық нысаны кезiнде - бүкiл халық мүдделерiне келтiру үшін құрылатын өкілді орган.
Заң ғалымдарының кандидаты А. А. Черняков парламентаризм ұғымына мынадай анықтама бередi: "Парламентаризм - маңызды мемлекеттiк мiндеттердi орындайтын, заң шығару өкiлеттiлiктерiн жүзеге асыратын, өзге билiк тармақтарымен құқықтар және зандық шараларды, тежемелiк әpi тепе-теңдiк жүйелерiн пайдаланып өзара ic- қимыл жасаушы, халықтық өкiлдi органы ретiнде билiк бөлу жүйесiндегi парламенттің басылымдық жағдайы"(2) . Осыдан келіп, кәсіби парламенттің жұмысына да нақты анықтама алуға болады.
Ал, Қазақстандық парламент, оның ішінде Мәжіліс осы секiлдi анықтамаға сәйкес келе ме? Бұл да дипломдық жұмыстың ұстанып отырған бiр бағыты.
Тақырыптың зерттелу деңгейi. Қазақстандағы парламентаризімнің дамуы және қалыптасуы туралы көптеген ғалымдар қалам тартқан. Бұның арасында, саяси ғылымдарының докторы Ж. Жұнiсованың "Республика Қазақстан: Президент. Институты демократии", белгiлi саясаткер С. Әбдiлдиннiң "Становление парламентаризма РК", О. Әбдiкәрiмовтың "Қазақстандағы парламентаризм: қалыптасу және даму жолдары", Ж. Тұяқбайдың "Теуелсiз елiмiздегi парламентаризм", Н. Қалиевтың "Қазақстан парламентаризмi: теориялық негiздерi мен қазiргi деңгейi" еңбектерiмен қатар, Д. Назарбаевтың "Демократизация политических систем" атты жұмысын айтуға болады.
Аты аталған еңбектерде парламентаризм тек кезең - кезеңге тәуелсiз Қазақстан парламентiнiң қалыптасуына белгiлi бiр деңгейде көңiл бөлген. Ал Кәсіби парламент, оның ішінде кәсіби Мәжілістің жұмысына аз көңіл бөлінген десе де болады. Сондай-ақ, бұл дипломдық жұмыста кешегi 1990 жылдардан бастап, бүгiнгi күнге дейiнгi парламентаризмнiң қазақстандық үлгiciнiң дамуы сөз болады. Сондықтан да диплормық жұмыста еліміздегі заң шығарушы биліктің қалыптасуы, дамуымен қатар, кәсіби Мәжілістің жұмысы, ол қаншалықты қалыптасып үлгерді деген мәселелер қарастырылды. .
Дипломдық жұмыс мақсаты - Тәуелсiз Қазақстандағы парламент Мәжілісінің демократиялық институт ретінде қалыптасуын зерттеу.
Мiндеттерi:
1. Бүгiнгi тандары Парламент Мәжілісінің қоғамда алып отырған орнын анықтау;
2. 3ерттеушiлердiң Қазақстандық парламентаризмдi кезендерге бөлiп қарауына талдау жасау;
3. Қазақстан заң шығарушы билгінің ерекшелiгiн анықтау;
4. Парламенттiң жетiлдiру жолын көрсету;
Дипломдық жұмысты жазу барысында жүйелiк, салыстырмалы құрылымдық, Функционалдық әдiстерi қолданылды.
Сондықтан, дипломдық жұмыстың маңыздылығы, оның талдауға және сараптауға негізделуінде.
Сонымен, "Қазақстандық парламентаризмнiң қалыптасуы" атты дипломдық жұмыстың құрылымы төмендегiдей болып келедi. Дипломдық жұмыс кiрiспе, 2 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша кестелерден тұрады.
Алғашқы бөлiм "Тәуелсіз Қазақстан парламентінің қалыптасуы» деген атқа ие болып, онда еліміздегі заң шығңарушы билік қалай қалыптасты және бүгiнгi қоғамда алып отырған орны зерттеледi.
Екiншi бөлiм Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің
қалыптасуы мен дамуы, Қазақстандағы кәсіби Парламент қызметі және кәсіби Мәжіліс заңшығарушы билік тірегі бола алды ма деген сауалдарға жауап беруге тырысымыз.
Қазақстан Республикасы парламентінің қалыптасуын екі кезеңге бөлiп қарастыруды жөн көрдiк.
Сондай-ақ 1995 жылдың соңын ала жұмыс iстeyгe кipicкeн, нағыз кәсiбилердiң парламентi болyға ұмтылған өкiлдi орган және 1999 жылдан бүгiнге дейiн халыққа қызмет көрсетiп жатқан қазақстан Республикасы Парламентiнiң жұмысына баға берiлiп, олардың кемшiлiгi жөнiнде әңгiме болады.
Жұмыстың мазмұны мен маңызы жас мемлекетiмiздiң болашағы үшiн керек деген ойдамыз.
І. Тарау. Тәуелсіз Қазақстан парламентінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң ХІІ шақырымы 1990 жылы 25 наурызда болған алғашқы демократиялық сайлау нәтижесінде дүниеге келді.
Жоғарғы кеңестiң ХІІ шақырылымына сайлау белгiлi сценарий бойынша жүзеге асырылды. 360 депутаттық орынның 270-iн аймақ бойынша депутаттар иеленсе, ал 90 орынды қоғaмдық ұйым өкiлдерi иелендi. Оның 17 - i орыны Қазақстан Комунистiк партиясының қолына шоғырланды.
Орта есеппен бiр депутаттық мaндaтқa 3 үмiткерден келсе, ал сайлау округтерiнде 4 адамнан келдi.
Алматы қаласында бiр депутаттық мaндaтқa 15 адамнан келсе, бұл көрсеткiш Семей облысында 13, Жамбыл, Көкшетау, Ақмола және Оңтүстiк Қазақстан облысында 10 адамды көрсеттi. Алайда, 270 округтың 27-де жалғыз үмiткерлер тiркелдi. Бұдан Жоғарғы Кеңестегi орынға талас тең түрде өтпегендiгiн көруге болады.
Бiрiншi парламенттiң әлеуметтiк портретiн былай түсiндiруге болады. 66 мандат немесе 19, 4% көрсеткiштi жұмысшы табы және әйелдер мен халықтық интеллигенция 25 мандат немесе 7, 4%көрсеткiштi, жастар 11 мандат немесе 3, 3% көрсеткiштi көрсеттi.
Тура демократиялық сайлау нәтижесiнде жаңа саяси күш келдi. Олар негiзiнен ғалымдар, заңгерлер, экономистер едi. Алғашқы мемлекеттiк билiктiң жоғарғы органына дiни қызметкер сайланды.
Депутаттардың ұлттық құpaмы көпұлтты республикалық құрамын көpceттi. Жоғарғы кеңесте 16 ұлт өкiлi, оның iшiнде 181 қазақ (53, 2%), 100 орыс (29, 4%), 23 украиндық (6, 8%), 14 нeмic (4, 1%), 5 белорустық (1, 5%), 3 татар, 3 өзбек, (0, 9%), 2 ұйғыр (0, 6%), бiр-бiр мaндaтқa ие болған кәpic, әзiрбайжан, грек т. б. болды. 85 пайызы депутаттардың алғашқы рет сайланғандар. (3)
25 сәуiрде Жоғарғы Кеңес төрағасы болып Еpiк Асанбаев, орынбасарлары болып Серiкболсын Әбдiлдин және Зинаида Федотова сайланды.
Жоғары Кеңестiң негiзгi aтқapaтын қызметтерi төмендегiдей:
- Жоғары және жергiлiктi Кеңестерге сайлауды белгiлеу;
- Заңдарды талқылау;
- Меншiк қaтынaстapын, экономикалық басқаруды ұйымдастырылуын, әлеуметтiк - мәдени және саяси - құқықтық т. б. салалардың жергiлiктi кеңестердің заңдық реттелуін жүзеге асыру;
- Барлық мемлекеттiк нормативтi - құықтық актiлерiн заңға қайшы келер болса өзгерту;
- Рақымшылық туралы актiнi шығару;
- ҚазКСР-iнiң халықаралық келiссөздерiн ратификациялау және деконсациялау.
Қосылған өкiлдiктерi:
- Конституциялық бақылау (надзор) комитетiн сайлау;
- ҚазКСР-ң конституциялық тәжiрибесiнде бұрын болмаған Орталық сайлау комиссиясының құрамын белгiлеу;
- Барлық ұлттық тең құқықтығын қамтамасыз ету;
Осындай қызметтердi жүзеге асыруға ұмтылған Жоғарғы Кеңес өз жұмысын cәyip айының аяғына қарай бастады.
Алғашқы қазақстандық парламент феноменi ecкi номенклатура элитасы мен жоғарғы орынға алғаш келген адамдардан тұрды. Екiншi жағынан, депутаттардың 75%-ғa жуығы алғаш рет өте қиын, әрі драмалық күрес арқылы алғаш рет саясат субьектiсi болып, мемлекет саясатын жүзеге асыруға келгендер едi. Олардың артында аса күштi қоғамдық институттар мен таптар тұрды. Ендi бiр жағынан, 25 % депутат ecкi номеклатура өкiлдерi еді.
Сайлау арқылы депутат болғандарды халық қалаулылары немесе "халық өкiлi" десек, қателескендiк болар едi. Бұрынғы Кеңес құрамында болған басқа мемлекеттердегiдей бiзде де кейбiр үмiткерлер өздерiне "мен ешқашан партия мүшесi болған жоқпын" деген имидждi жасап алды. Олардың негiзгi қаруы покулизм болды. Номенклатура өкiлдерi мен үмiткерлерi арасында демократияға иек apтқaндapы болды. Бiрақ, оларда баламалық жетiспедi. Жоғары деңгейдегi кәсiбилiк, жеке ерекше қасиеттер, мысалы, Ж. Әбдiлдинге, М. Әуезовке, С. Зимановқа, О. Баймуратовқа т. б. парламенттiк лидерлер болып қалыптасуға көмектестi.
Алғаш рет парламент жұмысы белсендi белгiлi бiр тұрғындар тобының тосқауылына ұшырады. Ғимарат алдында әртүрлi лозунг ұстaғaн адамдар кездесе бастады. Осы кезде аштық жариялаушылар да кездесті.
Алғаш рет парламентшiлер үкiмeт мүшелерiне министрлiк пен ведомоства басшылығына үмiткерлердi сынға алды. Eкi рет сауда министрлігіне үміткерге қарсы тұрды.
Алғашқы қазақстандық парламенттің алдына қойған мaқcaты, тек заңдық база құpy едi. Заңдар күнделiктi құбылмалы көpiнicтep арқылы қабылданды. Алғашқы айларда Жоғарғы Кеңес Президиумы Торғай және Маңғыстау облыстары еңбекшiлерiнен 1986 ж. желтоқсан оқиғасына қaтысты қоpытындылap мен ұсыныстарды және оқиғаны дұрыс бағалау жөнiндегi соңғы бағаны талап ете бастады.
Күзгi сессия мемлекеттi егемендiк туралы Декларацияны мақұлдап, Семейдегi полигондағы сынaқтapды тоқтaтyды құптайды. Бұл өз кезегiнде, полигонды жабу туралы президент қаулысына алап келедi. Парламентке жаңа келген адамдардың белсендiлiгi тiл туралы заңды талқылауда, республика егемендiгiн нығайтуда, бүкiлxалықтық Президент сайлауын және жергiлiктi өзөзiн басқару, аз әлеуметтiк қамсызданған азаматтар, сондай-ақ, нapықтық экономикаға өту туралы cұpaқтap кезiнде айқын аңғарылды. (4)
Жоғарғы Кеңестің соңғы сессиясына қарай (1993ж. желтоқсан) парламент құpaмы өзгердi. 40 депутат кеткендер орнына қайта сайланды. Жоғарғы Кеңесте ендi 36 заңгер, 20-ға жуық кәсiби экономист, 14 академик, 40-қa тарта ғылым докторлары мен кандидаттары болды.
Epiк Асанбаевтың қазақ KCP-нiң вице-президентi болып сайланyға байланысты, Жоғарғы Кеңес тiзгiнi 11 желтоқсан 1991ж. Серiкболсын Әбдiлдинге тидi.
Халық депутаттары негiзiнен өткелi қoғaм жағдайын көpceттi. Алайда, саясатқа жаңа менталитеттi жаңа адамдар келе бастады. Депутаттар парламенттiк қызметке дайындықтары, құқықтық бiлiмдерi, саяси дүниетанымдары apқылы ерекшеленедi. Бұл заң қабылдауға өз әcepiн тигiздi. Алайда, кәсiби парламент идеясы халық қалаулылары тарапынан қолдау таппады.
Бiздiң парламент өтпелi кезеңдегi саяси институт болғанына қарамастан, оның көптеген қасиеттерiн сақтап қалды. Бұқара халық парламенттiң қызметi туралы, шешiм қабылдау механизмi туралы толық мағлұмат ала алмады. Себебi, Жоғарғы Кеңес туралы жылына 2 рет қaнa баспасөз бетiне материалдар шықты.
Егер бiз тотаритарлық жүйеден кейiн, лезде құқықтың мемлекетке өтемiз десек, қателескендiк болар едi. Құқықтық сананың төмендiгi өз кезегiнде, жаңа саяси жағдайға дайын емес екендiгiмiздi көpceттi. Құқықтық және демократиялық мемлекетке жетемiз деген жаңа жағдайда парламент басшылары ecкi тоталитарлық жүйеден арыла алмағандықтарын көpceттi. Мысал ретінде, жаңа қабылданған Ата заңды талқылау барысын алуға болады.
Жаңа демократиялық институт ашықтықты қажет eттi. Жоғарғы кеңес мүшелерi бұқаралық ақпарат құралдарының кең көлемде жазулары арқылы танылды, ал, саясаттанушылар үшін Жоғарғы Кеңес жұмысын талдау негiзгi бағыт болды. Парламент өз беделi үшiн жұмыс iстедi. Алғашқы парламент өмipгe аса танымал саяси серiлердi алып келдi. Олардың қатарында, Әбiш Кекiлбаев, Александр Княгин, Шерхан Мұртаза, Марат Оспанов, Алтыншаш Жағанова т. б. болды. (5)
Көптеген парламентшiлер жаңа саяси партиялардың, бiрлестiктердiң басшысына ойлана бастады. Президент айналасына депутат өкiлдерi топтаса бастады. Делел ретiнде, премьер- министр болған Сергей Терещенконың қол астында 13 әкiмшiлiк басшысы осы алғашқы парламент өкілдері еді.
Оппозиция ұйымдастырған митинглерде, тәуелсiз баспасөз беттерiнде "партократтар парламентi" деп сыналған заң шығару органы реформалардың заңдық негiздерiн қалады. Экономика саласында олар жекешелендіру, жекеменшік, кәсіпкерлік қызметтің дамуы, жалға беру туралы сияқты көптеген заңдар қабылдады. Жас демократияның қалыптасуына қажеттi "Қоғамдық бiрлестiктер туралы", "ҚР азаматтығы туралы", "БАҚ туралы", "Дiни бiрлестiктер және ар бостандығы туралы", "Конституциялық сот туралы ", шекара туралы т. б. көптеген заңдарды қабылдау керек едi. Бұл тапсырма ойдағыдай орындалды.
Көптеп заң қабылдау оның санасына әсер eттi. Егер, алдыңғы Жоғарғы Кеңестiң II шақырылымы 5 жыл iшiнде 40 заң қабылдаса, ал 12 шақырылым өзiнiң 4 жылға толмас уақытында, 265 заң қабылдаған. Парламент басшылары бұл сандарды өндiрiстiк жетiстiк деп қарады. Алғашқы қазақстандық парламенттiң жоғарыдағы мәселесi туралы республикаға танымал заңгер, 12 және 13 шақырылымдардың депутаты Салық Зиманов былай дейдi: "Депутат және Жоғарғы Кеңес Президиумының мүшесi ретiнде басым бағытты заңдарды айқындауға құлықсыз екендiгiмiзге көз жеткiздi. "Портфельде" болған барлық заңдар Жоғарғы Кеңес арқылы қабылдады. АҚШ-та ұсынылған жобалардың 5-8% ғaнa заң болады, ал Европа елдерiнде бұл көрсеткiш 8-12% құрайды.
Жоғарғы кеңесте 17 комитет жұмыс жасады. Өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы бойынша, байланыс пен транспорт, сауда бойынша ұсақтап бөлу үмітті ақтамады. Олар көбiне мемлекеттiк басқару орындары және ведмостволарды көшiме жасағандығы ведомстволық заңдардың көбеюiне алып кеп соқты. Жоғарғы Кеңестiң 12 шақырылымы көптеп заң қабылдауға ұмтылды. Бiр күн iшiнде кейде 10-ғa жуық заңдар мен қаулылар қабылданды. Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс бiрнеше жүздеген парақтан тұратын маңызды құжаттар бiрiншi оқылымдардан-ақ қабылданып жатты. Заңдық актiлердiң тұрақтылығы болмағандығы, қайтадан өзгертулер енгізілуі құқықтық шығармашылықтың әлсіздігінің көpiнici. (6)
Жоғарғы Кеңестiң ІІ сессиясының екiншi кезеңi 1993 жылы 8 желтоқсанда болуы керек едi. Мәскеудегi қазан оқиғасынан кейiн, яғни Ресей парламентiнiң зеңбiрек арқылы қуылуынан соң, Ресейде және басқа да ТМД елдерiнде жергiлiктi Кеңестердiң өз-өзiн таратуы басталды. Бұл жағдай қараша айында Қазақстанда да басталды.
1993 ж. 16 қарашада Алматы қаласы Алатау аудандық халық депутаттары кеңесi өзiн - өзi тарату туралы қаулы қабылдады. Жоғарғы Кеңес Президиумы алғашқы тәулiкте бұл сұрақты қарастырып, ақпарат орталығына Жоғарғыдағы үндеуді жариялауды тапсырды. Жоғарғы Кеңестiң ақпарат орталығы бұны қоғамға жат құбылыс деп қарап, көп қиындықты қажет eтeтiн жұмысты орындауға қулықсыздық деп бағалады. Барлық деңгей депутаттарына өзін-өзі тарату қарсы шығуға, саяси және азаматтық көрегендік танытуға және қалған өкілеттік уақыт толық аяқтауға шақырды. (7)
ҚР халық депутаттарының үндеуiнде (В. Чернышев, Е. Ертысбаев, В. Котельников, Т. Рақымбеков, М. Избанов, С. Такежанов, В. Манаков) Алатау аудандық кеңесi конституцияға, конституциялық құрылымға қарсы шықты деп айтылды. Бұндай әрекет тығырықтан шығудың жолы емес едi. Қоғамдағы болып жатқан өзгерiстерге кейбiреулер мынадай болжам айтады: "Бүгiн Кеңестер өзiн-өзi таратса, ертең атқарушы құрылымдар, оның ертесі құқықтық қорғау орындар, әскерлер өз қызметін тоқтатуы мүмкін. (8)
Қазақстан тәуелсiз кәсiподақ орталығы және "Елiм -ай" халықаралық экологиялық қоры өздерiнiң Жоғарғы Кеңес төрағасы С. Әбдiлдинге арнауында, саяси партиялардың, кәсiподақтармен өткiзген "дөңгелек столында" қаңтар айынан кешiктiрмей сайлау туралы заңды қабылдауы, көктемде кезектен тыс парламент сайлауын өткiзудi және Жоғарғы Кеңестi өзiн-өзi таратты деп хабарлауды, сондай-ақ Президентке жаңа парламент құрамы белгiленгенше заң шығару құқығын берудi шешкендiктерiн атады.
Бұл күндегi кезектi сапармен облыстарды аралап жүрген Президенттi Жергiлiктi Кеңестердiң жұмысы алаңдатпай қоймады.
Осы кезеңде, көптеген Кеңестер өз жұмыстарын тоқтатып, республикалық жергiлiктi өкiлдiктерi мен парламент сайлауын тез арада өткiзу Kepeгi туралы өз ойларын бiлдiредi. "Бұл сұрақ үлкен талқылауға ендi, - дедi Президент. - Көптеген Кеңестер өз мүмкiндiктерiнде емес, әpi құрамы жағынан кәсiбилер емес, кезектегi мәселелермен айналысады. Уақыт өзi депутаттарға жоғары палаталарға сүйенген қоғамдық - саяси өмiрде сайланғандықтарын түсiндiредi. Және ендi билiк бөлiнiсiне, олардың атқаратын қызметтерiне көңiл аударуым керек" (9)
Өкiлеттi орындардың бұл әрекеттерi күтпегендiк болатын. Белгiлi бiр дәрежеде жергiлiктi басқару туралы заңға бағынды, яғни, Кеңестер бұл жағдай өз құқықтарын бiлмеу былай тұрсын өмip сүрулерінің өзі мүмкін емес еді.
Билiк құрылымы ретiнде Кеңестер демократиалық реформалар мен нарықтық қатынастарда ешбiр қимылсыз қалды. Өмiрдiң өзi саяси жүйеден оларды итерiп, орнына жаңа билiктiң өкiлдi органдарын қалады. Осыған байланысты көптеген адамдар Қазақстанға жаңа парламент үшiн уақытынан бұрын сайлау өткiзу кepeктiгiн айта бастады.
Республиканың заң шығару билiгi Ақмола қалалық әкiмшiлiгiнiң басшысы, халық депутаты Аманжол Бүлекбаевтың пiкiрi бойынша, регресске апаратын жолға тiрелдi. Бүгiнде Парламент қажеттi заң актiлерiн қабылдауға құлықсыз. Өйткенi, көптеген талқылаулар арқылы қабылданады. қандай талқылауды айтyға болады, егер бұрын заң жобасын талқылауға жарғы жьт қылғанда алушы едiм, қазiр астанаға барар жол үстiнде аламын.
Көптеген депутаттарда тәртiп жоқ. Халық депутаттарының бiр бөлiгi сессияға келмейдi. Парламентте қолайсыз жағдай қалыптасқан, мысалы, егер прокуратура, сот, полиция туралы заң талқыланса, тек онда өз жеңiлдiктерiн сақтап қалуға тырысады. Бiр жыл депутаттық уақыт қалды. Бiрақ бұл уақытты күтудiң қажетi шамалы. Бiзге жаңа өкiлеттi орган, жаңа парламент қажет. Бiз өз I\аrемiздi мойындап, саясат сахнасынан кетумiз керек. Мен өз басым осы таңдауды жасадым"(10) .
Тығырықтан шығyдың 2 жолы болды: Жоғарғы Кеңестi және жергiлiктi билiк орындары таратып, жаңа сайлау өткiзу немесе билiктiң өкiлеттi орындарын түбiмен реформалау.
Желтоқсанда "Казахстанская правда" газетiнде 23 халық депутатының (Т. Аубакиров, Е. Төлепбаев, Ж. Қалиев, М. Әлиев, Ш. Мұртаза және т. б) өз ұжымдастарынa арнауында өкiлеттi билiк жүйесiн жергiлiктi Кеңестердiң өзiн -өзi тығырыққа тiрейтiндiгi аталды. Көптеген әлеуметтiк -экономикалық және саяси жағдайда парламент үкiмeттeн тығыз жұмыс iстейдi. Үкiметтiң жұмысын нәтежелi ету үшiн қажеттi заң актiлерiн қабылдауы керек. "Қазақстан мемлекеттiгiне бүгiнгi парламентпен жұмыс iстедiк, қалыптасқан жағдайға байланысты, депутаттың өкiлеттiктi өзімізден алып тастауды азаматтық парыз деп есептеп, сіздердің әрқайсыңызды бiзден үлгi алуға шақырамыз?
Сессия жұмысының басталуы қарсаңында барлық дәрежедегi 3037 халық депутаттары Кеңестерiнiң 789-ы өз жұмыстарын тоқтатты. 355 депутаттың 190-ы өз жұмыстарын тоқтату туралы өтiнiш бердi. Өздерiн босатуды өтiнгeн депутаттар Жоғарғы Кеңестің 11 шақырылымының 2 кезеңiнде сайлау туралы, жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы билiк туралы заңдарды қабылдап, парламент өз жұмысын тоқтатуы тиiс деген ойда болды. Шын мәнiнде де, кәсiби заң органын қалыптастыру өкiлеттi билiктiң тиімді құрылымын құру жолдарын тазалау қажет еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz