Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1 - Тарау. Геоэкологиялық аудандастырудың ғылыми-теориялық
негіздері . . .
1. 1. Физико-географиялық комплекстердің даму заңдылықтары мен
себептері . . .
1. 2. Геоэкологиялық аудандастырудың принциптері . . .
1. 3. Геоэкологиялық аудандастьрудың таксономиялық бірліктері . . .
1. 4 Аудандастырудың әдістері . . .
11 -Тарау. Жамбыл облысының табиғаты мен геоэкологиялық
аудандастырылуы . . .
11. 1. Геологиялық құрылысы мен жер бедері . . .
11. 2 Климаты мен ішкі сулары . . .
11. 3. Табиғат зоналары мен ландшафтылық структуарсы . . .
11. 4. Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастырылуы . . .
Қорытынды
Әдебиеттері.
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының экономи- касының келешектегі дамуы ғылыми-зерттеу жұмыстарына, оның ішінде географиялық ізденістерге негізделетіні анық. Бүгінде еліміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану мен табиғатты қорғау мәселесі ғылыми жобалар негізіде шешіліп жатқаны белгілі.
Ғаламдық масштабта экологиялық жағдайлардың дағдарысты сипат алып отыруына байланысты республиканың және оның жеке облыстарының геоэкологиясын зерттеудің үлкен маңызы бар. Себебі экологиялық жағдай республиканың әртүрлі облысында түрліше сипат алып қалыптасып отыр.
Қазақстанның жеке аймақтарының табиғаты, бізді қоршаған жалпы табиғат сияқты, өзара тығыз байланыста болатын және өзара әсерлескен табиғат компоненттерінен: - жер бедері, геологиялық құрылысы, ауасы мен суы, топырақ және өсімдік жамылғысы, жануарлдар дүниесінен тұрады. Табиғат комплексін көп жағдайда табиғи-территориялық комплекс немесе табиғи ландшафт деп атайды. Республиканың алабында дамыған табиғи-территориялық комплекстер біріне бірі ұқсамайды. Мысалы солтүстіктегі Көкшетаудың табиғаты оңтүстіктегі Мойынқұм шөліне немесе, Каспий маңы ойпатының табиғаты шығыстағы Алтайдың табиғатынан ерекше. Осы републиканың аумағындағы табиғи-территориялық комплекстердің ерекшеліктері, айналып келгенде оның территориясында ішкі физика-географиялық айырмашылықтардың обьективті түрде болатындығын көрсетеді.
Кез-келген территорияның ішкі физико-географиялық жағдайы қандай әртүрлі болса, оның экологиялық жағдайы да сондай әртүрлі сипатта дамиды. Әрбір облыс жерінің геоэкологиялық жағдайы сол жердің табиғат байлығын игеруге негізделіп дамып отырған экономиканың салаларына байланысты. Табиғи-территориялық комплекстер адамның шаруашылық әрекеттеріне әрқалай дәрежеде төтеп береді. Басқаша сөзбен айтқанда, табиғи ландшафтылардың сыртқы әрекеттерге тұрақтылығы әрқалай.
Жамбыл облысы түгелдей дерлік зональды шөл ландшафтылық зонасының алабында орналасқан. Бұдан өлке жеріндегі табиғи жағдайлар онымен байланысты дамыған экологиялық жағдайлар біртекті сипатты деуге болмайды. Солтүстіктегі Бетпақдала шөлінің геоэкологиялық жағдайы оңтүстіктегі Қырғыз Алатауына, Мойынқұм шөліндегі жағдай Қаратаудағы жағдайына ұқсамайды. Сондықтан облыс жеріндегі экологиялық жағдайдың дәрежесін, яғни қаншалықты дағдарысты не шиеленісті, не қалыпты аса үлкен өзгерістр болып жатқан жоқ деп бағалау актуальды мәселе. Табиғи-территориялық комплекстердің обьективтілігін танитын болсақ, Жамбыл облысы территориясын геоэкологиялық аудандастырудың үлкен ғылыми-практикалық маңызы бар.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері . Геоэкологиялық аудандастырудың ғылыми-методологиялық негіздерімен таныса отырып, Жамбыл облысының территориясын геоэкологиялық аудандастыру. Осы мақсатты орындау үшін алдағы бірнеше міндеттерді шешуге тура келеді:
- геоэкологиялық аудандастырудың ғылыми принциптері мен әдісте- рімен танысу;
- аудандастырудың таксономиялық бірліктерін анықтау;
- жергілікті жердің табиғат жағдайы мен қорларына қысқаша шолу жасау;
- Жамбыл облысы территориясының геоэкологиялық аудандастыру жүйесін тұжырымдау.
Зерттеудің нысанасы: Жамбыл облысының территориясы.
Зерттеудің пәні: Жамбыл облысының территориясының табиғатына экологиялық баға бере отырып, геоэкологиялық аудандастыру.
Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеу дәстүрлі географиялық зерттеу әдістері мен тәсілдері арқылы жүргізілді: салыстырмалы- герафиялық, картографиялық, статистикалық және экологиялық экспертиза әдістер. Геоэкологиялық аудандастырудың комплекстілі принципі арқылы аудандастыру жүйесі тұжырымдалды. Сондай-ақ ғылыми басылымдардағы материалдарға сараптама мен экстраполяция кеңінен қолданылды.
Диплом жұмысын қорғаудың негізгі қағидалары. Қорғауға төмендегі жағдайлар шығарылады:
- Жамбыл облысы территориясының ландшафтылық структурасына анализ қорытындысы;
- Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыру схемасы мен жүйесі .
Жұмыстың практикалық маңызы: Зерттеу барысында алынған ғылыми тұжырымдар территорияның геоэкологиялық аудандарын анықтауға, соған байланысты қалыптасып отырған геоэкологиялық ішкі айырмашылықтар анықталады. Оның келешектегі табиғат жағдайы мен табиғат қорларын игеруде және табиғатын қорғау шараларын анықтап, іс жүзінде қолдануға үлкен септігін тигізеді.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі: Диплом жұмысы 65 бетте жазылған қолжазбадан тұрады. Оның мазмұны кіріспеден, 2 тараудан және 7 параграфтан және қорытындыдан тұрады. Қолданылған әдебиеттердің саны - 27. Жұмыс 14 кесте мен 3 карто-схемада көркемделеді.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың актуальдылығы, мақсаты мен міндеттері және жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы тұжырымдалады. Бірінші тарауында геоэкологиялық аудандастырудың ғылыми-теориялық негіздері, принциптерімен әдістері және таксономиялық бірліктеріне сараптама жасалады. Геоэкологиялық аудандастырудың тарихына қысқаша шолу жасалады.
Екінші тарауда Жамбыл облысының табиғат жағдайына (компоненттеріне) және табиғат қорларына анализ жасалады. Территорияның ішкі физико-географиялық айырмашылықтары негізінде, қалыптасып отырған геоэкологиялық жағдай анықталып, аудандастыру жүйесі ұсынылады.
1 - Тарау. Геоэкологиялық аудандастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Физико-географиялық комплекстер дамуының заңдылықтары
мен себептері
Геоэкологиялық аудандастыру проблемасына ХХ - ғасырдың соңғы 20 - 30 жылының ішінде жер жерде экологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты назар аударыла бастады. Жер шарының түкпір-түкпіріндегі экологиялық дағдарыс ошақтарының қалыптасуы, оның себептері мен салдарына деген зерттеулерді кеңінен жүргізілүіне ұйытқы болуда (Данилов-Данильян, 1987; Реймеср, Штильмарк, 1989, 1991; Пузаченко, 1992; Чигаркин, 1996, 1999, 2000, 2004; Бельгібаев, Белый, 2003, 2004, 2005, т. б. ) .
Геоэкологиялық аудандастыру дегеніміз - кез-келген территорияның экологиялық жағдайына физико-географиялық айсақ (страна), провинция деңгейінде сараптама жасау (Чигаркин, 1996) . Геоэкологиялық аудандастыру ғалымдардың пікірінше территорияның физико-географиялық аудандастыру жүйесі негізінде жүргізіледі. Сондықтан әуелі физико-географиялық аудандастырудың анықтамасына тоқталған жөн.
Физико-географиялық аудандастыру дегеніміз, - территорияның алабындағы обьективті дамып отырған физико-географиялық бірліктерді анықтау (Гвоздецкий, 1973) . Табиғаттағы жаратылысы мен ландшафтылық структурасымен бірінен-бірі үлкен айырмашылық жасайтын территориялық бірліктерді анықтау.
Физико-географиялық аудандастыру-табиғаттағы географиялық индвидуумдарды анықтау, топтастырумен бөлу (Калесник, 1965) . Жер бетін белгілібір мақсат пен міндеттерге сәйкес физико-географиялық аудандастыру (Сочава, 1979) .
Жер бетіндегі тарихи дамудың нәтижесін -географиялық аймақтарды ажырату (Исаченко, 1985) . Физико-географиялық аудандастыру нәтижесінде жер бетіндегі иабиғи ландшафтыларды белгілібір таксономиялық бірліктер дәрежесіне қарай бөлу мен топтастыру (Мильков, 1990)
Жоғарыда келтірілген ғылыми анықтамаларға тоқталсақ, барлық ғалымдар табиғаттағы табиғи территориялық комплекстердің обьективтілігін мойындайды. Жердің географиялық қабығы біртұтас болғанмен, оның әртүрлі дәрежедегі физико-географиялық бірліктерден тұратынын тұжырымдайды. Географиялық ортадағы қалыптасып отырған экологиялық жағдай «таза» табиғи жағдайларға ғана емес, адамның шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде де өзгеретіні ақиқат. Сондықтан физико-географиялық аудандастыру барысында антропогенді факторды ескермеуге болмайды. Кез-келген территорияның ішкі геоэкологиялық ерекшеліктері геоэкологиялық аудандастыру негізінде жүргізіледі. Бұл мәселе төмендегі ғылыми-теориялық міндеттерді шешуге себеп болады:
- табиғи - территориялық комплекстердің заттық құрамын анықтауға;
- табиғат компоненттердің зерттелетін жердің геоэкологиялық жағдайының қалыптасуындағы экологиялық маңызына баға беруге;
- табиғаттағы обьективті өмір сүріп отырған геоэкологиялық комплекстерді анықтауға;
- геоэкологиялық аудандастырудың картасын құрастыруға;
- табиғи-территориялық комплекстердің классификациясын ұсынуға;
- геоэкомплекстердің экологиялық жағдайын экологиялық экспертиза жасауға негіз болады.
Осы ғылыми міндеттерді шешу аудандастырудың бірнеше әдіс-тәсілдерін пайдалануды қажет етеді. Геоэкологиялық аудандастыру барысында зерттеліп отырған территорияның жер бедеріне, геологиялық құрлысына, климаты мен ішкі суларына және табиғат зоналары зерттеледі.
Геоэкологиялық аудандастыру дегеннен басқа «табиғи аудандастыру» деген ұғым бар. Соңғы ұғымның мазмұны кең, ал соңғының мазмұны тар, ол табиғи аудандастырудың бір бағыты болып есептеледі.
Табиғаттағы зат және энергия алмасу мен информациялық алмасулар арқасында табиғи-территориялық комплекстер қалыптасады. Осы алмасулардың табиғатын тани отырып, жер бетіндегі физика-географиялық комплекстердің даму заңдылықтарын білуге болады. Табиғат айнала қоршаған адам баласын обьективті байқалатын географиялық заңдылықтар бойынша дамиды.
1. Географиялық қабықтың біртұтастылық заңдылығы табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара тығыз байланыстылықта болатындығын айғақтайды. Табиғаттың бір компонентінің өзгерісі келесі бір компоненттің өзгерісін бірден тұғызады. Егер жер беті жылуды мол алып, ылғал аз алатын болса, ондай жерде шөл дамиды. Егер жылу мен ылғал арта беретін болса, ол жерде тропикалық орман дамиды. Егер шөлді жерде ылғалдың мөлшері арта берсе ол шөлден гумидті табиғи территориялық комплекске айналады. Сонымен географиялық қабық физико-географиялық комплекстер жүйесінен тұрады, олардың арасындағы байланыс үзілсе не өзгеріске ұшыраса көрші комплекс міндетті түрде сапалы түрде өзгереді. Мысалы, сел жүріп өтсе, оның жолындағы табиғи ландшафт бұзылады. Немесе өзен аңғарындағы тоғайлар кесілсе, онда өзеннің гидрологиялық режимінен бастап өсімдік, топырақ жамылғысында өзгерістер жалғасады.
2. Табиғатқа және оны құраушы компоненттерге зат пен энергияның тұйық айналымы тән. Табиғатта зат пен энергия үнемі түрленіп, бір түрден екінші түрге өтіп отырады. Мысалы сыртқы энергия - Жердің айнала қозғалысы және Ай мен Күннің тарту күштері - табиғаттағы сыртқы күштеріне қозғаушы күш болса, Күннің энергиясы - биологиялық процестерге себеп болады. Жердің ішкі қабаттарындағы энергия - радиоактивті элементтердің ыдырауы мен гравитациялық энергиядан келеді. Табиғаттағы зат пен энергияның алмасуы тірі организмдердің тұтастығын және бейорганикалық дүниенің ішіндегі табиғат комплекстерінің жағдайын жасайды. Бірақ ескеру қажет, табиғаттағы зат пен энергияның алмасуы - табиғаттағы ашық система, ол әрқашанда жаңа өзгерістермен алмасулардың басы болып жатады.
3. Ритмикалық немесе ырғақтылық заңдылығы. Табиғатта және физико-географиялық комплекстерде құбылыстар мен процестер үнемі қайталанып отырады. Оның себебі күн мен түн және жыл мезгілдері алмасады. Ритмика табиғаттағы құбылыстардың уақыт және кеңістік ішінде қайталанып отыруына негіз болады. Бұл жағдайда физико-географиялық комплекстердегі өзгерістер бастапқы қалпына қайтып келмейді. Уақыт ішіндегі қайталану барысында табиғат комплексі күрделі сапалы өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, Қырғыз Алатуында төртіктегі мұздану барысында қар сызығы төмен болып, қазіргі альпілік және субальпілік шалғындар орнында нивальды мұзды комплекстер дамыған болатын. Тау басындағы мұздықтардың ауданы қысқарған сайын ол комплекстердің орнын альпі және субальпі шалғындары алды.
4. Зональдылық заңдылығы. Ол біріншіден күн сәулесінің жер бетіне ендіктер бойынша әркелкі түсуіне байланысты дамыды. Бұл заңдылықтың негізі космостық факторларда жатыр. Жердің шар тәрізді болуына байланысты күн жылуы әркелкі түсіп, тарап табиғат комплекстері зональды дамып отыр. Экватордан полюстерге қарай табиғат зоналары мен ландшаф-
тылары бірін бірі зональды түрде алмасады. Бұл заңдылықты ашқан орыс топырақтанушы ғалымы В. В. Докучаев.
5. Азональды заңдылық С. В. Калесник бойынша (1970) табиғат комплекстерінің бойлық және секторлар бойынша өзгерісі. Секторлық құбылыс Жердің планетарлы құрылысымен байланысты дамыған: материктер мен мұхиттардың арақатынасы, құрлықтардың мұхиттарға қатысты орнымен, т. б. Азональды құбылыс жер табиғатында екі жағдайда көрініс табады. Біріншіден, бір табиғат зонасының бойындағы ландшафтының «үзіліп» немесе «түсіп қалуы» болса, екіншіден табиғат зоналары бойлық бойымен дамуы. Соңғысы материктердің конфигурациясы мен теңіздердің ықпалына байланысты болса, алғашқысы таулардың көтеріліп жатуына байланысты дамиды. Жер беті математикалық тегіс жазық емес, таулар мен жазықтары алма кезек орналасады. Жазықтарда табиғат зоналары ендік бағытында дамып келе жатса, таулы өлкеде кездесекен тұста ол «бұзылады». Сонымен азональды құбылыс таулардың геолого-геоморфологиялық құрылысы мен неотектоникалық активтілігіне байланысты дамитын болды.
6. Географиялық қабықтың полярлық ассиметриялылығы. Бұл заңдылықты орыс ғалымы К. К. Марков тұжырымдаған болатын. Бұл заңдылық табиғи комплекстердің Жердің өз осінің айналасындағы айналып қозғалысына байланысты туындайды. Оңтүстік пен солтүстік жарты шарлардың табиғат комплектсреінде үлкен айырмашылықтан көрінеді. Оңтүстік жарты шар - мұхитты, мұнда құрылық аз, ал солтүстік жарты шарда керісінше құрылығы мол да суы аз.
Осы ассиметриялық құбылыс тек Жердің тұтас бетіне ғана тән емес, ол әртүрлі дәрежедегі физико-географиялық комплекстерге де тән. Мысалы, Тянь-Шань тауларының күнгей беткейінде теріскей беткейімен салыстырғанда қар сызығы жоғары, нивальды-гляциальды зонасы биікте орналасады. Ал теріскей беткейлерінде қар сызығы төмен болғандықтан, мұзды-қарлы копмлекс төмендейді.
7. Табиғат комплекстерінің әртүрлі кезеңде дамуы (ассинхронды
дамуы) . Бұл дамуы С. В. Калесник «дамудың гетерохронды заңдылығы» деп атауды ұсынады. Бұл заңдылықтың мәні, көршілес жатқан табиғат комплектсері белгілі бір уақыт ішінде әртүрлі кезеңде қалыптасады. Мысалы шөл мен шөлейт зоналары палеогенде қалыптасты, ал тайга мен тундра - плейстоценнің екінші жартысында (Калесник, 1970) . Мойынқұм шөлі палеогенде қалыптаса бастаса, ал Қырғыз Алатауы неогеннің соңына төрттіктегі неотектоникалық процесс нәтижесінде дамыды.
Сонымен кез-келген жер бетінің табиғат комлекстерін зерттегенде жалпы географиялық заңдылықтарды ескеру қажет, себебі жергілікті жағдайлар айналып келгенде планетарлық заңдылықтар негізінде дамып қалыптасады.
- Геоэкологиялық аудандастырудың принциптері.
Жер бетіндегі геоэкологиялық аудандастырудың бірден-бір методологиялық және ғылыми негізі оның принциптері мен тәсілдері.
Региональды табиғи территориялық комплекстер жалпы географиялық заңдылықтар негізінде дамиды. Сондықтан зерттеушілердің көпшілігі аудандастыруда табиғаттың жалпы дамуы заңдылықтарын басшылыққа алады. Ғалымдар аудандастыруыдң әртүрлі принциптерін ескеріп, барып аудандастыру жүйелерін ұсынады. Аудандастыруыдң негізгі принциптері - зональды, азональды, генетикалық және комплекстілік болып бөлінеді.
1. Зональды принципі негізінде Қазақстанның (Л. С. Берг, В. Н. Чупахин, Б. А. Федорович) территориясы аудандастырылған болатын. Бұл принципті жақтаушылар табиғаттың дамуындағы зональды құбылысты басшылыққа алады. Алғаш рет горизонтальды зональды заңдылық В. В. Докучаев еңбектерінде жазылды. Оны кейін теориялық тұрғыдан дамытқан орыс ғалымдары Л. С. Берг, А. А. Григорьев т. б. Григорьевтің берген анықтамасы бойынша: « Жер бетіндегі табиғат зоналарының дамуы мен олардың орны географиялық ендіктерге байланысты болады».
Табиғи-территориялық комплектсердің зональды орналасуы мен өзгерістері Жердің шар формалы болуына, оның Күнге қатысты орнымен анықталады. Себебі жер бетіне күн жылуы мен жарығы ендіктер бойынша әркелкі таралады. «Күн энергиясы - жер бетіндегі зональды құбылыстардың дамуының алғы шарты болады» (Калесник, 1965) . Жер бетіндегі күн жылуы мен ылғалының зональды таралуы топырақтың және өсімдік жамылғыларының, өзен ағыстарының, жер бедерінің экзогенді формаларының зональды таралуының себебі болады. Сондықтан А. А. Григорьев кез-келген жер бетінің территориясын аудандарға бөлгенде осы зональды заңдылықты ескергенді ұсынады. Кейін А. А. Григорьев пен М. И. Будыко табиғат зоналарының дамуы мен таралуын жер бетіндегі жылу мен ылғалдың арақатынасымен түсіндірді. Бұл қатынасты құрғақшылық индексі деп атады. Радиациялық құрғақшылық индексі жылдық радиациялық баланстың жылдық жауын мөлшеріне қатынасымен анықталады. Ғалымдар жер бетіндегі әрбір табиғат зонасының радиаиялық құрғақшылық индексін анықтады. Мысалы, республиканың дала зонасында бұл көрсеткіш -1-2, шөлейт зонасында -2-3, шөлде - 3-5 - ке тең. Бұдан шығатын қорытынды шөлейт пен шөлде булана алатын ылғалмен салыстырғанда түсетін ылғалдың аздығы. Егер жер бетінде құрғақшылық индексі 1-ге тең болса, онда табиғи ортаның биологиялық компоненттерінің өсуіне жағдай өте қолайлы деген сөз. Ал ол көрсеткіш бірден не кем не артық болып ауытқыса, топырақ пен өсімдік жамылғысының дамуында қолайсыздықтар байқалады. Құрғақшылық индексі 1-ге тең болса, ол жер өзен ағысы мол болады, өзен торы жиі, аңғарлы тілімдену жиі. Ал шөлде ол көрсеткіш -3-5 болғандықтан жер беттік ағыс жоққа тән, эрозиялық формалар әлсіз қалыптасқан, эолды процесс басым байқалады.
Зональды принцип бойынша жер бетінде ендік бағытында дамыған табиғат зоналары ажыратылады. Мысалы Қазақстанның жазық аймақтарында оңтүстіктен- солтүстікке қарай, шөл, шөлейт, құрғақ дала, дала және орманды дала зоналары ажыратылады. Осы жүйенің ішінде Жамбыл облысы шөл табиғат зонасының бойында орналасқан.
2. Азональды принцип бойынша жер беті аудандарға бөлінгенде геология-геоморфологиялық жағдай ескеріледі. Осы принцип негізінде Орталық Азияның (Когай, Бабушкин), Бурят АССР - нің (Преображенский), Оренбург (Неуструев) даласының аудандастырылу схемалары құрастырылды. Жер бетінің табиғат ландшафтылары тек қана зональды факторлар ғана емес, азональды факторлар негізінде қалыптасатынын С. В. Калесник азональды немесе «провинциальды» фактор деп атайды. Азональдылық - жер бетіндегі табиғат ландшафтыларының дамуындағы бірденбір жеткеші заңдылық. Территорияның күрделі геологиялық құрылысы, тектоникалық әртектілігі, геоморфологиялық элементтердің әртүрлі гипсометриялық биіктіктерде орналасуы Жердің ішкі күштеріне және де космостық факторларға байланысты. Ендік бағытында созылып жатқан табиғат зоналарының территориясы геологиялық геоморфологиялық құрылысы тұрғысынан өзгеше болады. «Тектоникалық күштер - азональдылықтың кепілі» (Калесник, 1955)
Табиғаттың бойлық бойынша әртүрлі болуына материктердің жағаларындағы мұхит пен теңіздер ондағы ағыстар жүйесі үлкен әсер етеді. Жағалаудан материктер ішіне енген сайын климаттың континентальдылығы артады, құрғайды. Климаттың өзгеріс басқада табиғат компоненттерінің өзгерісін тұғызатыны белгілі.
Соңғы кездері бұл заңдылықты географтар «провинциалдылық » заңдылығы деп атап жүр. Себебеі, территорияның жер бедері мен геологиялық құрылысындағы ерекшеліктерді ескере отырып, физико-географиялық провинциялар анықтала бастады. Бірақ ғалымдардың басым көпшілігі бұл принципті азональды деп атағанды жақтайды. Жер бетіндегі ландшафтылардың бойлық бойынша дамуы мұхит пен құрлықтың ара қатынасынан туындайды.
Ф. Н. Мильков мен Н. А. Гвоздецкий азональды деген ұғымды табиғат комплексінің азональды және азональды компоненттерінің өзара әсерлесуі- нен туындайды деп пайымдайды. Азональды компоненттерге жер бедерін, геологиялық құрылысты, ал зональдыға - климат, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесін жатқызады. Азональдылық зональды құбылыстың ішінде дамиды.
Қазақстанның физико-географиялық аудандастыру картасында провинциялар азональды фактор негізінде ажыратылады. Мысалы, Тұран жазығының батыстан шығысқа созылған шөл зонасында Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм, Үстірт т. б. провинциялары ажыратылады.
3. Зональды-азональды принцип (зональды-провинциальды) . Геоэкологиялық аудандастыру тек қана зональды немесе азональды принцип бойынша атқарылуы мүмкін емес. Себебі табиғаттағы комплекстер әрі зональды әрі азональды факторлар негізінде дамыған.
Жер шарының күрделі құрылысы комплекстердің идеальды зоналар болып қалыптасуын жоққа шығарады. Зональдылықты жер бедері, мұхит пен құрылықтың арақатынасын, төсеніш бет әсерінен күн жылуының таралуы бұзады. Мысалы Солтүстік Америкада табиғат зоналары меридианальды бағытта созылған. Ол Мұндағы Кордильер тауларының солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатуына, соған қатысты ылғалдың бөлінуіне байланысты. Евразияның орталығында жазықтағы табиғат зоналары батыстан шығысқа қарай тұтас жолақ болып тартылып жатқан жоқ. Жалпақ жапырақты зонасы Орал тауларына дейінгі Орыс жазығының үстінде дамиды да Сібірде «түсіп қалады», Қиыр Шығыстың Амур жазығында қайтадан «шығады». Ендік бағытындағы зональдылық таулардың орналасуымен бұзылып отырады. Ал жазықтардың үстінде А. Г. Исаченконың айтқанындай (1981), жылумен ылғалдың арақатынасына байланысты ендік бағытында дамыиды.
Табиғи-территориальды комплекстерді тек қана азональды факторлар арқылы ажыратуғада болмайды. Себебі олардың қалыптасуына геологоия-геморфологиялық жағдаймен қатар зональды жағдайлар әсер етеді. Мысалы, орман және тундра зонасында сутегі ионы мен темір тән болса, дала зонасына - кальций, шөл зонасына - натрий тән. Тундра зонасына мәңгі тоңмен байланысты жер бедері қалыптасса, шөлде желдің әсерінен эолды морфоскульптуралар дамиды. Осыдан-ақ көруге болады, зональды факторлардың табиғат ландшафтысының дамуында ықпалы бар екенін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz