Мінез туралы жалпы ұғым



І. Кіріспе.
Мінез туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мінез бітістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.7
2. Типтік мінез бітістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.14
3. Мінез типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.20
4. Мінез туралы теориялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
5. Мінезді зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
6. Мінезді тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.30
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әр адам сыртқы дүниесінің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-катынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кей де оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераметінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды ор қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбмелілігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі саналары болып есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да, сипаттап отырады. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жүртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы жауапкершілік псн адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
1.Жарықбаев Қ. Жалпы психология — Алматы, 2004 2.Т.Тәжібаев Жалпы психология — Алматы, 1993
3. Сәбет Бап-Баба Жантану негіздері — Алматы, 2001
4. Р.С.Немов Психология Книга 1 - Москва, 2003
5. Нұрмұхамбетова Т.Р.Тәжірибелік психология 1- Шымкент, 2006
б.Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у
подростков. — Л., 1983
7.Левитов Н.Д. Психология характера. — М., 1969 8.Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2т. - Т. 2. - М., 1980
9. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии: В 2т.
- Т. II - М., 1989
10. Бодалев А.А. Психология о личности. — М., 1988

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І. Кіріспе.
Мінез туралы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..3-6
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Мінез
бітістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..6-7
2. Типтік мінез
бітістері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 8-14
3. Мінез
типологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 14-20
4. Мінез туралы
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...21
5. Мінезді зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...21
6. Мінезді тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..22-30
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Мінез туралы жалпы ұғым

Әр адам сыртқы дүниесінің сансыз тітіркендіргіштеріне өз елінше түрліше
жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша
қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе, сол адамның
үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр
түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарым-катынас
жасауының нәтижесі болып табылады.
Адамның сыртқы ортамен байланысуы үшін жасайтын осындай
қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.
Адамның үйреншікті әдеті болып қалыптасқан мінез бітістерінің кей де оның
сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де
болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды
менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай,
оның темпераметінің жүйке жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып
кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.
Мінез — адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол - көп қасиеттің бірлігі,
түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды ор қырынан
көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың бәрі де жеке адамның
қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып
саналмайды.
Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының
өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының
тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып
жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбмелілігі, бірқалыптылығы,
толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы — оның негізгі саналары болып
есептелінеді.
Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан
да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да, сипаттап отырады.
Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту,
жүртшылық пікірімен санаса білушілік, өзі міндетін орындаудағы
жауапкершілік псн адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері.
Рухани дүниесі бай қажеттері мсн қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең
адамдарды толық мінезді адам дейді. "Адамның басына қонған бақыттың тұрақты
болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты". Мінез сапаларының бірі — оның
бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні
ылғи да сез бен істің бірлігі. Кімнің мінезі болық болса, соның мінезі
бірқалыпты да келеді. Бұл екеуі мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі
ешқашан ажырамайтын бітістері. Мінездің тұрақтылығы адамның саяси моральдық
ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің мән-
мағынасын, мазмұнын белгілейтін мінездің сапасы.
Бірқалыпты, тұрақты мінезі бар адам басқалардың жетегінде кетпейді, оның
өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-
қатерден бой тасаламайды, керек жеріндс батылдық көрсете біледі. Инициатива
мен белсенділік, достық пен жолдастық, адалдық пен шыншылдық осындай
мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда
тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетінадам ұстамдылығының мөлшері
жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез өз мәнінде болмайды. "Бойда қайрат,
ойда көз, болмаған соң айтпа сөз" деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы
мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның
дүниеге көзқарасы мен сеніміне байланысып жатса ғана жоғарыда аталған
сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана алдына айқын мақсат
қоя алады. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тияқты әрекет ету қиын.
Қабілетсіз адам болмайтыны сияқты, мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын,
жақсы болсын, әйтеуір, адамда бір мінез бітісі болады. Бірақ жоғарыда
айтқандай түрлі сапалары қиысып келетін үлкен мінезді адамдар жиі кездесе
бермейді. Біреуде ол жағы, біреуде бүл жағы жетпей жатады.
Адам, сондай-ақ, түрлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған
қарап оның мінезі тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол
әншейінде батыл, жігерді болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге
түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің мәні өте зор. Мәселен, барлық
жерде де адам тәртіп сақтай алатын болса, тек сонда ғана тәртіптілікті сол
кісінің мінез бітісі деп санауға болады.
Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет,
темпераметімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті
мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша
сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің
қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса,
мінез бітістеріне өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен
темпераментердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді
қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де
берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.
И. П. Павлов адамның мінез бітістерін жоғары жүйке қызметінің тума
типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша жүйке байланыстарының
өзіндік "құйындысы" деп түсіндірді. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: "...
адамның мінез-құлқының бейнесі жүйке жүйссінің туа біткен қасиеттеріне ғана
байланысты болып қоймайды, сонымен бірге, организмнің жске өмір сүру
барысында болатын ықпалдарға да байланысты , демек, кең мағынасында
айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады".
Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен тығыз
байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез
өзгермейтін тума қасиет емсс, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала
туысынан "еңбек сүйгіш не жалқау, тәртіпті, не ұстамсыз " болып тумайды.
Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай
тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен
жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым-катынас. "... Сөз жүзінде емес,
мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады". Сондықтан да оны қоршаған
ортасына ғана төселмей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер
енгізілді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез бітістерінің қалыптасуында
шешуші рөль атқарып отырады.

Мінез бітістері
Адамдардың өмір жолы мен әрекетінің сипаты түрліше болатындықтан, оның
мінез бітістерінде басқа біреуде қайталанбайтын жеке ерскшелік көптеп
кездесіп отырады. Сонымсн қоса, адамдарда өзі өмір сүріп отырған қоғамның
ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан, көпшілікке ортақ мінездері де
болады. Сондықтан бір адамның мінезі жөнінде сөз болғанда мінездің дара
және типтік бітістерін қоса еске алып отыру қажет. Типтік мінездер —
белгілі тарихи-қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінезден әр адамның
ұлттық, кәсіптік және жас ерекшелігіне сәйкес өзгешеліктері де тиісінше
орын алып отырады. Мәселен, қарама-қарсы тап қайшылықтары бар қоғамда
мінездің таптық өзгешелігі ерекше көзге түседі. Осындай қрғамда әрбір тап
өкілдерінің таптық мүдделері де дүниетанымдары да бөлек болады. Мәселен,
зауыт фабрикалардың қожасы болып табылатын капиталистер жұмысшылардың
еңбегі арқылы баюға тырысса, жұмысшылар өздерінің тұрмыс жағдайы мен
адамдардың мінез бітістеріне, психологиясына ықпалын тигізбей қоймайды.
"Егер адамның мінез-құлқын жағдайлар тудыратын болса, онда сол
жағдайларды адамға тиімді етіп құру керек" — деп жазды Маркс пен Энгельс.
Адамның сансыз мінез бітістерінің кейбірін белгілі топтарға жинақтауға
болады. Олар мына төмендегідей:
Адамның ұстаған бағытынан, мінез бітістері ор түрлі жағдайда көрініп
отырады. Мұның біріншісіне адамның басқалармен қатынасын білдіретін мінез
бітістері кіреді. Бұларға: гуманизм, қайырымдылық, үйірсектік, адалдық және
осыларға қарама-қарсы жекешілдік, қатыгездік, тұйықтық, зымияндық т. б.
бітістер жатады. Осы топқа сондай-ақ адамның өз ісіне, еңбегіне қатынасын
білдіретін мінез бітістері де жатады. Бұларға еңбек сүйгіштік, құнттылық,
иницитавалық, салақтық, тиянақсыздық, кертартпалық т. б. бітістер кіреді.
Адамның өзіне-өзі қатынасын білдіретін мінез сипаттары да осы топтың
негізгі бір жағы. Бұларға кішіпейілділік, қарапайымдылық, өзін-өзі сынай
алу, талап қоя білушілік және бұларға қарама-қарсы өр көкіректік,
мақтаншақтық, жасқаншақтық т. б. жатады.
Мінез бітістерінің келесі тобын адамның өзін-өзі меңгере алу қабілетіне
орай қалыптасқан өзгешеліктері құрайды. Бұл топты мінездің еріктік сапалары
немесе мінездің жотасы деп атайды. Бұларды да адамның жалпы ұстаған бағыты
мен дүниетанымына, жоғарыда көрсетілген мінез бітістерінің мазмұнынан тыс
қарауға болмайды. Сондықтан да сотқар адамның жөнсіз батылдығы мен мемлекет
мүлкін тонаушы ұрының жылпос "пысықтығын" мінездің еріктік сапаларына
кіреді деп ойлау шындыққа сай келмейді.
Мінездің еріктік сапаларының өзі күшті және әлсіз, яғни нашар мінез
болып екіге бөлінеді. Күшті мінезге — мақсатқа талпынғыштық, дербестілік,
тоқтамға келгіштік, батылдық, шыдамдылық, тәртіптілік, жинақылық, ерлік т.
б. жатса. әлсіз мінезге негативизм иланғыштық, қыңырлық, ұстамсыздық,
жүрексіздік, т. б. кіреді. Мінез ауыр, жеңілтек, мінезсіз, сотқар, тентек,
бейбастак, ит мінез т. б. түрлерге бөлінеді.

Типтік мінез бітістері
Белгілі қоғам мүшелеріне ортақ мінездсрдің қатарына: Отанға
берілгендік, адалдық, шыншылдық, сңбекке және қоғам мүлкіне дүрыс кезкарас,
үжымшылдық, гуманизм, борышын жоне жауапксршілігін түсіну, киыншылыктарды
жеңіп шығуға дайын болу, кішіпсйілділік, қарапайымдылық, сергектік,
жолдастық, т. б. жатқызуға болады. Типтік мінездерді зерттеу психология
ғылымының алдындағы басты міндет. Дүниетанымы мен сенімінің үқсастығынан
адамда дара мінез болмайды деген қоорытынды шықпайды. Адамда
типтік ортақ мінездермен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан
түрлері болатындығы өткен параграфта айтылды. Гуманистік — демократиялық
қоғамда жағдай туады.
Типтік мінездің кейбіреулері:
1)Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білім мен тәжірибесін
халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір жуып кіндік кескен жеріне
білдіретін перзентік борышы - оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір
дәмді, ой түйіндерін осыған бағыштаған. Мәселен М. Әуезов : "Алтын анам,
Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенің іркер күшім жоқ" десе, В. А.
Сухомлинский : "Отан өз бесігің өз үйің... өз бесігіңді ұмыта көрме",
Баубек Бұлқышев: "Адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай.
Отанның дегенін істеу - қуаныш, мақтаныш" деген ғой. Тағы да бірнеше ақыл-
ой заңғарларын тыңдап көрейікші: "Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса,
Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы туған жері".
Отан, отаншылдық қасиет туралы тебіренгендегі қаздауысты Қазыбек бидің:
"Алтын ұяң - отан қымбат... туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерін,
қымбат деп келетін аталы сөздерің де қалай еске алмассың!
"Қазақстан — біреулердің қазақтарға тартуы емес, олардың тарихи отаны",
олай болса, осы жерді жан- тәнімен сүйетіндер де, оны көздің қарашығындай
қоршап сақтайтын да алдымен қазақ халқы. Біздің ата-
бабаларымыз сонау Алтайдан Атырауға, Еділ мен Жайыққа дейінгі ұланғайыр мол
жерді талай ғасырлар бойына басқыншы жаудан қалай қорғап,
тәуелсіздігімен бостандық жолында шыбын жанын пида еткені белгілі, ондықтан
да біздер халқымыздың хас батырлары Қабанбай мен Бөгенбайды, Исатай мен
Махамбетті, Кеңесары мен Наурызбайды, Қасымхан мен Абылайханды қадір тұтып,
қастерлейміз, олардың халқы үшін қалтқысыз қызмст еткенін өнеге-үлгі етіп,
осындай ата-бабаларымыздың болғанын мақтан етсміз. Туған жерді, атамекенді
сүю жеткіліксіз, оны қажет болған жағдайда қорғай білуіміз де қажет.
Өйткені кез-келген егеменді мемлекет сияқты, Қазақстан өзінің қорғаныс
қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі әрі оның бүкіл
халқының ісі деп санайды. "Біздің басты мақсатымыз - Қазақстанның
егемендігі мен территориялық тұтастығын сақтау" Өз қарулы күшіміздің болуы,
онын, алдыңғы санында ер азаматтардың, өсіресе, қазақ жастарының тұруы, бір
кісідей ынтымақтықпен топтастасуы — ата заңымызда көрсетілгендей қасиетті
борыш, перзенттік парыз екендігін ешуақытта да естен шығаруға болмайды.
Отаншылдық - ата- мкенге дегсн сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, имандылық
пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі.
2)Мақсаткерлік — бұл адамның мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз
бағыштауы, мүны өзінің ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен
сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. Алдағы мақсатынан ауытқу, бос
белбеулікке салыну — ар-намыс пен ожданға сиыспайтын қасиет. Мақсаткерлік -
тек бір іспен өнебойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес. Бұл
соны қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп
тындыру. Мұндай кісі өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, сапалы етіп
орындап шығуды жан-жақты ойластырады осы жолда творчестволық белсенділік
көрсетеді, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен байланыстырып отырады.
Есте жоқ ерте замандарда-ақ адамзат мақсатсыз жандарды кісі қатарына
санамаған. "Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара", депті орыс жазушысы
И. С. Тургенев. " Адамдарды алдына қойған мақсатына қарай бағалау керек"
деген ғой белгілі саяхатшы Михлуко-Маклай, "Күшіне сенген адам ғана
мақсатына жете алады", - дейді ол.
Мақсаткерлік — асыл арман, зор үмітпен тығыз байланысты. Арманмен ойнауға
болмайды, ол күйресе бақытсыздыққа душар етуі мүмкін. Үміті мен арманы
шындыққа сәйкес келген адам ғана келешектін құшағында өмір сүру алады.
Арман мен үміт жүректі қуанышқа толтырады. "Үміт өрге тартады, үмітсіздік
көрге тартады, үмітін жоғалтқан жан, ешқашан үміттеніп көрмеген жан",-
дейді, батыр ағамыз Б. Момышұлы. Адамның мақсаткерлік қуаты, үміт-арманы,
алға қарай ілгерілеу талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да
өміршең болып келеді. Ақтамберді жырау айтқандай: "Әркім озі талпынбақ,
басына бітер бағы үшін", өйткені тіршіліктегі ең үлкен қасірет-мақсатсыз
өмір сүру, осы жолда күресті тоқтату. Мақсаткер адам ылғида жалындап
жанады, бықсу дегенді білмейді, ол жеңілу үшін емес, жеңу үшін күрессді.
Өйткені "Өмір жолы қандай қызықты, қандай қиын, үңіле қараған адамға оның
қызығы да қиындығында емес пе? ... өмір жолы үлкен қозғалыс, ол қозғалыс
әрқашанда алға, алысқа құлаш сермейді, талай өркешті толқындарды да
кездестіреді.
Мінездің осы түрі халкымыздың ұлттық қасиетінен орын алуы тиіс.
3)Борыш пен жауапкершілік. Бұл адамның үйіші, әке-шеше, тума-
туысқандарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет. Мұның
негізінде өзін әлпештеп, адам етіп өсіргендердің алдындағы жауаркершілігін
бар санасымен терең аңғара алып, түсіну, түсіну, бұл пазыры мен қарызын
қалай ақтау жолын ойластыру. Бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті
сана-сезімді қажет ететін қасиет. Борыш пен жауапкершілікті түсіне білуден
адамнын, имандылығы мен адамгершілігінің деңгейі байқалады, оның қылықтарын
жаман, жақсы, иманды, имансыз дсп бағалау туады. Борышты сезіну, оны
орындау, ми мен жүректің бірлескен жұмысын қажет етеді. Оны ақыл мен сезім
тұрғысынан жақсы-жаман деп бағалау ар мен ұятқа келіп тіреледі. Өз
қылығының дұрыс-бұрыстығын түсіне білу — адамға үлкен қуаныш, шабыт-жігер,
қанағат әкеледі, кісінің өзіне орынсыз тағылған жала, өсек-өтіріктің
бекерлігіне қарсы күресу сезімі артады. Адам өзінің борышы мен
жауапкершіліген үйлеспейтін қолайсыз қылық көрсетсе, мұнысы тәрбиелі кісіге
мықтап батады, оның арына тиеді, тіпті ой-санасынан кетпей қояды. Мұндайда
ақыл мен арды ерекше қастерлей білетін адам жіберген қателігін тез түзетуді
ойластырады, қашан ары тазарғанша дегбірсізденіп, жаны тыным таппайды.
Адамгершілігі нашар төмен кісі жаман қылығынан қайтпайды, қатесін түзету
былай тұрсын, мойнына да алмай жүре береді, мұндайларды арсыз, ары таза
емес деп жұрт ұнатпайды. Арсыз адамдарды ұлы Абай, Шәкерімдер
кезінде сойғаны белгілі. Мұндайлар қазіргі қазақ қоғамында да аз
кездеспейді. Әрине олардың жауапкершілік, борыш сияқты кастерлі есімдері от
басында, балалық шақта дұрыс бағытта қалыптаспауы да ықтимал,
мұнда қасиет қасиет Әке -шеше, туыстардың да кінәсінен болуы ғажап емес.
Ер жетіп, есейген адамның борыш сезімінің оның тілек қалауымен үйлесе
бермейтіні, оның психологиялық көңіл-күйіне ауыр жүк, зіл түсіретіні
сөзсіз.
4)Мейірімділік пен ізгілік. Егіз қозыдай осы скі қасиет- басқаларға көңіл
бөлу, олардың сснімінс ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-
қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман
тіршілігі үшін маңызды. "Мейірімділік, - деп жазды К. Боьи, - мылқаулар
сөйлеу алатын, кереңдер ести алатын тіл". Өте тауып айтылған сөз. Әрине,
бізде ылғи адамға көмектесуге жағдай бола бермейді, уақыт та жетпей жатады.
Ал айналаңдағы адамдар, әсіресс, егде тартқандар, өзіне көңіл аударғанды
ерекше бағалайды. "Ең үлкен сән-салтанат, - деп жазды Экзюпери, -
адамдардың қарым-қатынасының салтанаты". Адам кішкентайынан басқаларды
өзімен қарым-қатынасқа қызықтыра білгенге не жетсін. Ол үшін өзі білетін
адамдардың жан дүниесінің ерекшелігіне көңіл бөліп, оның талап-тілегіне,
талғамы мен қамына көңіл аударып, оның қуанышы мен күйзелісіне аса
сезімталдықпен қарауға машықтанған абзал. Кімде-кім өзгелердің табиғи
ұмтылысын байсалдылықпен ескере отырып, басқаның ақыл-ойы мен мүдде-тілегін
дұрыс сезініп, оған шамасы келгенше көмектессе, сол адамды демеп-жебесе ,
мұндай кісі инабатты да сүйкімді. Кісіге адал ісі мен жетістіктерін орынды
жерінде байыптылықпен айтып отыру игі әсер етсді. Тіпті сол адамның ерекше
абырой-беделі болмаса да, оның жақсылық нышанын ізгі қадам жасауға ұмтылыс
талпынысын ескеріп отыру - бір ғанибет. Олай болса, біз өз бойымызға
кішкентайымыздан осы абзал қасиеттерді дарыта жүруді естен шығармайық.
"Адамда іс- ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу —
адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе". Үйде де, түзде де кісігс ізгілік,
имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық
білдіру, жан ашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің
көрінісі. Нағыз гуманист үлкен мейірбандықпен қатар қоғамдық прогрсске
кесірін тигізетін керітартпа, жаңалық атаулыға жаны қас адамдарға
өшпенділігін жасыра алмайды. Ізгілікті адам жұрт мүддесіне қайшы келетін,
адамзаттың бақытты болашаққа жетуге бағышталған асыл арманына бөгет
жасаушылармен ымырасыз күресіп отырады. Халқымыздың сан ғасырлық тарихында
бүткіл өмірін халық бақыты үшін сарып еткен біртуар перзенттер аз болмаған.
Осынау тамаша қасиет халкымыздың ұлттық психологиясынан да, аты шулы
перзенттерінің жеке бастарынан да көрінетіндігіне айғақ болатын деректер
жетерлік.
5)Адалдық пен шыншылдық. Бұл екеуі бір-бірімен біте қайнасқан кісінің
жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам — адал. Адалдық -
сөздің таным мен сенімге үштасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Шыншылдық
- адамның азаматтык, борышына, ар-ожданына қалтқысыздығы. Адал да шыншыл,
әділетті болу-еңбек пен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау,
инабатты, тіршілікте тиянақты, принципті болу деген сөз. Адалдық пен
шыншылдық бар жерге кісі әділетті де, кішіпейілдік пен қайырымдылық,
карапайымдылық етіп жүреді, бүлар кісінің аты мен абыройына дак түсірмейді.
"Сырты бүтін, іші түтін", яғни босқа көлгірейтін көзқарас пен мінездегі
түрлі жалған көріністер нағыз адалдық, шыншылдықпен еш сыйыса алмайды.
Біреу жасынан ерке брлып, ата-анасынан именбей, бейпіл ауыз көп сөйлейтін,
қисынды-қиынсыз өтірікті беті шімірікпестен айта салатын боп өседі. Есейе
келе мұндай адамның тек өз басының ғана қамын ойлап, керек десе басқа
түгіл, өз отбасын да алдайтын, екі жүзді суайт адам болып кетуі ғажап емес.
Өйткені "адалдық қайда болса тіршілік сонда","... Шындық - ауа, онсыз дем
алуға болмайды", "Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді.
6) Достық. Бұл ортақ көзқараспен мүлде, мақсат бірлігі негізінде пайда
болып, уақыт сынынан өткен адамгершілік құндылығы мол тұрақты, тек адамға
ғана тән жоғары сезім. Достық адамды асқақтатады, ол жан тәннің гүлдене
түсуіне жәрдемдеседі. Оның маңызды белгісі - ете берік, әрі терең эмоциялық
жақындық. Ол адамның бір-біріне сөз жүзіндс де, іс жүзінде де адал және
шынайы болу, өзара терең мүдделілік, бір-біріне толық сену, қайғы мен
қиыншылықта өзара қол үшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.
Достардың мінез, темперамент секілді ерекшеліктері түрліше болып келуі де
мүмкін. Мәселен, олардың бірінде қызбалық не шабандық, тұйықтық не
жігерсіздік т. б. мінез кемшіліктері кездесетіні болады. Бірақ достыққа
бүлар кедергі бола алмайды, кайта нағыз дос бойындағы осындай
ксмшіліктерден арылуға көмектеседі. Әрине, сатқындық, екі жүзділік,
өтірікшілік, тәкаппарлық, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Жалқау, менмен,
мәдениетсіз, самарқау, салдырсалақ адам да бір-бірімен дос болып
көгермейді."Дос болма майда тілді күлгенменен, бимағна сырты жылтырап
жүргенменен", дейді Шал ақын.
"Достық аспандағы жарық жұлдыз, теңіздегі гәуһар тас. Жұлдыз да, асыл
тас та кіршіксіз мөлдір. Бұл екеуін ешкім де, еш құдырет те кірлете
алмайды. Достыққа кішкене сызат түсті дегенше - құдай ұрды дей бер.
Досыңның кінкене сыйын кептей кер... досыңа қанша көп берсең де аздай
көр...", дейді сөз зергері Мәшүр Жүсіп Көпеев.
Нағыз достық адамға шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі
сәтсіздіктерге мойымауға жәрдемдеседі. Бір-бірінің кемшіліктерін ақтау, бір-
біріне талап қоймай, болмашы істерін дәріптеп сөйлеу бұл жалған достық-
"Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады" деп халқымыз өте тауып айтқан. Достық
қарым-қатынас, адамға әсіресе балғын балауса шақта аса қажет. Дос іздеу
асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шексіз үмітке толы жас дәуреннің
ерекше сезімі. Ол өзара пікір алысудың, болашақты жоспарлап, меңзей
білудің, сенім-нанымдарды қалыптастырудың таптырмас мектебі. Осы кезде жас
адам үшін құрбы-құрдастардың орны ерекше. "Төрт аяқтыда бота тату, екі
аяқтыда құрдас тату", - дейді халық. Бозбала мен бой жеткеннің достасуы,
бара-бара алғашқы кіршіксіз махаббатқа да ауысып жататыны да болады. Достық
- өмірдің даңғыл жолы емес, сондықтан ол түралы үстірті, жеңіл ұғымдардан
аулақ болу қажет.

Мінез типологиясы

Мінез типологиясын құру үшін әрекет жасап көру психология тарихьшда
бірнеше рет қайталанған. Оның алғашқыларының бірін танымал, неміс
психиатры, психологы Э. Кречмер ұсынған. Одан сәл кешірек осыған ұқсас оның
америкалық коллегасы У.Шелдон әрекет жасайды, ал қазіргі күнде — Э. Фромм,
К. Леонгард, А.Е. Личко т.б.
Барлық адам мінезінің типологиясы жалпы идея қатарынан шыққан. Олардың
негізгілері:
1. Адам мінезі ерте, онтогенезде қалыптасады және қалған өмірінде азды-
көпті тұрақты болады.
2. Адам мінезіне кіретін жеке ерекшеліктердің үйлесуі кездейсоқ
емес. Олар нақты анықталатын типтерді қалыптастырады және мінез
типтерін анықтап, құруға мүмкіндік береді.
3. Адамдардың көпшілігін осы типологияға сай топтарға бөлуге
болады.

Э.Кречмер адам денесі құрылысының немесе конституциясының көп кездесетін
3 түрін бөліп, сипаттаған: астеникалық, атлетикалық, психикалық. Әрқайсысын
Кречмер мінездің ерекше типімен байланыстырады.
1. Астеникалық тип, Кречмер айтуынша, орташа немесе орташадан ұзын
боймен, онша үлкен емес профильдегі дене қалыңдығымен
сипатталады. Астеник — бұл әдетте арық, жіңішке адам, өзінің
арықтығынан ол өзінің бойынан биігірек көрінеді. Астеникте
бет терісі мен дене терісі жұқа, енсіз иық, жіңішке қол үзын, тегіс
көкірек болады. Астеник-еркектің сипаттамасы осы. Бұл типтегі әйелдер
бүдан басқа көбінесе кіші бойлы болып келеді.
2. Атлетикалық типке күшті дамыған скелет пен мускулатура тән. Мұндай
адам әдетте орта немесе ұзын бойлы, кең иықты болады. Сонымен қатар
мұндай адамға шымыр, биік бас тән.
3. Психикалық тип күшті дамыған дененің ішкі қуысымен ерекшелснеді.
Мұндай адам орта бойлы, қысқа мойынды болады.
Кречмер көрсеткендей және психогенетика саласындағы жаңа зерттеулермен
расталған дене құрылысының типі мен психикалық ауруларға бейімділік
арасында белгілібір байланыс болады екен. Мысалы, маниакальды-депрессивтік
психозбен әдетте пикникке тән ерекшелігі бар адамдар ауырады. Шизофрендік
ауруларға көбінесе астеник пен атлетиктер бейім болып келеді.
Кречмердің айтуынша, аурулар адамның белгілі бір
нормальды типінің "карикатурасы" болып табылады.
Өздерінің психологиялық ерекшеліктерімен шизофрениктерге ұқсас
қалыпты адамдар типі "шизотимді", маниакальды-дептессивтік
психозбен ауыратындарға ұқсастарды "циклотимиктер" деп атайды.
"Шизотимиктерге" мынадай мінез ерекшеліктері тән: аристократтық, сезгіштік,
юморға бейім, бейқамды, өмірді жеңіл қабылдау.
Кречмер типологиясы ой жорыту арқылы қүрылса да, ол өмірдегі шындықтың
бір қатарын қамтыды. Кейіннен, шынында да белгілі бір дене құрылыс типті
адам мінез ерекшеліктеріне сай акцентуацияларымен қостала жүретін ауруларға
бейім болатыны анықталды. Соңғы мінез классификациялары көбінесе осы
акцентуация сипаттамаларында құрылған. Солардың бірін танымал психиатр А.Е.
Личко жасаған. Бұл классификация жеткіншектерді бақылау негізінде құрылған.
Мінез акцентуациялары, Личко айтуынша, бұл психологияда ауытқу нормасынан
шықпайтын, адамның жүріс-түрысы патологиямен шекаралас болғандағы мінезінің
жеке ерекшеліктерінің күшеюі. Психиканың уақытша күйі сияқты осындай
акцентуациялар көбінесе жеткіншек және жасөспірімдік шақта байқалады. Бұны
классификацияның авторы былай түсіндіреді: "тежелуі аз жергс адрестелген
психогендік факторлардың әсерінен адаптацияның уақытша бұзылуы және мінез-
құлықтағы ауытқушылықтар болады". Бала есейген шақта оның кішкентай
кезіндегі мінез ерекшеліктері анық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Баланың ақыл ойының дамуы
Мінез - кең мағыналы ұғым
Темперамент жайлы ұғым
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік
Тіл және ұлттық мінез туралы ақпарат
Психологиядан дәрістер жинағы
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Кәсіпкерлік мәдениет: мәні мен маңыздылығы
Пәндер