Қазақ тіліндегі құжат мәтінінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу мәселесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3-6
1-тарау Құжат мәтінінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктері 6-34
1. 1. Іс қағаздары тілінің зерттелуі 6-15
1. 2. Құжат мәтінінің лексикалық құрамы 15-23
1. 3. Құжат мәтінінің морфологиялық ерекшеліктері 23-29
1. 4. Құжат мәтінінің синтаксистік ерекшеліктері 29-34
2-тарау Құжат мәтінінің құрылымдық ерекшеліктері
және жазылу мәдениеті 34-53
2. 1. Құжат мәтінінің құрылымы 34-46
2. 2. Құжат мәтінінің жазылу мәдениеті 46-53
Қорытынды 54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 55-56
Қосымша №1 58-64
Қосымша №2 65-78
Қосымша №3 79-80
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Республика өмірінде жүргізіліп жатқан бұл реформаларды жүзеге асыруға байлансыты күрделі міндеттер тұрғаны белгілі. Реформалардың нәтижесі, жемісті болуы соларды дер куінде дұрыс шешуге байланысты. Қазір құр сөз, қысыр кеңесті гөрі нақты іс-қимылға көшуге негіз бар. Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заң /1997/. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы /1998/, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдасы /1996/, Тілдерді дамытудың 2001-2010 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы /2001/ республикасындағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін әр министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрсететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруға тиіс. Біздің ойымызша, солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны-қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алғы шарттарының бірі-оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі.
Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тілі бір жүйеге түспей стильдік жағынан қалыптасып, орнықпай, мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тіліне көшпей қазақ тілінің аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шараларды айқындап берді. Соның бірі-ресми іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңімен көшірудін нақты негізін жасау.
Қалай десек те, республикада мемлекеттік органдар іс қағазын мемлекеттік тілде жүргіуге бет бұрды. Бұл үлкен істің өзінен-өзі жолға түспейтіні әбден белгілі. Одан шығудың жолы орыс тіліндегі нұсқаларды негізге ала отырып, ана тіліміздің заңдылықтарын сақтап, ұлттық іс қағаздарымызды жүргізуді қалыптастыру. Ал осы ретте мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу қатынас қағаздарын толтыру, жинақтап айтқанда құжат айналымын іске асыру -бүгінгі таңда тұрған өткір мәселе.
Ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болуы арқасында қоғамдық қызметтерге араласып, ресми стилінің аясы кеңейіп, көркейе түсуде. Соның
бір айғағы-мекемелер мен ұйымдарда ресми іс қағаздарын ана тіліміздің өрнектеп жаза бастауымызда. Еліміздің, мемлекетіміздің ерекше бір белгісі осы елдігіміз бен егемендігімізді паш ететін ресми құжаттар жиынтығы, олардың топталуы, сақталуы, реттеліп пайдаланылуы. Сонымен бірге олардың қызметі, атқаратын ролі, зерттеліп тұжырымдалуы, мұның бәрі құжаттардың дұрыс толтырылуы үшін қызмет етеді.
Өткенсіз-қазіргі, қазіргісіз-болашақ жоқ. Бір сәт өткенге зер салатын болсақ, іс қағаздары тілінің замандар бойы қалыптасып дамыған қоғам өмірімен біте қаймасқан тарихы бар
Кеңес істерін қазақ тілінде жүргізу туралы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті 1923 жылы 22-қарашада декрет қабылдады. Осы декретке сүйенген қаулыдан соң 1924 жылы кеңсе, іс қағаздары терминдері мен сөзінің тізімі жарияланды
1930 жылы Қазақстан Автономиялы /РСФСР/ кеңес Республикасы құрамына қосылған соң да кеңсе, іс қағаздары тілі ана тілінде жүргізіле бастады. Әсіресе 1933 жылдың аяғынан бастап Қазақстан Орталық Атқару Комитеті, Халық ағарту және Жоғары Кеңесі, аудандық атқару комитеттері мен жергілікті Кеңестерде іс қазақ тілінде жүре бастады. Бірақ игілікті бастама тоқырау заманында да зор кедерге ұшырады. Осы кезеңде Қазақстанның шалғай аудандарында болмаса, көп жерлерде іс жүргізу тек орыс тілінде ғана өріс алды.
Қазіргі таңда республикада мемлекеттік органдар іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге бет бұрды. Бұл әрине әр мекемеде әр түрлі дәрежеде атқарылып жатқан іс. Бұл істің оп-оңай орындалып, бір күнде қалыптаса қойматыны да белгілі. Осыған байланысты проблемалар да жетерлік. Оның бірі мемлекеттік қызметкерлердің ана тілінде еркін сөйлеп, жаза алмайтыны. Ал орыс тілді кез-келген маман орыс тіліндегі ресми құжатты еркін жазып шығады. Мұның себебі, біріншіден, тілді жетік меңгергендігі болса, екіншіден, орыс тіліндегі іс қағаздары ғасырлар бойы уақыт тезінен өтіп әбден қалыптасқан, қай салада да дайын, мәтіндері стандартқа айналған. Оларда бұл дәстүрлі мектеп. Біз қазақ тіліндегі іс қағаздарын да осындай дәрежеге көтеруіміз керек.
Екінші проблема-қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуге байланысты оқулықтар, оқу құралдары, сөздіктер, іс қағаздарының үлгілері өте аз, жоққа тән десе де болады.
Үшінші проблема-жоғары оқу орындарында да, арнаулы оқу орын-дарында да іс қағаздарын қазақша жүргізуге байланысты пән, арнаулы курс оқу бағдарламасына енгізілмеген. Сондықтан оқу орнын аяқтаған маман өндіріске мемлекеттік органға іс қағаздарын қазақша жүргізуге еш дайын-дықсыз келеді.
Демек, ана тіліміздің жаңарып, қолдану аясы кеңейе бастаған бұл кезеңде іс қағаздарын ана тілімізде сауатты тілде толтырып, қазақ халқының тарихи дәстүрінен төл туындысын өрібіп, дамыту бүгінгі өркениетті қазақ елі азаматтарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Сонымен, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болу дәрежесінің негізгі көрсеткіші ісқағаздарына байланысты. Іс қағаздары Елбасының өкім-жарлықтарынан бастап қоғамның әр алуан саласын реттейтін құжаттар мен адамның жеке басын куәландыратын құжаттардың қоғамдық қызметінен көрінеді. Құжаттарды сауатты толтыру қоғам үшін де, мемлекеттік тіл үшін де маңызды мәселе екені бүгінгі таңда баршаға белгілі.
Ұзақ даму тарихы бар осы тұстағы қазақ тіліндегі ісқағаздары жүйесінің қалыптасу, даму барысын ғылыми сұраптаудан өткізіп, егемендік алған қазіргі кезеңдегі қалыптасу, даму тенденцияларын анықтау-тіл біліміндегі бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл -әсіресе, бүгін күн талабы қойып отырған ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді жүзеге асыру шараларына тікелей қатысты жұмыстардың бірі. Соңғы жылдары іс жүргізу ісіне қатысты сөздік қорымыз толығып, құжаттар ұйым-мекемелердің атқару қызметі ерекшеліктері толық ашылған жоқ. Міне, осы айтылған жағдайларға байланысты қазақ тілінде іс жүргізу жүйесін саралап, іс қағаздары, құжат мәтінінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу талабы жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының нысаны: Диплом жұмысы қазақ тіліндегі құжат мәтіндерінің өзіндік тілдік, құрылымдық ерекшеліктерін анықтау және қазіргі құжат мәтінінің жазылу мәдениеті мәселелерін қарастыруға арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері :Жұмыстың мақсаты-қазақ тіліндегі құжат мәтінінің тілдік ерекшеліктерін зерттеу мәселесін қарастыруға арналған.
Жұмыста осы көрсетілген мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу көзделді:
-құжат мәтінінің тілдік, стильдік ерекшелігін, оның жанырлық түрлерін қарастыра отырып, топтастыру проблемасын зерттеу;
-тіліміздегі құжаттар тілін жеке сөз ете отырып, оған қойылатын талаптар мен шарттарды айқындау;
-құжат мәтіні, оның құрылымы, түрлері және жазылу мәдениетін айқындау;
-құжат мәтінінің тілдік, стильдік ерекшеліктерін саралау;
-қазіргі құжат мәтіндерінде орын алып жүрген кейбір олқылықтар мен келешілік мәселелерге тоқталып, өз көзқарасымызды таныту;
-құжаттарды жазу барысында кездесетін сөздер мен сөз тіркестеріне, синтаксистік құрылымдарға, оның емле ережелеріне тоқталу, өзіндік табиғатын ашу.
Зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдері :Дипломдық жұмыста тақырымызға орай талдау, жинақтау, топтпстыру жүйелеу мәтін жинау, сөздік жасау әдіс тәсілдер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы : Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін орнықтыру және одан әрі қарай дамытуда құжаттардың орны ерекше екендігі белгілі. Ал мемлекеттік тілде іс жүргізу барысы әлі де сөз жүзінде қалып отыр. Оның басты себептерінің бірі-қазақ тіліндегі құжаттардың тілдік, стилдік, терминдік жағынан орнығып, жүйеленіп қалыптаспағандығында болып отыр. Міне, осы мәселе, яғни құжат мәтінінің қоғамдық-саяси лексикасы, терминдену сипаты, морфологиялық синтаксистік оралымдары, сондай-ақ құжат мәтінінің құрылымы, түрлері және жазылу мәдениеті арнай зерттеліп отыр.
Зерттеуде құжат мәтінінің жалпы лингвистикалық табиғаты ашылады, әсіресе, қазіргі қоғам өміріндегі қызметінің сан алуан сипаты, оның тілдік ерекшеліктері талданды. Осы орайда мынадай мәселелердің ғылыми шешімін табуға талпыныс жасалды:
-іс қағаздары тілінің зерттелуі;
-құжат мәтінінің лексикалық ерекшеліктеріне талдау жасау;
-құжат мәтінінің грамматикалық ерекшеліктерін саралау;
-құжат мәтінінің құрылымын анықтау;
-құжат мәтінінің түрлері мен жазылуы мәдениетіне тоқталу;
-құжаттардағы олқылықтарды айқындау, нормадан ауытқудағы себеп-салдарын түсіндіру.
-құжат мәтінінде кездесетін арнайы құрылымдар мен емле-ережелердің өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1. Құжат мәтінін зерттеу -ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретінде орнығуы мен дамуының басты шартарының бірі.
2. Құжат мәтіні өзіндік қалыптасқан сөз, термин сөз тіркестері, синтаксистік құрылымы бар біртұтас жүйе. Оны қалыптастыру, орнықтыру-тіліміздің кемелденіп дамуының кепілі.
Зерттеу жұмысының құрылымы :Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген және қосымша жұмыс түрлері бар.
1. 1. Іс қағаздары тілінің зерттелуі
Қазақ тілі ғылымында ресми қарым-қатынас тілі-іс қағаздары тілін жан-жақты, арнайы зерттеу әлі толық түрде жүргізілмегенімен, қазақ әдеби тілінің тарихи әр түрлі дәрежедегі зерттеулердің бұл тақырыпқа да қатысы бар екендігінде ешқандай күмән жоқ. Сондықтан осылардың ішіндегі іс қағаздары тілін зерттеуге азды-көпті үлес қосқан ғалымдардың еңбектеріне тоқталамыз.
Ыбырай Алтынсарин- қазақтың жазба тілінің дамуына зор үлес қосқан ағартушы. Ол қазақтың тарихын, тілін әдебиетін, этнография мәселелерін шамасы келгенінше зерттеді. Соның ішінде сол кездегі іс жүргізу жүйесінің дамуына, іс қағаздарының стильдік жағынан саралана түсуіне септігін тигізді.
Ы. Алтынсаринді біз жаңашыл-педагог, этнограф-ғалым, қазақтың жазба әдебиеті мен әдеби тілінің негізін салушылардың бірі ретінде жанимыз. Оның «Торғай облысының әскери губернаторына су тасқыны салдарына Торғай уезінде 11 адамның өлуі туралы рапорт», «1882 жылы торғай облысындағы оқу жұмысының жайы туралы есеп», «Ақтөбе екі кластық мектебінің меңгерушісіне нұсқау хат », «Торғай облысы соғыс губернаторының қызметін атқарушы Ильинге баяндама т. б. толып жатқан хат-құжаттарының, 1857 жылы Орынбор өлкесінін облыстық басқармасының төрағасы В. В. Григорьевке тілмәш алып жүргенде, 1879 жылы Торғай облысы, мектептерінің инспекторы қызметін атқарып жүргенде жазған қызметтік құжаттарының, 1868 жылы Торғай уездік басқармасында атқарған іс жүргізушілік қызметінің, 1879 жылы жарық көрген «Қазақ хрестоматиясының» бірінші бөлімінде берілген оқушылардың туысқандарына хат жазу үлгілерін т. б. еңбектерінің қазақ тілінде іс-қағаздары және іс жүргізу жүйесінің қалыптасуындағы орны зор. [1, 3]
Ал Ы. Алтынсаринді іс жүргізуші ұғымында тану үшін әлі де зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет сияқты. Ыбырайдың мына хатынан өз тұсындағы жеке адамдар арасындағы хат үлгісін көреміз. «Қадірмен ағамыз Байекеге көп сәсем. Бағдұнде алхамдиллә сәламат бармыз. Бұл жақтың қары жұқа, малы семіз, бірақ малда да, адамда да сырхау бар. Адам ауруы қарасан, малда сығыр бірлү түйе өліп жатыр.
Мұның бағдұнде жаңа арада үчитіл Мазахинден хат халықтым. Моллалар Бақтобайның тұрған үйінден қуамын деб машақатланұбдұр . . . ».
1879 жылы Ы. Алтынсарин қазақ тілінде газет шығару жөнінде жергілікті патша әкімшілік орындары алдын ұсыныс жасаған, болашақ газеттің үлгісі ретінде оның бірінші номерін өз қолымен жазып құрастырған. Бірақ Ыбырайдың бұл талабын патша үкіметі қабылдамай тастаған. Б. Әбілқасымов Ыбырай жасаған бұл газеттің үлгісін ұлттық жазба әдеби тіліміздің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы жай-күйін танытатын бағалы құжатқа жатқызады. [2, 104] .
Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тілі мен әдебиетінің теориясын, халықтың көркем сөз мұрасын зерттеуші ғалым. Жазу мәдениетіміздің негізгі болған ұлттық графиканы ғалымдарымыз «А. Байтұрсынов жазуы» деп атап келеді. Ғалымның 1912 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан «Оқу құралы», «Тіл құрал» еңбектері бастауыш мектептерге арналған оқулық болумен қатар, бұл қазақ тілінің фонетикалық құрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген ғылыми еңбектердщің алғашқы қарлығашы деп айта аламыз. Сонымен бірге оның 1912 жылы Шахзаман мырзаға жазған хатын іс қағаздарының сол кездегі озық үлгісіне жатқызуға болады: Мырза! Көзіңіз жатынап, шеке тамырыңыз шығып, аузыңыз көпіріп, таласқа кекіп барасыз. Таластан қазақ баласы пайда тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып, ойласып іс істелік. Қазақ тіліндегі дыбыстарды көп я аз деп көрсетіп, борышыма берейін деп отырғаным жоқ қой. Мақсат-сіз болып, біз болып, ақылдасып отырып, дыбыс басына үріп белгілеп, жазуымызды бір жөнге салалық деген. Осы күнде әркім әртүрлі жазып жұр . . . [3, 124] .
Ал іс жүргізу, кеңсе іс қағаздарын дамыту барысында ғалымының қосқан үлестері:
-қазақ альфабитін, емлесін жеңілдету үшін, реттеу үшін жасаған реформасы тілдің басқа тармақтары сияқты іс қағаздарының сауатты толтырылуына жол ашты;
-қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, морфологиясы мен синтаксисін өз тілімізде тұңғыш рет топтастырып, аса құнды пікірлер айтуы арқылы іс қағаздар құрылымын грамматикалық талдау жолына бағыттады;
-ғалымның басшылығымен шығып тұрған «Қазақ» газеті іс жүргізу, іс қағаздарының сауатты толтырылуына жол ашты;
-ғалымның сауатты жазу, терминдерді дұрыс қолдануда бастаған жолдарының бір соқпағы іс жүргізу, іс қағаздарын дұрыс толтыру ісіне жетелейді.
«Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер, тіл турасындағы абыроймен алғыс қазаққа тиісті. Атаның аздырмай берген мүлкін, қолымызға алып быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс болмас» деген ғалымның 1913 жылғы сөзі мен Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөзімен үндесіп жатыр»-дейді Б. Хасанов. Бұл пікірден А. Байтұрсынов армандағандай қазақ тілі қоғамның барлық саласында қызмет етуге тиіс екені, оның бір тармағы іс қағаздар тіліне байланысты екені көрініп тұр.
А. Ибатов Алтын Орда дәуірінде жазылған түркі тілі жарлықтар, соның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін өте құнды деректердің бірі-ХІҮ ғасырда жазылған жарлықтар тілін, атап айтқанда: «Тоқтамыстың Яғайлаға жарлығы», «Темір-Құтлұғтың жарлығы», және «Тоқтамыстың екінші жарлығы» атты құжаттарды талдап зерттеген.
Ғалым жарлық мәтіндерін зерттеу және оны қайта бастыру, өңдеу, сондай-ақ араб сияқты істерді өз қолдарымен жасап, көптеген еңбек сіңірген ғалымдар И. Гаммер, Г. Башберн, Г. Ярцев, В. В. Григорьев, В. Смирнов. В. В. Бартольд, В. В. Гадлов және И. И. Березиндерді атап көрсетеді.
Ғалым жарлықтардың транскрипциясы, әр жарлықтың мәтіні жайында ескертпелер айтып, жарлық мәтіндерінің тілдік-лексикалық, морфологиялық сипаттарына тоқталады. Жарлық мәтіндерінің лұғаттық құрылысына толық талдау жасайды.
А. Ибатов жарлықтардың тілі орта түркі жазба әдеби тіліне жататындығын, ал орта түркі жазба әдеби тілі қазіргі халықтар мен ұлттардың әдеби тілі сияқты жалпыхалықтық тіл болмаған, ол тіл сол замандағы хат танитын сауатты адамдар ғана оқып қолдана алатын жазба әдеби тіл болғандығын айтады. Бұл жарлықтар жазба түрінде берілгендіктен, олардың өзіндік жазу ережелері, қалыптасқан үлгілері болған. Бұл іс қағаздарын тек сауатты адамдар ғана оқи алған және олардың тілі қалыптасқан белгілі бір жүйеден ауытқымаған.
Ғалым жарлықтарды жазылу мерзімі мен мекеніне байланысты төрт топқа бөледі. Бірінші топқа Алтын Орда дәуіріндегі Тоқтамыс пен Темір Құтығтың жарлықтарын, екінші топқа қазан хандығы дәуіріндегі Ибрахим мен Сахаб-Герейдің жарлықтарын, үшінші топқа Қырым хандығы тұсындағы Хажа-гереей, Меңкі-Герей т. б. хандардың жарлықтарын, төртіншісіне қазақ хандығы тұсындағы жарлықтар мен хаттарды, әр түрлі іс қағаздарын жатызады. Олардың ішінде басқаларына қарағанда ертерек пайда болған Тоқтамыстың екі жарлығы мен Темір Құтлығтың жарлығына толық тілдік талдау жасайды. Жарлық мәтіндерінің лексикасы көбіне түркі тілдеріне ортақ сөздер болып келеді, бірақ сол дәуірде қолданылған мағынасы түсініксіз сөздер де фонетикалық морфологиялық талдаулар жасайды. Сондай-ақ ғалым жарлықтар мәтіндеріндегі сөздерге фонетикалық, морфологиялық талдаулар жасайды Қысқасы, А. Ибатовтың ХІХ ғасырдағы хандар жарлықтарының тілі атты зерттеу кітабы қазақ кеңсе іс қағаздары тілінің зерттелу тарихиндағы кұнды еңбекке жатады.
Р. Сыздықова -қазақтың әдеби тілінің пайда болуын, қалыптасуын, дамуын, соның ішінде кеңсе іс қағаздары тілін зерттеп, келелі пікірлер айтқан ғалымдардың бірі.
Ғалым алдымен қазақ әдеби тілінің түрлі тармақтарының пайда болуы, тілдік ерекшеліктері, көркем әдебиеттің қисса жанры мен оның тілі, т. б. мәселелерге тоқтала келе, 1785 жылдан 1828 жылға дейінгі ресми іс қағаздарының тілін талдайды.
Талдауға негіз болған материалдарды атап көрсетеді: 1785 жылы Екатерина ІІ-ге кіші жүз старшиналарынын Әбілқайыр ханның балаларын хандықтан аластатуды сұрап жазған «ғарызнамасы» /прощение/, 1785 жылы Кіші жүздің ханы Нұралының генерел-поручик О. А. Шеньстромға жазған хаты; 1787 жылы Қара Үсібек би және Шұбар билердің Россия Сыртқы Істер коллегиясының мүшесі граф А. А. Безбородкоға жазған хаты; 1790 жылы Сырым Датовтың Екатерина ІІ-ге жазған «ғарызнамасы» /донесение/; 1793 жылы Жетісудің бас старшинасы Тіленшінің, Шерғазы сұлтанға жазған, азлам намасы /донесение/; 1794 жылы қазақ сұлтандары, старшиналарының Екатерина ІІ жаңа хан тағайындауды өтініп жазған «ғарыз намасы» /прощение/; 1803 жылы Айшуақ ханның Россия сыртқы істер министрі В. П. Нессильродқа жазған «ғарыз хал» /прощение/; 1825 жылы Қаратай сұлтанның Орынбор әскери губернаторы П. К. Эссенге жазған донесениесі.
Ғалым осы құжаттардың стильдік белгілеріне, лексика-грамматикалық сипаттарына толық тоқталады.
ХІХ ғасырдың он бойындағы қазақ әдеби тілінің, қоғамдық тілді пайдалану әрекетінің даму барысын екі топқа бөліп қарастыды. Бірі-осы ғасырдың 60-70 жылдарына дейінгі, екіншісі-соңғы үш-төрт онжылдықтар ішіндегі кезеңдер.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болғанын, ресми танылғанын жазылған бұйрық-жарлық циркуляр, указ, үндеу сияқтылар көбейе түскенін және олардың барлығы дерлік аударма материал болып келгендігін айтады. Ресми қағаздардың мазмұнындағы өзгерістерге тоқтала келе, оларды мазмұны мен деректемелеріне қарай бірнеше топқа бөледі және бұл іс қағаздарының орфографиялық, морфологиялық, лексикалық, функционалдық ерекшеліктері тоқталып, бұл құжттар аударма құжаттар болғандықтан орыс тіліндегі ресми іс қағаздардың стилін ұстады деп тұжырымдайды.
Р. Сыздықова «Ресми іс- қатынас, кеңсе қағаздарының барлығына тән стиьдік ерекшеліктері болды. Олардың бірі-қазақ қолданысындағы осы стильдің бұрыннан келе жатқан дәстүрін сақтау, яғни ортаазиялық жазба тіл элементтерін молырақ пайдалану болды. Бұл-осы стильдің өзге стильдерден ерекшеленетін басты белгісі. Мұнда стандарттық күштірек сақталады. Әсіресе «түркі» тіліндік сипат алған стиль текстерінің орфографиясында, сөз таңдауда, морфологиялық тұлға-тәсілдерді пайдалануда, тіпті синтаксистік құрылымында да көрінеді», -дейді. [4, 106] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz