Танымдық қызығушылық


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ

ЖОСПАР

І. КІРІСПЕ . . . 3-4

І ТАРАУ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУДЫ ДАМЫТУ

1. 1. Таным үрдістерін дамыту . . . 5-12

1. 2. Танымдық қызығуды дамыту . . . 12-15

1. 3. Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру . . . 15-17

ІІ ТАРАУ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1. Танымдық белсенділікті дамыту-өзекті мәселе . . . 18-22

2. 2. Танымдық іс-әрекеттің теориялық тұғырлары . . . 22-27

2. 3. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауда танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері . . . 27-32

2. 4. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық

аспектілері . . . 33-35

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 37

І. КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негіэі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылар дың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгіендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.

Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан сырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.

Курстық жұмыстың міндеті:

-Таным үрдістерін дамыту;

-Танымдық қызығуды дамыту;

-Танымдық белсенділікті;

-Танымдық іс-әрекетті қалыптастыру;

-Танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері;

-Танымдық белсенділігін арттырудың психологиялық аспектілері;

Курстық жұмыстың әдістері: Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:

  • оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
  • оқу-танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;
  • оқу-танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты.
  • оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
  • оқу үрдісінде мәселік оқытуды кеңінен енгізу;
  • материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
  • бірте бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды «нығайтуды» қаматамасыз ету, т. б.

І ТАРАУ. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУДЫ ДАМЫТУ

1. 1. ТАНЫМ ҮРДІСТЕРІН ДАМЫТУ

Бүгінгі қоғам мұддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, улттық сана мен психологиясы қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу - басты міндеттердің бірі.

Халық педагогикасы мен психологиясын терең зерттеп жүрген С. Қалиев халық педагогикасының мақсаты, мазмұны, әдістерін айқындай келе, ұлттық салт-дәстүрлер арқылы балаға ақыл-ой, адамгершілік, әсемдік, дене, денсаулық, еңбек тәрбиесін беру, еңбек тәрбиесін қалыптастыру нәтижесінде "сегіз қырлы, бір сырлы" жаны таза, дені сау адам қалыптастыру мүмкіндігін атап көрсетеді. Қ. Қожахметова өз еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу мәселелері жөнінде ой қозғаса, Б. Мұханова диссертациялық еңбегінде мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ этнопедагогикасымен сусындата тәрбиелеу үшін этнопедагогикалық біліммен қаруландыру керектігіне тоқталады. Қ. Сарыбеков өз еңбегінде экологиялық білім берудің дүниетанымдық, моралдық жағын анықтай отырып қазақтың табиғат қорғау дәстүрін бірнеше топтарга жіктеп көрсетсе, Ф. Жұмабековна жас ұрпақтың рухани-эстетикалық, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына әсерлі ықпал ететін эстетикалық тәрбие құралы - өнер екендігін алға тартады. Р. Сыздық ауызша есептердің мазмұны қазақ халқының әр дәуірлеріндегі тұрмыстық жағдайлар мен аң аулау, кәсіпшілік істерімен байланысты екендігін зерттеу жұмыстарында баса көрсетеді.

Балалардың таным үрдістерін дамытуда баланың жас ерекшеліктеріне бай-ланысты іріктеліп алынған қазақ балалар фольклорын, ұлттық ойындарды, салт-дәстүрлерді, ұлтгық аспаптарды, қазақтың байырғы өлшем бірліктерін, т. б. қолданудың маңызы зор.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі - дидактикалық жолмен дамитын аса күрделі үрдіс. Түйсік - тікелей танымдық үрдіс. Адамның дүниені танып-білуінің жоғарғы сатысына жататын үрдістер: ойлау, қиял, ес түйсікке сүйене отырып дамиды.

Баланың ырықты зейінін қалыптастыру үшін зеиіндерін бір мақсатқа аударып, шоғырландыра білу керек. Ол үшін екі заттың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылыктарды табуда 3-4 жастағы балаларға 2-6 түрлі айырмашылығы бар сурет ұсынылса, 5-6 жастағы балаларға 8-12 түрлі айырмашылығы бар заттардың айырмашылықтарын табу ұсынылады және көп заттардың арасынан ұқсас екі затты табу, түстері немесе көлемдері бірдей заттарды табу сияқты бала қызыға орындайтын тапсырмалар ұсынылады. Сонымен бірге дыбыстық белгіле, сөз, ым-ишара, қимыл-козғалыс арқылы тапсырмалар беріп, оларды баяу, орташа, жылдам орындатса баланың ырықты зейіні дами түседі. "Бірдей екі көбелекті тап", "Қандай суреттің сыңары жоқ?", "Куыршақтың көлеңкесі кайсы?", т. б, ойындық тапсырмалар балалардың ырықты зейіндерін дамытуға септігін тигізеді. Қазақ этнопедагогикасындағы арнау-тілек өлеңдер (Май берейін, құрт берейін, Күннің көзі шық, шық т. б. ), сұрамақтар ("Екі баланың кездесуі", "Түлкі, түлкі, түлкішек", т. б. ), қызықтамалар ("Түйе, түйе, түйелер", "Қоян мен аңшы", тб. ) және салт-дәстүрлердің қай түрін алсақ та, белгілі бір мазмұнға сай сюжетке негізделе құрылғандықтан бала зейінін еріксіз түрде аударады. Өнер туындысындағы халық шеберлерінің қолынан жасалған бұйымдар, ою-өрнектер, ұлттық аспаптар, халық әндері мен күйлері, сондай-ақ, ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындардың ішінде «Көрші», "Даусынан таны", "Ассалаумағалейкум, Қара-мырза", "сымсыз телефон", "Біз де", "Бұғынай", т. б, ойындар баланың зейіндерін тұрақтандырып, зейін бөлу, зейін аудару қасиеттерін дамытады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда көру арқылы есте сақтау және есту арқылы есте сақтау қабілетінің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Себебі, көру анализаторлары мен есту анализаторларының қызметін жетілдіру арқылы ес үрдісі де дами түседі. Балада жеті жастан бастап есте сақтау жоғары деңгейде дамиды. Бұл жаста балалар берілген материалдарды тез жаттап алады, көрген-білгендерін есте сақтап қалуға тырысады. Мұнда механикалық есте сақтаумен бірге мағыналық есте сақтау қабілеттері де дами түседі. Балалардың көру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуда суреттер мен белгілер жиі пайдаланылады. Мысалы, балаларға бірнеше таныс және таныс емес заттың суреттері көрсетіліп, жиналыл алынады да, баладан не көргенін айтып беруді ұсынады. Немесе бала көрген суреттердің реті бойынша алдында жатқан суреттерді ретімен орналастырады. Қазақ халқының ой қабілетін жұмсап ойнайтын ұлттық ойындардың ішінен "Байқап қал", "Біз де", "Бұл кім'", "Жаңылма", әуендік ойындардың ішінен "Кай аспаптың үні'", "Жануарлардың дыбыстарын айнытпай сал", "Жануарлардың қылығын айнытпай сал", "Жануарлар калай үндейді?", т. 6. ойындарды ойнатумен қатар ұлттық бұйымдардың, ұлттық тағамдардың, ұлттық аспаптардың бірнеше суреттерін көрсету арқылы есте сақтап айту ес үрдісін дамытады.

Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар балада байқалады. Мектеп жасына дейінгі балалар қиялы өте бай, бірақ ондағы бейнелер шындықтан өте ашақ жатады. Бала қиялын дамытуда ойдан әңгіме, ертегі құрастырып айту, басталған ертегі, әңгімелерді өзі ойымен аяқтау, бейнелерді әр түрлі заттар мен құбылыстарға теңеп айту бала қиялының жетілуіне септігін тигізеді. Қиялы жоғары деңгейде дамып келе жатқан бала қағаз бетіне тамған бір тамшы сияны немесе бояуды оның формасына қарап бірнеше заттарға ұқсатуы мүмкін. Қиялдың мазмұны мен көлемі баланын жас ерекшелігіне, білім тәжірибесіне, өскен ортасына, этностык ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді. Балалар фольклорындағы өтірік өлеңдер мен жұмбақтарды құрастырып айту, салт-дәстүрлер тақырыбында салынған суреттер арқылы әңгіме құрастыру, ұлттық аспаптарда ойналған әуендерді тыңдай отырып соған сай қимылдар көрсету, шеберлердің қимыл-әрекетін көрсету. Мысалы, "Ұршық иіріп отырған әже", "Киіз басып жатқан аналар", "Кесте тігіп отырған қыз", "Қамшы өріп отырған ер бала", "Сандық жасап жатқан ағаш шебері", т. б. Сонымен бірге жануарлар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындарды ойнату. «Ақ байпақ», "Қара сиыр", "Жаңылма", т. б. ойындар балалардың қызығулары мен қиялын дамытады.

Бала тілінің дамуы таным қабілеттерінің дамуымен қатар жүреді. Бала өз ойын сөз арқылы сыртқа шығарып, өз пікірін айтуды үйренеді. Бұл жастағы балалар алдымен диалог түрде сөйлеуге, яғни, қойылған сұрақтарға нақты жауап беруге дағдылана отырып монолог түрінде сөйлеуге үйренеді. Балаларға тек ғана балалар ауыз әдебиеті үлгілерін жаттатып ғана қоймай, балалардың ана тіліне деген сүйіспеншіліктерін ояту, саналы түрде ойлануына, сезіміне әсер ететін жақтарын қарастыру керек. Белгілі психолог М. Мүханов "Тіл - көлік, ой - жолаушы, әркімнің басы аялдама" деп түсіндіреді. Сол баланың өзгелермен тілдесіп, қарым-қатынас жасай білуін дамыту мақсатында Қазақ хандарымен, билерімен, батырларымен таныстыру, сөзбен ойналатын ұлттық ойындардың ішінен "Көршімен татусың ба?". "Асау мәстек", "Сен тұр, сен шық'", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Жануарлар қалай дыбыстайды?", т. б. ойындарды ойнатумен бірге халық өнері, өлке табиғаты, салт-дәстүрі туралы әңгімелесу, қойылым қою, табиғат құбылыстарына сипаттама беру, тыйым сөздер, бата-тілектер, бесік жырлары, тұсау кесу жырларының мағынасын түсіндіру, ықшамдалған түрлерін жатқа айтуға үйрету, жаңылтпаштар, санамақтар, қаламақтар, арнау-тілек өлеңдерді жылдам, орташа, жай және дауыстап, дауысты бәсеңдетіп, сыбырлап айтқызу бала тілін дамытып, сөздік қорларының молаюына көмектеседі.

Баланың ақыл-ойының дамуы қол және саусақ бұлшық еттерінің дамуымен тікелей байланысты. Саусақ бүлшық еттерін дамытуда саусақ ойыңдарын ойнатудың маңызы зор. Құрастырмалы ойыншықтарды, түрлі-түсті мазайкаларды, текшелерді кұрастыру, қағаз бетіне әр түрлі сызықтар, иректер, түзулер, үзік сызықтар жургізу, сурет салу, оларды бояу, салынған суреттердің үстін басып қайта салу, т. б. балалардың саусақ бұлшық еттерін дамытады. Қол және саусақ бұлшық еттерін дамытуда қазақтың байырғы өлшем бірліктері - құлаш, жарты құлаш, құшақ, уыс, қос уыс, шымшым, шөкім, қарыс, т. б. қолмен көрсету арқылы және аттарын атай отырып өлшеп көрсету балалардың қызығуын арттырып, саусақ булшық еттерін жетілдіре түсері анық. Сонымен бірге спорттық ойындардық ішінде "Білектесу", "Күш сынасу" тәрізді ойындар мен "Асық ату", "Бес тас", "Ханталапай" тәрізді табиғи денелерді қолданып ойнайтын ойындар балалардың қол жане саусақ бұлшық еттерін дамыта түспек. Балардың таным үрдістерін дамыту мақсатында қазақ этнопедагогикасын оқу-тәрбие жүмыстарына қолдану Астана қаласының бала-бақшаларында 2005 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Қазақ этнопедагогикасын оқу-тәрбие жұмыстарына тиімді қолданудың иәтижесіңде балалардың зейіндерінің даму деңгейі соңғы екі жылдың ішінде 23-51 пайызға, көру есінің дамуы 44-88 пайызға, есту есінің дамуы 37-76 пайызға, тілдерінің дамуы 51-91 пайызға, соңдай-ақ саусақ бұлшық еттерінің дамуы да 51- 91 пайызға дамып жетілді.

Қазақ этнопедагогикасы аркылы балалаардың таным үрдістерін дамыту әдістемесі

Балалар фольклоры
Салт-дәстүрлер
Өнер
Ұлттық ойындар
Ұлттық өлке табиғаты
: Қабылдау
Балалар фольклоры: Санамақтар, өлең, тақпақтар
Салт-дәстүрлер: Тұрмыстық салт-дәстүрлер (үй жихаздары, ұлттық тағамдар, туыстық атаулар, т. б)
Өнер: Ағаш шебері, ұста, зергер, т. б. шебер адамдардың бұйымдарын табу
Ұлттық ойындар: Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар «Біз де»
Ұлттық өлке табиғаты: Табиғат құбылыстарының атаулары (қар- үйме қар ақша қар, т. б. )
: Зейін
Балалар фольклоры: Арнау-тілек өлеңдер, сұрамақтар, қызықтамалар
Салт-дәстүрлер: Салт-дәстүрлерге байланысты көріністер, сахналық қойылымдар, ұлттық бұйымдар
Өнер: Ұлттық аспаптар, халық әндері мен күйлері, шеберлердің қолынан шыққан бұйымдар, ою-өрнектер
Ұлттық ойындар: Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар ішіндегі «Көрші» «Даусынан таны», «Ассалаумағалейкум», «Қарамырза», «Бұғынай»
Ұлттық өлке табиғаты: Ауа-райын табиғат құбылыстарына, жануарларға қарап болжау
: Ес
Балалар фольклоры: Көру есі
Салт-дәстүрлер: Өлең, тақпақтарды, сұрамақтарды қимыл арқылы айту, суреттер, ойыншықтар қолдарына отырып жаттату
Өнер: Сахналық қойылымдарды, көріністерді, суреттерді есте сақтау
Ұлттық ойындар: Ұлттық аспаптарды, олардың құрылысын көріп есте сақтау
Ұлттық өлке табиғаты: Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар «байқап қал», әуендік ойындар «Жануардың қылығын айнытпай сал»
Хайуанаттар әлемі. Үй жануарлары, түз жануарлары, құстардың суреттерін көрсету, есте қалғанын атау
: Есту есі
Балалар фольклоры: Фольклор жанрларын жаттау
Салт-дәстүрлер: Ұлттық бұйымдардың аттарын есте сақтау арқылы айту
Өнер: Халық әндері, күйлер тыңдау
Ұлттық ойындар: Әуендік ойындар «Қай аспаптың үні?», «Даусынан біл», «Жануардың дыбысын айнытпай сал»
Ұлттық өлке табиғаты: Үй жануарлары, түз жануарлары, құстардың аттарын жатқа айту, тізбектеп айту
: Ойлау
Балалар фольклоры: Жұмбақтар, есеп санамақтар «Неше алма?», «Неше есеп?»
Салт-дәстүрлер: Салт дәстүрге байланысты топтамалық суреттерді ретімен қою. Ұлттық бұйымдардың бөлшектерін құрастыру
Өнер: Шебер рөлінде бұйымдар жасау, ұлттық аспапты құрастыру
Ұлттық ойындар: Ақыл-ой қабілетін жұмсайтын ойындар. Есеп ойындары
Ұлттық өлке табиғаты: Табиғат құбылыстарына, жануарларға байланысты логикалық есептер шешу
: Қиял
Балалар фольклоры: Өтірік өлеңдер, жұмбақтар
Салт-дәстүрлер: Салт-дәстүрге байланысты суреттер арқылы әңгіме құрастыру
Өнер: Шеберлердің іс-әрекеттерін көрсету (ұршық иіріп отырған әже, киіз басып жатқан аналар, кесте тігіп отырған қыз бала)
Ұлттық ойындар: Хайуанаттар дүниесін елестетіп ойнайтын ойындар «Ақ байпақ», «Қара сиыр», «Жаңылма»
Ұлттық өлке табиғаты: Жануарлар мен табиғаттың бір -біріне байланысы туралы табиғат құбылыстарын заттарға теңеу
: Тілінің дамуы
Балалар фольклоры: Балалар фольклоры түрлерін жатқа айту, әңгімелеп айту, ертегілерді айтып беру
Салт-дәстүрлер: Салт-дәстүр түрлері туралы әңгімелесу, бұйымдардың аттарын атау
Өнер: Халық өнері, халық шеберлері туралы әңгімелесу, халық әндерін аспаптардың сүйемелдеуімен орындау
Ұлттық ойындар: Сөзбен ойналатын ойындар «Сен тұр, сен шық», «құстар қалай үн қатады?», «Сөз табу», «Асау мәстек», «Қуыр, қуыр, қуырмаш»
Ұлттық өлке табиғаты: Табиғат құбылыстарының аттарын атау, туған өлке туралыәңгімелесу, жануарлардың аттарын атау, оларға сипаттама беру
: Саусақ, бұлшық еттерінің дамуы
Балалар фольклоры: Өлең, тақпақтарды саусақ, қол арқылы көрсетіп айту
Салт-дәстүрлер: Ою-өрнектер салу, өлшем бірліктерді қолмен көрсету
Өнер: Ұлттық аспаптарда ойнау
Ұлттық ойындар: Табиғи денелермен ойналатын ойындар, спорттық ойындар «Күш сынасу», «Білектесу»
Ұлттық өлке табиғаты: Жан-жануарлардың, төрт түліктің бейнелерін қол және саусақ арқылы көрсету

1. 2. ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУДЫ ДАМЫТУ

Қызығу (латынша іnterest - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белглі. Л. Выготский бұл жөнінде былай деген: "Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту ушін, сен оны қызықтыр, оның бүл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің калыптасуына тәуелді".

Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді іздендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.

Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным теориясы" деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, обьективтік қатынастарды қалыптастыру.

Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Танымдық қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер. Психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған. Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.

Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат түрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.

Ежелгі Грекия мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.

Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.

Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткен еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін - эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.

И. Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту оқытудың негізгі
міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы
керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте
күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу әр түрлі қоғамдық үйымдардың арақатынасын анықтайды, дінге қызығу - діни ұғымды күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды екен.

1. 3. ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Жоғары сынып оқушыларының спортқа қызығушылық бағыттарын қалыптастыру туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын арттырудың жолдары
Математика пәнін оқудағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырудағы негізгі әдістеме
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың жолдарын теориялық, әдістемелік тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz