Excell кестелік программасы.Деректер Базасы (Access)


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:
EXCELL КЕСТЕЛІК ПРОГРАММАСЫ .
Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, есептердің шешімін дәлдікпен анықтауда электрондық кестелер қолданылады. Экономикалық, техникалық, жоспарлау есептерін шешуде, бухгалтеоиялық ведмость құруда және т. б. көптеген жағдайларда берілгендерді кесте түрінде дайындап, өңдеу қажет.
Кесте бағандар мен жолдардан тұрады. Кесте ұяшықтарына ( Ұяшық дегеніміз -баған мен жолдың қиылысуы. Баған саны - 256, жалдар саны - 65536. Ұяшықтар блогы деп - (:) таңбасы қойылған оның сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі ұяшықтарыны адрестері арқылы белгіленеді. ) сан, мәтін, формула берілгендерін енгізуге болады.
- Мәтін- саны 32000-ға дейін болатын кез келген символдар тізбегі. Егер мәтіннің бірінші символы сан болса, оның алдына дәйкше (‘) белгісі енгізіліп қойылуы тиіс.
- Сандық деректер- жек сан, дата, ақша сомасы. Ондағы бір есерту :егер сан арнайы күйге келтірілмесе, онда ондық бөлшегінің бүтін бөлігінің соңына үтір (, ) қоылуы тиіс. Нүкте (. ) қойылса, Excel оны мәтін не дата түрінде қабылдайды. Мәтін ұяшықтың сол жағынан орналастырылса, ал сан оң жағынан орналасады. Өте кіші және өте үлкен сандар көрсетіледі, мысалы, 0, 9 саныны көрсетілу түрі: 9Е-10. Ұяшыққа датаны да түрлі форматта енгізуге болады. Мысалы, 01/03/1989; 1-март-89; 1. 03. 1989. т. б.
- Формула- міндетті түрде алдына (=) табасы қойылған, мәні есептелетін өрнек. Ұяшыққа енгізілген деректердің алдына (=) таңбасы қойылғандықта, Excel оны формула деп қабылдайды. Егер ұяшыққа формула енгізілген болса, оны бекіткен кезде ол ұяшықта көрінбей қалып, орнына формула бойынша есептелген мән орналастырылады.
Формула бойынша есептелген сандық өрнектің мәнін ұяшыққа дөңгелектеу, сандарды жүз еселеу, сандық баған мен жол мәндерінің қосындысын есептеу әрекеттерін өте жеңіл орындауға болады. Сан тек кестеде дөңгелектеніп жазылады, өйткені Excel есептеуді 15 таңбалық дәлдік бойынша сандардың нақты мәндері бойынша жүргізеді.
Excel-ді қосқан кезде экранда оның негізгі терезесі ашылады. Excel-дің мәзір құрылымы мен құрамы Windows - тағы сияқты, бірақ олар жұмыс объектісіне байланысты өзгеріп отырады. Олар мәзірдің жұмыс жағдайына байланысты өзгеріп отыруы да мүмкін.
Әдетте экранда көрініп тұрған электрондық кестені жұмыс парағы деп, құжат түрінде қарастырылатын бір тақырыпқа арналған кестелер жиынтығын жұмыс кітабы деп атайды. Үндемеген кезде кітап үш парақтан тұрады. Кітапты 255 параққа дейін кеңейтуге болады. Жұмыс парағының бір ұяшығы әр кезде ағымдық күйде тұрады.
Ол - қалы тіктөртбұрышпен қоршалған ұяшық.
Бұл тіктөртбұрышты ұяшық көрсеткіші деп атайды. Бұл электрондық кестенің негізгі ерекшеліктеріні бірі - оған баған не жол ұяшықтарын прогрессия құрайтын не басқа түрлі сандармен автоматты түрде толтыру мүмкіндігі енгізілген.
Кейде кітап парақтарына түрлі тақырыптардан тұратын мәліметтер енгізіледі. Кейбір бағандарға енгізілген мәліметтер түрлі парақтарда қайталануы да мүмкін. Оларды бір парақтан екінші параққа ауыстыру буфері арқылы көшіруге болады. Бірақ Мұндай көшіруді екінші әдісі бар, бұл парақтар арасында байланыс орнататын формуланы пайдалану арқылы көшіру. Оны жазылу форматы: (парақ атауы) !(адрес) Мұндағы: парақ атауы - қайталанатын жолдық немесе бағандық мәліметтерді көшіру үшін пайдаланылатын бастапқы жұмыс парағының атауы; ! - сол параққа сілтеме белгісі; адрес - бастапқы парақтан мәндері көшірілетін ұяшық не ұяшықтар блогына сілтеме.
ЕхсеІ электрондық кестесінде көптеген командалар орындауға болады. Мысалы, деректерді әр түрлі өңдеуге, сорттауға, сүзгілеуге болады.
Деректерді сорттау : дректер қоры кестесінде бағанды өріс деп, бір жолда жазылған жеке объект жөніндегі жеке берілгендерді жазу деп атайда. Кестені бір баған бойынша сорттауға және диапазонды сорттауға да болады. Ол үшін баған берілгендерін өспелі не кемімелі түрде реттеп кестені қайта жазып шығу үшін сортталатын бағанны не диапазонның ұяшығын белгілеп, Берілгендер - Сорттау командасын орындау керек.
Деректерді фильтрлеу : кестенің белгілі шарттарды қанағаттандыратын жазуларын шздеп, оларды экранға шығару әдісі мәліметтерді фильтрлеу деп аталады. Фильтрлеу сөзі - мәліметтерді електен өткізу немесе сүзгілеу деген мағынаны білдіреді. Берідгендерді фильтрлеуді екі түрі бар:
1. Автофильтр;
2. Кеейтілген фильтр; Бұл фильтрдің түрімен - шартты қанағаттандыратын жазу тізімін пайдаланып, дайындауға болады.
Диаграмма тұрғызу: сандық типтік деректер енгізілген кестенің бағандық деректерін диаграмма не график түрінде көрсетуге болады. Ол деректердің көрнектілігін арттырып, сандық мәндерді салыстыруды жеңілдетеді. Диаграмма жұмыс парағына жеке объект ретінде енгізіледі. ЕхсеІ-де диаграмма салудың төрт сұхбаттық терезесі, яғни қадамы бар.
Орындалу тиіс әрекеттер:
- Диаграмма құрылатын баған блогын таңдау.
- Аспаптар панелінің «диаграмма шебері» түймесін шерту немесе Кірістірі - Диаграмма командасын беру. Сол кезде бірінші қадам сұхбаттық терезесі көрінеді.
- Терзеден диаграмма типі мен көрінісін таңдау. Тип атаулары:гистограмма, айналма, сақиналы, графикт. б.
- Үшінші терезеде, қажет болса, диаграмма параметрлерін орнатуға болады.
- Төртінші сұхбаттық терезеде диаграмманы дайындалған бетке кірістіру ауыстырып қосқышы орнатулы тұрады немесе «бөлек бетке» өрісіне диаграмма енгізілген парақ атауын енгізуге болады.
Қорытындысында диаграмма терезеге енгізілген параққа кірістіріліп қойылады.
Функция графигін салу: ЕхсеІ-де функция графигі диаграмма типі ретінде қарастырылған. Ғ(х) функциясының [а; б] кесіндісінде графигін салу үшін орындалуы тиіс әрекеттер:
- Жұмыс парағында һ қадам бойынша функцияны кестелеу.
- Аргумент пен функция мәндері енгізілген бағандар блогын тадау.
- Диаграмма шеберінің бірінші қадам терезесін ашып, типтер таңдау.
- Нүктеліктипі таңдалса, оныңСыртқы түрбөлімінен бір үлгіні тадау.
- Диаграмма тақырыбын қолдан енгізіп, тор сызықты жолаушыларын алып тастау.
- График орналасатын парқты көрсету.
Функциялы рафик параққа енгізілген соң, оны биіктігін мен енін өзгертуге болады.
Өндірісте, ауыл шаруашылығы мен оқу орындарда, коммерциялық мекемелерде т. б. салаларда түрлі берілгендерді орындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі. Осындай мәліметтерді сақтаудың көп тараған әдісі - компьютерде деректер базасы ретінде сақтау. Деректер базасы (ДБ) дегеніміз - құрылымы берілген тәсіл бойынша ұйымдастырылған арнайы форматтағы файл. ДБ-да берілгендер кесте түрінде дайындалады. ДБ-ны типтері: иерархариялық - мұнда жазба элементтері реттеліп жазылады, оны бір элементі негізгі, қалғандары бағықы элементтер деп есептеледі; релияциялық - бұл кесте түрінде дайындалған берілгендер; тораптық. Реляциялық деректер базасын құру және онымен жұмыс істеуді басқару үшін көптеген арнайы программалар дайындалған: Dbase, FoxBase, FoxPro, Access, т. б. Оларды Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) деп атайды.
Соғы жылдары пайдаланушылардан программалауды қажет ете бермейтін Windows құрамына кірістірілген ДББЖ - лері, оны ішінде Access атаулы жан-жақты мүмкіндікті ДББЖ-нің бірнеше нұсқалары жарық көрді: Access 2. 0, Access 7. 0, Access 97,
Access 2000. Бұлар жұмыс істеуге жеңіл және анықтамалық жүйелері барынша жетілдірілген күрделі программалар.
Деректер қорында жазба (деректерді байланысты элементтер тобы) үшін кесте жолы түсініледі, кестеде қайталанатын бірдей жолдар болмайды. Кесте бағанын құрайтын жазба элементтері өріс деп аталады. Өрісті негізгі ерекшелігі - бір өріс элементтері бірдей типті етіп құрылады.
Кесте - ДБ-ның негізгі объектісі. Кесте құру үшін ДБ терезесін ашып, Кестелер - Құру командасын орындау к\к. Жалпы, кесте құрудың үш режимі бар:
- кесте режимі(кестені қолдан құру) ;
- кестелер шебері(кестені автоматты түрде құру) ;
- конструктор -оны түрлі әрекеттер үшін пайдалануға болады:
- өріс атауын өзгерту; өріс типін өзгерту;
- өріс өлшемі мен форматын қайта орнату;
- жаңа өріс қосу; өрісті кілттік ету;
- жаңа кесте құру; өрісті индекстік ету т. б.
- Кестені деректерінің өсуі бойыншасорттрауүшін кестені ашу режимінде ашып алып, тадау және аспаптар панелініңөсу бойынша сорртаутүймесін шерту жеткілікті.
- ЕхсеІ-дегі сияқты, кестеден шартты қанғаттандыратын берілгендерді тадап, жаа кесте құру оныфильтрлеуделінеді. Фильтрлеудің үш түрі бар:тадама бойынша фильтр; әдеттегідей фильтр; кеңейтілген фильтр - олалғашқы екі түрді біріктіреді. Фильтр дайындау сұраныс құру сияқты орындалады, бірақ фильтр - тек сурет сияқты кескін, алсұраныс- бұл объект.
- Қарапайым Сұраныс- кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Сұраныс құру үшін үш қадам бар:«Жаңа сұраныс»терезесінен «Қарапайым сұраныс» қатарын екі рет шерткенде, бірінші қадам терезесі көрінеді. Онда - терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді таңдайдайды. Екінші қадам терезесінде «Толық» ауыстырып қосқышын орнату. Соңғы терезеді сұранысқа атау беріп, «Сұранысты орындалу нәтижелерін ашу» ауыстырып қосқышын орнату. Қиылма сұраныс - кестенің таңдалған өрістерінен берілгендерді топтап, оларды ыңғайлы түрде көрсетеді.
- Форма- берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдеті үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады. Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады.
... жалғасыФорма құрудың үш тәсілі бар: автоформа - кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі; формалар шебері - онда ашылған түрі редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады; қолдан құру .
Кейде дискеттерден қатты магниттік дискіге 5-10 Мб не одан да үлкен көлемді каталог мен файлдарды көшіріп жазуға тура келеді. Оларды алдын ала дискетке көшіру үшін көп дискеттер қажет болады. Дискеттер санын азайту және дискетті үнемдеі мақсатында информация көлемін 10-70 %-ға не одан да көп масштаб бойынша түрлі форматта қысып жазатын программалар бар. Мұндай программаларды архивтеуші деп атайды. Қазіргі кезде қолданылып жүрген архивтеушілер көп, мысалы, Arj, Rar, PKZip, WinZip, Backup т. б. Үлкен көлемді каталогтар мен файлдарды дискетке көшіру үшін алдымен архивтеуді қатты дискіде орындаған дұрыс. Себебі бұл кезде дискет жадының жетіспеу мәселесі көтерілмейді және ол тезірек орындалады. Оның үстіне, қатты дискіде архивтер енгізілетін жаңа каталог ашып, архивтеуші программаны осы каталогқа не түбірлік С: каталогына көшіріп қойған жөн.
Соғы жылдары өздірінің зиянкес әрекеттері нәтижесінде не «қызықшылық» үшін басқа компьютерлердің жұмысын бұзуға, яғни оған кірістірілген программаларды істетпей тастауға тырысатын программалаушылар саны көбейіп кетті. Осы мақсатта олардың Ассемблер және т. б. программалау тілінде атау берілмей, зиянкес кішігірім он мыңдаған программаларды құрып шыққаны белгілі. Оларды компьютерлік вирустар деп атайды. Вирустардың түрлері көп, әсерлері де түрлі-түрлі. Олар, көбінесе, компьютерлік ойын программаларына енгізіліп қойылатындықтан дүние жүзіне кең таралуда. Қазіргі кезде белгілі 8 астам вирустар түрлері бар. Вирусталған программа дискет арқылы компьютерге енгізілгенде қатты дискіде және ішкі жадта вирус пайда болады да, компьютер ішіндегі көптеген басқа программаларды бірден не біраз уақыт өткен соң зақымдап, оларды дұрыс жұмыс істеткізбей тастайды. Ол мәтіндік файлдарға, электрондық кесте мен берілгендер қоры мен басқару жүйелері арқылы құрылған мәліметтік берілгендерге көп әсерін тигізе бермейді. Оның бұзатыны көбінесе сот, ехе типті тікелей орындай алатын файлдар. Вирусты кейбір жаңа нұсқалары операциялық жүйе программаларының жұмысын баяулатып, оларды да істен шығарады. Соңғы жылдары компьютерді вирустан қорғау, дискілерді жазулы программалар мен берілгендерді вирусқа тексеру, оларға енген вирустарды жою сияқты әрекеттерді орындаға арналған вирусқа қарсы түрлі программалар дайындалып шықты.
Олар: Aidtest, DrWeb, NDD, AntiViral Toolkit Pro (AVP), Kaspersky Antivirus және т. б.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz