Электронды құжат айналым жүйесін жасау. БҚО «Салық комитеті»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Зерттеу обьектісі болып, Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік -экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды. Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Жұмыстың мақсаты: Салықтардың уақытында төленбеуі алдағы уақытта ел экономикасының құлдырауына, жұмыссыздық және тұрғындардың әлеуметтік жағдайына төмендеуіне әкеліп соғады.
Салықты толық көлемде және уақытында төлеу ҚР әрбір азаматының мемлекет алдындағы борышы болып табылады. Салықтық төлемдердің уақытында жүргізілуі мемлекеттік бюджет кірісінің тұрақты қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ол бюджеттік мекеме қызметкерлердің еңбек ақысын, зейнетақылық төлемдерді, әлеуметтік жәрдем ақыларды төлеуге, құрылыспен қалаларды дамытуға, еңбек жағдайын жақсартуға мол мүмкіндіктер береді.
Қазіргі уақытта барлық салық комитеттерінде АЖ ХКЖЖ (хабарламаларды кепілдендірілген жеткізу жүйесі), ИСАЖ (салық төлеушілерді, жеке есептерді жүргізуді тіркеулік есепке алудың ақпараттық жүйесі), СЕЭН (салық есептілігінің электрондық нысандары), АЖ ҚҚС (ҚҚС төлеушілердің реестрлерін жүргізу, есеп-фактура реестрін жүргізу), ИСИД (төлем көзінен ұсталып қалатын төленген табыстар реестрі) жүйелері қызмет етеді. Аталған жүйелерді пайдалану салық есептілігін электрондық түрде қабылдау барысын жылдам әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді. Мен осыдан тағы бір жүйені құрдым. Бұл жүйе, ЭҚЖ (Электронды құжат айналымының жүйесі), ол Delphi программасы арқылы жасалады.
Әлемдегі миллиондаған программистер Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді енгізуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы таңдап алынды. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері. бар.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi-де шамамен 200-ге жуық дайын компоненттер бар.
1 Салық жүйесі туралы түсінік
1. 1 Орал қаласы бойынша салық басқармасы туралы ереже
«Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, принциптерінің, салық заңдары мен салыққа қатысты нормативті актілердің, салық қызметі органдарының жиынтығы мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды. Салық жүйесіне қажетті негізгі талаптар мыналар:
- салық құрамы дәл анықталуы қажет. Ол үшін салық заңдылығында мемлекетте алынатын салықтардың толық тізімі мазмұндалуы керек;
- салық жүйесі салық төлеушілер үшін салықтан жалтару тиімсіз болатындай етіп жасалуы тиіс;
- салық жүйесінің қарапайымдылығы. Бұл әсіресе, салықтың дұрыс төленуі үшін бақылауды жүзеге асыруда маңызды;
- салық жүйесі салық төлеушінің өз қаражатын өндіріске салуына ықпал етуі керек.
Жалпы, салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылдың 25 желтоқсанынан бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі қызмет ете бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың принциптерін, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді. Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 13 жалпы мемлекеттік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар, 11 жалпыға міндетті жергілікті салықтар мен алымдар енгізілді.
Дегенмен, өмірге келген әрбір жаңа құбылыста кездесетін ерекшеліктермен қатар кемшіліктер де бұл заңда да орын алды, яғни ҚР алғашқы салық жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселелер болды. Атап айтсақ, біз салық жүйесін құрғанда елемізде жиынтықталған ғылыми және практикалық тәжірибе болған жоқ. Салық қызметі де, салық төлеушілер де мұндай жаңа бастамаға психологиялық жағынан дайын еместігі көрінді. Салық жүйесінде дүниежүзілік тәжірибеде қолданылып келген салық салу принциптері сақталмады. Сондықтан бұл салық жүйесінің нарықтық қатынастардың талабына толығымен жауап беруге мүмкіндігі болмады. Ең бастысы, салық жүйесінің өндірісті дамытуға еш ықпал етпеуі, бюджет кірісін құрудағы өз ролін жете атқара алмауы, яғни салық көзі табыс не пайда емес, керісінше тұтыну болды. Салық санының көптігі, айналымды анықтаудың қиындығы, шектен тыс дәлелсіз берілген салық жеңілдіктері, салық ставкаларының бір салық түрі бойынша бірнеше түрлі болуы, халықаралық салық салу негіздерінің тыс қалуы және т. б. кемшіліктер салық жүйесін одан әрі реформалаудың қажеттігін көрсетті. ҚР Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу принциптеріне сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 1995 жылғы сәуірдің 24-де ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып қалды. ҚР Президентінің 1999 жылғы шілденің 16-дағы № 440-I заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осы уақыт аралығында Президент жарлықтарымен және ҚР заңдарымен бұл заңға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 2002 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің кірістерін негізінен 17 салықтар мен басқа да міндетті төлемдер құрады.
Бұл заңда қамтылған барлық базалық принциптер 1995-1999 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бұл әлеуметтік салыққа, амортизация саясатына, айналымнан алынатын салықты жоюға, ҚҚС-ты халықаралық принциптерге сәйкестендіруге қатысты еді. Осы уақыт ішінде экономика, экономикалық қатынастар құрылымы, мемлекет пен салық төлеушілердің өзара қарым-қатынасы, тіпті адамдардың ділі (менталитеті) де айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Мемлекет, бір жағынан, салық саясатының мақсатын, міндеті мен қызметін терең түсінді, екінші жағынан, экономикалық қатынастардың көптеген тұстары қолданыстағы салық заңдылығында қамтылмай қалды. Осы және Қазақстан экономикасында болып жатқан оң өзгерістер жаңа салық заңын талап етті [21] .
Орал қаласы бойынша Салық басқармасының құрылымы:
Салық басқармасының бастығы - 1
Салық басқармасы бастығының орынбасары - 3
- Ұйымдастыру жұмысы, құжаттау және адам ресурстары бөлімі
- Құқықтық қамтамасыз ету және салық заңнамасын түсіндіру бөлімі
- Ақпараттық технологиялар бөлімі
- Есепке алу, талдау, және болжау бөлімі
- Заңды тұлғалармен жұмыс бөлімі
- Жеке кәсіпкерлермен жұмыс бөлімі
- «Заңды тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі
- «Жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі
- «Жеке тұлғалардың ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімі
- Мәжбүрлеп өндіріп алу және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс бөлімі
- Заңды тұлғалардың аудит бөлімі
- Жеке тұлғалардың аудит бөлімі
- Қосылған құн салығын әкімшілендіру бөлімі
- Акциздерді әкімшілендіру бөлімі
- Тіркелмеген салық төлеушілерді анықтау және мобилді топ бөлімі
- Заңды тұлғалардың өндірістік есем төлемдерді әкімшілендіру бөлімі
- Жеке тұлғалардың өндірістік есем төлемдерді әкімшілендіру бөлімі
- Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімі
Сурет 1. Cалық түбіртегінің бланкысы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Орал қаласы бойынша салық басқармасы туралы жалпы ережелер.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті бастығының міндетін атқарушысының 2009 ж «30» наурыздағы № 292бұйрығымен бекітілді.
- Орал қаласы бойынша салық басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің толықтығын, міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын қамтамасыз ету, салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру аясында, өз құзіреті шегінде акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлері мен мұнай өнімдерінің өндірілуі және айналымы саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметтерін орындауға өкілеттендірілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің аумақтық бөлімшесі болып табылады.
- Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілері мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгіде бланкілері бар.
- Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма бастығының немесе оның орнын ауыстыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.
- Басқарманың құрылымы мен штат санағының лимитін Қазақстан Республикасы Қаржы министрі бекіткен штат санағының лимиттері шегінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасы бекітеді.
- Басқарманың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1 үй.
- Басқарманың толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Орал қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
- Құрылтайшы - Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Құру туралы акт - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы №374 “ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері туралы” Қаулысы
- Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
- Басқарманы қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың қызметі болып табылатын міндеттерін орындау шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
- Басқарма Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің құзіреті шегінде заңнама белгіленген тәртіпте мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін көздейтін заңнамаларды сақталуын бақылау;
жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы аударылуын көздейтін заңнамалардың сақталуын бақылау;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өз құзіреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді (мемлекеттік кәсіпорындар пайдасынан үлестерінің, мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттеріне дивидендтердің, «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысынан, республикалық мемлекеттік мүліктерді жалға беру мен сатудан, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіруден түскен түсімдерді, капиталмен жүргізілген операциялардан түсімдерді қоспағанда) бақылау және талдау;
Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының тиісті бөлімдері жүзеге асыратын бекітіген Мемлекеттік қызмет көрсету Стандарттары мен Регламенттеріне сәйкес салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету;
салық төлеушілерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алу;
салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және қосымша есептелген сомаларын есепке алу;
бюджеттің кіріс бөлігін ағымдағы болжауға қатысу;
өз құзіреті шегінде бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды жүзеге асыруға уәкілеттендірілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
салық салу саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзіреті шегінде өтініш берушінің тексеріс жүргізу жолымен этил спиртін, алкоголь өнімдері мен темекі өнімдерін өндіру бойынша қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелерді қолдану арқылы электрондық қызметтер көрсету;
нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзіреті шегінде салықтық және салықтық емес түсімдерді есепке жатқызуды және/немесе қайтаруды жүзеге асыру;
халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау, мәмілелер бағасының тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) нарықтық бағадан ауытқуы мәселесі бойынша тексеру, мәмілелер бағасының нарықтық бағадан ауытқу фактісін анықтау кезінде салық салу объектілерін түзету және трансферттік бағалар қолданылуы мүмкін мәмілелердің мониторингін жүргізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салық міндеттемелерін орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарау;
салық заңнамасының орындалуына бақылауды жүзеге асыру бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету;
этил спиртінің, алкоголь өнімінің, темекі өнімдерінің және жекелеген мұнай өнімдерінің өндірілуі мен айналымын бақылау бойынша жергілікті мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету;
салық бақылауын жүзеге асыру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылау;
мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне ілеспе жүкқұжаттарының сақталуына, есепке алынуына және берілуіне бақылау;
өз құзыреті шеңберінде мұнай өнімдері рыногының субъектілерінің Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ бюджетке акциздердің толық және уақытылы түсуіне бақылау;
мемлекеттік меншікке айналдырылған мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті уәкілетті органға толық және уақытылы берілуіне, сондай-ақ ол сатылған жағдайда бюджетке ақшаның толық және уақытылы түсуіне бақылау;
өз құзыреті шегінде этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы, темекі бұйымдарының өндірісі, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің айналымы саласында қызметтің жүзеге асырылуы кезінде Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасының сақталуын бақылау;
халықаралық шарттарды әкімшілендіру және салық салу мәселелері бойынша шетел мемлекеттерінің құзіреті органдары арасындағы келісімдермен көзделген жағдайларда ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
халықаралық шарт жасаспаған мемлекеттердің резидент еместерінің қызметін әкімшілендіру;
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын резиденттердің мәмілелерінің мониторингін жүргізу және оларды әкімшілендіру;
аумақтық мониторингке жататын салық төлеуші бойынша мониторинг жүргізу;
салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша жұмыстарды жүзеге асыру;
салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы мәселелерін салық төлеушілерге түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
ведомстволық бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы заңнамаларына көзделген өзге де қызметтер.
- Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру кезінде Басқарма:
өз құзіреті шегінде салық міндеттемелерінің туындауы, орындалуы мен тоқтатылуы бойынша түсіндіруге және түсініктер беруге;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде белгіленген тәртіпте салық бақылауын жүзеге асыруға;
заңда белгіленген тәртіпте Басқарманың функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпараттар мен құжаттарға сұрау салуға және алуға;
Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленген талаптарды сақтай отырып, бухгалтерлік құжаттамаларына, сметаларына, ақшасының бар, жоқтығына, құнды қағаздарына, есеп айырысуларына, декларацияларына және салық міндеттемелерін орындауына байланысты өзге де құжаттарға тексеру жүргізуге;
салық төлеушіден уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу (ұстап қалу және аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтырылуы бойынша түсініктерді, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдардың дұрыс есептелуі мен уақтылы төленуін (ұстап қалу және аудару) растайтын құжаттарды, сондай-ақ резидент салық төлеушінің Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан еншілес компанияларының қаржылық есептіліктерін қоса алғанда, оның шоғырландырылған қаржы есептілігін көрсетуді талап етуге;
Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындаған тәртіпте салық тексеруін жүзеге асыру барысында салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтары істелгенін куәландыратын құжаттарды алып қоюға;
кірістер алу үшін пайдаланылатын салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді тексеруге, олардың орналасқан жеріне қарамастан, салық төлеушінің мүлкіне (тұрғын үйден басқа) түгендеу жүргізуге;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінде көзделген жағдайларда салық төлеушінің салық міндеттемелерін жанама әдіспен анықтауға;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша салық төлеушіден заңнамада белгіленген тәртіпте электронды құжат түрінде ақпарат алуға;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес таңбалануға жататын акцизделетін өнімдер бойынша акциздік таңбаларды сатып алуға, сақтауға және есепке алуға, сондай-ақ есепке алу-бақылау таңбаларын жасауға, сақтауға, сатып алуға және есепке алуға бақылауды жүзеге асыруға;
акцизделетін өнімдерді сақтауды және олардың айналымын жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, акцизделетін өнімдердің өндірілуі мен айналымынан акциздердің толық және уақтылы түсуін тексеруді жүзеге асыруға;
мыналарға:
салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін салық төлеушіге - заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz