Стандарт- сапалыққа сенім


1 СТАНДАРТ- САПАЛЫҚҚА СЕНІМ

1. 1 Әр түрлі категориялар стандарттары

Стандарт, үлгіқалып(ағылш. Standard- өлшем, үлгі, өлшегіш) - басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын, т. б. айқындайтын нормативтік-анықтамалық құжат; кең мағынада өзіне ұқсас басқа нысандармен салыстыру үшін қолданылатын негізгі үлгі, эталон, модель; мүдделі жақтардың келісуі негізінде дайындалған және әр түрлі іс-әрекеттің немесе оның нәтижесіне қатысы бар ережелерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды жалпыға бірдей және дүркін-дүркін пайдалану үшін белгілейтін таңылған стандарттау, метрология мен сертификаттау женіңдегі органмен бекітілген құжат. [1]

Стандарт ғылым, техника, өндіріс, практик. тәжірибе саласындағы отандық және әлемдік жетістіктерді көрсетеді және сонымен бірге оларды тиісті қызмет салаларында енгізудің директивасы болып табылады. Мемлекеттік стандарттың міндетті талаптары меншік нысандары мен идаралық бағыныстылығына қарамастан барлық кәсіпорындарға, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азаматтарға да қойылады. Халықаралық стандарт халықаралық ұйым қабылдаған және белгілі бір саладағы негізгі талаптарды, нормалар мен ережелерді белгілейтін нормативтік-техникалық құжат болып табылады.

Стандарттаудың белгілі бір жүйесінің ішінде стандарттар мына тақырыптарға бөлінеді:

- сапа стандарты

- әлеуметтік стандарт

- білім беру стандарты

- техникалық талаптады орнататын стандарт

- еңбек қауіпсіздігі стандарты

- құжаттарды дайындау стандарты

- экологиялық стандарт және т. б.

Стандарт - бұл қағида бойынша көптеген мүдделі жақтардың елеулі мәселелерге қарсылық білдіруді сипаттайтын, келісуішлік негізінде әзірленетін және танылған органдардың бөкітетін норматитік құжаты. Бұл жалпыға бірдей және қайта пайдалану ережесі үшін стандарттаудың белгілі бір объектілердің жалпы принциптері, мінездемесі, талаптары және әдістері белгіленуі мүмкін. Сол сияқты белгілі салаларды тәртіпке келтіруді оңтайлы деңгейге жетуге бағытталады.

Республикада қолдапылып жүрген стандарттың жүйе құқықтық және әлеуметтік экономикалық мақсаттарды көздейді:

Біріншіден, заңдылық тәртіпке сәйкес тұтынушылардың және үкіметтің мүдделерін және өнімнің сапасы, қоршаған табиғи ортаны, өмір қауіпсіздігін, халықтық денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Екіншіден, өндірісті әзірлеуде, өнімді пайдалануда техникалық бірлікке кепілдік береді.

Үшіншіден, стандарттың жүйе әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың, жобалаудың нормативтік-техникалық базасы ретінде қызмет етеді. [2]

Стандарттау - бұл ең ұтымды нормаларды табатын қызмет, ал содан соқ стандарттың үлгілерді, нұсқауларды өнімді әзірлеудегі талап әдістемелерді нормативтік құжаттарға тағайындап қояды. Стандарттаудың басты міндеті халық шаруашылығының, халықтық еліміздің базасының, экспорт мұқтажы үшін шығарылған өнімге үдемелі талаптарды анықтайтын, сол сияқты осы құжаттарды дұрыс пайдалануды бақылау нормативтік-техникалық жүйе жасау болып табылады.

Стандарттау - нақтықойылып отырған қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестергеқойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

- өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

- өнімнің техникалықжәне ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

- өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру жәнесапамәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

- өлшемдербірлігін қамтамасыз ету;

- ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

- елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

- табиғи және техногенді апаттармен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету[3] .

Стандарттау саласындағы нормативтік құжаттар - стандарттау жөніндегі қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжаттар. Стандарт - уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат. Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді: халықаралық стандарттар, өңірлік стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдар, мемлекеттік стандарттары мен техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ұйымдар стандарттары, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдары, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары жатады. Ереже - міндетті түрде қолданылуға тиісті жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Ұсыныстар - ерікті түрде қолданылатын жұмысты жүргізудің ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат. Норма - қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық жағдай (ИСО/МЭК) . Техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіші - техникалық-экономикалық ақпарат объектілерініңжіктеу топтарының кодтары мен атауларының жүйеленген жиынтығын білдіретін құжат.

Қолдану аясына байланысты ажыратылатын стандарттар стандарт категориясы деп аталады. Стандарттар мынадай категорияларға бөлінеді:

- мемлекеттік стандарттар - ҚР СТ;

- халықаралық стандарттар - ИСО;

- мемлекетаралық стандарттар - ГОСТ;

- ұйымдар стандарттары;

- ұлттық стандарттар;

- шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттары.

ҚР мемлекеттік стандарты (ҚР СТ) - міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және тұтынушылардың кең шеңберіне түсінікті стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен стандарт[4] .

Мемлекеттік стандарттар өнімдерге, үрдістерге (жұмыстар), көрсетілетін қызметке, ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы нормалар және талаптарға даярланады, мысалы: стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру; өндіріске өнімді даярлау және қою; техникалық, басқарушылық, ақпараттық-библиографиялық құжаттамаларды ресімдеу тәртіптері; метрологиялық жалпы ережелер және т. б.

Мемлекеттік стандарттарда дәстүрлі технологиялардың мүмкіндіктерін басып озатын, отандық өнімдер, үрдістер, көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігінің болашағын қамтамасыз ететін алдын ала талаптар белгіленеді. Өнімдердің, үрдістердің, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны, азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүліктерін қорғауға арналған, техникалық және ақпараттық сәйкестікті, өнімдердің өзара алмастырылуын қамтамасыз етуге арналған, оларды бақылау әдістерінің бірыңғайлығы және таңбалаудың бірыңғайлығы үшін мемлекеттік стандарттармен белгіленген талаптар мемлекеттік басқару органдарымен, жекеменшіктің формасына қарамай жеке және заңды тұлғалармен сақталуы міндетті деп табылады.

Өнімдердің, үрдістердің, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болуы ҚР Заңнамасы белгілеген ережелер бойынша анықталады.

Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік басқару органдарымен, уәкілетті тұлғалармен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен даярланады.

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің Реестрінде тіркелмеген мемлекеттік стандарттар қолдануға жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттік стандарттың белгіленуі индекстен (ҚР СТ), тіркеу нөмірінен және сызықшамен бөлінген қабылданған жылдың соңғы екі санынан тұрады. Тіркеу нөміріндегі алдыңғы нүктелі сандар стандарттар кешенінің (жүйесін) шифрын анықтайды[4] .

Халықаралық және аймақтық, шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын ҚР мемлекеттік стандарттары ретінде қолданудың қажетті шарттары: ҚР стандарттау, метрология және аккредитация бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болуы; ҚР және шетел мемлекеттері арасында стандарттау облысы бойынша әріптестік туралы екіжақты (көпжақты) келісім-шарттың болуы.

Халықаралық стандарт - стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және тұтынушыларға кеңінен түсінікті стандарт.

Халықаралық стандарттарды құру бойынша тікелей жұмыстарды техникалық комитеттер жүргізеді.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым - оған мүшелік әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша сәйкес мемлекеттік органы үшін ашық стандарттау бойынша ұйым.

ИСО ресми тілдері - ағылшын, француз, орыс тілдері. Орыс тіліне ИСО стандарттарының 70% жуығы аударылған. ИСО әділетті және адал ұйым ретінде әлемдік беделге ие, халықаралық ең ірі ұйымдар ішінде мәртебесі жоғары.

Халықаралық стандарттау - барлық елдердің сәйкес органдарының қатысуына ашық стандарттау.

Мемлекетаралық стандарт - міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және олармен тікелей қолданылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін құрудағы стандарттау және техникалық нормалау бойынша мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиямен қабылданған стандарт.

Мемлекетаралық стандарттау - мемлекетаралық мүддені көрсететін объектілерді стандарттау.

Ұсынылатын талаптары бар мемлекетаралық стандарттарды қолдану, егер республикада қолданылатын талаптар, техникалық сипаттағы нормалар және ережелері бар техникалық регламенттерде оған сілтемелер бар болса, міндетті болып табылады[5] .

ҚР мемлекетаралық стандарттарды қолданысқа енгізу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органның қаулысымен жүзеге асады. Мемлекетаралық стандарттар ҚР мүше болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңес қабылдаған ережелерге сәйкес қолданылады.

Ұйым стандарты - жеке немесе заңды тұлғамен даярланған нақты бір өнімге, үрдіске (жұмыс), қызмет көрсетуге талаптар белгілейтін және сол жеке немесе заңды тұлға қолданатын стандарт.

Ұйым стандарттары өнімге, қызмет көрсетуге, үрдіске даярлануы мүмкін. Ұйым стандарттарын даярлаушылардың өздері бекітеді. Ұйым стандарттары ҚР қабылданған стандарттар және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек. Белгіленген міндетті талаптарды сақтамағаны үшін оны бекіткен жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады. Ұйым стандарттарын даярлаудағы жалпы ережелер, келісімдер, бекітулер және тіркеу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен белгіленеді.

Шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға рұқсат беретін, олардың түпнұсқасын ұстайтын ұйымдармен келісім-шарт (рұқсат) негізінде жүзеге асырылады[6] .

1. 2 Стандартты құрастыру тәртібі

Стандартты құрастыру тәртібі «Мемлекеттік стандарттарды құрастыру тәртібі» 1. 2- 2002 ҚР СТ келтірілген. Стандарт ҚР-ның мемлекеттік стандарттарының құрастырылу, келісімдеу, бекіту, мемлекеттік тіркеу, басылып шығарылу, жаңартылу (өзгерту, қайта қарау) және тоқтату тәртібін бекітеді.

Стандарт ережелері мемлекеттік басқару органдарымен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен, ғылыми-техникалық, инженерлік, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктермен, ұйымдастырушылық-құқықтық формаларға, бағынушылығы мен азаматтылығына тәуелсіз мемлекеттік стандарттарды құрастыру жұмыстарына қатысатын басқа да заңды және жеке тұлғалармен қолданылуға тиісті.

Стандарт жобаларын құрастыруды ҚР-ның мемлекеттік стандарттау жоспарларының, техникалық комитет (ТК) жұмыстарының бағдарламасының (жоспарының) және стандарттарды құрастыру бойынша келісім-шарттарының тапсырмасымен сәйкес немесе өз еркімен стандарттау бойынша ТК, мемлекеттік басқару органдары, басқа да заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады.

Стандарттарды құрастыру кезінде ҚР-ның әрекеттегі құжаттарды: заңнамаларды, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарын, техникалық регламенттерді, республикада қызығушылық тудыратын шет елдердің халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарын басшылыққа алу керек.

Стандарттарды құрастыру кезінде ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық, тәжірибелік-технологиялық, жобалық жұмыстардың нәтижелері, патентті зерттеулер нәтижесі және отандық және шетел ғылымының, техника мен технологиясының жетістіктері туралы басқа да мәліметтер пайдаланылады.

Стандарттарды құрастырудың келесі тәртібі қарастырылады:

1 кезең - стандартты құрастыруды ұйымдастыру;

2 кезең- стандарт жобасын құрастыру (алғашқы редакция) және оны келісімдеу;

3 кезең - стандарт жобасының соңғы редакциясын құрастыру және бекітуге беру;

4 кезең - стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу;

5 кезең - стандартты басып шығару.

Ескерту: Құрастырудың түрлі кезеңдерін біріктіруге рұқсат етіледі.

Стандарттарды құрастыру, мәтіндеу, көркемдеу, мазмұндау және белгілеу ҚР СТ 1. 5 - 2008 сәйкес болу керек.

Стандарттарды құрастыру алдында өкілетті орган кәсіпорнына стандарттарды құрастыру бойынша тапсырыстарды дайындап, көрсету керек. Қажет жағдайда стандарттар өз еркімен құрастырылуы мүмкін, осы кезде жұмыста қайталану (дублирование) болмас үшін құрастыру бойынша мәлімет өкілетті органға жіберілу керек.

Мемлекеттік стандарттау бойынша тапсырыстарды дайындау және көрсету, жұмыс жоспарын құрау ҚР 1. 7-2003 СТ сәйкес жүргізіледі. Тапсырыста стандарттарды құрастыру қажеттілігінің негізделуі келтіріледі.

Тапсырысқа бастапқы материал ретінде стандарт жобасы немесе стандартты құрастыру бойынша техникалық тапсырма берілу керек.

Құрастырушы-ұйым стандарт жобасын құрастыруды ұйымдастырады.

Жұмыс тобы стандарт жобасын және оның түсіндірме жазбасын (записка) дайындайды[7] .

Стандарт жобасының түсіндірме жазбасында келесі ақпарат көрсетіледі:

- сәйкес құжаттардың көрсетілуімен стандарт құрастыру негіздемесі;

- стандарттау объектісінің қысқаша сипаттамасы;

- стандарт жобасының Қазақстан республикасы заңнамасына, техникалық регламенттерге, халықаралық (аймақтық) нормаларға, стандарттарға, ережелер мен ұсыныстарға, сонымен қатар шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарына сәйкестілігі туралы мәліметтер;

- стандарт жобасының стандарттау бойынша басқа нормативті құжаттармен байланысы туралы мәліметтер және олардың қайта қаралуын, өзгертілуі немесе тоқтатылуы бойынша ұсыныстар;

- стандарт жобасының пікірге жіберу және келісімдеу туралы мәліметтер;

- ақпарат көздері;

- стандарттау объектісінің патентті тазалығы туралы мәліметтер (қажет жағдайда) ;

- шетел аналогтарымен салыстыру туралы мәліметтер (бар болса) ;

Қарастыру мен бекіту үшін құрастырушы-кәсіпорын өкілетті органға стандарт жобасының соңғы шығарылымын екі данада (мемлекеттік және орыс тілдерінде) жібереді, олардың біреуі бірінші, құрастырушы-ұйымның жетекшісінің қолы қойылған бірге жіберілетін хаты бар болу керек.

Стандарт жобасына өнім үлгісі, жалпы көрінісінің сызбасы (қажет жағдайда) немесе ірі өнімнің фотосуреті және бір экземплярда келесі құжаттар бірге жіберілу керек:

- стандарт жобасына түсіндірме жазбасы;

- өкілетті орган бекіткен форма бойынша пікір туралы ақпарат;

-стандарт жобасының келісімделгенін растайтын құжаттардың түпнұсқасы;

- стандарт жобасының соңғы шығарылымын қарастыру бойынша жұмыс тобы отырысының хаттамасы (оны өткізген жағдайда) ;

- қабылдаушы комиссия (дегустациялық комиссия, (көркем-техникалық Кеңес) отырысының хаттамасы немесе өнімді сынау актісі (қажет болса) .

Өкілетті орган стандарт жобасын қарастырып, оны бекіту, қайта құрастыруға (жөндеуге) қайтару немесе құрастырудан босату туралы шешім қабылдайды.

Мемлекеттік стандарттар Өкілетті орган қаулысымен (постановление) әрекетке енгізіледі.

Стандартты әрекетке енгізу күні оны бекіткен уақыттан бастап бір жыл өткеннен кейінгі мерзімнен ерте емес уақытта белгіленеді.

Барлық бекітілген мемлекеттік стандарттар Өкілетті орган бекіткен тәртіпте мемлекеттік стандарттардың Мемлекеттік реестріне енгізіледі.

Қажет жағдайда мемелкеттік стандарттар құрастырушы-кәсіпорынға қайта құрастыруға немесе құрастырудан босатуға қайтарылуы мүмкін.

Стандарттарды құрастырудан босату себептері болуы мүмкін:

- стандарт жобасының міндетті талаптарға, ҚР-да енгізілген стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі;

- стандартты құрастыру кезінде туындаған келіспеушіліктерді жоя алмау жағдайы;

-егер құрастырылып жатқан стандарт жобасында республика территориясында әрекетінің тоқтатылуы қарастырылмаған жағдайда әрекеттегі мемлекеттік және/немесе мемлекетаралық стандарттардың талаптары қайталанса.

Өкілетті орган бекітілген мемлекеттік стандарттар туралы ақпаратты «ҚР-ның Мемлекеттік стандарттары» (ИУ СТ РК) айлық ақпараттық көрсеткіштерде басып шығарады[8] .

Бекітілген мемлекеттік стандарттар Өкілетті орган бекіткен тәртіп бойынша басылып, таратылады.

Стандарттардың тексерілуі мен жаңартылуы экономика, халық қажеттіліктеріне, мемлекеттің қорғаныс жағдайына және халықаралық талаптарға сәйкестілігін қамтамасыз ету мақсатымен жүзеге асырылады.

Егер әрекеттегі мемлекеттік стандарттың 50% жоғары көлемі өзгертуге ұшыраса, әрекеттегі стандарт өзгертулер бекітілген соң бірден қайта қарастырылу керек немесе қайта басылып шығарылу керек[9] .

Стандарттың өзгертулерін құрастыру бекітілген тәртіпте жүргізіледі.

Стандартты тексеруді стандарт құрастырушы-ұйым ҚР-ның мемлекеттік стандарттау жоспары бойынша 5 жылда бір рет жүргізеді. Тексеру қорытындысы бойынша стандарттың әрекет ету мерзімін ұзарту, өзгерістер енгізу, қайта қарау немесе тоқтату туралы құрастырушының ұсыныстары көрсетілген акт жасалады.

Тексеру актісі жұмыс тобының отырысында қарастырылады немесе мүдделі, ертерек стандартты келісімдеген ұйымдардың мекен-жайына жолданады. Стандартты тексеру актісі бойынша келіспеушіліктер стандарт жобасы сияқты тәртіпте шешіледі.

Стандартты тоқтату берілген стандарт бойынша өндірілетін өнім шығарылуы (қызмет көрсету, процестердің жүзеге асырылуы) тоқтағанда, берілген стандарт орнына стандарттау бойынша басқа нормативті құжат құрастырылғанда, сонымен қатар халықаралық стандартты тікелей қолдану кезінде жүзеге асырылады.

Стандартты тоқтату қажеттілігі туындағанда құрастырушы Өкілетті органға стандартты тоқтату туралы ұсынысты, орнына қандай құжат әрекет ететіндігі туралы ақпаратты немесе алмастырылусыз стандартты тоқтату туралы ақпаратты жолдайды[9] .

1. 3ИСО Халықаралық стандарттардың жасалу тәртібі.

Бүкіл әлемде ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық қызметтердегі және интелектуалды меншіктік саласындағы тауарлармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында, стандарттаудын дамуын және шектес қызмет түрлерін стимулдауы, ИСО-ның басты міндетіболып табылады.

ИСО қызметінің тәжірибелік нәтижесі, қол жеткізілген халықаралық келісімдер негізінде, қызмет әр , қабылдануы және шығарылуы, болып табылады. Халықаралық келісімдерді даярлау кезінде ИСО өнім (қызмет) өндірушілер, тұтынушылар, үкіметтік орталар, ғылыми-техникалық және қоғамдық ұйымдар сияқты барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескереді.

ИСО жұмысында стандарттау бойынша өздерінің ұлттық ұйымдарының өкілеттілігімен әлемнің 146 елі қатысады, оның ішінде 94 ел ИСО мүшелері, 37 ел корреспондент-мүше және 15 ел жазылып қойған (2003 жылғы мәлімет бойынша) мүшелер болып табылады.

ИСО мүшелері ИСО-ның кез-келген техникалық комитетінің жұмысына қатысуға, стандарт жобалары бойынша дауыс беруге, ИСО кеңесінің құрамына сайлануға және Бас ассамблея отырыстарына қатысуына құқылы[10] .

Корреспондент-мүшелер ИСО-ға белсенді жұмыс жасамайды, бірақ жасалып жатқан стандарттар туралы мәліметтерді алуға құқықтары бар.

Корреспондент-мүше болып көбінесе дамып келе жатқан мемлекеттер ұйымдарының өкілдері табылады.

ИСО-ға жазылып қойған мүшелер жарна төлеп халықаралық стандарттаудың жағдайымен танысу мүмкіндігіне ие болады. «Жазылған мүшелер» дәреже дамып келе жатқан елдер үшін енгізілген.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитет өкілеттілігімен Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ИСО-ның толық мүшесі болып табылады, сондықтан барлық мәселелері бойынша шешім қабылдау және оларды талқылау барысында дауыс қосады.

ИСО-ның қаржылық қоры мүше-елдері жарналарынан, стандарттар және басқа да бұйымдарды сатып өткізу, сондай-ақ қайырымдылық қаржылардан құрылады.

ИСО-ның ұйымдық құрылымы жетекші және жұмысшы органдардан тұрады.

Жетекші органдарға Бас асамблея, ИСО кеңесі және оның комитеттері, ал жұмысшы органдарға -техникалық комитеттер (ТК), қосалқы комитеттер (ҚК) және техникалық кеңестік топтар (ТКТ) жатады.

ИСО-ның жоғарғы органы мүшелер тарапынан тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиынтығы - Бас ассамблеяболып табылады. Әрбірмүше үш делегаттан артық ұсынуға құқы жоқ. Корреспондент - мүшелер және жазылған мүшелер бақылаушы дәрежесінде қатысады. Бас ассамблеясессиялары арасындағы үзілістерде, ИСО жұмысына ИСО Кеңесі жетекшілік етеді, оның басында ИСО президенті тұрады. Кеңес үш жылға сайланатын ұлттық стандарттау ұйымдарының өкілдерінің 18 мүшесінен тұрады. Олар, Бас ассамблеяның басын қоспай-ақ, ИСО мүшелеріне кеңес беру немесе оның шешімін тапсыруына арналған сұрақтарды бағыттауға құқылы. Кеңес отырысындағы шешім, отырғандардың дауыс беруі арқылы қабылданады.

Отырыстар арасындағы бос уақытта немесе қажет болған жағдайда, кеңес шешімді хат алмасу жолыменқабылдай алады. Кеңес жанында ИСО-ның техникалық комитеттеріне жетекшілік ететін Атқарушы бюро құрылды.

ИСО Кеңесіне жеті комитеттербағынады: ПЛАКО (техникалық жетекшілік ету бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі комитет), КАСКО (сәйкестік бағалануы жөніндегі комитет), ИНФКО (информациялық жүйе және қызметтер жөніндегі комитет), ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету жөніндегі комитет), КОПОЛКО (тұтынушы мүдделерін қорғау жөніндегі комитет), РЕМКО (стандартты үлгілер жөніндегі комитет) .

1) ПЛАКО (техникалық бюро) - ИСО жұмысын жоспарлайды, жұмыстың техникалық жақтарын ұйымдастыру және үйлестіру бойынша ұсыныстарды дайындайды. ПЛАКО жұмысының аясына техникалық комитеттерді құру және тарату бойынша ұсыныстарды қарастыру, комитеттер айналысуға тиісті стандарттау салаларын анықтау кіреді.

2) СТАКО (стандарттаудың ғылыми қағидаларын зерттеу бойынша комитет) -халықаралық стандарттардың қағидалары және даярлау әдістемесі бойынша ИСО Кеңесіне әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетуге міндетті. Комитеттің күшімен стандарттаудың негізге алынатын қағидаларын зерделеу және берілген салада оңтайлы нәтижелерге жету бойынша ұсынымдарды дайындау жүргізіледі. СТАКО сауданы дамыту үшін халықаралық стандарттарды қолдану бойынша семинарлар ұйымдастыру мен және терминологиямен шұғылданады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық қызметтердің сапасын көтеру
Өнім сапасын басқару жөніндегі Жапонияның тәжірибесі туралы
Кәсіпкерлік қызметте өнім сапасын басқару
ЖОО білім беру сапасын басқаруда психологиялық аспектілер
Капитал еңбегі
Қазақстандағы қыш өнерінің дамуы
Нысандарда жұмыс істеу тұрақтылығын жоғарлату
Психолог тәжірибешілер жұмыс істеу процесі
Педагогикалық жүйелердің әдіснамасы
Модуль 3. Тауартану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz