Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарастыру мерзімі мен процессуалды тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
3. Апелляциялық тәртіппен соттың шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағымдану, наразылық келтіру ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу қазіргі кезде өте маңызды орын алады. Тараптардың арасындағы заңдық қатынастарын анықтайтын сот шешімдері материалдық шындығына сәйкес болмауы мүмкін. Сондықтан заң мүдделі тұлғаларға жоғары тұрған инстанцияға шешімді шағымдану құқығын береді. Шағымдану наразылық келтіру құқығын жүзеге асыру өзімен бірге заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары мен шешімдерінің заңдылығын мен негізділігін тексеру мақсатында қайта қарауға әкеледі. Бұл бекітілген заңнама актілермен және әдістермен соттың бірінші сатыдағы азаматық істерді қараумен шешкендегі жіберілген қателерді түзеуге мүмкіншілікті туғызады. Осындай әдістердің бірі апелляциялық іс жүргізу болып табылады.
Акимбекова С.А., Баймолдина З.Х. Полномочия апелляционного суда (по ГПК РК). Материалы научно-практической конференции. Алматы, 19-20. 12. 2001 г.-124 бет.
Арсентьев О.В. Гражданское процессуальное право Казахстана (курс лекций). Учебное пособие. Челябинск: Рекпол, 2000 – (145-147 б.б.).
Акимбекова С.А., Баймолдина З.Х. Полномочия апелляционного суда (по ГПК РК). Материалы научно-практической конференции. Алматы, 19-20. 12. 2001 г.-125 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан: проблемы применения и совершенствования // Право и государство. № 4, 1999 г.;
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –264-268 беттер.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 1999 жылғы 13 шілдедегі № 411-І
Айтмухамбетов Т. Қазақстанның сот өндірісінде сот шешімдерін қайта қарау. // Заң №9-10,11/2004 – 10 бет
Темірғали Ж. Сот ісін жүргізудегі жаңа ұстанымдар. // Заң № 11/ 2001 – 20 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –255 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –258 бет.
Темирова Е. Суд апелляционной инстанции как субъект оценки доказательств. // Заңгер №12/2004 – 35 бет
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –260 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –260 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –269 бет.
Баймолдина З.Х. Производство по пересмотру судебных актов по гражданским делам. Алматы, 2002 г. – 151 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –270 бет.
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –271-272 беттер.
Қазақстан Республикасының Жоғары Сотының Бюллетені № 7/2007 – (16-17 б.б.);
Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Бюллетені І7/2007 – (16-17 б.б.)
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –274-275 беттер.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. // Егемен Қазақстан. 17 қаңтар 2006 жыл.;
Баймолдина З.Х. Гражданское процессуалное право Республики Казахстан. Алматы: издательство КазГЮА, 2001 г. –278-279 беттер.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарастыру мерзімі мен процессуалды тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
3. Апелляциялық тәртіппен соттың шешімінің күшін жоюға немесе өзгертуге негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
4. Бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағымдану, наразылық келтіру ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КІРІСПЕ

Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу қазіргі кезде өте маңызды орын алады. Тараптардың арасындағы заңдық қатынастарын анықтайтын сот шешімдері материалдық шындығына сәйкес болмауы мүмкін. Сондықтан заң мүдделі тұлғаларға жоғары тұрған инстанцияға шешімді шағымдану құқығын береді. Шағымдану наразылық келтіру құқығын жүзеге асыру өзімен бірге заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың ұйғарымдары мен шешімдерінің заңдылығын мен негізділігін тексеру мақсатында қайта қарауға әкеледі. Бұл бекітілген заңнама актілермен және әдістермен соттың бірінші сатыдағы азаматық істерді қараумен шешкендегі жіберілген қателерді түзеуге мүмкіншілікті туғызады. Осындай әдістердің бірі апелляциялық іс жүргізу болып табылады.

1. Апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Апелляциялы инстанцияның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін ол осыған сәйкес өкілеттіктерге ие болады.
Апелляциялық инстанциясындағы соттың өкілеттігі - бұл заңмен бекітілген процессуалды әрекеттерді, яғни, заңды күшіне енбеген шешімді іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық шағым, наразылық бойынша тексеруге арналған құқықтардың жиынтығы.
АІЖК 358 бабына сәйкес апелляциялық сатыдағы сот:
А) шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;
Б) бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге;
В) бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға;
Г) АІЖК 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге;
Д) АІЖК 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.
Жоғарыда көрсетілген апелляциялық сатыдағы соттың өкілеттігі оның функционалды өкілеттігіне жатады. Осы өкілеттіктердің шеңбері өте кең деп айтуға болады, себебі апелляциялық сатыдағы соттың шешімді тексеруде пайда болатын құқығы мен міндетінен бастап және бұзушылықтарды анықтағаннан кейін болатын нақты шаралармен аяқталады. Қарастырылып отырған өкілеттіктер бірінші сатыдағы соттың шешімінің заңдылығы мен негізділігін неғұрлым толық тексеруге қамтамасыз етеді.
АІЖК 358-бабында қарастырылған апелляциялық сатыдағы соттың әрбір өкілеттігіне тоқталайық.
А) апелляциялық сатыдағы сот шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға екі жағдайда құқылы:
oo егер апелляциялық тексеру барысында мәнді және мәнсіз бұзушылықтар анықталмаса;
oo егер апелляциялық ұйғарымда сот көрсеткен мәнсіз бұзушылықтар анықталса.
Басқаша айтқанда, апелляциялық сатыдағы соттың берілген өкілеттігі бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоюға немесе өзгерту үшін негіздер болмағанда қолданылады.
Б) Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге құқылы. Осы норманың болуы іс жүргізуді үнемдеу үшін, даулы құқықтық сұрақтарды шешуді тездету үшін және азаматтардың, ұйымдардың және мемлекеттің субъективті құқықтары мен заңды мүдделерді қорғаудағы керексіз ауыртпалықтарды шектеу.
Келесі жағдайларда шешімді өзгерту қарастырылған, мысалы:
oo бірінші сатыдағы соттың шешуі бойынша берілген сомманың көлемін өзгерту;
oo апелляциялық сатыдағы соттың шешімінің сипаттау бөлігінен тиісті емес заңға сілтемесін алу;
oo шешімнің сипаттау бөлігін сілтемені тиісті заңға толтыру;
oo шешімнің қарар бөлігінде кез келген біртектес сипатта өзгертулер.
Осылай, шешімді өзгерту - сомманың сандық өзгеруі сонымен бірге шешімнің қарар бөлігінің және дәлелді бөлігінің кез келген өзгеруі.
Апелляциялық сатыдағы соттың өзімен бекітілген мән-жайлардың негізінде және бірінші сатыдағы сотпен зерттеу және тексерудің объектісі болмағандарды бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге құқылы.
Көбінесе жағдайларда шешімді өзгерту сот шешімінің толықтылық, нақтылық, анықтылығы талаптардың бұзушылығымен байланысты.
Шешімді өзгерту апелляциялық сот ұйғарымдардың дәлелді бөлігінде өзінің нәтижелерін негіздейді, ал қарар бөлігінде өзгерту мәнің нақты шығарады, мысалы: өндіріп алуға жататын сомманың өзгеруін көрсетеді, сот шығындарының бөлудің жаңа тәртібін және т.б. кейде ол бірінші сатыдағы сот шешімінің қарар бөлігін жаңа редакциясын шығарады.
В) Бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығаруға құқылы. Сот шешімінің күшін жою азаматтық істің мәні бойынша шешілген бірінші сатыдағы соттың шығарған шешімін жарамсыз деп тануға бағытталған апелляциялық сатыдағы соттың жасаған процессуалды әрекеттері ретінде түсіну керек.
Бұл процессуалды әрекет апелляциялық сатымен тек қана жеткілікті негіздерде ғана жүзеге асырылады.
Жоғары тұрған соттың сот шешімін күшін жою бойынша соттың құқық қолданушылықты қарастыра авторлардың көбі шешімнің заңсыздық пен негізсіздігін көрсетеді.
АІЖК 364-бабының 1-тармағы және 365-367 б.б. сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін талаптарының бұзушылығы туралы куәландыратын мән-жайлар қарастырылған. Бірақта аталған баптардағы берілгендердің барлығы емес бұзушылықтар өзімен бірге апелляциялық сотпен құқық қолдануды жүзеге асырады.
Азаматтық процессуалды құқық нормасының анализі шешімнің күшін жою негіздерін және апелляциялық соттың өкілеттігін реттеуші, берілген жағдайларда бірінші сатыдағы соттың шешімінің негізсіздігін көрсететін мән-жайлар туралы және бұзушылықтар немесе материалды құқық нормаларының қолдану дұрыс еместігін көрсетеді. Басқаша сөздермен айтқанда, апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоюға және АІЖК 364-бабының 1 тармағының 1-4 бөліктерінде қарастырылған және АІЖК 365-бабында қарастырылған мән-жайлары бекітілген жаңа шешім шығаруға құқылы.
Бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жоя апелляциялық сатыдағы сот өзінің шешімін шығарады және іс істің мәні бойынша қайта шешіледі.
Жаңа шешім деп келесідей түсіну керек, яғни бірінші сатыдағы соттың шешімінің мазмұны бойынша қарама қарсы шешімді айтамыз. Сондықтан жаңа шешімді шығару С.Н.Абрамов көрсеткендей келесі жағдайларда егер: тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы сот негізгі қорытынды ауыстырса (мысалы, талап арыздан бас тарту туралы шешімді оны қанағаттандыру туралы шешіммен алмастырса).
Егер бірінші сатыдағы сот шешімінде түзетулер шығарылса оның сипатымен мәнің өзгертетін (мысалы, үлестік жауапкершілікті ортақ жауапкершілікпен алмастырса).
Істің фактілі және құқықтық жағын тексеру жолымен істі мәні бойынша екінші рет қараудың нәтижесі бойынша апелляциялық сатыдағы сотпен жаңа шешім шығарады.
Г) АІЖК 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберуге құқылы. Заң берілген жағдайда заңсыз шешімнің күшін жою азаматтық істі қарау мен шешудегі жіберілген процессуалды сипаттағы бұзушылықтармен байланысты қарастырады.
А.С. Грицанов көрсетуі бойынша барлық процессуалды бұзушылық олардың салдарына байланысты үш топқа бөлуге болады:
oo шешімнің күшін жою;
oo шешімнің күшін жоюға негіз болатын, егер олар істің шешілуін дұрыс еместігіне әкелсе немесе әкелуі мүмкін болса;
oo шешімнің күшін жоюға негіз болмайтын болса.
Шешімнің күшін жоюға негіздер тізімі АІЖК 366-бабының 1-тармағында қарастырылған, және олар кең талқылауға жатпайды.
Шешімнің күшін жоюға негіздердің болуы және бірінші сатыдағы сотқа істі жаңа қарауға бағытталуы апелляциялық сотты азаматтық істің материалдарын, шағымның немесе наразылықтың тұжырымдарының дұрыс анықталуының мақсатында тексереді. Апелляциялық сатыдағы сот АІЖК 366-бабының 1-тармағында қарастырылған бұзушылықтардың біріне сілтеме жасау шешімнің күшін жоюға шектелмейді. Апелляциялық шағымның (наразылықтың) шегінде бірінші сатыдағы соттың шешімінің басқа да кемшіліктерін көрсетуі тиіс.
Іс жүргізудің бұзылуы немесе іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмаған жағдай бұл екі топқа жататын процессуалды бұзушылық, егер бұл бұзушылық істі дұрыс шешпеуге әкеп соқтырса немесе әкеп соқтыруы мүмкін болса, шешімнің күші жойылуға тиіс. (АІЖК 366-б 2-т).
Үшінші топқа мәнсіз процессуалды бұзушылықтар жатқызылады. Тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы соттың қорытынды нәтижелері дұрыс сондықтан соттың шешімінің күшін жоюға негіз болмайды. Бұл жағдайларда апелляциялық сот шешімнің күшін жоймай апелляциялық соттың ұйғарымында жіберілген бұзушылықтарды көрсетуі керек.
Осылай, істі қарауда заңмен бекітілген тәртіп бойынша әрекеттерді жүзеге асыру бұзғанда төрағалық етуші сарапшыға оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді (АІЖК 191-б.) содан кейін іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді (АІЖК 185-б.), соттың іске қатысушы адамдардың өтінімдерін шешуіне кіріседі (АІЖК 186-б.).
АІЖК 366-бабында көрсетілген негіздер бойынша сот шешімін күшін жоя апелляциялық сот істі бірінші сатыдағы сотқа жаңа қарауға жібереді. Берілген құқық қабілеттілікті қолдануда қандай сот құрамына істі жаңа қарауға берілу керек туралы сұрақ туады. АІЖК 358-бабының 4-тармағында бұл сұрақ реттелмеген. Апелляциялық сот АІЖК 39-бабын басшылыққа алып яғни істі қарауда қатысқан судья сол істі апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға қатыса алмайды. Бірінші сатыдағы сотта азаматтық істі қарауға қатысқан судья сол істі апелляциялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауға, сондай-ақ оның қатысуымен қабылданған шешім күшін жойған жағдайда бірінші сатыдағы сотта істі жаңадан қарауға қатыса алмайды.
Істі қайта қарау кезінде шығарылған шешімге жалпы тәртіппен шағым жасалуы, наразылық келтірілуі мүмкін. (АІЖК 334-б. 4-т.).
Д) апелляциялық сатыдағы сот шешімнің толық көлемінде немесе бір бөлігінде күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату немесе арызды қараусыз қалдыру (АІЖК 367, 358-б. 5-т.). АІЖК 247-бабында көрсетілген негіздер бойынша апелляциялық сот шешімінің күшін жояды немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады немесе АІЖК 249-бабында көрсетілген негіздер бойынша арызды қараусыз қалдырады. Бұл жағдайларда апелляциялық сот іс бойынша процесс құқыққа қайшы пайда болды деген қорытындыға келеді. Азаматтық іс соттың бірінші сатысымен қаралмау керек еді, сондықтан берілген іс бойынша шешім күшін жоюға тиіс. Шешімнің күшін жоя апелляциялық сот бірінші сатыдағы сотпен жіберілген процессуалды сипаттағы қатесін түзейді.
Жоғары тұрған сот бұл өкілеттікті апелляциялық сатыдағы өндірісті тараптармен жүзеге асыруға құқылы және апелляциялық сатыдағы сотпен бұл әрекеттерді қабылдауында(талап қоюшының талаптан бас тартқанда және бітімгершілік келісімге келгенде).
АІЖК 346-бабына сәйкес, апелляциялық сатыдағы сот жеке ұйғарым шығару құқығына ие, егер азаматтық істерді қарау мен шешкен кезде жіберілген бұзушылықтар мен байланысты бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жойған жағдайларда жеке ұйғарым шығару құқығына ие болады.
Жеке ұйғарым АІЖК 253-бабында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша шығарылады. Апелляциялық сатыдағы сот жеке ұйғарымда шешімнің күшін жоюға негіз болған бірінші сатыдағы соттың жіберілген құқықтық нормасындағы дөрекі бұзушылықтарды және қателерді көрсетеді. Осындай ұйғарымның көшірмесі дисциплинарлық істі қозғауға құқығы бар тұлғаларға табыс етіледі.

2. Апелляциялық сатыдағы соттың істі қарастыру мерзімі мен процессуалды тәртібі
Апелляциялық өндіріс шағым беру немесе наразылық келтіруден басталады. Бірінші инстанциядағы судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты қабылдағаннан бастап АІЖК 338 бабында қарастырылған әрекеттерді жасауға міндетті. Егер апелляциялық шағым немесе наразылық тікелей апелляциялық сатыға түссе, онда апелляциялық сот оларды соттың І сатыдағы сотқа АІЖК 338 бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберуге тиіс.
Апелляциялық шағымдарға немесе наразылықтар үшін берілген мерзімнің өтуі бойынша апелляциялық шағымдармен немесе наразылықтармен істер азаматтық істер бойынша облыстық немесе оған теңестірілген соттар алқасының төрағасына түседі.облыстық немесе оған теңестірілген соттың судьясы апелляциялық шағым немесе наразылықтың қабылдау дұрыстығын тексереді: шағымның немесе наразылықтың формасы мен мазмұнына берілетін талаптардың сақталуын, және шағым берудің немесе наразылық келтірудің талаптарын сақталуын тексереді. Олардың сақталғаның анықтап, судья азаматтық істің материалдарымен танысады және іске қатысушы тұлғалармен қосымша берген материалдарымен танысады, сонымен бірге апелляциялық сотта істі қарауға әзірлеуге керекті басқа да әрекеттерді жүзеге асырады.
Істі апелляциялық сатыдағы соттың қарауына әзірлеудің тәртібі АІЖК 348-бабынында регламенттелген. Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағымда немесе наразылықта көрсетілген талаптармен өтінімді ескере отырып бірінші сатыдағы сот істі қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттерге сәйкес әзірлеу әрекеттерін жүзеге асырады.(АІЖК 170-бабы).
Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап бір айлық мерзімнен кешіктірмей қаралуға тиіс.
Апелляциялық сотта азаматтық істі қарауда азаматтық сот өндірісі бірінші сатыдағы сот істі шешкендегі принциптерін сақтаумен жүзеге асырылады. Берілген процесстің сатысында барлық принциптердің толығымен жүзеге асырылады: диспозитивті, сайысушылық, тараптардың процессуалды тең құқықтылығы, жариялылық, сот өндірісінің тілі, сот өндірісінің тікелейлігі және т.б.
Осымен бірге, апелляциялық сатысының өндірісі спецификалық тағайындауы өзінің мақсаттары, міндеттері, сот қарауының пәні және т.б.
Апелляциялық өндіріс заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы соттың шешімінің заңдылығы мен негізділігін тексеруге арналған, ал бірінші сатыдағы сот өндірісі бұл құқық туралы дауды мәні бойынша шешуге арналған. Аталған екі инстанциядағы соттың алдында тұрған әртүрлі міндеттер, олармен процессуалды әрекеттерді жүзеге асырудың ерекшелігін анықтайды. Бірінші сатыдағы сот азаматтық - құқықтық даулар мен басқа да даулы сұрақтарды мәні бойынша шешсе, ал апелляциялық сот істің фактілі мән-жайларын ғана бекітпейді сонымен бірге тексеру өкілеттігіне де ие болады.
Апелляциялық сот нақты іс бойынша сот әділдігін жүзеге асырғанда өзінің процессуалды құқықтары мен міндеттерін жеке дара атқарады.(АІЖК 37 бабының 1 тармағы).
Істі апелляциялық тәртіппен қараудың шектері АІЖК 345 бабында регламенттелген. Осы бапқа сәйкес істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін апелляциялық шағым немесе наразылық шегінде қарайды.
Бұл дегеніміз сот шешімін апелляциялық шағымда немесе наразылықта көрсетілген негіздері мен мән-жайлары және себептері бойынша ғана заңдылығы мен негізділігін тексеруін білдіреді.
Бірақ заң апелляциялық инстанциядағы соттың шағымдағы немесе наразылықтағы мән-жайлармен байланысты болмауы мүмкіндігін қарастырады. Апелляциялық сот заңды мүддесінде апелляциялық шағымның, наразылықтың шегінен шығуға құқылы және шешімнің заңдылығын толық көлемінде тексеруге құқылы. Бұл келесіні білдіреді, яғни берілген жағдайда апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің заңдылығын тексеретіндігін білдіреді:
Біріншіден, шағымдалған және шағымдалмаған бөлігінің заңдылығын тексеруге;
Екіншіден, шағымды берген тұлғаларға қатысты және шағымды бермеген тұлғаларға қатысты бірдей заңдылығын тексереді.
Апелляциялық қараудың нысанасы АІЖК 347 бабында регламенттелген. Апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша тексереді:
- істің фактілі мән-жайларының анықталуының дұрыстығын;
- материалды құқықтық нормаларын қолдану мен талқылаудың дұрыстығын;
- істі қарау мен шешкенде азаматтық процессуалды заңның нормаларын сақтауын тексереді.
Апелляциялық тәртіппен қайта қарау кезінде сот жаңа фактілі мән-жайларды анықтауға және жаңа дәлелдемелерді зерттеуге құқылы(АІЖК 345 бабының 2 тармағы). Бірінші сатыдағы сотпен істі шешілуін құқықтық жағынан болсын фактілі жағынан болсын дұрыстығын тексеру, сонымен бірге жаңа дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау жолымен жаңа фактілерді анықтау істі мәні бойынша қайта қарау мен шешуге жол береді.
Осылай заңды күшіне енбеген бірінші сатыдағы сот шешімдерін заңдылығымен негізділігін апелляциялық тәртіппен тексеріледі. Мұның өзінде апелляциялық сот істе бар материалдармен және іске қатысушы тараптармен және басқа тұлғалармен қосымша көрсетілген материалдары бар шешімді тексеруді жүзеге асырады. Апелляциялық шағым, наразылық беретін (келтіретін) тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында олардың бірінші сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкіндігі болмауы негізделген жағдайда ғана жол берілетінің есте сақтау керек. (АІЖК 335 бабының 3 тармағы).
Қосымша материалдарды беру. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің дұрыстығын тек қана істе бар құжаттардың негізінде ғана емес, сонымен бірге іске қатысушы тараптармен және басқа да тұлғалармен тапсырылған қосымша материалдар негізінде тексереді (АІЖК 335 б. 3 т.; 347 б.; 355 б. 2 т.).
Тараптар зерттеген кезде өздеріне бірінші сатыдағы сот бас тартқан дәлелдемелерді талап ету туралы өтінім жасауға құқылы (АІЖК 353 б 2 т) .
Шағымдағы немесе наразылықтағы мән-жайларды растайтын немесе жоққа шығаратын қосымша материалдар апелляциялық сатыдағы істі қарағанға дейін және сот отырысында берілуі мүмкін.
Заңда апелляциялық сатыға қосымша материалдар ретінде не берілетіндігі туралы нақты көрсетілмеген. Осыдан басқа АІЖК-де әртүрлі терминдер қолданылады: АІЖК 335 бабының 3 тармағындағы-жаңа дәлелдемелер, АІЖК 347 бабының Қосымша табыс етілген материалдар, АІЖК 355 бабының 2 тармағы-жаңадан табыс етілген дәлелдемелер.
Азаматтық іс жүргізу теориясында берілген сұрақты дискуссиялық болып табылады. Бір процессуалистер жаңа материалдарды дәлелдемелер деп санаған (А.Ф.Клейнман, К.И.Комиссаров).
Ал, басқалары материалдар деген терминді кеңірек түсінеді және осыған тек дәлелдемелерді ғана емес сонымен бірге азаматтардың істің мән-жайы бойынша әртүрлі жазбаша арыздары, құзыретті тұлғардың пікірлері жазбаша түрде жазылған процессуалды күші жоқ дәлелдемелер ретінде түсінеді. (В.Б.Алексеев).
Тіпті басқаша көзқарас С.Н.Абрамовпен айтылды және осының салдарынан бір қатар процессуалистермен қолданды, мысалы: П.Я.Трубниковпен. Осы пікірге сәйкес екінші сатыдағы сотқа берілетін материалдар өзінің процессуалды табиғаты бойынша дәлелдеме болып табылмайды, себебі олардың негізінде жоғары тұрған сот іс бойынша фактілі мән-жайларды бекітілген немесе бекітілмеген деп санауға құқылы емес.
Қосымша берілген материалдардың табиғатын дұрыс анықтау үшін апелляциялық институттың мақсатын және бұл материалдардың тағайындауын есептеу керек. Әсіресе, жоғары тұрған соттың спецификалық міндеттерінен шығып шешімнің дұрыстығын тексеруде қосылатын және жоғары тұрған сатыдағы сотқа дәлелдемелерді ғана емес, сонымен бірге дәлелдеудің процессуалды мағынасы жоқ жазбаша материалдар. (Л.Ф.Лесницкая).
Апелляциялық саты қосымша берілген материалдарын тек қана іс бойынша қандай да бір жаңа фактілер бекіту және мәні бойынша дауды шешу үшін қолданылмайды, бірінші сатыдағы соттың шешімін неғұрлым толық және жан-жақты тексеру үшін қолданылады. Мұндай материалдардың мақсаты істің мән-жайларын зерттелуінің толық еместігін, істің фактілі мән-жайларын толық емес бекітілуі немесе дұрыс емес бекітілуін көрсетуге тиіс. Мысалы, істің мән-жайлары туралы тұлғалардың жазбаша арыздары бойынша апелляциялық сатыдағы сотта оларды куәлар ретінде жауап алу үшін негіз болады, ал мамандардың пікірі бойынша сараптаманы тағайындау үшін негіз болады.
Апелляциялық сатыда істі қарау тәртібі. Апелляциялық сатыдағы соттың сот отырысын өткізу тәртібі бірінші сатыдағы соттың сот отырысына өткізу үшін бекітілген тәртіп бойынша өткізіледі және АІЖК 41 тараудың апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау туралы ережелер бойынша жүзеге асырылады.(АІЖК 350 б).
Апелляциялық сатыдағы сотпен істі сотта қарау АІЖК 350-357бб нормаларымен сәйкес 4 бөліктен тұрады:
1) әзірлеу;
2) апелляциялық шағымды немесе наразылықты мәні бойынша шешу;
3) сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы, егер ол басталып кеткен процесске кірсе;
4) апелляциялық соттың актісін шығару және жариялау.
Төрағалық етуші сот отырысымен басқарады және сот отырысында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті шара қолданады.
Әзірлеу бөлігінде сотпен берілген сот отырысындағы апелляциялық шағым немесе наразылықты қарау мүмкіншілігін анықтайды. Әзірлеу бөлігіндегі сотпен шешілетін негізгі сұрақтарға келесі сұрақтарды анықтау жатады:
oo берілген соттың құрамымен істі шешу мүмкін бе;
oo іске қатысушы тұлғалардың біреуін немесе олардың өкілдерінің біреуінің келмеуі жағдайында істі қарау мүмкіншілігін анықтайды.
Әзірлеу бөлігінде жүзеге асырылатын әрекеттер және олардың жүзеге асыру тәртібі АІЖК 351-353б.б. нормаларымен реттелген.
Істі талқылау соттың сот отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отырғанын хабарлаумен басталады. (АІЖК 351 б).
Сот іске қатысушы адамдардың қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың кімдер екенін анықтайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді (АІЖК 351 б).
Іске қатысушы тұлғалардың келмеуі АІЖК 352 бабында регламенттелген. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған іске қатысушы адамдардың біреуін сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады.
Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісінше түрде хабарланған адамдардың келмеуі істі талқылауға кедергі болмайды. Алайда сот бұл жағдайда келмеу себебін дәлелді деп тани отырып, істі қарауды кейінгіге қалдыруға құқылы.
Жоғарыда көрсетілген әрекеттерді жасағаннан кейін судья іске қатысушы тұлғаларға олардың қарсылық беру құқығын түсіндіреді.
Қарсылық үшін негіздер қарсылық білдірулерді шешу тәртібі және мұндай арыздарды қанағаттандырудың салдары АІЖК 40-43 б.б. анықталған.
Жоғары көрсетілген әрекеттер жүзеге асырғаннан кейін судья іске қатысушы тұлғаларға олардың процессуалды құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді және құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын түсініктілігін сұрайды.
Іске қатысушы тараптармен басқа да тұлғалардың апелляциялық сатыдағы сотта істі талқылаумен байланысты барлық сұрақтар бойынша арыз беру және өтінім беруге құқылы. Сондықтан апелляциялық соттың келесі әрекеттері іске қатысушы тұлғалардың өтінімдері мен арыздарын талқылауымен байланысты (АІЖК 353 б.). Көрсетілген өтінімдер мен арыздарды сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді.
Тараптар зерттеге кезде өздеріне бірінші сатыдағы бас тартқан дәлелдемелерді талап ету туралы өтінім жасауға құқылы (АІЖК 353 б. 2 т.).
Мәлімделген өтінімдерді шешу АІЖК 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінімді бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.
Апелляциялық шағымды немесе наразылықты сот қараудың басталғанына дейін келесі сұрақтарды шешу керек: шағымды берген тұлға өзінің шағымынан бас тарпайтындығы туралы немесе прокурор наразылықты қайтаруы туралы; талапкер талаптан бас тартпай ма; тараптар бітімгершілік келісімге келуі туралы сұрақтарды шешуі керек.
Апелляциялық шағымнан бас тарту және наразылықты кері қайтарып алу (АІЖК 341б). Апелляциялық шағым берген тұлға сот қаулы шығарғанға дейін одан апелляциялық сатыдағы сотта бас тартуға құқылы. Сот шағымнан бас тартуды қайтаруға құқылы егер берілген әрекет заңға қайшы болса немесе үшінші тұлғалардың заңды мүдделерімен құқықтарын бұзса. Берілген жағдайда сот апелляциялық тәртіппен істі қарауды жалғастырады.
Апелляциялық наразылық келтірген прокурор немесе жоғарғы тұрған прокурор апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Наразылықтың кері қайтарылып алынғаны туралы сот іске қатысушы адамдарға хабарлайды.
Шағымнан бас тарту не кері қайтаруы туралы сот қаулы шығарады, егер шешім басқа тұлғалармен шағымдалмаса немесе наразылық келтірілмесе.
Талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы және тараптардың бітімгершілік келісімі. Апелляциялық шағымды бергеннен кейін талап қоюшының талап қоюдан бас тартуы немесе тараптардың бітімгершілік келісімі апелляциялық сатыдағы сотқа бағытталған жазбаша арызда көрсетілуі керек. Берілген арыздарды қараудың тәртібі талап қоюшының талабынан бас тартуын қабылдау немесе қабылдамау салдары, тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту немесе бекітпеу АІЖК 193 бабының тәртібімен анықталады.
Талаптан бас тартуды қабылдау немесе бітімгершілік келісімге келуін бекіткенге дейін сот талапкер мен тараптарға осы процессуалды әрекеттердің салдарын түсіндіреді.
Талаптан бас тартуды қабылдаған немесе бітімгершілік келісімге келуін бекіткен жағдайда апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шығарғанған шешімінің күшін жояды және іс бойынша іс жүргізуді тоқтатады (АІЖК 247 бабының 3-4 тармақтары, 358 бабының 5 тармағына сәйкес).
Апелляциялық шағымды немесе наразылықты мәні бойынша қарау - апелляциялық сатыдағы сотта істі қараудың екінші бөлігі. Берілген бөліктегі әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі АІЖК 354-355 б.б. регламенттелген.
Шағымды немесе наразылықты қарау соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін сот тыңдаудан басталады. Берілген тұлғалар қосымша материалдарды ұсынуға құқылы болады.
Апелляциялық шағымды берген тұлға бірінші болып түсінік береді және оның өкілі немесе прокурор, егер апелляциялық наразылық келтірсе. Егер екі жақпен шешім шағымдалса онда бірінші болып талапкер сөйлейді.
Дәлелдемелерді зерттеу бірінші сатыдағы сотта дәлелдемелерді зерттеу үшін бекітілген тәртіппен және АІЖК 355 бабының нормаларымен жүзеге асырылады.
Апелляциялық сот істе бар дәлелдемелер мен тараптардың қайта берілген дәлелдемелерді тексереді.
Сот апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың түсініктемелерін, сот отырысына келмеген іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелерін айтуға құқылы.
Егер бұл түсініктермен жауап берулер тараптармен берілген тұлғалар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін. Істі мәні бойынша істі қарап біткен соң судья тараптар мен өкілдерін олардың жасайтын өтінімдерімен толықтырулары туралы сұрайды. Егер олар сотқа түссе онда сот оларды шешіп, сот жарыссөздеріне көшеді.
Сот жарыссөздері - сотта қараудың үшінші бөлігі (АІЖК 356 б). Сот жарыссөздері АІЖК 211 бабында қарастырылған тәртіп бойынша жүргізіледі. Бұл дегеніміз сот жарыссөздерді өткізу тәртібі бірінші сатыдағыдай бірдей екендігін білдіреді. Апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарапта шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді.
Егер істі талқылауға басталып кеткен және басқа тұлғалардың инициативасы бойынша прорцесске прокурор қатысса онда ол сот жарыссөздерінен кейін шешімнің заңдылығы мен негізділігі туралы қорытынды береді.
Сот жарыссөздері біткенен кейін сот актісін қабылдау үшін сот кеңесу бөлмесіне шығады.
Сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
Апелляциялық шағым наразылық беру
Кассациялық сатыдағы соттың өкілеттігі
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
АППЕЛЯІЩЯЛЫК 1C ЖҮРГІЗУ
Сотта азаматтық істің қозғалуы
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
Қылмыстық іс жүргізу құқығының ұғымы және оның құқық жүйесіндегі орны
Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
Апелляциялық сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, ұсынымды қарау кезіндегі құқықтары
Пәндер