ТМД-елдерінің өзара ынтымақтастық қарым- қатынастарының маңызы


ТМД-ЕЛДЕРІНІҢ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
XX ғасырдың 90-жылдарынандағы басты оқиғалардың бірі -
социалистік жүйенің жəне оның негізінде құрылған халықаралық
экономикалық қатынастардың ыдырауы. Социалистік жүйенің
темірқазығы болып саналатын Кеңестер Одағының бірнеше тəуелсіз
мемлекеттерге бөлінуі жаңа мемлекетік құрылымдардың қалыптасуына,
өндірістің қысқаруына, елдер арасындағы шаруашылық-экономикалық
жəне əлеуметтік-мəдени байланыстардың əлсіреуіне апарып соқты. Соның
нəтижесінде 50 жылға жуық 10 социалистік елді біріктіріп, үздіксіз
жұмыс жасаған, үш құрлыққа қанат жайған Өзара Көмек Кеңесі (ӨКК)
ұйымы өз қызметін тоқтатты. Бұл ұйымға мүше елдердің үлесіне дүние
жүзінде өндірілетін ұлттық табыстың 25%-ы, өнеркəсіп өнімінің 30%-дан
астамы, ауыл шаруашылығы өнімінің 20%-ы тиесілі болатын.
Кезінде кеңестер Одағы құрамында болған тəуелсіз мемлекеттер
өздерінің экономикалық мақсаттары мен басым бағыттарын жүзеге асыра
отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасында тарихи қалыптасқан
еңбек бөлінісі мен өзара ынтымақтастықтың қажеттілігіне көз жеткізді.
Сөйтіп, ынтымақтастықты дамыту жəне одан əрі жетілдіру мақсатында
Тəуелсіз мемлекттер Достастығы құрылған. Жаңа құрылған ТМД елдері
экономикалық-əлеуметтік жағдайды орнықтырумен қатар, шекаралық
мəселелермен де айналысуға мəжбүр болды. Өйткені Кеңестер Одағы
кегізінен бері оңтүстіктегі көрші Қытай елімен шекаралық мəселелер өз
мəніндегі дұрыс шешімін таппаған болатын. Бұл сұрақ төңірегіндегі бірден-
бір шешім - өзара тиімділік жағдайында бейбіт келісімге келу. Осы мақсатта
1996 жылы «Шанхай бестігі» деп аталған, құрамында Қазақстан, Ресей,
Қытай, Қырғызстан жəне Тəжікстан кіретін жаңа ұйым құрылды. Бұл ұйым
кейіннен Өзбекстанның қосылуына байланысты Шанхай келісім ұйымы
(ШКҰ) деп аталды. Шанхайлық келісім жайында Президентіміз Н. Назарбаев:
«Біз жүздеген жылдар бойы шешімін тапаған шекара мəселесін шештік,
болашақ ұрпақ онымен айналыспасын дедік» деп атап өткендей, бірінші
кезекте шекара мəселелері ретке келтірілді. Келісім мүшелері мұнымен
тоқталмай, енді аймақтық қауіпсіздік, діни экстремизм мен халықаралық
терроризммен бірігіп күресуге, сондай-ақ сауда-экономикалық қатынастарды
жақсартуға бет бұрды. Бұл туралы ең алғаш 2000 жылы наурыз айында
Алматыда өткен саммитте айтылды. Онда жан-жақты экономикалық
байланыстарды жақсарту жəне оған көршілес елдерді мүмкіндігінше
қатыстыру мəселелері қарастырылды. Жалпы алғанда, 1996-2003 жылдар
аралығында Шанхай келісіміне мүше елдер мемлекеттерінің басшылары жеті
рет кездесу ұйымдастырылды. Шанхай келісім ұйымы саяси ұйым емес, ол
елдер арасындағы өзара байланыстарды, яғни халықаралық жəне аймақтық
сипаттағы сауда-экономикалық, мəдени-əлеуметтік, ғылыми-техникалық
байланыстарды күшейту мақсатын көздейді.
ТМД елдерінің құрылуы жаңа мемлекеттік құрылымдардың
қалыптасуымен, өндіріс өнімдерінің кенет төмендеуімен, елдер арасындағы
экономикалық, ғылыми-техникалық, мəдени-əлеуметтік байланыстардың
қысқаруымен қатар жүрді. ТМД елдеріндегі өндіріс өнімінің жалпы
төмендеуін 100% деп есептесек, оның 60%-ы шаруашылық байланыстардың
үзілуімен төмендеді. /1/
Тəуелсіздік алып, қайта құрылған мемлекеттердің үкіметтері өз
мемлекеттерінің мүдделері мен экономикалық басымдылықтарын
қалыптастыра отырып, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы тарихи
қалыптасқан еңбек бөлінісін сақтау қажеттігін түсінді. ТМД елдері
арасындағы өзара экономикалық ынтымақтастық 1992 жылдың күзінен
басталды. 1993 жылдың қыркүйегінде Мəскеуде мемлекет пен үкімет
басшыларының қол қоюымен ТМД елдерінің экономикалық одағын құру
туралы келісімшарт жасалды. Экономикалық одаққа алғашында 8 мемлекет,
яғни Армения, Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тəжікстан, Өзбекстан,
Қырғызстан, Молдова кірді. Ал Украина қауымдастықтың мүшелігіне
кейіннен кірді. Қазіргі кезде ТМд құрамы 12 елден тұрады, оған Əзірбайжан
мен Грузия қосылды.
Елдер арасындағы қарым-қатынастар барлық елдер үшін тең
мүмкіндіктер мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге негізделіп, нарық
экономикасы принциптеріне сəйкес құрылды. Бұл ТМД аумағында өзара
тиімді, ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыру; экологиялық
мəселелер мен қиындықтарды шешу; жұмыс күшімен алмасу; қаржы-
несиелік, сыртқы сауда, кедендік жəне валюталық саясатты келісу жəне тағы
сол сияқты мəселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.
1994 жылдың 15 суірінде қабылданған еркін сауда аймағын (ЕСА) құру
туралы келісімге ТМД құрамына енетін барлық 12 мемлекеттің басшылары
қол қойды. Еркін сауда аймағы кедендік одақ құрудың өтпелі кезеңі болып
табылады.
1995 жылы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан жəне Ресей кедендік одақ
құрды, өзара қолайлы еркін сауда тəртібі қалыптасты. Мысалы, 1995 жылы
кедендік одақ елдерімен тауар айналымы Беларусьте - 68%, Қазақстанда -
40%, Ресейде - 12%-ға өсті. Ал ТМД елдері ішіндегі жалпы тауар айналымы
2%-ға көтерілді. Бұл көрсеткіш 1996 жылы Беларусьте - 27%, Қазақстанда -
31%, Ресейде - 17% болып, ал ТМД елдеріндегі тауар айналымының жалпы
өсімі 7%-ға жетті.
2000 жылы 6 қазанда Астана қаласында өткен кедендік одақ мүшелері
- Қазақстан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан жəне Тəжікстан үкімет
басшыларының кеңесінде жаңа халықаралық ұйым - Еуразиялық
экономикалық қоғамдастықты (ЕЭҚ) құру туралы шешім қабылдады. Жаңа
ұйым 2000 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық мемлекеттік кеңестің
шешіміне сəйкес құрылды. Бұл ұцымның басты мақсаты - осы
қоғамдастыққа енетін «бестіктің» шеңберінде біртұтас экономикалық
кеңістік қалыптастыру. Бұл ұйым дербес халықаралық құқығы бар ұйым
болып саналады. Жаңа қауымдастықтың құрылуы - ТМД-ның құрамындағы
елдердің экономикалық саясатты, оның ішінде микроэкономикалық,
валюталық, қаржылық жəне əлеуметтік салаларды үйлестіруді көздейтін
ынтымақтастық аясын кеңейтеді. ТМД елдерінің одағы құрылғалы бері
ынтымақтастықты үйлестірудің қандай жолы тиімді деген талас тоқтамай
келеді. 1992-1994 жылдары ұзақ мерзімге бағытталған бұрынғыдай біртұтас
бір мемлекетті қайта құру туралы да шешімдер қабылданды. Бірақ тəжірибе
көрсеткендей «бəрін бірден» деген принциппен интегрециялық құрылысқа
көшу өзін-өзі ақтамады.
ТМД елдері басшыларының 1995-1997 жылдары қабылдаған
шешімдері Ынтымақтастық елдерінің құқықтық мүмкіндіктеріне көбірек
сəйкес келді. ТМД елдері шеңберіндегі халықаралық экономикалық
қатынастар тəжірибесі интеграцияның жеке аймақтардан əр түрлі қарқынмен
басталып, біртіндеп басқа аймақтарға көшуімен тиімді екендігін көрсетті.
Мəселен, ең алдымен, «екілік» (Ресей мен Беларусь), одан кейін «үштік»
(Орталық Азия мемлекеттер одағы), 1998 жылы ол Тəжікстанның кіруіне
байланысты «төрттік» одақ болып қайта құрылды. Кедендік одақ, ГУАМА
(Грузия, Украина, Əзірбайжан, Молдова) аймақтық бірлестіктері пайда
болды. Соның нəтижесінде ТМД-ның барлық елдері (Түрікменстанды
қоспағанда) бірнеше аймақтық экономикалық бірлестіктер тобына бөлінді.
Бірақ бұл топтар анклав болып саналмайды. Оталық Азия одағына кіретін
елдер (Өзбекстаннан басқасы) кедендік одаққа мүше, сол сияқты «екілік»,
одақ «төрттік»одақтың белсенді мүшелері болып табылады. ТМД елдері
шеңберіндегі интеграциялық үрдістің дамуы əлі де бастапқы сатыда.
Əлемдегі 30-50 жылдан астам қызмет еткен аймақтық интеграциялық
топтардың тəжірибесіне көз салсақ, ТМД елдері толыққанды экономикалық
одақ құру үшін қандай қиындықтарға ұшырасатындығын болжау қиын емес.
Оған күнделікті өмір шындығында көзіміз жетіп отыр. Бірақ қалай болғанда
да біртұтас экономикалық кеңістікті қалпына келтіру ТМД елдеріне
əжептəуір экономикалық нəтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Мəселен,
қосымша инвестиция салмай-ақ негізгі өнім өндіруді 1, 5 есе арттыруға
болады. Нақты айтсақ электр энергиясын өндіруге кететін жиынтық
шығынды 20%-ға, металлургия өнеркəсібінде 15%-ға, машина жасауда 25%-
ға төмендетуге мүмкіндік туады. ТМДелдерінің сыртқы экономикалық
қызметтерін үйлестіруді жақсарту арқылы жиынтық сыртқы сауда балансын
15-20 млрд АҚШ долларына арттыруға болады. Ең бастысы, ТМД
елдеріндегі нағыз экономикалық интеграция олардың экономикалық
жағдайының көтерілуіне қажетті тұрақты жағдай жасайды. /2/
ТМД құрамына енетін елдер арасындағы əлеуметтік-мəдени
байланыстардың ұзақ тарихы бар. Ежелден тарихи көрші болып келген елдер
арасындағы байланыстар 70 жылдан астам тарихы бар кеңестік дəуірде одан
əрі тереңдеген болатын. Кеңестер Одағы ыдыраған соң, бұл байланыстардың
барлығы да туындап отырған əлеуметтік-экономикалық жағдайлар
тұрғысынан қайта қаралды. ТМД елдері құрылып, елдер дербес мемлекет
дəрежесінде қатар дамып жатқалы он жылдан астам уақыт өтті. Осы
аралықта үзіліп қалған əлеуметтік-мəдени байланыстар қайта қалпына
келтірілуде. Осы мақсатта Еуразиялық экономикалық қоғамдастық
шеңберінде ғылым мен технологияның басты бағыттарын зерттеу жəне игеру
, ұлттық білім беру жүйелерін қалыптастыру, ғылым мен мəдениетті дамыту,
əлеуметтік дамулың ең төменгі көрсеткіштерін деңгейлестіру мақсаттарын
көздейтін көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстан президенті
Н. Назарбаевтың ұсынысы бойынша Еуразиялық экономикалық
қоғамдастыққа (ЕУҚ) мүше елдер «Қарапайым халыққа қарай он қадам» деп
аталатын, құрамы 10 түрлі келісімдерден тұратын шешім қабылдады. Бұл
келісім халықтың білім мен дəрігерлік жəрдем алуын, азаматтық алуан,
ғылым мен мəдениет жетістіктеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету
мақсаттарын көздейді. Қазақстан алғашқылардың бірі болып, осы шешім
шеңберіндегі барлық мəселені қамтитын заңды құжаттарды толық тапсырды.
Кеңестің өткен мəжілістерінде ақпарат алмасу ынтымақтастығына
қатысты көптеген мəселелер талқыланған болатын. Ал биылғы басқосуда
бұларға қоса тағы бірнеше мəселе талқыға салынды. Соның ішінде ең
маңыздылары - аталмыш кеңеске мүше елдер арасында пошта
операторларының ақпараттандыру жүйесі бойынша қарым-қатынасы, қазіргі
заманғы спутниктік технологиялар мен оның жүйесін дамыту, кеңеске
қатысушы елдердің телекоммуникация желісіне жаңа технологиялар енгізу
мен кеңестің алдағы жылға арналған қаржылық жоспарын талқылау
мəселелері болды. /3/
ТМД-ның өз стратегиясы бар . Стратегияны іске асыру жоспары оны
орындау жəне дайындау бағытымен үш кезеңде жүзеге асырудың нақты
шаралары көрсетіліп, əрбір кезеңнің сапалы ерек-шеліктері айқындалмақ.
Сонымен бірге Стратегия талаптарын біртіндеп іске асыру экономикалық
салада интеграциялық үдерістердің дамуын қамтамасыз етпек. /4/
Сонымен қатар ТМД-ға мүше мемлекеттердің əрқайсысының
əлеуметтік-экономикалық күш-қуатын толықтай пайдалануға, əрбір елдің
экономикасының бəсекеге қабілеттілігін арттырып, олардың əлемдік
экономикаға сенімді түрде қадам басуына жəне азаматтардың тұрмыстық
жағдайын жүйелі түрде арттыруға ықпал етпек.
Саммит барысында мүше мемлекеттердің шекаралық ынтымақтастығы
жөніндегі Конвенцияға жəне ТМД-ға мүше мемлекеттердің шекаралық
ынтымақтастығы жəне аймақаралық кеңесі жөніндегі келісімге де қол
қойылды. Есірткі заттарының заңсыз айналымының əлемге төндіріп отырған
ауқымды қауіп-қатерін ескере отырып, Мемлекет басшыларының есірткі
жəне психотроптық заттардың заңсыз айналымымен күрестегі
ынтымақтастық қарқынын арттыру жөніндегі ұсынысы қабылданды.
Қырғызстан саммитінің төрағасы бұл кездесудің ТМД-ға мүше
мемлекеттердің елдер арасындағы ынтымақтастыққа деген ортақ
ұмтылысын, сон-дай-ақ Достастыққа мүше мемлекеттердің түгелдей дерлік
интеграциялық үде-рістерді келешекте нығайтуға деген ұмтылысы айқын
аңғарылғандығын атап айтты. /5/
Көпшілікке белгілі ТМД елдері басшыларының мемлекеттік деңгейде
өткен жиындарының барлығында дерлік ежелгі уақыттардан бері орныққан
байланыстарды одан əрі жетілдіріп, тереңдету мəселесіне баса назар
аударылды. Өйткені, мемлекеттер арасындағы шынайы достық пен өзара
ынтымақтастық ең алдымен саяси жəне экономикалық-əлеуметтік салаларда
жоғары көрсеткіштерге қол жеткізетіндігі айдан анық. Тəуелсіз Мемлекеттер
Достастығына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің Бішкекте өткен
кезекті жиынының басты тақырыбы “Достастық елдерінің 2020 жылға дейін
экономикалық даму стратегиясын” талқылау төңірегінде өтуінің маңызы
жоғары екендігін атап айту қажет. Бүгінгі саммитке басшылық етушілер үшін
энергетикалық мəселе күрделілік тудырып отырғандығы жасырын емес. Елде
электр қуатының жетіспеушілігі айқын аңғарылуда. Билік болса,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz