Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы


ЖОСПАР
Кіріспе2
1-тарау. Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның Қазақстан Республикасында қолданылуы. 4
1. 1. Салық саясаты мемлекеттің қаржылық саясатының құрамдас бөлігі. 4
1. 2 Қазақстан Республикасы салық саясатының құрылу механизмі15
2-тарау. Қазақстандағы салық жүйесі21
2. 1. Салық түрлері21
2. 2. Салық түрлерінің жіктемелері23
3-тарау. Салық жүйесін жетілдіру жолдары25
3. 1. Салық жүйесін қайта құру және дамыту үрдісі25
3. 2. Қазақстанның салық жүйесін құрудың кезеңдері26
Қорытынды28
Әдебиеттер тізімі29
Кіріспе
Салық проблемасы ең маңызды және қайшылықты болып келеді, өкінішке орай, бүгінгі күні салық жүйесінің дұрыс жүргізілуін, салық төлеушінің заңды құқығының, мүддесінің әлеуметтік қорғалуының қамтамасыз етілгендігін айту әлі ертерек. Өз кезегінде кім болса да салық төлеудің амал-тәсілдерін қарастырады, ал бұл айлалар қоғамның басқа да шеңберлеріне тарап, мемлекеттік қазынаға түспеуді қамтамасыз етеді. Бұл облыстарда өткізілген, мемлекет тарапынан, салық және алым жүйесіндегі өзгерістер шындыққа жанаспайды.
Салық саясаты - салық механизмінің құрамдас бөлігі бола тұра, мемлекеттің маңызды функцияларының бірі болып келеді. Қазақстан Республикасының салық жүйесінің ыңғайлылық және тиімділік функцияларын белгілейтін Қазақстан Республикасының салық салу ұйымының барлық субъективтік факторлар жүйесі салық облысының белгіленген шараларының сапасына тәуелді болып келеді. 1995 жылы 24 сәуірде шыққан заңдылық күші бар №2235 «Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер» жөніндегі Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына Қазақстан Республикасының дербес салық саясатының негізін қалайтын көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің, ставкілердің құрылымын қайта қараумен байланысты жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер толықтыруларға келесі жылдың қаңтарынан бастап шектеу қою керек. Мұндай қадам салық заңдылығының тұрақтандырылуына және дұрыс жүргізілуіне өз септігін тигізеді. Сонымен қатар салық салу мүддесіне «трансферттік баға, салық құпиясының институты» сияқты ұғымдар және олардың салықтық есепте қолдану ерекшеліктері енгізілді.
Әкімшілік директивтік әдістен экономикалық басқару жағдайына көшу барысында, біздің республикада салық нарық экономикасын реттеуші құралы ретінде маңызы артып отыр. Салық арқылы мемлекет пайдасы жоқ кәсіпорындардың қызметін тоқтатады және болашағы бар кәсіпорындарды дамытып тиімді саясат жүргізеді.
Бұл жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының салық саясатының құрылымының теориялық негіздерін, қалыптасуын және дамуын зерттеу. Ол үшін біз келесідей міндеттерді шешіп алуымыз қажет:
1-тарау. Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның Қазақстан Республикасында қолданылуы.
1. 1. Салық саясаты мемлекеттің қаржылық саясатының құрамдас бөлігі.
Қаржылық саясат - бұл қаржы саласында мемлекет арқылы өз қызметін және міндетін іске асыруға бағытталған шаралардың мәні. Қаржылық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып келеді.
Экономикалық заңмен белгіленген қоғамдағы өндірістік қатынас категориялар арқылы көрінеді. Экономикалық категориялар - бұл жалпылама түрде ұсынылған және экономикалық өмірдің белгілі бір жағын сипаттайтын біржақты экономикалық қатынастар Оларға: баға, қаржы, сақтандыру, несие, кіріс және т. б. жатады.
Қаржылық саясат нақты шаруашылық өмірде қаржылық механизм арқылы пайда болады. Ол өзі мекеменің әдістерін және түрінің нысанын, қаржылық басқару және жоспарлауды айқындайды. Қаржы жалпы экономикалық категория болғандықтан, ол жекеленген субкатегориялардан тұрады. Онда белгілі бір дәрежеде салық саясатының, бюджеттік саясаттың және оларға сәйкес механизмдер - салықтық, бюджеттік, қаржылық жоспарлардың, қаржылық басқарудың, қаржылық-құқықтық өзбеттілігін бөліп көрсетуге болады.
Қаржылық механизм өз құрамына қоғамдық-экономикалық өмір деңгейіндегі және сферасындағы барлық қоғамдық өнім элементтерінің, материалдық емес игіліктер, қызметтердің құрамына кіретін кеңейтілген қаржылық ресурстар - нақты, адрестік, шын нәтижелер, яғни мемлекет арқылы белгіленген қаржылық шараларды жатқызады. Қаржылық саясат пен қаржылық механизм экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болғандықтан кеңейтілген өндіріс процесінің дұрыс ағымы осыларға тәуелді болып келеді. Дұрыс құрылған қаржылық саясат, айқын жөнделген және синхронды жұмыс істеуші қаржылық механизм қоғамның әлеуметтік-экономикасының дамуына жағдай жасайды. Бұған кері тенденция да бар: егер де сәйкестендірілген қаржылық механизм экономикалық заңдардың жүргізілуімен толық көлемде санаспаса немесе олармен қайшылықты жағдайда болса, онда сәйкестендірілген қаржылық механизм халық шаруашылығының және басқа да салалардың өндірістік мүмкіндіктерін пайдалануға жағдайы болмайды; Бұл кезде қоғамның экономикалық дамуы жетеледі; болымсыз көріністер толастайды, антиқоғамдық процестер туындайды. Адамдардың жетілген экономикалық көзқарастары арқылы саясат пен механизмнің дамуы тауар - ақша қатынастарының жоғары деңгейде қолданылуы, әрбір жұмысшының айы мен творчествосы жоғары нәтиже әкелетіндігін тарих көрсетеді. Бұл кезеңдерде 20 - шы жылдардағы «жаңа экономикалық саясаты, 50 жылдың екінші жартысындағы экономикалық либерализация жатады. Нақ осы кезеңдерде экономикалық жоғарғы даму темпі және адамдардың жағдайының жақсаруы жоғары жетістіктерге жеткен. 80-жылдардың екінші жартысында қаржылық саясат пен қаржылық механизм белгілі роль атқарған радикалды экономикалық реформа іске асырыла бастады. Бұл кезеңнің басында қаржылық саясат өз еркімен дамыған Қазақстанда қайшылықтармен және қайталанбаушылығымен ерекшеленеді. Бір жағынан басқа елдерде, әсіресе Ресейде, болып жатқан қаржылық шаралар мен дестаблизациялық факторлар саясатты таңдауда әсерін тигізеді. Бұл шаруашылық байланыстармен, біріккен экономикамен, бір валютамен, жалпы шекарамен және құрылып отырған ТМД елдерінің менталитетімен анықталады. Экономикада нарыққа көшуді жылдамдату үшін «шоковая терапия» өткізілді: баға мен нарықты либерализациялау, жоспарлық бастаманы алып тастау, мемлекеттік монополияны алып тастау, қаржылық шектеуді ашу, халық шаруашылығының төменгі құрылымындағы бақылауды жеңілдету.
Бір жағынан Қазақстанда қоғам үшін қажетсіз тездетілген және дайындалмаған шаралар өткізіледі. Олардың санына өндірістік қатынастағы еркін шешімдер, қаржылық орталықтандырылуға ұмтылу, мемлекетті меншіксіздендіру, приватизациялау, материалдық өндіріс сферасындағы субъектілер ынтасын, материалдық емес сфера салаларын, ары қарай қоғамдағы негізгі әлеуметтік топтарды және жиі ауыстырулар, үкіметтегі толықтырулар мен нормативтік актілер жатады.
Қазақстан жағдайында қаржылық саясаттың міндеті - қаржылық механизм арқылы экономиканы кризистен шығару және оның жолдарын табу, халық шаруашылығының құрамын қайта құру мақсатында, шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттің үлесін азайтып, жекеменшік құру, ішкі экономикалық қызметті кеңейту және дамыту болып табылады. Республикада нарық экономикасына көшу бағдарламалары, қаржылық механизм және саясат жүргізілуде.
Қаржылық саясат арқылы шешілетін міндеттер:
- Мемлекеттің әрбір нақты кезеңдерінің ерекшеліктері негізінде қаржылық ресурстардың шекті мөлшерін жасау үшін, жағдайды қамтамасыз ету.
- Қаржы ресурстарын қоғамдық өндіріс сферасы, халық шаруашылығы секторлары арасында белгілі бір мақсаттар үшін бөлу және пайдалану.
- Экономикалық дамуда белгіленген бағыттарды іске асыру үшін сәйкес қаржы механизмдерін өндіру және оның үнемі асырылуын қадағалау.
Экономиканы тұрақтандыру бағдарламаларында және ҚР-ң нарыққа көшуінде экономиканы қаржылық сауықтыру, ақша айналымын реттеу, тұтыныс нарығын дұрыстау, өндірістің тұрақтандыруын қамтамасыз ету, шаруашылық байланыстарды нығайту шаралар комплексі қарастырылған. Нарықтық қатынасқа көшудегі негізгі бағыттар: экономиканы мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, экономиканы демонополизациялау, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, нарық инфрақұрылымын құру (тауар және қор биржалары, инвестициялық қор, тауар сатудағы коммерциялық көтерме сауда желісі, коммерциялық банктер, сақтандыру фирмалары, транспорттық шаруашылық, коммерциялық ақпараттар орталығы, жарнамалық фирмалар, сервистік жөндеу желісі, консультациялық және заңгерлік қызметтер және т. б. ) болып келеді. Келесідей нарық түрлері құрылады, ауылшаруашылық өнімдері, еңбек, тұрғын үй, қаржылық нарық.
Осы бағдарламаға сәйкес негізгі мақсат - мемлекеттік бюджетті толықтыру және экономиканы тұрақтандыру негізінде халық шаруашылығының қаржылық сақтандыру проблемаларын шешу болып келеді.
Қаржылық саясатты жүргізгенде қаржылық саясаттың келесідей қағидаларының іске асырылуы негізгі роль атқарады.
- Қоғамдық өндірістің барлық мүшесінің мүддесінің сақталуы, құрылу барысында кәсіптілік, ұлттық, әлеуметтік топтардың сақталуы.
- Қаржылық қатынастың толық ұйымның қамтамасыз етілуі, қаржы жүйесінің барлық сферасындағы шығыс пен кірісті тексеріп отыру.
- Қаржы резервтерін құру (қаржы саласындағы қаржы резервтері мен бюджет жүйесіндегі кірістің шығыстан артуы) .
- Қызмет етуші субъектілер мен мемлекет арасында қаржы реурстарын оптималды бөлу.
Қаржылық саясат пен ұйымда алға қойған мақсаттарға жету үшін қойылған мақсаттарды орындауда логикалық тұтастығы бар қаржылық механизм ретінде қаржылық саясаттың құрамдас бөліктерінің құрылу механизмдерін көрсету керек (1-сурет) .
Қаржы жүйесінің механизмі.
Салық саясаты адам қызметінің спецификалық облысы болғандықтан категориясына жатады. Бір жағынан салық саясаты экономикалық қатынастармен қақтығысады; саясатты жүргізуде қоғам бостандықта болмайды, соңғысы экономикамен байланысты. Екінші жағынан салық саясаты экономикалық базис негізінде құрала және дами отырып, қаржы саясатының құрамдас бөлігі бола тұра, белгілі бір еркіндікте болады; оның өзіндік даму логикасы бар.
Ғылыми түрде салық саясатын өндіру қоғамдық даму заңдылығымен байланысты деп айтады және үнемі қаржы теориясынан есеп шығару керек. Бұл заңдылықтың бұзылуы халық шаруашылығының үлкен шығынға ұшырауына әкеп соғады.
Салық саясатының және салық жүйесінің құрылуы реформаның параллель блоктары-меншік жүйесіндегі өзгерістер, баға қалыптасу, банк жүйесінің құрылуы, ақша-несие саясаты және т. б. дамуымен бір уақытта іске асырылады. Осыған байланысты кез келген нақты уақытта салық салу жүйесін құру жолында реформаның басқа бағыттарында шешімдер қабылдаумен анықталады.
Салық саясатында нақты шешімін қабылдау кезінде келесідей факторлар әсер етеді:
- өндірістің өсу темпін сипаттайтын мемлекеттегі жалпы экономикалық жағдай.
- инфляция деңгейі.
- Мемлекеттің ақша-несие саясаты.
- Мемлекет бақылауындағы өндіріс сферасы мен жекешелендірілген сектор арасындағы сәйкестік.
Салық саясатын жүргізген кезде біз нарық экономикасы дамыған елдердің тәжірибесіне сүйенсек дұрыс болар еді. Дамыған батыс елдердің реттеу практикасы мен теориясында салық саясаты соғыс жылдарынан кейін қаржының функционалдық кейнстік концепцияларына сәйкес жүргізіледі. Осы концепцияға байланысты шығынның көлемі мен салық салу нормасы қоғамдық сұраныстың мұқтаждығына бағынышты болып келеді. Қоғамдық сұраныс ол бір деңгейде тұрып, еңбек ресурстарының толық қамтамасыз етілуін және капиталдың, бағаның тұрақтану кезінде қамтамасыз ету болып келеді. Дамыған экономика жағдайында бұл мақсат салықты күшейту емес, керісінше салық базасын дамыту және мемлекеттің шығысын төмендету болып келеді. Салық жүйесін құру мен қолдану батыс елдерінің теориялық және практикалық тәжірибелері біздің жағдайымызға да қолдану мүмкіндігін туғызады. Бүгінгі жағдайда даму деңгейі мен экономиканың кризистік жағдайын салықтық саясаттың көмегімен шешуге болады.
Салық саясатының құрылу негізінде екі бір-бірімен тығыз байланысты екі методологиялық ұсыныс жатыр: әр деңгейдегі бюджет бөлімдерінің кірісін құру салықтық төлемдер арқылы және мемлекеттің фискалдық міндеттерін шешу; экономикалық қызметті реттеу үшін салық құралдарын пайдалану болып келеді.
Таяу уақытқа шейін, салықтың жоғары деңгейі және салық шкаласының жоғары деңгейі халықтық әлеуметтік жағдайын жақсартады және экономиканы дамытады деп келген, ал қазір батыс елдерінің салық салу облысының жалпы тенденциясы бойынша жеке тұлғалардың кірістері мен корпорацияның табысына салынатын салықты төмендету тиімді болып саналады. Салық көтерілген кезде азаматтардың таза пайдасы төмендейді. Әрбір адам пайданың көп мөлшерін алу үшін, көп жұмыс істеулеріне тура келеді.
Нарық қатынастарын құрған жағдайда салық саясатының негізгі бағыты - халықтың нақты пайдасын көтеру болып келеді. Бұл халықтың еңбекке қабілетті бөлімдерінің пайдасын жоғарылатуға көмектеседі. Салық жүйесі арқылы қоғамдағы еңбекке жарамсыз адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсарады.
Салық саясаты өз сипаты бойынша үндейді:
- Біріншіден, ақша құралдарының бюджетке тұрақты келіп түсуін қамтамасыз ету үшін мемлекет функцияларын өндіру, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру
- Екіншіден, экономикадағы іскерлік активтің өсуіне жағдай жасау.
- Үшіншіден, өндірістік процесті қадағалау.
Әлемдік тәжірибеде салық саясатының үш типі бар:
- жоғарғы салықтың саясаты - алуға болатынын барлығы алу принципі. Бұл жерде мемлекетке "салықтық қақпан" құрылады.
Салық ставкілерінің бюджет кірісіне әсерін тигізетініне теориялық дәлел- Лаффер териясы.
Бұл теория бойынша салық ставкілерінің өсуі белгілі бір шекке дейін салықтық кіріске өз әсерін тигізеді. Одан кейін өсім ақырындайды, одан кейін бюджет кіріс күрт төмендейді. Бұдан мынандай қорытынды жасауға болады: салық төлемдерінің жеңілдету арқылы экономиканың тұрақтану міндетін шешуге болады. А. Лаффердің пікірі бойынша, экономиканың қозғаушы күші шаруашылық агенттердің экономикалық қызмет нарығына деген қызығушылықтары. Егер де бұл қызмет тиімді болса, өндіріс интенсивті темпен жүргізілетін болады. Егер де нарықтың ойдағыдай қызметі жоғары және прогрессивті түрдегі салықпен қақтығысса, экономикалық активтілік төмендейді.
Лаффердің ойынша, халық пен кәсіпкердің пайдасының жалпы суммасынан салық түрінде бюджетке 30% артық алуға болмады.
Егер де салық ставкасы белгілі бір жоғары деңгейге жетсе, онда кәсіакерлік инициатива стимулы қысқартылады, өндіріс кеңеюі тоқтайды, кіріс төмендейді.
- Орынды салықтық саясат - тиімді салықтық климат туғыза отырып кәсіпкерлік қызметті дамытуға көмектеседі және кәсіпкер салық салудан оңай шығады. Бірақта бұл мемлекет кірісін азайтатындықтан, әлеуметтік бағдарламалардың шектеуіне әкеп соғады.
- Салық салудың жоғары деңгейін қарастыратын салық саясаты, әлеуметтік қорғау мақсатында.
Бұл жерде салықтың кірістер негізінен әр түрлі әлеуметтік қорларды құруға жұмсалады. Салық саясатының мұндай типінің кемшілігі ол мұндай саясат инфляцияға әкеп соғуы мүмкін.
Әлемдік тәжірибеде бұл салық саясатының бір де бір типі таза түрінде қолданылмайды, бірақ күшті дамыған экономикада салық саясатының барлық түрі де бір-бірімен ойдағыдай үйлеседі.
Салық біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшердегі және белгілі бір уақытта жүргізілетін, экономиканың тұтқасы ретінде пайдаланылатын міндетті төлемдер болып келеді. Сонымен қатар салықтың басқа формаларын енгізуге, ставкілерін өзгертуге, өндіріп алу тәсілдерін, жеңілдіктерін орнатуға болады.
Салықтық реттеу кезінде экономиканың мемлекеттік қаржылық реттеуінің бір түрі болып келеді.
Спад кезеңінде қалыптастырушы фискалдық саясат жүргізіледі.
Мұнда:
- Мемлекет шығысының өсуі
- Салықтың төмендеуі
- Фискалдық саясаттың бұл бағыттарының мемлекеттік шығыспен үйлесуі қарастырылады.
Сұраныс пен инфляциямен байланысты фискалыдқ саясат:
- мемлекеттік шығыстың азаюы
- салықтың өсуі
- көрсетілген бағыттардың үйлесуі сияқты кері бағыттарды көрсетеді.
Практикада қарастырылған тепе-теңдік моделіндегі тәуелділікке қосымша факторлар әсер етеді.
- Фискалдық саясаттың қолданатын шараларының өз уақытында өткізілуі.
- Ақша нарығындағы пайыздық ставкілердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының өсу кезіндегі жеке меншік ивестиция элементерінің қысқартылуын көрсететін тарылу эффектісінің қозғалысы
- Ашық экономикада ұлттық өндіріс валюта курсының өзгеруін сезінеді, бұл жерде міндетті шығыстар элементі ретінде, таза экспорт мөлшері өзгереді.
Осыған байланысты фискалдық саясатты реттеуші шараларды жоғарыда көрсетілген факторлардың әлсіреуі мұмкін.
Жеке табысқа салық салу маңызды әлеуметтік қызмет атқарады-халықтың әртүрлі әлеуметтік таптарының кірістерінің теңелуін қамтамасыз етеді. Бұл функцияны әлеуметтік бағдарлама бойынша бюджеттік шығыстарда да орындайды, нәтижесінде төменгі мөлшердегі кіріс табатын халықтар жоғарғы деңгей топтарына келеді және әлеуметтік теңсіздік тоқтатылады.
Салықтың реттеудегі маңызды аспект шетелдік инвестицияларды тарту және толтыру болып келеді, ал бұл салық төлемдерінің мөлшеріне, ставка шамаларына байланысты болады. Жоғарғы мөлшердегі салықтың болуы капиталдың басқа салық мөлшері төмен елдерге көшуіне жағдай жасайды.
Бұл факторға сонымен қатар салық салу төмен немесе мүлде жоқ "оффшорлық зоналардың" болуы әсерін тигізеді. Екінші жағынан жоғары деңгейдегі салық ставкілерінің болуы клге шетелдік капиталдың кіруіне септігін тигізеді, экономика дамиды.
Сондықтан салықтық реттеу осы факторлар мен санасып, экономикалық байланыстарғы елдердің салықтық жағдайын теңестіруге өз септігін тигізеді.
Мемлекеттік бюджеттің салық салу проблемалары үнемі бар болып келеді. Бірақ салықтар бюджетті ғана толықтырып қоймай, экономиканы реттеуде басқада функцияларды атқарады.
Салық саясаты өз міндетінде зкономкалық қызметтің кеңеюін, халыққа көмектесуді, өз бизнесін ашқан адамдарға көмектесуді және сенімді салық төлеуші болуын қамтамасыз етеді.
1. 2 Қазақстан Республикасы салық саясатының құрылу механизмі
Кез келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болғанда және өзінің апаратын құру үшін ақшасы болғанда, өзінің функцияларын жүргізген кезде шығынды жабу көздері болған жағдайда ғана өмір сүре алады. Мемлекет ақша құралдарын екі түрлі әдіспен түсіндіреді:
- Меншік иесінің мемлекетке өз еркімен ақша қаражатын беруі: (Мысалы, мемлекеттік ішкі және сыртқы борыштар) .
2. Міндетті төлем-салықтар.
Салықтың мәнін түсінуде салық салу теориясының классигі Адам Смиттің еңбектері үлкен роль атқарады. А Смит келесідей салық салу принциптерін көрсетті:
- Салықтардың заңдылық тәртібі (А Смиттің айтуы бойынша салық-мемлекет арқылы салынатын заң формасындағы мөлшерін және төлем тәртібін анықтайтын төлем) . Теңдік (мемлекет қарауындағы әрқайыссысы өз табысына байланысты мемлекетті қолдау) . Анықтылық (Салық төлеушіге төлемнің мөлшері мен қолданылуы, уақыты белгілі болуға тиіс) . Алымның арзандығы (кассасына салық төлеушінің қалтасынан алынған түсуі тиіс және салықтар жинағын минималды кешіктіруге ғана тиіс) . Төлемнің шаруашылық өзбеттілігі (Салық субьектісі ретінде белгілі меншігі бар және өз бетінше шаруашылық қызметтен пайда табатын тәуелсіз азамат түсуі тиіс) .
К Маркс салықты үкіметті тамақтандыратын ананың омырауы деп атаған, ал Энгельс салықты мемлекеттің үш белгісінің бірі деп санаған. Осылайша салықтың маңызы экономикалық теорияның барлық ойшылдарымен көрсетілген.
Қазіргі заманғы қоғамда салық мемлекеттің құрылуымен байланысты қаржылық қатынастарды айқындайды және оған сәйкес функцияларды атқарады-әлеуметтік, қорғаныс, табиғатты қорғау, құқық қорғау және т. б.
Салықтар экономикалық қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде экономикелық базисқа жатқызылады және обьективті қажеттілік болып табылады, және қоғамның дамуындағы мұқтаждығына байланысты.
Осылайша салық мемлекетің қабылдаған функцияларын орындау үшін қажет, ал салықты жою бүкіл қоғамның жойылуына әкеліп соғады.
Салықтың глобалды дамуы таза пайданың өсуіне, шарушылық қызметтің күшеюіне, капитал салымының өсуіне, сұраныстың өсуіне және шаруашылық коньюктураның дамуына әсерін тигізеді. Салықтың көтерілуі - коньюктуралық күшеюмен күрестің қарапайым түрі:
Табыс салық ставкілерінің өзгеруінен мемлекет капитал салымдарына қосымша стимулды азайтуға және жасауға болады, ал жанама салық деңгейін ауыстыру - жалпылама тұтыныс қорына, баға деңгейіне әсер етеді.
Либералды немесе протекционистік ішкі сауда саяастын таңдап, мемлекет кедендік төлемдерді өзгертеді. Кедендік төлемдер - жанама салық түрі, ішкі сауда айналымында шет елдік тауарлардың арзандатуына әкеп соғады. Төлемдерді төмендету немесе алып тастау, ішкі нарықта бәселестіктің өршуіне соғады.
Мемлекеттік реттеудегі күшейткен сайын салық та ұлттық шаруашылық құрамдарын реттеуге кеңінен қолданылады. Салық ставкілері сала және аймақ бойынша дифференциалданды. Олар сала және саларалық құрылымдарға, ұлттық шаруашылық кешендегі облыс, штаттар және жеке жерлердің ролінің өзгеруіне әсер етеді. Сонымен салық мөлшері газ және мұнай өндіруге дәстүрлі жоғары, бірақ төменгі деңгейдегі экономикалық дамушы аудандарда олар үнемі төмен.
Салық жүйесі уақыт өткен сайын ыңғайлы болып келеді. Салық заңдылықтарының негізі мен құрылымының сақталуында мемлекеттік реттеуші органдар салық ставкілерін таңдамалы және уақытша төмендетеді немесе кәсіпорын салығын алып тастауы да мүмкін. Табыс салығына, капитал салымдарына, ғылыми зерттеулерге, жаңа жұмыс орнын енгізуге, қоршаған ортаны қорғауға салықтан жеңілдіктер жасала бастады.
Салық салудың реттеу объектілері нақты бола бастады. Мысалы, кәсіпорын пайдасының екі бөлігіне салық салу дифференциалданды: бөлінбеген (шаруашылық қызметті дамыту үшін компанияда қалдырылған) және бөлінген (дивидендке, акционерлерге төленеді) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz