Бекет ата



I)Кіріспе
II)Негізгі бөлім
1)Пір Бекет ата
2) Бекет атаның мешiттерiнің пайда болуы
3) Бекет ата мұраларын зерттеген ғалымдар
4) Бекеттiң құс болып ұшуы
III)Қорытынды
IV)Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақ фольклорының, тұтастай руханиятының ең бай да құнарлы салаларының бірі – әулиелер хақындағы аңыздар шоғыры. Солардың ішінде үш жүз алпыс екі әулиенің мәңгі мекеніне айналған Маңғыстау даласының бір қиырындағы Оғыланды жерінде, өзі тау ішінен қашап салған мешітте дамыл тапқан Пір Бекет туралы аңыздар күллі алашқа кеңінен тараған. «Мединада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деген қанатты сөз Бекет атаның әулиелік даңқының айғағы. Көрнекті қаламгер Ә.Кекілбайұлы «Дара Парасат, Дара Рух, дара Шарапат, Дара Шапағат иесі» ретінде бағалап, «Оған деген ел сүйіспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ. Өйткені, Ол – тірісінде елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірәдар» – дейді. Сұпы атаның қаламгер санамалап көрсеткен осы қасиеттері ол туралы айтылатын аңыздардан анық көрінеді. «Біз ұзақ уақыт ауызша ақпарат алысқан халықпыз. Біздің аңыздарымыз қиялдан емес, шындықтан өрбіген. Олар – нақты оқиғаларды нақышты бояумен адам жадында жатталып қалатындай қылып мұқият қашаған халықтық ұлы мұра. Бабадан балаға қалған еншінің ең бір өміршеңі» – дейді Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев. Біз осы өміршең енші туралы сөз қозғасақ дейміз.
Аңыздарда, ең әуелі шындық, сол шындыққа негізделген қиял әрекет етеді. Қиялдың өзінің астарында қисынға негізделген астарлы ой, ишаралы мән бар. Осы тұрғыдан келгенде, Бекет ата туралы аңыздарды әдеби таным тұрғысынан бірнеше қабаттардан тұратын мұра ретінде қабылдаймыз. Сол көп қабаттың бірі – мифтік таным. Мифтік таным арқылы санаға сіңісіп, ойлау жүйесімен тұтасқан, содан көркемдік (бәлкім нағыз) шындықпен үйлескен мифопоэтикалық қабаттың біз тереңдеп бара алмаған сыры көп. Ата туралы айтылған әңгімелердің барлығы дерлік мифопоэтикалық құрылымымен дараланады. Жалпы, аңыз атаулының бір сипаты осы десек, қателеспейміз.Миф дегеніміз қалыптасқан түсініктегідей ертегі, қиял жемісі емес, тылсым сырлы, қалың астарлы, кереметке толы біздің түйсігіміз толық танымаған ақиқат. Сол құпиялы ақиқатты тануда түрлі ишара-белгі, қилы бейнелер жүйесі түзілген. Олардың қатарында, зерттеушілік тілмен айтқанда, көркемдік деталь, символ қызметін атқаратын киелілік сипат иеленген аңдар мен құстар қатары да жетерлік. Бекет ата туралы аңыздардағы тұрақты түрде айтылатын аң-құстар қатарында арқар, аққу, сары үйек жыланды атауға болады.
• Тарихи тұлғалар. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009
• Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
• “Арыс баспасы”. Алматы, 1994

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және
Инжиниринг Университеті

Педагогика және технологиялар институты
Биология және География кафедрасы

Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: Бекет ата

Орындаған: Гео 11-1 тобының студенті
Сатыбалды Б

Тексерген: Джонова З.З

Жоспар:

I)Кіріспе
II)Негізгі бөлім
1)Пір Бекет ата
2) Бекет атаның мешiттерiнің пайда болуы
3) Бекет ата мұраларын зерттеген ғалымдар
4) Бекеттiң құс болып ұшуы
III)Қорытынды
IV)Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Қазақ фольклорының, тұтастай руханиятының ең бай да құнарлы салаларының бірі - әулиелер хақындағы аңыздар шоғыры. Солардың ішінде үш жүз алпыс екі әулиенің мәңгі мекеніне айналған Маңғыстау даласының бір қиырындағы Оғыланды жерінде, өзі тау ішінен қашап салған мешітте дамыл тапқан Пір Бекет туралы аңыздар күллі алашқа кеңінен тараған. Мединада - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет деген қанатты сөз Бекет атаның әулиелік даңқының айғағы. Көрнекті қаламгер Ә.Кекілбайұлы Дара Парасат, Дара Рух, дара Шарапат, Дара Шапағат иесі ретінде бағалап, Оған деген ел сүйіспеншілігіне қылау түсіп көрген жоқ. Өйткені, Ол - тірісінде елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген Азамат. Жаудан елді арашалаған Батыр. Дауда әділетті арашалаған Қазы. Озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған Пірәдар - дейді. Сұпы атаның қаламгер санамалап көрсеткен осы қасиеттері ол туралы айтылатын аңыздардан анық көрінеді. Біз ұзақ уақыт ауызша ақпарат алысқан халықпыз. Біздің аңыздарымыз қиялдан емес, шындықтан өрбіген. Олар - нақты оқиғаларды нақышты бояумен адам жадында жатталып қалатындай қылып мұқият қашаған халықтық ұлы мұра. Бабадан балаға қалған еншінің ең бір өміршеңі - дейді Маңғыстау облысының әкімі Қ.Көшербаев. Біз осы өміршең енші туралы сөз қозғасақ дейміз.
Аңыздарда, ең әуелі шындық, сол шындыққа негізделген қиял әрекет етеді. Қиялдың өзінің астарында қисынға негізделген астарлы ой, ишаралы мән бар. Осы тұрғыдан келгенде, Бекет ата туралы аңыздарды әдеби таным тұрғысынан бірнеше қабаттардан тұратын мұра ретінде қабылдаймыз. Сол көп қабаттың бірі - мифтік таным. Мифтік таным арқылы санаға сіңісіп, ойлау жүйесімен тұтасқан, содан көркемдік (бәлкім нағыз) шындықпен үйлескен мифопоэтикалық қабаттың біз тереңдеп бара алмаған сыры көп. Ата туралы айтылған әңгімелердің барлығы дерлік мифопоэтикалық құрылымымен дараланады. Жалпы, аңыз атаулының бір сипаты осы десек, қателеспейміз.Миф дегеніміз қалыптасқан түсініктегідей ертегі, қиял жемісі емес, тылсым сырлы, қалың астарлы, кереметке толы біздің түйсігіміз толық танымаған ақиқат. Сол құпиялы ақиқатты тануда түрлі ишара-белгі, қилы бейнелер жүйесі түзілген. Олардың қатарында, зерттеушілік тілмен айтқанда, көркемдік деталь, символ қызметін атқаратын киелілік сипат иеленген аңдар мен құстар қатары да жетерлік. Бекет ата туралы аңыздардағы тұрақты түрде айтылатын аң-құстар қатарында арқар, аққу, сары үйек жыланды атауға болады.

БЕКЕТ АТА
Мырзағылұлы Бекет (1750 -- 1813) -- қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған, жәнеде білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген, медресе-мешіттер салдыртып, жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан. Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында. Кіреберіс бөлмеден жоғары шығатын есік арқылы жоғары бөлмеге баруға болады. Онда Бекет Атаның қызы жерленген. Ал ескі Бейнеудегі ұлутасты шатқалға қашалған мешінің бөлмелері құлап, үгітіліп, байырғы қалпын жоғалта бастаған. Сонымен бірге Баялыдағы ескерткіш-ғимараттың жай-күйі мәлім емес.
Бекет ата бұл мешіттерінде құдайға құлшылық етумен қоса, халықтың сауатын ашып, балаларды оқытатын болған. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген. Тек қана ағартушылық жұмыстары емес, сонымен бірге ел басына күн туған ауыртпашылықта, жаугершілікте халыққа басалқылық жасап, жөн сілтеп отырған. Тікелей өзі араласып, шеп құрып жауға аттанып, небір тамаша ерліктің үлгілерін де көрсеткен. Ел мен жердің тәуелсіздігі үшін ақылымен де, қайратымен де басшы бола білген. Жәнеде оның осынша қабілетін, қызметін сипаттай келіп атамыздың тек жеке басына тән жаратылысын ерекше төрт қасиетке бөліп қарастырамыз:
Біріншісі -- халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.
Екінші -- ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.
Үшінші -- ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.
Төртінші -- мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, Мединеде - Мұхаммед, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Қазіргі таңда Бекет атаның Адамдықтың Ақ жолы, Әулиелік өсиеттері өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде көп септігін тигізіп отыр. Іс-әрекеті мен қадір қасиеті аңызға айналған Бекет атаны әулие тұтып көпшілік, Оғыландыдағы өз мешітіне, яғни қабіріне түнейді.

БЕКЕТ АТАНЫҢ МЕШIТТЕРIНІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Сарыбай әулиенің айтуынша
Бекет ата 4 жерден мешiт салдырған. Ең әуелi Аралдағы Баялы мешiтiн оқу бiтiрiп елге келгесiн өзi салдырыпты. Бұл мешiтте Әлiм-Адай қақтығысы бас­талғанға дейiн ауыл балаларын оқытқан. Әлiмдермен ара ашылып, үнемi барымта, кiсi өлтiру оқиғалары етек алып, ел арасының тыныштығы бұзыла бергесiн, Адайлар бұл маңнан iргесiн көтерiп көшкенде, Бекет те мешiтiн тастап кетуге мәжбүр болыпты.
Адайлар Жем бойына келiп орныққанда Ақмешiттi салдырады. Ақмешiтте де Бекет ата 15-20 жылдай болып, жасы елуге келгенде, шамамен 1800 жылдары Бейнеудегi үшiншi мешiтiн салып, сонда Алла тағаладан уәһи келгенше бала оқытқан. Ал Оғыландыдағы төртiншi мешiтi - сiлтем бойынша өзiнiң мәңгiлiк мекен-жайы үшiн жасатқан мешiтi. Онда Бекет ата бала оқытты деп айтылмайды. Шынында, онда бала оқытатын орын да жоқ. Қазiр Ата жатқан жер бүкiл Кiндiк Азиядағы мұсылман баласының зияраттап келетiн жерiне айналды.
Сарекем әулие айтады: 1811-12 жылдары Бекет-Атаға Бейнеудегi мешiтiнде тұрғанда аян берiлiптi: Әй, Бекет сенiң уақытың жақындады. Осы таудың басымен шыңды жағалап шығысқа қарай жүрiп отыр. Алдыңнан Оғыланды деген қауымға кезiгесiң, сол қауымға барып түне. Сол жерде сенiң мекенiңдi айтады дептi. Содан, Бекет-Ата жаяу жүрiп отырып Оғыландыға келiп, зиярат етiп жатыпты. Түнде аян берiлiптi: Бекет көрiп жатырмысың, төменде от жанып тұр. Сол жер сенiң мәңгiлiк мекенiң болады. Сол арадан мешiтiңдi салдырасың. Қазiр тұрып барып, белгiлеп ал дептi. Ата оянып кетiп, шың ернеуiнен төмен қараса, шынында да төменде от жанып тұрғанын көрiптi. Соған қарап бiр сызық сызып тастап, қайтадан орнына жатып ұйықтап, таңертең төмен түсiп барып қараса, жанған оттың орнында қаланған күйiнде күл жатыр екен. Содан сол араны мешiт қылып қаздырыпты.
Осы Бозашыда Қаратөбенiң былайғы жағында Бекет Атаның мешiтi бар деп кейiнiректе айтылып, жазылып жүр, атын Тобықты дейдi. Бұл Бекет атаның өзi салдырған мешiтi емес. Оғыландыда мешiт салынғанда Бөкен Байсал деген кiсi көп қызмет жасапты. Сонда Бекет риза болып, Байсалға: Япырмай, өзiң менiмен құрдас екенсiң. Бiрақ, менде сендегiдей күш жоқ. Сен жас жiгiттерден де артық қызмет жасадың және бастан аяқ болдың. Жарқыным, менен қандай бұйым тiлегiң бар? Қысылмай айт деп сұрапты. Байсал: Әй, Бекет-ай менде не бұйым болсын. Жас болса бiраз жерге келдi, бiрақ ұрпақсызбын ғой дептi мұңайып. Сонда Бекет жан-жағына қарап бiразырақ отырып: Әй, Байсал, осыдан ауылыңа барғасын үйдегi замандасым көп ұзамай құрсақ көтерер, бiр балаң болар. Атын Мыңкiсi деп қоярсың дептi.
Айтқандай Байсалдың әйелi жүктi болып мерзiмi жеткенде, босанып ұл туыпты. Бекет Атаның айтуымен Байсал ұлының атын Мыңкiсi деп қойыпты. Шынымен қуанған Байсал Оғыландыдағы Бекетке әдейi адам жiберiп, баласының тойына шақыртыпты. Келген адамға Бекет: Баласы құтты болсын! Бұл сапарда бара алмаймын, оған ренжiмесiн. Баласы қырқынан шығарда арнайы барып, Құтты болсынымды айтамын, баласына батамды беремiн деп сәлем айтыпты. Бекет Атаның сәлемiн естiген Байсал Япырмай, бұл кiсi өмiр бойы намазын мешiтте оқып келе жатқан адам едi. Келетiн күнiн айтыпты ғой. Мен соған дейiн Бекетке арнап намаз оқитын орын дайындамасам болмас деген тоқтамға келiптi де, өз ауылының маңынан мешiт салуға лайық жер iздеп бiр кебiр төбенi қазыпты. Ауылына Бекет Ата келерден 2-3 күн бұрын мешiттi қазып дайындап үлгерген екен дейдi.
Бекет ата уәделi күнi Байсалдiкiне келiп қонақ болыпты. Сол күнi екiнтi, ақшам, құптан, таң намазын Байсал қазып салған мешiттен оқыпты. Ертеңiне таңертең той ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бекет атаның ұрпақтары
Негізінен жергілікті халықтың түсінігінде Маңғыстау аймағының киелі әулиелер қорымдарына келушілерге айтатыны
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Батыс Қазақстан өңірінің фольклоры (әпсана-хикаяттар, аңыздар, шешендік сөздер, тарихи өлеңдер, тарихи жырлар, айтыстар, дастандар)
Батыс Қазақстан аймақтарының туризмінің дамуы
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Құлпытас - негізінен Батыс Қазақстанда аса кең тараған қазақ тас ескерткіштерінің бір түрі
Қарахан кесенесі
Пәндер