Корпорация қаржыларын ұйымдастыру


Мазмұны
Кіріспе
1-ші тарау. Корпоративтік қаржылардың мазмұны және ұйымдастыру негіздері
1. 1. Корпорация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері
1. 2. Корпорация қаржыларын ұйымдастыру қағидалары (принциптері)
1. 3. Ұйымдық - құқықтық нысанына сәйкес қаржы қатынастарының ерекшеліктері
1. 4. Корпорация қаржыларын басқару
2-ші тарау. Корпорацияның негізгі және меншікті капиталдарын қалыптастыру
2. 1. Корпорация негізгі капиталының экономикалық мәні, құрамы және жіктелуі
2. 2. Негізгі қорлардың бағалануы
2. 3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясын анықтау әдістері
2. 4. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері
2. 5. Корпорация меншікті капиталын қалыптастыру
2. 6. Капиталдың оптималды құрылымын анықтау
3-ші тарау. Корпорация айналым капиталын ұйымдастыру және қаржыландыру негіздері
3. 1. Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы
3. 2. Айналым қаражаттарына қажеттілікті және оның құралу көздерін анықтау
3. 3. Айналым қорларын бағалау
3. 4. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін анықтау
4-ші тарау. Корпорацияның инвестициялық қызметін ұйымдастыру
4. 1. Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері
4. 2. Корпорацияның инвестициялық саясаты
4. 3. Қаржылық лизинг - инвестиция қызметін қаржыландыру формасы (нысаны)
5-ші тарау. Корпорацияның өнім өндіруге жұмсалған шығындары және оны өткізуден түскен түсімдер
5. 1. Корпорация шығындарының экономикалық мәні мен жіктелуі
5. 2. Өнімнің өзіндік құнының құрамы және оны анықтау
5. 3. Өнімдерді өткізуден түскен түсімдер
6-ші тарау. Капиталдың құрамы және құны
6. 1. Капиталдың экономикалық мазмұны және жіктелуі
6. 2. Капитал құны және оның түрлері
6. 3. Капитал құрылымы және инвестициялық шешімдер қабылдау
7-ші тарау. Корпоративтік қаржылық жоспарлау
7. 1. Қаржылық жоспарлаудың экономикалық мәні және мазмұны
7. 2. Қаржылық жоспарлау үдерісі
7. 3. Корпорация балансын жоспарлау
7. 4. Қаржылық жоспарлаудың әдістері
8-ші тарау. Қаржы-несие шешімдерін қабылдаудың математикалық негіздері
9-ші тарау Корпорацияның қаржылық жағдайы
9. 1. Қаржы жағдайын талдаудың экономикалық мәні
9. 2. Өндірістік және қаржы жағдайын талдаудың ерекшеліктері
9. 3. Қаржы жағдайын талдаудың әдістері
Арнайы әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Жалпы қаржы жүйесін жетілдіруде корпоративті қаржы секторы жетекші орын алады. Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан рыноктық реформалар барысында экономиканың салаларында әртүрлі коммерциялық, кәсіпкерлік ұйымдар қалыптасып дамуда. Бұл жағдай салалық және корпоративтік қаржылардың мәнін арттырумен қатар оларды тиімді басқару мәселелерін күрделендіре түсуде. Сондықтан өндірістік, әсіресе кәсіпкерлік қызметтерді дұрыс ұйымдастырып, олардың қаржыларын тиімді пайдалануда корпоративтік қаржының атқаратын рөлі айрықша.
Сондықтан негізгі пәндердің бірі болып табылатын «Корпоративтік қаржы» курсы, экономистерді дайындауда оқытылуы міндетті.
Корпоративтік қаржыны білудің басты мақсаты өндірістік кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдардың қаржы ресурстары және олардың құралу көздерін қалыптастыру, капитал құрамы мен құрылымын жетілдіру, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану және басқару арқылы корпорациялардың қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, жоғары нәтижелілікке жету болып табылады. Осыған орай корпорациялар мен ұйымдардың және қаржы-несие мекемелерінің қаржы мамандарын дайындауда жоғарғы оқу орындарында осы корпоративтік қаржы пәнін оқытудың теориялық және практикалық тұрғыдан маңызы өте зор.
Осы аталған оқу құралының негізгі міндеттері студенттердің корпоративтік қаржы теориясын толық меңгере отырып, оның түрлі ұйымдастыру, жоспарлау, қаржыландыру, несиелеу, ынталандыру, басқару т. б. механизмдері мен әдістерін практикалық тәжірибеде тиімді қолдана білуін қалыптастыру, сол арқылы экономикалық-қаржылық, аналитикалық талдау негізінде дұрыс қаржылық басқару шешімдерін қабылдауға үйрету.
Барлық қаржылық категориялар мен ұғымдарды, олардың әлеуметтік-экономикалық мазмұнын анықтауды студенттің меңгеру барысында, оны теориялық дайындықпен қамтамасыз ету маңызды. Студенттің қазіргі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы кезеңінде қаржыны қайта құру бағытын радикалды экономикалық реформа жағдайында негіздеп бере білуі міндетті.
Бұл оқу құралының ерекшелігі бірнеше қаржылық пәндермен тығыз байланысты: «Қаржы теориясы», «Қаржы менеджмент», «Ақша, несие және банктер», «Бухгалтерлік есеп» т. б.
Оқу құралы 9 тараудан тұрады. Жеке тараулар оқу бағдарламасына сәйкес басты тақырыптар мен сұрақтарды қамтиды. Әрбір тараудан соң бақылау сұрақтары да берілген. Ол студенттердің өткен тақырыптарды жете меңгеруіне және емтиханға дайындалуын қамтамасыз етеді.
Бұл қазақ тілінде дайындалған бірінші оқу құралына қосымша ретінде оқу бағдарламасына сәйкес кейбір тақырыптармен толықтырылып жазылды.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі оқушылардың корпоративтік қаржы пәні жайлы қосымша білімін жетілдіруге көмектеседі.
1-ші тарау. Корпоративтік қаржылардың мазмұны және ұйымдастыру негіздері
1. 1. Копорация қаржыларын ұйымдастыру ерекшеліктері
Қазіргі нарықтық экономикада шаруашылық субьектілер арасынан корпорациялар маңызды орынға ие болуда. Соңғы онжылдықта «экономиканың корпоративті секторы» деген термин қазіргі заман бизнесінің экономикалық теориясы мен тәжірибесіне кең түрде енуде. Экономиканың нақты секторындағы жетекші орынды корпорациялар алады. Мысалға, АҚШ-та компания нарығының 1/5 бөлігін алатын корпорациялар жалпы сату көлемінің 80%-на ие.
Көптеген жағдайларда корпорациялар акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырылып, өздерін шаруашылық субьектілердің өзіндік және ерекше түрі ретінде көрсетеді. Корпорациялар акционерлік қоғам ретінде келесідей ерекшеліктермен көрініс табады:
Біріншіден, компания иелерінің қолында бар бөлінген акциялар нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардың акциялары қор нарығында сатылады және сатып алынады.
Екіншіден, акционерлік қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына олардың өздерін өз бастамашылығымен қызмет атқаратын заңды тұлға ретінде көрсетуінде.
Үшіншіден, акционерлік қоғамдар өндірістік және коммерциялық қызмет мақсатында ұйымдастырылады.
Төртіншіден, қазіргі заманның акционерлік қоғамдары өздерін бизнесті ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді.
Олар едәуір қосылған құн жасайды, ірі капитал қорын жинақтайды, қарыздың жоғары деңгейін болдырмауға тырысады, үлкен табысқа ие және жетекші қаржылық технологияларды қолданады.
Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың корпоративті секторын құрайды. Олар нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастырудың әртүрлі және қазіргі заманның талаптарына сай технологияларын қолданылады.
Сонымен қатар, ірі акционерлік қоғамдардың қаржыларының жиынтығы түріндегі корпоративті қаржылар - компания мен экономиканың басқа да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанындағы әртүрлі ішкі және сыртқы қарым-қатынастарын білдіреді. Олар компанияның табыстарын құру, бөлу және пайдалану процесінде пайда болады. Корпоративті қаржылар ақша қатынастарының ауқымдылығымен және әртүрлілігімен ерекшелінеді.
«Корпорация» (латын сөзінен алынған) - тап немесе маманданған мүдделерімен біріккен қоғамдасты, қоғам, одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол капиталистік жүйеде кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы, қазіргі кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі түрлеріне айналып отыр.
Ван Хорн копорацияға келесідей анықтама береді: «Корпорация - бұл заңды негізде құрылған кәсіпорын, оның мүлікті иемденуде және міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар».
Росс С. бұл ұғымға келесідей түсініктеме береді: «Корпорация - құрылтайшылары бір немесе одан да көп жеке немесе заңды тұлғалар болатын дербес жеке тұлға ретінде құрылған бизнес түрі».
Басқа бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша белгілері - олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе жеке кәсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне шектеулі емес жауапкерліксіз өз атынан ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие. Сондай-ақ корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір бөлігіне құқығы акционерлік капиталдағы үлесімен расталады, мұндағы әр акция иеленушіге акцияның жалпы мөлшеріне сәйкес мүлік бөлігі тиесілі.
Келесі бір артықшылығы бұл акцияларды өзге тұлғаларға беруге болады. Сонымен қатар, акция иелері өз акция пакетін басқа инвесторларға сатып, корпорациядан шықанымен корпорация өз қызметін тоқтатпайды.
Сонымен бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде корпорацияның негізгі артықшылықтары болып келесілер табылады: меншік құқығын иелену және жаңа акция пакеттерін эмиссиялау көмегімен салыстармалы түрде аз уақытта қосымша ақша ресурстарын алу. Бұл екі артықшылық индустриалды дамыған елдерде корпоративтік қаржыландыруда маңызды рөл атқаратын қаржы нарығында нақтылы іске асырылады.
АҚШ, Канада, Жапония және тағы басқа индустриалды дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік ұйымдастырылу нысаны шешуші болып табылады.
Мамандардың бағалауы бойынша бүгінгі таңда 150 мемлекеттегі 180 мың бөлімшелерін қоса алғанда корпоративтік құрылым белгілеріне ие 40 мыңға жуық салааралық бірлестіктер бар. Олар дамыған мемлекеттердің саудасы мен өнеркәсіптік өнімдердің 50 %, «ноу - хау», технология, жаңа техникаға барлық лицензиялар мен патенттердің 80% жуығын бақылауда.
Шоғырландыру мен орталықтандыру корпоративтік құрылымдардың құрылуына бастапқы негіз қызметін атқарады.
1. 2. Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидалары
Корпоративтік қаржыларды ұйымдастыру қағидаларына төмендегілер жатады:
- шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
- өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі өтеу;
- айналым қорларын қалыптастыратын көздердің меншікті және тартылған болып бөлінуі;
- ақшалай (резервтер) ресурстардың болуы.
Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу қағидасының мәні - корпорацияларға өндірістік және ғылыми - техникалық дамуы туралы шешімдерді қабылдауға және оны іске асыруға қолда бар материалдық, еңбек және қаржылық ресурстар тұрғысынан дербестік беру. Корпорация тікелей өзі қызметін жоспарлайды және өндірілетін өнімге (қызметке) деген сұранысына байланысты даму перспективасын анықтайды. Жедел және ағымдағы жоспарлардың негізін өнімді тұтынушылар мен материалдық шикізаттарды жеткізушілермен жасалған келісім - шарттар (контрактілер) құрайды. Қаржылық жоспарлар өндірістік (бизнес-жоспарларды) жоспарларда көзделген шараларды ақшалай ресурстармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттің бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруге бағытталған.
Қосымша - қаржы ресурстарды тарту үшін корпорациялар бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар) шығарады және қор биржалардың қызметіне қатысады.
Өзін-өзі реттеу қағидасының мәні - корпорацияның дамуына жұмсалған қаражаттар пайда және басқа да меншікті қаржылық ресурстар есебінен өтелуі тиіс. Бұл қаражаттар корпорацияның меншікті капиталының минималды нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге қажет. Қаржыландыру жай және ұдайы өндірістегі меншікті көздердің және бюджет есебінен жүргізіледі және бюджет жүйесіне салық төленеді.
Өзін-өзі қаржыландыру өзін-өзі өтеуге қарағанда тек рентабельдік жұмысты емес, сонымен бірге бюджет жүйесінің кірісін қалыптастыруды жай және ұдайы өндірісті іске асыратын коммерциялық негіздегі қаржы ресурстарын қалыптастыруды көздейді.
Өзін-өзі қаржыландыру қағидасы келісім-шарттағы міндеттемелерді, несиелік-есеп айырысу және салықты төлеу ережелердің орындалуы үшін корпорацияның материалдық жауапкершілігін күшейтуге мақсатталған.
Шаруашылық келісім шарттарды бұзғаны үшін айыппұл төлемдерін өтеу, басқа ұйымдарға шығындарын төлеуден, кәсіпорынды өнімді (жұмысты, қызметті) жеткізу міндеттемесін орындаудан босатпайды.
Айналым капиталының қорлану көздерінің меншікті және тартылған болып бөлінуі экономиканың арнайы салаларында өндірісті ұйымдастыру және технологиялық ерекшеліктерімен анықталады.
Маусымдық сипаттағы өндіріс салаларында айналым қорлардың тартылған көздерінің үлесі басым, ал ауыр өнеркәсіп, көлік, коммуникация салаларында меншікті айналым қорлары басым.
Қаржы резервтерін құру қағидасы нарықтық коньюнктура жағдайында корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерді өтемеу жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажет.
Акционерлік қоғамдағы қаржы резервтері таза пайдадан заңды негізде құрылады, ал басқа шаруашылық субьектілерде олардың жинақталуы құрылтайшылық құжаттарда белгіленеді.
Практикада бұл қағидалардың іске асырылуы қаржы саясатын жасау және шаруашылық субьектінің қаржысын басқару жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Ол үшін төмендегідей жағдайларды ескерген жөн:
- қызмет саласы (коммерциялық және коммерциялық емес) ;
- қызмет түрі (бағыты) - экспорт, импорт;
- салалық ерекшелігі (өнеркәсіп, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы) ;
- кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары.
Бұл қағидаларды орындау корпорацияның табыстылығын және қаржылық тұрақтылығын практика жүзінде арттырады.
1. 3 Ұйымдық-құқықтық нысанына сәйкес қаржылық қатынастардың ерекшеліктері
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны, олардың қаржылық ерекшеліктерін көрсетеді. Кәсіпорындардың қаржысын заманға сай ұйымдық-құқықтық нысанының жалпы және негізгі ерекшеліктерін айқын көрсетуге өте қажетті. Ол өз ішінде керекті нысанын, формасын анықтауды көздейді. Практика жүзінде кәсіпорын қаржылық ерекшеліктерді ескермесе, онда ол жеке меншікті иеленушілердің, әкімшіліктердің, жұмысшылардың арасында келіспеушілікке алып келуі мүмкін.
Кәсіпорынның ұйымдық-құықтық нысаны өзінің жарғылық капиталында көрсетіледі, ал ол өз кезегінде заңнама талаптарына сәйкес болуы керек. ҚР-ң заңнамасында меншіктің екі нысаны қарастырылған: жеке және мемлекеттік меншік. Жеке меншікке азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі кіреді. Меншік құқығының ерекше түріне қоғамдық ұйымдардың меншігі жатады.
Мемлекеттік меншікке республикалық және коммуналдық меншік жатады. Жоғарыда аталған меншік нысандарының ішінде әртүрлі шаруашылық құрылымдар құрылуы мүмкін, ол өз кезегінде көп түрлі ұйымдық-құқықтық шаруашылық нысандарын құрайды.
1. Мемлекеттік меншікке негізделген, мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде:
- республикалық - ҚР-ң әлеуметтік және экономикалық дамуына, жалпы мемлекеттік мақсаттарға сәйкес негізделген.
- коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар - белгілі территорияға байланысты тұрғылықты халықтың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында құрылады және ол жергілікті тәуелділікте, басқаруында болады.
2. Заңды тұлғалардың жеке меншігінде құрылған кәсіпорындар:
- шаруашылық серіктестіктердің әр түрлі, соның ішінде, акционерлік қоғамдар, кооперативті кәсіпорындар және ұйымдар.
3. Қоғамдық бірлестіктердің меншігінде құрылған кәсіпорындар.
4. Құрылтайшылардың бірлескен мүлкінен, соның ішінде шетел заңды тұлғалардың және азаматтардың бірлескен кәсіпорындары.
5. Азаматтардың меншігінде негізделген жеке меншігі.
6. Жоғарыда аталған меншік нысандарынан құрылатын аралас кәсіпорындар.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жіктемелік сипаттамасы, әсіресе жеке субьектінің күрделі қаржылық жүйесінің ерекшеліктері оны әрдайым жақсартып отыруды, қызметін құқықты негізде реттеуді, тиімді басқаруды және қаржылық процестерін бақылап отыруды қажет етеді.
Корпорация қаржысының ұйымдастырылуы келесідей негізде жүргізіледі:
бірінші - кәсіпорындарды заңды тұлға деп тану белгілері:
1) мүліктің жекешеленуі, бухгалтерлік баланстың болуы;
2) осы мүлкімен, міндеттемелері бойынша жауапкершілік;
3) банкте есеп шотының болуы;
4) өз атынан қатынасқа түсуі.
екінші - кәсіпорын қаржысының ұйымдастырылу қағидасы:
1) дербестік;
2) өзін-өзі қаржыландыру;
3) қаржылық қызметінің нәтижесіне қызығушылық;
4) қаржылық қызметінің нәтижесіне жауапкершілік;
5) қаржылық қызметті бақылау.
үшінші - кәсіпорынның қаржылық ресустарының қалыптасу көздері:
1) амортизациялық төлем;
2) қаржылық қызметтерден және шаруашылық іс-әрекеттердің барлық түрлерінен келетін пайда;
3) серіктестікке қатысушылардың қосымша пай жарнасын төлеу;
4) шығарылатын облигациялардан алынатын қаражат;
5) акционерлік қоғамдардың жабық және ашық түріне акцияларды шығару арқылы және үйлестіру арқылы жұмылдыратын қаражаттар;
6) банктерден алынатын мезгілінен бұрын төленетін несиелер және басқа кредиторлардан алынатын несиелер (облигациялық займдардан басқа) ;
7) басқа да заңды қаражат көздері (заңды тұлғаның және жеке тұлғаның ерікті ақысыз жарна төлемі) .
Акционерлік қоғам заңды және жеке тұлға акционерлерін біріктіреді. Акционерлік қоғамдардың акционерлердің құқықтарын қорғау акционерлік қоғамның қаржылық қызметінің негізгі жағдайы болып табылады. Акционерлік қоғамның мүліктері тапқан табыстардан құралады, оны ашық түрде сатып немесе жабық түрінде тіркелу арқылы және басқада құралу көздерден көруге болады.
Мүліктің қалыптасып құрылуы:
- акцияларды жабық және ашық нысанда сату;
- табыс табу, алу;
- басқа да құралу көздері.
Акционерлер қоғамның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздеріне тиесілі акциялары шегінде тәуекел етеді.
Акционерлер өздеріне тиесілі акцияларына толығымен қоғамның міндеттемелері бойынша төленбеген сома көлемінде ортақ жауапкершілікте болады.
Акционерлік қоғамның фирмалық атауы болады, оның ұйымдық-құқықтық нысанын және түрін анықтайды.
Акционерлік қоғамның құрылуы, немесе нақты заңды тұлғаны ұйымдастыру ол мемлекеттік орындарда міндетті тіркелген кезден бастап құрылды деп есептелінеді.
Акционерлік қоғамды құруға қатысушылар өз араларында шарт жасасады, ол шартта бірлесіп қоғамды құру тәртібі, жарғылық капиталдың мөлшері, акциялардың түрлері және категориялары, оларды қалыптастыру туралы, талап тәртібі, құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Қоғамды құру шарты, оның құрылтай құжаты болып табылмайды.
Акционерлік қоғамды мемлекеттік тіркеуге дейінгі құрылуына байланысты қоғамның міндеттемелеріне ортақ жауапкершіліктері болады. Акционерлік қоғамды құруға байланысты құрылтайшылардың міндеттемелері бойынша қоғам жауап береді, егер де ол акционерлердің жалпы жиналысында келісіп бекітілсе.
Акционерлік қоғамның негізгі бір ғана құрылтай құжаты жарғы болып табылады. Құрылтай құжатындағы көзделген мәселелер, АҚ органдардың және барлығына бірдей орындау міндетті деп қаралады.
Акционерлік қоғам жарғысының қысқаша мазмұны келесідей:
- орналасқан жері және толық немесе қысқаша фирманың атауы;
- қоғамның үлгісі;
- қоғаммен қалыптастыратын акциялардың категориялары, саны, номиналды құны және артықшылықты акциялардың түрлері белгіленеді;
- әрбір акцияларды иеленушілердің оның категориялары мен түрлері;
- жарғылық капиталының мөлшері;
- қоғам органдарының шешім қабылдау тәртібі, өкілеттіктері және құрылымы;
- акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізу тәртібі, сондай-ақ қоғам басқару органдарының шешім қабылдау тәртібі, оның ішінде шешім білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелердің тізбесі;
- бөлімшелер және өкілдіктер туралы мағлұмат;
- тағы басқа ережелер.
Жарғылық капиталдың мөлшерін кеңейту мақсатындағы қосымша шығарылатын акцияларды номиналды құны есебімен тіркеледі.
Жарғыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу немесе қабылдау акционерлер жалпы санының 3/4-нен анықталады.
Дивиденд төлеу көздері - таза табыс, одан басқа да арнайы қорлар.
Акцияларға дивиденттер төлеуде келесі шектеулер бар:
- жарғылық капитал толығымен төленгенше;
- барлық акциялар төленгенше;
- дивиденттер төлемі уақытында дәрменсіздігі анықталса;
- егер таза активтер құны жарғылық капитал және резервтік капиталдың мөлшерінен төмен болса.
Жарғылық капиталдың маңызды мәселелері қоғамның жалпы жиналысында қаралады, ол өз кезегінде Акционерлік қоғамның жоғарғы басқару органы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жылдық жиналысы қоғамның жарғылық капиталында белгіленген уақытында жүргізіледі, (яғни қаржылық жыл өткен соң кемінде және алты ай мерзім аралығында) .
Қоғамның жалпы жиналысының құзырына мынадай қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелері кіреді:
- акционерлік қоғамды қайта құру;
- акционерлік қоғамды тоқтату, тексеру комиссияларын тағайындау және бір жолата тоқтату баланстарын бекіту.
- жарияланған акциялардың шекті көлемін анықтау;
- қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшерін акциялардың номиналды құны бойынша немесе қосымша акцияларды қалыптастыру арқылы көбейту;
- қоғамның тексеру комиссияларының мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату;
- қоғамның аудиторын бекіту;
- қоғамның жылдық қаржы есебін, бухгалтерлік балансын, табыстар және шығындар есебін, оның табыстарын және шығыстарын бекіту;
- қоғам қалыптастырған акцияларды сатып алу және иемдену, егер ол заңда көрсетілсе.
Директорлар Кеңесі - қоғамның жалпы басшылық жасайтын органы. Қоғам жарғысындағы Акционер - қатысушылардың акциядағы үлес салмағы 50%-дан кем болған жағдайда, директорлар кеңесінің қызметін акционерлердің жалпы жиналысы атқару мүмкін.
Акционерлік қоғамдағы шаруашылық бақылауды жүргізу үшін жарғыға сәйкес акционерлер жалпы жиналысымен тексеру комиссия немесе тексеруші сайланады. Тексеру комиссиясының қызмет ету тәртібі акционерлік қоғамның ішкі құжаттарымен анықталынады, өз кезегінде акционерлердің жалпы жиналысымен бекітіледі.
Тексеру комиссиясынан басқа жалпы жиналыстың бекітуімен акционерлік қоғамды аудитор бақылауы мүмкін. Тексеру комиссиясы және аудитор акционерлік қоғамның шаруашылық қызметін және қорытындысын жасайды.
Оған мыналар кіреді:
- акционерлік қоғамның есеп беру құжаттарында және басқада қаржылық құжаттарда мәліметтердің дұрыстығын тексеру;
- бухгалтерлік есептің және қаржылық есеп беру ережелердің бұзылғандығы жайлы мағлұмат беру. Акционерлік қоғамның қызметін акционерлер бақылау қажет, себебі олардың акциялары еркін айналымда жүреді.
1. 4. Корпорация қаржыларын басқару
Коммерциялық қызметтің мақсаты - пайда табу. Коммерциялық бағытта материалды өндіріс саласы кәсіпорындарының көп бөлігі және материалды емес саланың мекемелері мен ұйымдарының басым бөлігі қызмет етеді.
Барлық кәсіпорындардың қаржыларын басқару бірдей қағидалар негізінде жүзеге асады. Коммерциялық корпорациялардың қаржылары келесі қағидаларға негізделеді:
- коммерциялық есеп;
- жоспарлылық;
- барлық меншік түрлерінің теңдігі;
- қаржылық резервтердің болуы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz