Атмосфераның антропогендік ластануы

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады.Амосфераның табиғи жолмен ластануы,тау жыныстарының үгітілуіне,шаңды дауылдардың тұруына,орман өрттеріне,теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы су ерітінді тамшыларының құрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Қоршаған ортаға еңген немесе шектен тыс мөлшерде пайда болған және ортаны ластайтын кез-келген физикалық агенттерді, химиялық зат тектерді және биологиялық микроорганизмдерді ластағыштар деп атайды.Ластағыштардың атмосферада таралуын анықтайтын ең негізгі параметрге олардың атмосферада болатын уақыты жатады. Осыған байланысты ластаушы зат тектердің өзі немесе шығарындылар үш түрге бөлінеді:
- әлемдік көлемде ластайтындар-қай жерде шығарылсада қоршаған ортада әлемдік аумақта тарайтын қабілеті барлар, атмосферада көп уақыт бойы сақталатын шығарынды заттектер.
- аймақтық көлемде ластайтындар- үлкен аймақты ластайтын, бірақта оның мөлшері осы жердің шекарасынан асқасын тез төмендегіне қарамай ластанудың іздік мөлшерде жан-жаққа таралып, шектеулі уақыт бойы атмосферада сақталатын шығарынды заттектер.
- жергілікті көлемде ластайтындар- атмосферада аз уақыт қана сақталатын заттектер.
Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әүрлі аурулар қоздыратын актериялар,саңырауқұлақ споралары,кейір өсімдіктердің тозаңдары жатады.Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға болады.Космос шаңы атмосферада жаңған метеориттер қалдықтарынан пайда болады.Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады,60-70 км биіктікте көбісі жанып үлгереді.Ғалымдардың болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 10 кішігірім метеорит түседі.Жерді атмсофера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды.Табиғи шаң да Жермен жансасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады.
Табиғи шаң бөлшектерінің тегі органикалық және анорганикалық,олар келесі процестер нәтижесінде түзіледі:
-тау-кен жыныстарының және топырақтың бұзылуы мен желмен мүжілуі;
-жанар таудың атқылауы;
-орман, дала және шымтезек өрттері;
-теңіз бетінен судың булануы.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Атмосфераның антропогендік ластануы.

Амосфераның төменгі қабаттарын шаңмен ластайтын көздердің арасында шөлді дала мен басқа да сусыз даланы айырқша атап кетуге болады.
Атмосферадғы шаң буды суға айналдырумен қатар,күн радиациясын тікелей сіңіреді және тірі ағзаларды күн сәулесінен қорғайды.
Амосфералық ластануға табиғаттың алапатты құбылыстарының қосатын үлесі айтарлықтай жоғары.Мысалы,орта есеппен жанар таулардың атқылау нәтижесінде жылына атмосферға 30-150 млн.т газ және 30-300 млн.т ұсақ дисперті күл тасталып отырады,тек Пинатубо жанартауы атқылаған кезде атмосфера ауасына 20 млн.т күкірт диоксиді шғарылады.Жанартаулар атқылағанда атмосфераға бірқатар фитопатогендік активтілігі жоғары химиялық ластсғыштар-сынап,мышьяк,қорғсын,се лен түседі. Ірі орман өрттерінің салдарынан атмосфера көп мөлшердегі шаңмен ластанады. батыс Сібірде 1915 жылы болған орман өрті 1,5 млн. км. кв ауданды қамтып, одан шыққан түтін 6 млн. км-ге жуық аумаққа таралды.
Атмосфералық ластанудың антропогендік көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы т.б жатады. Тек өндірістік кәсіпорнындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат, материалдар, құрал- жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар, энергетикалық шығарындылар, шу, инфродыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультакүлгін, лазерлі сәулелер және т.б. Ауаны ластайтын компонанттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Атмосфераға тасталатын 52 Гт әлемдік антропогендік шығарындының 90% -ін көмір қышқыл газы мен су буы құрайды. Техногенді шығарынлылардың құрамында бірнеше мыңдаған қосылыстар кездеседі. Бірақта олардың ішінде ең көп мөлшерде, яғни тонналап атмосфераға шығарылатындарға қатты бөлшектер көміртек оксиді, күкірт оксиді, азот оксидтері, әртүрлі ұшпа көмір сутектері, фосфор қосылыстары, күкіртті сутек, аммияк, хлор, фторлы сутек жатады. Олардың ішінде алғашқы бесеуі ауа бассейініне млн. тонналап тас салады, мына кестеде олардың дүниежүзі бойынша мөлшері және Ресейге қатысты мәліметтер келтірілген.

Негізгі ластаушы компоненттердің атмосфераға тасталатын мөлшері (млн.т) (Т.А. Акимова, А.П.Кузьмин, В.В. Хаскин, 2000)

Заттектер
Дүние жүзі бойынша
Ресей

Тұрақты көздер
Көлік
Тұрақты көздер
Көлік
Қатты бөлшектер
57
80
6,4
3,7
Көміртек оксиді
177
200
7,6
10,1
Күкірт оксиді
99
0,7
9,2
-
Азот оксиді
68
20
3,0
1,1
Көмірсутектері
4
50
0,2
2,0

Барлық ұйымдастырылған көздерден шығатын ластағыштардың жалпы жылдық массасы осы бесеуінікін бірге қосқанда орта шамамен 800 млн. т құрайды. Бұл көлемге жел эрозиясының, орман өрттерінің және жанар таулардың атқылау салдарынан ауаға бөлінетін ластағыштар және әр түрлі жолмен тазаланатын газдардағы зиянды заттектер кірмейді.
Атмосфераның ең көп ластанатын жері өнеркәсіпті аймақтар, атап айтқанда, ірі кәсіпорындар орналасқан және көлік жүйесі дамыған қалалардың ауа бассейні.
Атмосфераға антропогендік әсер тікелей немесе жанама түрде болуы мүмкін. Жанама әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу салдарынан атмосфераның жағдайына әсердің тиюі. Бұған ормандар, жойылған алқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларын ашық әдіспен жаппай алынуы жатады. Жер бетінің қасиеті мен сипаттамасының өзгеруі жер-атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне, альбедо шамасына, жер бетінің жылу сипаттамасына және осыған сәйкес атмосфераға берілетін жылу мөлшеріне, атмосфераға өтетін ылғалдылыққа әсерін тигізеді. Ал тікелей әсерге мысал ретінде өндірістерден шығатын тастанды заттектерді: күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстарын, аммиякты, көмір сутектерін, радиоактивті газдарды, шаңдарды, озондарды, сутекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамзаттың экологиялық проблемалары
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Ауа ластануын экологиялық бағалау
Қоршаған ортаның, атмосфераның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы – ғаламдық мәселелер
Атмосфераның ластаушы көздері
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі
Антропогендік әсерлер
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Табиғи ресурстар және оларды ұтымды пайдалану
Пәндер