Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты
өмір салтын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің cалауатты өмір сүрудің негізгі элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
3. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16


ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33
Курстық жұмыстың өзнектілігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында «Ана, әке және мен – салауатты жанұя!» мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып, медицина қызметкерлері балалары және емханаға қаралуға келген балалардың қатысуымен өткізілді.
Салауатты өмір салты — аурудың алдын алу шаралары, қалыпты тұрмыс-тіршілік және күнделікті дағдыға айналған дене шынықтыру жаттығулары. Десекте, салауатты өмір салтының функциялары бұданда гөрі ауқымдырақ.
1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық білім беру ұйымдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Атырау облысы бойынша Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы «Ақбота» тәрбиенушілерін «Балдәурен» балалық шаққа» атты мерекелік шараға шақырды. Шара «Нұрдәулет» мейрамханасында өтті. Шараға биылғы бітіруші түлектер және концерттік бағдарламамен 30 тәрбиеленуші қатысты. Балаларға тәтті үстел, сыйлықтар табыс етіліп, мектеп бітірушілерге сәт-сапар тілек айтылды. Осындай шара «Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиенушілері де үшін «КСАД Дойтаг Дриллинг ГМБХ» компаниясы «Ақ Жайық» мейрамханасында ұйымдастырды.
1. //Биология және салауаттылық негізі -2003,-№1
2. //Валеология, дене тәрбиесі, спорт,- 2003-№6-40-41б.
3. // Валеология, дене тәрбиесі, спорт,- 2002-№5-6-22-25б
4.//Яссауи университетінің хабаршысы: Қоғамдық ғыл. Сериясы-2003-№3-201-204б
5. // Өмір –тіршілік қауіпсіздігі-А 2004 68.9 (5 қаз) ө-44
6. Х.Ә. Нұрлақұлы. К.Б. Исабекова Тіршілік қауіпсіздігі- Түркестан -2004-96-105б 68.9 я 73 н 86
7. Брехман И.И. Введение в валеологию наука о здоровье.
8.. Как быть здоровым". Алматы, Национальный центр по
жизни. Под руководством А. Аканова, 1998.
9. Горчак С.И. К вопросу о Функции здорового образа жизни. М. Наука 1979 98 с
10. Степанов А.Д., Изуткин Д.А. Критерий здорового образа жизни и предпосылки
формирования // Советское здравохранения, 1981, =5. 48-50 с Лисицин Ю П
жизни и здоровье населения. Москва, Знание 1987 -328с
11.Акимов М.В. Индивидуальный стиль здорового образа жизни - цель обучения в систма физкультурного образования // Теория и практика физической културы 1993 :9 ІОс
12.Бутенко А.П. Социалистической образ жизни: проблемы и суждения. Москва, Наука. 1-18с.
13.Болашақ. №33(456), 2007.
14.Білім әлемі. №9(119). 2007.
15.Білім әлемі. №2(0112), 2007.
16.Егемен Қазақстан. 15 тамыз. 2007 ж.
17.Қоянбаев. Ж.Б. Педагогика. А-1992.
18.Педагогикалық ізденіс. А-1990.
19.Педагогикалық ізденіс. А-1989.
20.Дайрабаев Е., Дайрабаева А.Педагогика пәнінің негіздері. А-2005-223 б.
21.Жұмабаев М. Педагогика. А-1993.
22.Сағындықов Е. Педагогика. А-1999.
23.Әбиев Ж.., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. А-2004.
24.Тілеуова С., Әліпбек А. Педагогика. Ш-2006-160 б.
25.Сейталиев К.Б. тәрбие теориясы. А-1986.
26.Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. А-2004.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын
қалыптастырудың педагогикалық жүйесі

Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты
өмір салтын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
2. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің cалауатты өмір сүрудің
негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..7
3. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің қоғамда салауатты өмір
салтын қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...31

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33

І. Кіріспе

Курстық жұмыстың өзнектілігі: Салауатты өмір салтын қалыптастыру
орталығының ұйымдастыруымен қалалық балалар емханасында Ана, әке және мен
– салауатты жанұя! мәдени шарасы 1 маусым балаларды қорғау күніне арналып,
медицина қызметкерлері балалары  және емханаға қаралуға келген балалардың
қатысуымен өткізілді.
Салауатты өмір салты — аурудың алдын алу шаралары, қалыпты тұрмыс-
тіршілік және күнделікті дағдыға айналған дене шынықтыру жаттығулары.
Десекте, салауатты өмір салтының функциялары бұданда гөрі ауқымдырақ.
1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай барлық білім
беру ұйымдарында мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
 Атырау облысы бойынша Қазақстанның кәсіпкер әйелдер одағы  Ақбота
тәрбиенушілерін Балдәурен балалық шаққа атты мерекелік шараға шақырды.
Шара Нұрдәулет мейрамханасында өтті. Шараға биылғы бітіруші түлектер және
концерттік бағдарламамен 30 тәрбиеленуші қатысты. Балаларға тәтті үстел,
сыйлықтар табыс етіліп, мектеп бітірушілерге сәт-сапар тілек айтылды. 
Осындай шара Шаңырақ отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиенушілері
де үшін КСАД Дойтаг Дриллинг ГМБХ компаниясы Ақ Жайық мейрамханасында
ұйымдастырды.

Курстық жұмыстың мақсаты: ата-ананың өз баласын тәрбиелеудегі
салауаттылықтың орын алуы, өмірге деген көзқарастың мәдениетін
қалыптастыру, салауаттылық арқылы денсаулықты сақтау, күшейту.
Ата-ана мен балалар арасындағы психологиялық қарым-қатынасты жетілдіру. Бұл
шараға балалар ата-аналарымен бірге қатысты.
Ақбота балалар үйінің балалары өздерінің дайындаған концерттік
бағдарламасымен салауаттылық пен денсаулықты сақтауға бағытталған
К.Чуковскийдің Мойдодырь ертегісінен көрініс көрсетілді.
Курстық жұмыстың міндеті: Салауаттану енгізілгені ұзақ уақыт болған
жоқ. Дегенмен, бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар елеулі. Бұл жұмыстардың
негізгі бірі өткен жылы арнаулы Салауаттану оқулығының жарық көруі
оқулыққа азда болса, қысқаша қосымша әдістемелік нұсқаудың жарық көруі
мектеп мұғалімдерінің жұмыстарын біршама жеңілдетеді.

1. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын
қалыптастыру

Елорданың Сарыарқа аудандық әкімдігінің ұйытқы болуымен “Денсаулықты
салауаттандыру – қауіпсіз болашақтың кепілі” деген тақырыпта дөңгелек
үстел өткізілді. Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ұйымдастырылған бұл
басқосуға қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық және үкіметтік емес
ұйымдар өкілдері, әлеуметтік сала мамандары, кәмелеттік жасқа жетпегендер
ісімен айналысатын инспекторлар қатысты.
Кездесу кезінде алғашқы сөз кезегін алған Сарыарқа ауданы әкімінің
орынбасары Гүлнар Қасенова елордадағы мектеп жасына дейінгі және мектеп
жасындағы жас жеткіншектердің оқу-білім жүйесіне тартылу деңгейін қадағалау
бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілгеніне, әсіресе мектеп оқушыларының
арасында кең етек алып бара жатқан заң бұзушылық және қылмыстық
әрекеттермен күресу мақсатында қолға алынған іс-шараларға тоқталды. Гүлнар
Қайырбекқызының айтуына қарағанда, Сарыарқа аудандық әкімдігінің
қарамағында қазіргі таңда 14 аула клубы болса, оларға 3060-қа тарта жас
жеткіншек тартылған екен. Онда, әсіресе, тұрмыстық деңгейі төмен
отбасылардың балалары мен ата-аналарының қарауынан шет қалған
жасөспірімдерге айрықша мән берілетін көрінеді. “Мәселен, салауатты өмір
салтын насихаттау мақсатында жыл басынан бері “Жасөспірім”, “Көше”,
“Құқықтық тәртіп” секілді түрлі сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылып,
нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық әрекеттер анықталды. Бұл бағыттағы
жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады”, –дейді Г. Қасенова.
Ал аталмыш басқосуда баяндама жасаған қалалық Салауатты өмір салтының
негізін қалау орталығының директоры Лейла Ысмағамбетованың әңгімесі қаланың
денсаулық сақтау департаментінің, медициналық ұйымдардың, Қазақ мемлекеттік
медициналық академиясының бастамасымен қолға алынған “Астана қаласында 2006-
2008 жылдары салауатты өмір салтын құру” атты кешенді бағдарлама
төңірегінде өрбіді. “Бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында біздің
орталыққа биылғы жылы 58 млн. 771 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл
өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көп. Аталмыш бағдарлама екі бағыт бойынша
жұмыс жүргізетін болады. Біріншісі – Астанада салауатты өмір салтын
қалыптастыру, екіншісі Астана – нашақорлыққа қарсы деп аталады. Осы
бағыттарда кешенді жұмыстар кезең-кезеңмен қолға алынып жатыр”, – деді
орталық басшысы.
Кездесуге қатысушылар мұндай бағдарламалардың өз кезегінде салауатты
өмір салтын насихаттау мен орнықтыруда айрықша рөл атқаратынына тоқтала
келіп, осы мәселе төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

2. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің cалауатты өмір сүрудің
негізгі элементтері.

Салауатты өмір сүру, негізінде, қоғамның және жеке адамның рухани,
әлеуметтік моральдық-өнегелілік жағдайына тікелей байланысты әрі оған
күнделікті өмір сүру салты мен дағды өз әсерін тигізеді. Солардың ішінде:
* адамның күнделікті қозғалу режімі (айналысатын
еңбек түрі, денешынықтыру, тренировка, ертеңгі
гимнастика т.с.с.) жатады;
* организмді шынықтыру;
* еңбек және демалыс гигиенасы;
* жеке басының және қоғамдық гигиенасы;
* үжымдағы психикалық-эмоциональдық қарым-
қатынасты үйлестіру;
* қоршаған ортаны қорғау (түрмыста, оқуда,
өндірісте, демалыс орнында).
Күнделікті емірде адам өміріне коршаған ортаның әсерімен көп күш түсіп
отырады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы осындай 200-ден астам
факторларды есепке алып отыр, соныц ішінде гиподинамия, ұтымсыз тамақтану
(артық дене салмағы), стрестік жағдайлар, ұйқының бұзылуы, зиянды әдеттер
(темекі шегу, арақ ішу, есірткі пайдалану).
Осы факторлардың көбісі аурулардың дамуына өз әсерін тигізуде. Олардың
алдын алу, сипаттамаларын, себеп-салдарын білу, сол арқылы аурудың әсерін
темендету арқылы аталған факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға болады.
Сол факторлардың адамзат өмірінен орын алуына адамдардың өздері жол ашып
отыр және керісінше.
Кейбір факторларды қарастырып көрейік.
сіз өзінізді сұлулықты түсінуге тәрбиелейтін бағдарлама жасайсыз. Оған
сіздің ата-анаңыз, көршіңіз, жолдасыңыз көмектеседі.
Мысалы, сіз Абай өлеңдерін окып танысқыңыз келді делік, сіз әр күні кеште
Абай өлендерін, қара сөздерін оки бастайсыз. Абай өмірі, оның өмір сүрген
ортасы, қуанышы, кайғысы, талас тартыс, жеткен жетістіктері, өмірінін
өкініштері бір сөзбен айтқанда, Абаймен бірге боласыз. Сөйтіп, сіз ол
кісіге күннен-күнге ұқсай бересіз.
Мейірімді болуға тәрбиелеңіз! Сіз өзінізді уәдеге міндетті, іскер,
мейірімді болуға күнделікті үйретіңіз.
Егер сіз біреуге баратын болсаңыз, келісілген уақытында барыңыз, біреу
сізге көмек жасаса, оған рахмет айтуды ұмытпаныз.Адамдарға қуаныш
сыйласаңыз, өзіңізде қуанышқа бөленесіз. Өзіңізді сақтайсыз. Өйткені,
жағымды көніл-күй өзіңізге қуаныш сыйлайды, ал жағымсыз жағдай керісінше
ауру туғызады. Өзіңіз біреуге жақсылық істесеңіз, өзіңізді қуанышты
сезінесіз, сізге жақсы кеңіл күй сезімі құйылады. Әр кез адамдарға жақсылық
сыйлаңыз.
Өз тағдырыңыз өзіңіздің қолыңызда! Біздің организіміміздің ең кереметгігі
сонша - ол мидың бұйрығына көнетіндігінде. Олай болса:
1. Сіз кім және қандай қасиеттері бар адам
болғыңыз келетіндігін жазыныз.
2. Сіз өзіңіздің қандай болғаныңызды
қалайсыз. Кімге ұксағыныз келеді.
3. Барлық уакытта, барлық жердесіз өзіңіз ұқсаған адам болуға тырысыңыз.
4. Оймен қиын жағдайлар түзіп, одан шығудың жолдарын ойластырыңыз. Оның
схемасын сызыңыз.
Әрқашан мынаны есіңізден шығармаңыз: іс-әрекет негізінде - әдет
қалыптастырасыз: жақсы әдет негізінде - мінез қалыптастырасыз, сол мінез
негізінде - өз тағдырыңызды жасайсыз.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың алғы шарты
Қазіргі кездегі қоғамдағы және семьядағы қалыптасқан жағдай салауатты өмір
салтын қалыптастыруға тиісті мөлшерде әсер ете алмай отыр. Бұның ең негізгі
бір себебі: барлығымыздың тіршілікте денса-улықты бірінші орынға қоя
білмейтіндігіміз.
Коптеген зерттеулерге қарағанда, біз оқушыларға:
* дүрыс тамақтану;
* жүйке жүйесін сақтау;
* денені шынықтыру;
* темекі тартпау;
* арақ ішпеу; т.б.
қажет деген дұрыс нұсқау береміз, ол дұрыс. Дегенмен, біріншіден,
үлкен адамдар осы нұсқауларды өздері күнделікті ұстай бермейді,
екіншіден, тек сақтау қажет деп ескерту ретінде береміз, ал сақтау үшін
оқушыларда қажетті шешім мен жігерді қалыптастыра алмаймыз.
Мектептегі валиология пәні- білім беретін және тәрбиелейтін пән, тек
оқушыға ғана емес, ата-аналарға да кеңес беретін пән болуы тиіс.
Қазіргі кездегі жастар тәрбиесіндегі үлкен проблемаларды шешу үшін мектеп
пен отбасының бірлескен жұмысы қажет.
Ол мәселелерді тиімді шешу үшін ата-аналардың педогогикалық
білімін көтеру ошағы мектеп болып отыр. Мектептердегі басқару стилін
жаңартуды және оқыту технологиясын өзгертуді қазіргі кезде өмір өзі қажет
етіп отыр.Олай болса, мұғалім мамандығы шағын мамандық шеңберінен шығып,
әлеуметтік деңгейге көтеріліп отыр.'_
Валеология пәні бес аспектіні қамтитын пән. Олар:
Дене аспектісі- организмдегі жүріп жатқан процестерді түсіну.
Интелектуальдық аспекті- денсаулық туралы білуді қабылдай білу.
4.Әлеуметтік аспекті-адамның қоғамдағы орнын білу.
5. Жеке тұлға ерекшелігі аспектісі-өзін-өзі жетілдіретін тәрбелейтін тұлға
ретінде тану.
Адам тіршілік жағдайына байланысты деген сұрақтың тууы заңды. Олай
болса, адам тіршілік жағдайы үш жағдайға байланысты. Олар:
1. Тіршілік деңгейіне.
2. Тіршілік сапасына.
3. Тірішілік әрекетіне.
Тіршілік деңгейі дегеніміз — адамның материалдық, мәдени және моральдық.
қажеттіліктерін камтамасыз ету (материалдык мүмкіндік)
Тіршілік сапасы дегеніміз — адам қажеттерін қанағаттандыру сапасы
(тіршілік ету жағдайы).
Тіршілік әрекеті дегеніміз — адамның жеке басының іс-әрекетіндегі алған
бағыты, адамның күнделікті іс-әрекеті.
Көптеген зерттеулер нәтижесінде ғылымдар осы үш жағдайдың адамға
әсерін мынадай қатынаста екендігін дәлелдеген.
Яғни, материалдық жағдайы мен тірішілік ету сапасы тіпті жақсы бола
тұра тірішілік жағдайларының (наркомандар, араққа салынып кетушілер т.б)
әртүрлі болатындығын білеміз.
Сонымен, адамның тіршілік жағдайы адамның өзінің жеке басының әрекетіне
байланыста екендігіне көзіміз жетті. Ал тірішілік әрекеті негізінен
тәрбиеге байланысты.
Ал, қазіргі кездегі мектептің алдына қойылып отырған мақсаттың ең
негізгісі — білімді, дені сау жеке тұлға тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ
тәрбиелеу үшін әр адам өзінің денсаулығын сақтай білуге үйренуі қажет. Ал
ол үшін не істеу қажет екендігін әр жас нақты білу керек. Міне, осы білімді
валеология пәні береді.
Дені сау тәрбиелі білімді ұрпақ тәрбиелеудің негізі мына жағдайларға
байланысты:
- тіршілік әрекетінде жас ерекшелік ескерілуі қажет:
-тіршілік әрекетінде организмді кқжетті мөлшерде шынықтыруы қажет:
- тіршілік әрекеті белгілі бір (ритімге)
тәртіпте болуы қажет:
-тіршілік әрекеті адамгершілік негізіне бейімделген болуы қажет:
-тіршілік әрекетінде зиянды әрекеттерден бас тарта алатындай болуы қажет:
- тіршілілік әрекетінде жігерлі және
өзін-өзі тежей алатындай болуы қажет.
Ал бұл қажеттіліктерді іске асыру күрделі, ойлагандай нәтижеге жету
қиын. Қазіргі кездегі өзігерісі көп, бірінші орынга материалдық игілікті
қойып тұрған күрделі өтпелі кезеңде, халықтық мәдениетінің төмен уақытында
бұған жету өте қиын.
Деген мен адам тыныс алу, ұйықтау, тамақ ішу сияқты денсаулықты
сақтауда күнделікті қажеттілік болуы керек.
Әр жас мен жасымнан денсаулығымды сақтауым қажет ол үшін мен не істеуім
керек — деген жоспар болуы шарт. Ал бұл жұмыс тұрақты жүйелі, бірте-бірте
күрделенуі қажет. Міне, сонда ғана салауатты өмір салтын іске асыра
бастадық деп айта аламыз. Бұл жұмыс нәтижелі болуы үшін мектеп пен
отбасының немесе мүғалімдер мен ата аналардың бірлескен жүмысы керек.
Осылайша істелген жүйелі жүмыс нәтижесінде жастарда салауатты өмір салтын
қалыптастырудың "Моделін" жасауға болады. Ол үшін алдымен жастарға білім
қажет. Онда: денсаулық оны сақтау, дұрыс тамақтану оның жолдары, жағымсыз
әдеттердің (арак, темекі, есірткі) организмге зияны, жыныстық жолмен
берілетін аурулар т.б жергілікті денсаулық сақтау органдары, денсаулық
сақтау орындарындағы соңғы жетістіктер, бос уақытты өткізу т.б туралы.
Екіншіден, алған білімдерін өмірде дұрыс пайдалана білу үшін білік
қажет. Онда: жолдастарына, олардың жағымсыз ықпалдарына қарсы тұра білу,
мұғалімдер мен дәрігерлермен т.б мамандармен пікір таластыру, өз ойын
дәлелдей алу, денсулығын сақтау үшін өзі жеке шешім қабылдай алу.
Үшіншіден, жастар өзіні ортасында басқаларды бағалауга және өзін
басқаға бағалатуға үйрету. Ол үшін өзің өмір сүріп отырған ортадағы
экономикалық жағдайды түсіне алу, өзін қоғамға қажетті адам ретінде
дайындау, жергілікті ұлттық — жанұялық мейлінше үлес қосу.
Бұл жұмыста жастарды алдымен шешім қабылдауға үйрету қажет, ол үшін
қажетті кеңес беру керек. Ол кеңестерді жастар қабылдау үшін оларға білім
және білік беру керек. Керек кезінде оларға ақыл айтып бағыт бағдар беріп,
қажет болса, колдау жасау қажет. Барлық жүмыста да бірлескен.
31 мамыр күні Аджип ККО компаниясының демеушілігімен интернаттық
мекемелер тәрбиеленушілерІ Махамбет Өтемісұлы атындағы драма театрындағы 
Кер-құла атты Кендібай атты көріністі тамашалады.
1 маусым күні интернат тәрбиенушілері үшін Біз бақытты баламыз атты
салтанатты шара өтті. Шараға білім беру басқармасының өкілдері, демеушлік
көрсеткен мекемелер қызметкерлері қатысты. Мереке күні концерттік
бағдарлама, асфальт бойына Әрқашан күн сөнбесін тақырыбына сурет
конкурсы, шашкалар-шахматтан жарыс, қазақтың ұлттық ойындары Арқан
тартыс, Күш сынасу, т.б., Көңілді старт спорт жарысы ұйымдастырылды.
Бұл шараға белсене қатысқан балалар марапатталып, оларға сыйлықтар табыс
етілді. Құрманғазы мәдениет сарайы балларға ән шашуын сыйға тартты.
Казком-Life өмірді сақтандыру компаниясы ұйымдастыруымен Құрманғазы
аллеясында Дорога в жизнь тақырыбында асфальтқа сурет салу конкурсын
ұйымдастырылып, оған Ақбота тәрбиенушілері де қатынасты. Самал ЖШС
қызметкерлерінің шақыруымен балаларға арналған аллеяда мерекелік шара
ұйымдастырылып, қызықты ойындар өткізілді. Балаларға балмұздақ сыйланды.
Халық банкі Акционерлік қоғамының демеушілігімен Сабыр Қазыбаев
атындағы №1 облыстық мектеп-интернат тәрбиенушілеріне мерекеге орай 2 кір
жуатын машина, компьютер сыйға тартылып, интернаттың баскетбол командасын
Республикалық жарысқа қаржыландырды.
2 маусым күн жеке кәсіпкердің ұйымдастыруымен 110 бала Евразия,
Рауан ойын сауықтыру орталы,ына барып, Ардагер кинотеатрында кино
тамашалады.
Ағымдағы жылдың 21-22 мамыры аралығында Теңіз кен орыны Теңізшевройл
ЖШС - інің мердігер мекемелері қызметкерлерінің арасында зардап
шеккендердің жалы саны 215 адам болатын тағами уытты жұқпалардың бұрқ ете
түсуі тіркелді.
Тамақтан улану фактісі туралы шұғыл хабарлама алынғаннан кейін облыс
әкімінің бірінші орынбасарының басшылық етуімен облыстық комиссия құрылды,
оқиға орынында облыстық Мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы бастығының басшылық жасауымен және құрамына аудандық әкімияттың,
ТШО мен басқа да қызығушылық танытқан мекемелер өкілдерінің қатысуымен
шұғыл штабтың жұмысы ұйымдастырылды.
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету мен індетке қарсы іс-
шаралар жүргізу үшін кен орынына облыс орталығынан дәрігер – инфекционистер
мен эпидемиологтар, санитарлық дәрігерлер, мейірбикелер бригадасы
жіберілді.
Жүргізілген шұғыл шаралардың нәтижесінде аурушаңдықты тежеу мен ахуалды
тұрақтандыруға қол жеткізілді.
Теңіздегі тамақтан уланудың себептерін зерттеудің нәтижелері:
Теңіз кен орынындағы вахталық поселке қызметкерлерінің тамақтан
улануының себебі ішек жұқпалы аурулары тобына жататын және  көп жағдайда
тамақтану жолымен таралатын сальмонеллез жұқпасы (Sal.Enteritidis) болып
табылады. Жұқпа көзі болып №5 модуль асханасында жұмыс жасаған сальмонеллез
бактериясын тасымалдаушы болып табылады. Асхана қызметкері болып жұмыс
жасаған және ішек фукциясы бұзылған аурудың  рөлі болғаны да жоққа
шығарылмайды. Ол жұмысын жалғастырып жүре берген. Жұқпаның таралу факторы
кремді салмасы бар Эклер пирожныйы болып табылады, бұл тағам Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының ұсынысымен жылдың жазғы
кезеңінде қоғамдық тамақтану объектілерінің ассортиментінен алынып
тасталған болатын. Оған қоса індеттің бұрқ ете түсуінің туындауына жағдай
жасаған факторлар кремді өнімді, оған жататын Эклер пирожныйын өткізу
мерзімін және басқа да санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды
бұзушылық болып табылады.
2008 жылдың 3 маусымындағы ахуал бойынша 207 ауру толықтай сауыққан, ал
қалғандары эпидемиологиялық маңызды объектілердің қызметкерлері
болғандықтан жақын күндері зертхана мәліметтерін алғаннан соң шығатын
болады.

Жауапкер шешіп ортақ ұжым қажет. Бұл жұмыстың барлық кезінде жастар
өздеріне деген шынайылық сезімді, құрметтеу сезімін, жалпы ортақ сезімді
анғарғанда ғана жұмыс жемісті болады. Егер сөзбен істің арасында алшақтық
байқалса, шынайылық болмаса, жастарды тәрбиелеуде нәтижеге жетуге
болмайтынын ата-ана да, мұғалім де естен шығармағаны абзал!

3. Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің қоғамда салауатты өмір
салтын қалыптастыру.
Ұлттық мәдениетті бойынша қалыптастырған рухани жағынан жан жақты
дамыған ұрпақты тәрбиелеу үшін, ең алдымен, оның денсаулығын сақтау мен
нығайтуды салауатты өмір салтын қалыптастыруды ойлаған жөн. Баршаға мәлім
халық даналығы былай дейді. Бірінші байлық-денсаулық, екінші байлық –ақ
жаулық, үшінші байлық –он саулық. Әр адам үшін және нығайтудағы отбасы,
микро және макроәлеуметтік, экономикалық және басқа да факторлардың –ерекше
маңызында.
Денсаулық –игілік, табиғаттың баға жетпес сыйы, әркімнің де бақытының
тірегі, қай мемлекеттің қандай да болмасын ұлт экономикасының рухани
тұтастығының неізі.
Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер мен практикалық ұсыныстар, әсіресе
валеология ғылымының туып, қалыптасуына орай толымды сипат иеленді.

Валеология — дені сау адамдардың саулығы туралы ғылым. Валеологияны
денсаулық сақтау туралы жеке ғылым саласы ретінде дамыту идеясы алғаш рет
1960 жылғы профессор И.И.Брехман тарапынан ұсынылды Ғалым валеологиянын
өзіндік мақсаты мен міндетін "наука о здоровье должна быть интегративной,
рождающейся на стыке экологии, биологи, медицины, психалогии, педагогики
других, она должна выражатъ отношение между конкретнонаучными и философским
мышлением1' — деп аныктады 1}. Бірнеше ғылым саласынан тоғысынан туған
жаңа ғылым — валеология бұл күнде іргелі ғылым саласына айналып, жеке пән
ретінде жоғары оку орындары студенттерне оқытыла бастады. Валеологияның әр
саласын зерттейтін ғалымдар қатары қалыптасады, әр түрлі практикалык
ұыныстар дайындалды, арнайы мектептердің негізі қаланды. Казақстанда да
белгілі валеологиялық мектептердін тәжірибелері адамдардын
күнделікті өмір.
Біздіңше, салауатты өмір салты — аурудың алдын алу шаралары, қалыпты
тұрмыс-тіршілік және күнделікті дағдыға айналған дене шынықтыру
жаттығулары. Десекте, салауатты өмір салтының функциялары бұданда гөрі
ауқымдырақ. Салауатты өмір салты:
-тәндік және рухани кажеттіліктерді қанағаттандыруды;
-жеке тұлғаның жан-жақты өсіп жетілуін қалыптастыруды;
-адамның тәндік жетіліп кемелденуін;
-рухани мүдделерді, қүндылықтарды, құлықтық ұстанымдар мен
қажеттіліктерді дамытуды қамтамасыз етеді.
Зерттеушілер салауатты өмір салтын қалыптастыруды мынадай нақты
міндеттерді шешумен байланысты карайды:
-әртүрлі аурудың тууына жағдай жасайтын факторлардың алдын алу;
-темекті тарту мен алкоголизммен күрес;
-нәрлі тамақтануды қамтамасыз ету;
-шиеленістің, ұрыс жанжалдың тууын болдырмау;
-өмір салтына әр қилы қырларының жұмысының ырғақты журуін күшейту,
т.б.
Станворд университетінің (АҚШ) мамандары салауатты өмір салтын
қалыптастыру процесін күнделікті өтіп жатқан өзгерістерге адам ағзасының
бейімделуі арқылы қарайды. Яғни адам баласына күрт өзгерістер кезінде оның
осы қалыпқа қиналмай үйлесуіне қол ұшын беру қажет деп санайды. Міне.
осындай жағдайда ғана олар өз денсаулығын ауру-сырқаудан ұзақ мерзімге
сақтай алады. Олардың ойынша, бұған:
-адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап өз тәні мен жаны
арасындағы үйлесімділікті сақтап, ырғақты дамыту;
-тәнді үнемі шынықтырып отыру;
-биосферада өтіп жатқан өзгерістердің зиянды салдарын болдырмау арқылы
қол жеткізуге болады.
Сонымен, салауатты деген сөздің негізгі мағынасы — парасатты, байыпты,
ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген үғымдарды қамтиды. Ал
өмір салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай
еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың
қалыптасқан өмір тіршілігі. Яғни, өмір салты қандай болса, өзі де сондай.
Біздіңше, қоғамды салауатты ұстау үш нәрсе арқылы іске асады:
әлеуметтік-экономикалық даму арқылы ауруға қарсы күрес, қоршаған ортаны
таза ұстауға ұмтылу және адамның өз денсаулығына ұқыптылықпен қарауы.
Казіргі кезенде, әсіресе, соңғысының маңызы айрықша. Өйткені, бұл жеке
адамның өзіне ғана қатысты жайт және орындалу мүмкіндігі қиындық
тудырмайды. Мұның соншалықты өзекті болуының өзі, ғылыми-техникалық
прогрестің игіліктеріне орай дене еңбегіне қарағанда ой еңбегімен
айналысушылардың саны күрт өсуімен байланысты.
Салауаттану енгізілгені ұзақ уақыт болған жоқ. Дегенмен, бұл
бағыттағы атқарылған жұмыстар елеулі. Бұл жұмыстардың негізгі бірі
өткен жылы арнаулы Салауаттану оқулығының жарық көруі оқулыққа азда
болса, қысқаша қосымша әдістемелік нұсқаудың жарық көруі мектеп
мұғалімдерінің жұмыстарын біршама жеңілдетеді.
Ал биылғы жылғы бұл бағыттағы іс-шаралар қандай дегенге тоқталсақ,
биылғы жылдың бұл пәнге берері көп. Өйткені көптеген күткен салауаттану
пәнінің 5-9 сынып оқулығының алғашқылары жарыққа шығуға дайындалуда.
Мұғалімдерге көмек көрсету бұл оқулыққа қосымшша методикалық нұсқау пәні
алға қойған үлкен мақсат пен міндетті шешу бағытындағы істелініп жатқан
шаралар осындай.
Салауаттану пәнінің мазмұнының бір ерекшелігі мұндағы тауарлардың
қайталанғандығында. Бұл мұғалімдерді тағы бір қиындыққы әкеп соғады. Бұл
заңды, дегенмен, бағдарламаға сай әр тарау мазмұнын біртіндеп
күрделенетіндігін естен шығармаған дұрыс. Оқулық мазмұны да әдістемелік
нұсқауда осы біртіндеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Сыныптан тыс жұмыстарда жеткіншектердің адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері
Мектепте жүргізетін сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының түрлері, формалары және оның тәрбиелік мәні
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Пәндер