Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары



Жоспар

Кіріспе

I. Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері

1.1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және
мақсаттары
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

II. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары

2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономика
құрылымындағы орны
2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері

III. Жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыруды жетілдіру жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.
Сыртқы экономикалық саясаттың қазіргі таңда мәні өте ерекше. Өйткені біз сыртқы экономикалық саясат арқылы елімізді таныта аламыз, яғни еліміздің экономикалық потенциалын әлемдік аренада алатын орнын көрсете аламыз. Еліміз егемендік алғалы нарықтық заңдарға бейімделе бастадық. Нарықта бәсекесіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да бәсекелестердің арасында үздік болу қажет. Елдің сыртқы экономикалық саясаты, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын танытады. КСРО ыдыраған соң Қазақстанды көптеген ел дербес тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады. (Соның ішінде алғашқылардың бірі Түрік мемлекеті) Енді жас мемлекетке ішкі мәселелермен қатар сыртқы саясатты айқындаудың мәні зор болатын. Қазақстан Республикасы өзінің экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешуде әлем мемлекеттерімен дербес экономикалық саясат жүргізе бастады.
Сондықтан да осы курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясаттың маңыздылығына аса мән бере отырып, оны тереңірек талдау және жетілдіру мәселелері талқыланады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ә.К. Сапарбаев Шымкент келбеті 2001жыл 11 маусым
2. Д.М. Мадиярова «Сыртқы экономикалық саясат және экономикалық қауіпсіздік» Алматы 1997ж
3. Ж. Байгісиев «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1997
4. С.Д. Дауылбаев «Алматы ақшамы» 2004ж 11 қаңтар
5. А.А. Алимбаев «Государственное регулирование экономики» Алматы 1999ж
6. М.Б. Жалпақов «Ақиқат» 2004ж №8
7. Л.Н. Жуманиязов «Саясат» 2003ж №3-4
8. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2002ж
9. Ж.Б. Жунисов «Халықаралық экономикалық байланыс» Алматы 2000ж

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I. Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері

1.1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және
мақсаттары
1.2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

II. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі
жағдайының даму перспективалары

2.1. Қазақстан Республикасының әлемдік экономика
құрылымындағы орны
2.2. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері

III. Жаңа сыртқы экономикалық саясат және оны жүзеге асыруды жетілдіру
жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Сыртқы экономикалық саясатты талдауда бүкіл әлемдік шаруашылық
ауқымындағы елдер қарастырылды. Дегенмен белгілі бір ұлттық ерекшеліктің
мәнін ескергенде бәріне ортақ шараларды қабылдау қиынға түседі.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатына қазіргі таңда
үлкен көңіл бөлінуде. Өйткені елдің сыртқы экономикалық саясаты бізді
былайша айтқанда, әлемге танытады, еліміздің әлемдік сахнадағы орнын
анықтайды. Яғни сыртқы экономикалық саясат Қазақстанның әлемде алатын орнын
анықтайды. Бұл дегеніміз өте маңызды іс-шара болып табылады. Курстық
жұмыста сыртқы экономикалық саясатың мәні, принциптері, мақсаттары
көрсетілген. Қазақстанның сыртқы экономикалық саясаты мен әлемдік
экономикадағы орны көрсетілген. Еліміздің сыртқы экономикалық саясаты даму
үшін белгілі бір ұсыныстар тізбегі жасалған. Қазақстан Республикасының
сыртқы экономикалық саясатының басты бағыттары көрсетілген.
Сыртқы экономикалық саясаттың қазіргі таңда мәні өте ерекше. Өйткені
біз сыртқы экономикалық саясат арқылы елімізді таныта аламыз, яғни
еліміздің экономикалық потенциалын әлемдік аренада алатын орнын көрсете
аламыз. Еліміз егемендік алғалы нарықтық заңдарға бейімделе бастадық.
Нарықта бәсекесіз өмір сүру мүмкін емес. Сондықтан да бәсекелестердің
арасында үздік болу қажет. Елдің сыртқы экономикалық саясаты, елдің
экономикасын, әлеуметтік жағдайын, саясатын танытады. КСРО ыдыраған соң
Қазақстанды көптеген ел дербес тәуелсіз мемлекет ретінде тани бастады.
(Соның ішінде алғашқылардың бірі Түрік мемлекеті) Енді жас мемлекетке ішкі
мәселелермен қатар сыртқы саясатты айқындаудың мәні зор болатын. Қазақстан
Республикасы өзінің экономикалық, саяси және мәдени-әлеуметтік мәселелерін
шешуде әлем мемлекеттерімен дербес экономикалық саясат жүргізе бастады.
Сондықтан да осы курстық жұмыста сыртқы экономикалық саясаттың
маңыздылығына аса мән бере отырып, оны тереңірек талдау және жетілдіру
мәселелері талқыланады.

I. Сыртқы экономикалық саясаттың теориялық негіздері
1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары
Сытқы экономикалық саясат (СЭС)- бұл сыртқы экономикалық байланыстарды
(СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне
қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде
бағытталған іс-әрекеттері.
Сытқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:
- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттқы саясат
кіреді);
- шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын
реттеу саласындағы саясат;
- валюталық саясат.
Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,
аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық
теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етумен байланысқан.
Сыртқы экономикалық саясат- сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ)
реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;
- материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың
халықаралық қозғалысы.
Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең
ауқымды жиынтығының болуы-өздерінің сыртқы экономикалық байланысының
құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен
сыртқы экономикалық байланысы мен сытқы экономикалық саясатына да белсенді
түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сытқы экономикалық саясат
құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға
болады.
Сытқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері. Тиімді сыртқы
экономикалық саясатты құру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде
анықтап лау керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын-сыртқы
экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық- құқықтық
реттеуге берілген. Оның себебі- бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге
жауап беруі тиіс.
Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі 4 принципі:
1) Мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар
мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес
елдің сыртқы экономикалық саясаты да (кедендік құралдары және
шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;
2) Ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік
сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту
мақсатында, жалпы шаруашылық қызметтің тұрақты бөлігі ретіндегі,
сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;
3) Үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және
оның субъекттілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да
жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;
4) Сыртқы экономикалық саясат- кез-келген мемлекеттің сыртқы
саясатының құрамдас бөлігі.
Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет
етеді, сондықтан әлемдік нарықта Қазақстандық экспортерлер үшін
қолайлы жағдайлар жасау- Қазақстанның сыртқы саясатының ең
маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Сыртқы экономикалық саясат – cыртқы экономикалық қызметтің бүкіл
жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдық, еңбек, ақшалай және
интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалыстарын реттейді.
Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне:-сыртқы сауда
саясаты; өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы -
несиелік; -шетел инвестициялары саласындағы –технологиялар мен айырбас
жасау саласындағы –жұмысшы күші; миграция саласы және т.б.
Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік
тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары,
саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық
қатынастар саласындағы: валюталарды сатып алу-сатуоперациялары,
коммерциялық және басқа да мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік
белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар
(қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша
есептеу мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.
Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына
жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың
бірі салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және
шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті
компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т.б.
Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы
құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін
экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы күшін импорттауға
шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім шарттармен
келісімге бекітіледі.
Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кездегі кең арналы
мемлекеттерге өзінің сыртқы экокномикалық байланыстарының құрылымы мен
бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен
экономикасына белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.
Кез- келген мемлекеттің қызмет етуі ұлттық және мемлекеттік мүдде
категорияларына сүйенеді. Бірақ та кез-келген қоғамда оның элитасының
негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәннің әр
түрлі көзқараста түсіндіріледі.
Бұл түсініктің мазмұндылығы – ұзақ мерзімдік мақсаттар жүйесімен
түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге
асыруға ұмтылады.
Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының
тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын
қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы жыл ішінде бұл нормалар статусына
жалпы адамзаттық құндылықтар кіреді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес
мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

Егер ұлттық және мүдде терминдерге терең талдау жасалса, онда
ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шарттық сипатта екені
анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердін басымдылығы
анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу
қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де,
объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету – абстрактілі
нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.
Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір
мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде
мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде
мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуға тиіс.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір
бағыт бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа ұлттық
мүдде сипатын береді. Ұлттық мүдде ең алдымен мемлекеттік мүддені
айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы
әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік
мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында
оның бірқатар құраушылары ұлттық мүдде түріне айналады. Оны өлшеу үшін 2
әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.
Кез келген мемлекеттің қоғамы – мемлекеттік саясаттың территориялық
бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей
экономикаларының тығыз байланысы Ресейдің империялық мүддесін айқын
көрсетті.
Қазіргі кездегі дүниеде ұлттық мүдде саясаты бір рөлдерді атқарады,
олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі
НАТО-ны шығысқа қарай кеңейту шараларын, бір жағынан, текті өкілеттілігі
ретінде, яғни Европаға бейбітшілікті нығайтатын ұлы өкілеттілігі ретінде
екінші жағынан – Шығыс Европаға әскери, саяси және экономикалық бағыт,
бақылау қою ретінде түсіндіріледі.
Кез-келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері
ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың бірлескен мүдделерге қол жеткізуі үшін
мемлекеттердің күш әрекеттерін біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.
Демек, республиканың халықаралық аренаға арнаған табысты түрде енуіне
сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны да анықталады.
Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асыруына- ұлттық
рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметтік, экономикалық және саяси
фактор құраушыларының жүйелері де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында,
әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын
формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарында қоғамдық
қатынастардың гуманисттік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған
державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.
Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттарда нақты түрде белгіленген,
оның құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберінде тұрақты өзара байланыстар,
жалпы Европалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті
аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда Ресейлік кәсіпорындарға
жағдайлар жасау.
Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады: яғни сыртқы
экономикалық саясат белгілі бір міндеттерді жүзеге асырудың формаларын,
әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір
технологияларды қолдануды талап етеді.
Бұрыңғы Кеңестік мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясатымен
ссалыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық
ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.
Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері
белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді. Олар төмендегілерден тұрады :
• Ұлттық мүдделердің басымдылығынан;
• Негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;
• Екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;
• Қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық
мүдделер шебінен;
• Ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;
• ХЭҚ (халықаралық экономикалық қатынастар) субъекттілерінің шынайы
теңдігінен;
• Дамудың белгілі бір жолын тандағандағы ең құқығын құрметтеуінен;
• Халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;
• Сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы және
т.б.
Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті, яғни
өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің
мүдделері мынада : қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті
ұйымдастыру әдістерін жетілдіру қажеттілігі.

2. Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат.

Құрамына 188 мемлекеттік құрылым кіретін қазіргі кездегі әлемдік
шаруашылық динамикалық әлем болып табылды, мұндағы өзара байланыстар
ассиметриялы, ал әр түрлі елдер тобы ынтымақтастық процесіне бірдей
жағдайларда, бірақ әр түрлі дәрежеде қатысады.
Европалық Одақтан басталған регионализм саясаты әр түрлі жылдамдықта
мемлекеттердің дамуы деген түсінік енгізді.
XX ғасырдың соңында ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) дамуы жайында
бұрын сонды бірдей экономикалық жағдайда болған көптеген мемлекеттер бір-
бірінен алшақтай бастады. Және де өз дамуларына қарай әр түрлі елдер тобына
кіре бастады. Көптеген факторлардың ішінде даму жылдамдықтарының
алшақтауының ұлғаюы деген мұндай феномен жекелеген елдің, елдер блогының
сыртқы экономикалық саясатының мазмұндылығымен, сонымен бірге әлемдік
шаруашылықтың дамуының көптеген сыртқы факторларымен алдын ала анықталған.
КСРО-ның күйреуі, ұлттық мемлекеттер экспансиясындағы әскери емес
әдістердің күшеюі жылдамдықтардың алшақтау процесін одан сайын үдетті, ал
олардың қарқындары мен сапасы әр алуан болды. Оңтүстік-Шығыс Азия, Орта
Азия, ТМД кеңістігі, Балтық теңізі жағалауындағы елдер бұл айтылғанға мысал
бола алады.
Мұның барлығы мынаны дәлелдейді : дүниежүзілік аренадағы экономикалық
күштердің кез-келген балансына қол жеткізудің объективті факторы
құраушылардың болуымен ғана емес, сонымен бірге нысаналы бағытталған сыртқы
экономикалық саясат арқылы жүзеге асырылады.
Осы жоғарыда айтылғанға сәйкес, сыртқы экономикалық саясатты автономды
құбылыс ретінде қарастыруға болады, өйткені қазіргі кезде халықаралық
салыстырулар маңызды емес, бұл жерде олардың белгілі бір қоғамдық қайта
құруларын туындататын факторларды, құралдарды салыстыру маңызды болып
табылады.
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, сыртқы экономикалық саясат сыртқы
дүниемен үзіліссіз байланыста жекелеген елдердің дамуындағы модельдердің
трансформациясын белгілеуге мүмкіндік береді және де жалпы құндылықтарды
(ел ішіндегі қарама-қайшылықтарды жою, жаңа экономикалық механизмге
бейімделу), сонымен бірге саясатты жүзеге асырыудың әдістемелік жолдарының
сипатын анықтауға мүмкіндік береді.Экономикалық табиғатта көп түрлі
ғажайыптардың (жапондық, германдық және т.б.) болуына қарамастан, құндылық
бағалар деңгейі, сыртқы экономикалық саясаттағы белгілі бір институционалды
құрылымның белгілі бір құралдары қолдануы – бізге ұлттық ерекшеліктердің
саясаттың жалпы қабылданған элементтерімен үйлесуі типін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, бір жағынан қазіргі кезеңдегі халықаралық
экономикалық байланыстардың (ХЭБ) ортақ белгілері мен тенденцияларын атап
көрсету, екінші жағынан кейбір елдердің табысқа жету формуласы мен
жетістіктерін, ал басқа елдердің жеңілістерін атап өту қажеттілігі
туындайды.
Халықаралық салыстыруларды келтіру қажеттігін мойындай отырып, мынаны
атап өту керек, яғни олардың саясаттарын бағалау осы қажеттіліктің міндеті
әрі толықтырушы құрамдас бөліктері болып табылады.
Сыртқы экономикалық саясат екі функцияны орындайды:
• Қорғаушы;
• Шабуыл жасаушы.
Функцияларды осылай бөлу олардың жеке түсіндірілуін талап етеді. Атап
айтқанда АҚШ, Қытай сияқты мемлекеттердің "шабуыл жасау" саясаты сол
елдердің бүкіл әлемге әсер етуіне жағдай жасайды. Ал басқа мемлекеттерге
қатысты "шабуыл жасау" саясаты көршілестік, бейбітшілік принциптерін
жүзеге асырумен қатар, ынтымақтастықтың өсуіне әкелді. СЭС-тің жалпы
(барлық) құралдары әр мемлекеттің экономикасындағы қайта өзгертулердің
таңдалған үлгісінің негізі болып табылады. Бірақ олардың айырмашылықтары
сол құрамдардың белгілі бір бөліктерін таңдаумен және олардың
құрастырылуымен анықталады.
Енді таңдалған саясаттарды, стратегияларды атап өтейік:
• басшы, яғни топ жарып, алға шығу саясаты (ғылыми
технологиялардың рөлі жоғары болып саналатын өндірістерде жұмыс
істейтін жұмысшы күшінің проценті(hightrust societies));
• сонынан ілесіп даму саясаты (Қытайдағы халықтың 23-і
ауылшаруашылығында, ал өндірістік салаларда жұмыс істейтін
жұмысшы күшінің үлесі көп емес. Қытай табыстары батыс
технологияларына негізделген және олар қарапайым өндірістерде
шоғырланған, ал жаңа революция халықтың аз бөлігін қамтиды.);
• аралас типтегі өтпелі экономикасы бар қоғамның жетілуі (табиғи
ресурстарды пайдалану факторының басым болуы және табиғи өсім
есебінен дамуы). Экономикалық саясаттағы өзгерістердің үлгісін
таңдау проблемалық сипат алып отыр. Ол мемлекеттің тұрақтылығын
қамтамасыз етеді, кез келген өзгеріс сияқты халықаралық өзара
байланыстар жүйесінде де өзгерістер туғызады.

II. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі
жағдайының даму перспективалары және оның әлемдік экономикадағы орны
2.1. Қазақсан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны

Территориясы жағынан Қазақстан Республикасының әлемдегі ең ірі
мемлекеттер қатарына жатады. Оның көлемі 2724,9 мың шаршы км. болып,
әлемнің екі бөлігіне орналасқан, көбі Азияда және аз бөлігі Европада.
Территориясы бойынша ТМД елдерінде 2-ші, дүниежүзінде 9-орында тұр. Әлемде
одан ірі мемлекеттер қатарына Ресей (17075), Канада (9976), АҚШ (9809),
Қытай (9560), Бразилия (8510), Австралия(7713), Үндістан(3290) және
Аргентина (2770) кіреді. Мектептің географиялық оқулықтарында Қазақстанға
Батыс Европа еш қиындықсыз орналаса алады деп айтылған еді. Қазақстанның
төмендегідей елдермен ортақ шекаралары бар: Ресеймен (шекара ұзындығы
6467км); Өзбекстан(2300); Қытай (1460);Қырғызстан(980); Түркменстан(380).
Каспий теңізі бойынша Иран және Әзірбайжанмен (теңіз шекарасы 600км)
көршілес болып отыр.
Елдің географиялық орналасуы дүниежүзілік шаруашылыққа енудің маңызды
факторы екені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демографиялық саясатты доктриналық қолдау
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
Экономикалық саясат
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Педагогикалық мамандық және оның қазіргі қоғамдағы ролі
Жапонияның Ұлттық банкінің операциялары
Құқықтық саясат тұжырымдамасы
Пәндер