Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары


Мазмұны
Кіріспе 3-10 бет
1- тарау. Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорларының негізінде қазақ тілін оқытуды ақпараттандырудың ғылыми-теориялық негіздері
1. 1 Тілдерді оқытуды ақпараттандырудың зерттелуі мен өзекті
мәселелері 11-20 бет
1. 2 Орыстілді топтарда қазақ тілін оқытудың ғылыми-теориялық
негіздері 21-45 бет
1. 3 Тілдерді оқыту үрдісінде сандық интерактивтік
мультимедиалық білім беру қорларын қолданудың
психологиялық, педагогикалық мәселелері 46-61 бет
2- тарау. Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық оқыту бағдарламасының көмегі арқылы оқыту әдістемесі
2. 1. Қазақстандық-сингапурлық жоба негізінде дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері 62-80 бет
2. 2. Коммуникативтік сөйлесім әрекетінің түрлерін 81-103 бет
меңгертудің интерактивті әдістері мен формалары
2. 3. Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында 104-137 бет
жүргізілген оқыту эксперименті және оның нәтижелері
Қорытынды 138-141 бет
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 142-152 бет
Қосымшалар
Кіріспе
Өзгетілді аудиторияларда қазақ тілін шетел тілі ретінде, орыстілді аудиторияларда мемлекеттік тіл ретінде оқытуды оңтайландыру мен қарқынды ету қазіргі заманғы білім беруді ақпараттандыру мен модернизациялау жағдайындағы басым бағыттардың біріне айналып отыр. Бұл маңызды мәселені шешу мұғалімге, оның оқытудың мақсаттары мен шарттарына сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуіне тікелей байланысты. Білім беру саласының нақты нәтижеге бағдарланған қазіргі заманғы талаптары оқытудың әдістері мен тәсілдерін, құралдарын үнемі жетілдіріп отыруды қажет етеді.
1997 жылы 22-қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың №3645 жарлығымен Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілді [1] .
Қазақстанның білім беру жүйесін ақпараттандыруды жүзеге асырудың маңызды принциптері жүйелілік, жоспарлылық және осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының тұжырымдамалық негізделуі мен кезең-кезеңмен жүргізілуі болып табылады. Осы принциптерге сүйене отырып, республикамыздың көрнекті ғалымдары Е. К. Балафанов, Ж. С. Сарыпбеков, Е. Ы. Бидайбеков, Г. Қ. Нұрғалиева, М. З. Изотов, Е. У. Медеуов, Ж. А. Қараев, С. С. Құнанбаева, Д. М. Джусубалиева, А. М. Татенов, Б. А. Қойшыбаев және тағы басқалар оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, компьютерді қолданудың көкейтесті мәселелеріне қатысты іргелі зерттеулер жүргізді [2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13] .
Сонымен, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні оқытушыларының кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың компьютерлік технологиялары ерекше орын алады. Бірақ бүгінгі күнге дейінгі шетелдік және отандық тәжірибелер көрсеткендей, компьютерлік технологиялар тым тар шеңберде (орфографияны оқыту, грамматиканы, лексиканы оқыту және т. б. ) немесе дәстүрлі технологияларды оқытудың жаңа құралдарының көмегімен іске асыру ретінде ғана қарастырылып келеді. Дегенмен, соңғы уақыттарда жаңа ақпараттық технологиялардың, қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалық құралдардың оқушылардың жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, тілдерді меңгерудің түрлі стратегияларын ескере алу, оқу материалын ұсынудың жолдарын деңгейлеу, жаттықтыру жұмыстарының оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай формаларын іздестіру, оқушыларды өзгетілдік сөйлеу қызметіне тартуға түрткі, қозғау салу, тілдік ортаны модельдеу мүмкіндіктерін зерттеуге арналған бірқатар ғылыми зерттеулер жүргізілді.
Бұл зерттеу жұмысы үшін шетел тілі ретіндегі орыс тілі, шетел тілі ретіндегі ағылшын тілі оқытушыларының кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың негізгі бағыттарын талдауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары [14; 15; 16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23] басшылыққа алынды. Бұл жұмыстарда педагогтардың кәсіби, әлеуметтік-мәдени құзырлылықтарын іске асырудың мазмұны мен формалары, шетел тілі мұғалімінің кәсіби қызметіне қойылатын негізгі талаптар, отандық және шетелдік озат тәжірибелерді қолдана білу қабілеттілігі, өзінің кәсіби қызметі аясында мәдениетаралық тілдік қарым-қатынасқа дайындығы мәселелері талданып, қосымша білім беру жүйесінің мазмұны мен ұйымдастыру формаларының тұжырымдамалық негіздері мен даму болашақтары ұсынылған.
Соңғы жылдарда орыстілді аудиторияларда қазақ тілін оқытудың өзекті мәселелерін қарастырған ғылыми-практикалық зерттеулер жасалып, озат әдістемелік жүйелер мен тәжірибелер пайда бола бастады. Білім берудің қазіргі заманғы талаптарына байланысты орыстілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мәселелеріне қатысты арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Алайда қазіргі таңда педагогикалық тәжірибелерде тілдерді оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында компьютерлік технологиялардың қолданылуы әлі де жеткіліксіз дәрежеде. Компьютерлік технологиялардың оқыту үрдісінде қолданылуы білім беру жүйесінің қазіргі талаптарына, жинақталған тәжірибеге және қазіргі заманғы педагогикалық ғылымның даму деңгейіне сай еместігі байқалады. Білім беруді ақпараттандыру үрдісінде қарама-қайшылықтар баршылық: оқытушылардың ақпараттық-коммуникациялық-компьютерлік даярлығының мазмұны мен формалары арасында сабақтастық, бірізділік жоқ; бұл сала бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығы төмен деңгейде бола тұрса да, оларды даярлау, осы сала бойынша кәсіби біліктіліктерін көтерудің қалыптасқан бірізді жүйесі нақтыланбаған; оқытудың компьютерлік технологияларының техникалық, дидактикалық мүмкіндіктері, оқушылардың бұл технологияларға деген қажеттіліктері шексіз бола тұра, нақты педагогикалық тәжірибеде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері өз дәрежесінде толық пайдаланылмай отыр.
Қазақ тілін орыстілді аудиторияларда оқытудағы негізгі мәселенің бірі оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгерту мәселесі қазіргі заманғы лингводидактикадағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Зерттеу жұмысында тілді шетел тілі ретінде оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдардың (Е. И. Пассов, Н. Д. Гальскова, Н. И. Гез, Э. П. Шубин), орыстілді, өзгетілді аудиторияларда қазақ тілін оқыту мәселелерін зерттеген ғалымдар мен әдіскерлердің (Ф. Ш. Оразбаева, Қ, Қадашева, К. Жақсылықова, Г. М. Бектұрова, Б. Ш. Мешімбаева, А. А. Құрышжанова, т. б. ) ой-пікірлері мен тұжырымдары басшылыққа алынды.
Жалпы, осы саладағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын саралай келе, зерттеулердің барлығы дерлік жалпы орта білім беретін мектептердің орыс сыныптары мен жоғары оқу орындарының орыстілді аудиторияларындағы қазақ тілін оқытуды жетілдіру бағытында жүргізілгендігін байқадық.
Осы аталған мәселелерді есепке ала отырып, зерттеудің өзекті мәселесі айқындалды: гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық оқыту бағдарламасының көмегімен оқытуда оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста, кешенді меңгерту үрдісін жетілдіру.
Зерттеудің өзекті мәселесі арқылы оның мақсаты да анықталды : гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарындағы қазақ тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны қолдану арқылы оқушылардың сөйлесім әрекетін дамытудың әдістемесін ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу және практикалық тұрғыда дайындау.
Зерттеу нысаны - гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні - гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегімен оқыту арқылы оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста меңгерту әдістемесі.
Зерттеудің жалпы ғылыми болжамы орыстілді топтарда қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту жағдайында оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста тиімді меңгертуге болатындығын дәлелдеуге негізделіп, оқыту үрдісінің тиімділігін арттырудың негізгі шарттары анықталды:
- мультимедиалық бағдарламамен жұмысты қазақ тілін оқыту үрдісіне тиімді кіріктірудің жолдарын іздестіру; сабақта мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдерін анықтау; оқытудың мазмұны мен формаларының мультимедиалық бағдарламаның мазмұнына бейімделуі;
- оқушылардың компьютерде мультимедиалық бағдарламамен жұмыс жасауға даярлығы; мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытудың нәтижелілігі мен сапасының оқытушылардың оқу үрдісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға байланысты кәсіби және ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығымен қамтамасыз етілуі.
Зерттеудің мақсаты, пәні және ғылыми болжамына сәйкес негізгі міндеттері де анықталды:
1. Қазақ тілін оқыту үрдісін ақпараттандырудың зерттелуіне талдау жасау және оның өзекті мәселелерін анықтау.
2. Орыстілді топтарда қазақ тілін оқыту үрдісін сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары негізінде ұйымдастырудың педагогикалық, психологиялық мәселелеріне талдау жасау.
3. «Merits» бағдарламасы бойынша жасалған мультимедиалық оқыту бағдарламасының мектеп тәжірибесінде қолданылуын, жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, талдау.
4. Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту жағдайында оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста, кешенді меңгертудің әдіс-тәсілдері мен формаларын іздестіру.
5. Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытудың әдістемесін жасау.
6. Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту әдістемесін эксперименттік сынақтан өткізу.
Зерттеудің теориялық негізін түрлі ғылымдар кешенінде қалыптасқан қағидалар құрады: педагогикалық жүйелерді құрылымдау теориясы, білім беру үрдісінің тұтастығы; мамандардың кәсіби даярлығының сапасын басқару теориясы; оқыту және таным психологиясы; қазіргі заманғы компьютерлік лингвистика мен информатика; қазақ тілін шетел тілі ретінде оқытудың қазіргі заманғы әдістемелері; қазіргі заманғы шетел тілін оқыту мен меңгертудің теориялары мен тұжырымдамалары; адамның компьютермен өзара қарым-қатынасының психологиялық аспектілері; білім беруде компьютерлік жүйелерді, сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорларын қолданудың түрлі әдістері мен тәсілдері.
Зерттеудің әдіснамалық базасына мына ғылыми жұмыстар негіз болды: жеке тұлға теориясы және оның дамуы (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев, С. Л. Рубинштейн), педагогикалық үрдістің тұтастығы теориясы (Ю. К. Бабанский, В. С. Ильин, В. В. Краевский), жеке тұлғаны дамытуды іс-әрекеттік тұрғыда қарастыру (А. Н. Леонтьев, В. Д. Шадриков), жеке тұлғаны оның дамуы процесінде қалыптастыру мәселесі (А. В. Мудрик, А. В. Петровский), проблемалық-дамыта және белсенді оқыту әдістері (В. В. Давыдов, М. И. Махмутов), психология мен педагогикалық психологияның мәліметтері (И. А. Зимняя, А. А. Леонтьев, Н. Ф. Талызина ), шетел тілін оқыту мен меңгертудің қазіргі заманғы теориясы мен қағидалары (А. Р. Арутюнов, И. Л. Бим, Д. И. Изаренков, Е. И. Пассов, Е. С. Полат, Н. Д. Гальскова, Э. П. Шубин, А. Н. Щукин), компьютерлік технологияларды білім беруде қолдану процестері, әдістері мен жолдары (Б. С. Гершунский, Е. И. Машбиц, И. В. Роберт, Е. А. Власова, С. С. Кунанбаева, Г. К. Нургалиева, Ж. А. Караев,
А. А. Курышжанова, т. б. ) ; орыстілді аудиториялардағы қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы теориялары мен озық әдістемелері (Ф. Ш. Оразбаева, К. Жақсылықова, Қ. Қадашева, Г. М. Бектұрова, Г. Т. Бейсенбекова, С. С. Дүйсенова, Б. Б. Мамаева, Б. Ш. Мешимбаева, М. Мұқамбетқалиева, Г. Ж. Серикбаева, К. Ж. Мухлис, т. б. ) .
Ғылыми зерттеу барысында қолданылған әдістер : кәсіби педагогика мен психология бойынша қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерге, шетел тілдерін оқыту мен білімді меңгертуге, компьютерлік коммуникативтік лингвистикаға, оқыту үрдісінде сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорларын, компьютерлік технологияларды қолдануға байланысты жазылған арнайы әдебиеттерге теориялық талдау жасау; ғылыми болжам жасау және жобалау, диагностикалық және монографиялық сипаттама; логикалық-гносеологиялық әдістер (бақылау, тәжірибені зерттеу, педагогикалық эксперимент) ; диагностикалық әдістер (тестілеу, сауалнама алу) ; қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту жағдайындағы оқушылардың коммуникативтік сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша дағдылары мен біліктерін бақылау әдістері; оқушылардың оқу іс-әрекетіне психологиялық-педагогикалық және диагностикалық-статистикалық талдау жасау, оқу экспериментінің нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасау.
Зерттеудің ұйымдастырылуы . Зерттеу жұмысы М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде және Ұлттық ақпараттандыру орталығында кешенді ғылыми зерттеу ретінде жүргізілді. Зерттеу жұмысы сегіз жыл бойында (1999-2007) үш кезеңмен жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңінде (1999-2002) шетелдердің және Қазақстанның оқу орындарында оқытуда, оның ішінде, тілдерді оқытуда компьютерді қолдану тәжірибелері, педагогикалық және әдістемелік ғылыми әдебиеттер зерттелді; тәжірибелерді қорытындылау, жалпылау негізіндегі материалдар жинақталды; тілдерді шетел тілі ретінде оқытудың отандық және шетелдік озық тұжырымдамалары анықталды, оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша дағдылары мен біліктерін қалыптастырудың қазіргі заманғы озық әдістемелері мен әдіс-тәсілдері зерттеліп, талданды, компьютерлік оқыту жағдайындағы педагогикалық жүйені жобалаудың теориялық және практикалық мәселелері қарастырылып, зерттеудің ғылыми болжамы жасалды.
Екінші кезеңде (2002-2005) ғылыми зерттеудің, эксперименттің жоспары жасалды; республика мектептерінде жүргізіліп жатқан қазақстандық-сингапурлық жоба негізінде дайындалған мультимедиалық оқыту бағдарламасын сынақтан өткізудің қорытындылары мен нәтижелері, оқу үрдісін ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктер талданды; талдау нәтижесіне сүйене отырып, гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытудың әдістемесі жасалды; оқу үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдері анықталды; сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріндегі оқыту мазмұны анықталды; осы кезеңдердегі оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша дағдылары мен біліктерін дамытып, жетілдіруге арналған тапсырмалар мен жұмыс түрлері, оқу жаттығуларының кешенді жүйесі дайындалды; жұмыс оқу бағдарламасы жасалды. Осы жұмыс оқу бағдарламасының негізінде, дайындалған әдістемелік үлгі бойынша байқау сабақтары өткізіліп, орыстілді аудиторияларда қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны қолданудың психологиялық-педагогикалық қағидалары анықталып, қазақ тілін оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың кезеңдері мен ерекшеліктері нақтыланды.
Зерттеудің үшінші кезеңінде (2005-2007) республика мектептерінде сынақтан өткізіліп жатқан «Merits» бағдарламасы бойынша жасалған мультимедиалық оқыту бағдарламасын оқыту үрдісінде қолданудың нәтижелерін, жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, талдаудың негізінде гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегімен оқыту арқылы оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста меңгертуде тиісті тілдік және коммуникативтік дағдылар мен біліктерді қалыптастырып, дамытудың, жетілдірудің нәтижелері қорытындыланды; орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуда сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорларын қолдануға, оқыту үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын дидактикалық талаптар анықталды; қазақ тілі сабақтарында мультимедиалық бағдарламаны қолдану жағдайында оқу үрдісін технологияландыруға байланысты оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулар әзірленді. Зерттеудің алғашқы екі кезеңіндегі міндеттерді шешуге байланысты жұмыстар, педагогикалық эксперименттер жалғастырылды, эксперимент барысындағы кемшіліктерге байланысты түзету жұмыстары жүргізілді.
Зерттеу базасы: М. Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі мен Ұлттық ақпараттандыру орталығы.
Зерттеу нәтижелерінің ғылыми негіздемесі коммуникативті, когнитивті, проблемалық, тұлғалық-бағдарлық оқыту мен жеке тұлғаның танымдық қызметін дамытудың әдіснамалық базасы арқылы; зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай жүйелі талдау әдістерін бірізді қолданумен, базистік ғылымдардың (педагогика, лингвистика, психология, информатика) мәліметтерін кеңінен қолданумен, эксперимент мәліметтеріне сандық және сапалық талдау жасау жүйесін қолданумен, педагогикалық эксперименттің сынақтан өткен және оң нәтижелеріне сүйенумен, сонымен қатар, зерттеу нәтижелерін гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында және орыстілді мектептердің жоғарғы сыныптарында қазақ тілін оқытуда, сонымен қатар, қазақ тілі пәні оқытушыларының және педагогтардың кәсіби, ақпараттық-коммуникациялық құзырлылықтарын қалыптастыру мен дамытуда қолдануға болатындығымен негізделеді.
Зерттеу жұмысының барысында анықталған маңызды нәтижелердің, олардың ғылыми жаңалығы мен жұмыстың теориялық маңызы мынада: гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін оқытуда оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста, кешенді меңгертуде оқу үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны қолданудың ғылыми негіздері мен теориялық-практикалық тұжырымдамасы жасалды; сабақта мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдері анықталды; оқушылардың тыңдалымдық, айтылымдық, оқылымдық және жазылымдық дағдыларын қалыптастырып, жетілдірудегі мультимедиалық бағдарламаның рөлі анықталды; сабақтың тілдік дағдыларды жетілдіру кезеңінде мультимедиалық бағдарламамен жұмыс жасаудың жолдары анықталды; сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңіндегі (тілдік біліктерді дамыту кезеңі) оқыту мазмұны анықталып, осы кезеңдегі тілдесімді жүзеге асырудың тиімді әдіс-тәсілдері мен формалары нақтыланды; қажетті оқу материалдары іріктеліп, ол мультимедиалық бағдарлама мазмұнына бейімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық құндылығы:
1) Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытудың әдістемелік моделі жасалды.
2) Қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту үрдісінде оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) тілдік және коммуникативтік дағдылары мен біліктерін қалыптастырудың, дамытудың ерекшеліктері, жолдары, әдіс-тәсілдері мен формалары ғылыми тұрғыда нақтыланды.
3) Қазақ тілін оқытуда мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдері мен жолдары тілдік материалдармен жұмыс жасаудың кезеңдеріне (тілдік дағдыларды қалыптастыру кезеңі, тілдік дағдыларды жетілдіру кезеңі, тілдік біліктерді дамыту кезеңі) қатысты анықталды; сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдерінің мақсатына сай (тілдік дағдыларды қалыптастыру кезеңі, тілдік дағдыларды жетілдіру кезеңі) қажетті оқу материалдарын дайындаудың ғылыми негіздемесі жасалып, проблемалық және жағдаяттық оқу жаттығулары мен тапсырмаларының жүйесі дайындалды.
4) Қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқыту үрдісінде оқушылардың тіл үйренуге, сөйлеуге үйренуге деген қызығушылықтарын тудырудың жолдары мен әдіс-тәсілдері анықталып; қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытуда сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріндегі оқыту мазмұнын мультимедиалық бағдарлама мазмұнына бейімдеудің жолдары анықталды.
Зерттеудің практикалық маңызы: гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытудың практикалық-бағдарлы моделі дайындалып, орыстілді топтардағы оқушыларға қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытуда өзіндік жұмыс (мультимедиалық бағдарламамен) және тілдік ортадағы (интерактивті тілдік орта; тілдік серіктестер тобы, жұбы, ұжымы) жұмыстар арқылы сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері анықталды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- Гуманитарлық колледждердің орыстілді топтарында қазақ тілін оқытуда оқушылардың сөйлесім әрекетінің тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым түрлері бойынша тілдік және коммуникативтік дағдыларын мультимедиалық бағдарламаны қолдану арқылы тиімді қалыптастырып, дамытуға болады.
- Сабақтың алғашқы тілдік дағдыларды қалыптастыру кезеңінде оқушылардың танымдық қызметін олардың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмысы ретінде ұйымдастыру арқылы сабақтың келесі кезеңіндегі тілдесім, сөйлесім әрекетін жүзеге асыру және нәтижесінде коммуникативтік құзырлылықты қалыптастыру үшін қажетті алғышарт жасалады.
- Оқушылардың сөйлесім әрекетінің түрлерін бір-бірімен байланыста, кешенді түрде тиімді меңгеруі қазақ тілін оқыту үрдісінде мультимедиалық бағдарламаны қолданудың кезеңдерін дұрыс анықтаумен, сабақтың мультимедиалық бағдарламасыз өткізілетін кезеңдеріндегі оқыту мазмұнының мультимедиалық бағдарламаның мазмұнына бейімделуімен тікелей байланысты.
- Орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуда оқушылардың сөйлесім әрекетінің тілдесім түрі бойынша біліктерін, яғни, коммуникативтік құзырлылықтарын дамытып, жетілдіру белгілі бір тілдік ортада ғана тиімді жүзеге асырылады. Сондықтан, қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытуда сабақтың мультимедиалық бағдарламамен өзіндік жұмыстан кейінгі кезеңін оқушылардың тілдік серіктестер тобындағы (ұжымындағы, жұбындағы) өзара интерактивті іс-әрекеті ретінде ұйымдастырудың маңызы зор.
- Орыстілді топтарда қазақ тілін оқытуда оқушылардың коммуникативтік, елтанушылық құзырлылықтарын қалыптастыру үрдісі педагогикалық жүйе ретінде мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы өткізілетін сабақтардың когнитивті-дамытушылық, коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени модельдері түрлерінде құрылымдалады.
- Орыстілді топтардағы оқушылардың интерактивті және тілдік серіктестер тобындағы (ұжымы, жұбы) тілдік орталарда коммуникативтік құзырлылығын дамытудың негізгі құралы қазақ тілін мультимедиалық бағдарламаның көмегі арқылы оқытуға негізделген интеллектуалды-дамытушы және тұлғалық-бағдарланған интерактивті ақпараттық технологиялар болып табылады.
... жалғасыЖұмысты апробациядан өткізу.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz