Тибет таулы қыратының географиялық орналасуы



Кіріспе
І. Тибет таулы қыратының географиялық орналасуының ерекшеліктері
1.1. Географиялық орны
1.2.Тектоникалық құрылымы
ІІ Тибет таулы қыратының табиғат жағдайлары
2.1 Климаты және ішкі сулары
2.2 Жануарлар дүниесі мен өсімдктері
2.3.Тибет таулы қыратының физикалық географиялық аудандастыру
ГИНДУКУШ ЖӘНЕ ҚАРАҚОРЫМ
КУНЬЛУНЬ — АЛТЫНТАГ — НАНЫШАНЫ ЖҮЙЕСІ
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер.
Тибет таулы қыратының физикалық – географиясын жан – жақты зерттеп, оның зерттелу тарихына, жер бедеріне, климат ерекшеліктеріне және флорасы мен фаунасына, сонымен қатар табиғат жағдайларын жан-жақты қарастырып толық сипаттама беру.Курс студенттеріне Тибет таулы қыраты жайлы кең көлемді мағлұмат беру арқылы дүние танымын қалыптастыру. Тибет таулы қыраты Цинхай- Сикан- Тибет таулы қыраты – жер шарындағы ең биік және аумақты таулы қырат. Орталық Азияда.Оңтүстігінде Гималай, солтүстігінде Куньлунь, батысында Памир және Гиндукуш, шығысыанда Сино-Тибет таулары мен шектеледі.Жері 2 млн.км.Кейбір геогрфтардың пікірлері бойынша Куньлунь, Қарақорым және Сино-Тибет таулары Тибет таулы қыраты құрамына енеді.Орташа биіктігі 4-5 мың м,жетеді.Негізінен құмтас,әктас сазды тақта тас, гранит және гнейстен түзілген. Тибет таулы қыраты солтүстігі герцин орта бөлігі мезозой, оңтүстігі альпі қатпарлығы кезінде жаралған.Альпі тау жаралу кезеңінде Тибет таулы қыраты жаппай қуатты көтеруге ұшырады.Тау жаралу қозғалысының мұнда әлі де тоқталмағандығына көпшілік бөлігінің сесмикалық ауданға жататындығы және термальдық бұлақтардың көп болуы дәлел бола алады.Солтүстігіне қарай Кайлас және Ньенчен-Тангла жоталарына дейін эрозияға ұшырамаған ішкі ағын жоқтың қасы.
Климаты континенттік қаңтардың орташа тем оңтүстігін де 00-20С там солтүстікте -200 қа төмендейді, жылдық жауын-шашын мөлшері 500-700мм.Климатының тым қуаң болуына байланысты таулық қар жиегі солтүстігінде 6000м,оңтүстігінде 5500м биіктіктен өтеді.Өзендерінің суы мол, табалдырықты, еңіс бұрыштары өте жоғары ағындары өте қатты, негізінен мұздық суымен қоректенеді.Көлдері көп, ірілері –Намцо-Селлингі,Данграйюм,Оринмур. Биік таулық қиыршық құмда шөл және шөлейт өсімдігі оңтүстік жағындағы шалғындық топырақта таулық дала өсімдігі,Оңтүстік шығыс бөлігінде қылқанды және жалпақ жапырақты орман өседі.
1. Козлоф П.К 1947 М «Монголия Кам»
2. Уинниктон А «Тибет»1958М
3. Обручев В.А «Путечестве Потанина»1953М
4. Пржевальский «Монголия и страна Тангутоф»1940М
5. В.И Могидович «Очерки по истори геог.х открытий».1998М
6. Н.Б.Кряжимская «Планета землия» 2001 М
7. «Қазақ совет энсклопедиясы» Алматы 1977 11том
8. Пасецкий «В Погоне за тайной века»
9. Э.Мурзаев «Непроторенными путями»

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Тибет таулы қыратының физикалық – географиясын жан – жақты
зерттеп, оның зерттелу тарихына, жер бедеріне, климат ерекшеліктеріне
және флорасы мен фаунасына, сонымен қатар табиғат жағдайларын жан-
жақты қарастырып толық сипаттама беру.Курс студенттеріне Тибет таулы
қыраты жайлы кең көлемді мағлұмат беру арқылы дүние танымын
қалыптастыру. Тибет таулы қыраты Цинхай- Сикан- Тибет таулы қыраты – жер
шарындағы ең биік және аумақты таулы қырат. Орталық Азияда.Оңтүстігінде
Гималай, солтүстігінде Куньлунь, батысында Памир және Гиндукуш,
шығысыанда Сино-Тибет таулары мен шектеледі.Жері 2 млн.км.Кейбір
геогрфтардың пікірлері бойынша Куньлунь, Қарақорым және Сино-Тибет
таулары Тибет таулы қыраты құрамына енеді.Орташа биіктігі 4-5 мың
м,жетеді.Негізінен құмтас,әктас сазды тақта тас, гранит және гнейстен
түзілген. Тибет таулы қыраты солтүстігі герцин орта бөлігі мезозой,
оңтүстігі альпі қатпарлығы кезінде жаралған.Альпі тау жаралу
кезеңінде Тибет таулы қыраты жаппай қуатты көтеруге ұшырады.Тау
жаралу қозғалысының мұнда әлі де тоқталмағандығына көпшілік бөлігінің
сесмикалық ауданға жататындығы және термальдық бұлақтардың көп болуы
дәлел бола алады.Солтүстігіне қарай Кайлас және Ньенчен-Тангла
жоталарына дейін эрозияға ұшырамаған ішкі ағын жоқтың қасы.
Климаты континенттік қаңтардың орташа тем оңтүстігін де 00-20С там
солтүстікте -200 қа төмендейді, жылдық жауын-шашын мөлшері 500-
700мм.Климатының тым қуаң болуына байланысты таулық қар жиегі
солтүстігінде 6000м,оңтүстігінде 5500м биіктіктен өтеді.Өзендерінің суы
мол, табалдырықты, еңіс бұрыштары өте жоғары ағындары өте қатты,
негізінен мұздық суымен қоректенеді.Көлдері көп, ірілері –Намцо-
Селлингі,Данграйюм,Оринмур. Биік таулық қиыршық құмда шөл және шөлейт
өсімдігі оңтүстік жағындағы шалғындық топырақта таулық дала
өсімдігі,Оңтүстік шығыс бөлігінде қылқанды және жалпақ жапырақты
орман өседі.

І. Тибет таулы қыратының географиялық орналасуының ерекшеліктері
1.1. Географиялық орны
Тибет тау қыраты –табиғат жағдайлары өте ерекше, физикалық-
географиялық облыс.Табиғат тұтастығы бәрінен бұрын орографиялық
біртұтастықтан көрінеді.Тибет-Азияның қалған бөліктеріне биік жоталармен
қоршалып, бөлек жатқан дүие жүзіндегі ауданы ең зор және ең биік қырат.
Тибет- тарихы заманынан бері Қытай елінің бір аймағы деп
саналады.Мыңдаған жыл бірге жасасқан туысқан ел болғандықтан,олардың
рухани тіршілігінде де жақын.VІІ ғасырдан бері қарай Тибет рулары Қытай
халқының мәдениет ықпалында болды.Міне,бұл тарихи жағдай Лхас қаласында
осы күнге дейін сақталып келген шежіре Тибеттің орталығы Лхас
қаласы.Лыхасты Маңғолдар барундзу,не Мангуздзу деп атайды.Ол Ой-Мурен
(тибетше кичу)сөзінің жағасында,биік үстіртте (3658м)тұрады.
Тибет қалалары бір ғана ді өкілдері емес,ІХ ғасырдан бастап олар
үстемдік жасап, өзінің қарамағына қыруар байлық топтады.ХІІІ ғ.ы Қытай
патшалығының ұйғарымы бойынша, Тибеттің рухани адамдарды жұрт басқару
ісіне де қатынасып,өзіне далай деген ат қойды.Сол ХІІІ ғасырдан осы
күнге дейін Тибет халқының шаруашылығын, мәдениеттік билеп –төстеп келген
осы руханилер.
Тибет таулы қыраты жағына қараған беткейлері түйетайлы
және кесек материялдар массасы үйіліп жатады.Неғұрлым ылғалды оңтүстік
беткейлері күшті эрозиялық тілімделуімен ерекшеленеді.Трансгималай
алабында,Цингпо өзенінің салаларының бірінің аңғарында 3650метр биіктікте
Лхаса қаласы жатыр.

Лхас көбнесе тастан,қыштан салынған қала.Мұнда қодас пен арқардың
мүйізінен тұрғызған үйлер де кездеседі.Лхас буддизм дінінің
орталығы болған соң, сонда үйлерінің көпшілігі дін орындары
(бұтханалары),ал қоғам үйлері аз.Қаланың маңайы толған бұтханалар табыну
орындары.Олардың ішіндегі далайлама тұратын сәулеттісі Потала деп
аталады,ол Лхастың басты- теріскей шетбеде, биік қия тастық үстінде
салынға биік қамал.Мұның төменгі жағын ала кедей жатақтардың ұйысып
жатқан жатақ жер үйлер баспана, лашықтары тұрады.
Тибет таулы қыратының солтүстік шекарасы Куньлунь жүйесіне
енетін тау жоталарының етегі болып табылады.Оңтүстік және оңтүстік батыста
шекара Гималайдың солтүстік етегімен өтеді.Солтүстік –батыс Тибеттің
шекарасы Памир-Қарақорым тау түйіні болып табылады.Таулы қыраттың шығыс
шекарасы ретінде Син-Тибет тауларының шығыс етегі саналады.Осынау орасан
зор территорияның бәріне үлкен абсалюттік биіктік және биік тау шөлі мен
шөлейт ландшафтарының басым боп келуі тән.
Тибет таулы қыраты палеозой, мезозой және кайнозой жасындағы
қатпардан қалыптасқан, алайда оның қазіргі рельефінің қалыптасуында
неоген мен антропогеннің вертикаль қозғалысы маңызды орын алады.
Кайнозойдың орта кезеңінің өзінде қазіргі Тибеттің орынында теңіз
деңгейінде жатқан территория болған еді.Жаппай көтерілу Тибеттау қыраты
мен биік Азия жоталарының пайда болуына әкеп соқты және өзімен бірге тек
оның алабында ғана емес, сондай-ақ бүкіл орталық Азияда климаттық құрғауын
туғызады.Тибеттің көтерілуі қазіргі кезде де жүз жылда 1м астам
жылдамдықпен жалғасуда.Жоғарғы Янцзының аңғарларынын оңтүстікке қарай
алысырақ, бірақ күшті тілімденген юньнань таулы қыраты басталады,ол
шығысқа қарай аласырып, Шығыс Азия жерінде жалғасады.Тибет таулы
қыратында гейзерлеу мен ыстық бұлақтар,ал солтүстік –батыс бөлігінде
сөнбеген вулкандар бар.
Тибеттің оңтүстік шетінде жоталар жүйесі көтеріліп тұр бұл жүйені
кейде Трансгималай деген ортақ атаумен біріктіре атайды.Гималайдан бұл
таулар Брахмапутра (қангпо),Сатледж және Инд өзендерінің ұзына бойғы
аңғарлармен бөлініп жатыр.Қазіргі тектоникалық бұл таулар Жерорта теңізіні
белдеуі мен Үнді платформасының арасында жатқан қатпарлықпен
қамтылғанының өтпей зонасы ретінде қаралады,оның шеті, бұрын
айтқанымыздай,Гималайдың өзі болып табылады, неғұрлым үлкен жоталардың
шыңдары 7000м –ден астам биіктікке жетеді.

1.2.Тектоникалық құрылымы

Қазіргі рельефтің жасалуында, көтерілулер және олармен қоса жүретін
жарылуларда эрозиялық процестердің үлкен маңызы болды. Және одан
кейін,климат құрғаған сайын, шөл үгілуі, денудация мен эолдық
процестердің мәні ара береді.Плейстоценнің соңында Тибет тау қыраты мұз
басуға ұшырады.Содан кейін мұздықтардың еруіне байланысты суға молықты.Мұз
басудың бұдан ерте кезеңдері.Тибетте болған жоқ,өйткені ол қоршаған
жоталардан гөрі баяу көтеріледі және пейстаценнің шенінде әлі де қар
шекарасына жетпеген еді.Плейстоценнің соңында көтерілу күшейе түсті де
Тибетте мұз жамылғылары пайда болды,олар еріген кезде ондағы көптеген
көл қазаншұңқырлар кемерінен шыға толып кетті.
Бұдан кейінгі климаттың құрғауы көлдердің аумағының қысқаруына және
олардың суының тұздануына әкеледі.
Тибет тау қыраттың бәрінен бұрын құрылымы мен рельефінде айтарлықтай
ішкі айырмашылықтары бар.Орталық және батыс тибет (Чангтан )орта есеппен
4500-500 метрге көтрілген тегіс жоталардан және борпылдақ материялдар
мен толған, немесе ағынсыз көлдер алып жатқан тектоникалық ойыстардан
тұратын бір сыдырғы бет болып табылады.Шығыс тибтке (Сикан) күшті
тектоникалық жән эрозиялық тілімделушілік тән.Зор параллель жотлар
орасан үлкен шатқалға ұқсас аңғарлар мен бөлінген, осындай аңғарлармен
материктің аса ірі өзендері-Хуанхэ Янцзы,Меконг ағады.Шығыс тибеттің
солтүстік бөлігі біздің әдебиетімізде Син –Тибет таулары деген атпен
белгілі.

ІІ Тибет таулы қыратының табиғат жағдайлары
2.1 Климаты және ішкі сулары
Тибеттің аса зор биіктігі мен тұйықталып жатуы жауын –шашын
мөлшерінің аз және ауаның барынша құрғақ болуына, атмосфераның сиректігі
және осыған байланысты жылудың көп бөлігі бойына төменгі температураның
басым болып, температураның ауытқуына,жиі-жиі борай соғатын күшті
желдердің болуына әсер етеді.Климаттың бұл белгілері Тибеттің ішкі
аудандарынан әсіресе оның солтүстік,батыс және орталық бөліктерінен айқын
көрінеді.Дағдыланбаған организім Тибетте ауаның өте сиректігіне әзер
төзеді,бұған жергілікті тұрғындар мен жануарлар жақсы
бейімделгеен.Обылыстың көпшілік бөлігіне тән ауаның құрғақтығы да
организмге жағымсыз әсер етеді.Бұл кейбір өсімдіктердің мүлдем құрып
жанасқанда ұнтақталып шашылып тұруына әкеледі.Қысқы күшті аяздармен
ұштасып жататын ауаның құрғақтығы тіпті жергілікті тұрғындарға да үлкен
зардабын тигізеді-олардың терісі мен тырнақтары жырылып кетеді.Тибеттің
басты бөлігіндегі жауын –шашын мөлшері 205 мм-ден аспайды,жауын – шашын
жаз айларында, көбіне қар түрінде жауады.Жылы кезең өте қысқа және
үнемі үсік араласып тұрады.Жаз айларының орташа температурасы
+100,+160С, бірақ күнің ең ыстық кезінде ауа +300С-ге дейін қызады.Сонымен
бірге түнде температура 00С-ден төмендейтін кездері де аз болмайды.Қыс ұзақ
және аязды, температура үнемі -350С болады.
Қар жамылғысы болмайды,сондықтан топырақ үлкен тереңдікте қатады да
көп жылдық тоң қабатын сақтайды.Өзендер мен көлдер ұзақ уақытқа
қатады,тіпті күшті аяздар кезінде гейзерлердің төңірегінде,мұз бағаны
пайда болады да,оның ішінде ыстық су фонтаны атқылай береді.
Шығыс пен оңтүстікте қарай климат жағдайы біраз өзгеріске ұшырайды:
ылғалдық артып, температура жоғарылайды.Бұл осы аудандарға аңғарлар мен
тау жоталарының ояңдарын бойлап жас кезінде муссондардың тропиктік ылғалға
қаныққан ауасы енуімен байланысты.Қыстың қатаңдығын оңтүстіктегі орын
және биіктіктің жалпы төмендеуін жұмсартады.Сондықтан Тибеттеің
оңтүстігінде аймақтың неғұрлым ылғалды және жылы аудандары жатыр.Лыхасада
жауын-шашынның жылдық мөлшері 500мм-ге жуықтайды,бірақ жылдан –жылға бұл
мөлшер күшті ауытқиды.Жаз айларының орташа температурасы
+16,0+170,С,қыстың орташа температурасы 00С-ге жақын.Оңтүстік шығыс
батысына қарай температура өзгеріссіз дерлік қалады, бірақ жауын –шашынның
жылдық жиынтығы 800-1000мм-ге дейін артады.
Тибет таулы қыратының жеке бөліктерінің рельефі мен климатындағы
айырмашылықтар,содай-ақ су торына, топырағына, өсімдігіне,жергілікті
жануарлардың түрлерінің құрамына әсерін тигізеді.Тибет территориясында
қалыптасқан климат айырмашылықтарының ең маңызды салдарының бірі-су
жүйесіндегі айырмашылықта антропоген бойы климаттық құрғауына душар
болған батыс,солтүстік және орталық аудандарда су жүйесінің құрғауы мен
топшылануы, оның бірқатар ішкі ағын бассейіндеріне ыдырауы болып
өтті.Неғұрлым ылғалды шығыс және оңтүстік бөліктері.Азияың аса ірі
өзедері арқылы дренаждалады және Тынық мұхит пен Үнді мұхит
бассейіндеріне жатады.
Тибет таулы қыратының алабында қалдық көлдер көп,олардан көбнесе
басқа көлдерге құятын шағын өзендер басталады.Көптеген көлдердің суы
тұзды, тереңдігі шамалы, деңгейлерінің маусым бойына және жылдан-жылға
ауытқуы өте үлкен мөлшерге жетеді.Бүкіл көлдердің дерлік аумағы қазіргі
уақытта төрттік дәуірдің бас кезінде қарағанда кіші.Көптеген көлдер
құрғап, сорлар мен сортаң батпақтарға айналады.Таулы қыраттағы анағұрлым
ірі көлдер -4500м жуық биіктікте жатқан Селлинг, Намцо,Лхасадаан
оңтүстікке қарай орналасқан Ямдок.Тибеттің көлдерінде әр түрлі тұздардың
аса ірі қоры бар,оны жергілікті халқы ертеден өндіріп келеді.Көлдердің
көпшілігі балыққа бай өзендер, бұрын айтқандай, таулы қыраттың батыс және
орталық бөліктерінде жоққа жуық.Бар арна ағыстары таяз және аз сулы
болып келедуі.Анағұрлым ірі өзендер солтүстіктен ағып өтеді.Олар биік,
мұздықтар басқан тау жоталарынган ағып шығады.Бірақ олардың ландышафтына
үлкен әсері жоқ.
Оңтүстігі мен шығысында крініс мүлде басқаша.Ол жақтан Азияның ірі
өзендері түгелдей дерлік басталып, кең, жақсы жетілген аңғарлар мен
немесе тар және дүлей шатқалдармен ағады.Соңғысы әсіресе Тибет таулы
қыраттың шығыс шеті үшін тән, онда жергілікті жер терең шатқалдармен өте
қатты тілімденген.Тибеттің ең мол сулы өзені жоғары Брахмапутра (Цангпо),
онымен 3000-3500мм биіктікке кеме жүре алады.Цангпо аңғары-Тибеттегі
мәдениет пен егін шаруашылығының ежелгі орталығы.Тибетте климаттың
құрғақтығына байланысты қар сызығы өте жоғарыда 5500 және тіпті
6000метрде ( экваторданда жоғары жатқанмен мұздықтар көп, әсіресе батысы
мен оңтүстігінде баршылық).Оңтүстік мұз басудың өріс алуы жауын – шашынның
үлкен мөлшерде түсіуімен байланысты.Шығыс бағытында аласарған сайын
мұздықтар мен мәңгі қарлардың мөлшері де азия түседі.Мұздықтар, мәгі
қарлар,көлдер және сорлар Тибеттің бірсыдырғы биік таулық құрғақ
далалардың, шалғындар мен шөлдердің арасынан - ақ немесе көгілдір дақ
болып бөлініп тұрады.Тек шығыс және оңтүстік аудандарда ғана жауын
–шашынның көбеюіне байланысты аңғарларында ормандар және бай мәдени
өсімдіктер көрінеді.Бірақ онда да суайрықтары өзен аңғарлары мен күшті
контраст жасап, өзінің бір сыдырғы келбетін сақтайды. Тибеттің көп
бөлігіне флораның жүделулігі және тұтасқан өсімік жамылғысының болмауы
сипатты.

2. Жануарлар дүниесі мен өсімдктері
Тибеттің шөлді территориясының жануарлар дүниесі батыс және алуан
түрлі,онда әсіресе тұяқтылар мен кемірушілер көп.
Солтүстік Тибет өлкесі елсіз жапан түз болған соң, аңдардың
мекендеп,мұнда ең алдымен көзге түсетін тибет қодастары.Қодас-
жаратылысынан өзгеше бітке төрт аяқты жануардың бір түрі.Оның дүниесі
үлкен, келбеті көз тартатын айбынды,бауыр шудасы төгіліп жерге түсіп
жүретін бір қызықты жануапр.Оның жуына қарсы қолданатын қару алып денесі
мен қарағайдай екі үлкен мүйізі.
Ондай тағы сиырлардың көп тараған өлкелері-Тибет пен Ганьсу
тауларының аралығымен Кукунор көлінің бойы.Олар топ-топқа бөлініп, жүз-
жүзден,кейде мың-мыңнан жүреді.
Тобымен жүретін көбінесе ұрғашы сиырлар мен бойдақ таналар.Ал, үлкен
бұқалар әдетте олардан бөлектеніп,өз алдына бір топ болып жүреді.
Тобымен жүрген қодастар даладағы жыртқыш аңнан ешуақытта
қорықпайды.Мысалы қасқырдың келгенін сезсе, олар алқа –қотан жиналып жас
төлдерін ортасына алып, айбат шегіп тұрып алады.Мұндай шабынып тұрған кезде
қодастың түрі тіпті айбынды,буранның шабынғаны тәрізді құйрығын жоғары
көтеріп, көзін ақшайтып, денесін күжірейтіп жібереді.
Қодас төрт аяқтылардың ішіндегі өте самарқауы.Ол өзінен басқаны киік
сияқты дыбыс не көру арқылы сезбей, иісінен біледі.Қодас жайлауғы таң
ертең мен кешке шығады.Одан басқа уақытты ыңғай жусаумен өткізеді.Жусағанда
ойпат, жазық жерде жусайды.Таудың күнгей бетін онша жаратпайды, өйткені
жүні қалың болған соң таудың теріскей, салқын жағын ала жүргенін жақсы
көреді.Денесі сондай сөлекет, ауыр болсада, қодас тау басына шығуға да аса
епті келеді, шөп таңдамайды.Қодастың күй шақыратын кезі күзгі қыркүйек
айы.Бұл кезде олардың бұқаралары бұрынғы самарқау түрінен шығып, күні –түні
қыр кезумен болады.Әбден табаны қызып,лекі болған бұқалар бірімен бірі
кездескенде қырғын соқтығысқа түсіп, сүзіп,мықтылары босаңдауын жарақаттап
отырады.
Қодастың мінезінде ең алдымен көзге
түсетіні
оның самарқаулығы.Олар тек таңертеңмен
кеш
алдында жайылуға шыққаны болмаса,өзге
уақыттың
барлығын құлаққа ұрған танадай
жусаумен өткізеді.
Жусағанда олар не сулап жатып,
не сілейтіп
тұрып жусайды.Сол кезде олардың тірі
екенін тек
күйсеуінен ғана
айырасын.Күйсемей,мелшейіп тұрған кезде қодастың болпақ сурет тастан еш
айырмашылығы жоқ.Ол кезде ең ақыры оның басы да қозғалмайды, тұрған
қалпында қатып тұра
береді.

Бұл –Тибет таулы қыратының тұрғындар үшін ең бағалы жануар.Сондай–ақ
ада бөкені,оранго,жабайы есек,тау қойы,ақ қасқыр,аю,түлкі,қоян,құлан
көптеп кездеседі.Кемірушілерден шақылдақ суыр, тышқан, қояндар барынша жиі
кездеседі,олар таулы қыраттың қатаң жағдайларына икемделіп өз мекендерін
жер мекендерін жердің астына салады.Сондай–ақ кейбір
жыртқыштар:түлкі,сусар,ақ тышқан інінде тіршілік етеді.Тибетке тән жыртқыш-
шақылдық жегіш аю.Бір қызығы, жердегі індерде тек тибет сүт сүтқоректілері
ғана емес, сонымен бірге қыста ұшып кетпейтін кейбір құстар да өмір
сүреді.

Оңтүстік Тибет елінің негізгі кәсіби жер өңдеу, егін салу,бақша өсіру
Оңтүстік Тибетте егін кәсібінің белгілі бір орталығы-Барамапутра өзенінің
бойы.Бұл өзеннің алабы кең, жері құнарлы болған соң, ол ерте заманан егін
шаруашылығының көрнекті бір орталығы болады.Онда тары, бидайы,арпа,
күріш,жүгері, тағы басқа егістіктер егіледі.Бақшаларында әртүрлі уылжыған
миуа жемістері өседі.Тибет өлкесі тегінен – тегін егудің не басқаша
өсірудің дүние жүзіндегі ең биік жері болып саналады.
Бидай нанда теңіз бетінен 4000-6500 метір биікте өссе, жеміс
ағаштары Лхасса өңірінде 3600метр биіктікте өседі.Егін шаруашылығы мен
байланысты Тибеттің қыстақ, кенттері көбнесе оның оның оңтүстік
өлкесінде.Оңтүстік Тибетте шөл және биік таулы қуаң дала ландшафтары тек
суайрықтарда сақталған.Өзен аңғарларында әсіресе Цангопының жалпақ
аңғарында неғұрлым бай және алуан түрлі табиғи және мәдени өсімдіктер
көрінеді.
Тибеттің орталық және батыс аудандары өсімдікке айрықша тапшы, онда
тамыр жүйесі мықты жетілген көп жылдық аласа бойлы өсімдіктер бар биік
таулы шөлдер басым. Мүлдем өнімсіз, тастық учаскілер бар.Шағын арна ағыстың
бойында шырана, куриль шайы және шөптер:қоңырбас, бетеге, тауда 500
метірге биіктікке дейін кездесетін кейбір қияқтың түрлері
көрінеді.Батпақты учаскілерде қияқ тұқымдас өсімдік –қатты жапырақты және
берік шамы бар тибет кобрезиясы өседі.
Тамаша астық тұқымдас шалғындар тал, терек және тис тоғайлармен
кезектесіп келеді.Цангпо мен оның салаларының аңғарында орналасқан елді
мекендердің айналасында астық және бақша дақылдары егілген, жыртылған
учаскілер көп.Лхсада жеміс бақтары мен гүлзарлары көп.Шығыс батысында
өсімдік бұданда гөрі бай түседі,қоңыржай белдеудің қылқан жапырақты
тұқымдарынан тұратын ормандар көріне бастайды,Оңтүстік –шығысында оған
ағаштар мен бұталардың кейбір субтропиктік түрлері араласады.Син-Тибет
таулары мен Юньнань таулы қыратының беткейлерінде қылқан жапырақты және
қылқанды – жалпақ, жалпақ жапырақты ормандар сақталған,онда мәңгі жасыл
тропиктік флораның кейбір өкілдері кездеседі.

2.3.Тибет таулы қыратының физикалық географиялық аудандастыру
Орталық Азияның шөлді тау үстірттерінен оңтүстікке қарай, бұл жерлердің
және Ганг пен Үнді ойпаттарының арасында жер шарындағы ең биік көтеріңкі
тау жүйесі жатыр, оның орташа биіктігі 5000 метрден астам. Оған батыста
Памир, Гиндукуш және Қаракорым тау түйінінен бастап, шығыста Тибет тау
қыратының шығыс шетіне дейінгі тау жоғалары мен тау қыраттары енеді. Оған
бүкіл Тибет таулы қыраты, Қуньлунь және Наньшань жатады.

Ертеректе Гималай тауларының жүйесі Жерорта теніздік қатпарлы белдеуге
жатады деп саналады, нетұрлым жана деректер бойынша ол Үнді платформасының
жанданған шеткі бөлігі болып табылады, онда неогсн дәуіріне дейін дамудың
платформалық типі болған, осыны жәнс Гималай ялиматынык өзіндік
ерекшеліктсрін ескере отырып, біз оны Биік Азия емес, Оңтүстік Азия
көлемінде қарастырамыз.

Әр түрлі жастағы қатпарлы құрылыстардан тұратын Биік Азйея неогеннің аяғы
мен антропогенде йүмпиіп көтерілген, көтерілу біздің уақытымызда да
тоқталған жоқ және биіктігі мен таралу ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең
ірі көтеріңкі жерлерді қалыптастырғаи.

Биік Азияның болуы оның алабында биік тау лаидшафтар мен биіктік
белдеуліктіктің әр түрлі типінің кенінен таралуын ғана жағдай
жасаматіды, сондай-ақ Азняның басқа бөліктерін табиғат жағдайларын
қалыптастыруға да үлкен ықпал етеді косфернын жлпы циркуляциясының жүйесіне
снетін ауа ағындарының қозғалыс жолына дүние жүзіндегі ең үлкен
орографиялық тосқауыл түзе отырып,Биік Азия Азия максимумынын күшейе не
жағдай жасайды,Үнді және Тынық мұхиттарынан материктің ішіпе қарай ауа
ағыстарының енуіне кедергі жасайды, батыс тасымалынын таралуына ықпал
етеді.

Биік Азияла Азияның ең ірі өзендерінің барлығы басталады және оның
ықпалы өзендердің нақ сағаларына дейін сезіліп отырады.

Осының бәрі Жоғарғы Азияны Евразия материгінін дербес ірі бөлігі
ретінде бөліп қарауға негіз болады.

ГИНДУКУШ ЖӘНЕ ҚАРАҚОРЫМ

Гиндукуш пен Қарақорымның биік таулы аймақтары Памирмен бірге Иран
және Тибет таулы қыраттарын байланыстыратын қуатты тау түйіндерін түзейді.
Бұл тау түйіні Ауғанстан, Пакистан, Кытай және Совет Одағының шекараларының
тоғыскан жерінде жатыр.Гиндукуш пен Қаракорым жүйелері жер шарындағы
неғұрлым биік көтеріңкі жерлердің қатарына жатады.
Гиндукушты Иран таулы қыратынын солтүстігіндегі шеткі жоталармен
бірге алып қарайды, бірақ мұндай біріктіруді орографиялық және тектоникалық
көзкарас тұрғысынан ғана мақұлдауға болар еді. Ландшафтарының сипаты
бойынша Гиндукуш Иран таулы қыратының басқа шеткі жоталарынан, көбіне
онымен көрші Пропамизден түбірімен өзгешеленеді.Паропамиз және Орта Ауған
тауларының арасын байланыстырушы түйін — Кохи-Баба отасы Гиндукуш жүйесіне
жатады. Бұл жота және Гиндукуштың өз жүйесі мұхиты бассейні мен Орта
Азияның ағынсыз аймақтарының арасында суайрықтарын түзеді.
Гиндукуш батыс — онтүстік-батыстан шығыс — солтүстік-шығысқа қарай
жалпы созылып жатыр.Одан жоталардың негізгі желісіне перпеидикуляр көптеген
сілемдер тарап жатады, ол сілемдер түстікте Ауған Бадахшанының, ал
оңтүстікте Кафиристан таулы аудандарын түзейді. Таулар мен асулардың
биіктігі, олардың киындысы батыстан шығысқа қарай ұлғая түседі.Кохи-
Баба тауларының биіктігі 5143 метрге жетеді, оның асулары 3000 метрге жуық
биіктікте жатыр. Қохи-Баба жотасы мен Батыс Гинду-куштың арасында Шибар
асуы жатыр (2987 м), онымен Кабулды Мазар-Шарифпен байланыстыратын
Трансгиндукуш автомобиль олы өтеді.Батыс Гиндукуштын биіктігі 4000—5000
метрден асады. Шығыс Гиндукуш алабында ол 6000—7000 метрге жетеді. Ең биік
Тиричмир шыңы 7960 метр. Гиндукуш жүйесінін тауларының Құрылысына
палеозойдын кристалдық жыныстарй мен мезозойдың, күшті қатпарланған
құрамы әр түрлі тұнба шөгінділері қатысады. Рельефінде үлкен биіктікте
жатқан тегістелу беттері қатынасының тұнба шөгінділері терең аңғарлармен
тілімдслген қия .
Гиндукуштан солтустікке қарай, Пянджа анғарының ар жағында, Памир тау
қыраты көтеріліп тұр. Оңтүстік-шығысқа қарай Шығыс Гиндукуштан
Қарамбар өзенінің аңғарынан бөлініп да гөрі зор жота дүние
жүзінін биіктігі жағын Гималайдан кейінгі скінші тау жүйесі — Карақорым
созылып жатыр.Оның орташа биіктігі 6000 метрге жуық. көптеген шыңдары 6000
метрден асады, ал үшеуі 8000 метрден жоғары көтеріледі. Олардың ішіндегі ең
бнігі — Чогори (Годуин Остен) (8611 м)— әлемнің екінші шыңы болып
табылады.
Қарақоры тау түзілісі негізінен триаста, сонымен бірге анағұрлым
кейінгі кезеңде өткен. Ең жаңа жарықтар мен көтерілулер рельефті жасартып
жіберген, қазіргі кездегі биіктікке көтерген және күшті тілімдеген. Жас
тектониканың әсерімен төрттік және қазіргі заманғы мұз басу мен эрозияның
ықпалымен Қарақорымның шұғыл, нағыз альпілік рельефі пайда болады.
Асулар 500метр және одан да гөрі биіктікте жатыр,олардың көпшілігінен
тіпті жаздың кезінде өтудің өзі қиын, қыста жота арқылы асудың сәті үнемі
түсе бермейді.
Қаракорымның, әсіресс Гиндукуштың қойнауы әртүрлі пайдалы қазбаларға
бай. Онда көмір, әр түрлі металл рудалары,графит кен орындары бар, бірақ
оларды барлау соншама нашар әрі өндірілуі де мардымсыз.
Онда Иран таулы қыратының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Еуразияның физикалық картасы
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
Оңтүстік Батыс Азия
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
ОҢТҮСТІК БАТЫС АЗИЯ МЕМЛЕКТІ
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Азияның өзендеріне жалпы сипаттама
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
Пәндер