Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Денсаулық салауатты өмір салты түсінігінің негізгі мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Жасөспірімдердің бойында салауаттық өмір салтын қалыптастырудың әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15

3. Жасөспірімдердің зиянды әдеттерден сақтандырудың алдын алу шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ІV. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана – сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар – ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім – тәрбиемен сусындату болып табылады. Бұл тұрғыда тәрбиенің мынадай құралдарын қолданғанымыз жөн: сөз, өнер, ойын, әлеуметтік орта, еңбек құралдары, спорт.
Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Салауатты өмір салты және спортпен айналысу «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасындағы негізгі басымдықтары болып табылатын, Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі.
Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және денсаулық.
Ақыл сарқылмас дария, ой – тұжырымға, нәтижеге апарар жол, осы ақыл мен ой ұштасып, зерде атты кемел әрекеттерге әкеледі. Адам өмір тәжірибесінде жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиреніп, барлық әрекеттерді таразылап, сәйкесінше қорытынды жасап, зердесіне, санасына нұрлы сәуле құйып, бойын ибалы қасиеттерге байытып отыруы тиіс.
Мәнді де мағыналы өмір сүрудің басты қағидасы – салауатты өмір салтын сақтау. Мықты денсаулық салауаттылықтың негізгі ережелерін ұстанғанда ғана қалыптасады.
Қоғамдағы кез – келген адам мәдениетті болуға ұмтылуы қажет. Ал оқушы – қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін тәрбиелей отырып біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің асқақтауында отбасы және мектептегі тәлім – тәрбиенің маңызы ерекше.
1. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы. Алматы 1999ж.
2. Ж.Б.Қоянбаев ., Р.М. Қоянбаев. “Педагогика” Алматы 1998ж.
3. М.Жұмабаев “Педагогика” Алматы 1992ж.
4. И.Л.Подласый “Педагогика” Москва 1999ж.
5. Қ.Қ.Жарықбаев., С.Қ.Қалиев. “Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер антологиясы” Алматы 1995ж.
6. З.Әбілова “Этнопедагогика” Алматы 1997ж.
7. Қ.Қ.Жарықбаев., С.Қ.Қалиев. “Қазақ тәлім-тәрбиесі” Алматы 1995ж.
8. С.Әбенбаев “Мектептегі тәрбие жұмысының әдістері” Алматы 1999ж.
9. И.Н.Баженова “Педагогикалық ізденіс” Алматы 1990ж.
10. Жаппаров А. Оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және мазмұндама жүргізудің әдістемесі. Шымкент, 2002 жыл.
11. Кәтенбаева Б. ІV -ІХ сыныптарда тіл ұстарту. А, 1978 жыл.
12. Айғабылов А. Лексиканы оқытудың кейбір мәселелері. А, 1980 жыл.
13. Арғынов Х. Қазақ тілі методикасы негіздері. А, 1969 жыл. 14. Исабаев А. Фонетиканы оқыту. 1965жыл
15. Оралбаева Н. Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін окыту әдістемесі. А, Ана тілі, 1996 жыл.
16. Байтұрсынов. Тіл тағлымы. А, Ана тілі, 1992 жыл.
17. Итемирова А.С. Қазақша тіл дамыту сөздігі. А, 2000 жыл.
18. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А, 1993 жыл.
19. Құлмағамбетова, Исанова А, Исингарина М, Көккөзова М, Құрманғалиева М, Айтжанова П. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А, Білім. 2000 жыл.
20. Кәтенбаева Б. Етістікті оқытуға байланысты грамматикалық таблица. А, 1980 жыл.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын
қалыптастыру негіздері

ЖОСПАР
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Денсаулық салауатты өмір салты түсінігінің негізгі
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Жасөспірімдердің бойында салауаттық өмір салтын қалыптастырудың
әдістемелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .. 15

3. Жасөспірімдердің зиянды әдеттерден сақтандырудың алдын алу
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

ІV.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... . 27

V. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

І. КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені
сау, ұлттық сана – сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар –
ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу. Жалпы
оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға
ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының
жүрегіне жол тауып, оларды тәлім – тәрбиемен сусындату болып табылады. Бұл
тұрғыда тәрбиенің мынадай құралдарын қолданғанымыз жөн: сөз, өнер, ойын,
әлеуметтік орта, еңбек құралдары, спорт.
Жаман әдеттерден аулақ болудың жолы – адам баласының өзін-өзі
тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы.
Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана
шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз.
Салауатты өмір салты және спортпен айналысу Қазақстан - 2030
стратегиялық бағдарламасындағы негізгі басымдықтары болып табылатын,
Қазақстанның мемлекеттік саясатының басты бағыттарының бірі.  
Тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, айнала
қоршаған асу-асу таулары, еркін тыныстар ауасы бар кең жазира дархан
даламда өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі-бейбіт өмір, еркіндік және
денсаулық.
Ақыл сарқылмас дария, ой – тұжырымға, нәтижеге апарар жол, осы ақыл
мен ой ұштасып, зерде атты кемел әрекеттерге әкеледі. Адам өмір
тәжірибесінде жақсы әдетті үйреніп, жаман әдеттен жиреніп, барлық
әрекеттерді таразылап, сәйкесінше қорытынды жасап, зердесіне, санасына
нұрлы сәуле құйып, бойын ибалы қасиеттерге байытып отыруы тиіс.
Мәнді де мағыналы өмір сүрудің басты қағидасы – салауатты өмір салтын
сақтау. Мықты денсаулық салауаттылықтың негізгі ережелерін ұстанғанда ғана
қалыптасады.
Қоғамдағы кез – келген адам мәдениетті болуға ұмтылуы қажет. Ал оқушы
– қоғамның белсенді мүшесі, жарқын келешек кепілі. Оқушы мәдениетін
тәрбиелей отырып біз жеке тұлға қалыптастырамыз. Жеке тұлғаның мерейінің
асқақтауында отбасы және мектептегі тәлім – тәрбиенің маңызы ерекше.
Жалпы жасөспірімдердің мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі
басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір
оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім – тәрбиемен сусындату болып
табылады.
Күш - қуаттық жаттығуларды оқушы жастардың үздіксіз оқып, үлгілі,
тәртіпті болуына, еңбек ету қабілетін арттыруға, Отан қорғауға дайын болуға
бағыттай отырып, олардың бойында қайсарлық, табандылық, төзімділік тәрізді
қасиеттерді, патриоттық, интернационалдық сезімді қалыптастыру.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Жасөспірімдердің салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету.
Олардың зиянды заттарды қолдануға деген теріс көзқарастарын қалыптастыру.
Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, бағалы байлық екендігін
түсіндіру. Оқушылардың денсаулық туралы түсінігін кеңейту, спортпен
айналысуға табиғат пен тазалықтың адам денсаулығына пайдалылығына назар
аударту. Өз денсаулықтарына ұқыпты қарауға, спортты сүбге, қоршаған ортаны
қорғауға, тазалыққа тәрбиелеу. Шынығудың, тазалықтың, табиғаттың маңызын
ұғыну, тілдерін дамыту, өз бетімен ізденуге тәрбиелеу, шығармашылыққа
баулу.

Курстық жұмыстың міндеті:
Дене тәрбиесінің мекемелері мен мемлекеттік, қоғамдық органдарға дене
тәрбиесі - спорт шаруашылығын жедел жүргізу, сол арқылы республиканың
экономикасын, қорғаныс қабілетін арттыруға, қазақстандықтардың, әсіресе,
балалар мен жастардың өскелең рухани қажетін өтеуге, олардың бойында
пәрменді өмірлік позиция мен күнделікті тұрмыстық тіршілікте, оқуда, еңбек
етуде салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету міндеттері.
1. Денсаулық салауатты өмір салты түсінігінің негізгі мәні

Әр адам тұқымдық сапасы, өзін қоршаған орта бойынша ерекше; ол өзінің
ұмтылыстары мен мүмкіндіктері бойынша да ешкімге ұқсамайды, сондықтан оның
өмірлік мұраттары мен оны жүзеге асыру жолдары да ерекше.
Салауатты өмір салты – бұл әрбір жеке адамның тіршілігі мен ұзақ өмір
сүруінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін тәртібі мен дағдысының жеке
жүйесі.
Бүкіл Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының Жарғысында жеке денсаулық
түсінігі тек ауру мен кемістіктің жоқтығымен ғана емес, толық тән саулығы,
рухани және әлеуметтік игіліктің күйі ретінде берілген.
Бірқатар өзге анықтамалар да бар, алайда олардың барлығында денсаулық
бағаланатын төмендегі тұрақты өлшемдер мазмұндалған:
• Аурудың жоқтығы;
• Организмнің қалыпты жұмысы;
• Толық тәндік, рухани, ақыл – ой және әлеуметтік игілік;
• Қоршаған орта өзгерісіне бейімделу қабілеті табиғат - адам
жүйесінде организмнің тепе – теңдігі, организмнің тұрақты күйін
сипаттайтын тұрақты өлшемдердің болуы;
• Толыққанды еңбек ету, адамдармен тіл табысу қабілеті;
• Шығармашылыққа ұмтылу.
Шынайы денсаулық түсінігінің негізгі мәні осындай. Әрбір адам осындай
денсаулықты иелену үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіс. Адам
денсаулығының басты құрайтын көздері оның рухани және тәндік жағдайы болып
табылады. Әлеуметтік көздерін құрайтындар әлеуметтік байланыстар мен жеке
адамдар арасындағы қарым қатынасты көрсетеді және адамның рухани саулығының
ажырамас бөлігі болып табылады.
Жан саулығы – бұл біздің ақыл – ойдың, денеміздің саулығы. Ақыл – ой –
бұл қоршаған әлем мен өзіңді тану қабілеті, бұл болған оқиғалар мен
құбылыстарды талдау, өз өміріңе негізгі ықпал ететін аса ықтимал оқиғаларды
болжау, қойылған міндеттерді шешуге, өз мүдделеріңді, өміріңді және шынайы
қоршаған ортаның саулығын қорғауға бағытталған үлгі жасай білу.
Парасат жоғары болған сайын оқиғалар дұрыс болжанады. Өзіңнің өмір
сүру жоспарың нақтырақ, жүйкесі төзімді, тән саулығының деңгейі жоғары
болып келеді.
Тән саулығы – бұл дененің әзірленген бағдарламаны жүзеге асыру және
болжанған тосын және төтенше жағдайлардан қаймықпай шыға білу қабіледі.
Жан және тән саулығы адамның жалпы жеке денсаулығының ажырамас бөлігі
болғандықтан ұдайы үйлесімді бірлікте болуға тиіс.
Жан саулығы – ойлау жүйесімен, қоршаған ортаны танумен және оған
бейімделумен қамтамасыз етеді. Бұл арқылы біз қоршаған ортаға немесе
белгілі бір адамға, затқа, білім саласына, принципке қатысты өз орнымызды
анықтаймыз немесе сезінеміз. Жан саулығына өз – өзіңмен, туысқандарыңмен,
достарыңмен және қоғаммен жарасымдықта болу, оқиғаларды болжай және
кескіндей білу және өз іс – әрекеттерінің бағдарламасын жасай білу арқылы
қол жетеді. Белгілі бір деңгейде жан саулығына сенім үлкен демеу болады. Не
нәрсе болсын сену – ар – ожданның ісі.
Өзің үшін салауатты өмір сүрудің жеке жүйесін құра отырып жеке
гигиена, ой және дене еңбегінің арасындағы қарым – қатынас, дене шынықтыру,
тамақтану мәдениеті, демалыс режимі, арақ – шараптан, темекіден, есірткіден
біржола безіну сияқты тіршіліктің барлық бағыттарын ескеру қажет.
Бірқатар ғалымдар жеке денсаулықтың күйін анықтайтын төрт факторды
бөліп көрсетеді. Факторлардың маңызының шамамен бөлінісі мынадай:
- Биологиялық факторлар – 20 пайыз;
- Қоршаған орта, экология – 20 пайыз;
- Жеке өмір салты, адамның дағдылары мен мінез – құлқы, шағын
әлеуметті орта – 50 пайыз;
- Денсаулық қызметі - 10 пайыз
Адам ежелден бері қоршаған табиғи ортаны өз мұқтажын қанағаттандыруға
арналған ресурстар көзі деп қарап келді. Бұл жағдайда табиғаттан алған
ресурстардың көпшілігі оған қалдық түрінде қайтарылады.
Бүкіл дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы денсаулық сақтау саласындағы
арнайы БҰҰ ұйымы, оны құру туралы шешім 1946 ақпанда БҰҰ Ассамблеясында
қабылданды. 1948ж. 7,04 Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы жарғысы
қабылданды. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні болып атап өтіледі.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мақсаты барлық халықтардың
денсаулықтың ықтимал жоғары деңгейіне жетуіне күш жұмсау болып табылады.
Тәуелсіздік туын желбіретіп, өз алдымызға бөлек ел болып қалыптаса
бастаған кезімізде баршамызды мазасыздандырған түйінді мәселелерді
басымыздан өткізуге тура келгені бәрімізге де мәлім. Жаңа заман, жаңа леп
жақсылығымен бірге бас шайқатар кемшіліктерін де ала келді. Бұған себеп,
бұрын бір қалыпта, бір үлгідегі өмірімізге елеулі өзгеріс енді. Тас
бекітулі шекаралардың ашылуы, елімізге лап берген шетелдік азаматтар,
бизнесмендер, инвесторлар, тіпті алыпсатар саудагерлерге дейінгі топтар
өздерімен көңілді селт еткізер жаңалықтарымен бірге ортаны ойсыратар
кемшіліктерін де ерте келгені белгілі. Яғни, нарық заманы өмірімізді
түпкілікті түрде өзгертті. Бірқатар жерлеріміз гүлденіп жатса, екінші
жерімізде қуаңшылық басталды. Ауыл тұрғындарының тіршіліктің қамымен жаппай
қалаға ағылуы бұрыннан сақталып келген қала мен дала тіршілігіндегі тепе-
теңдікті бұзып, базарлар көркейіп, жұрттың тұтыну деңгейі жақсарғанмен де,
ауылдағы өмір жұтаң тартты. Адамдардың пейілі тарылып, мінездерінде елеулі
ауытқушылық байқалды.

Осы жәйттер ересектермен қоса жастардың да тұрмыс-тіршілігіне қатты
өзгеріс енгізіп еді. Ең қорқыныштысы “есіре” бастаған ақшаның қолдауындағы
“еркін махаббат” арқылы кең тарай бастаған жұқпалы аурулар, әсіресе тікелей
өлімге апарар кездейсоқ жыныстық қатынастар, нашақорлық, есірткіге бас ию
немесе жаман әдеттерге ұрыну, адам өлтіру, ұрлық жасау, зорлау, қинау
сияқты дәл біздің қазағымызға жат қылықтар орын ала бастады. Сөйтіп,
салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі өзінен-өзі туындады. Бұл,
айтылған алапаттың алдын алуды қарастырудың бірден-бір жолы болатын.

1998 жылғы наурызда Шымкент қаласында облыстық денсаулық сақтау
департаментіне қарасты облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
құрылды. Қазірде бұл орталықта бірнеше бөлімдер мұқият түрде жұмыс істеуде.

– Біздегі ең негізгі бөлімдер: ол білім беру, мониторинг, ұйымдастыру-
әдістемелік бөлімдері, – дейді орталықтың бас дәрігері Гүлсім Әбдіреева. –
Басты міндетіміз – халық арасында теориялық, үгіт-насихат жұмыстарын
жүргізумен қатар, оны іс жүзінде де тәжірибелік негізде жүзеге асыру.
Қызметкерлердің барлығы дерлік жоғары білімді мамандар. Іштерінде
дәрігерлер де, мұғалімдер де бар. Олар әр тақырыпта іс-шаралар
ұйымдастырып, іссапарларға шығып, семинар-тренингтер өткізіп, салауатты
өмір салтын қалыптастыруда аянбай еңбек етіп, алғысқа бөленіп жүрген
жандар. Қазақстан тұрғындарының денсаулығы, жастардың ойдағыдай тәрбие
алуы, ер-азамат атануы үшін орталықтардың сіңіріп жатқан еңбегі ойдағыдай
деп сеніммен айтқан болар едім.

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру СӨСҚ қызметіне қарасты
аудандық және қалалық 2 СӨСҚ орталықтары мен 12 денсаулықты нығайту
орталықтары бар. Әрқайсысы міндеттерін өз деңгейлерінде атқаруда. Облыстық
газеттер мен телеарналарда түрлі тақырыптарға мақалалар жарияланып,
сұхбаттар беріледі.

Бұдан кейін өз пікірін ортаға салған бас дәрігердің орынбасары Роза
Жәукімованың айтқанындай, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру және
денсаулықты нығайту орталықтарына арнайы түрде әр айдың соңғы жұмасында
семинарлар өткізіліп тұрады. Әрине, облыс көлеміндегі атқарылып жатқан
жұмыстарды олар да өз әлдерінше, қолдарынан келетін деңгейде одан әрі
жалғастырып отырады. Кейде өздерінің жеке түйінді мәселелеріне байланысты
кемшіліктердің де байқалып қалуы мүмкін. Оған себеп, сол баяғы ауылдық
жердегі мамандардың жетімсіздігі. Қазіргі оқу бітірген жастардың көбі
айлықтың аздығын, тұрмыс жағдайларының нашарлығын сылтау етіп, өздерінің
туған жеріне оралудың орнына, қалада қалуды көздейді. Осының бәрі тәлім-
тәрбие жұмысының өркендеуіне едәуір кесірін тигізері анық.

Орталық қызметкерлерінің әр алуан тақырыптарға арналған іс-шаралары өте
күрделі. Індеттердің алдын алу, жұқпалы аурулардан сақтандыру, қарқынды
түрде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу анау айтқан оңай шаруа емес, едәуір
тер төгуді қажет ететін іс.

Мақтаулы қызметкерлердің бірі, білім беру бөлімінің аға валеологі
Бибігүл Әліқұлова менің “Жұмысыңды жемісті деп ойлайсың ба? Жасөспірімдер
арасында жүргізген шараларыңның нәтижесі қандай?” деген сұрағыма былай деп
жауап берді:

– Орталықтардың атқарып жатқан қызметі өте қажетті де, мәнді деп
санаймын. Себебі, үгіт-насихат тек қағаз жүзінде қалып қоймай, адамдармен,
әсіресе, жастармен етене араласып, әр түрлі тақырыптарға ойын-сауық, іс-
шаралар ұйымдастырудың маңызы өте зор. Бұл олардың сана-сезімін
жоғарылатып, өмірді сүйе де, бағалай да білуге үйретеді.

Өмірімізде өте күрделі құбылыс ретінде саналып отырған мемлекеттік
тілдің мәртебесі де менің ойымша осы орталықтар арқылы да марқая түсер еді.
Себебі, ұлттың ордасы іспетті оңтүстік өңірінде барлық құжаттар барынша
мемлекеттік тілде жүргізіліп, іс-шаралар осы тілде ұйымдастырылуда.
Қазақтың ұлы үш биі бас қосқан киелі өлкеде тәлім-тәрбие жұмысы өз
тілімізде өркендеп, қанатын жайған дәл осы шақта жастар тәрбиесінің де
гүлдене түсері сөзсіз.

Дәл қазір орталықтың педагог-валеологтары ғылыми-техникалық
ынтымақтастық жөніндегі “Қауіпсіздік бағыты” жобасы бойынша жұмыс істеп,
медицинаның барлық жетістіктеріне қарамастан, жазылмас дертке айналған СПИД-
ке (жұқтырылған қоздырғыш тапшылығының белгісі) қарсы күресті алдарына
мақсат ретінде қойып, жұмыстарын қызу жүргізуде. Бағдарлама қозғалмалы
ақпараттық көрме және ойын үйретумен үйлестірілген, яғни валеологтардың
міндеті – жасөспірімдер арасында індетке қарсы ақпаратты таратып, өзін де,
басқаларды да қорғауға дайындау. Бұл іс-шараға облыстың барлық аймағы
дерлік қамтылды десе де болады.

...Адамзат әр кезде де баласының болашағына бақытты өмір тілеп, тәңірден
оның аман болып, ұзақ та үлгілі өмір сүруін сұрап, осы мақсатқа жетуі үшін
терін төккен. Бұрынғылардың салып кеткен сара жолын лайықты түрде
жалғастыра білу – ұлы мұрат.

Қазақ халқы. Ел болам десең, бесігіңді түзе! деп тектен тек айтпаса
керек. Қазіргі заманымыздың індетіне айналып отырған шылым шегу
болашағымызды күре тамырдан шапқалы тұрған тәрізді. Ықлым замандардан бері
осы әдетпен күресіп келе жатсақ та, қоғамда әлі де басын аршып ала алмаған
адамдар баршылық. Шылымқұмарлық - әдет пе, әлде ауру ма? "Нағыз" еркектің
әдетке айналған "көңіл жықпас" ермегі бүкіл ұлттың денсаулығына күрт әсер
етіп барады. Әлемнің көптеген елдері дабыл қағып, оны мемлекеттік
деңгейдегі мәселе етіп қоюда.

Қазақстанда "Шылым шегуге шектеу қою" туралы заң қабылданды.
Азаматтардың денсаулығы - мемлекет байлығы, экономикалық әлеуеті, күші.
Темекі қандай қатерге ие екендігін ойлаудың өзі қауіпті. Жыл сайын
темекіден әлемде 4 миллионнан астам өледі немесе әр 8 секунд сайын 1 адам
көз жұмады. Еуропада 1982-2000 жылдар аралығында 10 млн, адам осы шылым
шегушілер санынан қаза болған. 25 мың адам шылымқорлыққа байланысты аурулар
кесірінен көз жұмады. Әлемде 6 миллион гектар жерді темекі плантациалары
алып жатыр. Бұл жерде бидай салған болсаң 20 миллион адамды тамақтандыруға
болар еді? Күн сайын әлемде 15 млрд. шылым шегіледі. Темекі компаниясынан
түсетін табыс күніне 200 миллион теңге немесе жылына 73 миллиард теңгені
құрайды. Планетамызға темекі қалдықтарынан босаған 275 миллион темекі
қораптары күн сайын лақтырылады. Темекідегі радиоактивті изотоптар (Ро 210
— полоний; Рв Мо -қорғасын) ағзаға жиналып, адамның генетикалық құрылысына
әсер етіп, ісік ауруларын тудыруға себепкер болуда. Қатерлі ісіктен
өлгендердің 90 пайызы ұзақ жыл шылым шегушілер. Темекідегі улы заттар
ағзада әлсіздік тудырады, қорғаныс қабілетін нашарлатады. Бұның соңы
гормонның жетіспеушілігіне соқтырады.

Жүкті әйелдердің темекі тартуы балаларынын аурушаңдығын екі есе
арттырады.

Жалпы, шылым шегу әсерінен ең көп тараған созылмалы жұқпалы емес
аурулардың көбі өршиді. Оларға бірінші кезекте онкологиялық (90 пайызы өкпе-
ісігі), тыныс мүшелерінің (арнайы емес созылмалы өкпе аурулары 75 пайызы),
жүрек-қантамыр аурулары (жүрек ишемиялық аурулары) түрлері жатады.
Статистикалық деректер бойынша, темекі шегу салдарынан Қазақстан
Республикасында жыл сайын орта есеппен 20-25 мың адам қайтыс болады.
Қазақстанда шамамен халықтың үштен бір бөлігі темекі шегеді (еркектер 62
пайыз және 18 пайызы әйелдер)

Шылым біздің денсаулығымызға ғана емес, қоршаған ортаға да зияны көп.
Мысалы, шылымның шоғы - өрт себебінің бірі. Статистикалық деректерге
жүгінсек, өрттің жартысынан көбі адамдардың отты дұрыс пайдаланбауынан
болады екен. Сенбей қалған шылым шоғының температурасы 600 градусқа дейін
барады. Мысалы, шылым ағаштың үстіне түссе, тұтанып, соңынан жалынған
ұласады. Бұл процесс 1 сағаттан 4 сағатқа дейін созылуы мүмкін. Сөнбеген
шылым тақтай үстінде 180-210 минуттан соң, алауға айналса, қарағайдың
жануына небәрі 60-80 минут кетеді. Төсекте шылым тарту да өте қауіпті.
Көрпеге түскен темекі шоғының тұтануы адам ұйқыға кеткеннен кейін өртке
айналады. Мұндай жағдайда адамды құтқару мүмкін емес.

Дені сау, жан-жақты дамыған, оңы мен солын танитын, дене құрлысы мықты
азамат қана Отанның патириоты бола алады.

Сонымен балаларды болашақ өмірге тәрбиелеу барысында мынадай мақсаттарды
алға қойдым. Олар:

-Өз Отанын, туған өлкесін, халқын, халықтың өткен

ерлігімен бүгінгісін;

-Қоршаған ортаны, табиғатты көздің қарашығындай сақтау;

-Өз отбасын мақтан тұту;

-Адамдардың еңбегін құрметтеу, өзін еңбек етуге баулу;

-Отанды қорғауға дайын болу;

-Өзіңнің намысыңды қорғау, отбасының намысын сақтау, сыныппен мектептің
намысы үшін жақсы оқу, тәрбиелі болу;

-Ата-анаңды, сыйлау ата-ананың ұлы болу;

-Спортты сүю, спорт арқылы даңққа бөлену, тағы басқа да осындай қағиданы
алға тартып жұмыс істеп келемін.

Құдай бізге денсаулық берді. Осы бір ғана құдіретті денсаулықты сақтау
жолында сонау ежелгі Гиппократ, Аристотельдер, оның бергі жағында
заманымыздың дене шынықтыру, медицина салаларындағы ғалымдар адам саулығын
жақсартамыз деп тер төгуде, бірақ нәтиже бар ма? Осы аталған мамандардың
пайымдауынша жылдан жылға, әсіресе жастар мен жасөспірім ағзалары нашар
екендігін айтып та, жазып та сан түрлі деректер келтіреді. Мемлекет басшысы
Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан - 2030" ұзақ мерзімді жолдауында: "Қазақстан
азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын
азамат етіп тәрбиелеу қажет: Біздің балалардың дені сау, саналы, білімді,
өресі биік болып өсуі тиіс", — деп айтқан болатын. Жыл сайынғы жолдауында
да Елбасы денсаулық саласына басты назар аудару қажеттігін атап көрсетеді.
Осы игі бастаманы Білім және медицина ғалымдары бірлесе көтере отырып
"Валеология" оқулықтарын шығарып білім ордаларына пән ретінде енгізуді
ұсынғаны белгілі. Осы бір ғажайып оқулықтың негізгі құндылықтарын жас буын
бастауыштан бойларына жетілдіріп сіңірсе деген ойдамын.

Әсіресе бүгіндері жыл сайын мектепке келушілердің денсаулықтары көп
жылдық оқу үрдісінде төмендеп кететіндігін білеміз. Мектеп қабырғасының
оқушылардың салауатын өмірге және дене тәрбиесіне деген көзқарасы негізінен
қалыптастыруды аяқтау керек деп есептеймін. Салауаттылыққа құлшыныс
өздігінен жасалмайды, оған тәрбиелеу және жағдай жасау керек. Білім беру
жүйесінде дене тәрбиесін беру бағдарламасында салауатты өмірге деген
қажеттілікті айқындап беру керектілігі атап көрсетілген. Біздің мектепте
медициналық бақылаудан өткеннен кейінгі мәлімет бойынша мектеп оқушыларының
орташа денсаулығы 11 жылдықты аяқгағанда, денсаулық жағдайлары екі-үш есе
төмендеп кететіні байқалады.

Мемлекеттің ұстаған саясаты, мектепте дене тәрбиесінің күнделікті талабы
әркімнің жеке басының денсаулығын сақтауды өзінің жауапкершілігіне алуы әлі
де болса халық бұқарасына оның ішінде оқушыларға жеткілікті
түсіндірілмеуде. Осы аталған мәселенің бәрі оқушылар қауымының салауатты
өмір сүру мәселесіне әкеліп тіреледі.

Салауатты өмір салты - ол өмір тіршілігі. Дүниежүзі денсаулық сақтау
ұйымының мәліметі бойынша, адам денсаулығы бірқатар факторлардың әсерлеріне
тікелей байланысты болады, олардың ең маңыздысы — ол өмір салты.
Маңыздылығы жағынан одан тұқым қуалаушылық қоршаған ортаның әсері де кейін
қалады, жақсы ұйымдастырылған еңбек және демалыс режимінің маңыздылығын
ұғыну ағзадағы биологиялық процестердің жүру заңдылықтарына негізделген.
Оқушылардың салауатты өмір салтын құрайтан қозғаушы күштерге негізінен
мыналар жатады: еңбек және демалыс режимі; қозғалыс белсенділігін
ұйымдастыру; тазалық сақтау; гигиена, шынығу талапарын орындау; зиянды
әдеттерден сақтандыру; оқушылар арасында мәдениетті қарым-қатынасты
тәрбиелеу; ағзаның психофизикалық реттелуі. Еңбек және демалыс режимін
сақтау адам ағзасының жоғары жұмыс қабілеттілігінің маңызды жағдайларының
бірі болып табылады. Оқушылардың сабақ кестесі бойынша белгілі уақытта
бірқалыпты сабақты оқуы денсаулыққа оң әсер етеді. Сабақ біткеннен кейінгі
уақыт ағзаның үйренуі бойынша тиімді ас қорыту жүйесін дұрыс істеуіне
мүмкіндік жасайды.

Бұл дегеніңіз ағзаның қызмет ету процестерінің ырғақты жүру
заңдылықтарына сабақ және демалыс режимі негізделеді.

Оқушыларға тәулігіне 8-9 сағат ұйықтау қажет екендігі белгілі. Барынша
физиологиялық дұрыс ұйықтау кезеңі сағат 22-ден 7.00 дейін. Күнделікті
байқай-тынымыз оқушылардың 60-70% пайызы сағат 11-ден кейін ұйықтайтыны
белгілі. Жүйелі түрде ұйқының қанбауы оқушылардың жұмыс қабілеттілігін 10-
15 пайызға дейін төмендейді.

Оқу үлгерімдері мен тамақтану реті арасындағы тәуелділік анықталған:
егер оқушы сабаққа аш барса, оқылатын материалды меңгере алмайды, оқуға
деген құлшыныс төмендейді. Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой өрісін
кеңейтіп, өмірдегі мақсатына жетеді.

2. Жасөспірімдердің бойында салауаттық өмір салтын қалыптастырудың
әдістемелері

Дене тәрбиесі – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Ол, негізінде, күш
– қуатты нығайтуға бағытталған. Оның түп қазығы – қозғалыс. Қозғалыссыз
тіршілік болмақ емес. Дене тәрбиесі жаттығуларын жүйеге түсіріп, белгілі
бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп.
Атам қазақ Бірінші – байлық денсаулық деген ғой. Сол денсаулықтың
кепілі – спорт. Спорт сөзінің мағынасы кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас
бөлігі, дәлірек айтқанда, бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған
адамның денсаулығы мықты болмақ. Бұл өз кезегінде жақсы оқуға, жемісті
еңбек етуге деген ынта жігерді арттырады. Ал жасампаз еңбек елдің табысын
еселейді, Отанның даңқын асқақтатады. Денсаулығы күшті, бойынша қуат – күші
мол, шымыр – шыныққан, жан – жақты дамыған адам отаншыл, ата – баба
аманаттап қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың педагогикалық жүйесі
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Дене тәрбиесінен сыныптан тыс жұмыстар туралы түсінік
Мектептен тыс тәрбие жұмыстары
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Салауатты өмір сүру салтын оқушыларда қалыптастыру
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Орта мектепте биология курсында салауатты өмір салтын қалыптастыру
Пәндер