Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж . ) . . . 7
1. 1. Кинофикация және алғашқы көркемсуретті фильмдер . . . 7
1. 2. Хроникалық сюжеттер мен деректі фильмдер . . . 14
1. 3. Ұлттық кинодраматургияның алғашқы кезеңі . . . 24
1. 4. Қазақ киносы - соғыс жылдарында . . . 25
1. 5. Қазақ киносының алғашқы актерлік мектебі . . . 27
2. Қазақ ұлттық кино өнерінің 1945-1980 жж. қалыптасуы мен дамуы . . . 35
- Қазақ киносы - соғыстан кейінгі жылдарда . . . 35
2. 2. Қазақ кино өнерінің жанрлық түрлері . . . 37 2. 3. Ұлттық режиссура мен актерлік мектеп . . . 38
2. 4. Қазақ кинодраматургиясының тоқырау кезеңі . . . 43
2. 5. Тарихи тақырыптағы фильмдер . . . 47
3. Қазақ кино өнері тәуелсіздік кезеңінде . . . 52
3. 1. Көркемсуретті киноның өзекті мәселесі . . . 52
3. 2. Бүгінгі кино өндірісіндегі ізденістер . . . 57
Қорытынды. . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 65
КІРІСПЕ
●Тақырыптың өзектілігі. Тарихи шындық, XX ғасырдың бас кезеңіне дейін Қазақстанда кино өндірісі қалыптаспаған еді және кино саласында ұлттық мамандарда болмады Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13 қана киноқондырғы жұмыс жасады және олардың барлығы дерлік жеке кәсіпкерлердің меншігінде болды. . 1918-1920 жылдардан бастап Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу жұмысы жүргізілді.
1920 жылдармен салыстырғанда 1930 жылдар тұсында Қазақстан туралы түсірілген фильмдердің саны күрт өсті. Бұл тек хроникалық-деректі фильмдерде ғана емес, көркемсуретті киноға да қатысты болған құбылыс еді. Осы жылдары «Дала әндері», «Жұт», «Қаратау құпиясы», «Жау сүрлеуі» атты алғашқы көркемсуретті фильмдер экранға шықты. 1930 жылдар кезеңіңде жоғарыда аталып кеткен фильмдермен қатар «Востоккино» тресінен «Жау сүрлеуі», «Көтеріліс» фильмдері жарық көрді. 1930 жылдардың екінші жартысында экранға бірқатар көркем фильмдер шығып, ендігі жерде ұлттық көркем кино өндірісін жолға кою қажеттілігі туды.
Ұлттық кинодраматургияның алғашқы ұшқыны «Амангелді» және «Райхан» фильмдерінің сценарийлерінен бастау алды. Сонымен қатар, қазақ тарихында кинодраматургияның қалыптасуына Қазақстан тақырыбына түсірілген ең алғашқы көркемсуретті фильмдердің барлығына дерлік театр сахнасының актерлары қамтылды. С. Қожамқұлов, Қ. Қуанышбаев, Е. Өмірзақов, Қ. Жандарбеков, Қ. Байсейітов, Ш. Айманов, Қ. Бадыров, Ә. Өмірзақова, Х. Бөкеева, Б. Римовалардың алғашқы керкемсуретті фильмдердегі рольдерінен ұлттық актерлык кино тарихы бастау алды.
Қазақ ұлттық киносында сәтті басталған актерлық дәстүр бұдан былайғы уақытта Н. Жантөрин, А. Әшімов, Ы. Ноғайбаев, К. Қожабеков, Л. Абдукаримова, Ф. Шәріпова, С. Телғараев сынды талантты келесу буынның шығармашылығында жалғасты.
1960-1980 жылдар тұсында қазақ киносынын тарихында әр түрлі тақырыпты меңгеру және жанрлық түрлену құбылысы кең етек жайды. Егер жаңа заман және замандас тақырыбы тұрғысында қамтылған фильмдердің көркемдік деңгейі әлі де болса бір жақты иллюстративтік суреттеу аумағынан шыға алмай жатқан болса, осы кезеңде экранға шыққан Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы фильмдердің көркемдік деңгейі ұлттық киномызды жана деңгейге көтере алды
Кеңес Одағы ыдыраған тұста жеке республикалар киностудиялары да жаңа өндірістік қарым-қатынасқа көше бастайды. Бұдан былайғы кезеңде «Қазақфильм» киностудиясы да аударма фильмлерден гөрі, ұлттық фильмдер өндірісіне басымырақ көңіл бөлді. 1988-1998 жылдар аралығында Қазақстанда 84 көркемсуретті фильм түсірілді. Қазақстан кино өндірісінің осындай жылдам қарқынмен дами бастауына себеп болған құбылыс - осы жылдар тұсында көптеп пайда бола бастаған жеке шағын киностудиялардың үлесі еді.
1990-2000 жыддардағы қазақ киносында елеулі құбылыс болған «Жаңа толқын» киносымен бірге ұлттық экранымызға жаңа кейіпкердің келгенінің куәсі боламыз. Соңғы жиырма жыл көлемінде қазақ киносы танымастай езгерді. Сондықтан да, қазақ киноматогра-фиясының тарихын, қалыптасуын, дамуын зерттеу қазіргі заман талабына сай және оларды тыңғылықты зерттеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
● Тақырыптың зерттелу деңгейі. Отандық киноматографияның тарихын, оның құрылуын, дамуын алғашқылардың бірі болып жан-жақты зерттеген К. Сиранов болды (1, 2, 3, 4, 5, 6) . Осы тақырыпта біз тек ғалымның Мәскеуде қорғаған кандидаттық диссертациясын ғана емес, сонымен қатар көптеген қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген басылымдарын да айта аламыз. Оның еңбектерінде тек кәсіби жағынан емес, сонымен қатар Қазақстан кино өнерінің қандай соқтықпалы-соқпалы қиын жылдардан өткендігінің тамыры тереңнен зерделеген. Солардың ішінде респуб-ликамыздағы кинофикацияның тарихы мен алғашқы хроникалық, деректік және көркемсуретті фильмдер де зерттелген.
Қазақ алғашқы ұлттық актерлер, олардың театр сахнасымен байланысы, көркемсуретті фильмдердегі олардың ойнаған рольдері мен шеберлігі М. Майшекиннің 1959 жылы басылымнан шыққан еңбегінде жан-жақты көрсетілген (7) .
1962 жылы жарық көрген Г. Новожиловтың құнды зертеуінде 1920-1940 жылдардағы республикамыздағы хроникалық-деректі киноның ақпараттық тәсілмен түсірілген сюжеттері айқын берілген (8) . Солардың ішінде Е. Блехманның, Я. Толчанның және т. б. операторлардың фильмдерінде Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Ақмола облыстарындағы қазақтардың тұрмыс ахуалы, шаруашылығы және т. б. мәселелер орынды көрініс тапқандығы.
Отандық кино өнерінің тууы, қалыптасуы мен дамуы, жалпы қазақ киносындағы маңызды құбылыстарға тарихи тұрғыдан баға Ф. Атушевтың 1974 жылы жарияланған шағын брошюрасынан көруге болады (9) .
1970-1980 жылдары жарық көрген көптеген құнде еңбектерде көрнекті отандық актерлер мен режиссерлердің шығармашылық жолдары мен кеңестік және қазақстандық кинодраматургия дамуына қосқан үлестері қамтылған. Солардың ішінде Л. И. Богатенкованың (10, 11), К. Смаиловтың (12) және т. б. зерттеулерін (13) атап өтіуізге болады.
1990-2000 жылдары ұлттық кинорежиссура, актерлық өнер және кинодраматургия салалары бойынша, дәстүрлі мектепті қалыптастырған жекелеген киноқайраткерлердің шығармашылық қолтаңбаларын терең зерттеу Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздары Е. Төлегенов, С. Әбдікаримов(13), К. Айнағұлова (14), Б. Р. Нөгербек ( 15, 16, 17, 18), Н. Рахманқызының (19), Г. О. Әбікеева (20, 21), М. Садық (22) және т. б. сапалы ғылыми ізденістерінен байқауға болады.
Қарастырып отырған тақырыбымызға қатысты ерекше қызығушылықты туғызатын - отандық кино өнерінің көрнекті қайраткерлері мен тұлғалары ( 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30), сонымен қатар замандастары мен шәкірттерінің олар туралы естеліктері мен эсселері ( 31, 32, 33, 34, 35) .
●Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Бұл тақырыпты зерттеудегі біздің мақсатымыз: қазақ киноматографиясының тарихын, қалыптасуын және дамуын зерттей отырып, қазіргі тарих ғылымының бүгінгі таңдағы көтерілген дңгейі тұрғысынан талдап, саралап, шынайы баға беру. Көзделген мақсатты жүзеге асыру үшін, ізденушінің алдына мынадай міндеттер қойылды:
-Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының 1920-1940 жж. қадамдарына талдау жасау;
-қазақ киносының алғашқы актерлік өнер мектебінің және режиссура салалары бойынша ерекшеліктерін көрсету;
- қазақ киносының соғыс жылдарындағы бағыттарын байыптау;
-еліміздің 1945-1980 жж. ұлттық кино өнерінің қалыптасуы мен дамуын қарастыру;
-ұлттық кинодраматургиясының тоқырау кезеңіне зер салу;
-тәуелсіздік кезеңіндегі республика кино өнерінің маңызды құбылыстарын, бағдарын, ізденістерін анықтау.
●Зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері. Жұмыстың дерек көзіне жарық көрген каталогтар (36) мен деректі жинақтарда (37, 38, 39), мерзімді баспасөздерде, әсіресе қазақстандық киноматографистердің арнайы «Жаңа фильм» журналында жарық көрген материалдар; сонымен қатар «Қазақфильм» және басқа да киностудияларда, яғни «Мосфильм» және жекеменшік-коммерциялық киностудиялардың жасаған деректі, хроникалық және көркемсуретті фильмдері. Бұлардың барлығы бірлесе отырып кеңестік және отандық көркемсуретті фильмдері, оларды түсірген режиссерлер мен сценаристері, сонымен қатар кеңестік, отандық және шетелдік өздерінің зор үлестерін қосқан актерлер әртүрлі кезеңдегі нақты жағдайын көрсетеді.
● Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері. Жұмыстың тақырыбын толық қамтуға тырысып, оның қазақ мәдениетіндегі алатын орнын айқын көрсету барысында біз XX ғасырдың бірінші ширегі мен XXI ғасырдың бас кезеңін алдық. Тақырыптың бас кезеңі - ол Қазақстандағы киноматографияның бастамасы, ал соңғы кезең - еліміздің егемендігімен байланысты.
●Жұмыстың методологиялық және әдістемелік негіздері. Тақырыптың ғылыми зерттеулерініңің құндылығын ашып көрсетуде және көтерілген басқа да мәселелердің сәтті шешімін табуында қазақ кмно өнерінің көрнекті өкілдерінің ғылыми еңбектері басшылыққа алынды. Сонымен қатар, шетел және отандық ғалымдарының ой-тұжырымдары мен пікірлері бағыт-бағдарлық, теориялық және методологиялық негіз ретінде қолданылып, қажетті тұстарда кеңінен пайдаландық.
●Зерттеу әдісі. Жұмысымызда тарихилық, жан-жақтылық, тарихи салыстырмалылық және талдау әдіс-тәсілдері басшылыққа алынды. Бұл қазақ кино өнерінің дамуының жүйелілік тұрғысынан талдауға, олардың орны мен мәні жөнінде қалыптасқан нақты тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
●Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, әдеби тізімінен тұрады.
І. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ КИНОМАТОГРАФИЯСЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМДАРЫ (1920-1940 жж. )
1. 1. Кинофикация және алғашқы көркемсуретті фильмдер
Әлемдік кино өнері тарихымен салыстырғанда қазақ жерінде кино өндірісі кешеуілдеп дамыды. 1920 жылдар тұсына дейін Қазақстан өңірінде кино өндірісі әлі қалыптаса қоймаған еді және кино саласында ұлттық мамандарда болмады. Жас республиканың бұл жылдары мәдени өмірінде бірінші кезектегі маңызды мәселелер қатарында қазақ даласына кинофикация кұбылысын кеңінен тарату болды. Ұлы Қазан көтерілісіне дейін Қазақстанда бар-жоғы 13 қана киноқондырғы жұмыс жасады және олардың барлығы дерлік жеке кәсіпкерлердің меншігінде болды. Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында «Марс» жазғы кинотеатрында өтті. Дәл осы жылы Қазакстанның тағы бірқатар қалаларында жылжымалы кинотеатрлар іске қосылады. Екі жыл аралығында Верный қаласының бір өзінде ғана үш стационар кинотеатр жұмыс істей бастады. Киносеансты табыс көзі деп таныған кәсіпкерлер (Омбы қаласынан келген Г. Фабри, Ташкенттен келген М. Сейфуллин) бір-бірімен өзара бақталастықта болды, олар кинотеатрлардың мәдени дәрежесі мен көрсетіліп жатқан кинотуындылардың көркемдік деңгейіне аса мән бере қоймады (1, 7-8 бб. ) .
Көп ұзамай-ақ казақ даласын кинофикациялау процесі мемлекеттік дәрежеде жүйелендіріле бастады. 1919 жылдың 19 тамызында Москвада Халықаралық Комиссарлар Кеңесінің «Фотографиялық және киноматографиялық сауда мен киноөндіріс орындарын мемлекеттендіру» жөніндегі Декреті қабылданады. Осы құжат негізінде 1921 жылдың 24 қазанында Бүкілодақтық Фотокино өндірісінің Қазақстандағы бөлімі құрылады. Жаңа құрылған бұл бөлімшенің күн тәртібінде кезек күттірмес мәселелердің барлығы дерлік кино өндірісін қалыптастыру бағытында болады, олардың негізгілері:
- губерниялық аймақтар бойынша фотокино бөлімдерін құру жәнедамыту;
- жылжымалы киноқондырғылар жүйесін ұйымдастыру;
- кинопленкалар, диапозитив өндіретін және оны өңдейтін лабораториялар мен фотоательелер ашу;
- Қазақстан жеріндегі бұған дейінгі барлық кинотеатрларды мемлекет қарамағына енгізу және оларды бір жүйеден басқару жұмысынжолға қою (3, 15 б. ) .
Ендігі жерде жаңа құрылған Фотокино бөлімі осы бағытта қызу жұмысқа кірісе бастайды. Кинотеатрлар саны жыл өткен сайын көбейе түседі, бірқатар қалаларда шағын кинобірлестіктер іске қосылады. 1924 жылдың соңына қарай Қазақстан жерінде 44 кинобірлестіктер жұмыс істей бастады, оның ішінде, Верный (Алматы) округы бойынша - 10, Ақмола бойынша - 9, Орал округы бойынша - 15 және тағы бірқатар қалаларда бірден-екіден кинотеатрлар іске қосылады. Бұл аталып отырған көрсеткіштер Қазақстан өңірінде кинофикация құбылысының кең етек жая бастағанын дәлелдейді. Дегенмен де, киноқондырғылар санының жыл санап өсе бастауы алыс жатқан шалғай өңірлерге кино туындыларын насихаттау барысында әлі де болса жеткіліксіз еді. Осы кезеңнен күн санап өсіп жатқан киноқондырғыларды меңгере алар арнайы мамандар даярлау қажеттілігі туады. Қазақстанның бірқатар ірі-ірі қалаларында киномеханиктер, техниктер, киноинженерлер, кинофикация жүйесіне мамандар даярлайтын қысқамерзімдік курстар ашыла бастайды. Осындай алғашқы оқу орындарының бірі Қызылорда қаласында ашылған киномеханиктер курсының алғашқы түлектері жылжымалы киноқондырғылардың жұмысын меңгеріп, Қазақстанның шалғай жатқан ауылдарына сапар шегеді (38, 21б. ) .
Кинофикация жүйесінін Қазақстан жеріне баяулап болса да кең таралуына сол кездегі үкімет тарапынан көрсетілген көмектің пайдасы зор болды. Проекциялау аппараттарының түр-түрі, позитивтік кинопленкалар және тағы басқа толып жатқан техникалық жабдықтар шет елден сатып алынып жатты. Жас мемлекеттің өзіндік киноөндірісінің қуаты әлі де болса тым әлсіздеу болатын. Бастапқы кезеңдегі киносеанстардың негізгі мазмүны үгіт-насихат құралы ретінде қабылданады. Әр ауданда, әр қалада сеанс алдында өткізілетін кинолекторийлардың басты тақырыптары сол кездегі жаңа үкімет саясатымен тікелей ұштасып жатты. Күн өткен сайын кинотеатрларға көрермендер арнайы ұйымдастырылған жүйе бойынша ағыла бастады. Билеттің бағасы арзандатылды, мектеп оқушылары мен кедей қауымдастықтарының мүшелеріне ақысыз кіруге рұқсат берілді. Жылжымалы киноқондырғылардың өнімсіз қызметіне сол кездегі жергілікті халыктың хат танымауы да себеп болды. Киношығарманың дыбыссыз «мылқау» жағдайына байланысты кинолекторлар сеанс басталмай тұрып көрермен алдында фильм сюжетінен аз да болса мағлұмат беріп отыруға мәжбүр еді.
Кинофикация құбылысының ел арасына мейлінше кең тарауына «Көшші» кедей-шаруа қауымдастығы мен тұтынушылар кооперацияларының да ролі зор болды. Кәсіби одақтар бірлестігі өндіріс орындарында шағын стационар кинотеатрлар құрылысын қолға алады. Кинофикациялау органдарына «Совет киносынын достары» одағы да үлкен көмек көрсете бастайды. Бұл Одақтың тұңғыш төрағасы болып белгілі коғам қайраткері Нығмет Нұрмақов сайланады. Осы Одақтың күшімен республиканың ірі-ірі қалаларында, фабрикалар мен заводтарда кино үйірмелері көптеп ашыла бастайды. Әр киносеанс алдында үйірме мүшелерінің ұйымдастыруымен саяси тақырыптарда әңгімелер өткізу жұмыстары жолға қойылады.
Дегенмен де, кинофикациялау шараларының осындай жан-жақтылығына қарамастан, казақ жерінде кино өнерін насихаттау жұмыстары әлі де болса баяу қарқында өтіп жатты. Кино өнерін насихаттау сияқты жаңа құбылыстың дамуына тежеуші болған факторлардың басты себептерінің бірі - ауыл-ауылдарға таратылып жатқан жылжымалы киноқондырғыларды дер кезінде фильм көшірмелерімен қамтамасыз ету жұмыстарының қиындығы еді. Кинопрокат жүйесінің қызметі бақылаусыз болғандықтан, әр киноқондырғыда фильм көшірмесінің нақты бағасы қалыптаса қоймады. Сондықтан да уақыт талабымен жылжымалы қондырғыларды фильмдер көшірмесімен қамтамасыз ету жұмыстарын бір жерден басқару қажеттілігі туады.
Осы мақсатта 1921 жылы арнайы кинопрокат конторы құрылды. Аталмыш жылдар соңына карай жоғарыда аталып кеткен бірқатар шаралардың нәтижесінде Қазақстан өңірін кинофикациялау қарқыны біртіндеп көтеріле бастайды. 1927 жылғы есеп бойынша Қазақстанда қалалық прокат жүйесінде 21 кинотеатр, 30 клубтық киноқондырғылар болса, ауылдық прокат жүйесінде 41 жылжымалы кинокондырғылар мен 39 стационар кинотеатрлары көрерменге қызмет көрсетті. Республиканың енді ғана аякталып келе жатқан кинофикация органдарының қызметіне жұмысшы комитетінің колдауымен 1928 жылы құрылған «Совет киносының достары» (ОДСК-общество друзей советского кино) атты қоғамдық үйірменің кемегі аса зор болды. Қазақстандағы аймақтық ОДСК жетекшісі кызметіне Нығмет Нұрмақов тағайындалады. Бұл қоғамның негізгі міндеттері қалалық жерлердегі кино үйірмелерінің жұмысын жолға қою болды. Заводтар мен фабрикаларда, оқу орындары мен мекемелерде кинотеатрлардың репертуарымен таныстыру және киноның маңызы жайында үгіт-насихат жұмыстары жоспарлы түрде іске асырыла бастайды. Киносеанстардан түскен қаражаттың артық түсімі көмегімен үсті-үстіне жаңа киноартельдер құрыла бастайды. Ендігі жерде жылжымалы және стационар киноқондырғыларды іске қосатын киномеханиктер мен кәсіби инженерлер қажеттілігі туады (9, 31 б. ) . Сондықтан да, ірі қалаларда мемлекет қолдауымен кино мамандарын даярлайтын кысқа мерзімдік курстар ашыла бастайды.
Ұлттық кадр ретінде көсіби білім алған Қызылорда киномеханиктер курсының алғашқы түлектерінің бірі Садуақас Кадиевтің қол астындағы жылжымалы киноқондырғысымеен ауыл-ауылды аралап, кино өнерін насихаттаудағы аса белсенділігі жайында Бейімбет Майлин «Еңбекші қазақ» газетінің 1930 жылғы 20 қарашадағы санында былай деп жазады: «Садуақас Каддиев өз ісінің шебері, ол үнемі жол үстінде. Оның жылжымалы киноқондырғысы күн демей, түн демей, дамыл көрместен, Марқакөл және Бесқарағай аудандарындағы ауылдарды түгел аралап шықты. Ол тек фильм көрсетіп кана қоймайды, сонымен қатар, әр сеанс алдында кино жайында үгіт-насихат жүргізеді, жергілікті халықты өнердің жаңа түріне қызықтыруға тырысады» (41) .
Кеңес кезеңі кинематографиясының тарихы хроникадан бастау алады. 1920-жылдар кинорепертуарларында негізінен жас мемлекеттің жаңа саясаты мен идеологиясы уағыздалды. «Кинонеделя», «Госкинокалендарь», «Киноправда», «Совкиножурнал» сияқты апталық киножурналдар ел өмірінде болып жатқан өзгерістерді экраннан үздіксіз көрсетіп жатты. Киноплакат, қысқа форматты киноочерктер түрінде түсірілген алғашқы хроникалық сюжеттер совет киносы тарихында революциялық кинопублицистика жанрының қалыптасуына негіз болды.
Қазақстан тақырыбына түсірілген алғашқы көркемсуретті фильмдер. Киноматография өнерінің қалыптасу кезенінде маңызды роль атқарғанымен де, хроникалық-деректі фильмдер жас республика өмірін жеткілікті дәрежеде көрсете алмады. Техникалық шектеулі мүмкіндіктердің аясы бірен-саран ғана фильмдер түсіруге жетіп жатты. Қазақстан тақырыбына көркем жанрда жаңа экран туындыларының кажеттілігі туралы баспасөз беттерінде қоғамдық пікірталастары үздіксіз жарияланады. Орталық студиялар тарапынан Қазақстан тақырыбына фильмдер жасау талпыныстары нәтижесінде 1928 жылы экранға Д. Фурмановтың әдеби шығармасы желісімен «Көтеріліс» («Мятеж») атты алғашқы көркемсуретті фильм шығады (сценарийдің авторлары М. Блейман, С. Тимошенко; қоюшы-режиссер - С. Тимошенко, операторы Л. Патлис) . Авторлардын әдеби нұсқа ретінде Д. Фурмановтың осы шығармасын алуы кездейсоқ құбылыс емес еді. Жиырмасыншы жылдар тұсыңда жаңа өкімет идеясын насихаттау мақсатында кинематограф өнімдерін кеңінен тарату өз нәтижесін беріп жатты. Жазба нұсқадағы келтірілетін революциялық қырағылық, қулақтар мен байлардың халыққа қарсы іс-әрекеттерін ашу сияқты касиеттер және сол арқылы таптық күресті нығайту сияқты басты тармақтар экраннан заңды жалғасып табады. «Мятеж» фильмінен кейін Қазақстан территориясында көркем фильмдер өндірісін негіздеу қажеттілігі туады (7, 31-33 бб. ) .
1929 жылы Алматы қаласында Бүкілрессейлік «Востоккино» акционерлік қоғамының жергілікті өндірістік бөлімі ашылып, пленкаға түсірілген материалдарды өңдеу лабораториялары, шағын көлемді монтаждау бөлмелері жабдықталады.
1920 жылдармен салыстырғанда 1930 жылдар тұсында Қазақстан туралы түсірілген фильмдердің саны күрт өседі. Бұл тек хроникалық-деректі фильмдерде ғана емес, көркемсуретті киноға да қатысты болған құбылыс еді. Осы жылдары «Дала әндері» (1930 ж., сценарий авторы Е. Арон, режиссер А. Лемберг), «Жұт» (1931 ж., сценарий авторлары С. Ермолинский, М. Каростин; режиссер М. Каростин), «Қаратау құпиясы» (1932 ж., сценарий авторлары А. Дубровский, Эль-Регистан; режиссер А. Дубровский), «Жау сүрлеуі» (1935 ж., сценарий авторлары И. Шухов, И. Правов; режиссер О. Преображенская, И. Правов) атты алғашқы көркемсуретті фильмдер экранға шығады (42) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz