Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы



Жоспар.

1. А.Смит : «Абсолюттік артықшылықтар» қағидасы ... ... ... ... ... .5

2. Д.Рикарда : «Салыстырмалы артықшылықтар» қағидасы ... ... ... 9

3. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ... ... ... ... 20

4. Қазақстан . Ресей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

II. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

III. Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
А. Смиттің “абсолюттік артықшылық”
қағидасы.

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады ? Елдер арсындағы сауданың негізін не құрайды ? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан .
Сол ғалымдардың бірі – ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит “Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері” деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады . “Егер кез келген басқа бір ел , бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса , онда біз үшін өз өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған анағұрлым тиімді болар еді “, - деп атап көрсетті А. Смит өз еңбегінде .
А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада “ Абсолюттік артықшылық теориясы “ деп аталып кетті .
Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі , яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі .
Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде халықаралық сауда шығады десек , маманданудың көптеген варианттарының ішінен қандайын таңдап алу тиімді ? Осы кезде “ экспортқа не шығару керек және импортқа не алу керек?” деген сұрақтар туындайды .
А.Смит Франция , Португалия , Шотландия елдеріндегі шарап өндірісін мысалға келтіреді . Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады .
Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан , Шотландияда шарап шығару тиімсіз болатындығы анық . Мемлекеттің өзінің аболютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруыөндіріс көлемінің ұлғаюына және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі . А.Смиттің қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болады. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес , елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютты артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмңс жағдайының өсуіне себепкер бола алады . Енді осы айтылған сөздерді Ресей мен Украинаның өзара саудасының шартты мысалы арқылы қарастырайық .
Өзінің климаттық жағдайына байланысты Украина қызылша өндіруде артықшылықта болып , Ресейдің 1 адам күніне шаққандағы күніне -3т. қызылша өндірумен салыстырғанда , Украина күніне 1 адам күн еңбек жұмсап , 4т. қызылша шығара алады екен . Ал картопты Ресейде өндірген тиімді , өйткені онда Украинаның 900кг. картобымен салыстырғанда 1 адам - күн ішінде 1т. картоп шығарылады.
Россия 2күн жұмыс істеп , 3т. қызылша , 1т. картоп , ал Украина тиісінше 4т. қызылша , 0.9т. кртоп шығарады . Алайда, айталық , Россия өзінің артықшылығына сүйеніп , картоп өндіруге маманданады да , оны Украинаға сатады. Бұл жағдайда картопты Украина нарығында сатып және тиісінше қызылшаның қажетті мөлшерін сатып алып , Ресей шамамен 4.4т. қызылша ала алады. Ресей үшін сауданың жалпы нәтижесі 1т. картоп пен 4.4т. қызылша болады екен . Осындай еңбек бөлінісінің арқасында Украинаның да қандай пайда алатынын да оңай анықтауға болады .
Елдердің абсолютты артықшылықтардың негізінде өндірісінің дамуы және еркін тауар айырбасы жалпы тұрмыс деңгейінің өсуін қамтамасыз ететіндіктен , ғалымдар сыртқы саудаға қатысты меркантилистердің көзқарасына қайшы болған ұсыныстар жасады. Бұл жағдайда мемлекет еларалық мамандану саласының таңдауына араласпау керек деген ұсыныс жасалды . Бұл таңдау «бәсекенің көрінбейтін қолына» байланысты . Сыртқы сауда айырбасына мемлекет тек сирек жағдайларда ғана араласа алады : басқа елдегі экспортты мемелекеттік қолдауын бейтараптандыру , қауіпсіздік пен қорғану қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін .
А. Смит , мысалы , Англияның тауарларын тасу үшін сол кездегі жау пиғылды Голландияның кемелерін пайдалануға тыйым салған Ұлыбританияның Навигациялық актісін қолдады . Осындай шараларды іске асыру теңіз жүк тасымалына моманданған Голандияның жағдайын әлсіретті және Англияның кеме жасау саласының дамуы үшін протекционистік қорғауды қамтамасыз етті. Кейіннен сол және басқа да себептерге қатысты айырықша қолдау көрсетуді талап ететін жекелеген тауарлардың артықшылығы жөніндегі тезис бірқатар елдердің ұлттық бағдарламаларын негіздеу үшін кеңінен қолданыла бастады .
А.Смит ұлттар мен халықтарды үй шаруашылықтарыменсалыстыра отырып , сыртқы саудаға деген қорқынышты қатты келемеждеді . Себебі , әр үй шаруашылығы өзіне керекті тауарлардың тек бір ғана бөлігін шығарады , ал артығын сату арқылы озіне басқа тауарларды сатып алады . Бұл тұжырым тұтас бір мемлекетке де қатысты. «Әрбір ақылды отбасы басшысының негізгі ережесі - өндіруі қымбат тауарларды дайындамастан , тек сырттан сатып алу - Расында , тігінші озіне етік тігіп кимейді , дұрысы : оны етікшіден сатып алады » . «Әрбір жеке отбасы үшін тиімді іс-әрекет бүкіл ел үшін тиімсіз болу мүмкін емес ».
Сонымен, шет ел тауар өндірушілері ұлттық тауар өндірушілерге қарағанда , өнімді арзан шығара алса , онда ондай өнімді сатып алудан тартынбау керек .Бұл жалпы ереже мынадай тәжірибелік қорытындыға әкеледі : халықаралық айырбасқа бөгет жасау бәлендей «дұрыс шараға жатпайды ... А.Смит осы қорытындыны төмендегі қосымша үш аргументпен толықтыра түседі :
Екі халық арасындағы айырбас олардың әрқайсысына бәсекеге қабілетті өндірістің басы артықтарын өткізуге мүмкіндік береді және сонымен бірге , айырбассыз мүлдем керексіз болатын тауарлардың құнын арттырады . Нарықты ел шекарасынан асыра кеңейтіп өндірістің ұлғаюына , яғни табыстың өсуіне мүмкіндік береді .
Сыртқы сауда қаржы сақтау , қор жинауға деген қабілеттілікті арттырады және қор жинау процесі арқылы бүкіл елдің капиталын жоғартады. Шындығында , экспорт - ұлттық табысты арттырса , тауарды шет елден сатып алу , ұлттық тұтыну шығындарын азайтады . Ал қор жинау - табыс пен тұтынудың айырмасымен анықталады . Егер сыртқы сауда шын мәнінде әртүрлі елдерге өндіріс шығындарының деңгейіне тәуелді мамандану принципіне негізделетін болса , онда ол , шындығында , қор жинау процесіне , яғни әр халықтың байлығының өсуіне үлес қосатыны анық .
Әрине , кейбіреулер сыртқы сауда бәсекеге бейімделмеген қызмет түрлеріне зиянын тигізеді деуі даусыз .Себебі ұлттың капиталы дегеніміз - оны құрайтын бөліктерінің сомасы . солардың біреуіне қауып төндіре отырып , сыртқы сауда жалпы ұлтқа зиян тигізбей ме ? Шет ел бәсекесінен қорғану арқылы жекелеген салаларды дамыту бүкіл халық байлығының өсуіне тиімсіз теріс әсер етуі мүмкін . Осы жағдайда протекционизм халықаралық мамандану кезінде тауар шығарғаннан әлде қайда қымбат және көбірек капитал қажет ететін өндіріске әкелуі мүмкін : осы артық капитал жұмсау - ақшаны желге шашумен тең . Әрине , шетелдік бәсекеден қорғану шараларын тоқтату осындай кәсіпорындардың жоғалуына әкеліп соғады , яғни капиталдың азаюы орын алады . Алайда, басқа салаларда болатын өндірістің кеңеюі жұмыс орындарын , ал одан кейін қосымша капиталды алып келеді . Тек жекелеген кәсіпкерлер ғана ұтылуы ықтимал , бірақ бұдан жалпы халық ұтады .
Бұл тұжырымдар А.Смит ережесін былайша бекітеді : айырбас әрбір ел үшін пайдалы ; бұл айырбаста әрбір ел өзінің абсолютты артықшылығын табады , оны протекционизм не шектеп , не мүлдем жоюы мүмкін . А.Смиттің талдауы классикалық теорияның бастапқы нүктесі болып табылады , ол еркін сауда саясатының кез келген түріне негіз бола алады .
Бірақ осы талқылауды ары қарай жалғастыра берсек , қарама-қарсы, парадоксальды қорытындыға келеміз : егер қандайда бір ел өзіне керек тауарлардың бәрін арзан бағамен және кез келген көлемде шет елдерде таба алатын болса , онда өзі тұтынуына керек деген заттардың бәрін шет елден сатып алу сол елге тиімді ме , жоқ па? өзгеге сату үші өзінде , ең құрғанда , бірер тауары бола ма? Бұған кепілдік бере алмайды . Олай болса , шет елден сатып алса тауары үшін қалай есеп айырыспақ ?
А.Смиттің қағидалары көп жерде жеткіліксіз , абстрактты болды. Ол импортты шектеу жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі деген пікірді теріске шығара алмады . Сауда ашықтығы туралы сөздерді айтып алып , кейде қорғаныс , қауыпсіздік мақсатымен протекционизмді қолдады және де , оның пікірінше , әр елде абсолютты артықшылық бар , ол импорт пен экспорттың теңесуінің себепшісі болады , тек қана еркін сауда қажет . Оның алдындағы ғалым - экономистер көтерген мәселелерді А.Смит жауапсыз қалдырды . Егер елде абсолютті артықшылық болмаса ше? Онда басқа мемлекеттер онымен сауда жасасқысы келеме ?
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Халықаралық экономика» : Г.Н.Доғалова Алматы жыл «Экономика» баспасы

2. «Экономикалық теория негіздері»: Әубәкіров Я. Нәрібаев К. Есқалиев М. Жатқанбаев Е. Байжұмаев Е. Досқалиев С. Жәйшібеков Ж. Алматы. 1998 жыл. «Санат» баспасы

3. «Кәсіпорын экономикасы»: А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Алматы. 2003 жыл. «Экономика» баспасы

4. «Кәсіпорын экономикасы»: Г.Ө. Жолдасбаева. Алматы 2002 жыл

5. «Экономикалық теория»: В. Қрымова. Алматы 2003 жыл. «Арқайым»

6. « Жалпы экономикалық теория нагіздері»: Шеденов.А

Алматы. 2002 жыл

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

1. А.Смит : Абсолюттік артықшылықтар қағидасы ... ... ... ... ... .5

2. Д.Рикарда : Салыстырмалы артықшылықтар қағидасы ... ... ... 9

3. Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ... ... ... ... 20

4. Қазақстан – Ресей
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..22

II. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..24

III. Пайдаланған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 6

А. Смиттің “абсолюттік артықшылық”
қағидасы.

Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады ? Елдер арсындағы сауданың
негізін не құрайды ? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз
жауаптарын беруге тырысқан .
Сол ғалымдардың бірі – ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит
“Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері” деген еңбегінде сауда
теориясының негізін қалады . “Егер кез келген басқа бір ел , бізді қандай
да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса , онда біз үшін өз
өнеркәсібіміздің еңбегінің бір бөлігіне сол елдің тауарын сатып алған
анағұрлым тиімді болар еді “, - деп атап көрсетті А. Смит өз еңбегінде .
А. Смиттің бұл көзқарасы экономикалық мұрада “ Абсолюттік артықшылық
теориясы “ деп аталып кетті .
Бұл теориядағы негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізі , яғни
мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі .
Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде
халықаралық сауда шығады десек , маманданудың көптеген варианттарының
ішінен қандайын таңдап алу тиімді ? Осы кезде “ экспортқа не шығару керек
және импортқа не алу керек?” деген сұрақтар туындайды .
А.Смит Франция , Португалия , Шотландия елдеріндегі шарап өндірісін
мысалға келтіреді . Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің
абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады .
Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан ,
Шотландияда шарап шығару тиімсіз болатындығы анық . Мемлекеттің өзінің
аболютті артықшылығы жоқ тауарларды өндіруден бас тартуы және басқа
тауарлардың өндірісіне ресурстарын жұмылдыруыөндіріс көлемінің ұлғаюына
және елдер арасындағы тауар айырбасының кеңеюіне әкеледі . А.Смиттің
қорытындысы меркантилистердің ойына қайшы болады. Экспорттың импорттан
үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес , елдің өз
иелігіндегі табиғи және абсолютты артықшылықтарын пайдалану арқылы
халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмңс
жағдайының өсуіне себепкер бола алады . Енді осы айтылған сөздерді Ресей
мен Украинаның өзара саудасының шартты мысалы арқылы қарастырайық .
Өзінің климаттық жағдайына байланысты Украина қызылша өндіруде
артықшылықта болып , Ресейдің 1 адам күніне шаққандағы күніне -3т. қызылша
өндірумен салыстырғанда , Украина күніне 1 адам күн еңбек жұмсап , 4т.
қызылша шығара алады екен . Ал картопты Ресейде өндірген тиімді , өйткені
онда Украинаның 900кг. картобымен салыстырғанда 1 адам - күн ішінде 1т.
картоп шығарылады.
Россия 2күн жұмыс істеп , 3т. қызылша , 1т. картоп , ал Украина тиісінше
4т. қызылша , 0.9т. кртоп шығарады . Алайда, айталық , Россия өзінің
артықшылығына сүйеніп , картоп өндіруге маманданады да , оны Украинаға
сатады. Бұл жағдайда картопты Украина нарығында сатып және тиісінше
қызылшаның қажетті мөлшерін сатып алып , Ресей шамамен 4.4т. қызылша ала
алады. Ресей үшін сауданың жалпы нәтижесі 1т. картоп пен 4.4т. қызылша
болады екен . Осындай еңбек бөлінісінің арқасында Украинаның да қандай
пайда алатынын да оңай анықтауға болады .
Елдердің абсолютты артықшылықтардың негізінде өндірісінің дамуы және еркін
тауар айырбасы жалпы тұрмыс деңгейінің өсуін қамтамасыз ететіндіктен ,
ғалымдар сыртқы саудаға қатысты меркантилистердің көзқарасына қайшы болған
ұсыныстар жасады. Бұл жағдайда мемлекет еларалық мамандану саласының
таңдауына араласпау керек деген ұсыныс жасалды . Бұл таңдау бәсекенің
көрінбейтін қолына байланысты . Сыртқы сауда айырбасына мемлекет тек сирек
жағдайларда ғана араласа алады : басқа елдегі экспортты мемелекеттік
қолдауын бейтараптандыру , қауіпсіздік пен қорғану қабілеттілігін
қамтамасыз ету үшін .
А. Смит , мысалы , Англияның тауарларын тасу үшін сол кездегі жау пиғылды
Голландияның кемелерін пайдалануға тыйым салған Ұлыбританияның Навигациялық
актісін қолдады . Осындай шараларды іске асыру теңіз жүк тасымалына
моманданған Голандияның жағдайын әлсіретті және Англияның кеме жасау
саласының дамуы үшін протекционистік қорғауды қамтамасыз етті. Кейіннен сол
және басқа да себептерге қатысты айырықша қолдау көрсетуді талап ететін
жекелеген тауарлардың артықшылығы жөніндегі тезис бірқатар елдердің ұлттық
бағдарламаларын негіздеу үшін кеңінен қолданыла бастады .
А.Смит ұлттар мен халықтарды үй шаруашылықтарыменсалыстыра отырып , сыртқы
саудаға деген қорқынышты қатты келемеждеді . Себебі , әр үй шаруашылығы
өзіне керекті тауарлардың тек бір ғана бөлігін шығарады , ал артығын сату
арқылы озіне басқа тауарларды сатып алады . Бұл тұжырым тұтас бір
мемлекетке де қатысты. Әрбір ақылды отбасы басшысының негізгі ережесі -
өндіруі қымбат тауарларды дайындамастан , тек сырттан сатып алу - Расында ,
тігінші озіне етік тігіп кимейді , дұрысы : оны етікшіден сатып алады .
Әрбір жеке отбасы үшін тиімді іс-әрекет бүкіл ел үшін тиімсіз болу мүмкін
емес .
Сонымен, шет ел тауар өндірушілері ұлттық тауар өндірушілерге қарағанда ,
өнімді арзан шығара алса , онда ондай өнімді сатып алудан тартынбау керек
.Бұл жалпы ереже мынадай тәжірибелік қорытындыға әкеледі : халықаралық
айырбасқа бөгет жасау бәлендей дұрыс шараға жатпайды ... А.Смит осы
қорытындыны төмендегі қосымша үш аргументпен толықтыра түседі :
Екі халық арасындағы айырбас олардың әрқайсысына бәсекеге қабілетті
өндірістің басы артықтарын өткізуге мүмкіндік береді және сонымен бірге ,
айырбассыз мүлдем керексіз болатын тауарлардың құнын арттырады . Нарықты ел
шекарасынан асыра кеңейтіп өндірістің ұлғаюына , яғни табыстың өсуіне
мүмкіндік береді .
Сыртқы сауда қаржы сақтау , қор жинауға деген қабілеттілікті арттырады және
қор жинау процесі арқылы бүкіл елдің капиталын жоғартады. Шындығында ,
экспорт - ұлттық табысты арттырса , тауарды шет елден сатып алу , ұлттық
тұтыну шығындарын азайтады . Ал қор жинау - табыс пен тұтынудың айырмасымен
анықталады . Егер сыртқы сауда шын мәнінде әртүрлі елдерге өндіріс
шығындарының деңгейіне тәуелді мамандану принципіне негізделетін болса ,
онда ол , шындығында , қор жинау процесіне , яғни әр халықтың байлығының
өсуіне үлес қосатыны анық .
Әрине , кейбіреулер сыртқы сауда бәсекеге бейімделмеген қызмет түрлеріне
зиянын тигізеді деуі даусыз .Себебі ұлттың капиталы дегеніміз - оны
құрайтын бөліктерінің сомасы . солардың біреуіне қауып төндіре отырып ,
сыртқы сауда жалпы ұлтқа зиян тигізбей ме ? Шет ел бәсекесінен қорғану
арқылы жекелеген салаларды дамыту бүкіл халық байлығының өсуіне тиімсіз
теріс әсер етуі мүмкін . Осы жағдайда протекционизм халықаралық мамандану
кезінде тауар шығарғаннан әлде қайда қымбат және көбірек капитал қажет
ететін өндіріске әкелуі мүмкін : осы артық капитал жұмсау - ақшаны желге
шашумен тең . Әрине , шетелдік бәсекеден қорғану шараларын тоқтату осындай
кәсіпорындардың жоғалуына әкеліп соғады , яғни капиталдың азаюы орын алады
. Алайда, басқа салаларда болатын өндірістің кеңеюі жұмыс орындарын , ал
одан кейін қосымша капиталды алып келеді . Тек жекелеген кәсіпкерлер ғана
ұтылуы ықтимал , бірақ бұдан жалпы халық ұтады .
Бұл тұжырымдар А.Смит ережесін былайша бекітеді : айырбас әрбір ел үшін
пайдалы ; бұл айырбаста әрбір ел өзінің абсолютты артықшылығын табады , оны
протекционизм не шектеп , не мүлдем жоюы мүмкін . А.Смиттің талдауы
классикалық теорияның бастапқы нүктесі болып табылады , ол еркін сауда
саясатының кез келген түріне негіз бола алады .
Бірақ осы талқылауды ары қарай жалғастыра берсек , қарама-қарсы,
парадоксальды қорытындыға келеміз : егер қандайда бір ел өзіне керек
тауарлардың бәрін арзан бағамен және кез келген көлемде шет елдерде таба
алатын болса , онда өзі тұтынуына керек деген заттардың бәрін шет елден
сатып алу сол елге тиімді ме , жоқ па? өзгеге сату үші өзінде , ең құрғанда
, бірер тауары бола ма? Бұған кепілдік бере алмайды . Олай болса , шет
елден сатып алса тауары үшін қалай есеп айырыспақ ?
А.Смиттің қағидалары көп жерде жеткіліксіз , абстрактты болды. Ол импортты
шектеу жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі деген пікірді теріске
шығара алмады . Сауда ашықтығы туралы сөздерді айтып алып , кейде қорғаныс
, қауыпсіздік мақсатымен протекционизмді қолдады және де , оның пікірінше ,
әр елде абсолютты артықшылық бар , ол импорт пен экспорттың теңесуінің
себепшісі болады , тек қана еркін сауда қажет . Оның алдындағы ғалым -
экономистер көтерген мәселелерді А.Смит жауапсыз қалдырды . Егер елде
абсолютті артықшылық болмаса ше? Онда басқа мемлекеттер онымен сауда
жасасқысы келеме ?

Егер ол өзі сата алатынына қарағанда , сатып алуы көбірек болса ше ? Бұл
жағдай ақшаның шет елге ағылуына әкелмей ме ? Осы мәселелердің барлығын
сыртқы сауда шеше алатынының кепілі бар ма ? Абсолютты артықшылық теориясы
осылайша тығырыққа әкеліп тірейді .
А.Смиттің теориясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары мен
кемшіліктері анықталды . Солардың ішіндегі артықшылықтарды атап көрсетейік
Біріншіден , өндірістің мүмкіндіктері , сол өндірістің жүзеге
асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлармен анықталады ;
Екіншіден , егер табиғи артықшылықтарға жаңа технологиялардың
жетістіктерін қоссақ , онда теорияның маңызы одан да арта түсер еди .
Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар :
Біріншіден , әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы .
Мысалы , А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады , бірақта шын
мәнінде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес ;
Екіншіден , ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының моделі
емес , тауар айырбасының моделін қарастырады ;
Үшіншіден , абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды түрде
әсер ете елмайды , өйткені тауар өндірісінің альтернативтік (балама) құны
халықаралық саудуның құрылымына әсер етеді .

Д. Рикардо “Салыстырмалы артықшылықтар” қағидасы.

Д.Рикардо Саяси экономияның және салық салудың принциптерідеген
еңбегінде (1817ж.) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді
екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып ,
классикалық теорияны тығырықтан шығарды . Әрбір ел ең әуелі өзіне неғұрлым
мол табыс әкелетін , ондағы өз артықшылығы соғұрлым басым немесе бәсеңдеу
болып келетін өндіріске мамандануға мүдделік танытады .
Рикардо атап көрсеткендей , елдің ешбір өндірісте абсолютты артықшылығы
болмаса да , сауда екі жақ үшін де тиімді . Тіпті сауда болмаған жағдайда
да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел
үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-
қатынастардың орныққанын есепке алсақ) , әғни басқа тауарларға қарағанда ,
өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп , тап осы тауар басқасына
айырбасталынып , экспортқа шығарылуы тиіс .
Сонымен , Рикардо салыстырмалы артықшылық заңын ашты : ол бойынша ,
әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады
және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді . Екі тауар
өндіруден аболютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда
ала алады .
Д.Рикардо А.Смиттің абсолютты артықшылықтар туралы идеясы тек жеке
жағдай ретінде ғана енген өзара тиімді сауда мен халықаралық маманданудың
анағұрлым жалпы принциптерін қалыптастырды . Рикардо сыртқы экономикалық
қызметтің ерекшіліктерін анықтауға көп үлес қосты . Ол өз еңбегінде былай
деп жазды : Бір елдегі тауардың салыстырмалы бағасын реттейтін ереже екі
немесе бірнеше мемлекеттер арасында айырбасталатын тауарлардың салыстырмалы
бағасын реттей алмайды .
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы әмбебап (универсалды) болып табылады
. Ол тек ұлттар арсында ғана емес , сонымен қатар, аймақтар , кәсіпорындар
және ұлттық шаруашылықтар ішіндегі адам шаруашылықтар ішіндегі адамдар
арасындағы кез-келген еңбек бөлінісінің артықшылықтарын негіздейді . Алайжа
, ол , ең алдымен , халықаралық еңбек бөлінісінің қажеттілігін теориялық
тұрғыда растайды және экономикалық ғалым тарихында оны бірінші үлгісі
ретінде қарастырады .
Модельдеу Бастыстың экономикалық ғылымына халықаралық еңбек бөлінісі
мәселелерін талдаудың негізі әдісіне айналды . Салыстырмалы артықшылықтар
теориясы- халықаралық сауданың бағыттары мен себептерін түсіндіретін
жұртшылыққа кеңінен танымал классикалық негіз болып табылады . Экономикалық
теориядағы терең білімі жоқ адамдардың өзі де табиғи - географиялық
айырмашылыққа байланысты сауданың қажеттілігі мен маңызын түсінеді .Әйтсе
де елдер арасындағы сауда мемлекет барлық салаларда абсолютты үлкен
тиімділікке ие болғанда ғана пайдалы. Рикардо атап көрсеткеніндей , айырбас
белгілі бір елдің басқа бір елге қарағанда , барлық тауарларды неғұрлым
төмен салыстырмалы шығындармен өндірген жағдайда да тиімді . Тек онда
белгілі бір елдегі салыстырмалы шығындар арасындағы айырмашылық басқа елге
қарағанда , көбірек болуы қажет .
Салыстырмалы артықшылықтар идеясы қарапайым болғанымен, оны абстракты
түрде түсіну едәуір қиын . Осы тұжырымдаманы меңгерудің ең жақсы әдісі -
оны бейнелейтін мысалдар мен үлгілерді қарастыру .
Өз заманының көптеген экономистері секілді , Рикардо да өз теориясын
жетілдіру барысында мынадай нақты мысалға сүйенді : Англия мен Португалия
арасындағы шарап пен мата айырбасы . Басқа экономистер сияқты , Рикардо да
осы тауарларың құнын оларды өндіруге кеткен еңбек мөлшерінің өлшем бірлігін
қолдану арқылы (еңбек құны қағидасы).
Шарап пен мата өндірісі Англия мен Португалияда әртүрлі еңбек мөлшерлерін
қажет етеді: Англияда шараптың өлшем бірлігіне 120 еңбек бірлігі және
матаның өлшем бірлігіне 100 еңбек бірлігі , ал Португалияда шараптың өлшем
бірлігіне 80 еңбек бірлігі , мата бірлігіне 90 еңбек бірлігі сәйкес келеді
.
Егер А.Смиттің концепциясына сүйенсек , онда Португалия осы екі елге
қажетті мата мен шарап өндірісін бір өзі қамтамасыз етуі тиіс . Егер осы
екі елдің тауарға қажеттілігі екі тауардың әрбірінің өлшем бірлігіне
теңестірілген болса , онда қажетті өндіріс ( әрбір өнімнің екі өлшем
бірлігі) Португалияда 340 еңбек бірлігіне шығындалуы талап етеді:
2.(80+90).
Егер екі тауарды да Португалия шығаратын болса , онда Англия таза
тұтынушылар еліне айналып кетер еді . Олай болуы мүмкін емес . Нақтырақ
айтқанда , бұл жағдай болашақта бүкіл ағылшын капиталының Португалияға
ағылып кетуіне әкеліп соғады . Бұл , әрине , тиімсіз жағдай .
Рикардо әрбір ел өз капиталын сақтауға тырысады дейтін принципке сүйене
отырып , екі ел де өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс бөлісуге
ұмтылады деп санайды . Бұл еңбек бөлісуі өндірістің салыстырмал шығындарына
тәуелді жағдайда жүзеге асады .

Мысалда көрсетілгендей , Португалия тауарларының барлық түрінен абсолютті
артықшылыққа ие ; өйткені ол 1 бөшке (баррель) шарапы да, сондай-ақ , 1
дана матаны да әлдеқайда арзанырақ өндіре алады , яғни Португалияда өндіріс
Англияға қарағанда , неғұрлым абсолютты тиімді . Расында , егер осы елде
өндіріс анағұрлым өнімді және тауарлар бағалары арзан болса , онда сол
тауарларды өндірісі тиімсіз елдерден қымбатқа сатып алудың ешбір қажеті
жоқтығы ақылға сыймды болар еді .
Алайда Рикардо қағидасын қолданып , біз абсолютті емес , бұған
керісінше , салыстырмалы тиімділік мәселесін (эффект) қарастыруымыз қажет .
Португалияда матаның өлшем бірлігін шығару шығыны шарап шығару шығынының
98 бөлігін құрайды , ал Англияда ол – 1012, яғни салыстырмалы түрде
алғанда , азырақ . Шарап шығынына қатысты жағдай басқаша . Шараптың өлшем
бірлігін өндіру шығындары матамен салыстырғанда , Португалияда Англиядан
кем : 89; 1012. Ұлттық еңбекті үнемдеу мақсатында Португалияға еңбек пен
капиталды шарап өндіруге жұмылдыру тиімдірек, ал оның мата өндірісін Англя
импортына айырбастағаны жөн. Англя, бұған керісінше, шарапты импорттап,
мата өндірісіне мамандануы керек, себебі оның мата өндірісіне мамандануы
керек,себебі оның мата өндіруден салыстырмалы артықшылығы бар.
Рикардоның көрсеткеніндей, Португалия үшін шарап саудасы әлдеқайда
тиімдірек, өйткені оның шарап өндірсіндегі артықшылығы матаға қарағанда,
көбірек. Елдердің салыстырмалы артықшылықтарындағы айырмашылық елдердің
тауар айырбасы кезінде пайда алуға мүмкіндік береді.
Португалия фирмасы 80 еңбек бірлігі жұмсалынған 1бөшке шарапты Англяда
120 еңбек бірлігіне сатып және шығыны соған сәйкес келетін баға бойынша
мата сатып алу арқылы Англяда 1,2 дана матаға ие болады. Басқаша айтқанда,
Португалияның ұтысы 0,32 дана мата.
Сыртқы саудадан Англя да ұтады. Ол мата өндірісіне мамандану арқылы оны
Португалияда табысты сатқан жағ-дайда, егер Англия шарап өндіруге 100 өлшем
бірлігіне тең бастапқы еңбек мөлшерін жұмсай отырып алатын 56 баррельмен
салыстырғанда, шарап сатып алу мүмкіндігіне ие блады. Бірақ матаны сату
үшін өндірмеген болар еді. Егер елдер арасында сауда басталып кетсе, онда
Англиядан әкелінетін арзан мата Португалиядағы өндірушілерді күйзелтіп
кетері сөзсіз. Алайда, Португалияның шарапқа, ал Англианың матаға
мамандануы екі елге де пайда әкелетіні даусыз. Мұндай мамандану халыққада
тиімді. Сол күндізгі еңбекақының өзі енді португалдықтарға неғұрлым арзан
ағылшын матасын, ал ағылшындарға көбірек арзан португал шарабын сатып алуға
мүмкіндік береді, яғни нақты еңбек – ақы мөлшері өседі деген сөз.
Принцип негізінен әртүрлі екі тауардың бірлік өлшемдері ғана емес,
сондай-ақ олардың кез келген мөлшері үшін де дұрыс болып шығады. Әрине ол
статистикалық жағынан икемді, инфляция мен жұмыссыздықты елемеген сыңай
танытады. Әйтседе ол, барлық жеңілдіктеріне қарамастан, елдегі өндірістің
салыстырмалы тиімділігін бағалауға және халықаралық маманданудың бағыт-
бағдарын алдын ала болжамдауға мүмкіндік береді.
Рикардоның мысалында ұлттық еңбек өнімділігінде де, экспорттық
салалардың сапалық сипаттамаларында да бәлендей өзгерістер бола қоймайды.
Елдер табаын мамандану мен еңбек бөлінісіне неғұрлым тиімді өндіріс
құрылымын жасаудан түседі.
Құрылымдық қайта құрудың пайдасын жақсырақ ұғыну үшін, айталық,
мемлекет протекционистік шаралар қолданып жатыр деп болжам жасайық. Мысалы,
португалдықтар жергілікті тігін өнеркәсібін қорғау үшін кедендік тарифтерді
талап етуде. Мұндай қорғау кедендік баж салықтары, салықтар және басқа да
шаралардың көмегімен ағылшын матасының бағасы жасанды түрде жоғарылаған
кезде тыйым салынбайтын сипатқа ие болуы мүмкін. Португал матасына да баға
көтеріліп кетеді. Ұлттық салалардың рентабельділігі теңесетін болады. Бұнда
анаңұрлым өнімді сала-шарап өндіруге капитал мен еңбек күшінің салааралық
ауысуына ынталылық болмайды. Шын мәнінде, қалыптасқан экономикалық құрылым
өзгеріске ұшырайды, артта қалған салаға жасанды қолдау көрсетілетін болады.
Мұның тағы бір жағымсыз салдарысауда еркіндігіне толық шектеу қойылуы
мен бірге тыйым салынатын тарифтер енгізілуі мүмкін. Мемлекеттік қорғаудың
қолшатырының астындағы өндірушілер мата өндірісі шарап өндірісінен
тиімдірек деңгейде бағаны жоғарылатуы мүмкін. Алайда абсурд эканомикасына
жол ашатын бұл пікірлер абсолютті абстракциялық схема емес. Өкінішке орай,
еліміз неғұрлым жаңа технологияны тартудан гөрі, қолда бар ресурстарын
артта қалған салаларды қолдауға босқа шығындайтындықтан, құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру үшін материалдық өзгерістері жоққа тән болады.
Онда капитал мен еңбек күші тиімсіз салаға ағылады да, тиімдісі шетте
қалып қояды.
Жоғарыда атап көрсетілгеніндей, халықаралық саудадан түскен пайданың
қатарына халықтың нақты жалақысының өсуі жатады. Кедендік тарифтер мен
квоталарды енгізу оның төмендеуіне әкеп соғады. Тұтынушылар жоғары баға-
ларға кез болып, тұтынуды азайтады. Сондай-ақ, протекционизм бағытын
ұстанған елде тіпті табиғи ресурстары мол бола тұра, халқаның өмір сүру
деңгейі салыстырмалы, ал кейбірде абсолютті төмен болуы мүмкін және бұл
таңданарлық жайт емес.
Салыстырмалы артықшылықтар доктринасы сыртқы сауданың нәтижелерін
талдаудан ғана емес, басқа да жерлерде жиі басшылыққа алынады. Фирма немесе
жеке адам өзінің салыстырмалы артықшылығы бар қызмет түрлерімен айналысқаны
тиімді, ал басқа қажеттіліктерін айырбас арқылы да өтей алады.
Қарастырылған мысал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар айналымының құндық көлем индексі
Қазақстан Республикасы мен Белорусь арасындағы қарымқатынас
Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы
Қазақстан және ЕҚЫҰ
Сыртқы сауда жүйесі
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы қатынастарының теориялық мәні
Халықаралық экономикалық қатынастар теориясының пәні
Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі
Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Халықаралық сауда туралы ақпарат
Пәндер