Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні мен мағынасы


ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
Еңбек өнімділігі мен тауар өндіру тиімділігінің мәні мен мағынасы.
Еңбек мөлшерін анықтау әдістері
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) Еңбек қарқындылығының басқа экономикалық санаттармен және көрсеткіштермен өзара байланысы және оның түрлері
б) Еңбек қарқындылығының тұрақтандыру факторы және өлшеу әдістері
ІІІ. ҚОРТЫНДЫ
Еңбек үдерісінің тиімділігіне әсер ететін факторлар.
Еңбек мотивациясының түрлері мен мәні. Еңбекақының мәні мен қағидалары.
КІРІСПЕ
Қазіргі жағдайда кадрлық қызмет кадрлар мен жұмыстың барлығында ұйымдастырушы және үйлестіруші болуы қажет. Ол құрылымдық бөлімшелерде кадрлар саясатын жүзеге асыруда бақылаушы функциясын, еңбекақы төлеуді, жұмыскерлерге медициналық қызмет көрсетуді, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғауды кадағалауы керек.
Кәсіпорындағы кадрлық қызметтің тиімділігі оның әрбір құрылымдық бірлігінің атқаратын функциясының құрымдылығы мен нақтылығына, қызметтің өз ішіндегі құрылымдық бөлімшелердің өзара байланысқан жұмыстарына, кадрлық қызметтің кәсіпорындағы техникалық және экономикалық қызметтерінің жұмысымен тиянақты байланыстарына, қызметті кадрлармен қамтамасыздандыруға байланысты болады.
Персоналды басқару қызметінің құрылымын жобалау кезінде бөлімнің құрамында жеке топ құру үшін оның жұмыс көлемі екі-үш адам атқаратын көлемнен кем болмауы керек.
Кадрлық қызмет оны құрайтын бөлімшелердің (бөлімдер, бюролар) атқарымдық құрылымын анықтағаннан кейін, әрбір бөлімшелер шешетін мәселелердің тізімін, олардың функцияларын, ондағы жұмыскерлердің сандық құрамы мен лауазымдық құрылымын, олардың әркайсысының қызметтіқ міндеттемелерін, сонымен қатар кадрлық қызмет көлеміндегі және кәсіпорынның кіріс және шығыс ақпараттары бөлігіндеп басқа да бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасын, кадрлық жұмысты әдістемелік қамтамасыз ету, олардың орындалуын бақылау және қадағалау функцияларын жүргізу мәселелерін шешеді.
Персоналды басқарудың жаңа қызметтері әдетте кадрлар бөлімі, еңбекті ұйымдастыру және еңбекақы төлеу бөлімі, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техника бөлімі және басқа да қызметтердің негізінде құрылады. Жаңа қызметтердің мәселелері ұйымдағы еңбек ресурстарын басқару жөніндегі іс-әрекеттерді үйлестіру және кадрлар саясатын орындауда болып табылады. Осыған байланысты олар өз функциясының көлемін кеңейте бастайды және соның негізінде таза кадрлық мәселелер еңбек етуді ынталандыру жүйесін құруға, кәсіби жылжуды басқаруға, дау-жанжалды болдырмауға, еңбек ресурстарының нарығын зерттеуге және т. б. өтеді.
Бірқатар ұйымдарда кадрлармен жұмыс жүргізугеде персоналды басқару жөніндегі директор орынбасарының (вице-президенттің) бірыңғай жетекшілігіндегі барлық бөлімшелерді біріктіретін персоналды басқару жүйесі қалыптасады.
Персоналды басқару тұжырымдамасы - персоналды басқарудың мәнін, мазмұнын, мақсатын, мәселелерін, өлшемдерін, қағидалары мен тәсілдерін түсіну және анықтаудың теориялық-әдістемелік көзқарастарының жүйесі, сонымен қатар, ұйымның нақты жағдайларда әрекет ету тетігін қалыптастырудың ұйымдастырушылық-тәжірибелік тәсілдері. Оған жататындар:
- персоналды басқарудың әдістемесін жасау (басқару объектісі ретінде ұйымның персоналының мәнін қарастыру, ұйымның мақсатына, персоналдарды басқару тәсілдері мен қағидаларына сәйкес жеке тұлғалардың мінез-құлқын қалыптастыру үдерісін қарастыру) ; персоналды басқару жүйесін қалыптастыру (персоналды басқарудың мақсаттарын, функцияларын, ұйымдастырушылық кұрылымын қалыптастыру, басқарушылық шешімдерді жасау, қабылдау және орындау үдерістерінде жетекшілер мен мамандардың тікелей және жанама байланыстарын қалыптастыру) ; персоналды басқару технологиясын жасау (персоналды жалдау, іріктеу, қабылдау, кәсіби бағыт беру және дағдыландыру, окыту, оның іскерлік бағытын, кәсіби-қызметтік жоғарылауын басқару, еңбек мотивациясының ұйымдастырылуы, келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерді басқару, ұйымның әлеуметтік
дамуын қамтамасыздандыру, персоналдарды жұмыстан босату, кәсіподақтар мен жұмыспен камту қызметінің өзара әрекет етуі) .
Нарыққа өту кезінде иерархиялық (сатылық) басқарудан бірте-бірте нарықтық өзара қарым-қатынастарға, экономикалық тәсілдерге негізделген меншіктік қатынастарға өту өте баяу жүре бастайды. Сондықтан, кұндылықтың артықшылығын көрсететін бір беткейлі жаңа тәсілдер жасау қажет. Ең бастысы ұйым ішінде - жұмыскерлердің, ал сыртында - өнімді тұтынушылардың барын түсіну қажет. Жұмыс істеушінің санасын бастыққа емес тұтынушыға; ысырапшылыққа емес таза табысқа; ойланбай орындау емес, жаңалықты жақсы көретін қызметкерге бұрып, салауатты экономикалық ойға негізделген әлеуметтік мөлшерлерге өту қажет. Билік мәдениет пен нарыққа орын бере отырып, екінші орынға көшуі тиіс.
«Адам ресурстарын басқару» тұжырымдамасының шеңберінде персонал негізгі капиталға «теңестіру кұқығына» ие, және оған жұмсалған шығын ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырылады; кадрлық жоспарлау өндіріспен үйлеседі және қызметкерлер корпоративтік стратегиялардың объектісі болады; еңбекті топпен ұйымдастыру белсенді енгізіледі, сондықтан да бар күш команда кұруға, адамдардың қабілеттілігін қалыптастыруға бағытталады; кадрлық қызметтер ұйымдастырушылық және талдау-сараптау мәселелерін шешеді, сонымен қатар, компанияда қызметкерлердің меңгеруін жеңілдету мақсатында бөлімше жетекшілеріне қолдау көрсетіледі.
Персоналдарды басқару тұжырымдамасының «ұлттық нақышы» бар деп есептелінеді. Мысалы, АҚШ-та ол прагматикалық түрде: адам сақтықпен қарайтын және салымдарын толық қайтара алатын ресурс есебінде қарастырылады, ал Жапонияда адам тек ресурс қана емес, сонымен бірге өз бетінше құндылық; бұл жерде корпоративтік мәдениет пен ұйымдастырушылық бағалылықтардың рөлі айтарлықтай жоғары. Қазақстанда персоналдың өзінің нағыз тұжырымдамасына әлі «қолы жеткен жоқ», бірақ отандық дәстүрлі көзқараста әрбір персоналды «өгей бала» түрінде қалыптасқан.
Экономика - бұл қоғам қажеттілігін толық қанағаттандыру үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі ғылым.
Қоғамның материалдық қажеттіліктері шексіз болғандықтан, оларды толық канағаттандыруды мүмкіндігінше барлық қорларды неғұрлым тиімді пайдалану арқылы қамтамасыз етуге болады. Осылайша, экономика - бұл ең алдымен тиімділік жөніндегі ғылым. Экономикалық тиімділік «шығын-өндіру» деген мәселеден тұрады.
Өндіріс тиімділігі - бұл пайдалы нәтиже мен өндірістік үдеріс факторлары шығындарының арақатынасы.
Өнімділік дегеніміз қазіргі экономикалық теорияда, сөздің кең мағынасында бір жағынан, өнім және қызмет түріндегі тауарлар көлемін, екінші жағынан, сол өнімдерді шығаруға кеткен шығындардың арақатынасын түсінуге болады. Оған өндірістің барлық факторлары ықпал ететін болғандықтан, кейде оны көп факторлы өнімділік деп атайды.
Ұзақ мерзімді кезеңде тауар көлемі мен оны шығаруға кеткен шығындардын ара қатынасының өсуі тек технологиялық, энергетикалық, материалдық және қаржылық ресурстарды ғана жақсы пайдаланғандықты емес, сонымен қатар еңбек ресурстарын да жақсы пайдаланғандықты білдіреді, яғни бұл экономиканың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетеді. Ал қысқаша кезеңде мұндай арақатынастың дамуы өмір деңгейі мен сапасының дамуын көрсетпейді, яғни экономикалық дамудың әлеуметтік кұрамының өсуін көрсетпейді.
Тауар көлемі мен оны шығаруға кеткен шығындардың арақатынасының азаюы, тек экономикалық кұлдырауды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік кұлдырауды да білдіреді.
Р = С тар х Н уақ ,
мұнда: Р - берілген өнімнің, операцияның бағалануы (теңге/дана) ;
С тар - еңбекақы тарифінің мөлшері (егер уақыт бірлігіне 1 сағат алынса, онда ол теңге/ сағат болып өрнектеледі) ;
Н уақ - өнім немесе операция өндірісінің уақыт мөлшері (уақыт бірлігінде ол сағат/дана арқылы өрнектеледі) .
Сәйкесінше, берілген жұмыстың барлық көлемі үшін еңбекақы шамасын келесідей түрде өрнектеуге болады:
3 жосп = р х п,
мұнда: З жосп - еңбекақы коры;
р - бағасы;
n - берілген өнімнің немесе еңбек операциясы бірлігінің саны.
Жұмыскер энергиясының шығыны - дене және жүйкелік шығындар, бүгінгі күнде олардың шамасын өлшеуге оншалықты мән берілмейді. Оларды анықтау, басқаша айтқанда, еңбектің ауырлығын анықтау үшін қарқындылық деңгейі қолданылады. Осылайша өндірістік орта жағдайының (санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және жұмыстың басқа да жағдайы), оны мөлшерлеудің сапасы мен деңгейінің (шу, температура, шаң, жарық мөлшерін сақтау, бекіту және т. б. ) жұмыскерге әсері бағалануы мүмкін.
Бірақ еңбектің қарқындылығын кешенді бағалаудың жеткілікті дамыған әдістемелік базасы жоқ және, сәйкесінше, қазіргі нарықтық экономика жағдайында тәжірибеде қолданылмайды.
Кез келген жұмыстың еңбек мөлшері жұмыс үдерісінің жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын жұмыс уақытының шығынын анықтау арқылы белгіленеді. Сондықтан жұмысқа белгілі бір шапшаңдық пен ырғақ бере отырып, еңбек мөлшері оның қауырттылык деңгейін өрнектейді. Жұмыс күрделілігі бірдей болғанда, бірдей құрал-жабдықтар пайдаланылғанда, бірдей техникалық және басқа да еңбек жағдайлары болғанда, уақыт мөлшерінің немесе өнімділік мөлшерінің айырмашылығы еңбек қарқындылығындағы ерекшелікті білдіреді. Жұмысқа берілген уақыт мөлшерінің аздығы уақыт бірлігінде жүйкелік энергия мен дене энергиясының үлкен қарқындылығын, тығыздылығын, шығындарының көп екенін көрсетеді.
Бағаны қалыптастырудың нарықтық заңына, жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек мөлшерінің азаюына байланысты тарифтік мөлшер тікелей парапар өсуі керек. Уақыт бірлігінде жұмсалатын жұмыс күшінің бағасы сол уақыт бірлігінде энергетикалық өрнектегі шығын артқан сайын өсуі тиіс. Осылайша, тарифтік мөлшер қандай да бір нақты кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастырудағы еңбек күрделілігін ғана емес (жұмыс разряды), оның қауырттылық деңгейінде, жалдамалы жұмыскерлердің уақыт бірлігіндегі энергия жұмсау шамасын да ескеруі қажет. Жұмыстың сол күрделілігіндегі уақыт мөлшері аз болған сайын, ол кымбат тұрады.
Нақты жағдайда, еңбек (уақыт) мөлшерін анықтау кезінде еңбек қарқындылығының әдетте қоғам деңгейіне сәйкес өзгермейтін орташа шамасы алынады. Өмірде жеке кәсіпорындарда еңбекақыны есептеу кезінде ол ескерілмейді.
Белгілі жұмыс көлемін орындау үшін керек еңбек шығындарын өлшеу ең ақырында, белгілі бір мамандыктың орташа қарқындылықта еңбекті орындауға жұмсаған жұмыс уақытын өлшеуге әкеліп соқтырады.
Еңбек мөлшерін анықтау еңбек операциясының кұрылымы, жұмыс уақытының шығындары мен еңбек әдістері жөніндегі ақпараттардың негізінде жүзеге асырылады. Мөлшердің негізделуі еңбек мөлшерін анықтау нәтижесінің дәлдігі болып табылады.
Еңбекті мөлшерлеу талдау (аналитикалық) немесе жиынтық әдістермен орындалады.
Еңбекті мөлшерлеудің талдау әдістеріне сәйкес еңбек мөлшері еңбек операциясының немесе жұмысының жекелеген кұрамдас бөліктері бойынша уақыт шығынының синтезі негізінде анықталады. Сонымен қатар, еңбек операциясының (жұмысының) кұрамдас бөліктерге талдау болып бөлінуі жүзеге асырылады және әрбір жеке элементтің ұзақтығын негіздеу қарастырылады. Қолданылатын техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану деңгейі; жұмыс орнын ұйымдастыру деңгейі; тізбектілігі, еңбек тәсілінің ұтымдылығы; психофизиологиялык факторлардың әсері, оның ішінде санитарлык-гигиеналық жағдайлар және тағы басқалары ескеріледі.
Техникалық негізделген еңбек мөлшері осылайша есептеледі. Олар еңбек бойынша нормативтерге негізделген. Уақыт сияқты мөлшерлеудің мұндай көрсеткішіне сәйкес бірінші мен екіншінің арасындағы айырмашылық еңбек операцияларын (жұмыс бірлігін) жекелеген әрекеттерге бөлу деңгейінен тұрады.
Еңбек бойынша негізгі нормативтерге - еңбек (жұмыс күші) шығындарының нормативтерін жаткызуға болады, ал көмекшіге - құрал-жабдықтың (жұмыстың) жұмыс істеу және қызметкерлердің регламенттелінген үзілістерінің нормативтері жатады.
Жеке еңбек шығындарының нормативтері уақыт және сан нормативтері болып екіге бөлінеді.
Уақыт нормативі - бұл бір жұмыскерге еңбек үдерісінің жекелеген элементін орындау үшін бекітілген уақыт аралығы. Осылайша, еңбек үдерісі өнімді дайындаудан, құрал-жабдыққа немесе кұрылымдық бөлімшелерге қызмет көрсетуден тұрады. Еңбек үдерісінің элементі ретінде қозғалыс, тәсіл немесе олардың кешені болуы мүмкін. Сәйкесінше, аз немесе көп бөлшектелінген немесе, керісінше, іріленген уақыт нормативтеріне бөлінеді. Неғұрлым бөлшектелінген уақыт нормативтері көбінесе ірі сериялы өндірістерде қолданылады. Егер еңбек әрекетін қарапайым қозғалыстарға саралау керек болғанда, еңбекке микроэлементті мөлшерлеуді қолдануға болады. Ұсақ сериялы бірлік өндірісі үшін өзара байланысты еңбек қозғалыстарын, тәсілдер кешеніне анықталған, іріленген уақыт нормативтерін қолданған жөн.
Сан нормативтері - бұл белгілі бір уақыт ішінде берілген жұмыс көлемін немесе бірлігін орындау үшін қажет мамандығы бар кәсіби құрамдағы жұмыскерлер тобының саны. Құрал-жабдық жұмысының режимдік нормативтері - бұл кұрал-жабдықтың неғұрлым көп мақсатка сай колданылуын қамтамасыз ететін оның жұмысының режимдік көрсеткіштерінің кешені. Олар жұмыскер еңбегінің мөлшерін анықтап, машина уақытын есептеу үшін қажет.
Машиналық (аппараттық) уақыт - бұл станокты берілген режимге сәйкес пайдалану, жұмыскердің машинаның жұмысына тек карап отыру арқылы өндірістік үдеріске өзінің ықпалын шектеу мүмкіндігі болатын уақыт. Бұл уақыт кезінде өндірістік үдерістің негізгі операциясынан басқа операциялар мысалы көмекші сипаттағы өлшеу, бекіту сияқты операциялар да орындалуы мүмкін.
Регламенттелінген үзілістер уақытының нормативтері - бұл жеке қажеттілікке, жұмыскерлердің қауырттылығын азайтуға арналған үзіліске, сондай-ақ кұрал-жабдықтарды пайдаланудың техникалық талаптарына (яғни құрал-жабдықтардың қызмет ету тәртібінің норматнвтеріне) негізделген
үзілістерге керек уақыт аралығы.
Еңбекті талдау әдісі арқылы мөлшерлеуде қажеттілігіне қарай еңбек үдерісін ұйымдастыруды жетілдіру және өндірісті толығымен ұйымдастыру шаралары жүргізілуі мүмкін. Нақты мәліметтерді алдын ала зерттеу алынған нормативтерді салыстырған кезде техникалық-технологиялық мүмкіндіктерді пайдалану мен жұмыс орнын ұйымдастыруды тиімді ету, жұмыскердің айналасындағы психофизиологиялық ортаның ықпалын жақсарту, еңбек және демалыс тәртібін жетілдіру және т. б. жоспарланады. Мұның барлығы еңбек мөлшерін қайта жасау арқылы еңбек өнімділігінің өсуіне ықпал етеді. Еңбекті мөлшерлеудің талдау әдістері талдау-зерттеу және талдау-есептеу әдістері болып екіге белінеді. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық еңбек үдерісінің жекелеген элементтерін орындауға жұмсалатын уақыт шамасын анықтау тәсілінен тұрады.
Талдау-зерттеу әдісі - бұл жұмыс орнында зерттеу және талдау арқылы еңбек операциясының элементтеріне, сондай-ақ бүкіл операцияны орындауға жұмсалатын уақыт шығынын анықтайтын әдіс. Бұл жағдайда уақыт шығындары арнайы зерттеудің нәтижелерін тексеру жолымен немесе нақты уақытын белгі бір мезгілде байкау арқылы анықталады. Соңғысы өзінің атын кездейсок таңдап алған атауы бір уақыт шығындарын кадағалауды жүзеге асыратын әдістемелік талаптардан туындаған.
Уақыт нормативтерін есептеу үшін қажетті әдістер: хронометраж, жұмыс күнінің суреттемесі немесе фотохроно-метраж тәсілдері кеңінен колданылады. Мөлшерлеу тәжірибесінде өзін-өзі суреттеу сияқты қадағалау тәсілі бар. Олардың арасындағы кағидалық-әдістемелік сипаттамалардың айырмашылығы жоқтың қасы, бірақ оларды ерекше колдану шеңбері мен бағыты өмірде жақсы қалыптасқан.
Хронометраж - бұл жұмыстың (жұмыс операциясының) ұзақтығын, яғни оның тұрақты қайталанатын элементтерін зерттеу және өлшеу мақсатында жұмыстың орындалуын кадағалау түрі.
Жұмыс күнінің суреттемесі - жұмыс күнінің ауысымында немесе оның бөлігінде жұмыс уақытында мүмкін болатын уақытты жоғалту мен олардың себептерін анықтау мақсатында еңбекті қадағалау түрі.
Фотохронометраж - бұл жұмыс күнін зерттеуде хронометраж және жұмыс күні суреттемесін аралас түрде пайдалану.
Талдау-есептеу әдісі - бұл құрал-жабдықтар жұмысы режимінің нормативтері мен уақыт нормативтерін, сондай-ақ белгілі ұйымдастырушылық-техникалық жағдайда жұмыс көлемін уақыт шығынының тәуелділік формуласы негізінде есептеу жолымен барлық операцияларға және еңбек операцияларының элементтеріне кететін уақыт шығынын анықтайтын әдіс.
Мөлшерлеудің бұл әдісі алдыңғыларға қарағанда мамандардан тікелей жұмыс орнында еңбек үдерісін зерттеу және кадагалауды талап етпейді, сондықтан оған көп еңбек қажет емес. Бірақ, ол әр түрлі кәсіпорындар мен бөлімдерде өндірістін ұқсас немесе тұрпатты ұйымдастырушылык-техникалық жағдайы үшін мөлшерлеудің орташа сипатын болжайды және ол оншалыкты дәл емес, сондықтан жеке адамдардың еңбек мөлшерін анықтауда колданылмайды.
Жұмыс орны - бұл жұмыскерлер тобы немесе бір жұмыскер арқылы белгілі бір жұмысты орындауға арналған кәсіпорынның кеңістік жері.
Жұмыс орнын аттестациялау - бұл кәсіпорында бекітілген мөлшерлердің, сондай-ақ алдыңғы тәжірибенің және кұрал-жабдықтар мен қызмет көрсету көрсеткіштерінің сәйкестігін кешенді бағалау. Жұмыс орнын аттестациялау нәтижесінде жұмыс орнындагы өнімділік, оның әлеуетінің деңгейін жоғарылату, еңбек өнімділігінің артуы анықталуы мүмкін.
Еңбектің талдау әдісі еңбекті мөлшерлеуде, жұмыс орнын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктерді жоюға мүмкіншілік береді.
Жалпы, жиынтық әдіске қарағанда мөлшерлеудің талдау әдістері неғұрлым жоғары дәлдікте еңбек мөлшерін табуды қамтамасыз етеді, сондықтан еңбек операциясы жаппай сипатта өтетін көп топтамалы (көп сериялы) өндірісте негұрлым тиімді болады. Еңбекті мөлшерлеудің жиынтық (тәжірибелік-статистикалық) әдісі - бұл еңбек операциясын элементтерге бөлмей толығымен еңбек мөлшерін болжайтын әдістер.
Жиынтық әдістермен еңбекті мөлшерлеуде еңбек тәсілдерінің тиімділігі және жекелеген әрекеттері арнайы зерттелмейді. Еңбек мөлшерін анықтаудың жиынтық әдістері тәжірибелік, статистикалық және салыстырмалы әдістер болып бөлінеді.
Тәжірибелік әдіс - мөлшерлеушілердің жеке тәжірибесінің негізінде бекітілетін мөлшерде қарастырады.
Статистикалық әдіс - өткен жылдағы осындай жұмыстарға жұмсалған шығындар жөніндегі есептемелік-статистикалық мәліметтер бойынша еңбек мөлшерін бекітуді ұсынады.
Еңбек мөлшерін бекітудің салыстырмалы әдісі - бұрын орындалған және ұқсас еңбек операциясы бойынша жұмыс көлемі мен күрделілігін салыстыру арқылы жаңа мөлшерді бекітуді қарастырады.
Талдау-зерттеу әдісіне қарағанда еңбекті мөлшерлеудің жиынтық әдісі еңбек өнімділігінің өсу жолдарын табуда және оның кәсіпорында немесе өндірістік бөлімшеде өсуіне аз ықпал жасайды деп есептеледі.
Нақты нарықтық экономикада еңбек мөлшерін анықтау мен жетілдіру қезінде, еңбекті мөлшерлеу әдістерін катаң жеке болу әрқашан тиімді болмайды. Кейбір жағдайларда кәсіпорындар еңбектің кейбір мөлшерлерін анықтауда және сәйкесінше әртүрлі әдістерді біріктіру негізінде еңбек мөлшерін белгілей алады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Еңбек үдерісін өндіріс факторы ретінде зерттеу кезінде шығындар мен жұмыс күшінің жұмсалу қарқындылығын өлшеу, оның өндіріс көлемі мен іс-әрекетінің тиімділігін, адам ағзасының физиологиялык функциясына ықпалын анықтау маңызды мәселе болып тұр.
К. Маркс еңбек қарқындылығы теориясын біршама толық дамытты және ол біздің елімізде еңбек шығынының санын анықтау саласында зерттеудің әдістемелік базасы болды. Маркс еңбек шығынының санын жұмыс уақыты шығындарымен өрнектеді. Егер еңбек шығындарын жұмыс уақытының ұзақтығымен қарастыратын болсақ, онда уақыт кезеңінің ұзақтығы бірдей жұмыс істейтін жұмыскердің еңбек мөлшері әркашан бірдей болады. Сонымен бірге олардың әркайсысы өз жұмыс күшін қандай қарқындылықпен жұмсағандығы маңызды емес. Еңбектің жеке қарқындылығындағы айырмашылықтарды есепке алу күрделілігіне карамастан, еңбек шығынын тұрақты және кешенді өлшеу қажеттілігі, еңбек шығынын жұмыс уақыты шығындарымен өлшеу идеясы болғанын растауға болады.
Қазіргі заманғы теория мен тәжірибеде жұмыскердің еңбек шығыны еңбектің қарқындылығымен және ұзақтығымен (экстенсивті құралы) анықталады. Еңбектің ұзақтығы еңбек туралы заңмен шектелген жұмыс уақыты кезеңімен, сондай-ақ адам ағзасының психофизиологиялық мүмкіндіктерімен сипатталады.
Өз кезегінде, еңбек қарқындылығы еңбек деңгейімен сипатталып, уақыт бірлігіндегі еңбек шығынының мөлшерімен анықталады. Жалпы бұл тәуекелділікті келесідей етіп жазуға болады:
ЕҚ = ЕШ/УШ,
мұнда: ЕҚ- еңбек қарқындылығы;
ЕШ - еңбек шығыны;
УШ - уақыт шығыны.
Еңбек шығынының экстенсивті және қарқынды құрамының арасындағы өзара байланысты келесідей етіп сипаттауға болады. Үздіксіз еңбек үдерісі ұзақ болған сайын жұмыскер қатты шаршап, жұмыс уақытының соңында қабілеті төмендейді және керісінше, егер жұмыс күнінің ұзақтығы азайып, бос уақыт көбейсе уақыт бірлігіндегі өнім қарқындылығы өседі. Қазіргі еңбек мазмұнының өзгерісі «еңбек шығыны» түсінігін де өзгертеді. Жаңа техниканы, технологияны өндіру заттың энергетикалық шығындарын төмендетеді: өндірісті автоматтандыру мен механикаландыру деңгейі жоғары болса, жұмыстың ауырлығы да төмендейді, сәйкесінше, жұмыскердің шаршау деңгейі де төмен болады. Әдетте, еңбек шығармашылық және әртүрлі сипатта болады, соның нәтижесінде жұмыскер жұмыстан қанағат алады. Сонымен бірге автоматтандырылған құрал-жабдықты пайдалану жұмыскердің жедел реакциясын, дәлдігін, қабылдау қабілетін, ақпараттың үлкен көлемін сақтау және біреуге беру қабілетін талап ете отырып, осы құрал-жабдық жұмысының жеделдігінің жоғары болуы есебінен жұмыскердің жүйке-ойлау жүктемесін арттырады.
«Еңбек шығыны» түсінігінің шегінде еңбек қарқындылығының сапасы құрамдас ретінде қарастырылады. Еңбек сапасы оның тек күрделілігімен ғана емес, еңбек қарқындылығының белгілі бір деңгейімен де сипатталады. Қарқындылықтың нақты деңгейі тиімді мәніне неғұрлым жақын болған сайын, еңбек сапасы солғұрлым жоғары болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz