«Қапшағай қаласына іргелес оңтүстік телімне құрылыс салу мәселесімен инженерлік геологиялық жұмыстар жобасы»


Мазмұны

Кіріспе . . .

1. Жалпы геологиялық бөлім . . .

1. 1 Ауданның физико-географиялық сипаттамасы . . .

1. 2 Гидрографиясы . . .

1. 3 Климаты . . .

1. 4 Пайдалы қазбалар . . .

1. 5 Геоморфологиясы . . .

1. 6 Жер асты сулары жайлы мағлұматтар . . .

2. Арнайы бөлім . . .

2. 1 Ертеректе орындалған жұмыстар нәтижесін талдау . . .

2. 2 Телімнің инженерлік-геологиялық жағдайына жалпы

сипаттама . . .

2. 3 Грунттардың физико-механикалық қасиеттері . . .

2. 4 Инженерлік-геологиялық мәндер бойынша сейсмикалық

интенсивті пысықтау . . .

2. 5 Қапшағай қаласының территориясын сейсмикалық

микроаудандаудың схемасы . . .

3. Жобалау бөлімі . . .

3. 1 Жұмыстың жалпы көлемі мен әдістемесі . . .

3. 2 Бұрғылау тәсілін тандау . . .

3. 3 Ұңғыны бұрғылаудың технологиясы мен техникасы . . .

3. 4 Ұңғының конструкциясын жобалау . . .

3. 5 Тауды кезіп-зерттеу жұмыстары . . .

3. 6 Сүзгіштерді таңдау және олардың диаметрімен

ұзындығын есептеу . . .

3. 7 Ұңғының конструкциясын жобалау есебі . . .

3. 8 Шегендеуші құбырларды цементтеуді есептеу . . .

3. 9 Сынақ алу . . .

3. 10 Ұңғы тазалағыш сұйықтарды таңдау . . .

3. 11 Бұрғы аспаптарын және жабдықтарын таңдау . . .

3. 12 Ұңғыны бұрғылау технологиясы . . .

3. 13 Бұрғылаудың технологиялық тәртібін жобалау . . .

3. 14 Ұңғының қабырғасын балшықсыздандыру тәсілдерін жобалау . . .

3. 15 Сүзгілерді орнату әдістері . . .

3. 16 Сақтау техникасы, өндірістік санитарлық және өртке қарсы

қолданылатын шаралар . . .

4. Еңбек қорғау бөлімі . . .

4. 1 Қауіпті және зиянды факторларды талдау . . .

4. 2 Ұйымдастыру шаралары . . .

4. 3 Техникалық шаралар . . .

4. 4 Жерге қосу қорғанысы . . .

4. 5 Геофизикалық зерттеулер . . .

4. 6 Санитарлы-гигиеналық шаралар . . .

4. 7 Өртке қарсы шаралар . . .

4. 8 Шумен және дірілмен күресудің әдісі . . .

4. 9 Жарықтандыру . . .

4. 10 Геологиялық жұмыстардың қауіпсіздігі . . .

4. 11 Қоршаған ортаны және жерасты суын қорғау . . .

4. 12 Денсаулық, гигиена және демалыс . . .

4. 13 Өндірістік қауіптік және зиянды заттар . . .

5. Экономикалық бөлім . . .

6. 1 Шығындар лимитін негіздеу . . .

6. 2 Жобалау-сметалық зерттеулер . . .

6. 3 Бұрғылау жұмыстары . . .

6. 4 Шығын мөлшерінің қосындысы . . .

6. 5 Жобадағы бұрғылау жұмыстарына кеткен шығындар . . .

6. Қорытынды . . .

7. Қолданылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Диплом жұмысының тақырыбы: «Қапшағай қаласына іргелес оңтүстік телімне құрылыс салу мәселесімен инженерлік геологиялық жұмыстар жобасы»

Диплом алдындағы тәжірибеден өту кезінде, жұмыс бөлімшелері бойынша, аудан бойынша жалпылама мәліметтер (геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік геологиялық, физико-географиялық және т. б. ) жиналды. Сонымен бірге, аудан және жұмыс бөлімшелері бойынша графикалық қосымшалар: 1:200 000, 1:50 000 масштабтағы карталар түріндегі (геологиялық, инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлі-геологиялық аудандастыру картасы, бөлімшенің инженерлік-геологиялық жағдайының картасы және т. б. ) көптеген мәліметтер жинақталған.

Диплом алдындағы тәжірибе кезінде гидрогеолог қызметін атқардым, дала материалдарына қорытынды өңдеу жүргіздім, инженерлік-геологиялық қиықтарды құрып, статикалық бұрғылау нәтижелерін өңдедім, топа негіздрімен жұмыс істеп, кестелерді жинадым және осы аталған тәжірибелерді өңдеп, сонымен қатар далалы жағдайларда болып, инженерлік-геологиялық бұрғылау жұиыстарын бақыладым.

Диплом жұмысына мәлімет жинау үшін әр түрлі материалдармен таныстым.

I Жалпы бөлім

1 Жалпы геологиялық бөлім

1. 1 Орография

Сипатталып отырған аудан Қазақстан Республикасы Алматы облысында орналасқан. Оның Солтүстік бөлігін Мойынқұм мен Қарой ойпаты алып жатыр. Құмдар жота пішінді болып жинақталады да төбешіктер құрайды, олар өзара бірігіп орналасып жатыр.

Ауданның көп бөлігін ендік тектоникалық Іле ойпаты алып жатыр. Ойпаттың табаны Іле өзеніне шейін созылып жатыр.

Өзен аңғарлары және көптеген өзендер мен бұлақтардың жиектерімен бөлінген. Жазықтық аздаған депрессияға ұшыраған. Оларда тұзды көлдер бар.

Оның ені 40-50км аралығында абсолюттік белгілері ақырындап 460-640м өседі. Солтүстік еңкіш тау аралық жазықтық жіңішкеріп барып шолақ тауларын кіреді және жағалаудан бірден үзіліп кетеді.

Ауданның аймағы Жердің қиын бедерлік жағдайын сипаттайды. Бұл жер, таулы ұсақ жоталы сілемдер мен тауаралық жазықтардан тұрады.

Аудан негізгі 3 бедерлі түрден құрылады: таулы аймақ, жазық аймақ, ұсақ жоталы аумақ.

К-43-ХІ бетіндегі таулы аймақ, оның оңтүстік беткейінде жатыр, бөлінген Іле Алатауы жоталарынан тұрады, ол жоталар кеңістік бағытына созылады. Жотаның ең ұзын биіктігі 4612м жетеді.

Іле Алатауы жоталарының Солтүстік беткейінде Жер бедерінің бірден төмендейтіні, және де бөлінген таулы жүйенің адырлы таулы қыратқа (үш-Қоңыр, Ульненс және т. б. ) айналатыны байқалады. Әрі қарай, солтүстік бағытта 1000-1500м дейін жетіп ыңғайлана келе таулы қырат, жазыққа айналады. Оның ең асқақ бөлігі шошақты жоталар және де 1100-700м биіктікте жатыр. Шошақтардың аралық қапталы, заңдылыққа сәйкес оңтүстіктен солтүстікке қарай ылдилап, 0, 035-0, 014 бірлікті құрайды.

Ең ірі шошақты ойпатқа: Қарақастен, Жамбыл, Ұзын-Қарғалы, Қаскелең, Алматы т. б. жатады.

Бедердің бөлінуі, шошақты ойпаттан бойындағы өзенді аумақтарын санамағанда өте әлсіз. Олардың сырты тегіс, көбіне жас бөлімдерге тарамдалып, солтүстікке қарай 3-4 0 ылдиланған. Ескі шошақтардың бөліктерінің жер-жерлерінде, жер бедерінің жыралы-қыртүрлі дамыған. (Ұзын-Қарғалы өзенінің оң жағасы және т. б. ) Шошақты-ойпаттың орта созылуы 5-8км құрайды.

Бұдан әрі, солтүстік бағытта шошақты-ойпаттың беті, қырлы жер бедеріне ауысады. Бұл бедер 800-650м абсолютті көрсеткішін сипаттайды және де солтүстікке қарай аздап ылдиланады. Жердің сырты жыраға жылғаларға бөлінген, бірақ олара әрдайым су бола бермейді, көбіне оған су «Қарасу» өзені мен басқа да бұлақтар мен өзендерден келіп тұрады.

Ірі өзендердің легі (Қарақыстақ, Ұзын-Ағаш, Ұзын-Қарғалы және т. б. ) меридианалды бағыт алып отыр, кесе көлденең қапталының трапеция түріне келеді. Бұл аймақтың жер-жерлерінде жалғыз төбелер де байқалады. Олардың ірілері оңтүстікте орналасқан: Шиелі шоқысы (852м), Боролдай (841, 3м), Слотүстіктегі шоқылар: Жирен Айғыр (734м), Ақсеңгір (779м) және т. б.

Бұл шоқылардың салыстырмалы биіктігі 100м аспайды. Қырлы бедердің шет аумағының бетін солтүстіктен және солтүстік-шығыстан созылған Мойын-Құм аумағы алып жатыр. Бұлардың бір бөлігін тұзды өзендер (Сорбұлақ өзені) және сор топырақты аумақ құрайды.

Ауданның солтүстік-батыс бөлігіне, Шу-Іле тауының солтүстік-шығыс саласы орналасқан. Бұларға әр түрлі орографиялық бөлшектері кіреді, солардың ішінен: ұзақ жоталы және тектоникалық жарларды бөліп алуға болады.

Ұсақ тау шоқылары, зерттелетін аумақтың біраз бөлігін қамтиды. Қосымша жыныстың құрылымына байланысты, оның өзіне тән ерекшеліктері болады. Шырышты қабатты тұнбалы бедерлерден күмбез тәрізді ұсақ тау шоқылары пайда болады. Олар тік шоқы бола келе, абсолютті көрсеткіші 600-900м аспайды. Жолбарыс, сорқұдық - 781м, Қызыл Сай - 815м., Дауласты-Шоқы - 841м. - шоқылары салыстырмалы түрде біраз мөлшерден 20-25м дейінгі аралықтан асады. Шоқылардың төскейін мүлде ашық деуге болады немесе бірікпеген құламалы ұсақ тастан тұрады. Көптеген жыралар мен жылғалар аймаққа бөлінбелі сипат береді.

Гранитті интрузия мен эффузив жамлғысы дамыған аймақта адырлы ұсақ шоқы «Қойтас» орналасқан.

Жер бедері майда, шетінің абсолютті биіктігі -650-80м. құрайды. Шоқылардың салыстырмалы биіктігі 10-20м аспайды.

Ұсақ шоқының оңтүстік-шығыс бағытында Қопы өзеннінің үлкен тектоникалық ойпатының беткейі орналасқан. Оның ені 20-25км жетеді, Солтүстік-Шығысқа қарай 5-6км кемиді. Қопы өзені сахарасының беткі қабатының көп бөлігі сортаң және тұзды сор болып келеді.

1. 1. 2 Гидрография.

Солтүстігінде тау аралық ойпаты шығыстан батысқа қарай Іле өзені кесіп өтеді. Ол екі жалпақ 5-9км жазықтықты береді. Іле өзеніне Қаскелең өзені құйғаннан кейін өзінің бағытын ендіктен солтүстік бағытына өзгертеді және Қарой ойпатын жіңішке жартасты Қапшағай сайымен кесіп өтіп Балқаш маңайынан шығады.

Сипатталып отырған аумақ шегінде барлық өзендік тораптар орта ағысты Іле өзені бассейніне жатады.

Ағыстарына қоректену облысына қарай гидрогеологиялық жағдайы барлық өзендердің ұзындық кескіндер сипаты бойынша үш түрге бөлінеді.

Таулы типті өзендер, қар және мұздақтар қоректенеді, олар: Талғар, Есік, Түрген, Қаскелең, кіші Алматы өзендері.

Ысырғу конусына барлық өзендер ағыстарының көп бөлігін жоғалтады. Яғни сіңіп-сүзілу булану және судың көп бөлігі жер суаруға бөлініп алынады. Еңкіш жазықтар шегінде ондаған км бойынша өзендер трапеция пішінді арнайы сақтайды, тереңдіктері 10-15м, арна еңкіштігі 0, 033-0, 02 ағысы қалыпты 0, 2-1, 0м/с жекелеген телімдерде жер асты суларының шығуынан ағыс тез көбейіп кетеді. Жыл бойына өзендердің шығыны көп өзгереді. Шығынның ең көп кезі шілде-тамыз айларын келеді, себебі осы уақытта таулы аймақтағы қар мен мұздар пәрменді ериді.

Желтоқсан-ақпан айларында ең аз шығын болатын кезі, өзендердің қоректенуі тек жер асты суларына байланысты болады. Бірақ та ысырынды конусына судың ең аз келу уақытты жаз айлары, себебі судың көп бөлігі таудан шыға жер суаруға қолданылады. Судың ең көп келуі күз бен көктем айлары. Химиялық құрамы бойынша өзендердің сулары гидрокарбонатты-кальцийлі құрамды құрғақ қалдық мөлшері 0, 14-0, 48 дм 3 /л жалпы кермектілігі 1, 55-5, 5мг/экв.

Қардан жәнемұздықтардан қоректенетін, өзендер, өзендерінің ағыстарының 40-45% ысырынды конустың бойында сіңіп-сүзілуге береді. Жазықтың типті өзендер тау аралық шлейфтің төменгі бөлігінде жерасты суларының ысырынды конусқа сыналып кірген жерінде дамыған.

Олар оңтүстіктен шығыс бағытында еңкіштік жазықтықты кесіп ағып жатыр. Бұл өзендердің сулары жер суаруға пайдаланылады. өзендердің ағыстары ағыс бағытымен төмен қарай азаяды. Бұл өзендердің сулары гидрокарбонатты-кальцийлі, жалпы кермектілігі 2, 3-6, 3 мг/экв, құрғақ қалдығы 0, 16-0, 65г/дм 3 , кей жерлерде 2дм 3 /л. Солтүстік жартылай дала бөлігінде Іле өзені ағып жатыр, ал Іле Алатауының солтүстік беткейі мен Алтын-Эмель жотасының оңтүстік бектейі суларынан жинақталады. Іле өзені өзінің басын Қытайдан алады. өзінің көлемі бойынша Іле өзені орта Азиядан үшінші орынды алады. Сырдария өзенінен сәл ғана кемірек. Іле өзенін Балқаш көліне оңтүстік-батыс жағынан барып құяды. Оның жалпы ұзындығы Теркес өзенін қосып алғанда 1834км.

Іле өзенінің максималды шығыны 1200м 3 /сек, минимальдысы -10 4 м 3 /тәул.

Ағысының жылдамдығы 1, 52 м/сек төменгі шығындары қыс уақытында келеді. Сәуір айынан бастап шілде-тамыз айларында максимумға жетеді. Тамыздың соңында шығыны тез төмен түседі де, салыстырмалы тұрақты қыстық жүргіге келеді. Өзенде мұз қаңтардың басында қатып, наурыздың ортасында ашылады. Сулар әлсіз минералданған, құрғақ қалдығы 0, 12-0, 33мг/дм 3 гидрокарбонатты-кальцийлі құрамды, жалпы кермектілігі 3-4, 15мг/экв. дм 3 . Қазіргі уақытта Іле өзенінің ағысы Қапшағай бөгетімен бекітілген, жоғарғы жағында ағыс бойымен Қапшағай су қоймасы судың қосымша салмағына байланысты аймақтық сейсмикалық өзгертетіні белгілі.

Ауданның гидрографиялық құрылымы жақсы дамыған, әсіресе таулы аймақта, бірақ заңдылыққа сәйкес өзендерінің ұзындығы көп ұзын емес. Көптеген өзендер Іле Алтауы жоталарының Солтүстік беткейінен бастау алады.

Бастаулар жағдайы, гидрогеологиялық тәртіп аралық қапталдың сипаты бойынша, аталған аудан үш түрге бөлінеді: таулы, жоталы аумақ және жазық аумақ.

1Қырлы-мұзды су қойнауларынан бастау алатын тау өзендерніің түрі, жаздық мезгілмен жақсы сипатталады, ол тағы да көктемді - күз кезедріндегі жаппай мұздықтар мен қарлардың еру кезеңіне де сәйкестеледі. Бұл өзендер үлкен және суы көп өзендер болып саналады. Аталған өзендерге мыналар жатады: үлкен Алматы, Ақсай, Қаскелең, Шамалған, Ұзын қарғалы, Қарақыстақ, Іле.

Аталған өзендер таудың шетінде, қарқынды, көп сулы ағын алады. Сарқырамалардың көптігі, аралық қапталдың бірден төмендеуі таулы аймақ өзендеріне тән қасиет.

Өзен аранасының ені онша көп емес, ал жоғарғы бөлігі 2 метрден 4м дейінгі аралықта ауытқиды. Ағынның жылдамдығы 6-7 л/с. Таулы аймақтың өзендерінің суының тәртібі мұздықтар мен қарлардың еруіне, жауын-шашынның түсу мөлшеріне байланысты, жер асты суының аздаған септігі бар. Өзендердегі шығын сәуір айынан тамыз айына дейін болады, бұл кезде жер асты суларымен қоректенеді, су таза, жіті бастаулардан келеді. Жоталы аймақта таулы өзендердің ағын жылдамдығы 2-3 л/сек дейін азаяды. Шошақты ойпаттар аймағында өзендер ағын суарының көп бөлігінен айырылады, өйткені су сүзгіштерден (топырақ қабаттары) өтіп, буланады. Сонымен қатар, жаз кездерінде судың беткі бөлігі ауыз су мен суару жұмыстарына жұмсалады. әсіресе бұл қызметтер өзен жағасындағы жақын ауылдарға өте тиімді. Сол өзендерді атай кетейік: Қаскелең, Ұзын-Қарғалы, Қара-Қыстақ және т. б. Бұлар сол аймақтың үлкен тамыры болып табылады, өзендер Іле Алатауы жоталарының мұздықтарынан бастау алады. Көбінесе өзендердің көзі 2000м аса биіктікте жатады.

Қарлы-мұздықтармен қоректенетін өзендердің суы жұмсақ, аздап минералды болады, минералдылығы бойынан - ол гидрокарбонат кальцийлі, минерал көлемі 0, 2-0, 4 г/л және жалпы қаттылығы 2, 5-8, 57 мг/экв.

Жоталы аймақ өзендері қарлы-тас бұлақтардан қоректенеді, олар: Майбұлақ, Тауқұбұлақ, Шатайпаулақ, Қызылауыл және т. б, бұлардың бастауы жоталы аймақта. Бұл өзендердің дәуірі жүретін мезгіл-көктем, аталған кезең қардың еруіиен, көктемгі жауын-шашынның мөлшерімен сәйкестенеді. Қарлы су ағынның негізі бөлігін береді, бұған аралықта өтетін атмосфералық жауын-шашындардың да әсері бар. Бұл өзендердің 1м 3 /сек аспайды. Осы түрдегі өзендердің суы өте сапалы түрі бойынша - гидрокарбонатты, кальцийлі, минералдылығы 0, 3 г/л дейін. Аталған өзендердің негізі ерекшелігі, олар жоталы аймақта басталып, сол аймақта аяқталатындығы.

Жзықтағы өзен, «Қарасу» деп аталатын өзен өз атымен баршаға белгілі. Ол өзінің бастауын жотаның төменгі бөлігінен, жер асты суларының көзінен алады. Бұл қзендерге мыаналар жатады: Шолақ-Қарғалы, Қара-су, Тоғарақ-Күші Самсы және т. б. Өзендер оңтүстіктен солтүстікке ағады, жазықтың ылдиын бөліп өтеді. Іле (Қаскелең, Күрті) өзендерінің тармағы олардың эрозия базисінің аяғы болып табылады.

Олардың шығындық тәртібіне екі кезең келеді: көктемгі кезең, жер асты суларының артқ мөлшерін реттейді. «Қарасу» өзенінің суы су шаруашылығы экономикасында маңызды орын алады. Жазғы мезгілде оны суару үшін қолданады. Жазықтықтағы өзендер ұзындығымен, суының тұрақтылығымен ерекшеленеді. Бұлардың сахара элементтері жақсы білінеді. Өзен суы гидрокарбонатты, жалпы қаттылығы 2, 1 ден 5, 2 мг/экв дейігі аралықта ауытқиды, минералдылығы 0, 1 ден 0, 3 г/л дейін.

Зерттелетін аймақтағы жазықтықта «Қопа» өзені ағады. Оның арнасы онша терең емес жіңішке жыра түрінде келеді, ол оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа дейін; аңғардың түзу бетімен ағып жатыр. Оның арансы өте әлсіз шеткі тамрағымен, жиегімен көрінеді. «Қопа» өзенінің суы тек көктемгі қар еру мезгілінде ғана көбейеді. Жазғы айларда өзен суалып қалады, ол тұзды сулы сортаң, шалшықты су құрады.

Қарлы-мұздықтан қоректенетін өзендер жазықтың жер асты суларына өзіндік ерекшеліктер береді, олар судың 40-50% беріп, ал жаз кезінде 60-80% дейін жетеді, ағын сулары жота беткейінің қопсымалы қабаттардан сүзіліп өтеді.

Жоталы аймақтағы өзендер ролі бір жағдайларда жер асты суларының белсенді жүзеге асыруға әкеледі, ал келесі жағдайда ағынның жоғарғы бөлігі тұтастай немесе жартылай сүзгіден өтіп, сіңіп және де буланып отырады (Іле Алатауы беткейі) .

1. 1. 3 Климаты

Ауданның өзгешеленетін ерекшелігі - табиғат жағдайының қиындығ, континентальды климаттан жотаның жазығында субнивальды, яғни артикалық климатқа жақын, бұған биік таулы аймақ та қосылады. Ауданның табиғат жағдайы жер асты суларының қалыптасуына әсер етеді, қазіргі заманға сай физика-геологиялық жұмыстар дамып келеді және де ол аймақтың шаруашылық жағдайын жоғары деңгейде анықтауға мүмкіндік береді.

Іле Алатауының солтүстік беткейінде 1400м жоғары көтерілгенде, ауаның орта жылдық температурасының түсуі 0, 66 0 С әр 100м биіктікте сәйкес келеді. Ауаның орта жылдық темепературасы нөлге, 2540м. биіктікте келеді.

Ең суық ай-қаңтар айы, ол теріс температурамен сипатталады, минус 6, 6-16, 5 0 жетеді.

Ал ең ыстық ай-тамыз, оның орта температурасы +24 -26 0 . температураның барынша жоғарлауы +38, 7 -41, 5 0 . таудың жоғарлауына байланысты, жауын-шашынның мөлшері өсіп отырады. Жазықтағы жауын-шашынның жылдық деңгейі -200-250мм., жоталы аймақта 400-500мм., тауда -800-900мм. дейін жетеді. Жылдың ең жылы мезгілінде (сәуірден қазан айына дейін) жауын-шашынның көп мөлшері жауады.

Аталған ауданда оңтүстік-батыс бағытта 2-5м/сек жылдамдығымен жел соғады. Жылдық есепке шаққанда 30% дейінгі аралықты құрайды.

Жазықта солтүстік-шығыс бағытта орта жылдамдықпен 1, 0м/сек соғтын жел өз патшалығын құрған. Шығыс желі ең қатты болып саналады.

Желдің соғуынан қолаңсыз жағдайлар пайда болады, мысалы топырақты желмен жару.

1. 1. 4. Топырақ және өсімдік қабаты

Табиғат жағдайының сан алуандылығы топырақ қабатын анық және геоботаникаық тік жағдайын нақты анықтауға мүмкіндік тудырады.

1 Орманды қырлы аумақ (1500-1600м дейін) жоталы аймақтың барлық жазығын алып жатыр және жоталы аймақты белестерін де қамтиды. Жоталы аймақ жазығының шетінде ашық сұр өңді шаңтопырақты саздақ жер орын алған. Өсімдік қабатында ақселеу, сахара қияғы, итмұрын және т. б. өседі., өзен бойына үйеңкі, жидек, итмұрын және т. б. өседі. Жапырақты ағаштардан құралған тоғай да кездеседі.

Тауға жақын маңның топырағы талшынды болып келеді. Бұдан жоғары аумақта, жота белестерінде қара топырақты қабат қалыптасқан. Бұл жерлерде бұиа мен әр түрлі шөпті көгал өседі. өсімдіктері: ақселеу, жусан, жалбыз, жабайы жеміс ағаштары, тоғай, қияқ, боз селеу және т. б.

1100-1600м биіктіктегі аралықта, орман өсімдіктерінің астыңғы қабатында шалғынды дала және орманды дала топырағы дамыған. Төскейдің жер қыртысы терең жыралы қара топырақты қабат болады.

Бұл жерде, орманның негізгі бөлігі, жабайы жеміс-жидек ағаштары, биік шөпті шалғынды көгал өседі.

2 таулы-орманды аймақ (2800-2900м) .

Бұл жер де нәзік шымтезекті таулы-орманды топырақ ұсақ таспен жабылады, аталған аймақта Тянь-Шаньдік шыршалардан құралған орман өседі: карбонаты оршалар көп кездеседі, осыған орай жер қыртысында таулы-орманды карбонатты топырақ дамиды.

3 Субальпілік аймақ (3000-3100м) .

Бұл ауданда ашық таулы-көгалды альпілік тоыпрақ орын алады. Жер-жерлерде, беткейде топырақ қабаттары мүлде болмайды. Тек аргевник кең дамыған.

4 Альпілік аймақ (3000-3800м) .

Топырақты-өсімдікті қабат әлсіз. Қопсымалы жақтауында шалғындар мен құнарлы көгал және қоңыр топырақты таулы-көгалды астында криофильді шым кездеседі.

5 Гляциалды аймақ (3800м жоғары)

Бұл аумақта топырақ қабаты мен өсімдіктер мүлде болмайды. Өсімдік әлемінің әдеттегі өкілдері: қына өсімдіктері түрлері.

1. 2 Экономикалық әкімшілік жағдайы

Қапшағай - Алматы обылысындағы қала, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 70 км жерде, Іле өзенінің солтүстік жағалауында, Қапшағай бөгенінің оңтүстік - батыс жағалауында орналасқан. Қала негізінен 1960 жылдың соңында Қапшағай Су Электр Станциясының салынуына орай, «Жаңа Іле» қаласы болып аталады. 1970 жылдан Қапшағай болып өзгертілді. Қала 1972-1976 жылдарының аралығында Іле ауданының орталығы болған. Атауы көне түркі тілінде «тар шатқал, қысыңқы жер» мағынасын білдіреді. Қала халқының саны 2002 жылғы мәліметтер бойынша 33, 4 мың адамды құрайды. 1998 жылы қала маңындағы Заречный және Шеңгелді ауылдарының округтерінің жері, онда орналасқан 11 елді мекендерімен қоса Қапшағай қалалық әкімшілігін басқаруға берілді. Қала халқының босым бөлігі қазақтар мен орыстар. Нақтырақ айтатын болсақ 45, 2% қазақтар, 43, 8% орыстар.

Қапшағай еліміздің оңтүстік өңірін жарық жүйесімен қамтамасыз етіп, балық пен күріш шаруашылығын өсіруге өз үлесін қосады. Қала аумағында экономика салалары бойынша көптеген кәсіпорындар тіркелген. Оның ішінде 75 өнеркәсіп, 42 құрылыс, 31 көлік, 83 сауда, 10 тұрмыстық қызмет, 32 балық және ауыл шаруашылық құрылымдары бар. Онда «Қапшағай СУ Электр Станциясы», «Қапшағай фарфор», «Көпір құрылыс», «Мұнай өнімдері», т. б. акционерлік қоғам «Қазақ ұн», «Аян», «Қапшағай нан», «Дружба плпстик», «Құрама жем» кәсіпорындары бар. Қалада қазақ-италиан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Елді мекендердің жерлері
Қапшағай
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Алматы қаласының туристік фирмаларының экскурсиялық қызметін зерттей отырып, оны дамыту жолдарын ұсыну
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Қапшағай қаласының орталық аумағы
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ГЕОДЕЗИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР
Алматы қаласының жаңа шекараларын бекіту мақсатында жүргізілетін топографо-геодезиялық жұмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz