«Коммерциялық банктердің қызметі мен функциялары»


I.Кіріспе
1.1 Зерттеудегі нақты мақсат
II.Негізгі бөлім
2.1. Коммерциялық банктердің даму тарихы
2.2. Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері
2.3. Екінші деңгейлі банктердің қаржы ресурстары
ІІІ.Қорытынды
Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
«Банк» сөзі «үстел» мағынасын беретін италияндық «banco» сөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда құймалардан соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен базаларда отырады. Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, «трапеза» - үстел ), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналды. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек – ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналды, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінбейтіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын күмістер ие болды.
1.Н.Н. Хамитов «Банк ісі» лекциялар курсы Алматы 2006 ж

2. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» оқулық Алматы 2006 ж

3. Қ. Құлпыбаев «Қаржы» оқулық Алматы 2005 ж

4. «Қаржы және қаражат» №11 Алматы 2007 ж

5.«Экономика» №10 Тұрар Рысқұлов атындағы ҚазЭУ 2007 ж

6. «Хабаршы» экономика бөлімі №11 Әл-Фараби атындағы ҚазМУ 2007 ж

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 35 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 700 теңге





Жоспар

I.Кіріспе
1.1 Зерттеудегі нақты мақсат
II.Негізгі бөлім
2.1. Коммерциялық банктердің даму тарихы
2.2. Коммерциялық банктердің негізгі қызметтері
2.3. Екінші деңгейлі банктердің қаржы ресурстары
ІІІ.Қорытынды

Абай атындағы ҚазҰПУ колледжінің II курс студенті
Жаппарова Айдананың Коммерциялық банктердің қызметі мен
функциялары деген тақырыбына

Пікір

Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Коммерциялық банктердің тарихынан бастап одан кейін алғаш негізі қаланған банктерге де тоқталып кету. Сонымен қатар олардың қазіргі жағдайына да баса назар аудару. Алғаш ашылған банктер жабылып қалды ма немесе әлі де бар ма, бар болса қандай деңгейде дамып келеді. Соның бәріне жеке-жеке талдау жасау.
Зерттеу жұмысының кезеңдері мен зерттеу барысы: Зерттеу 3 кезеңнен тұрады

Кіріспе
Зерттеудің маңызы: Коммерциялық банктер күннен күнге көбейіп келеді. Ғылым, техника, заман ағымымен екінші дәрежелі банктердің қызметіде арта түсуде. Бұл тақырыптың маңызы екінші дәрежелі банктердің атқаратын қызметтерінің қоғам үшін қажеттілігінде.
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда коммерциялық банктер қоғам өміріндегі ең қажетті ортаға айналды. Өйткені әрбір адам несие алады, депозитке ақша салады, банк арқылы әртүрлі есеп айырысу операцияларын жүзеге асырады, кәсіпорын ашатын болса қарызға керекті құрал жабдықтар алады. Мұның барлығы коммерциялық банктердің қызметімен тығыз байланысты.

Негізгі бөлім. 2.1 Банктердің даму тарихы.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
Банк сөзі үстел мағынасын беретін италияндық banco сөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда құймалардан соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерімен базаларда отырады. Х ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда (трапезиттер деп аталған, трапеза - үстел ), Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы-үстелдер айырбастаушы-үйге айналды. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ ұқтыруға әкеп соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек – ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналды, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінбейтіндей және сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын күмістер ие болды.

Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріліп алды.
Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорын ашудың тиімді болатынын да ұқты.
Міне, осы уақытша кредитті жоғары пайызбен беретін өсімқорлық пайда болды, ссуданың негізіне тараптардың кредит беруші қоятын өктем шартымен жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде жеке кредит берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік сауда-саттық агенттіктеріде әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар тамкаралар деп аталған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатумен айналысты, басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші болды. Банк-бұл аса ірі кредит кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған кредит берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін кредит істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі кредит берушінің өз клиенттеріне қызмет лөрсету бойынша орындайтын операциялары қалай жүйеге айналады, солай өсімқорлық та тоқтайды, өйткені кредит берушілердің арасында бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілей алмайды, егер жоғары пайыз белгілейтін болса, қарыз алушы одан бас тартады. Кредит мәмілелерін орындаумен қатар кредит беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да операцйяларды жүргізеді. Банк-кредит, ақша, есеп айырысу операцияларын бір ортикалыққа шоғырландыратын ақша шаруаашылығының даму деңгейі. Мұндай мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк деп аталады. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз орынбасарларына ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда италиандық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс сауда үйі құрылып, оданалғашқы неміс банктері, ал Францияда француз банктері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.

Ежелгі банктердің кредит операцияларымен қатар трансферит деп аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни ақшалай қаражатты бір кестеден екіншісіне ауыстыру кезінен қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста жүретін банк билеттерін (hudu – гуду) шығарды.
Осылайша, кредит, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа
Шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі кредит мекемелері пайда бола бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған елдің эмиссиялық банкісі деген атақ берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебап, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамыды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек ХІХ ғасырдың соңында ғана орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
ХХ ғасырдағы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған емес. Бұл турасында осы тараудың келесі тармағында айтылады.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады. Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады. Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстандағы банктер және банктік қызмет туралы заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
ақылы негізде депозиттерді тарату
клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу оларға кассалық қызмет көрсету
қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру
инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымтарды қаржыландыру
заңды көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді т.б. қаржылық міндеттемелерді)
төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олар мен басқа да операцияларды жүргізу
ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндеттемелерді беру
тауар тасымалымен , сатып алу және қызмет көрсету, осындай талаптардың орындалуын және бұл талаптардың инкассалық тәуекелін өз мойнына алу
банк операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету
клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес)
коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру сондай-ақ сату құқынсыз
клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімділік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) орындау
банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету
лизингтік операцияларды жүзеге асыру
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқаратын негізгі қызметтерді былай қарауға болады
уақытында бос ақшалай қаражаттарды жинақтау, яғни депозиттік операцияларды орындауды айтамыз
экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар)_
қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу
инвестициялық қызметі
клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету
Коммерциялық банк қызметінің принциптері:
1.Нақты қолда бар ресурстар шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие салымдарының арасын сандық арақатнаспен қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.
2. Банктердің өз қызмет нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан жауап беруін ұйғаратын толық экономикалық дербестік.
3. Банктердің клиентпен арадағы өзара байланысы нарықтық қатнастың негізінде құрылады.
4. Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық (әкімшілік әдісімен емес) әдістермен реттеледі.
Коммерциялық банктердің функциялары.
1. Несиедегі делдалдық
2. Шаруашылықтарды қорлануға ынталандыру
3. Жекеленген дербес субьектілердің арасындағы төлемдерде делдал болу
4. Құнды қағаздармен жүзеге асырылатын операцияларда делдал болу
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пасиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатнасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтар сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктің қорғаныс кепілдік қоры. Сонымен қатар банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады. Банктер өзклиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтайтыны белгілі осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активі және пасиві болады.
Несиенің екі нысаны белгілі: ақшалай және тауарлай. Сәйкесінше несиелендірудің екі түрі бар: бастапқыда шаруашылық субьектілерінің несиелік қатнастары банкпен қатнастар секілді пайда болатын тікелей банктік несиелендіру және несиелік қатнастар алғашқыда шаруашылық субьектілерінің арасында пайда болып, соңынан банкпен қатнастарға трансформацияланатын жанама несиелендіру.
Коммерциялық банктердің үшінші бір қызметі – қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру және жүргізу. Ол банктердің клиенттерге көрсеткен қызметтеріне, немесе банктің коммиссиондық операцияларына байланысты.
Қолма-қолсыз есеп айырысу – бұл есеп айырысудың формасы мен әдістерінің, оларды жүргізу принцинтерінің оларға қойылған талаптарының жиынтығы.
Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі. Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішіндегі және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
Екінші дәрежелі банктердің тағы бір қызметі – бұл құрал-жабдықтарды жалға беру немесе лизинг деп аталады. Лизингтің үш түрі бар: жедел, қаржылық және қалдық құны бойынша лизингтер.
Жедел лизинг – анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал жабдықтар табылады.
Қаржылық лизинг – анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал-жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал-жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Лизинг операциясын жүргізген тиімді: ол жоғары рентабельді, тәуекел дәрежесі төмен, нақщты материалдық қамтамасыз етілген.
Факторингтік операция – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар (шот-факторлар, вексельдер) бойынша төлемді талап ету құқын басқаға (банкіге) беру. Факторингтің мәні – банктер өз кленттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу.
Факторинг – жиі қаржылық қиындықтарды басынан кешетін шаруашылық органдар үшін біршама тиімді қызмет
көрсету болып табылады. Сондай-ақ екінші деңгейлі банктер кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсетумен де айналысады.
конеКапиталдағы сұранысты анықтау
Капиталдағы сұранысты анықтау – бұл тұлғаның материалдық қаупінің ұлғаюы тұрғысында жеке бизнесті жоспарлаудың сатысы.Ұзақ мерзімді капиталдық сұранысты ғана емес, сонымен қатар қысқа мерзімді қайтымды капитал сұранысын жоспарлау қажет (Мысалы, ғимарат салу мен жөндеу, т.с.с). Бұл жерде дайын өнімдердің мен материал қорының жеткіліктігі туралы, дебиторлық қарыз бен кассалық банктік төлемдер туралы ойлау керек. Мұнымен бірге, құрылыс кезеңі мен жаңа кәсіпорынды жіберу кезіндегі қаржылық қиындықтар туралы мәселені естен шығармау қажет.
Ұзақ мерзімді капитал (инвестициялар)
Ұзақ мерзімді капиталдағы сұранысты негізгі капитал және өндірісалды шығындар деп екі инвестицияға бөлуге болады.
Негізгі капиталдағы инвестицияның типтік капиталы мыналар:
Жер учаскесін алу және оны игеру;
алаңдары мен ғимарттар салу немесе игеру;
өндірістік және көмекші машиналар, жабдықтар алу;
тазаланған ғимараттар салу;
жобалы-конструкторлы жұмыстар.
Шығындар
Өндірісалды шығындар құрамына өндіру алдында жұмсалған шығындар кіреді. Олар мыналар:
компания жасаумен байланысты шығындар;
өндіріске дейін жалданған қызметкерлер мен басқару жұмысына төленетін ақы;
арендалық төлемдер;
іссапар және байланыс шығындары;
кеңесшілерге төленетін ақы;
жинақтар мен салықтар;
банк қызметіне кеткен төлемдер;
түрлі қала қызметтерімен келісім үшін шығындар;
байқап көру шикізаты;
кәсіпорынға жатпайтын білім үшін төлем;
өндірісалды маркетингтік ұстам төлемдері.
Қысқа мерзімді капитал кәсіпорынды құрғаннан кейінгі қаржыландыруға, кеңейт жұмысына жұмсалады.
Айналма капитал келесі активтерді біріктіреді:
тауарлы-материалдық қорлар
Айналма капиталдағы сұраныс көлеміне тауар-материал қоры капиталының бағасы ерекше әсер етеді. Мүмкіндігінше тауарлы-материал қорын төменгі деңгейге азайтуға тырысу керек.
Тауарлы-материал қорының көлемін анықтау үшін мынаны есте ұстау керек:
өндіріс материалдары (көмекші материалдар мен шикізат көзіне назар аудару қажет.
Мысалы:
а) егер материал жергілікті, яғни жеткілікті мөлшерде тез жеткізілетін болса, онда шектеулі ғана қор сатау керек;
б) егер материал импортталатын болса, жеткізу процедурасына көп уақыт қажет болса, онда біршама мөлшерде материалдық қор сақтау қажет);артық бөлшектер (атық қор мөлшері жергілікті қойылымдар, импорт процедурасы, сол аймақтағы техникалық қызмет пен кәсіпорын қызметіне байланысты);аяқталмаған кәсіпорын (аяқталмаған өндірісті жабудағы капитал сұранысын бағалауда әр кезеңде өткізілген түрлі метериалдық ресурстарды пайдалану барысында қол жеткен өңдеу дәрежесі мен технологиялық процеске жан-жақты талдау жасау қажет);дайын өнім (дайын өнім қоры кәсіпорынның сауда практикасы мен өнім сапасы сияқты факторларға байланысты).Алу есебі (дебиторлық қарыз)
Алу есебі – сату қызметі есебінде сатып алушыға берілген коммерциялық несиелер, яғни сатып алушы тауарға оын алған кезде емес, кейінірек төлейді. Бұл баптың өлшемі сол фирманың берген несие сату саясатымен анықталады. Несиеге сату көлемінің валдық көлемге қатынасы әр фирмада түрліше болады, бәсекелестік жағдайда. Төлем есептері үшін кассалық және банктік төлемдер. Персонал еңбегінің ақысы мен айлық негізде пайызын төлеу кезінде төлемдердің түсімін көтеру кезінде пайыз бойынша төлемді толық жаппағанда болатын кейбір резервтердің қажеттігі туындайды. Осыған байланысты, кейбір кассалық және банктік төлем бағаларын қарастыру маңызды. Мұны осындай жағдайдағы еңбек ақы мен еңбек резервіндегі шығындардың айналым капиталын қосу арқылы жасауға болады (шикізат пен материалды қоспағандағы жіберілген шығынның 5 пайызын құрауы мүмкін).
Төлем есептер (кредиторлық-қарыз). Төлем есептері несие талаптары бойынша, яғни шикізат, метериалдар мен басқа қызметтер белгілі мерзімге беріліп уақыты келгенде төленеді. Мұндай төлемдер мерзімін ұзарту арқылы айналым капиталы бағасын қысқарта алады. Маусымдық кәсіпорынның айналым капиталы басқаша негізге есептелу керек – күнтізбелік жылды жұмыс және демалыс кезеңдеріне бөлу арқылы. Маусымдық кәсіпорындары айналым капиталын жұмыс кезеңдерінде құйып, жұмыс емес кезеңінде азайту керек. Айналым капиталының сұранысын есептеу үшін 2 әдісті қолдануға болады:
Кумулятивті әдіс. Бұл әдіс жалпы кезеңді күндік капиталды байланыстыра отырып, күнделікті орташа төлемге көбейту арқылы жүзеге асырылады. Айналым капиталының бағалық есебі 1 мысалда көрсетілген.
1мысал:
Кәсіпорындарда өнідірс материалыдраныңы міндетті қорларын сақтау мерзімі 25 күнді құрайды. Материалдарды жеткізу қызметі бойынша жеткізушілер төлем уақытын 10 күнге ұзарту мүмкіндігіне ие болады. Өнідірістік процесс 20күнге созылады, яғни – бұл дайын өнім өндіруге қажетті уақыт. 5 күн ішінде дайын өнім тұтынушылар қажетіне жетеді. Өнім кірісін жоғарылату үшін кәсіпорын тауар алушысына коммерциялық несие түрінде 15 күнге тауар ұсынады. Шығынның негізгі бабы бойынша орташа күндік төлемі мынадай: материалдар алу(50 мың теңге), персонал еңбегіне төлем (150 мың тг), үстеме шығындар (80 мың тг.). Мұның ішінде персонал төлемі өнідірістік процессті бастағанынан басталады. Сұрақ: осы кәсіпорынның айналым капиталындағы сұранымы қандай ?
Есеп:
Ең алдымен материалдарды алғаннан бастап тауар алушылардан ақша келгенге дейінгі кезеңдегі күндер санын көбейту жолымен капитал байланысының кезеңін анықтайды (тауарлар мен қызметтер):

К кезең
Ө өндірістік материалдар
2 5 күн
А аяқталмаған өндіріс
2 10 күн
Д дайын өнім
5 15күн
А алу есептері
1 25 күн
Б барлығы
6 55 күн
Жеткізілген тауарлардың төлемінің уақытын ұзартуын есептеген күннен бастап, капитал байланысы кезеңі 55 күнді құрайды (65күн –10күн).
Материалдарға орташа күнделікті төлемі, персонал еңбегінің ақысы мен үстеме шығындар төлемін көбейтек күнделікті орташа төлемнің жалпы бағасы шығады :
50 + 150 + 80 = 280 мың тг
Жоғарыда аталған есептерді өткізген соң міндетті айналым капиталы бағасы шығады, ол – 15400 мың теңгені құрайды (55күн 280 мың тг).
2) Таңдаулы әдіс
Бұл әдіс кумулятивті әдістен анғырақ. Мұнда еңбек ақы төлемдері, материалды алу мен үстеме шығындарды төлеуге қатысты қаржылық құралдардың байланысының түрліше жалғасымын негізге алады. Айналым капиталы бағасының есебі таңдайлы әдіспен 2-мысалда көрсетілген.
2-мысал. Келтірілген мысалдан айналым капиталының қажеттілігін анықтаймыз:
Айналым капиталының қажетігі мына бағалардан құралады:
Материалдар сатып алу = (25-10+20+5+15) * 50 мың тг = 2.750 мың тг;
Персонал еңбегінің ақысы = (20+5+15) * 150мың тг = 6.000 мың тг;
Үстеме шығындар = (25+20+5+15) * 80 мың тг = 5.200 мың тг.
Айналым капиталының тауар айналымына 13950 мың тг. кетеді.
Осы мысалдаың нәтижесі бойынша таңдаулы әдістің айналым капиталындағы қажетілігі кумулятивті әдістегіден аз болды (1,450 мың тг).
Ұзақ және қысқа мерзімді капитал қажеттігі анықтлған соң қаржыландырудың мүмкін нұсқаларын қарап көру керек. Ол үшін қаржыландырудың мүмкін қателіктерін негізге алу қажет.
Қаржыландырудың мүмкін қателіктері
Жеке капиталдың өте аз бағамы;
Банкке өз уақытында бармағандық;
Инвестицияны қаржыландыру кезінде қысқа мерзімді несиені пайдалану;
Жеткізушілердің ерекше тәуелділігі;
Қаржыландырудың мемлекеттік көздерін қолданбау;
Капитал қажеттілігін жеткізіліксіз жоспарлау;
проблемасыз және арзан несиелерді ойланбай алу.
Ақша қаражаты
Ақша қаражатындағы қажеттілік көлемі келесі жағдайларға байланысты:
дебиторлық есеп қалай құрылып, жүргізіледі;
несие пайыздары қалай жүзеге асырылады;
несие берушілермен өзара қарым-қатынас қалай құрылған.
Қарыз қаражаты
Қарыз қаражатының негізгі көзіне мыналар жатады:
Банк көмектері
әртүрлі қор несиелері
облигациялар мен басқа да құнды қағаздарды сатудағы қаражат
кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік бағдарламалар.
Тәжірибе бойынша қарыз қаражаты көздері көпшілікте банк көмектері мен түрлі қорлар беретін несие болатыны байқалған.
Инвестициялық несие. Несиенің мұндай түрі кәсіпорынның негізгі капиталын қаржыландыру үшін қолданылады. (ғимараттар, жабдықтар, автокөліктер және т.б).
Лизинг
Лизинг – бұл заңмен бекітілген басты құралдарды пайдалану үшін олардың алынуын жылдамдатуға жағдай жасайтын қаржы құралы. Лизингке кез келген кәсіпкерлікке қажетті жабдықты алуға болады және қаржыландырудың белгіленген жағдайында сатып алуға болады. Жасалған жағдайларына қарай отырып, лизинг заты мен өнім берушіні сіз өзіңіз таңдайсыз.
Аванс төлемі сияқты алынған заттың жарты төлемін төлеу қажеттігі. Лизинг алушы есебінен жабдық міндетті түрде сақтандырылады.
Лизинг келісім-шарты мезгілі жеткенде алынған жабдық жоғары өтемпаздыққа ие болады.
Факторинг
Несие беруден басқа екінші дәрежелі банктер басқа да қаржылық қызметтер атқарады. Оның ең қызықты түрі факторинг.
Факторинг – бұл қарыз өтетуге, тауарды қайта сату мен басқа да соған бойынша төленетін төлемдерді алу үшін қолданылады. Бұл жерде қысқа мерзімді талап туралы сөз болады.
Басқаша айтқанда, факторинг дегеніміз, факторингтік компания кәсіпорыннан өз есебіне сатып алушыдан түскен ақшадан белгілі мөлшерде төлем алатын делдалдық қызметтің бір түрі. Ол клиенттің айналым капиталын несиелейді және өзіне оның несиелік пен валюталық қаупін алады.
Несиені жабудың жолдары
Тең үлеспен жабу. Егер сіз осындай несие алатын болсаңыз алған несиені жабу сандарына байланысты бөле отырып, несие жабу бағаңыз анықталады. Проценттер несиенің қалған сомасына есептеледі.
Мерзім соңында жабу Мұның басты ерекшелігі несиенің барлық өтемін мерзім соңында жабу болып табылады.
Аннуитетті несие. Бұл несиенің ерекшелігі несие өтемдері жабу мерзімінде өзгеріссіз қалады (пайыздар+негізгі қарызды өтеу).
Деңгейі төмен рынок икемдеуге келмейді
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, микро­кре­диттік жүйенің әлеуеті өте зор. Қазақ­станда да микрокредиттеудің әлеуметтік-экономикалық маңызды рөлі ескеріліп, микрокредит рыногын дамыту үшін реттеу мен микроқаржы­ландырудың тиісті заң­на­малық базасы құрылған.
Микроқаржыландыру “Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы банк және банктік қызмет ту­ралы”, “Кредиттік қауымдас­тықтар туралы” және “Микрокредиттік серік­тес­тіктер ту­ралы” заң­дармен реттеледі. Басын­да банк және банк жүйе­сіне қатысты заңдық құжатта кей­бір банктік опе­рациялар бөлек қа­рас­­­ты­ры­лып, олардың жұмысына лицензия алу та­лап етілуші еді. 2005 жылдан бастап кейбір банктік операция түрлерін бейтараптандыру мақсатында банкке жатпайтын мекемелердің, соның ішінде кредиттік қауымдастықтардың банктік операцияларына лицензияның қажеті жоқ деп шешілді.
Экономикаға екінші дәрежелі банктер та­рапынан құйылатын кредит мөлшері өткен жылы 87 пайызға жетіп, 2006 жылдың 1 жел­тоқ­санына қараған күні 4 361,2 миллиард тең­гені құрады. Алайда сол кредиттің басым бөлігі, яғни 66,2 пайызы тұтыну саласына пай­даланылған болып отыр. Тек қалған 33,8 пайызы ғана инфрақұрылымды, ауыл шаруа­шылығын және өндірісті қаржыландыруға жұмсалған. Статистикалық ақпарат жоқтың қасы, дей тұрғанмен, кредиттік ресурстардың бас­ым бөлігі экономиканы әртараптан­дыруға, инновацияны дамытуға, шикізаттық емес өндіріс саласына және басқа да бағыттарға бағытталмағаны байқалуда.
Осыдан барып екінші дәрежелі банк­тер­дің сырттан қарыз алуы артып, ресурстар жұ­ты­лып, елдің жалпы ішкі қарызы арта түсіп отыр. Осыған орай, Парламент тарапынан “Минори­тар­лық инвесторлардың құқын қор­ғау мәсе­лелері жөніндегі заңнамалық акті­лер­ге кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, онда Қаржы рыногы мен қаржы ұй­ым­дарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің құзыретін кеңейту мен нақтылау қарас­ты­рыл­ған.
Таратып айтқанда:
1). қаржы ұйымдарының жұмысына бақы­лауды күшейту;
2). қаржы ұйымдарының клиенттеріне тиесілі қаражатты сақтауда қосымша құқықтық кепілдендіруді арттыру;
3). қаржы ұйымдары тарапынан заң бұ­зу­шылық анықталған жағдайда қосымша шара­ларды қарастыру.
Банктік кредит еліміздегі кредит жүйесі­нің жалпы кескінін көр­се­тетін айна іспетті. Қаржы жүйесінің екін­ші және үшінші дең­гейлерінің кредиті қа­лай жүргізілетінін тек арнайы заңнама­лық актілерді саралау ар­қы­лы ғана білуге бо­лады.
2003 жылы қа­был­­данған “Кредит­тік се­рік­тестіктер туралы” Заңға сәйкес қоғамдар өзара сақ­тандыру жо­лы­мен орта және шағын бизнестерді дамытуға ықпал етеді. Аталған Заң негізінде кредиттік серіктестіктер өзінің қатысушылары үшін ұсынатын банк қыз­мет­тері мыналар: кассалық және факторингтік операциялар, лизингтік жұ­мысты жүзеге асыру, төлем құжат­тарын инкас­соға қа­был­дау, заем операциялары, аударым опера­ция­лары және т.б. Аталған жағдаяттар өте ма­ңызды әрі орта және шағын би­знестің жұ­мы­сын жан­дан­дырады.
“Микрокредиттік ұйымдар ту­ралы” Заң ми­крокредиттік ұйым­дар­дың жұмысына құқықтық негіз қалайды. Олар үшін әр түрлі ли­цен­зияларды қажет ететін ауыр ре­жім барынша жұм­сартылды. Өткен жылдың соңында Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың арқасында жоғары микрокредит беру шегі 8 мың айлық есептік көр­сеткішке (8,7 миллион теңге) жетіп, бұл микрокредиттік жүйеге серпін береді деген сенім пайда болды.
Соңғы кезде кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдардың саны өсумен қатар, олардың белсенді іс-қимылға көшкендігі байқалуда. Алайда, құрамына кредиттік серік­тес­тік­тер мен микрокредиттік ұйымдар кіретін банк­ке жатпайтын кредиттік ұйымдардың жалпы кредиттегі үлесі 3 пайыздай ғана. Яғни, кре­дит­тік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдар несиелеу жүйесінде әлі де өз орындарын таба қой­ған жоқ деп ой түюге болады. Кредиттік се­рік­тестіктер мен микрокредиттік ұйымдардың кредиттік порт­фе­лі­нің құрылымы туралы ақпарат­тардың болмауынан, олардың заемға алған қаржылары негізі­нен тұтыну секторына кетіп жа­тыр. Сондықтан да микро­кре­диттерді пайдалану мәселесіндегі түсініктерді өзгерту керек. Олай болса, берілетін 8 мың айлық есеп­тік көрсеткіш көлеміндегі кредиттердің микроөндіріске жұмсалуына барынша ықпал ету қажет.
Осы ретте “Қазына” орнықты даму қоры” АҚ пен “Қазагро” ұлттық холдингі” АҚ мем­лекеттік институттарының рөлі тура­лы айтпай кетпеске болмас. Осы мемлекеттік институттар кредиттік серіктестіктер мен микрокредиттік ұйымдардың өндірісті әртараптандыруға бағытталған инновациялық және өзге де жобаларын қаржыландыруға ат­са­лысуы керек. Микрокредиттік ұйымдардың жұмысын жан­дандыру үшін қажетті қар­жыны табу күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Олар қаржыны өздері тауып келсе, бұл әрине дұрыс. Бірақ та мемлекет бұл мә­селеден тысқары қалмай, Шағын кәсіп­кер­лікті дамыту қоры арқылы бюджет қаржысын (2006 жылы – 10 миллиард теңге, “Қазына” орнықты даму қорының құрамындағы кездегісі – 10 миллиард теңге) бөліп отырса, соның басым бөлігі микрокредиттік ұйым­дарды қар­жыландыруға жұмсалар еді. Бұдан басқа да қорға қатысы жоқ тәуелсіз микро­кредиттік ұйымдар да жетерлік. Біздің пайым­дауымызша, микрокредиттік ұйымдар тәуелсіз және тәуелділігіне қарамай, олардың ұсынған жобалары қордан бірдей қаржы­лан­дырылуы тиіс.
Тұжырымдап айтқанда, заңнамалық база мен тиімді мемлекеттік реттеу жүйесі бол­ға­ны­мен, микроқаржыландыру рыногы дамуы­ның деңгейі әлі де төмен. Сондықтан да Үкіметпен бірлесе отырып, микрокредиттік ұйымдардың жұмысын барынша жақсарту жолында бірқатар жұмыс атқару қажет. Әсі­ресе, олардың қызметі ауылдық аймақтарға жетіп жатса, нұр үстіне нұр болары кәміл. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, микро­кре­диттік жүйенің әлеуеті өте зор. Қазақ­станда да микрокредиттеудің әлеуметтік-экономикалық маңызды рөлі ескеріліп, микрокредит рыногын дамыту үшін реттеу мен микроқаржы­ландырудың тиісті заң­на­малық базасы құрылған.
Микроқаржыландыру “Қазақстан Рес­пуб­ликасындағы банк және банктік қызмет ту­ралы”, “Кредиттік қауымдас­тықтар туралы” және “Микрокредиттік серік­тес­тіктер ту­ралы” заң­дармен реттеледі. Басын­да банк және банк жүйе­сіне қатысты заңдық құжатта кей­бір банктік опе­рациялар бөлек қа­рас­­­ты­ры­лып, олардың жұмысына лицензия алу та­лап етілуші еді. 2005 жылдан бастап кейбір банктік операция түрлерін бейтараптандыру мақсатында банкке жатпайтын мекемелердің, соның ішінде кредиттік қауымдастықтардың банктік операцияларына лицензияның қажеті жоқ деп шешілді.
Экономикаға екінші дәрежелі банктер та­рапынан құйылатын кредит мөлшері өткен жылы 87 пайызға жетіп, 2006 жылдың 1 жел­тоқ­санына қараған күні 4 361,2 миллиард тең­гені құрады. Алайда сол кредиттің басым бөлігі, яғни 66,2 пайызы тұтыну саласына пай­даланылған болып отыр. Тек қалған 33,8 пайызы ғана инфрақұрылымды, ауыл шаруа­шылығын және өндірісті қаржыландыруға жұмсалған. Статистикалық ақпарат жоқтың қасы, дей тұрғанмен, кредиттік ресурстардың бас­ым бөлігі экономиканы әртараптан­дыруға, инновацияны дамытуға, шикізаттық емес өндіріс саласына және басқа да бағыттарға бағытталмағаны байқалуда.
Осыдан барып екінші дәрежелі банк­тер­дің сырттан қарыз алуы артып, ресурстар жұ­ты­лып, елдің жалпы ішкі қарызы арта түсіп отыр. Осыған орай, Парламент тарапынан “Минори­тар­лық инвесторлардың құқын қор­ғау мәсе­лелері жөніндегі заңнамалық акті­лер­ге кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң қабылданып, онда Қаржы рыногы мен қаржы ұй­ым­дарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің құзыретін кеңейту мен нақтылау қарас­ты­рыл­ған.
Таратып айтқанда:
1). қаржы ұйымдарының жұмысына бақы­лауды күшейту;
2). қаржы ұйымдарының клиенттеріне тиесілі қаражатты сақтауда қосымша құқықтық кепілдендіруді арттыру;
3). қаржы ұйымдары тарапынан заң бұ­зу­шылық анықталған жағдайда қосымша шара­ларды қарастыру.
Банктік несие еліміздегі несие жүйесі­нің жалпы кескінін көр­се­тетін айна іспетті. Қаржы жүйесінің екін­ші және үшінші дең­гейлерінің несиені қа­лай жүргізілетінін тек арнайы заңнама­лық актілерді саралау ар­қы­лы ғана білуге бо­лады.
2003 жылы қа­был­­данған “Несиелік се­рік­тестіктер туралы” Заңға сәйкес қоғамдар өзара сақ­тандыру жо­лы­мен орта және шағын бизнестерді дамытуға ықпал етеді. Аталған Заң негізінде несиелік серіктестіктер өзінің қатысушылары үшін ұсынатын банк қыз­мет­тері мыналар: кассалық және факторингтік операциялар, лизингтік жұ­мысты жүзеге асыру, төлем құжат­тарын инкас­соға қа­был­дау, заем операциялары, аударым опера­ция­лары және т.б. Аталған жағдаяттар өте ма­ңызды әрі орта және шағын би­знестің жұ­мы­сын жан­дан­дырады.
“Микрокредиттік ұйымдар ту­ралы” Заң ми­крокредиттік ұйым­дар­дың жұмысына құқықтық негіз қалайды. Олар үшін әр түрлі ли­цен­зияларды қажет ететін ауыр ре­жім барынша жұм­сартылды. Өткен жылдың соңында Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың арқасында жоғары микрокредит беру шегі 8 мың айлық есептік көр­сеткішке (8,7 миллион теңге) жетіп, бұл микрокредиттік жүйеге серпін береді деген сенім пайда болды.
Соңғы кезде кредиттік ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің қызметі
Коммерциялық банктердің қызметі туралы
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Несие нарығындағы коммерциялық банктердің кызметі
Банктердің функциялары
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
Коммерциялық банктердің инвестиция сферасындағы инвестициялық қызметі
Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь