Ақын туралы бірер сөз (С.Торайғыров)
КІРІСПЕ
Ақын туралы бірер сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ақын өлеңдеріндегі өнер.білім мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.2 Ақын лирикасындағы саяси.әлеуметтік көзқарасты көрсететін өлеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.3 Сұлтанмахмұт Торайғыров . XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан реалист ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Сұлтанмахмұт – сыншыл реалист ақын. Ауылдағы таптық, әлеуметтік, теңсіздікті, қоғамдық өмірдің мешеулігін, масылдықты, мәдениетсіздікті өткір сынға алады. Ақындық өнерге енді бой ұрып жүргенде жазған «Таңғы мұрын быртиған қара бұжыр», «Қайғы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын» деген өлеңдерінде мал біткенге ірісінген, қыжыр мінез бай баласын, мал беріп сатып алған әйелі, оған амалсыз телінген қазақ аруының есекпен қосақтаулы өтіп жатқан аянышты өмірін, екінші өлеңде асыл тасты аянбай тағынып, үлде мен бүлдеге бөленген сыйықсыз, мінезсіз бай қызы, оның жұртты жирендірген әрекет-амалдары сын садағына алынады.
Торайғыров «сөзі жылмаң, ісі сырдаң», «қысқа күнде қырық жігер қойма қойған» екіжүзді, жағымпаз, жылпос, жорға мінезді адамдарды қоғам денесіндегі жұқпалы дерт, ірітіп-шірітетін індет деп қарайды.
Ұлы Абайдың «Болыс болдым мінеки», «Сегіз аяқ», «Дүтбайға» өлеңдерінде «ащы сия, долы қолымен» түйрелген мінез-құлықтар мен қылықтар. Абай Шыңғыс өңіріндегі өзіне жыга таныс жексұрындарды жерлесе, Сұлтанмахмұт Омбы уезі, Көкшетау; Баянауыл, Павлодар өңіріндегі халықты қан жылатқан сұрқияларды «дүрелеген».[1,2]
Ұлт намысы, ел намысы, ер намысы, азамат намысы деген киелі түсініктер бар да, ағайын арасындағы шен-шекпенді, жол-жоралғыны бөлісе алмай, соңын өртке ұласқан дау-дамайға, партиягершілікке айналдырып жіберетін қитұрқы әрекеттер бар. Кейінгісі қазақ байғұсты төрдегі орнынан тайдырып, езуіндегісін басқалар жырып әкетіп, сүтке тиген күшіктей сүмірейтіп жүрген қасиетсіз қылықтар. Сұлтанмахмұт «Түсімде көрген бір аянышты хал» өлеңінде сондай мінез-әрекеттің жұртты қандайлық әбігерге түсіріп, аздырып-тоздыратынын назардан тыс қалдырмайды.
Торайғыров заманды, уақыт ағысын, заман адамының мінез-әрекеттерін философиялық лирикаларына да аркау еткен. Көп оқып, көп тоқыған кемеңгер ойшыл ретінде көрген-сезгендерін көкірегіне қорытып тұжырым жасайды. «Коңілді көндіретін тағдыр» лирикасында Жас жүрек, Дене тән, Көңіл көлгірлік мінезді көзге түртіп, енді әділдіктің жолынан айнымауға уағдаласады. Бірақ Дене қарындағы ас таусылған сәтте ұзаққа төзе алмай, бірінші болып серттен таяды. Көңіл де әрі-бері бұлтаңдап жүріп, қабы соның арқасында қалады.
Сұлтанмахмұт философиялық лирикалармен қатар, қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті сынап-мінеп, И.Крылов үлгісімен мысалдар да жазды.

1.Торайғыров С. Шығармалар. Екі томдық. 1-т., Жалпы редакциясын
басқарған Ы.Т.Дүйсенбаев. Алматы: Жазушы, 1967.
2.Торайғыров С. ІІІығармалар. Екі томдық. 2-т., Жалпы редакциясын

З.Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. дайындағандар Б.Мамраев,
4. Торайғыров С. Екі томдық шығармалар жинағы. дайындагандар
З.Кенжебаев Б. XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Алматы: Жазушы.
4.Т.Дуйсенбаев Ы. Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920). Кітап, Торайғыров С. Шығармалар.
5.Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы: Білім, 1995.
6.Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар (Қазақ өлеңі хақында). Астана:
7.Қабдолов 3. Сөз өнері. Алматы: Мектеп, 1973.
8.Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. Алматы, Мектеп, 1973.
9.Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы: Санат. 1994.
10.XX ғасыр басындағы әдебиет. Хрестоматия. Құрастырған Қ.Ергөбек.
Алматы: Білім, 1994.
11.Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұтты зерттеу, тану мәселелері. «Жұлдыз», 1993.
12.Ақбаева Л. С.Торайғыров шығармаларындағы адам мәселесі туралы.
Кітап: Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері. Алматы: Қазақ университеті. 1993.

МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
Ақын туралы бірер сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ақын өлеңдеріндегі өнер-білім мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.2 Ақын лирикасындағы саяси-әлеуметтік көзқарасты көрсететін өлеңдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.3 Сұлтанмахмұт Торайғыров - XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосқан реалист ақын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...29
КІРІСПЕ
Ақын туралы бірер сөз
Сұлтанмахмұт - сыншыл реалист ақын. Ауылдағы таптық, әлеуметтік, теңсіздікті, қоғамдық өмірдің мешеулігін, масылдықты, мәдениетсіздікті өткір сынға алады. Ақындық өнерге енді бой ұрып жүргенде жазған Таңғы мұрын быртиған қара бұжыр, Қайғы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын деген өлеңдерінде мал біткенге ірісінген, қыжыр мінез бай баласын, мал беріп сатып алған әйелі, оған амалсыз телінген қазақ аруының есекпен қосақтаулы өтіп жатқан аянышты өмірін, екінші өлеңде асыл тасты аянбай тағынып, үлде мен бүлдеге бөленген сыйықсыз, мінезсіз бай қызы, оның жұртты жирендірген әрекет-амалдары сын садағына алынады.
Торайғыров сөзі жылмаң, ісі сырдаң, қысқа күнде қырық жігер қойма қойған екіжүзді, жағымпаз, жылпос, жорға мінезді адамдарды қоғам денесіндегі жұқпалы дерт, ірітіп-шірітетін індет деп қарайды.
Ұлы Абайдың Болыс болдым мінеки, Сегіз аяқ, Дүтбайға өлеңдерінде ащы сия, долы қолымен түйрелген мінез-құлықтар мен қылықтар. Абай Шыңғыс өңіріндегі өзіне жыга таныс жексұрындарды жерлесе, Сұлтанмахмұт Омбы уезі, Көкшетау; Баянауыл, Павлодар өңіріндегі халықты қан жылатқан сұрқияларды дүрелеген.[1,2]
Ұлт намысы, ел намысы, ер намысы, азамат намысы деген киелі түсініктер бар да, ағайын арасындағы шен-шекпенді, жол-жоралғыны бөлісе алмай, соңын өртке ұласқан дау-дамайға, партиягершілікке айналдырып жіберетін қитұрқы әрекеттер бар. Кейінгісі қазақ байғұсты төрдегі орнынан тайдырып, езуіндегісін басқалар жырып әкетіп, сүтке тиген күшіктей сүмірейтіп жүрген қасиетсіз қылықтар. Сұлтанмахмұт Түсімде көрген бір аянышты хал өлеңінде сондай мінез-әрекеттің жұртты қандайлық әбігерге түсіріп, аздырып-тоздыратынын назардан тыс қалдырмайды.
Торайғыров заманды, уақыт ағысын, заман адамының мінез-әрекеттерін философиялық лирикаларына да аркау еткен. Көп оқып, көп тоқыған кемеңгер ойшыл ретінде көрген-сезгендерін көкірегіне қорытып тұжырым жасайды. Коңілді көндіретін тағдыр лирикасында Жас жүрек, Дене тән, Көңіл көлгірлік мінезді көзге түртіп, енді әділдіктің жолынан айнымауға уағдаласады. Бірақ Дене қарындағы ас таусылған сәтте ұзаққа төзе алмай, бірінші болып серттен таяды. Көңіл де әрі-бері бұлтаңдап жүріп, қабы соның арқасында қалады.
Сұлтанмахмұт философиялық лирикалармен қатар, қоғамдық-әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті сынап-мінеп, И.Крылов үлгісімен мысалдар да жазды. Арыстан мен тышқан, Екі тышқан Ғ.Тоқайдан, Көк өгіз, Мысал, Сарыарқаның жаңбыры. Бұлардың айтпағы: төбелесімен көк тіреп тұрған құдіреттілер көзіне жайшылықта ілмеген нашарларынан бастарына іс түскенде пана табады, өзін-өзі күндеген басқаға майшелпек болады, жүнінің қызылдығына лепірген қанжығаға байланбақ, сезіктінің серігі - ажал. Қысқа да нұсқа. Сюжеті ғиратнама.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Ұлт намысы, ел намысы, ер намысы, азамат намысы деген киелі түсініктер бар да, ағайын арасындағы шен-шекпенді, жол-жоралғыны бөлісе алмай, соңын өртке ұласқан дау-дамайға, партиягершілікке айналдырып жіберетін қитұрқы әрекеттер бар. Осы айтылғанға қарай өз курстық жұмысымда С. Торайғыровтың өлеңдеріндегі өз заманындағы саяси-әлеуметтік жағдайын қарастыру болмақ.
oo С.Торайғыровтың өлеңдеріндегі өнер-білім мәселесін қарастыру;
oo Ақынның саяси-әлеуметтік өлеңдеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың теориялқ және әдіснамалық негіздері ретінде ақынның өмірін зерттеуші ғалым, әдебиеттанушылардың еңбектері мен материалдары қолданылды.
Курстық жұмыстың дереккөздері ретінде Кенжебаев Б. Сұлтанмахмұтты зерттеу, тану мәселелері, Ақбаева Л. С.Торайғыров шығармаларындағы адам мәселесі туралы шығармалары кеңінен қолданылды.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері жинақтау, саралау, талдау.
Курстық жұмыстың жаңалығы мен нәтижелері. Курстық жұмысты әдебиет сабақтарында, лекция семинарларда пайдалануға, кеңінен қолдануға болары сөзсіз.
Курстық жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден,негізгі бөлім, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Ақын өлеңдеріндегі өнер-білім мәселесі
Сұлтанмахмұт Торайғыров - қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.
Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған.
Ақын еңбектерінде өзі өмір сүрген дәуірдің өзекті мәселелерін, яғни, оқу-ағарту жайын сөз ете отырып, заман сырын, замандас келбетін көркем кескіндей білген. С.Торайғыров - нағыз ағартушы, педагогқа тән еңбектерінің азабын тартқан жазушы. Ол шындықтың жолымен жүрді.
Ақын өмірінде көпшілікке белгісіз ақтаңдақтар бар, оның өмірінің кейбір кезеңдері туралы білетініміз де аз. С.Торайғыровтың ө мірі мен шығармашылығы егжей-тегжейлі зертеліп, туған әдебиет тарихынан олар орны сараланғанмен, оның ағартушылық қызметі саласында сіңірген еңбегі әлі де болса, өнер қазынасын мұра тұтқан ұрпақтар мойнына жұктелетінпарыз. С.Торайғыровтың педагогика саласына қосқан үлесіне бүгінгі күн биігінен жаңа көзқараспен келуіміз керек, оның шығармаларын талдау арқылы қараңғы қазақ халқын өнер-білімге, мәдениетке шақырып, көзін ашу мақсатында сіңірген еңбегі, бала оқытып, ұстаздық ету жолындағы ақынның шеберлігінің поэтикалық қуатын көрсету қажет.[2,5]
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ресей тарихының, соның ішіншде қазақ халқы тарихының аса бір өрлеу кезеңінде - тарихи дамулар, күрес - көтерілістер, қиян-кескі соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Осының бәрі ақынның көз алдында болды; күнделікті қызметіне, шығармаларының тақырыптық мазмұны мен жанр түріне, көзқарасына зор әсер етті, із-таңбасын салды.
Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,
Разымын не көрсем де осы жолда.
Шаршармын, адасармын, шалдығамын,
Бірақ бір табармын деп көңілім сонда, - деп бастады. Өмір бойы осы сертін орындау жолында қызмет істеді. Жарғақ құлағы жастыққа тимей, өзіне, өз халқына өнер, білім, еркіндік, бақыт іздейді.
Сұлтанмахмұт Торайғыров 28 қазанда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Оның туған әкесі кедей шаруа, момын, қазақша хат тани білетін адам болды. Болашақ ақынға бар болғаны бір жас толғанда, анасы қайтыс болды. Ол балалық шағынан аштық пен жалаңаштықты, қиындықты көріп өсті.
Сұлтанмахмұт алты жасар күнінде, әкесінен оқып, хат таниды. Осыдан соң 1902-1907 жылдары ауыл молдасына оқуға береді. Ол молдаға оқып жүрген кезінен бастап, сонан көріп, он үш жасында өлең жаза бастайды. Оның тұңғыш жазған өлеңі Секілді өмір қысқа жарты тұтам деп аталады.
Ол 1908-1910 жж. Баянауыл қаласында ашылған діни медреседе оқиды. 1912 жылы Сұлтанмахмұт Троицк қаласына келіп, мұсылман діни мектебіне оқуға түседі. Онда барып оқуға түскен кезде Сұлтанмахмұт іздегенім табылды, енді дегеніме жетем деген ойға келеді. Шәкір ойы деген өлеңінде:
Мұздаған елдің жүрегін
Жылытуға мен кіремін, - дейді ақын Сұлтанмахмұт Троицк қаласында мұсылман мектебінде оқып жүріп, өз бетімен діни емес ғылымдардың негізін оқып ұйренеді, орыс тілін терең меңгереді, ол Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты оқиды. Оның ой-өрісі артады, дүниеге көзқарасы қалыптаса бастайды.
Ол 1913 жылы денсаулығының нашарлауына байланысты ол қаланы тастап, ауылға баруға мәжбүр болады, ауылда ұстаздық қызметпен айналысып, аз уақыт бала оқытады. Біраз уақыт өткеннен кейін Троицк қаласына оралып, сол кездегі алдыңғы қатарлы прогрессивтік бағыттағы, өзінің терең ойымен, демократиялық бағытының анықтылығымен ерекшеленетін Айқап журналының хатшылығы қызметіне орналасады. Айқапта (1953-1914 жж) жұмыс істеген кезеңі оның қайраткерлерінің, дүние танымының қалыптасу және шығармашылығының жемісті жылдары болды. Сұлтанмахмұттың ағартушылық-демократиялық көзқарасының қалыптасуына бұл кезеңнің мәні айырықша болды.
1914 жылдың жазында Сұлтанмахмұт өзінің туған елі Баянауылға қайтады. Кейін Тарбағатайда ұстаздық етеді, бұл 1914 жылдың күзі мен 1915 жылдың жазы болатынды, содан кейін Қатонқарағай, Зайсан жағында бала оқытып, ұстаздықпен айналысады.
Сұлтанмахмұт қиян кескі күрес - көтерілістер, сұрапыл соғыстар, ұлы революциялар дәуірінде жасады. Өз заманының азамат ақыны, күресшіл ақыны болды. Бұл жағынан ол ұл Абайдың жолын дамытушы болды.
Абай мен Сұлтанмахмұт арасындағы шығармашылық байланыс жөнінде әңгіме қозғағанда ескеруді керексінетін бір жай бар. Ең алдымен біз Сұлтанмахмұтты ағартушы, педагог ретінде оқыту мәселесі елеулі роль атқарады. Ұлы Абай бала оқытып, оқытушы болмаса да, оның шығармаларының өзінде оқу, ғылым-білімге үндеген мазмұн кеңінен байқалады. Ол да Сұлтанмахмұт секілді өнер-білім қуып, қарңғы қазақты да соған жетелеген, мәдениетке шақырған.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Сұлтанмахмұттың шығармашылығындағы ерекше зерттеуді қажет ететін мәселе оның педагогикаға, тәлім-тәрбиеге және халық ағарту ісіне қатысты ой-пікірлері. Ол тұрмыстың барлық тауқыметі мен зұлматын сейілтетін тек оқу-ағарту, ақыл-ой, ғылым мен өнер деп есептеген.
Сұлтанмахмұт - ұлы Абайдың және Ыбырайдың ағартушылық идеяларын дамытқан ақын. Абай мен Ыбырай өзінің туған халқын қараңғылықтан, надандықтан құтқару үшін, оқуға, білімге шақырған еді, туған халқын жарық күнге шығаруға талпынды. Жастарды өнер-білім жолына түсуге үндеді.
Сұлтанмахмұт тәрбиенің күшіне сенді. Дұрыс тәрбие арқылы адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Ақын адамның әділ, адал болуы тәрбиеге байланысты деп қарап, Сүйекке біткен мінез, сүйекпен кетеді дейтін көзқарасқа қарсы тұрып, өмірді өзгертуші адам, адал мінезін қалыптастырушы ұлы күш, саналы тәрбие дейді. Бұл көзқарасты Абайдың Заң қуаты қолымда болса, адам мінезін өзгертуге болмайды деген адамның тілін кескен болар едім деген қағидасымен ұштасып жатқанын аңғару қиын емес.[3,9].
Ұстаздық етуден жалықпаған ұлы ағартушы Оқу (1911 ж) деген жаңа өлеңнің бірінде:
Надандықтан екенін білмейміз бе,
Көрінгенге болғаның семіз жемдік,
Ел болуға алдымен білім тірек,
Бір сөзді, бір ауызды, намыс керек, - деп білім алуға шақырады.
Алдымен ақынның өмірі өте қысқа болғанымен, оның артына қалдырған мұрасы, халқына істеген игілік істері, қазақ педагогикасына сіңірген еңбегі өте орасан дерлік. Бала оқытуда өзіндік жинақтаған тәжірибесін педагогика саласына енгізген бірден-бір жаңалығы деп айтуға мүмкіндік береді. Ол білім берудің жөні осы екен деп дүмше молдаларша оқушыларды жинап алып, қалай болса солай білім беруді қолдамай, ең алдымен балалардың жас ерекшеліктерін ексере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дидактиканың жеңілден ауырға қарай қағидасының негізін ұсынып отырғандығын көруге болады.
Сұлтанмахмұт өлеңдерінің тәрбиелік, тағылымдық мәні ерекше.
Ұлтының, жұртының трагедиялық халі қаламгерді қатты тебірентеді, тығырлыққа тіреліп қалмай лирикалық кейіпкерінің жігерін жанып, алау сезімге бөлейді.
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып кұн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам?!
Жарық дүниеге 27 жыл ғана қонақ болып, мәңгілік өмірін рухани мұраларымен жалғаған С.Торайғыров шығармашылығы өз кезеңінің шындық шежіресі ғана емес, бүгіннен болашаққа ұласқан қысқа ғұмырының ұзақ та мағыналы жолы, өнер сапарының өнегелі құбылысы деуге әбден болады.
2.2 Ақын лирикасындағы саяси-әлеуметтік көзқарасты көрсететін өлеңдер
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді.
Көптеген жылдар бойы патшалық Ресейдің отарына айналу барысында қазақ халқы өзінің хандық түріндегі мемлекетінен айырылып, ал оның ата-қонысы бөлшектеніп, метрополияның түрлі губернияларына бағындырылды. Халқымыз отарлық және әлеуметтік езгіге қарсы сан рет қарулы көтеріліске шықты. Олардың көпшілігі аймақтық сипатқа ие болса, Кенесары Қасымұлы басқарған көтеріліс (1837-1947 жж.) пен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс бүкілқазақстандық көлемді қамтыды. Алайда, ол көтерілістер аяусыз басып-жаншылды. Осының бәрі ұлттық тәуелсіздік жолындағы стихиялық түрде орын алған қарулы көтерілістердің күні өткендігінің айқын көрінісі еді. Сондықтан, ХХ ғасыр басында отаршылдыққа қарсы күрес тәсілдері мен түрлерін өзгерту қажеттілігі туындады. Осыған байланысты Алаш қозғалысының жетекшілері азаттық күрестің саяси түрін таңдады. Күрестің жаңа түрінің мақсат-міндеттерін айқындау, нақтылау үшін Әлихан Бөкейханов пен оның серіктері 1905 жылдан 1917 жылдың жазына дейін табандылықпен, әрі мақсаткерлікпен еңбектенді. Олар, ең алдымен, халқымызды саяси тұрғыдан ояту және сол арқылы қалың бұқара арасында отаршылдыққа қарсы хал-ахуал қалыптастыруға көп күш салды. Міржақып Дулатовтың Оян, қазақ, Ахмет Байтұрсыновтың Маса, 1911 және 1913 жылдардан шыға бастаған Айқап журналы мен Қазақ газеті, 1917 жылғы шілдеде қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық Алаш партиясының құрылуы отаршылдыққа қарсы саяси күрестің жарқын көріністері болды.[4,5]
Осы бағыттағы күрестің басты мақсат-міндеттері Қазақ газетінің 1917 жылғы 21 қарашадағы санында жарияланған Алаш партиясы программасының жобасында айқындалды. Әрі қысқа, әрі нұсқа, небәрі он баптан тұратын осы құжатта, ең алдымен, ХХ ғасырдың басындағы геосаяси жағдайда қазақтың ұлттық мемлекетін қалпына келтірудің теориялық мәселелері және оны өмір шындығына айналдырудың әдістері мен жолдары, саяси, экономикалық және рухани отарсызданудың нақтылы ұстанымдары анықталды.
Қазақ халқының жеті арысы - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Омаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдұлхамит Жүндібаев және Ғазімбек Бірімжанов дайындаған жобада Қазақстанның келешекте Тәуелсіз мемлекет ретінде қайта түлеп, қалыптасып-нығаюының тұғырнамалық ұстанымдары айқындалды. 1917 жылғы желтоқсанда (Орынбор қаласында өткен) екінші жалпықазақ съезінде партия бағдарламасының талаптары және сол кезде қалыптасқан саяси өзгерістер қаралды. Съездің күн тәртібіне енгізілген он мәселенің ең маңыздылары қазақ мемлекеттілігін - Алаш автономиясын құру, оның үкіметі - Алашорданы сайлау болды. Съезд шешіміне сәйкес Қазақстан халқының ата қонысын (этникалық аумағын) түгел қамтитын ұлттық-аумақтық мемлекет болып жарияланды. Оның ресми аты Алаш автономиясы, ал үкіметі Алашорда (Алаштың Ордасы) болсын делінді. Уақытша астана ретінде Семей қаласы белгіленді.
Міне, қазақ қоғамында болып жатқан саяси өзгерістер жүрегі елім, халқым деп соққан Сұлтанмахмұт Торайғыровтың дүниетанымы мен шығармашылығына ықпал етпей қалған жоқ.
1917 жылдың наурыз айында Ресейде буржуазиялық-демократияшыл ақпан төңкерісі болып, уақытша өкімет орнаған кезде, ел ісіне араласу ойымен Сұлтанмахмұт Торайғыров Троицкіде оқып жүрген жерінен Семей қаласына келеді. Оның қалың оқырманға бейтаныс Әлиханның Семейге келуі мақаласы осы кезеңде жазылып, Сарыарқа газетінің екі санында басылған.
Автор мейрамға жиналғандай халық нөпірін суреттеп, лек-легімен, топ-тобымен ағылған жұртты елге еңбегін сіңірген ерін тосып жиылған қазақтар еді деп көрсетеді. Ол ері елі үшін құрбандыққа жанын берген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген, көрдей сасық ауа, темірлі үйде алаш үшін зарығып бейнет көрген, басқан аяқ кері кеткен заманда жасымай алашына қызмет еткен, болса да қалың тұман, қараңғы түн, туатын бақ жұлдызына көзі жеткен, түймеге жарқылдаған алданбаған, басқадай бір басы үшін жалданбаған, қайткенде алаш көркейер деген ойдан басқа ойды өмірінде малданбаған Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейханов еді деп, шабытпен тасқындата жазады.
Осы жиында ел сөзін сөйлеуге қол жеткізген Сұлтанмахмұт жастар атынан Әлиханға деген жүрекжарды сезімін:
Көш бастаған еріміз,
Қуанышта еліңіз.
Төбеміз көкке жеткендей,
Көкіректен бүгін кеткендей,
Сізді көріп шеріміз.
Алаш туын қолға алған,
Қараңғыда жол салған,
Арыстаным келіңіз! - деген жолдар арқылы білдіреді.
Қарсы алу салтанатын, ондағы сөйленген сөздерді құлпырта жазып, Ә.Бөкейханов сөзін келтіреді. Оның сөзі былай делінеді: Ағалар, інілер! Мені бұлай қарсы алғандарыңа рахмет! Бостандыққа қуансаңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне, мен өле-өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар бишараны жемеуге, бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек.[6,9]
Мақала-репортажда автор Ә.Бөкейхановтың халық қамын ойлаған азаматтығын, парасаттылығын, ғажап білімділігін, саяси көзқарасын жан-жақты баяндайды.
Мақалада Ақпан, Қазан төңкерістері аралығындағы қазақ қоғамдық ойының өсу, жетілу процесі, қарапайым халықтың төңкеріске көзқарасы мейлінше шынайы ашылды.
Осындай ерекше күндерде рухы биік ақынның атақты Алаш ұраны өлеңі жазылды. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мақаласынан ...жиылған жұрт ақырында:
Алаш туы астында,
Алаш деген ел үшін,
Сарыарқаның жері үшін,
Бостандық берген ер үшін,
Төгілсін біздің қанымыз!
Аялмасын барымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын! - деп,
көңілі босап, қуаныштан көздеріне жас алып тарады деген жолдарды оқимыз.
Алаш партиясының ұранын, Алаш үкіметінің бостандық жолымен елді көгерту мақсатын өз жанына жақын санап, бар ықыласымен, құптаған Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық мұрасынан ойып орын алатын екі поэмасы Айтыс (қала ақыны мен дала ақынының айтысы) пен Таныстыру жариялылықтың жарық сәулесі түскенше жабық шығармалар сөресінен орын алды, қазақ халқының игілігіне айналмады, жасырын тасада қалып келді.
Таныстыру поэмасына Алашорда басшыларын дәріптейтін шығарма деген ат тағылса, Айтыс поэмасы байшылдық-ұлтшылдық пиғылды әспеттейтін зиянды жақтары мол деген желеумен жарыққа шығарылмады.
Әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар жойылған бүгінгі күн көзқарасымен қарар болсақ, Таныстыру мен Айтыс поэмалары нағыз ұлттығымызды ұлықтайтын, елдігімізді дәріптейтін, халықтық құндылықтарымызды құрметтеуге бағыттайтын асыл мұралар болып табылады.
Таныстыру 1917 жылдың күзі мен 1918 жылдың қысында Сұлтанмахмұт Абай елінде болған кезде жазылған. Бұл туралы зерттеуші-ғалым Т.Жұртбай жариялаған Ақыш әжей естелігін келтіре кетейік. Қыс жаңа түсіп, қаһарын төге бастаған. Бір күні үйімізге қалаша киінген, жұқа өңді, ашаң жүзді адам келді. Ол Сұлтанмахмұт екен. Асты-үсті тақтаймен көмкерілген үлкен ағаш үйіміз болатын. Соның төргі бөлмесін екіге бөліп, бір бұрышын шымылдықпен ұстап, Сұлтанмахмұтқа өзінше жеке бөлме жасап бердік. Ортасына ағаш стол қойдық. Сонда жазуын жазып, ұзақ түндер бойы отыратын, - деп жазады жазушы-ғалым Т.Жұртбай Лениншіл жас гезетінде жариялаған өзінің мақаласында.[7,29]
Ақпан төңкерісінен кейін Орынборда (1917 ж. шілде) Советтердің Бүкілқазақстандық І съезі, сол жылдың желтоқсанында тағы да Орынборда ІІ съезі өтті. Қазақстан облыстарында қазақ (қырғыз) комитеттерін сайлауға қызу дайындық жүріп жатты. Семей облысы қазақтарының съезі 1918 жылдың 14 наурызына белгіленді. Төңкерістен кейін елді жаңа жолға бастайтын азаматтар кімдер? деген сұрақ тұрды. С.Торайғыровтың Таныстыру поэмасы тура осы сауалға жауап бергендей еді. Поэманы жазу барысындағы ақынның таңдап алған формасы қызық та тартымды.
Поэманың ұзын арқауы екі адамның диалогы арқылы берілген. Диалогты пайдалану арқылы жеке адамның қоғамдық құбылыстарға деген қатынасын, ой-сезімін анықтайды. Диалог оқыған, яғни зиялы азамат пен оқымаған қара қазақ арасында құрылған. Бір қазақты бұлай бөле-жара қараудың түп негізінде ақиқатқа бастар ақ жолды тану, болашағы бұлдыр қазақ қоғамына дұрыс бағыт-бағдарды анықтау жатыр. Аумалы-төкпелі заманға тағдыры тап келген ақынның іштей соны соқпақ іздей арпалысқан жан дүниесі де көрініп тұр. Сол жолда көңілі тоқтаған көркемдік шешімге келсек, бұл диалогтық тәсіл ақынды адастырмас ақ жолға салғаны анық.
Сұлтанмахмұт суреттеуінде қара қазақтың соншалықты қаражаяу емесі байқалады. Ол алашқа белгілі тұлғаларға деген көзқарасын ашық танытып, оқыған қазақтың ойына қосылып қана қоймай, оны толықтырып отырады. Шығарманың өн бойында бүкіл халықтық көзқарас пен ақындық көзқарас бір арнадан табылып, ақын оны екі адамның сырласуы түрінде жеткізеді. Ақын зиялы қауымды таныстыру барысында іштей екіге бөлінеді: ішкі жан дүниесі екіге жарылады, екі түрлі адамның кейпіне енеді. Ғасыр басындағы қазақ зиялыларына баға бергенде өзі өмір сүріп отырған заманын сараптап, іштей өз-өзімен сөйлеседі, сырласады. Бірақ екі адам кейпінде, екі адам тұрпатында көрініс береді. Сауал тастап отырған қара қазақ өзімен жасы шамалас жас жігіт емес, егде тартқан, тіпті қарт адам деуге келеді.[8,12]
Туғанда құдай иіп мұндай заман,
Сұрайтын бір сөзім бар сенен, балам.
Тап біздің Семей облысының,
Көш басшы адамдарын айтшы маған.
Біз дағы жоспарлайық өзімізше,
Десе де түк білмейтін қазақ надан.
Ақын қаншалықты қара қазақ десе де, оның сұрақ қойып, сауал тастауында ойлылық, салмақтылық басым екені аңғарылады.
Басында ол қарағым тұр ғой дайын,
Тек ұзақ өмір берсін бұл құдайым.
Дулатов, Байтұрсынов, Бөкейханов,
Білемін бұл үш ердің айтпай жайын.
Бұл үш ер туралы толық білетінін, олардың ұлт үшін еткен еңбегі күллі алашқа мәлім екенін, қазақ халқының өз ішінен шыққан шын мәніндегі зиялы қауымын жоғары бағалап, құрмет тұтатынын надан қазақ барынша жеткізіп бағады. Осының өзінен-ақ сол уақыттағы саяси тұлғалардың ел ішіндегі беделі ғана емес, нағыз болмыс-бітімін ақын қарапайым қазақтың сөз саптауы, ой-санасы арқылы аша түскен.
Біздер әлі күнге сол заманның адамдарын надан деп келе жатқан көзқарастың өзіне Сұлтанмахмұт мүлде басқаша қарайды. Бір қара қазақ арқылы жалпы қазақтың ой-өрісінің, таным-түсінігінің жоғары екендігін дәлелдейді.
Поэманы оқығанда, өлеңмен жазылған мінездемелермен танысып отырғандай әсерге бөленесіз. Есімдері поэмада аталатын қазақ зиялыларының жарқын бейнелері іс-қимылымен, кескін-келбетімен, мінез-құлқымен көз алдыңа келіп тұра қалады. Бірі - Күн, бірі - Шолпан, бірі - Ай Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов ел-жұрты тарыққанда жол сілтейтін көсем, халық тағдыры безбенге түскенде көмекейлері бүлкілдеген шешен, тар заманда тәуекелге бел байлайтын перзенттер екендігін қара қазақ айтқызбай-ақ ұғады. Алты миллион қазақты соңдарынан ерте алатындықтарына кәміл сенеді. Ол халқына басшы болар, дұрыс жол сілтейтін, шын жаны ашитын адамдарды таныстыруды көздейді. Дүние ала тайдай бүлініп, ақ пен қызылға бөлініп, тап пен топқа жіктеліп, кімнің кім екеніне көздері жетпей дал болған халқына жөн сілтеуді мақсат етті. Оқыған зиялы қауым ішінде де неше алуан көзқарас, ой-ниет барын бағамдаған ақын жаны әрі-сәрі күй кешкені де айқын. Көзі ашық азаматтардың біразымен Сұлтанмахмұт бірге қызмет істегені туралы көптеген деректер бар.
Поэма арқылы Әлімхан Ермекұлымен танысамыз. Шоқан Уәлихановтың кадет корпусында бірге оқыған досы, көрнекті фольклорист, этнограф Г.Н.Потанин кезінде жылы лебіз білдіріп, құрметтеген Ермеков - қазақтың тұңғыш профессор-математигі, Томск технологиялық институтының түлегі, Мәскеуде В.И.Ленин алдында Қазақстан тарихындағы шешуші кезеңде баяндама жасаған адам. Ермековтің ерекше қабілет-қарымын Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмада мынадай жолдар арқылы береді:
Сөйлеп кетсе, қозғалар бойда жаның,
Тас болса да, ерітер жүрек қанын.
Шындығы, тереңдігі, әділдігі,
Тусаң, ту осылай дегізер жанның бәрін.
Төңкеріс тұсында еліне сіңірген еңбегін, қыранша самғаған ұшқыр қиялын, кірленбеген таза жүрегін айырықша бағалайды. Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы естеліктер легіне көз жіберсек, Әлімхан Ермековтің ақын өмірінде ерекше орын алғанын байқаймыз. Томск қаласына білім іздеп келген жас Сұлтанмахмұтқа Ермеков көп көмектескен, денсаулығын түзеуге қол ұшын берген, оқуына жәрдемдескен.
Сұлтанмахмұттың өзіне ерекше әсер еткені жайлы Ә. Ермеков өз естелігінде: Мен Сұлтанмахмұтты Айқап журналы бойынша бұрыннан білетінмін. Сұлтанмахмұт маған шу дегеннен ұнады, бірінші рет кездессек те, тартынбай, ашық сөйлеп, ішкі сырын, саяси түсініктерін именбей жайып салып отырды, - деп жазады.
Онан соң Халел Ғаббасұлымен жүздесеміз. Төңкерістен бұрын Москва университетін тәмәмдаған, оқымысты, терең ойлап, алыстан болжайтын, Семейде Алаш партиясы құрылғанда, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетімен халық жүрегін жаулап алған Х. Ғаббасұлының ақылмен іс қылатындығы, 1916 жылғы сын сағатта патша әміріне мойынсұнбаймыз, көтеріліске шығамыз деген Семейдегі қалың қауымды үгіт сөзімен, беделімен тоқтатқандығынан көрінеді.
Айлаға қарай біліп айла құрғыш,
Табады қайдан болса, содан ілгіш.
Бір іске тура план құруында
Деуге болар Семейде осы білгіш.
Призыв себебінен білді халық,
Толқығанда тоқтатқан ақыл болып.
Ығын-шығын қырғыннан өз уезін,
Қалды ғой ақылымен аман алып, -
деп, Х.Ғаббасұлының сөзі мен ісінің бір жерден шығатындығын, шешімділігін, қайсарлығын жоғары бағалайды.
С. Торайғыровтың оқыған қазақтың аузына мұндай сөз салуының тарихи негізі бар. Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов Алаштың азаматына! деген үндеу-хат жариялап, елді бекерге қырылып қалудан сақтандырған еді. Бұл жанашырлық пікірді қиырдан болжап аңғарған Х.Ғаббасов лап еткен сезімге ерік бермей, ел-жұртын сақтап қалған.
Поэмада қазақтың кемеңгер ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы ерекше ілтипатпен, үлкен сый-құрметпен оқырман қуанышына бөленіп жырланады.
Ерте оянған кісінің біреуі осы,
Бұл жұрттың түзеймін деп антұрғанын.
Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға,
Ақсақал бола алғандай осы кәрің...
Бұл қазақтан мақсұты биік алыс,
Таппаса да сөзіне құлақ салыс.
Қазақ деп жекелеме адамзат де,
Ол кісінің пікірімен болсаң таныс - деген жолдардан Шәкәрімнің барша қазақтың, күллі адамзаттың ынтымағын көксеген, ақылшы, ойшы бейнесі көрінеді, адамгершілік, имандылыққа бастайтын ақсақалдық қасиеті, қысылғанда қиыннан жол тауып шығатын кемел ақылы үлгі етіледі.
Шәкәрім туралы айтқанда оның ерте оянған, бұрыннан алашқа аты мәлім кісі екенін еске салып, оны бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға ақсақал бола алғандай деп сипаттайды және шежірешіл философ-ақынның ұлт-мүддесін де, жалпы адамзат мүддесін де жақсы түсінетінін атап көрсетеді. Шәкәрімді Сұлтанмахмұт аса жоғары бағалағанда, ақынмен өзінің іштей, рухани жақындығы бар екенін сезінгені де күмән туғызбайды. Әсіресе, өнерпаздық ізденістері бір арнаға келіп түйісетін осы екі ақынның қоғамдық өмірдегі өзгерістерді қалт жібермей, қадағалап, зерделеп тани білуі жағынан үндес келетінін сезу, байқау қиын емес.
Нәзипа Құлжан келіні мен Нұрғали Құлжанұлына Таныстыруда лайықты орын берілген. Нәзипа Құлжанованың қоғамдық қызметі, сол кездегі қазақ әйелдері мен қыздарына берер үлгі-өнегесі:
Ардақты бар Нәзипа деген ханым,
Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім.
Оқыса сондай әйел шығар ед деп,
Оқығандар бағалар сөздің дәмін...
Сөз табар әр мәжілісте жарасымды,
Білмейді аса сөйлеп адасуды,
Оқыған еркектердің көбінен де,
Әр іске ыңғайы бар жанасымды, - деген жолдарда ерекше суреттеледі.
Нәзипа Құлжанова Семейдегі оқытушылар семинариясында мұғалім болған. Халқымыздың тарихына, ауыз әдебиетіне, тұрмыс салтына қатысты аса көп деректер жинап, кейбірін кезінде жариялаған. Ол - қазақтың алғашқы журналистерінің бірі. Аудармашы, жазушы. Балалар күтімі, ана мен бала денсаулығы жайлы кітаптар жазғандығы туралы тарихи деректер бар.[9,33]
Нұрғали да Семей семинариясында сабақ берген. 1917 жылы сәуір айында Семейде облыстық съезд болып, комитет сайланғанда, Нұрғали Құлжанов мүшелікке өтеді. Ол туралы Нұрғали Құлжанов кім? деген мақалада Халыққа қызмет етерлік, басшы боларлық оқыған азаматтар қайда болса да аз. Оқыған азаматтардың осындай заманда қызмет ету борышы зор екендігін ескеріп, зиялылар съезге жиналған өкілдерге Нұрғали Құлжановты таныстырып, комитетке мүше сайлаттырды деп көрсетілген.
Сұлтанмахмұт Нәзипа мен Нұрғалиды жақын білген, кейбір деректерге қарағанда, олар ақынға Семей қаласындағы семинарияға түсуге ақыл-кеңес берген.
Баспасөздегі пікірлер мен естеліктер Н.Құлжановтың қажырлылығын, ұстанған жолына өмірінің ақырына дейін берік болған күрескерлігін растайды. Халқына күш-жігерін аямай қызмет жасаған Нұрғали Құлжанов 1919 жылы ақтардың қолынан қаза тапқан.
С.Торайғыров Н.Құлжановтың қазасына қатты қайғырған, Нұрекеңе атты мұң-шерге толы жоқтау үлгісіндегі өлеңінде :
Ұштың ба нақақ оққа, есіл ерім!
Ел үшін еңбек қылған кемеңгерім!
Алаштың алаш аты жойылмаса,
Бір кетпес жау мойнында қаның тегін...
Құдайым сені дағы көп көрді ме,
Бейшара бұл қазақтың баласына?
Жақын үшін жан құрбан қылатұғын,
Сендей ұл туа бермес алашыңа, - деп Н. Құлжановтың Алаш үшін еткен еңбегін аса жоғары бағалайды.
Нұрекеңе өлеңі асыл ерінен қапияда айырылған, қара жамылып, қамыққан қалың бұқараға айтылған көңіл іспетті. Сұлтанмахмұт өлеңімен де, поэмасымен де халық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz