Еңбек нарығының қалыптасуы мен қызмет етуінің теориялық негізі


Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . . 5

1. 1 Еңбек нарығы: қалыптасу негіздері мен шарттары . . . 5

1. 2 Еңбек нарығының негізгі элементтері . . . 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . . 22

2. 1 Еліміздегі еңбек нарығының қалыптасу кезеңдері . . . 22

2. 2 Қазақстан Республикасындағы қазіргі еңбек нарығының негізгі үрдістері . . . 312. 3 Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық және халықты жұмыспен қамтылуын мемлекет тарапынан реттеу жолдары . . . 39

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ . . . 50

1 Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмдерінің тиімділігін арттыру . . . 50

3. 2 Экономиканың жаһандануының негізгі бағыттары мен олардың ұлттық еңбек нарығына тигізетін әсері . . . 57

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 65 ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 67

КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты 28. 01. 2011 жылғы халыққа Жолдауында «Жол картасы» дағдарысқа қарсы бағдарламасы аясында екі жыл ішінде халық жұмыспен қамтамасыз етілді, жұмыссыздық деңгейі қысқарды және Қазақстанның қалалары мен ауылдарында инфрақұрылым жақсарғаны туралы айтылды [1] .

Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.

Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.

Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я. Ә. Әубәкіров, Т. А. Әшімбаев, Ү. С. Байжомартов, С. Х. Берешев, Б. А. Жүнісов, Қ. М. Жұмақанова, М. Б. Кенжеғозин, Ж. Ш. Кенжалина, Ш. К. Көпешов, Ж. К. Қорғасбаев, А. К. Қошанов, А. Қатарбаева, Н. К. Мамыров, М. К. Мельдаханова, А. Қ. Мейірбеков, А. Б. Молдашев, Т. Ж. Нұрымбетов, Н. А. Омаров, А. К. Отаров, Ж. Ж. Сүлейменов, С. Д. Тәжібаев, М. Э. Тілеужанова, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.

Еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру, облыстың экономкалық және т. б. ерекшеліктеріне байланысты ауқымды және күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселелерді облыстық экономика мен еңбек нарығының байланыстылығын жүйелі түрде зерттеп, тиімді саясат арқылы шешу теориялық және тәжірибелік зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты еліміздің еңбек нарығының дамуын және оны реттеу жолдарын талдау болып табылады. Зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:

-еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;

-еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;

-Республикадағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;

-Қазақстанның еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау;

-Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу механизмдерінің тиімділігін арттыру жолдарын көрсету;

- Экономиканың жаһандануының негізгі бағыттары мен олардың ұлттық еңбек нарығына тигізетін әсерін талдау.

Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.

Зерттеу пәні еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтуда болып отырған экономикалық қатынастар.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығын реттеу мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек нарығы мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.

Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, зерттеу әдістерін қолданумен негізделеді.

Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Алматы облысы статистикалық басқармасының материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Еңбек нарығы: қалыптасу негіздері мен шарттары

Еңбек процесінің эволюциясы көптеген кезеңдерден өткен, бұл прцесс әр кезеңде әртүрлі көзқарастарға ие болған:

Улиям Петти айтуы боынша тауар құны өндіруге кеткен еңбектің салыстырмалы санымен анықталады, яғни жалақы жұмысшы еңбегінің бағасы деп айтқан.

Адам Смиттің пікірі бойынша елдің материалдық байлығының деңгейі еңбек өнімділігі және өндіру емес кластарына бөлу пропорциясына тең деген.

Ибн - Хальдун ислам дінінің құранында еңбекті мадақтап, сораңдықты, өсімқорлықтың діни сипаты ретінде қарастырған.

Карлл Маркс біріншіден еңбек болашақ құнның қайнар көзі, сол себепті оның құны жоқ, тауар емес деп дәлелдейді. Бұл мағынадан негізделген, сатылатын еңбек емес, жұмысшының еңбекке деген қабілеттілігі, яғни жұмысшы мен оның жанұясының өмір сүру құралының құнын анықтайтын жұмыс күші көрінеді. Екіншіден, жалақы ретінде еңбектің барлық өнімі емес, тек қажеттісі, яғни жұмыс күшінің құнының орнын толтыратыны, толықтай төленетінін көрсетеді.

1 сурет. К. Маркстің еңбекпен қамтылу теориясы

Қайнар көзі: Дилан Э., Линдсей Д. Е. Рынок микроэкономическая модель. - ағылшын тілінен аударма. - Санкт-Петербург, 1992. - 343 б

Томас Мальтус жалақы қоғамдық барометр ретінде болады. Өйткені ол өмір сүру құралдары және соған деген қажеттілік арасындағы өнімнің тұтыну саны және тұтыну шылар саны арасындағы байланыстарды көрсетеді.

Джак Тюрго жұмысшылардың еңбекақысының мөлшері еңбек нарығындағы жалдамалы жұмысшылар арасындағы бәсекемен анықталады.

Альфред Маршалл жалақы еңбек ету үшін, жұмыс істеу үшін (ынталандырушы) стимул деп айтқан.

Еңбек - адамдардың өмірі үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі.

«Еңбек нарығы», «жұмыс күші нарығы», «еңбек ресурстарының нарығы» ұғымдарына байланысты сұрақтар туындайды: еңбек нарығы дегеніміз не? қайсысы дұрыс айтылады - еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстарының нарығы?

Еңбек нарығында ең бастысы еңбек күші бағаланады, жалдану шарты анықталады, еңбек ақы көлемі, еңбек шарты, білімінің толықтырылуы, мамандану деңгейі және жұмыспен қамтылуы [2, 108б. ] .

Осы түсініктерді ажыратайық.

Үлкен экономикалық сөздік А. Н. Азрилян М. :1999, 353 бет. : «еңбек нарығы- бұл сфера еңбек күшіне сұраныс пен ұсыныстың пайда болуы. Еңбек нарығының шартына сәйкес, жұмысшының өз еңбегі өз меншігінде болуы. Еңбек нарығы арқылы белгілі мерзімге еңбек күшін сату» [3, 214б. ] .

Марценкевич В. И., Соболева И. Б. Еңбек нарығы - ең бастысы қоғамдық байланыс жүйесі, жалдау және еңбекті ұсыну, яғни сату және сатып алу. Еңбекпен қамтылуына байланысты сатушы мен сатып алушы ерекше тауар ретінде еңбекті қарастырады, аяғында жұмыс беруші мен жалданушы жұмысшы арасында еңбек шарты және бағасы белгіленеді [4, 84б. ] .

Еңбек нарығы - бұл қоғамдық - экономикалық категория, қоғамдық - еңбек қатынасы. Жұмысшы, жұмыс беруші және мемлекет арасындағы баланстың сақталуы және жұмысшының бостандығын қарастырады.

Еңбек нарығы - бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Енбек нарығы - экономика жағдайын көрсетудің айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын байқатады. Нарық жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады. Оның мәнісі мынада: өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасауы керек, ол болса тұрақты жетілдіруді қажет етеді және бүкіл өмір бойы еңбек еткен кезеңде қызмет сапасы түрін өзгерткені абзал.

Нарықтық экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып-алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер ететінің арқасында жоғары біліктілікті еңбектің дәрежесі көтеріледі, әрбір жұмыс орынының бағасы өседі, жұмыскерге және оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң, әрі қатал талап жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен бастамасыздықты ынталандырады.

Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті (профессияны) таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті - еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.

Еңбек нарығы деп адамның жұмыс күші тауар қызметінде айналымда болатын нарық түрі. Онда адамның кез-келген еңбек қызметі, қабілеті пайдаланылады. Мысалы: ой-қуаты, күші, энергиясы және т. б. Бұл аталғандардың барлығы еңбек болып есептеледі. Еңбек қозғалысы нәтижесінде еңбек нарығы бой көтереді. Жалпы алғанда, бұл затқа, тауарға емес, адамның жұмыс істеу қабілетіне байланысты болады.

Нарық жағдайында нақты жұмыс орны ешкімге де кепілденбейді және еңбекті жалдаудың осы түрінің күшіне енуі шын мәнге ие болып, көптеген адамдардың мүдделеріне кәдімгідей әсер етеді. Осы уақытқа дейін бізде жұмыссыздықтың болмағандығы мойындалады және оны біз үлкен жетістікке санадық. Қазақстанда алғашқы рет 1991 жылы жұмыссыздар тіркелді.

Экономикалық және географиялық дамудың нарықтық моделіне көшудегі күрделі мәселе - еңбек нарығын қалыптастыру, өйткені, ол нарық жүйесінде ерекше орынға ие және нарықты құраушы негіздердің бірі. Қызмет ету барысында еңбек нарығы әлеуметтік-экономикалық мәселелермен, қоғамдағы демографиялық үрдістермен және адамның өмірі мен бос уақытын реттеп отыратын заң актілерімен тығыз байланысты. Экономиканы трансформациялау жолына түскен постсоветтік елдердің көптеген мәселелерінің шешімі еңбек нарығын қалыптастыру мен реттеу болып отыр. Бірақ, жұмыс күшін тауар ретінде қабылдамаған социалистік қызметтің теориясы мен тәжірибесінде нарықтың бұл түрін реттейтін қажетті білім жинақталмаған еді [5, 43б] .

Социалистік жүйе шеңберінде нарықтық экономикаға қарағанда өнімді еңбекті қамтамасыз ететін тиісті еңбек мотивациясы жасалынбады. Социализм кезіндегі еңбекті басқарудың икемсіз механизмін, еңбек саласындағы теріс құбылыстарды дер кезінде анықтайтын жаңаша, икемді механизмге ауыстыру керек болды. Нарықтық экономикадағы мұндай механизм - еңбек нарығы. Дәл осы еңбек нарығы арқылы ең негізгі ұлттық ресурс болып табылатын еңбек облыстар, салалар, фирмалар, мамандықтар бойынша таратылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, еңбек нарығы жеке меншікке, қоғамдық демократиялық институттарға негізделген және бәсекеге түспейтін жеке сала ретінде өмір сүре алмайды [6, 113б] .

Еңбек нарығы көп жағдайда абстрактілі, қол жетпейтін құрылым ретінде көрінетіндіктен, оған қандай да бір талдау мен болжам жасау қиын. Ол әсіресе, тіркелген еңбек нарығы шеңберінен тыс болатын процестерде көрініс табады. Еңбек күші сұранысы мен ұсынысы дисбалансының арқасында шынайы түрдегі жұмыссыздық пен жұмыссыздарды көруге болады. Өтпелі кезеңде еңбек нарығының қалыптасуы мен нарықтық экономиканың құрылуы тығыз байланыста жүруі керек. Сонымен қатар, еңбек нарығын қалыптастырудағы мәселелер кең көлемді теориялық, демографиялық сұрақтарды қамтиды, ал өтпелі кезең бұл мәселелерді зерттеуде жаңаша әдіс-тәсілдерді қажет етеді [7, 163б] .

Белгілі бір шартқа сәйкес, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс болуы керек. Еңбек нарығы жұмыс күші сұранысы мен ұсынысы негізінде қалыптасады. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктің көлемі мен құрылымы негізінде анықталады. Мұндағы еңбекке деген сұраныс - кәсіпкерлердің жалдамалы жұмыс күшіне төлем жасай алу қабілеті.

Жұмыс күшіне сұраныс экономиканың даму деңгейіне және өндірістегі технологиялық факторларды дұрыс пайдалануға байланысты.

Жұмыс күшіне деген сұранысты анықтаушы факторлар жұмыс күшіне сұранысты жоғарлатушы және төмендетуші болып бөлінеді. Жоғарлатушы факторларға: белсенді инвестициялық саясат және жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыс күні ұзақтығын қысқарту, демалыстарды ұлғайту жатады. Төмендетуші факторларға: ғылыми техникалық прогресс пен өндіріс тиімділігінің артыру, белсенді еңбектілікке мотивацияларды күшейту, жұмыс күші бағасын көтеру кіреді [8, 103б] .

Жұмыс күшін ұсыну жұмыс жасауға дайын азаматтардың жастық, білім, кәсіби біліктілік деңгейлері бойынша анықталады. Жұмыс күшін ұсынуға бірден-бір әсер етуші - демографиялық фактор, яғни, еңбекке қабілетті халық санының өсуі және туу деңгейі. Айтылғандардан басқа, маңызды факторлардың бірі ретінде еңбекке қабілетті халық ішіндегі демографиялық және этникалық топтардың экономикалық белсенділік деңгейін айтуға болады. Әрбір уақытта еңбек нарығында өз қызметін ұсынушы еңбекке қабілетті халық екі топқа бөлінеді: жұмыс жасайтындар (жұмыспен қамтылғандар) және жұмыс жасамайтындар, бірақ жұмыс іздеп жүргендер (жұмыссыздар) . Еңбекті ұсыну бұл - еңбек нарығында жұмыс күшін ұсынатын мемлекеттегі экономикалық белсенді халық жиынтығы [9, 62б] .

Жұмыс күшін ұсынуға күрделі әсер ететін фактор - көші-қон процесі (миграция) . Көші-қон процесі еңбек нарығындағы жалпы жұмыс күшінің ұсынысын жоғарлатады немесе төмендетеді. Халықтың көшіп-қонуына түрлі себеп болуы мүмкін. Мысалы, экономикалық дамымаушылық пен теңсіздік, қарулы шиеленістердің орын алуы, авторитарлық режимдер, ал кейде осы барлық фактор шоғырланған жағдай әсер етуі мүмкін [10, 22б] .

Жұмыс күшін ұсыну мен еңбекке деген сұраныс еңбекақы деңгейіне байланысты. Ал, мемлекет ішінде кездесетін әлеуметтік-психологиялық, мәдени өзгешеліктер мен саяси факторлар бұл байланысты әлсіретеді. Яғни, еңбекке қабілетті кез-келген тұлғаның жұмыс жасау немесе жасамау еркі оның тұлғалық сапасы мен ерекшелігіне, қоғамдағы еңбектің міндеттілігіне, ұлттық еңбек салттарына, мәдениетіне, дініне, сонымен қатар, мемлекеттің салық саясатына да байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігі мен жұмыссыздарды қолдауға арналған «жомарт» әлеуметтік бағдарламалары еңбек ұсынысының кемуіне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Жұмыс күшін ұсыну факторлары жұмыс күшін ұсынуды жоғарлатушы және төмендетуші болып бөлінеді. Бірінші факторға халықтың оңтайлы табиғи өсуі, көші-қонның оң сальдосы, халыққа білім беру деңгейін көтеру жатса, екіншісіне кері табиғи өсу, миграцияның кері сальдосы, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту және әлеуметтік қорғау кіреді [11, 24б] .

Еңбек нарығының белсенді қызмет жасауы үшін жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтау керек. Сұраныс пен ұсыныс байланысы еңбек нарығының конъюктурасын сипаттайды. Сұраныс пен ұсыныс тепе-тең болған жағдайда еңбек нарығының конъюктурасы бірқалыпты болады, егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе, еңбек нарығының конъюктурасы деффицитті, ал керісінше жағдайда, еңбек артықшылығы конъюктурасы туындайды.

Еңбек нарығында қатаң таңдау жүреді, ең қабілетті, әрекетті дегендер жеңеді. Әлсіздер мен қабілетсіздерді нарық аямайды. Бірақ, нарық білікті еңбектің болуын қамтамасыз етіп, еңбек етуге үлесін қосқан азаматтың нақты нәтижеге жетуіне көмектеседі [9, 29б] .

Бәсекелестік-нарық жағдайында қоғамда әр кез кездесетін және оның алға жылжуын анықтайтын терең процестер болып жатады. Еңбек нарығы арқылы негізгі үш эволюциялық ағын өтеді. Олар: экономиканы дамыту (материалды-техникалық элементтер), адамның құрылымдық дамуы (жалпы және кәсіби мәдениеті, өнер мүмкіндігі, мінез-құлық сапасы), қоғамдық қатынастарды дамыту (мемлекеттік және класстық құрылым, меншік қатынастары, өнеркәсіптік байланыстар) . Бұл үш элемент қоғамдағы прогресс негізін қалыптастырып, оның маңызды мазмұнын құрайды .

Тиімді қалыптасып дамуындағы шарт, яғни, экономикалық еркіндік немесе субъектілер үшін таңдау еркіндігі қажет.

Әрбір адамның өзінің еңбек ету қабілетіне иелік етуі дегеніміз - кез-келген азаматтың қоғамдық еңбекке қатысу немесе қатыспау еркіндігі. Жұмыскер өзіндік қажеттілігі мен көзқарасына сай келетін қызмет таңдауға құқылы.

Тағы бір шарт - субъектілердің жоғары мобильділігі. Мобильділік - жұмыскердің жұмыстан шығып қалуына байланысты жұмысын ауыстыра алу дайындығы мен қабілеті. Жұмыс күшінің мобильділігіне демографиялық, миграциялық көрсеткіштер мен жұмысшының кәсіби дайындық жағдайлары әсер етеді. Жұмыс күшінің мобильділігі түрлі: кәсібиаралық, салааралық және аймақаралық болады. Осылар арқылы жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты теңдестіріп, еңбек ресурстарының бірқалыптылығын жөндеуге мүмкіндік бар. Мобильділіктің белгілі бір түрін бағалауға немесе бағаламай қалуға болмайды, олардың барлығының бәсекеге қабілетті толық еңбек нарығын қалыптастыруда маңызы зор.

Соңғы шарт - еңбек нарығының инфрақұрылымын қайта құру. Еңбек нарығының инфрақұрылымы деп - жұмыс күшінің тауарға айналу саласының дұрыс қызмет етуі үшін материалды-техникалық және ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлар жиынтығының болуы. Бұл жиынтыққа жұмыспен қамту орталықтары, оқыту және қайта даярлау мекемелері, қоғамдық жұмыс институттары, жұмыс күшін сатушылар мен сатып алушылар арақатынасын реттейтін құқықтық актілер кіреді.

Еңбек нарығының қызмет етуін жеңілдету жолында көптеген мекемелер мен кеңес беру фирмалары көбеюде. Сөйтіп, еңбек нарығының қалыптасуы оның нарықтық инфрақұрылымын құрайтын институттардың жұмысымен қатар жүреді.

Бұл ұйымдар жұмыс күшінің қоры туралы аймақтық деңгейде есеп жүргізуге, бос жұмыс орындары мен вакантты қызметтер жайлы барлық ақпараттарды білуге, халыққа мемлекеттік кәсіпорындарға қажет мамандықтар мен мамандар туралы хабардар етуге және оларды лайықты жұмысқа орналастыруға міндетті. Сонымен қатар, кәсіби дайындықты ұйымдастыру, әлсіз халық тобын жұмыспен қамту, уақытша жұмыссыздарға қолдау көрсету, республикааралық хабар алмасу мәселелерімен де айналысуға міндетті.

Еңбек нарығын қалыптастыру, әсіресе оны реттеу заң және нормативтік базаның қамтамасыз етілуін талап етеді.

Көп жағдайда еңбек нарығының қалыптасуына қоғамның барлық саласында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үрдістер әсер етеді.

Еңбек нарығына көшу процесі Орталық және Шығыс Еуропа елдері мен жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін өте ауыр жағдайда өтті. Өтпелі экономикаға тән сипаттар түрліше болып келеді. Мысалы, дағдарыстық: өндірістің құлдырауы, қолайсыз демографиялық процестер. Оған бірден-бір себеп - жоспарлы жүйе жағдайында қызмет ететін шаруашылық механизмнің деформациясы.

Еңбек нарығын қалыптастыру мен болжау нарықтық механизмнің ажырамас бөлігі. Оның басқаруындағы негізгі бағыттар келесідей болуы керек: өндірістің ары қарайғы құлдырауын болдырмау, жаппай жұмыссыздықты жою, халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Тұрғын үй нарығын жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫН РЕТТЕУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазақстан Республикасында нарық инфрақұрылымын дамыту
Қазақстан республикасындағы нарық инфрақұрылымының заманауи жағдайы
Қазақстан Республикасының еңбек нарығы: негізгі тенденциялары және даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz